Лекция №1 Тақырыбы: Фонетиканың зерттеу нысаны



бет11/101
Дата07.02.2022
өлшемі496,98 Kb.
#96327
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   101
Байланысты:
5. Лекциялар жинағы
b2087, Орта мектеп географиясындағы инновациялық технологиялар 3 курс Айтекова К,У, металөңдеу, металөңдеу, статья 7 Бау, doma prac, 7 сем.ПиП.КАЗ.Мұғ. кәс. бағ. для преп.Макашкулова Word, Микро УМК, Микро УМК, өс қорғаудағы биотехнология, 28002[1], Тесты Финансы, Тесты Финансы, Бір айнымалы көпмүшеліктер
Тест тапсырмасы:
1.Дауысты дыбыстарды көрсет.
А) ы,и,а Ә) ә,в,г Б) ж,о,л В) қ,и,е
2. «Ә» қандай дыбыс?
А) дауыссыз, жуан Ә) дауысты, жуан
Б) дауыссыз, жіңішке В) дауысты, жіңішке
3. Дұрыс тасымалданбаған сөзді көрсет.
А) ө-мір Ә) ха-лық Б) өнер-паз В) сы-нып
4. Қазақ тілінің төл дауысты дыбыстары нешеу?
А) 3 Ә) 15 Б) 9 В) 5
5. Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар?
А) 22 Ә) 18 Б) 30 В) 42
6. Жуан дауысты дыбыстар нешеу?
А) 2 Ә) 3 Б) 5 В) 4
7. Жіңішке дауысты дыбыстар нешеу?
А) 3 Ә) 4 Б) 5 В) 8
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. С.М.Исаев «Қазақ» Алматы, 2006 ж. тілі» Алматы, 1993 ж.

  2. М.Қ.Қараев «Қазақ тілі» Алматы, 1993 ж.

  3. Ш.Бектұров. «Қазақ тілі». «Атамұра

  4. К.Аханов. Тіл білімінің негіздері. А., 2004 ж

Лекция №2.5
Лекцияның тақырыбы: Антонимдер.
Жоспар:
1.Лексикалық антонимдер мен олардың түрлері.
2. Антонимдердің пайда болу жолдары мен зерттелу жайы.
Антонимдер дүниедегі заттардың, құбылыстардың сын-сапасын, қасиетін, мөлшер-көлемін салыстырып, бір-біріне қарама-қарсы қоюдан шығады. Мысалы: Болысекең кейде паң, кейде мүләйім, кейде жұмсақ, кейде қатты, кейде береген, кейде сараң (Ғ.Мұст.). Осындағы паң-мүләйім, жұмсақ- қатты, береген –сараң сөздері бір-біріне қарама-қарсы. Сонда антоним дегенімз мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер болып табылады.
Қазақ тілінде антонимдер көбіне- көп сын есімдерден, онан соң етістіктер, зат есімдер, үстеулерден азды-көпті кездеседі. Ал қалған сөз таптарынан жасалған антонимдер тым тапшы, жоқтың қасы. 1 Сын есімге тән антонимдердің мынадай түрлері бар:
а)түбір күйінде кездесетіндер: ауыр-жеңіл, кең-тар, ыстық-суық т.б.
ә)туынды түбір күйінде кездесетіндер: ашық-жасырын, өзімшіл-көпшіл, екпінді-жалқау
Қазақ тілінде сындық мағынадағы туынды антонимдер көбінесе –лы,-лі,-ды,-ді,-ты,-ті жұрнақтары арқылы антонимнің жағымды сыңарларын жасайды да, ал жағымсыз сыңарларын –сыз, -сіз, жұрнақтары жасайды. Мысалы: Өнерлі жігіт өрде озар,Өнерсіз жігіт жер соғар.
б) сын есімнің –ғы,-гі, -қы, -кі жұрнақтары арқылы да антонимдер жасалады. Мысалы: бұрынғы-қазіргі, сыртқы-ішкі, күндізгі-түнгі т.б.
2. Етістікке тән антонимдердің мынадай түрлері бар:
а) түбір күйінде кездесетіндері: озу-қалу, қону-ұшу
ә) туынды түбір күйінде кездесетіндері: қартаю-жасару, жоғарылау-төмендеу, ақтау-қаралау.
3. Зат есімдерге тән антонимдер:
а) түбір антонимдер: өтірік-шын, алғыс-қарғыс, бақ-сор
ә) туынды антонимдер: аласы-бересі, кісілік-иттік
4.Үстеуге қатысты антонимдер: ерте-кеш, ілгері-кейін, алыс-жақын.
5.Есімдікке қатысты антонимдер: анау-мынау, әне-міне, осы-сол.
Антонимдерді қолданудың негізінен 3 жолы бар:
1 Антонимдер бір сөйлемнің өз ішінде салыстырылып айтылады. Мысалы: Қорлық өмірден ерлік өлім артық.
2 Антонимдер іргелес сөйлемде қарама-қарсы қойылып шендестіріледі: ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі.
3 Антонимдер ыңғайласып, кезектесіп қатар жұмсалады: ащы мен тұщыны татқан білер, алыс пен жақынды жорытқан білер.
Әдебиеттер:
1.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы 1973 ж.
2. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. Алматы 1975ж.
3.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы 1997ж.
4.Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикасы. Алматы. 1988ж.
5.Айғабылов А. Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы, 1996ж.
6.Аханов К. Қазақ тілінің лексикологиясының мәселелері. Алматы. 1956ж.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   101




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет