Лекция: 15 сағ. Практикалық (семинар) сабаќтар : 15 сағ. Обс¤Ж: 30 саѓ. СӨЖ: 30 сағ. Барлық сағат: 90 Кредит: 2



бет4/9
Дата25.12.2016
өлшемі1,31 Mb.
#4955
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Гуманитарлық білімфакультеті




“Педагогика және психология” кафедрасы


“Педагогиканы оқыту әдістемесі” пәні бойынша

050103 – “Педагогика жєне психология”

мамандығының студенттері үшін



ЛЕКЦИЯНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ

Жетісай - 2007


VI Лекция сабаќтарыныњ жоспары

1–тақырып

Педагогиканы оқыту әдістемесінің пәні

Жоспар:

  1. Ғылым және оқу пәні, олардың өзара байланысы, ерекшеліктері.

  2. Педагогиканың оқу пәні ретіндегі негізгі даму кезеңдері.

  3. Педагогиканың әдіснамасы.

1.Ғылым – үлкен ұғым. Ғылым - табиғат, қоғам және ойлау туралы білімдердің жүйесі.

“Ғылымға” мынадай моменттер кіреді:

1.ғалымдар, олардың білімдері, қабілеттері, тәжірибесі;

2.ғылыми ұйымдар, олардың жабдықтары;

3.ғылыми – зерттеу жұмыстары;

4.ғылыми ұйымдар және категориялар;

5.ғылыми информацияның жүйесі.

Ғылымның функциясы – зерттеу. Бұған дейін ғылым түсіндіру функциясын орындады. Ғылым бірте – бірте адамдардың өміріне, өндірістің дамуына, өмірді ұғынуға араласа бастады.

Ғылым мен оқу пәні тығыз байланысты. Пәнге білімдерді ғылымнан аламыз. Пәннің функциясы – оқушыларға білім беру.


  1. 1922 – 1925 жж. П. П. Блонскийдің, А. П. Пинкевичтің, А. Г. Калашниковтың, М. С. Григоревскийдің, В. Я. Струминскийдің “Педагогика”, “Педагогика негіздері”, “Мектептану”, “Еңбек мектебі” т.б. кітаптары шықты.

1931 жылы педагогикадан бірінші бағдарлама шықты.

3.Педагогиканың әдіснамасы – материалистік таным теориясы. Оның формуласы – нақты аңғарудан абстракт ойлауға және одан практикаға көшу.


2–тақырып

Педагогика курсының мазмұнын қарастыру.

Жоспар:

  1. Педагогика бойынша комплексті бағдарлама жасау - ғылыми – практикалық проблема.

  2. Педагогика курсы мазмұнын қарастыру негіздері.

Курсты оқытудың мазмұнына әсер етуші шарттар: ғылымның даму деңгейі; курсты оқушылардың жастық құрамы; тыңдаушының жалпы білімдік даярлығының деңгейі; оқушылардың болашақ кәсіптік қызметінің сипаты; педагогикалық білім берудегі теориялық зерттеудің деңгейі.

Педагогика курсын қарастыруға байланысты негізгі көзқарастар (аксиологиялық, культурологиялық, жүйелік т.б.).

Педагогика курсының мазмұнына жалпы сипаттама. Педагогиканың мазмұны тәрбиенің мақсатымен, оның нақты көрінісімен анықталады.

Педагогика курсын жетілдіру педагогика ғылымының дамуына және қоғамның әлеуметтік заңына байланысты.


3–тақырып

Педагогиканы оқыту технологиясы, принциптері.

Жоспар:

  1. Педагогиканы оқыту технологиясы. Жалпы және ерекше қасиеттер

  2. Педагогиканы оқыту принциптері.

1.Педагогика тәрбие және оқыту процесін зерттейді. Оны оқыту процесінің әлеуметтік, дидактикалық, жалпы педагогиканың мінездемелері қызықтырады. Оқыту процесінің төмендегідей педагогикалық мінездемелері оқу әдебиетіне кірді:

  • үнемі дамып отырушылығы;

  • оқыту процесінің 2 жақтылығы;

  • оқытушының да, оқушының да іс-әрекеті сипаты;

  • оқыту процесінің бір тұтастығы және жеке бағыттарға бөліну мүмкіншілігі.

Осы мінездемелердің бәрінің педагогиканы оқыту процесіне қатысы бар.

Педагогиканы оқыту процесінің ерекшеліктері сол – педагогиканы оқыту қоғамның алдына қойған мақсатына байланысты. Қазір білім беру ісінде реформалар жүріп жатыр.

Дидактиканың қазіргі міндеттері:


    1. 12 – жылдық оқу бағдарламаларын, оқулықтарды енгізу;

    2. оқытудың жаңа технологияларын енгізу;

    3. интерактивті әдістерді енгізу;

    4. мектептерді компьютерлендіру;

    5. дарынды балалармен жұмыс.

2.Педагогиканы оқыту принциптері:

  1. ғылымилық принцип;

  2. түсініктілік принципі;

  3. жүйелілік және бірізділік принципі;

  4. теория мен практика байланыстылығы;

  5. саналылық және белсенділік принципі;

  6. нақтылық және абстрактылықтың бірлігі;

  7. беріктілік принципі


4– тақырып

Педагогиканы оқыту формалары.

Жоспар:

  1. Оқыту формасының әр түрлілігі.

  2. Аудиториялық және аудиториядан тыс сабақ түрлері.

  3. Жеке, топтық, топаралық, ұжымдық оқыту формалары.

  4. Сынып – сабақтық оқыту жүйесі.

1.Оқыту формалары – мұғалім мен оқушылардың оқу іс - әрекетін құруы, ұйымдастыруы.

Оқытудың көне формасы – жекелеп оқыту. Кейін жекелеп – топтық оқыту қолданылды.

17 ғасырда сынып – сабақ жүйесі пайда болды. Оның авторы – ұлы чех ғалымы Я. А. Коменский.

2.Аудиториялық сабақ түрлері: лекция, семинар, практикалық сабақ, сабақ. Аудиториядан тыс сабақ түрлері: конференция, диспут, саяхат т.б.

3. Ұжымдық танымдық іс–әрекеттер жөнінде түсінік. Диалектиканың қарама–қайшылықтардың бірлігі мен күресі деп аталатын заңына сәйкес кез келген нәрсені, құбылыс, процесс қарама–қарсы, бірін–бірі жоққа шығару және бір мезгілді өзара шарттастық сияқты өзара қарым – қатынаста болатын қарама–қарсы жақтардың қарама–қайшылықты бірлігі болып табылады. Белгілі бір құбылысты, нәрсені дамыту процесінде соңында күрес арқылы шешілетін қарама–қайшылықтардың күшеюіне әкеп соғатын қарама–қарсылықтардың арасында сәйкессіз элементтер пайда болады. Олай болса, дамытудың қозғаушы күші де, қозғалыс көзі де қарама–қайшылық.

Оқу процесінің субъектілерінің қарым–қатынасы мен өзара әрекеттестігінің феномені педагогикалық әдебиеттерде және мектеп тәжірибесінде ұжымдық танымдық іс – әрекет ретінде түсініледі. Бұл мәселелердің теориялық әдіс–тісілдері Н.К.Крупская еңбектерінде қарастырылған. Ал педагогикалық процестің оқудан тыс бөлігі жағдайында оқушылармен ұжымдық жұмыс жүргізу әдістемесін Н.К.Крупская, П.П.Блонский, А.С.Макаренко жасаған.

Қазіргі педагогикалық әдебиеттерде ұжымдық жұмыс ұғымын көп жағдайда фронтальды жұмыс ұғымымен қатар қояды. Көбінесе оқушылардың жаңа оқу материалдарына деген белсенді танымдық қатынастарын және соның негізінде пайда болатын оқушылар арасындағы жақын қарым–қатынас, жалпы үлгерім бойынша жүргізілетін жұмыстар, интеллектуалдық құндылықтармен алмасу мүмкіндіктері, салыстырулар, жасалатын қарым–қатынастың зерделетін объектілері тұрғысындағы әртүрлі қимыл бірлігі сияқты белгілері бар жұмыстарды ұжымдық жұмыстарға жатқызады. Жалпы ұжымдық танымдық іс әрекеттердің мәні мұғалімнің жетекшілігімен оқу процесін ынтымақтастықпен, қарым–қатынаспен байытуда.

Оқу белсенді топтардың жұмысы. Ұжымдық танымдық іс – әрекет сабақта және сабақтан тыс уақытта қолданылатын жұмыс түрлерінің жүйесі болуы мүмкін. Ұжымдық оқу әрекетінің тұлғаға сол тұлғаның өзінің белсенділігіне қарай әсер етуі мүмкін, яғни ұжымдық танымдық іс – әрекет оқушының белсенділігін талап етеді. Оқушылардың басым көпшілігі белсенділік танытуы үшін танымдық іс – әрекет барысында қалаптасатын белсенді оқу әрекеттеріне сүйену қажет.

Белсенді топтар жұмысын ассистенттердің, кеңесшілердің, еңбекті ғылыми ұйымдастарудың мектебін құрудан бастау керек, ал мүшелерін таңдау белсенділердің, оқу ұжымының, мұғалімнің қалауы бойынша жүргізіледі. Сонымен бірге, оқу белсенді тобының қызметін оқу ісінің меңгерушісі басқарады және ол беделді, өзіндік маңызы бар топ болуы керек, оның жүргізген жұмыстарының барысы семинарларда, мектептік қорытынды конференцияларда тыңдалып отыруы қажет.

Мектепте оқу белсенді топтарының мүшелерінің санасының артуы кабинеттердің жұмыстарын қайта қарауды талап етеді. Оқу кабинеті нақты пән бойынша сабақта және сабақтан тыс уақытта жүргізілетін жұмыстардың орталығы болуы керек. Бұл орталықтың иесі оқушылардың өзі. Мұғалім жетекшілігімен кабинет кеңесі мүшелерінің қатысуымен көрнекі құралдар, сабақтарда берілетін тапсырмалар, бақылау карточкалары, таратылатын дидактикалық материалдар, тақырыптар бойынша папкалар мен альбомдар және кабинетте бар диафильмдердің, әдебиеттердің, папкалардың, көрнекі құралдардың картотекасы дайындалады. Бұл оқу белсенді тобының мүшесі, оның ішінде ассистентке аз ғана уақыттың ішінде сабаққа қажетті материалдарды дайындауына мүмкіндік жасайды.

Оқу белсенді тобының мүшелерінің ішінде оқушылардың ішінен таңдалатын ассистент, кеңесші, лаборант, кітапханашы, безендіруші, шаруашылықты жүргізуші маңызды рөл атқарады. Олардың әрқайсысының атқаратын белгілі бір қызметі бар. Мысалы, безендіруші мұғалімге көрнекі құралдар (кестелер, графиктер, диаграммалар және т.б.) дайындауға, оқу стенділерін, оқу кабинеттерін безендіруге, ақпараттар парақтарын шығаруға көмектеседі; лаборант лабораториялық, практикалық сабақтарды өткізуге қажетті техникалық құрал–жабдықтарды дайындайды, тәжірибелерді көрсетуге көмектеседі және т.с.с.; кітапханашы мектеп кітапханашысымен бірігіп пән бойынша жаңа қызықты әдебиеттерге шолу дайындайды, көрмелер ұйымдастырылады, пән бойынша қызықты материалдар жинайды, мектеп кітапханасында және оқу кабинеттеріндегі әдебиеттер бойынша картотека жасайды.

Топтық жұмыстарды ұйымдастыру. Ұжымдық танымдық іс – әрекеттердің әр түрлі формаларын мен түрлі жүйесінде топтық жұмыс және оның әртүрлілігі маңызды орын алады. Топтық жұмыс өзінің барлық белгілері көрініс табатын оқу ынтымақтастығының идеалды моделі болып табылады.

Педагогикалық әдебиеттерде сабақтарда оқушылардың оқу іс–әрекеттерін ұйымдастырудың фронтальды, топтық, даралау тәсілдерінің бірыңғай анықтамасы жоқ. Мысалы, дәстүрлі дидактика топтық жұмысты, негізінен, оқушылардың бірнеше тобы әртүрлі қиындықтағы тапсырмалардың көлемі орындалатын еңбекке үйрету, политехникалық білім беру және практикалық дағдыларды игеру сияқты мәселелерін шешу немесе оқыту, даралау мақсатында лабораторияларда, оқу шеберханаларында, мектеп жанындағы участоктерде жүргізілетін жұмыстармен байланыста қарастырады. Басқа жағдайда оқушылардың іс – әрекетін ұйымдастыру формаларын оқытуға қатысушылардың өзара әрекеттестігі ретінде қарастырады, ал фронтальды және топтық жұмыстар ұжымдық принцип бойынша ұйымдастырылады. Соған байланысты топтық жұмысты сынып оқушыларын 3–8 мүшелері бар, оқу материалдарымен бірігіп өзара жауапкершілікте алдын ала келісілген жоспармен рет бойынша жұмыс істейтін топтарға бөлетін сабақтарды ұйымдастыру формасы ретінде түсіндіруге болады.

Топтық жұмыстарға жұптасып жұмыс істеуді (әр топта екі оқушы), мұғалімнің тапсырысымен сабақта жұптасып хабарлама жасауды, топтық сұрақ, кеңестік сұрақ жұмыстарын және т.б. жатқызуға болады. В.К.Дьяченконың зерттеуі өлеңдерді жаттауда, жаттығуларды, мысалдар мен есептерді ауызша және жазбаша орындатуда, көбейту мен бөлу кестесін жаттауда, сұрақтар мен жұмыс істеуде және т.б. жұптық жұмыстардың яғни жұптық – ұжымдық жұмыстардың тиімді екендігін көрсетті.

4.Сынып – сабақтық оқыту жүйесі. Колледжде мектептегідей дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақтар да өтіледі.

5– тақырып

Лекция

Жоспар:

  1. Лекция, оның түрлері, өткізу әдістемесі.

  2. Лекцияға қойылатын талаптар.

  3. Лекторға қойылатын талаптар.

1.Лекция – латынша “lеctio” – “оқу”. Лекция - орта арнаулы және жоғары оқу орындарында қолданылатын оқытудың формасы.

Лекция түрлері: кіріспе, ағымдағы лекция, қорытынды немесе шолу лекциясы.

Лекцияның әдістемесі: тақырып, жоспар беріледі, әдебиеттер көрсетіледі. Әр сұрақтан кейін қорытынды жасалады. Оқушылар лекцияның негізгі тезистерін жазып отырады.

2.Лекцияға қойылатын талаптар: тақырыптың жоспарға сәйкес келуі, ғылымилығы, саяси бағыттылығы, сұрақтардың нақтылығы.

3.Лекторға қойылатын талаптар: пәнді жетік білу, идеялық сенімділік, көңіл – күй, дауыс ырғағы, сөз құрамының дұрыстылығы мен нақтылығы, дем алысы, сырт көрінісі, өзін ұстай білуі, аудиторияны “көре” және “сезе білуі”, аудиториямен байланыста болуы.
6– тақырып

Семинар, практикалық сабақтар.

Жоспар:


  1. Семинар, оның түрлері, өткізу әдістемесі.

  2. Практикалық сабақ, өткізу әдістемесі.

1.Семинар – латынша “seminarium” – көшет. Бұрын ғалымдардың ғылыми проблемаларды талқылауын семинар деп атаған. Қазір орта арнаулы және жоғары оқу орнында қолданылатын оқыту формасы.

Семинар сабағының мақсаты – лекцияда алған білімді терең ұғыну, проблемаларды шешу, проблемалық ситуациялар мен есептерді талдау, өз позицияларын айқындап, анықтау.

Семинар түрлері: жаппай семинар, баяндамаларға негізделген семинар, аралас семинар.

Алдын ала семинар тақырыбы, жоспары беріледі, әдебиеттер көрсетіледі. Оқушылар сұрақтары бойынша сөз сөйлейді, баяндамаларды оқиды, кейін талқылайды. Мұғалім қорытындылайды, бағалайды.

2.Практикалық сабақтар: сабақтардың, тәрбие сағаттарының жоспарын жасау, олардың фрагменттерін өткізу, түрлі іс – шаралар жоспарын жасау, олардың фрагменттерін өткізу т.б.

7– тақырып

Студенттердің, оқушылардың өзіндік жұмысы

Жоспар:


  1. Өзіндік жұмыстың ерекшеліктері.

  2. ОБСӨЖ

  3. Педагогикалық практика.

1.Студенттің, оқушының өзіндік жұмысы – бұл нақты бір нәтиже алу үшін оқытушының көмегінсіз орындалатын, мақсатты түрде жоспарланып, ұйымдастырылып, әдістемелік тұрғыдан бағытталатын жұмыс. Мысалы: реферат, баяндама, мәтінді конспектілеу, түрлі жаттығуларды орындау, есептерді шығару, ситуацияларды шешу т.б.

2.ОБСӨЖ – оқытушының басшылығында орындалатын студенттердің өзіндік жұмысы.Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру.

3.Колледж оқушылары (9 – сыныптан кейін үшінші және төртінші жылы) (11 – сыныптан кейін екінші және үшінші жылы) екі рет педпрактика өтеді. Бірінші жолы 1 семестр бойы, аптасына бір рет мектепке барып сабақ береді, ал екінші жолы 1 ай сабақтан қол үзіп, мектепке барып мемлекеттік педпрактика өтеді. Практика жетекшісі және әр пән бойынша әдіскерлер, сынып мұғалімдері оларға көмек көрсетеді.


8– тақырып


Педагогикалық үйірмелер, оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмыстары.

Жоспар:

  1. Педагогикалық үйірмелер.

  2. Оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмыстары.

1.Үйірме – педагогика бойынша колледждерде оқудан тыс жұмыстың көп тараған формасы. Үйірме түрлері: тақырыптық – проблемалық, көрнекті педагогтардың творчествосын тереңдетіп оқу, озат педагогтардың тәжірибесін зерттеу және жинақтау, озат оқу орындарының тәжірибесін зерттеу, отандық және шетел мектебі мен педагогикасының кейбір мәселелерін зерттеу.

2.Оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмыстары. Колледж оқушыларын да ғылыми – зерттеу жұмысына баулу қажет. Оларға ғылыми мақала, баяндама, реферат жазуды үйретуіміз керек. Бір тақырып бойынша зерттеу жұмысын жүргізуді де үйретсек жақсы болады. Ол үшін оқушылар ғылыми – зерттеу әдістерін білуі тиіс.



9–тақырып

Педагогиканы оқытуда түрлі әдістерді қолдану.

Жоспар:

  1. Оқыту әдістері, тәсілдері.

  2. Оқыту құралдары.

1.Оқыту әдістері, тәсілдері, құралдары туралы түсінік. Оқыту әдістерінің жіктелуі. Колледжде қолданылатын оқыту әдіс – тәсілдері.



а) Оқыту әдісі дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі болып табылады. Себебі, оқыту процесі оның мақсаты, мазмұны, әдістері және ұйымдастыру формаларының біртұтастығы болып табылады.

Әдіс деген сөз гректің “metodos” деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді. Оқыту әдістері туралы әрбір автор өз анықтамасын береді.

Қысқаша психологиялық –педагогикалық сөэдік “әдіс –мақсатқа қол жеткізетін жол, тәсіл, белгілі жолмен тәртіпке салынған іс–әрекет”–деген анықтама береді.

Оқыту әдісі–оқушыларға білім беру және оларды дамыту мақсатында мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жасайтын қызметі мен қарым–қатынасының тәсіл–амалдары–деген де пікір айтылады.

Оқыту әдістері–оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, оның арқасында білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушылардың дүние танымдылығы мен қабілеттілігі артады.

Оқыту әдістері–мұғалім мен оқушылардың бірлесе жасайтын әрекеті.

Оқыту әдістері–мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің барысында білім алу жолдары.

Оқыту әдістері– мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің негізінде білім, тәрбие және таным процесін жетілдіру.

“Әдіске” қатысты анықтамаларда бәріне ортақ пікір: “белгілі бір мақсатты көздеген мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қарым–қатынас және іс–әрекет”.

Олай болса оқыту әдістері–оқытудың мақсат–міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал–тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Мұғалім оқыту әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін ұйымдастыруда өзінің іс–әрекетін оқушылардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.

Мұғалім оқытудың нәтижесін арттыруда оқыту әдістеріне қатысты амал–тәсілдерімен қатар оның құралдарын да пайдаланады.

Оқу құралдарына оқу кітаптары, көрнекі және техникалық құралдар жатады.



  1. Оқу кітаптары –оқулықтар, оқу–әдістемелік кітаптар, анықтамалар, сөздіктер, есептер жиыны т.б.

  2. Көрнекі құралдар –кестелер, сызбалар, чертеждар, суреттер, фотосуреттер, альбомдар, тарихи, экономикалық–географиялық карталар т.б.

  3. Техникалық құралдар – үнтаспа, телеарна, бейнетаспа, кодоскоп, компьютер т.б.

ә) Оқыту әдістерінің көп түрлілігі, оларды топтастыру.

Оқыту әдістері педагогика саласында талас тудыратын күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Соған орай бүгінгі таңда оқыту әдістерінің анықтамасы және оларды топтастыру мәселесінде ортақ пікір қалыптаспаған.

Бұл мәселені зерттеуші авторлар (С.И.Архангельский, С.И. Зиновьев, Н.В. Кузьмина, Т.А. Ильина, Н.Д. Никандоров т.б.) оқыту әдістеріне әдістеріне түрліше анықтама беріп, оларды әр түрлі негізде топтастыруды ұсынады.

Ғылыми- педагогикалық әдебиеттерде топтастырудың жиыриадан астам түрі бар екен.



  1. Оқушылардың таным белсенділігіне қарай (М.Н. Скаткин, И.Я. Лернер):

      • түсіндірмелі - хабарлау әдісі;

      • репродуктивтік әдіс;

      • проблемалық баяндау әдісі;

      • эвристикалық әдіс.

      • Зерттеу єдісі.

  1. Оқытудың мақсаттары мен құралдарына қарай (М.А.Данилов, Б.П. Есипов, Т.А. Ильина):

      • жаңа білім беру әдісі;

      • біліктілер мен дағдыларды қалыптастыру әдісі;

      • техникалық құралдармен жұмыс істеу әдісі;

      • µзіндік жұмыс істеу әдісі;

      • білімді тексеру әдісі;

      • проблемалық, программаланған оқыту әдісі.

  2. Тұтас педагогикалық әрекеттің тәсілдеріне қарай (Ю.К. Бабанский):

      • оқу –танымдық әрекеттерді ұйымдастыру;

      • оқуға ынталандыру;

      • оқытудағы бақылау және өзін–өзі бақылау әдістері.

  3. Әдістің логикалық және психологиялық сипатына қарай (Р.Г.Лемберг):

      • ауызша баяндау әдісі;

      • есеп шығару әдісі;

      • өнер құралдарын пайдалану әдісі.

  4. Мұғалім мен оқушылардың жасайтын әрекетінің ерекшеліктеріне қарай (В.Оконь):

      • жаңа білімді игеру әдәсі;

      • өзіндік білім әдісі;

      • проблемалық әдіс;

      • көркем әдебиет пен өнер құралдарын пайдалану әдісі.

Солардың ішінде ең көп тарағаны – білім берудің көздеріне сәйкес

(И.Т. Огородников, С.И. Перовский, Е.Я. Голант):



      • сөздік немесе ауызша баяндау әдісі;

      • көрнекілік әдістер;

      • тәжірибелік әдістер.

Бұл әдістің ерекшелігі: егер мұғалім оқу материалын ауызша баяндаса, онда білім алу көзі мұғалімнің сөзі болып табылады немесе мұғалім оқушыларға білім беруде көрнекіліктерді қолданса, онда білім алу көзі көрнекіліктер болып есептеледі т.с.с.
2.Оқыту құралдары. Көрнекіліктің түрлері. Оқыту процесіндегі көрнекіліктің рөлі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет