Лекция 1 Кіріспе. Физиканы оқыту әдістемесі – педагогикалық ғылым



бет7/22
Дата21.12.2022
өлшемі326,23 Kb.
#163703
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22
Байланысты:
Лекция 1 Кіріспе. Физиканы о ыту дістемесі – педагогикалы ылы
Биология реферат, aksanova ii. olimpiadnye zadaniya.reshenie uravneniy v tselyh chislah, proba, 36173, instr regkz, Асингер тесті ( арым- атынаста ы агрессия де гейін аны тау)
Бақылау сұрақтары:
1. Оқу сабақтарын ұйымдастырудың формалары жайында түсіндіріңдер..
2. Оқуды ұйымдастырудың негізгі формасы қандай?
3. Мұғалім іс-әрекетінің құрылымы қандай іс-шаралардан тұрады?
4. Физика мұғалімінің негізгі құжаттарын атап беріңдер.


Пайдаланылған әдебиеттер
1. Акитай Б.Е. Физиканы окыту теориясы және әдістемелік негіздері: Оқу құралы. -Алматы: Қазақ университеті, 2006. -280 бет.
2. М. Құдайқұлов, Қ. Жаңабергенов, «Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі», Алматы, «Рауан», 1998ж., 310 6.
3.«Основы методики преподавания физики», В.Г.Разумовский, А.Н. Бугаев, Ю.Н. Дик и др.-М, «Просвещение», 1984г., 397с.
4.«Физиканы оқыту методикасы 6-7», Орехов В.П., Усова А.В. Алматы,«Мектеп», 1978ж.
5.Орта мектепке арналған негізгі оқулықтар. 7-9 кл. «Физика және астрономия», «Физика» 10-11 кл. 2010.
6.«Физика жэне астрономия», «Физика» Орта жалпы білім беретін мектеп сыныптарына арналған оқу бағдарламалары. Астана, 2010 ж.
7.Анциферов Л.И., Пищиков И.М., Практикум по методике и технике школьного физического эксперимента, М., «Просвещение», 1984г.
8.Методика преподавания физики в средней школе: Частные вопросы. Под ред. С.Е.Каменецкого, Л.А.Ивановой-М.: Просвещение, 1987. -336 с.


Лекция 5 Физикадан оқу материалын ауызша баяндаудың формалары және ерекшеліктері
Жоспар:
1.Оқыту әдістерін классификациялау
2.Әңгімелеу, әңгімелесу, түсіндіру, лекция
3.Оқу матераилдарын ауызша баяндаудың ерекшеліктері.
Дәрістің мақсаты: Физикадан оқу материалын ауызша баяндаудың формалары және ерекшеліктерімен таныстыру. Оқыту әдістерінің ерекшеліктерін түсіндіру.
Дәрістің мазмұны.
1.Оқыту әдістерін классификациялау
Оқыту мақсаттарына жетуге бағытталған мұғалім мен оқушылардың бірігіп және өзара байланысып атқаратын жұмыстар барысында жасалатын іс-әрекеттерді оқыту әдістері деп атайды. Оқыту әдістерін талдау және сипаттау ыңғайлы болу үшін оларды классификациялайды. Әдістерді топтарға бөлу негізіне не алынғанына байланысты олардың түрлі классификациялары бар:
Ақпаратты тасмалдау түрі бойынша – вербальды (сөздік), көрнекілік және практикалық.
Негізгі дидактикалық міндеттер бойынша – білімді алу әдістері, біліктерді қалыптастыру әдістері, білімді қолдану әдістері, шығармашылық іс-әрекеттер әдістері, білім мен біліктерді тексеру әдістері.
Танымдық іс-әрекеттердің сипаттары бойынша – түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс, репродуктивтік әдіс, проблемалық оқыту әдісі, эвристикалық әдіс, зерттеушілік әдісі.
Адамның іс-әрекетінің түрі бойынша (Ю.К.Бабанский бойынша) – оқу-танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастыру және іске асыру әдістері, оқу-танымдық іс-әрекеттерді жігерлендіру және мотивациялау әдістері, оқу-танымдық іс-әрекеттердің тиімділігін бақылау және өзіндік бақылау әдістері.
2. Әңгімелеу, әңгімелесу, түсіндіру, лекция
Әңгімелеу – диалогпен бөлместен дәйекті түрде баяндау. Физика сабақтарында әңгемелеу, әдетте физикалық эксперименттті және көрнекілік құралдарды қолданумен қатар жүргізіледі. Сабақ тақырыбы бойынша әңгемелесуге оқушылардың білімі жеткіліксіз болған жағдайларда осы әдісті қолданады. Әңгемелеу әдісі оқушыларды физикалық заңдар мен құбылыстардың ашылу тарихымен, физикалық құралдар мен қондырғыларды құрастырылуымен, ұлық ғалымдар мен өнертапқыштардың өмірбаянымен, ғылым мен техниканың жетістіктері және даму перспективасымен таныстырғанда қолдану тиімді болады.
Әңгімелесу – ауызша баяндаудың бір әдісі. Бұл әдісті орта мектептің барлық сыныптарында қолдануға болады, бірақ көбіне физиканы оқытудың екінші басқышында қолданылады. Әңгімелесу әдісін жаңа білімдерді өту үшін, оларды бекіту, тереңдету және жүйелеу, үй тапсырмасын және оқушылардың білімдерін тексеру үшін, зертханалық жұмыстардың, фронтал тәжірибелердің үйде орындалған бақылаулардың және виртуал эксперименттің нәтижелерін талқылағанда пайдаланған дұрыс болады.
Жаңа білімдерді меңгеру мақсатында әңгімелесу (эвристикалық әңгімелесу) қандай да бір сұраққа жауап іздеу барысында белгілі мысалдарға, тәжірибелерге, бақылауларға сүйене отырып жүргізу қажет болғанда қолданылады.
Физика сабақтарында әңгімелеудің бір түрі түсіндіру әдісі кең қолданылады. Бұл әдісті дәлелдеу, түсіндіру, негіздеу керек болғанда қолданады. Түсіндіруге пайымдау, дәлелдеу, ой қорыту сияқты логикалық операцияларды қолданған, сонымен қатар, демонстрациялық экспериментпен тығыз байланыста болуы тән. Түсіндіру әдісін физикалық құбылыстардың, заңдардың маңызын ашқанда, фундаментальді тәжірибелерді қарастырғанда, физикалық және техникалық құрылғылардың, машина және механизмдердің құрылысы мен жұмыс істеу принциптерін, технологиялық процестерді, физикалық теорияларды баяндауда қолдану тиімді болады.
Жоғары сыныптарда әңгімелеу лекциямен ауястырылуы мүмкін. Мектеп қабырғасында оқылатын лекциялар әңгімелеумен салыстырғанда үлкен ғылыми тереңдікпен, логикалық қатаңдықпен және ұзақ мерзімге созылуымен сипатталады. Мектепте лекциялардың ерекше таралған түрілері – физикалық құбылыстарды топтастырып бірдей көзқараспен, жалпы позициядан қарастырғанда, жүйелі физика курсының жеке тарауларына қіріспе және қорытындылау лекциялар оқығанда. Жақсы дайындалған және біліктілікпен өткізілген лекциялар оқушыларда оңды әсер қалдырады және келешекте мектептен тыс оқу орындарында оқуға дайындайды.
3.Оқу матераилдарын ауызша баяндаудың ерекшеліктері.
Физика сабақтарында қолданылатын ауызша әдістердің өзіне тән ерекшеліктеріне ауызша баяндау мен физикалық эксперименттің, графиктерді, кестелерді сызу және талдаудың, физикалық есептің шарттарын талдау мен оларды шығарудың тығыз байланыста болуы
Ауызша баяндауда жаңа терминдерге, анықтамаларға және жалпыламалауларға ерекше назар аудару керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет