Лекция 1 Кіріспе. Физиканы оқыту әдістемесі – педагогикалық ғылым



бет5/22
Дата21.12.2022
өлшемі326,23 Kb.
#163703
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Лекция 1 Кіріспе. Физиканы о ыту дістемесі – педагогикалы ылы
Биология реферат, aksanova ii. olimpiadnye zadaniya.reshenie uravneniy v tselyh chislah, proba, 36173, instr regkz, Асингер тесті ( арым- атынаста ы агрессия де гейін аны тау)
4.Физика курсының химиямен, биологиямен, математикамен, жаратылыстанумен және оқушыларды еңбекке баулу пәндерімен байланысы.
Физика және химия курстарының байланысы. Физикалық және химиялық ғылымдар өзара тығыз байланыста болып келеді.М.В.Ломоносовтың айтуынша, «химия мен физика біреуі екіншісіз жетілген күйде бола алмайтындай өзара байланған». Бұл ғылымдардың қазіргі жағдайы бұлай айтуға негіз бола алады.
Мектеп тегі физика және химия курстары үшін байланыстың келесі аспекттері маңызды – түсініктерді оқып-үйренудің уақыт бойынша үйлесілуі және түсіндірілуі, бұл пәндерге ортақ түсініктер мен заңдардың жаймен қалыптасуы, оқу материалдарын меңгергенде қайталануды болдырмау.
Бұл екі ғылымның байланысына молекула және атом түсініктерінің оқытылуы дәлел бола алады. Химияны оқып бастар алдында физика курсында зат, молекула туралы түсінік беріледі, молекула-кинетикалық теорияның негізгі үш қағидасы және молекулалық физиканың кейбер сұрақтары қарастырылады. Бұр сұрақтар химия курсында тікелей қайталанбайды, бірақ олар дамуы керек: зат туралы түсінік негізінде химияда таза заттар және коспалар қарастырылады, қоспа заттарды ажыратуға арналған практикалық жұмыстар жүргізіледі; химиялық құбылыстар туралы түсініктер физикалық құбылыстармен салыстыра отырып еңгізіледі; оқушылардың атом туралы білімдері физика курсында оқыған материалдарды қолдану арқылы кеңейе түседі.
10 сыныпқа келгенде оқущылар химия сабақтарында Авогадро заны мен тұрақтысы туралы білімдері бар болады, оларға атомдық және молекулалық массаларды анықтау әдістері де белгілі. Физика сабақтарында бұл сұрақтарды қайталау ретінде өтуге болады.
Физика және химия курстарының байланыс аспекттері «Әр түрлі ортадағы электр тогы» және «Атом және атом ядросы» тақырыптарды оқытқанда анық байқалады. Электр заряды түсінігі – физикалық түсінік, ол химиядағы периодтық заңды оқытумен байланысты. Атомның электрлік заряды периодтық жүйедегі элементтің реттік санына, қасиеттеріне тәуелді болады; изотоптардың пайда болуы зарядқа байланысты; атомның сыртқы электрондық қабатындағы электрондар саны да атомның электрлік зарядына тәуелді. Атомның және атом ядросының құрылысын физикалық ғылымның әдістерін қолдана отырып зерттейді. Сонымен, бұл тақырыптарды оқытуда физикалық және химиялық білімдер тығыз араласып байланысады.
Физикада электролиттік диссоциацияны, электролизді, токтың химиялық көздерін өткенде, химиядан алған білімдерді қолданғанда және түсініктерге анықтамалар берілгенде қатаң үйлестірімділік болуы тиіс. Сондықтан, физика пәнінің мұғалімі бұл сұрақтардың химия оқулықтарында қайлай берілгенін білгені жөн болады.
Физика және биология курстарының байланысы. Биология пәнінде физикалық заңдарды, құбылыстарды және түсініктерді көрсете алатын өте қызықты мысалдар көп. Бұл мысалдарды келтіру арқылы оқушыларға табиғат заңдарының бірлігін және табиғат құбылыстарын түсіндіру үшін физиканың маңызын көрсетуге, жаңа ситуацияда физикалық құбылыстарды түсіндіру арқылы оқушылардың білімін тереңдетуге, бұл пәндерді оқып-үйренуге қызығушылықтарын жоғарылатуға болады.
Физика курсына қажетті биофизикалық материалдарды негізгі үш бағыт бойынша іріктеуге болады:
Оқушыларға табиғат заңдарының бірлігін, жанды организмдерге физика заңдарын қолданатындығын көрсетуге мүмкіндік туғызатын материалдар;
Биология мен медицинада кеңінен қолданылатын, организмге әсер етудің және оны зерттеудің физикалық әдістерін көрсетуге мүмкіндік туғызатын материалдар;
Оқушыларды биониканың кейбір бағыттарымен, зерттеу нәтижелерімен таныстыратын оқу материалдары.
Оқушылардың білімге қызығушылығын қалыптастыру, оқудың өмірмен байланысын күшейту үшін физика мен биологияның пәнаралық байланысының маңызы зор екенін атап айту қажет.
Физика және математика курстарының байланысы. Ғылыми әдіс ретінде математиканың маңызы кең және елеулі түрде физиканы оқытуда байқалады: физикалық заңдар математикалық формулалармен өрнектеледі; математикалық формулалар мен амалдар физикалық заңдардың салдарын есептегенде, олардың кейбір қағидаларын дәлелдегенде, есептер шығарғанда, зертханалық жұмыстар орындағанда қолданылады.
Бұл жерде келесі мәселелерді қарастырғанның әдістемелік маңызы бар:

  • өтілетін тақырыптарды оқып-үйренудің уақыт бойынша үйлесілуі;

  • функцияналдық тәуелділік түсінігі;

  • есептер шығару.

Физиканы оқытуда алдын енгізілген математикалық білімдер қолданылады:
Жуықтап есептеу ережесін білу 7 сыныптан ақ талап етіледі, өлшеу қатеріктерін есептеу тек 9 сыныпта лабораториялық жұмыстарды орындау барысында ұсынылады;
Механиканы оқып-үйренгенде тригонометриялық функциялар, Пифагор теоремасы, квадраттық теңдеулер, ұқсастық түсініктері туралы білімдерді қолдану қажет болады;
Газ заңдарын оқығанда газ күйінің өзгеру процесінің графиктерін талдауға үлкен мән беріледі, деформация түрлерін, газдаға электр тогын, диодтың құрылысын т.б.тақырыптарды оқыту графикалық әдіс негізінде жүргізіледі.
Түрлі физикалық табиғаттағы тербелістер мен толқындарды оқытуға бірдей заңдылықтарды қолдану идеясы математикалық аппаратты қолдану негізінде іске асырылған.
Мектеп математика курсында функционалдық тәуелділіктерді оқыту үлкен орын алады. Физиканы оқыту процесінде функциялар жайлы білімдерді пайдалану елеулі педагогикалық эффект беруі мүмкін. Оқушылар өздері кинематикалық формулаларда қай шамалар аргумент, қайсысы функция болатындығын, графиктің түрі сандық коэффициенттің мәнінен калай тәуелді болатынын анықтай алады. Ол үшін тек математикада өтілген тәуелділіктермен аналогия жасау керек: y=kx, y=ax+b, y=ax2.
Физикалық есептерді шығару жолдарын рационалдау, оларды интерпретпциялау, алынған жауаптың физикалық мағынасын талдау үшін математикалық білімдерді кеңінен қолдану мүмкіндігі болады.
Аталған пәнаралық байланыстар оқушылардың математика пәнінен алатын білімдеріне әсер ететінін атап айту керек. Математика пәні, математикалық ғылымның өзі сияқты, басқа пәндерден жоғары дәрежеде абстракцияланғанымен ерекшеленеді. Абстракциялау арқылы табиғаттағы объективті заңдылықтарды толығырақ, тереңірек және нақтырақ оқып-үйренуге, тиімдірек және үнемдеп өрнектеуге болады. Математикалық қағидалар нақты заңдылықтарды сипаттайтынын оқушылар жаратылыстану пәндерін оқығанда ғана түсінеді.
Физика курсының жаратылыстанумен байланысы. Физикамен байланысты кейбір сұрақтар жаратылыстану курсында оқытылады. Мұнда өтілетін сұрақтарға дұрыс түсіндірулер берілгені өте маңызды. Мысалы, желдің пайда болуы, табиғаттағы судың айналуы т.б.
Оқушыларды еңбекке баулу және физика пәндерінің арасындағы байланыс. Физика мен еңбекке баулу пәндерінің арасындағы байланыстың ерекшелігі – еңбекке баулу курсы оқушылардың физика сабақтарында алған білімдерінің практикалық қолданбасы болады. Физика курсының және еңбекке баулу пәндерінің байланысын қолданудың екі жолын ұсынуға болады:
1. Физика сабақтарында жаңа тақырыпты түсіндірер алдында оқушылардың еңбек сабақтарында алған білімдері мен практикалық дағдыларын анықтап алуға болады. Олар физика сабақтарында үйкеліс, қысым, жұмыс, энергия сияқты ұғымдарды меңгеруге негіз бола алады.
2. Еңбек сабақтарында физикамен байланысты арнайы тапсырмаларды орындау.
Тәрбиелік мақсатта қозғалыс кезінде, жұмыс істегенде энергияны үнемдеу, еңбек еткенде қауіпсіздік ережесін сақтау қажет екендігіне оқушылардың назарын аударған пайдалы болады.
5.Пәнаралық байланыстың әдістемелік және дидактикалық мағынасы.
Физиканы оқыту тек алдын алған физикалық білімдерге ғана емес, жаратылыстану ғылымдарынан білгендеріне де сүйенуді талап етеді.
Физика курсының басқа оқу пәндерімен байланыста болуы келесі мақсаттарды көздейді:

  • Жаратылыстану білімдердің диалектикалық бірлігінің негізінде табиғат туралы тұтас қөзқарасты қалыптастыру;

  • Білімнің жүйелілігін қамтамасыз ету;

  • Құбылыстар, түсініктер, теориялар арасындағы жан-жақты байланыстарды орнату білу дағдыларын оқушыларда қалыптастыру;

  • Оқытудың политехникалық бағытталуын күшейту – оқушыларда практикалық мәселелерді теориялық жағынан дұрыс және техникалық жағынан тиімді, түрлі оқу пәндерін меңгеру барысында алған білімдері мен біліктері негізінде техникалық-экономикалық мәселелерді шеше алатын дағдыларды қалыптастыру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет