Лекция 1 Кіріспе. Физиканы оқыту әдістемесі – педагогикалық ғылым



бет2/22
Дата21.12.2022
өлшемі326,23 Kb.
#163703
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Лекция 1 Кіріспе. Физиканы о ыту дістемесі – педагогикалы ылы
Биология реферат, aksanova ii. olimpiadnye zadaniya.reshenie uravneniy v tselyh chislah, proba, 36173, instr regkz, Асингер тесті ( арым- атынаста ы агрессия де гейін аны тау)
Бақылау сұрақтары:

  1. Физиканы оқыту әдістемесі.

  2. Физиканы оқыту әдістемесінің өзекті мәселелері.

  3. Орта жалпы білім беретін мекемелердегі оқу процесін реттейтін құжаттар.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Акитай Б.Е. Физиканы окыту теориясы және әдістемелік негіздері: Оқу құралы. -Алматы: Қазақ университеті, 2006. -280 бет.
2. М. Құдайқұлов, Қ. Жаңабергенов, «Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі», Алматы, «Рауан», 1998ж., 310 6.

  1. «Основы методики преподавания физики», В.Г.Разумовский, А.Н. Бугаев, Ю.Н. Дик и др.-М, «Просвещение», 1984г., 397с.

  2. «Физиканы оқыту методикасы 6-7», Орехов В.П., Усова А.В. Алматы,«Мектеп», 1978ж.

  3. Орта мектепке арналған негізгі оқулықтар. 7-9 кл. «Физика және астрономия», «Физика» 10-11 кл. 2010.

  4. «Физика жэне астрономия», «Физика» Орта жалпы білім беретін мектеп сыныптарына арналған оқу бағдарламалары. Астана, 2010 ж.

  5. Анциферов Л.И., Пищиков И.М., Практикум по методике и технике школьного физического эксперимента, М., «Просвещение», 1984г.

  6. Методика преподавания физики в средней школе: Частные вопросы. Под ред. С.Е.Каменецкого, Л.А.Ивановой-М.: Просвещение, 1987. -336 с.


Лекция 2 Физика пәнін мектепте оқытудың негізгі міндеттері.
Жоспар:
1. Физика ғылымының негіздерін оқып-үйрену.
2.Оқушылардың ойлау және танымдық қабылеттерін дамыту.
3.Ғылыми дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру.
4.Политехникалық білім алу.
Дәріс мақсаты: Физиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттерін көрсету. Политехникалық оқыту және кәсіби бағыт беру жайында мағұлыматтар беру.
Дәріс мазмұны.
1. Физика ғылымының негіздерін оқып-үйрену.
Физикалық білімсіз қазіргі толық отра білімді елестету мүмкін емес. Физиканы тереңдетіп оқыту мақсатында қазіргі кезде орта мектептерде бейіндік оқыту енгізілуде. Мектепте физиканы оқытудың бірінші кезектегі міндеттері мыналар: оқушыларға қазіргі деңгейдегі физика негіздерін қамтитын білім жүйесін беру – физикалық құбылыстар; материя қозғалысының түрлі формаларына қатысты маңызды заңдар; негізгі физикалық теориялар; ірлелі тәжірибелер мен фактілер; ғылыми көзқарастардың дамуы және негізгі жетістіктер жайлы физика тарихынан мәліметтер; физикалық құбылыстарды зерттеу әдістері; қарастырылатын заңдылықтардың практикалық қолданылуы.
Физика негіздерін оқып-үйрену деңгейі мектеп бағдарламасымен анықталады. Оқу бағдарламасында жалпыламалаудың түрлі деңгейлері белгіленген: тәжірибелік фактілер, түсініктер, физикалық шамалар, заңдар мен принциптер, теориялар, қазіргі кездегі әлемнің физикалық көрінісі. Мектеп физика курсында келесі іргелі теориялар оқытылады: механика, молекула-кинетикалық теория, электродинамика арнайы салыстырмалық теория негіздерімен және кванттық физика.
2.Оқушылардың ойлау және танымдық қабылеттерінің дамуы.
Физиканы оқытудағы негізгі міндеттердің бірі оқушылардың ойлау және танымдық қабылеттерін дамыту болып табылады. Оқушылардың миын қозғап жұмыс істету үшін оларға дұрыс және ойды дамытатын логикалық сұрақтар қою керек. Бұған дифференсациялап оқыту тура келеді.
Танымдық қабылеттің дамуы көп жағдайда, физиканы оқып-үйрену мақсаттарын түсінуге, пәнге қызығуға және оқытудың мотивациясына байланысты болады. Әр жас адамда танымға талпыныс бар болатынын ескере отырып мүғалім танымдық қабылеттерін оятып оқушыны қызықтыру керек. Оқушылардың ойлау және танымдық қабылеттерін дамытуға бағытталған оқытудың түрлі әдістері бар.
3. Ғылыми дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру.
Физиканы оқу барысында оқушылардың ғылыми дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру процесі мына негізгі элементтерді қамтиды: физикалық құбылыстардың материалдылығын анықтау; құбылыстар арасындағы байланысты және физикалық заңдардың объективтік сипатын, табиғат заңдарын зерттеп тануға болатындығын ұғыну; қазіргі кездегі әлемнің физикалық көрінісі туралы оқушыларда көзқарас қалыптастыру.
Оқушыларда ғылыми дүниетанымдық көзқарас қалыптастыруда физикалық түсініктерді қалыптастырудың әдістемесінің маңызы өте зор. Бұл мәселенің шешімі оқу үдерісінің дұрыс ұйымдастырылуына байланысты болады. Оқу процесі ғылыми таным цикліне сәйкес болуы кажет: ғылыми фактілерді жинақтап жалпыламалаудан проблеманы анықтауға, одан гипотеза (болжам) құру, құбылыстың абстракциялық моделін құру және заңдылықтарды анықтау, сонан соң - теориялық қорытындылар жасап іс-тәжірибеде тексеруге немесе алынған нәтижелерді практикалық қолданысқа. Мұнда оқушыларға қоғамдық іс-тәжірибенің маңызын таным көзі ретінде, моделдердің ролін, қолданыс шекарасындағы теория қорытындаларының дұрыстығын және практиканың маңыздылығын білім ақиқаты категориясы ретінде көрсету керек.
4. Политехникалық білім алу.
Физиканы оқытудың тағы да бір негізгі міндеттерінің бірі – оқушылардығ политехникалық білім алуы, қоғамға пайдалы жұмыс атқаруға және саналы түрде болашақ мамандығын таңдауға дайындау.
Физика табиғат туралы барлық ғылымдармен, философиямен тығыз байланысты және техниканың теориялық фундаменті болып келеді. Оның теориялары мен әдістері химияда, астрономияда, биологияда, геологияда және көптеген техника салаларында кеңінен қолданылады. Мұның бәрі физиканы политехникалық білім беруге міндеттейді.
Физикалық құбылыстарды жан-жақты және терең оқып-үйрену, оларды тұрмыста және техникада, адамдардың практиалық іс-әрекеттерінде қолдануды қарастыру болып табылады. Сондықтан, физиканы оқыту барысында, оқушылардың политехникалық білімінің болмысын құрайтын, заманауи техниканың физикалық негіздері ашылады,
Оқушылардың политехникалық білімдерін жетілдірудің және оларды еңбекке баулудың маңызды құралы – қолданбалы физика мәселелерін оқып-үйрену. Оларға физикалық приборлардың, машиналар мен механизмдердің, электрондық құрылғылардың жұмыс істеу прициптері, материалдардың қасиеттерін олардың құрылымының негізінде түсіндіру, түрлі технологиялық процесстердің физикасы, физикалық құбылыстарды түрлі салаларда қолдану жатады. Мұндай матералдарды жүйелеу үшін ғылыми-техникалық прогрестің түрлі бағыттарымен байланыстырып жалпыламалау сабақтарын өткізу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет