Лекция 30 cағат Практикалық сабақ 15 сағат ожсөж- 45 сағат CӨЖ 45 сағат Емтихан 7 семестрде



бет7/7
Дата19.02.2017
өлшемі3,49 Mb.
#10586
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7

Өсімдіктерді аурулардан қорғау әдістері. Екі негізгі категория: Өсімдіктерді ауру қоздырғыштардан сақтандырғыш (профилактикалық) және бағытталған категориясы, дамуы, таралуы и емі (хемотерапевтикалық): қоздырғыштардан қорғау және қоздырғыштармен күрес, өсімдіктердің ауруға қарсы тұруының жоғарлауы.


  • Дәнді дақылдардың тамыр шірігі – жартылай паразитті саңырауқұлақтар арқылы жұғатын, инфекциялық аурулар. Олардың классификаициясы. Аурудың белгілері және күресу жолдары.

  • Күздік дәнді дақылдарға түсетін аурулар: Қарлы өнез (снежная плесень), склеротиниоз, тифулез, фузариоз, оларға тән сипаттама, олармен күресу жолдары.
  • Дәнді дақылдардың бактериалдық аурулары: қара дақты бактериоз, бидай мен сұлының қоңыр бактериозы. Ауру қоздырғыштар және оларға сипаттама. Аурудың белгілері және күресу жолдары.

  • Дәнді дақылдардың фузариоздары. Зақымдау түрлері. Фузариоздың байқалу түрлері. Қоздырғышына сипаттама, ауру белгілері.

  • Гельминтоспориоздар, аурудың белгілері, қорғау әдістері. Өскіндерді зақымдау, тамырдың гельминтозды шірігі, жапырақтарды зақымдау. Астықтың масағын және дәнін зақымдау. Аурудың белгілері, қоздырғыштары.


  • Дәнді дақылдардың вирустық аурулары, негізгі белгілері. Бидайдың жолақты мозаикасы, қоздырғышы – бидайдың жолақты мозаикасы, бидай мозаикасы, Қоздырғыштар - европалық вирус мозаика, орыс вирус мозаика, американдық вирус мозаика. Карлик бидайлар, сары карлик бидай, арпа мозаикасы. Сұлының зақымдануы.

  • Жүгерінің саңырауқұлақты және бактериалды аурулары. Фузариоз, көпіршікті және шаңды қастауыш. Белгілері және күресу жолдары.

  • Бүрлердің және тұқымның аурулары. Вирустық аурулар: сары карлик және жүгерінің карлик мозаикасы.

  • Бұршақ тұқымдарының аурулары. Тамырдың шірігі, фузариоздар, аскохитоздар, антракноздар, тат саңырауқұлағы, ботритиоздар, пероноспороздар, астық шығы (мучнистая роса), бактериоздар.
  • Бұршақ тұқымдарының аурулары. Өзіне тән белгілері және күресу жолдары.

  • Сүйекті жемістілердің аурулары. Саңырауқұлақ аурулары: монилиоз, жеміс шірігі, клястероспориоз, сливаның қалташасы (сумчатая болезнь), сливаның жапырағының қызыл дағы, сливаның тат саңырауқұлағы, шиенің коккомикоз, шиенің «жалмауыз кемпір сыпырғысы», шие жапырағының ауруы, цистоспороз. Аурудың белгілері ауру қоздырғыштар және олармен күрес.


  • Сүйекті жемістілердің бактериалды дағы, бактериалды рак, ауру белгілері. Вирустық оспа немесе слива шары, ауру белгілері. Инфекциялық емес аурулар: гоммоз (камедетечение), жұқтыру белгілері.

  • Смородина және крыжовниктың: астық шығы (мучнистая роса), сферотека, антракноз, септориз немесежапырақтарының ақ дағы, бокал тәрізді тат саңырауқұлағы, бағанды тат саңырауқұлағы, смородинаның вертициллезі, аурудың белгілері және олармен күрес. Ауру қоздырғыштар, оларға сипаттама.

  • Вирусты және микоплазмалық аурулар: смородинаның реверсиясы (махровость), смородинаның сақиналы дағы, смородинаның европалық мозаикасы. Ауру қоздырғыштар, оларға сипаттама.

  • Таңқурайдың аурулары – антракноз, септориоз, таңқурай таты. Таңқурай мозаикасы. Инфекциялық емес аурулар: хлороз. Құлпынай аурулары: жапырағының дағы,сұр шірік. Ауру қоздырғыштары, оларға сипаттама.

  • Цитрус өсімдіктерінің ауруларыр. Саңырауқұлақ және бактериалық аурулары: гоммоз (камедетечение) – Цитрус өсімдіктерінің ағаш және ағаш қабығының аурулары, меланоз (тамырын, сабағын, бүршігін, жапырағын және жемісін зақымдауы), мальсекко (инфекциялық құрғауы), антракноз, парша, сүйелденуі, бактериалық күйік. Оларға тән белгілері, қорғау шаралары.

  • Цитрустың вирустық және микоплазмалық аурулары (тристеца, экзокортис, импетратура). Оларға тән белгілері, қорғау шаралары.

  • Жүзімнің саңырауқұлақ және бактериалық аурулары: милдью, оидиум немесе шығы, қара шірік, қара дағы немесе экскориоз, ақ шірікь, антракноз, сұр шірік, церкоспороз, қызылша, дақты некроз, бактериалық рак. Оларға тән белгілері, қорғау шаралары.

  • Жүзімнің вирустық аурулары: инфекциялық хлороз, короткоузлия, мозаика. Аурудың белгілері. Инфекциялық емес аурулар: хлороз, оларға тән белгілері.

  • Ауру өсімдіктердің биохимиясы және физиологиясы. Зақымдануы: Өсімдіктің бойында спораның өсуі, гифалардың енуі. Аурулары: физико-химиялық құрылымының өзгеруі, протоплазмасының құрамы, су режимі.


    9. СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА (СӨЖ) АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР

    • Әрекетпен шақырылушы кіретін сәулеленулердің аурулары. Өсімдіктің сәулелену ауруының белгілері.


    • Минералды қоректенудің бұзылуынан туатын ауру түрлері. Топырақта макроэлементтердің жетіспеуінен туатын аурулардың негізгі белгілері.

    • Минералды қоректенудің бұзылуынан туатын аурулар. Топырақта макроэлементтердің жетіспеуінен туатын аурулардың негізгі белгілері.

    • Өсімдіктің бактериальды аурулары, олардың негізгі белгілері. Өсімдіктерді бактериальды аурулардан қорғау.

    • Өсімдіктердің ауруларына жоғарғы саты өсімдіктерінің қоздырғыштарының әсері. Повиликаның өмірлік циклі.

    • Ауруды қоздыратын қарапайым жәндіктер, олардың сипаттамасы.

    • Заразиханың өмірлік циклі. Жоғарғы сатыдағы паразиттік өсімдіктермен күресу жолдары.

    • Өсімдіктердің вирустық аурулары. Вирустық аурулардың белгілері. Вириодтардан туатын аурулар, негізгі белгілері, қорғау түрлері.

    • Өсімдіктерде саңырауқұлақтар арқылы жұғатын аурудың негізгі түрлері. Паразитті саңырауқұлақтардың негізгі топтары.

    • Саңырауқұлақтың ауруларының дамуы және негізгі белгілері. Саңырауқұлақ ауруларының негізгі типтері

    • Өсімдіктің ауруға қарсы тұруы, паразитті ауруларға қарсы тұруы механизмі – инфекция алды және постинфекция.

    • Өсімдіктің ауруға қарсы тұруы. қорғаныш қасиеті . Фитонцидтер, оған сипаттама.

    • Орман өсімдіктерінің аурулары, тұқымның, жемістің. Діңдердің аурулары. Тұқымның мумификация, жемістің деформациясы. жапырақты және қылқан жапырақты ағаштардың некроздары. Жеміс деформация.

    • Ағаш тектес өсімдіктердің шірік аурулары. Орман өсімдіктерінің ауруларымен күрес жолдары.

    • Ағашты-бұталы өсімдіктердің рак аурулары. Сосудты аурулар. Орман өсімдіктерінің ауруларымен күрес жолдары.

    • Қастауыш саңырауқұлақтарының аурулары. Өзіне тән белгілері. Қорғау әдістері.

    • Заболевания, вызываемые головневыми грибами: спорыньевыми. Характерные признаки грибковых заболеваний. Методы защиты.

    • Қастауыш саңырауқұлағының туғызатын аурулары: тата саңырауқұлаңы. Өзіне тән белгілері. Қорғау шаралары.

    • Кртоптың аурулары: фитофтороз, макроспориоз, картоптың рак ауруы, қара парша, кәдімгі және күміс тәріздес парша, ооспороз.

    • Жем тамырлардың және көкөніс аурулары. Рапса шығы, картоптың тамыр жегіші, шірігі, рак, туберкулез, қызыл шірігі, фузариоз шірігі, құйрықты шірігі, қоңыр шірігі.

    • Жем тамырлардың және көкөніс аурулары. Сақиналы шірігі, қара шірік. Оларға тән белгілері, қорғау шаралары.

    • Жем тамырлы өсімдіктердің вирустық и микоплазмалық аурулары: жапырағының мозаикалы оралып өсуі, қатпарлы мозаика, жолақты мозаика, жапырақтарының оралып өсуі.

    • Өсімдіктердің қорғаныш реакцияларының негізгі типтері.

    • Ағзалардың түрлерінің өзара қатынасы. Паразиттердің айырмашылықтары.

    • Паразиттік белгілері. Паразиттердің пайда болуы және эволюциясы.

    • Фитосанация, анықтамалары, маңызы.


    10. ОҚУ, ӨНДІРІСТІК ЖӘНЕ ДИПЛОМ АЛДЫ САРАМАН ӨТКІЗІЛУІ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР, ЕСЕПТІК ҚҰЖАТ ФОРМАЛАРЫ

    Бағдарламада жоспарланбаған

    . Білімді бағалау жөніндегі мәлімет

    «Пән бойынша білімді бағалау кестесі»

    Бағалау саясаты:



    «Өсімдіктер экологиясы» пәні бойынша білімді бағалау кестесі


    Бағалау критериясы


    Бағалау түрі

    Атпа

    Жұмыс үшін %

    Барлығы

    %


    1

    2

    3

    4

    5

    6

    7

    8

    9

    10

    11

    12

    13

    14

    15

    1.

    Дәріс және прак-тикалық сабаққа қатысу

    0,66

    10

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    2.

    Практикалық сабақтағы белсенділігі

    0,8

    12

    +

    +

    +

    +

    +

    +




    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +




    3.

    ӨЖСӨЖ-на дайындық және белсенділік

    2

    30

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    4.

    Тесттілеу

    4

    8
















    +






















    +







    Р1 + Р2




    60

















































    Емтихан




    40














































    Барлығы




    100













































    Семестр барысында екі аралық бақылау жүргізіледі: 7(8) және 15 апталарда.

    Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).

    Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.

    Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.

    Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша)


    Студенттердің білімі келесі кесте бойынша бағаланады:


    Бағалау

    Бағаның әріптік баламасы

    Бағаның сандық баламасы

    Бағаның проценттік баламасы

    Бағалаудың дәстүрлі жүйесі

    A

    4,0

    95-100

    өте жақсы

    A-

    3,67

    90-94

    B+

    3,33

    85-89

    жақсы

    B

    3,0

    80-84

    B-

    2,67

    75-79

    C+

    2,33

    70-74

    қанағаттанарлық

    C

    2,0

    65-69

    C-

    1,67

    60-64

    D+

    1,33

    55-59

    D

    1,0

    50-54

    F

    0

    0-49

    қанағаттанарлықсыз


    Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)
    Студенттерге қойылатын талаптар:

    Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет (жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша)



    1. Сабаққа қатысу

    Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.



    2. Аудиториядағы тәртіп

    Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.



    3. Үй тапсырмасы

    Үй тапсырмасы міндетті түреде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.



    4. Жеке тапсырмалар

    Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.



    5. Бақылау жұмысы.

    Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.



    6. Пікірлесу.

    Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін.

    11. Студенттердің БІЛІМДІ БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР

    1.Өсімдік аурулары және олардан қорғау шаралары туралы ғылым саласы қалай аталады?

    1.фитопатология деп аталады.

    2.Фитопатология ғылымның мақсаты?

    2.инфекциялық және инфекциялық емес ауруларды, олардың туу себептерін зерттеу және олардан қорғаудың ғылыми негізделген шараларын қалыптастыру.

    3.Қазіргі кездегі жалпылама мойындалған өсімдік ауруының анықтамасы: фитопатогеннің немесе ортаның қолайсыз жағдайларының әсерінен өсімдік клеткасының, мүшесінің және тұтас организмнің қалыпты зат алмасу үрдісінің бұзылуы не деп аталады?

    1.АУРУ

    4.Аурулардың айқындалу белгілері немесе симптомалары оны туындататын себебіне, және аурудың өсімдік организміне әсер етуіне байланысты. ауру қоздырғышы өсімдік бойына тұтас тарамай өсімдік тканінің шектеулі бір учаскесінде жетілуі мүмкін болса ол қандай ауру?



    1.. Бұндай жағдайда ауру жергілікті, немесе локалды сипатта болады.

    5. Ал егер ауру қоздырғышы өсімдіктің түтікті жүйесін зақымдаса немесе өсімдік ішінде ткандеріне тараса ауруқалай аталады?

    1. жалпы немесе диффузиялы деп аталады.

    6.Ауру белгілерін (симптомаларын) білу, және олардың туу себептерін түсіндіре білу нені алғаш тануға мүмкіндік береді?

    1. ауруды

    7.Қанша жиі кездесетін аурулар белгілері бар?

    1.8

    8.Дақтар ненің себебінен болады?

    1. өсімдіктің әр түрлі мүшелерінің бойында зақымданған ұлпалар клеткасының өліп, хлорофиллдерін жоғалту салдарынан болады.

    9. Дақтар түсу себебі?

    1.ауру қоздырғыштарының (вирус, бактерия, саңырақұлақтар) немесе ортаның қолайсыз жағдайларының әсерінен болады.

    10. Ауруды анықтау үшін дақтың несіне қарау керек?

    1. түсіне, мөлшеріне, пішініне, орналасқан жеріне және түзілу динамикасына көңіл аудару қажет.

    11.Солу қалай болады?

    1. өсімдіктердің жеке мүшелерінің немесе тұтасымен тургорлық күйін жоғалтуы, одан соң және де саңырауқұлақтармен, бактериялармен немесе қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларының салдарынан өсімдік тамырының немесе өткізгіш ұлпасының зақымдануы.

    12. Инфекциялық солу нәтижесінде нені байқауға болады?

    1. сабақтың немесе жапырақ сағағы өткізгіш түтікшелерінің қараюын байқауға болады.

    13. Өңез қандай қоздырғышқа тән?

    1.бұл тек саңырауқұлақтар қоздыратын ауруларға ғана тән белгі.

    14. Дақ кезінде не түзілуі мүмкін?

    1..Дақтардың, кейде сырт көзге сау өсімдіктердің бетінде саңырауқұлақтардың мицелийлері және (немесе) түкті немесе мақта тәрізді спора түзілімдері түзіледі.

    15.Саңырауқұлақ түріне байланысты өңез қандай түсті болуы мүмкін?

    1. ақ, қызғылт, сары, боз, қоңыр, қара немесе басқа түсті болуы мүмкін.

    16. Өңез пайда болуына мысал келтір?

    1. Мысал ретінде ақ ұнтақ деп аталатын кең тараған ауру түрін айтуға болады. Бұл ауруға шалдыққан өсімдіктердің бетінде (әдетте жас өсімдіктерде) ақ немесе аздап қызғылттау өңез пайда болады.



    17.Пустулалар қандай қоздырғышқа тән?

    1.саңырауқұлақ қоздыратын ауруларға, оның ішінде негізінен тат ауруларына тән белгі.

    18.Пустулалар деген не?

    1. саңырауқұлақ спораларынан тұратын, пішіні сопақша келген өсімдік бетінде пайда болатын түзілім.

    19.Пустулалар немен жабылып тұрады?

    1. Олар ұлпа бойында түзіліп, ілкіде эпидермиспен жабылып тұрады. Кейін эпидермис жарылады.

    20. Өсімдіктердің вегетациясы кезінде тат ауруының пустулаларының түсі қандай болады?

    1.сары, сарғылт қызыл, сарғылт қоңыр, қоңыр, тат түсті болады.

    21.Пустулаларды тағы қалай атайды?

    1. тат ауруы деп атайды.



    22.Шіріктер қандай өсімдіктерді зақымдайды?

    1. көбіне суы және қор заттары мол өсімдік мүшелері зақымданады: жемістер, тамыржемістер, түйнектер, пиязшықтар, жапырақты сабақтар.

    23. Шіріктер нешеге бөлінеді?

    1. Шіріктер демді және құрғақ болып екіге бөлінеді.

    24. Демді шіріктерді нелер қоздырады?

    1. Демді шіріктер негізінен бактериялар қоздыратын немесе қоршаған ортаның кейбір факторларының әсерінен болады,

    25. Құрғақ шірікненің әрекетінде пайда болады?



    1.құрғақ шірік патоген саңырауқұлақтар әрекетінің нәтижесінде пайда болады.

    26.Ісіктер немесе өсінділер ненің әсерінен пайда болады?

    1. өсімдіктің кей мүшелерінің бойында ауру қоздырғыш микроорганизмдердің, сондай-ақ кейбір абиотикалық факторлардың әсерінен пайда болады.

    27. Ісіктер қалай пайда болады?

    1. өсімдік мүшелерінің бетінде кейбір клеткаларының көлемі ұлғаюынан немесе клеткалардың шамадан тыс түзілуінің нәтижесінде пайда болады.

    28. Ісіктер қандай дақылдарға тән?

    1. картоптың рак (-сурет), қырыққабаттың кила, қызылша тамыржемісінің рак тағы да басқа дақылдардың ауруларына тән.

    29.Деформациялану дегеніміз не?

    1. (пішінінің өзгеруі)

    30. Деформациялану ненің өзгеруі?



    1. вирустар, микоплазмалар, саңырауқұлақтар және абиотикалық факторлар әсерінен өсімдіктің кейбір мүшелерінің, кейде тұтас өсімдіктердің тұрпатының өзгеруі.

    31. Деформациялану кезінде қандай өзгеріс болады?



    1. Бұл қатарда жапырақтар алақанының пішінінің өзгеруі жиі кездесетінін атауға болады.

    32. Деформациялану кезінде нелер түзілуі мүмкін?



    1. Сабақтар деформациясының қатарына шамадан тыс, көптеген ұсақ, жіңішке бұтақтар түзе бұтақтануы жатады.

    33. Гүлдер мен жемістер деформацияланғанда қандай өзгерістер болады?

    1. олардың пішіні және қасиеттері өзгеріп, кейде тұқым түзілмейді, немесе сапасыз болады.

    34.Мумификациялану дегеніміз не?

    1. (немесе кебу)

    35. Зақымданған өсімдік мүшесінің бойын тұтасымен саңырауқұлақ жіпшелері басып алып, кептірілуі қалай аталады?

    1. Мумификациялану

    36.. Мумификациялану әдетте қандай өсімдіктерге тән?

    1. өсімдік жемістері мен тұқымдарына тән.

    37.Өсімдіктер мүшелерінің ыдырап ұнтақталуы тағы қалай аталады?

    1. Бұл ауру түрі «қара күйе» деп аталады.

    38.Өсімдіктер мүшелерінің ыдырап ұнтақталуын не тудырады?

    1. Бұл ауруды саңырауқұлақ қоздырады.

    39. Тозаңды қара күйені түзетін не?

    1. ұнтақ саңырауқұлақ споралары.

    40. Өсімдіктер мүшелерінің ыдырап ұнтақталуы қандай өсімдіктерге тән?



    1. Бұл ауру көбіне дәнді дақылдарға тән.

    41.Өсімдік мүшелерінің реңінің өзгеруі ненің нәтижесінде пайда болады?

    1. Бұл белгі өсімдіктердің минералды қоректенуінің бұзылуының немесе вирустардың зақымдауының нәтижесінде пайда болады.

    42. Реңінің өзгеруін қандай мүшеден байқауға болады?

    1.Жапырақ бояуының өзгеруі жиі кездеседі.

    43. Жапырақ бояуының өзгеруі не себептен болады?

    1.Ол хлорофилдің ыдырауынан болады

    44.. Реңінің өзгеруінде қандай дақтар пайда болады?

    1. мозаика тәріздес ала-ғұла дақтар пайда болады.

    45.вирустар қоздыратын алапес немесе мозаика ауруы ненің себебінен болады?

    1.реңнің өзгеруінен

    45.Өсімдік ауруларын жіктеу не үшін қажет?

    1. белгілеріне қарай немесе бір топ белгілері бойынша топтарға жіктеу, немесе жүйелеу аурудың табиғатын танып білуге және оны анықтауға (диагностикалауға) мүмкіндік береді.

    46.Ең қолайлысы, негізін аурудың туу себебі қалайтын экологиялық жіктеу нешеге бөлінеді?

    1. Бұл жіктеу бойынша өсімдік аурулары жұқпалы емес (инфекциялық емес) және жұқпалы (инфекциялық) болып екіге бөлінеді.


    • 47.Жұқпалы емес немесе инфекциялық емес нені әсерінен туады?

    • 1. аурулар өсімдікке қоршаған ортаның абиотикалық факторларының – температураның, ауа немесе топырақ ылғалдылығының, минералдық қоректенудің т.б. – әсерінен туады;

    • 48.Жұқпалы немесе инфекциялық аурулар ненің әрекетінен туады ?

    • 1.әр түрлі ауру қоздырғыш организмдер – патогендердің: саңырауқұлақтар, бактериялар, вирустар, микоплазмалық организмдер, гүлді паразиттер, әрекетінен туады.

    49. Ұқсас дақылдар тобы бойынша (дәнді дақылдар тобы, бұршақ тұқымдас дақылдар тобы, бақша дақылдары т.б. аурулары); жеке дақылдардың аурулары (бидай, арпа, қара бидай, тары, картоп, қырыққабат т.б. аурулары); зақымданатын өсімдік мүшесі бойынша – жапырақ , сабақ, бүршік, гүл, тұқым, жеміс т.б. аурулары; өсімдіктердің өсіп-жетілу кезеңінің зақымдануы – өсімдік көгінің зақымдануы,, гүлдеу кезінде зақымдануы, пісу кезеңінде зақымдануы т.б.нені құрайды?

    1. Өсімдік ауруларын жіктеудің басқа да түрлерін



    50..Қоректік заттардың жетіспеуі немесе шамадан тыс көп болуы,қолайсыз төменгі немесе жоғары температура;ауа немесе топырақта ылғалдың жетіспеуі немесе шамадан тыс көп болуы;механикалық зақымданулар;қоршаған ортаның өсімдіктерге зиянды заттармен ластануы және т.б.қандай аурулардың себептері?

    1.Инфекциялық емес (жұқпалы емес) аурулардың ең жиі кездесетін себептері:



    51. Өсімдіктердің өсуі баяулайды. Жапырақтары ұсақ, түсі ашық жасыл реңді болады. Азоттың жетіспеуі жоғары дәрежеде болса жемістері ұсақталып, кейде уақытынан бұрын түсіп қалады. Топырақтың жоғары қышқылдығы қандай элементтің жетіспеу дәрежесін арттырады?

    1. Азоттың (А) жетіспеуі.



    52.Фосфордың (Р) жетіспеуіқандай белгілер пайда болады?

    1. Өсімдітердің жетілуі және репродуктивті мүшелерінің түзілуі баяулайды. Жапырақтардың бетінде немесе олардың жүйкелерінде қызғылт, сиякөк дақтар немесе жолақтар пайда болады.

    53. картопта фосфор жетіспегендіктен жапырақтарында не пайда болады?

    1. қызыл-күрең дақтар пайда болады, немесе түйнектерінің «таттану» ауруын байқауға болады.



    54. Жапырақ ұлпалары өледі, бұл ең алдымен кәрі жапырақтардың жиегінен немесе жүйке аралықтарынан басталады. Жапырақ жиектері алғашында сарғайып, кейін қараяды, кальций мен магний шамадан тыс енгізілгенде және топырақты ізбестегенде де байқалады. Өсімдіктерге кандай элемент жетіспейді?

    1. Калийдің (К) жетіспеуі.



    55.Магнийдің (Mg) жетіспеуі

    1.. Жапырақтардың жүйке аралықтары сарғаяды. Бұл құбылыс төменгі жапырақтардан басталады. Оның себебі магнийдің барлық мөлшері жастау, бойында хлорофилл түзілетін жоғарғы жапырақтарға ығысуына байланысты. Алайда жапырақ жүйкелері мен оларға таяу ұлпа бөліктері жасыл түсін сақтайды. Ал жүйкеден қашықтау ұлпа бөліктері өсімдік түрлері мен сорттарына байланысты сары, қызғылт-сары, қызыл, сиякөк т.б. түстерге енеді.

    56.Кальцийдің (Ca) жетіспеуінен қандай белгілер п.б.?

    1. Өсімдік тамырының өсуі баяулайды, ал элементтің жетіспеу дәрежесі едәуір болса ол ұшынан бастап өледі. Тамыры шамадан тыс бұтақтанып таралады. Өсімдіктің жер беті мүшелері кальцийдің жетіспеуі тым жоғарғы дәрежеде болса ғана өсіп-жетілуі баяулап, жапырақтары ұсақталып, бетінде некроздық дақтар түседі.

    57.Жапырақ бетіне түскен ашықсары дақтардан жапырақ түрі ала болады, ал жүйкелері жасыл түсін сақтап қалады,қандай элемент жетіспейді?

    1.Марганецтің (Mn) жетіспеуі.

    .

    58.Темірдің (Fe) жетіспеуі.



    1. Жапырақтардың түссізденуі (хлороз), негізінен көпжылдық өсімдіктерде – алма, алмұртта – кездеседі. Темірдің өсімдіктерге тиімсіз формада болатын түрі карбонатты топырақта жиі кездесетін құбылыс.

    59.Мырыштың (Zn) жетіспеуі.

    1. Ұсақ, жіңішке сопақша жапырақтардың түзілуі (негізінен ерте көктемде). Әсіресе рН дәрежесі 7 және одан жоғары болғанда карбонатты топырақтарда жиі кездеседі. Азот тыңайтқыштар, шамадан тыс көң және фосфордың қолданылуыда мырыштың жеткіліксіздігін туғызады.

    60.Бордың (В) жетіспеуі.

    1.Өсу нүктесінің өлуі. Әсіресе генеративтік мүшелері көбірек зақымданад, ал вегетативтік мүшелері тек мырыш көп мөлшерде жетіспегенде ғана ауруға шалдығады. Карбонатты және батпақты топырақтарда жиірек кездеседі.



    61.Мыстың (Cu) жетіспеуі.

    1. Өсімдіктердің жас жапырақтарының ағаруы, тургоры төмендеуі, солуы, сол сияқты сабақтары мен тұқымының түзілуі төмендейді. Дәнді дақылдардың ішінде мыстың жетіспеуі ең сезімтал келетіндері – бидай, сұлы, арпа. Мыстың жетіспеуі торфты және құмдақ топырақтарда көбірек кездесе

    62.Инфекциялық ауруларды нелер қоздырады?

    1.гетеротрофты организмдердің қатарына жататын (яғни өздігінен органикалық заттарды түзуге қабілетсіз) саңырауқұлақтар, бактериялар, вирустар мен вироидтар, микоплазмалық организмдер, сол сияқты гүлді паразит өсімдіктер қоздырады.

    63. Инфекциялық аурудың негізгі қасиеті?

    1 бір өсімдіктен екіншісіне жұғып тарайтындығы.

    64.Инфекциялық аурулардың негізінде паразитизм құбылысы жатыр?

    1. яғни фитопатоген (өсімдік ауруының қоздырғышы) өсімдік бойында түзілетін дайын органикалық заттарды пайдаланады, нәтижесінде өсімдік организмінің қалыпты тіршілік үрдісі бұзылады.

    65. Паразиттік дәрежесіне қарай фитопатогенді организмдер неше категорияға бөлінеді?

    1 .3

    66.факультативті паразиттер;факультативті сапротрофтар;облигатты, немесе міндетті, паразиттер деген нелер?



    1. фитопатогенді организмдер

    67.Факультативті паразиттер деген не?

    1. – негізінен сапротрофты түрде қоректенетін организмдер. Олар тек өте әлсізденген тірі өсімдіктерді ғана зақымдайды. Алғашқыда олар өсіп тұрған өсімдік тканінің өлі учаскелеріне түседі, кейін осы учаскемен шектес сау тканге де шауып, бұл учаскелерді өздерінің метаболит өнімдерімен (көбіне токсиндермен) ыдыратады. Факультативті паразиттер қатарына көптеген фитопатогендер тобы жатады. Факультативті паразиттер қатарына көптеген ауыл шаруашылығы дақылдарының боз шірігінің қоздырғышы болып табылатын Botrytis cinerea саңырауқұлағы жатады.

    68.Факультативті сапротрофтар,

    1. немесе сапрофиттердің ерекшеліктері тіршілік циклінің негізгі бөлігін тірі өсімдіктердің бойында өткізеді, алайда белгілі бір жағдайларда (бұл категорияға жататын патогендердің көпшілігіне міндетті түрде) өлген ткандердің бетінде қалып, тіршілігін жалғастырады.

    69 Факультативті сапротрофтар қатарына қандай қоздырғыштарды жатқызуға болады?

    1. жоңышқа антракнозы ауруының қоздырғышы Colletotrichum trifolii саңырауқұлағы, асбұршақ аскохитозының қоздырғышы – Ascochyta pisi саңырауқұлағы, алма паршасының қоздырғышы – Venturia inaequalis саңырауқұлағы және басқалары жатады.

    70.Облигатты паразиттер деген не?

    1. паразитизм құбылысының ең жоғарғы деңгейін сипаттайтын организмдер. Олар тек тірі өсімдіктердың ткандерінде ғана өсіп-жетіле алады. Олардың тек азғана бір түрін құрамы өте күрделі жасанды қоректік ортада өсіруге болады.

    71. Облигатты паразиттер қатарына ненелерді жатқызуға болады?

    1. барлық вирустар мен вироидтар, және өсімдік ауруларының қоздырғыштары болып табылатын саңырауқұлақтардың бірқатар түрлері жатады (жалған және нағыз ақ ұнтақ, тат, қара күйе тағы бірқатары).

    72. ауру қоздырғыш паразит организмдер өсімдік бойында өсіп-өну орнына байланысты қалай бөлінеді?

    1. эндопаразиттер мен экзопаразиттер болып екіге бөлінеді

    73. Экзопаразиттерқай жерлерде п.б.?



    1. негізінен өсімдіктердің бетінде өсіп-жетілетін организдер 74.эндопаразиттер

    1.өсімдік бойында, клетка ішінде немесе клетка аралықтарында тіршілік етуге бейімделген организмдер.

    75.Ауру қоздырғыш организмдердің өсімдік организмдеріне әсер етулеріне байланыстықандай қасиеттер ажыратылады?

    1. патогендік, вируленттілік және агрессивтік қасиеттері ажыратылады.

    76.Организмдердің белгілі бір өсімдіктің ауруын қоздырып, оған зияны келтіретін қасиеті қалай аталады?



    1.патогендік

    77. Белгілі бір өсімдік қожайындарда паразиттік қабілетін анықтайтын патогендіктің сапалық тарапы қалай аталады?

    1. вируленттілік

    78. Патогендік қасиеттің сандық тарапын не сипаттайды?



    1.агрессивтік

    79.. Агрессивтік деген не?

    1. патогеннің өсімдік тканінде көбеюге қабілеттілігі.

    80.Агрессивтік қандай қасиеттермен сипатталады?



    • 1.инкубациялық кезеңнің ұзақтығы;өсімдік тканінің бойымен таралу жылдамдығы;спора түзу қарқындылығы (саңырауқұлақтар үшін);ауру қоздыруға қабілетті инфекциялар саны және тағы бірқатар.

    81.Аурудың жұғып, дамып жетілу үрдісі қалай аталады?

    1. патогенез



    82.Патогенез қандай кезеңдерге бөлуге болады?

    1. аурудың жұғуы, инкубациялық кезең және аурудың айқындалуы.



    83. Инфекциялық аурудың дамуы неден басталады?

    1. жұғудан, яғни ауру қоздырғышының өсімдік тканіне еніп, паразиттік тіршелек ете бастағаннан басталады.

    84..Инкубациялық кезең қашан пайда болады?



    1. Алғашқы ауру симптомдары әдетте бірнеше күннен соң пайда болады. Кейде бұл үрдіс бірнеше апта немесе ай бойына созылуы мүмкін.

    85.арудың жұққан кезінен көзбен көрінетін белгілерінің пайда болуына дейінгі кезеңі қалай аталады?



    1 Инкубациялық..

    86 Инкубациялық кезеңнің ұзақтығын білу не үшін қажет?

    1.аурудыңтаралуын қысқа мерзімді болжау және оны есептеп шығару үшін өте маңызды. Бұл қорғаныш шараларын уақыттылы өткізіп, аурудың таралуының алдын алуға мүмкіндіе береді

    .87.Аурудың айқындалуы деген не?

    1.Ауру белгілері қожайын-өсімдік және сыртқы орта жағдайларының өзара әрекеттесу нәтижесінде белгілі бір ауруға тән патологиялық өзгерістердің туындайтынын көрсетеді.

    88.Бір жылдық өсімдіктерде және көп жылдық өсімдіктердің жапырақтары мен ағымдағы жылғы өскіндер ауруға шалдыққанда ауру вегетация басынан басталып, маусым бойына жүреді ол қалай талады?

    1. бастапқы немесе алғашқы инфекция ,яғни бір маусымда басталып, әдетте жеке өсімдіктерде байқалады.

    89.Бір қатар аурулармен өсімдіктердің заладануы бір маусымда тек бір-ақ рет болады ол қалай аталады?

    1. моноциклдік аурулар деп аталады.

    90.Өсімдікзалалдағаннан жаңа инфекциялық бірлікті түзгенге дейінгі мерзім қалай аталады?



    1. генерация

    91.Патогеннің биологиялық ерекшелігіне, сорттың төзімділік дәрежесіне және нақты қалыптасқан ауа-райы жағдайына байланысты бір ауру қоздырғышы вегетация бойына бірнеше (кейде 8-10 тіпті одан да көп) генерация (ұрпақ) беруі мүмкін бұл аурулар қалай аталады?

    1. аурулар полициклдік

    92.Жұқпалы аурулар қоздырғыштарының тарату көзі және сақталу формалары әр түрлі болуы мүмкін. Олардың ішіде кең тарағандары:

    1.Топырақ. Өсімдік қалдықтары. Тұқым және тұқымдық материал. Өсімдіктер.

    93.Жұқпалы аурулар көбінеқандай жолдармен тарайды:?

    1.ауа ағысымен (желмен) – анемохория;сумен – гидрохория;жануарлармен – зоохория;адамдардың көмегімен – антропохория.



    94. ;ауа ағысымен (желмен) деген не?

    1. анемохория



    ;95. ;сумен деген не?

    1. гидрохория



    96. жануарлармен деген не?

    1. зоохория



    97. адамдардың көмегімен деген не?

    1. антропохория



    98.Эпифитотийлер деген не?


    1. белгілі бір уақыт ішінде белгілі бір аймақта инфекциялық аурулардың кең таралуы.

    99. .Эпифитотийлер қандай заңдылықтарға бағынады ?

    1.белгілі бір аймақта ауру қоздырғыштарының қорының жинақталуы;



    • үлкен аудандарда нақты патогенге төзімсіз сорттарды өсіру;

    • патогеннің өсіп-жетілуіне оңтайлы сыртқы орта жағдайларының қалыптасуы.

    100.Кез келген эпифитотия қандай сатылардан тұрады?

    1әзірлік;нағыз эпифитотия;басылу.

    101.Дайындық сатысында не жүреді?

    1.инфекция қорының жинақталуы жүреді. Бұл сатының ұзақтығы едуір болады; моноциклдік аурулар үшін – бірнеше жылдар бойына

    102. нағыз эпифитотия сатысында не байқалады?

    1......өсімдіктердің кеселмен жаппай ауруы байқалады. Бұл кезде егістіктің түгел жарамсыз болуы да жиі кездеседі

    .103. басылу сатысында не байқалады?

    1. Соңғы сатысында аурудың қарқындылығы біртіндеп бәсеңдейді, оның себебі патогеннің ерекшелігі немесе қорғау шараларының нәтижесі болуы мүмкін.


    11. САБАҚТАРЫН БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖӘНЕ МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ жоқ

    ------------



    1. АРНАЙЫ АУДИТОРИЯ, КАБИНЕТ ЖӘНЕ ЗЕРТХАНА ТІЗІМІ


    №5 Корпус 27, 29, 30 және 32 аудиториялар
    Каталог: dmdocuments
    dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
    dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
    dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
    dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
    dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
    dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
    dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
    dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
    dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет