Лекция №1 Тақырыбы



бет7/51
Дата07.02.2022
өлшемі2,3 Mb.
#88739
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   51
Байланысты:
кож лекция

Сақтандыру шаралары. Жылқының азығында жусанның болмауын қадағалау керек. Кейде жусанның улы түрін оның усыз түрінен ажырату белгілі бір қиындық туғызуы мүмкін. Ондай жағдайда лабораторияда тышқандарға биологиялық сынама жасауға болады.
Орталық жүйке жүйесін қажытатын және салдандыратын әсері бар өсімдіктер.
Табиғи көкнәр – Мак самосейка – Papaver rhoeas L. Көкнәр тұқымдас бір жылдық өсімдік. Сабақтары мен жапырақтарының шеті ара темірдің жүзі тәріздес болып келеді. Сырты түкті. Дара өсетін гүлі қан қызыл түсті. Арам шөп ретінде көптеген жерлерде кездеседі.
Көкнәрдәң сөлі әртүрлі алкалоидтарға бай. Олардың ішіндегі негізділері: реадин, морфин, папаверин және теабин. Гүлдеген кезде алкалоидтар өсімдіктің барлық бөлігінде кездеседі. Көкнәр толық піскенге дейін жасыл қораб өте қауіпті. Улану малды осындай қорабы бар астықтың қалдығымен азықтандырғанда пайда болады. Жасыл көкнәрдә мал жемейді, сондықтан жайылымда малдың улануы болмайды деседе де болады. Сиырларды құрамында көкнәр бар азықпен азықтандырғанда сиырлардың өздері ұланбасада оның сүтің емген бұзаулардың уланғандығы туралы деректер бар. Улану малдың кеннетен қозуын немесес кеннетен жабырқауын тудырады. Жалпы клиникалық өзгерістерге жататындар: мал қатты тынышсызданыд, көз қарасында қорқыныш пайда болады, көздің қарашағы ұлғаяды, тістерін шықырлатады, маңайындағы заттарды сүзеді, кейде мүйізін сыңдырады, қалай болса солай қозғалып, жүгіреді, азық салатын орындарға шығып кетеді. Қозу жағдайы құтырудың белгілеріне жалғасады. Бастың мойының еттері тартылады, салдану байқалады. Осындай клиника 5-15 мин созылу мүмкін. Артынан мал тыныштанып, жабырқау пайда болады. Уланған мал әлсірейді, ұйықтаған тәрізді жағдайда болады. Қатты уланғанда сезімталдығы, рефлекстері толық жойылады; іші кебеді, сілекей ағады, шаншу құбылысы байқалады, кейде іші өтеді, ол ішектің бітелуімен кезектесіп отырады. Шошқалар құсады.
Жылқылар уланғанда көбінесе жабырқаңқы: көздері жұмылы, сыртқы ортаға реакциясы жоқ, басы салбыраған, сезімталдық реакциясы болмайды, қиналып қозғалады, аяғын әзер қозған жиі-жиі сүрене береді. Терісі құрғақ, көздің кілегей қабығы қызарған, көз қарашығы ұлғайған. Жүрек соғысы, демалысы, дене қызуы қалыпты жағдайда. Көп жағдайдаларда уланған мал 2-3 күнен кейін жазылып кетеді. Ал қатты уланған мал көп жатып қалғанда, қан аралас іші өтеді, теріде анестезия пайда болғанда бірнеше күнен кейін өлім-жітімге ұшырайды.
Өлексені сойғанда мида және ми қабықтарында қызарғандық, қанның ұйымауы, ас қорыту жүйесінің ағзаларында қабынудың белгілері, нефрит байқалады.
Емі. танин және құрамында танин бар препараттарды тағайындайды. Жылқының асқазанын танин немесе маргнец қышқыл калий ерітіндісімен жуады, іш өткізетін дәрілер береді және клиникалық белгілеріне қарсы емдейді. Мал қозған кезде малдың бас жағына суықтықпен әсер ететеді, калий бром препаратын тағайындайды. Мал жабырқағанда қоздыратын препаратын береді. Шошқаларды құстырады. Физиологиялық антидот ретінде кофеинді немесе атропинді терінің астынан жіберуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   51




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет