Лекция 10 Екпелер (вакциналар) және егу (вакцинация) Негізгі сұрақтар


Синтетикалық пептидтік вакциналарды жасау этаптары келесі



бет2/10
Дата27.03.2023
өлшемі119,89 Kb.
#173116
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ 10 микро
110 Кырыкбаева Асель физра, ӨЖ 1 күн, ПСИХОЛОГИЯ , Лексикология практика №5 2, 89260725, тил зан, тил зан
Синтетикалық пептидтік вакциналарды жасау этаптары келесі:
1. Жұқпа ауруды қоздыратын ақуыз антигендің иммуноактивті пептидтік фрагменттің тандап алу және пептидтік антигенді құрастыру.
2. Пептидтік антигенді химиялық синтезбен алу, тасымалдаушымен байланыстыру (керек болса).
3. Жасаған пептидтік конструкциялардың иммунгендігін лаборатория жануаларды пайдаланып тестеу, қарсы түзілген антиденелердің ерекшелігін және қорғаныштық қасиеттің анықтау.
4. Антигендердің доклиникалық сынау.
5. Вакцина препаратты жасау, вакцинаның өндірісінің лабораториялық технологияны жасау, тәжіребелі үлгіні алу.
6. Кандидатты вакцинаны доклиникалық және клиникалық сынау.

Пептидтік вакциналардың адъювантары
Вакцинаны жасағанда вакцинаның құрамына кіретін антигендерге қарсы күшті және ұзак уақыт сақталатын ерекше иммундық жауаптың қалыптасуы маңызды болып табылады. Бұл міндетті шешу үшін вакцинаның құрамына адъюваттарды кіргізеді. Пептидтік вакцинаны жасағанда адъювант ретінде пайдаланады:
*майлардың негізінде жасаған адъювантарды,
*сапониндерді,
*ерітіндіде мицелаларды құрастыратын өсімдік гликозидтерді
Мысалы ретінде аусыл вирусына қарсы пептидтік вакцинаны жасау жолдарын қарастырайық.
Аусыл (ящур) вирусының капсидтік 1 ақуызына (FМDV VP1) қарсы түзілген антиденелер вирусты бейтараптандырады. VP1 ақуыздың полипептидтік тізбегінің С-соңғы бөлігінің үш пептидінің (141-160, 151-160, 200-213 амин қышқылдары қалдықтарынан құрылған пептидтердің) және
N-соңғы бөлігінің үш пептидінің (9-24, 17-32, 25-41 амин қышқылдары қалдықтарынан құрылған пептидтердің) химиялық синтезін іске асырды. Аусыл вирусына қарсы пептидтік вакциналарды осы пептидтердің негізінде жасау мүмкіндігі зерттелінді. Пептидтер  күшсіз иммуногендер, сондықтан жануарларға енгізу алдында ерекше тасымалдаушы ақуыздарымен оларды байланыстырады, көбінесе фиссурелия ұлулар (былқылдақденелілердің) гемоцианинімен. Тасымалдаушы-ақуызбен байланысқан пептидтерді теңіз шошқасына енгізді. 141-160 амин қышқылдарынан құрылған пептидті ғана енгізгеннен кейін жануарларда аусыл вирусына қарсы антиденелер жеткілікті мөлшерде түзіледі.
Екі бөліктен, 141-158 пен 200-213 амин қышқылдары бар пептидтерінен құралған пептидті тасымалдаушы-ақуызбен байла-ныспаған болса да, теңіз шошқасына енгізгеннен кейін жануар-ларда антиденелердің тиімді синтезі жүзеге асырылады. Осы екі бөліктен құралған пептид теңіз шошқасы мен ірі қарада аусыл вирусының пролиферациясын тежейді. Бірақ жануарларда иммундық жауапты стимулдейтін пептидтің дозасы өлтірген FMDV вакцинамен салыстырғанда 1000 есе жоғары. Бұл мәселені ерекше зерттеу жүргізіп шешу жолын тапты. Капсидтік ақуыздың 142-160 амин қышқылдарынан құрылған пептидті қодтайтын вирус ДНҚ-ның фрагментін В гепатитінің (НВсАg) кор (коровый) ақуызын кодтайтын генімен байланыстырды. Гибридті генді Е.соli жасушаларына енгізді де экспрессиясын жүзеге асырды. Түзілген ақуыздың молекулалары тұрақты, сыртында FVDV VP1-дің пептиді орналасқан «27 нм бөлшектерін» құрды. Бұл бөлшектер жоғары иммуногендік қабілеттілігін көрсетті. Болжау жасалады, вакцинаны синтетикалық пептидтердің негізінде жасағанда қысқа пептидтің тасымалдаушысы ретінде В гепатиті вирусының НВсАg ақуызын пайдалануға болады.
Пептидтік вакциналарды бактериялар мен паразиттерге қарсы алу мүмкін, бірақ олардың кейбіреуі ғана тәжірибелік маңызды. Қазіргі күнде малярияға қарсы пептидтік вакцина клиникалық сынау өтіп жатыр.
Қысқа пептидтердің негізінде вакциналарды жасау әдістері мынадай шектермен кездеседі:
- тиімді пептидтік вакцинаны жасағанда пайдаланатын эпитоп (антиген) ақуыз молекуласының қысқа үздіксіз бөлігі болу керек, бірақ бұл сирек кездеседі;
- пептидтің конформациясы табиғи вирус құрамына кіретін ақуыз молекуласының бөлігінің конформациясына толық ұқсас болмау мүмкін;
- бөлініп алынған эпитоптың (антиген детерминанттың) иммуногендігі (иммуногенность) жеткіліксіз.
Синтетикалық пептидтік вакциналардың ерекшелігі жоғары, қымбат емес, қауіпсіз және тиімді, сондықтан пептидтік вакциналардың келешегі бар. Бірақ пептидтік вакциналарды жасау үшін өте көп ерекше зерттеу жүргізу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет