Лекция: 30 сағат Семинар: 15 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат: 135 сағат Аралық бақылау: (АБ) -60 б



бет3/6
Дата25.12.2016
өлшемі2,51 Mb.
#5011
түріЛекция
1   2   3   4   5   6

Бақылау сұрақтары:

1. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің қалыптасуы.

2. Оқыту әдістемесінің даму тарихы

3. Ежелгі сурет мектептерін атаңыз.

4. Алғаш бейнелеу өнері әдістемесі дамыған елдер.


2-лекция. Тақырыбы: Бейнелеу өнерінің әдіснамалық негіздері
Лекция жоспары:

1. Зерттеудің объектісі, пәні және әдістері



2. Ғылымның басқа салалармен байланысы

Лекция мақсаты: Бейнелеу өнерінің әдіснамалық, әдістемелік негіздері және оның ғылымда алатын орны жайлы студенттерге жан жақты мағлұмат беру.

Лекция мәтіні.

1. Әдістеме - белгілі бір мақсатқа, нәтижеге жету үшін істелетін іс-әрекет барысындағы әдіс-тәсілдерінің жүйелі бірлігі деген ұғымды білдіреді. Іс-әрекетті жүйелі әдістемелік бірлікте дұрыс жүргізу, яғни сол іс-әрекеттің мақсатына жетудің қысқа да нәтижелі жолын табу болып табылады.

Белгілі бір күрделі жұмысты орындау барысында тәжірибелі адам ол күрделі жұмысты жекелеген бөліктерге бөліп, жұмыстың әдіс-тәсілдерін жүйелі бірізділікпен пайдаланып біртіндеп орындайды. Ал суретші белгілі бір бейнені, көріністі бейнелеу үшін алдымен оны қарап, зерттеп, күрделілігін анықтап, содан соң бейнені жазықтық бетіне композициялық шешімін тауып орналастырады. Содан соң бейнедегі жекелеген заттардың көлемін, пропорциялың сөйкестігін нақты көрсетіп бейнелейді. Соңында бейнеленген жұмысқа қайтадан жалпы қарап, ондағы бейнелердің көркемдік үйлесімділігін, бірлігін тексереді.

Ал педагогика ғылымындағы әдістеме - оқытушы мен оқушы арасындағы мақсатты оқу-тәрбие іс-әрекетіндегі әдіс-тәсілдердің жүйелі жиынтығы.

Әдістеме негізінде, жалпы және жеке болып екі түрде қарастырылады. Біріншісінде - жалпы пәндер бойынша оқу-тәрбие мәселелеріне байланысты әдіс-тәсілдер жүйесі қарастырылса, соңғысында - жекелеген пәндер бойынша оқу-тәрбие жүйесі қарастырылады. Біз жалпы білім беретін мектептерде оқытылатын бейнелеу өнері пәнін қарастырамыз.

Педагогика ғылымында оқытудың әдістері, мүғалім мен оқушылар жұмысының төсілдері, солардың көмегімен білім, іскерлік дағды игеріліп, оқушылардың дүниетанымы қалыптасады, қабілеттері дамиды. Яғни, оқыту әдістері — мұғалім мен оқушылардың арасындағы оқу-тәрбие жұмыстарын нәтижелі етіп ұйымдастыру іс-әрекетінің тәсілдері. Дәлірек айтқанда, әдіс белгілі бір мақсатқа жету іс-әрекетін нақты жүйеге келтіретін тәсілдердің жиынтығы. Сонымен бейнелеу өнерін мектепте оқыту жұмысында жеке пән әдістемесі-педагогикалық дидактика негіздерін бетке ұстай отырып, оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына, көркемдік идеяларын түсінуге мүмкіндік тууы тиіс, яғни оқушылардың ойын, қиялын дамытуға, өз бетімен шығармашылық тұрғыда ізденіп жаңа білімді меңгеруіне ықпал жасауы керек.

Жоғарыда айтылғандай, оқыту әдісі белгілі бір мақсатқа жетудің саналы түрде қолданылатын тәсілі деп танысақ, онда мақсатқа жету әр мұғалімнің сол тәсілдерді тиімді таңдап алып, шебер пайдалана отырып оқыту процесін ұйымдастыруына, оқушылардың қабылдау дәрежесіне, мұғалім мен оқушылардың белсенді педагогикалық ынтымақтастығына байланысты.

Бейнелеу өнерін мектепте оқыту әдістемесіне байланысты әр түрлі таласты пікірлер бар екендігі рас. Кейбір әдіскерлер бейнелеу өнерін оқытуда оқушының қиялын, қоршаған ортадан алған алғашқы әсерлік сезімін алға қойып, екінші кезеңде бейнелеу ереже заңдылықтарын баланың сол сезімдік әсерін пайдалана отырып оқытуды ұсынады.

Ал кейбір әдіскерлер баланың алғашқы сезімдік әсерін жүйелеп, бейнелеу іс-әрекетін белгілі бейнелеу ереже заңдылықтарына бағындыру арқылы оқытуды ұсынады. Енді бір әдіскерлер бейнелеу өнерін мектепте оқытуды - тек оқушыларға эстетикалық тәрбие беріп, шығармашылық қабілеттерін дамыту бағытындағы жұмыс деп түсіндіреді.

Сондықтан педагог-әдіскерлер осы пікірлердің жігінен жол тауып, қазіргі кездегі оқу-тәрбиенің мақсаты мен міндеті болып отырған, жеке басы жан-жақты дамыған, одан әрі өз бетімен дами алатын қоғам азаматын дайындауда ғылыми-шығармашылық ізденіспен жұмыс істеу керек.

Бейнелеу өнері жалпы білім беретін мектепте оқушыға тек эстетикалық тәрбие беріп қана қоймай, сонымен қатар, дүниетанымын, кеңістік қиялын, ой-өрісін тағы басқа көптеген жақсы қабілеттерін дамытуды көздейді. Сондықтан да педагогика ғылымдарының негізін салушылар И.Г. Песталоцци, Ж.Ж. Руссо, Дж.Локк, Я.А. Коменскийлердің өз еңбектерінде, баспаларда бейнелеу өнерінің баланы жан-жақты дамытуда, тәрбиелеуде, білім беруде үлкен рөлі бар екендігін ғылыми дәлелдеп жазып, жалпы білім беретін мектептерге пән ретінде енуіне себепші болды.

Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі педагогикалық ғылымның бір саласы, ол практикалық жұмыс тәжірибесін теориялық ғылыми жүйелендіріп таратады. Яғни бейнелеу әдістемесі педагогика ғылымы, психология, эстетика және өнертану негіздерін басшылыққа алып дамиды. Ол бейнелеу өнеріне оқытудың жаңа ереже заңдылықтарын жасайды, жинақтайды, үсынады. Бұл әдістемені бейнелеу өнерін оқытудың ғылыми әдістемесі деп алуымызға болады. Сонымен қатар, сол бейнелеу өнерін оқытудың ғылыми әдістемесін жинақтап, зерттеп ұсынған әдіс-тәсілдерді оқу-тәрбие процесінде жүзеге асыруды практикалық әдістеме деп атайды. Педагогикалық жұмыстағы әдістемелік өсу, педагогикалық іскерлік дағдыларын меңгеру мүғалімнен белгілі бір қабілеттілікті және бейімділікті талап етеді, өйткені ол қиын да, күрделі және аса жауапты педагогикалық өнер.

Кейбіреулер оқыту оңай да қарапайым, тіпті оған оқудың да қажеті жоқ, тек өз пәніңді білсең болды деп ойлайды. Бірақ, әрине ол олай емес, тамаша суретші, жазушы, ғалым болғанымен, жақсы оқытушы болмауы мүмкін. Оған дәлел көптеген белгілі суретшілер оқыту әдістемесі рөлінің маңыздылығын ескермей, оқытушылық істерінде үлкен дағдарыстарға ұшырады. Оқытуда да өнердегідей шабыт, сезім, тапқырлық, іске шығармашылық көзқарас болуы маңызды. Кей жағдайда сабақ барысында сабаққа аяқасты өзгерістер енгізуге тура келеді. Мысалы, сыныпқа түсіндірген жаңа сабақ материалын оқушылар меңгере алмады, онда мұғалім өткен сабақ материалына оралып жаңа сабақты кішкене бөліктерге бөліп, біртіндеп кезеңдеп түсіндіреді. Кезеңдеп түсіндіру барысында бір кезеңді оқушылар меңгергеннен кейін ғана екінші кезеңге көшеді. Сөйтіп жаңа сабақтың меңгерілуі жеңілдетіледі. Міне, сондықтан да дер кезінде сабақты аяқастынан қайта құру мұғалімнен әдістемелік тапқырлықты, шығармашылық көзқарасты, педагогикалық сауаттылықты талап етеді. Мүғалімнің жеке тәжірибелік әдістемесін байытудың бірден-бір жолы - ол педагогика ғылымының жаңа жетістіктерін, жаңа педагогикалық технологияларды жинақтап, зерттеу.

Бейнелеу өнерін оқыту барысында педагогикалық компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы дизайн, сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарын өткізуге болады. Мысалы, "Құрақ құрау" сабағында жалпы құрақ құрау өнері және технологиясы айтылып, сабаңтың машықтық кезеңінде жұмысты компьютердің көмегімен орындау тапсырылады. Окушылар алдына мынадай мәселе қойылады:

-1 -нұсқадағы оқушылар жұмысты жылы түстік реңде, ал 2-нұсқадағы оқушылар суық түсте орындау;

- оқушылардың бір-бірінің жұмысын қайталамауы.



Мүнда оқушылар мәселені шешу жолында саналы ізденіспен, шығармашылықпен еңбектенеді.

Сонымен, әдістемені жақсы меңгеру ~ біріншіден өткен тәжірибедегі ең жақсы жетістіктерді жинақтау, зерттеу. Өйткені ол тәжірибені іс жүзінде пайдаланып, қандай нәтижеге жетуге болатындығы белгілі. Бірақ бұл "өз шығармашылық педагогикалың жаңалығықды тәжірибе жасаудан баста" деген сөз емес.

Бақылау сұрақтары:

1. Бейнелеу өнерін оқыту әдіснамалық негіздерінің бастауы.

2. Ғылымның басқа салалармен байланысы.

3. Зерттеудің объектісі, пәні және әдістері

4. Бейнелеу өнері әдістемесінің ғылымдағы дамуы.

3-лекция Тақырыбы: Бейнелеу өнерін оқытудың негіздері
Лекция жоспарыы:

1. Бейнелеу өнерінің әдістемелік негіздері



2. Бейнелеу өнерін оқытудың принциптері

Лекция мақсаты: Студенттердің бейнелеу өнері жайлы жан жақты теориялық мәлімет алуына жағдай жасау оларды пәнге қызықтырып бейнелеу өнері ғылымымен таныстыру.

Лекция мәтіні.

1. Жаллы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарында бейнелеу өнеріне оқыту мен тәрбиелеудің негізгі міндеттері:

  • оқушыларға бейнелеу өнерінің құралдарын жүйелі меңгерту арқылы айналадағы өмір шындығына эстетикалық көзқарасты қалыптастыру;

  • өмір шындығы көріністеріндегі, табиғаттағы және өнердегі бояу түстерін, оның сезімдік әсерін оқушылардың көре, сезіне білуін, бейнелеу іс-әрекеті барысында олардың кеңістік туралы түсіпігін, қиялын, елестету қабілетін жүйелі түрде дамыту;

  • көркем мәдениет және оның қоғамдағы алатын орны туралы түсінікті дамыту;

  • оқушылардың бойында халықтың дәстүрлі өнерін, тарихи ескерткіштерін эстетикалық тұрғыдан бағалай білуге баулитын жүйелі білім, шығармашылық икемділік пен дағдыны қалыптастыру;

  • бейнелеу өнері сабақтары барысында дамып қалыптасқан көркемдік білімдерін, икемділік дағдыларын тұрмыс жағдайында, еңбек процесінде, қоғамдық жұмыста пайдалана білуге баулу.

Қазіргі кезде жасөслірім жеке тұлғаны тәрбиелеуде өнердің, соның ішінде бейнелеу өлерінің ықпалы зор екелдігін педагогика, психология ғылымдары дәлелдеп берді.

Бейнелеу өнеріне оқыту барысында оқушылардың ойлау қабілеті, көргенін есте сақтау, шығармашылық қиялы, көркемдік икемділігі, адамгершілік және сүлулық сезімі дамиды, әрине бұл қасиеттер жеке тұлғаның жан-жақты дамуына негіз болары сөзсіз.

Бейнелеу сабақтары оқушылардың қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру арқылы сұлулық сезімін оятады, дүниетанымын қалыптастырады, шығармашылық белсенділігін арттырады. Сонымен қатар жеке тұлғаны ұқыптылыққа, дербестікке, еңбек сүйгіштікке бейімдейді.

Бейнелеу іс-әрекеті барысында сурет салу біліктілігі мен іскерлігін меңгеріп, қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды байқап зерттеуді үйренеді. Демек, бейнелеу қоршаған ортаны тану, кеңістікті қабылдау, есте сақтау, қиял, сезім сияқты тағы басқа лсихологиялық процестердің дамуына көмектеседі.

Көбінесе бейнелеу іс-әрекеті барысында оқушының ерекше белсенділігін байқауға болады. Ол әсіресе танымдық шығармашылық белсенділік тұрғысында байқалады. Бұдан жеке тұлға өз белсенділігін қоршаған ортамен сезімдік қарым-қатынас, жұмыс (қоршаған ортаны бейнелеу) процесінде арттыратындығын көруге болады. Педагогтың ұйымдастыруымен өткізілген сабақтағы немесе сыныптан тыс шаралардағы танымдық, эстетикалық тәрбие оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырады. Сондықтан да педагогика ғылымының оқыту мен тәрбиені ажыратпай тұтас қарастыруы бейнелеу өнерін оқытудың негізі болыл табылады.

Бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнері дәстүрлі бейнелеу өнерінің түрлерімен, жанрларымен бірге дизайн, оригами, коллаж т.б. бейнелеу, жапсырмалау жұмыстарын да қарастырады. Бұл жұмыстар оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық белсенділігін дамытумен қатар, олардың санасында бейнелеу өнерінің адам тіршілігінде, қоршаған ортада үлкен орын алатылдығын дәлелдейді. Түрлі материалдардың көркемдік қасиеттерімен танысып, оларды өңдеу тәсілдерін меңгереді.

Бейнелеу сабақтарында немесе сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар шетелдердің белгілі бейнелеу өнері шығармаларымен және көп ұлтты Қазақстан бейнелеу өнерінің даму кезеңдерімен танысып, жекелеген белгілі бейнелеу өнері туындыларының композициялық шешімін, түс ерекшеліктерін талдап өз түсінігін, пікірін әңгімелейді. Бұл оқушыларды өнер танығыштыққа тәрбиелеп, коммуникативтік қабілеттерін арттырады. Осыған орай қазіргі кездегі тәуелсіз еліміздің білім және ғылым жүйесін реформалау нәтижесінде алғаш жарық көрген бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнерін оқыту бағдарламалары мен оқулықтарына батыс Еуропа, Ресей бейнелеу өнерінің кейбір белгілі суретшілері, сәулетшілері, мүсіншілерінің шығармалары, ұлттық қол өнері енгізілген. Соның ішінде, әрине, көп ұлтты қазақ бейнелеу өнері, ұлттық қол өнер кеңінен орын алған. Ол оқушыларға басқа да елдердің бейнелеу өнерімен терезесі тең дамып келе жатқан өз елінің өнерін талдап, танып, үлкен отансүйгіштік сезімге бөленуіне мүмкіндік жасайды.

Бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнері пәнінің алдына қойған мақсат, міндеттерін жүзеге асыру арқылы оқушылардың интеллектуалдық, эмоционалдық, эстетикалық, іскерлік, коммуникативтік қабілеттерін дамытып, қоршаған ортамен өзара әрекеттестік қарым-қатынасқа дайындауды жүйелеудегі оқу бағдарламасы мен мемлекетік стандарттың және осы құжаттарға сәйкестендіріліп жазылған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерінің маңызы зор.

Бастауыш сыныптарға арналған оқу бағдарламасында бейнелеу өнері аптасына 1,5 сағат есебінде қарастырылып, әр сыныпта бір оқу жылына жалпы 51 сағат оқыту Лекция жоспарыланған. Онда өнер түрлеріне байланысты тарауларға бөлінген уақыт кестесі мынадай:

Бағдарламадағы көрсетілген әрбір бейнелеу өнері саласы бойынша оқыту негізі екі бөлім арқылы қарастырылады:

  1. Өнерді қабылдау.

  2. Машықтық көркем іс-әрекет.

Өнерді қабылдау ол оқушылардың өнер түрлерін, өнер шығармалары мазмұнын, өнер қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығы туралы оқытушымен, сыныптағы жолдастарымен пікірлесе отырып танысуды

көздейді.



Ал машықтық көркем іс-әрекет барысында оқушылар заттан қарап, есте сақтап, елестетіп бейнелеу, мүсіндеу, сәндік сурет салу, көркем құрастыру, безендіру ереже заңдылықтарымен (композиция, пропорция, перспектива т.б.) танысып, іс жүзінде меңгереді.

Бағдарламада көрсетілген бейнелеу өнерін оқытудың мақсат, міндеттерін мынадай сабақ түрлері арқылы жүзеге асыруға болады. Ол:

  • заттан қарап бейнелеу сабағы;

  • тақырыптық бейнелеу сабағы;

  • сәндік сурет және көркем құрастыру сабағы;

  • мүсіндеу сабағы;

  • өнер туралы әңгіме сабағы.

Бұл сабақтарда оқушылар заттан қарап, есте сақтап және елестетіп сурет салуға үйренеді, Тақырып бойынша сурет салып, оқыған, тыңдаған аңыз-ертегілерді иллюстрациялайды. Көркем еңбек элементтері бар сабақтарда оқушылар түрлі-түсті қағаздардан, табиғи материалдардан көлемді бұйымдар құрастырып, сәндеп безендіреді.

Сонымен қатар, оқушылар графика, кескіндеме, дизайн өнерлері бойынша біліктілік пен дағдыларын қалыптастырады. Ол өмір шындығынан, қоршаған заттардан өсімдікті көре білу және оны суретте әсемдік сезіммен бейнелей білу, жекелеген заттарды өзінен қарап немесе есте сақтап бейнелеуде пропорция, құрылымдық құрылыс, түстік рең, композициялық дұрыс шешімін таба білу және әр түрлі көлемді бұйымдарды өсемдік талғаммен безендіре білу мәселелері болып табылады.

Сонымен қатар осы жұмыстар барысында салынатын затты немесе кұбылысты алдын ала бақылау немесе зерттеу, эскиздер орындау, долбарлар және қысқа мерзімді суреттер орындау, заттарды бір-бірімен салыстыру, өз жұмысын салынатын затпен немесе құбылыспен салыстыру, суретті бейнелеуде әр түрлі бейнелеу кезеңдерінің ережелерін пайдалану, бейнелеудегі жалпыдан біртіндеп жекеге көшу немесе жекенің жалпыға үйлесімі қағидаларын ұстану біліктілігін меңгереді.

Сәндік суреттер салу, безендіру жұмыстары, көркем еңбек әлементтері бар сабақтарда, мысалға "Өсімдік жапырақтарынан өрнек құрастырайық", "Қағаздан шахмат фигураларын құрастырайық" т.б. осы сияқты сабақтарда оқушылар шынайы табиғи заттарды, көріністерді белгілі бір стилдендірілген рәміздік белгілер бейнесіне айналдырып, оларды симметрия, ырғақ (ритм) түстік үйлесімділігін тауып, композиция жасау біліктілігін меңгереді.

Бақылау сұрақтары:

1. Бейнелеу өнерінің әдістемелік негіздері қандай.

2. Ғылымның басқа салалармен байланысы.

3. Зерттеудің әдістері.

4. Бейнелеу өнерін оқытудың принциптері

4-лекция. Тақырыбы: Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесін оқытудағы теориялық және практикалық тұрғыдағы басты бағыттары

Лекция жоспарыы:

1. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің теориялық мәні

2. Оқытудың практикалық мәселелері

Лекция мақсаты: Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесін оқытудағы теориялық және практикалық тұрғыдағы басты бағыттарымен таныстыру.
Лекция мәтіні.

1. Оқыту әдістемесі - ол анағұрлым тиімді тәсілдерді, оқыту мен тәрбие әдістерінің жиынтығын зерттейтін педагогиканың арнайы саласы. Сонымен қатар барлық пәнге қатысты оқыту тәсілдердің өзгешеліктерін зерттейтін жалпы әдістеме және бір пәнге қатысты нақты тәсіл мен оқытудың әдістерін жетілдіріп ұсынатын жеке әдістеме.

Жеке әдістеме секілді Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі дидактикалық принциптер мен, формалар және жалпы педагогикамен ұсынылған оқыту әдістемесіне сүйенеді. Ол педагогика, психология және өнердің ғылыми мәліметтерін толықтырады.

Оқыту әдістемесін оқитын студенттер алдыменен оқыту әдістеме түсінігімен танысу керек. Оқыту әдістемесінен біз-мұғалімнің оқушымен жұмыс істеуі тәсілін түсінеміз. Педагогикалық әдебиетте әдіс терминімен қатар тәсіл термині кездеседі. Оқыту тәсіл-оқыту әдісі қалыптасатын бөлек мезеттерді айтуға болады. Оқушылардың оқу материалдарын тез және нақты меңгеруі алдыменен оқыту әдістерінің дұрыстығынан болады. Әдістемеге жетекшілік жасап мұғалім оқушыларға натураның құрылысы заңдылықтарын түсіндіріп, бейнені құрастыру ережелерін меңгеруге, суретпен жұмыс істеуде бөлек кезеңдердің кезектілігін көрсетуге талпынады. Оқытуды дұрыс жүргізгеннің арқасында оқушылар өзінше жұмыс істеп үйренеді, олардың сабаққа деген ынтасы күшейеді, суреттерді ары қарай жетілдіруге деген талпынысы туады.

Бейнелеу өнерін табысты оқыту үшін мұғалім қай оқыту әдістемесі, қай жағдайда жақсы нәтиже беретінін білу керек. Әдістемені таңдау оқу мақсаты, жас ерекшеліктері мен жалпы даму процесіне байланысты болады. Оқыту барысында әрбір педагогта өздерінің оқушылармен жұмыс істеу әдістемесі қалыптасады, бірақ олар кенеттен болмауы керек. Әдістеме әрдайым-мақсатты. Оның мақсаты-тек оқушыларға білім беріп қана қоймай, сонымен қатар белсенді, инициативті қоғамды тәрбиелеу керек.

Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі жұмыстың практикалық тәжірбиесін тео-риялық толықтырады, жақсы нәтиже беретін әдістемені ұсынады.

Бірақ педагогика тек осы әдістерді оқу аз. Әдістеме өнерді оқыту тәрізді-тірі шығармашылық жұмыс. Педагогикалық жұмысқа деген бейімділік және қабілеттілік, қиын да ауыр өнер керек. Керемет суретші, жазушы, ғылым болуың мүмкін бірақ жаман педагог.

Педагогикалық жұмыстың қиындығы, ол оқу материалын ғылыми түрде түсіндіру мәселесі ғана емес, сонымен қатар оқушылар оны жақсы меңгере алуы керек. Оқушының табысы педагогтың оқушымен қарым-қатынасынсыз мүмкін емес. Мұғалім оқушылар түсіндіргенді қалай қабылдағанды, оқитын тақырыпты қалай меңгергендігін бақылау керек. Педагогтың еңбегін композитордікімен салыстыруға болады. Композитор бірінші аккорт әуенінен бастап мелодияны тауып, дамыта бастайды, сол сияқты мұғалімде оқушылардың реакцияларына байланысты оқу процессін қайта құрады, оқу материалының оқыту әдістемесін негізгі жағдайда нәтижеліге ауыстырады. Қандай да болсын табылған педагогикалық тәсілді кейінгі жағдайға қолдануға болмайды.

Мұғалім трафарет, шаблонмен жұмыс істей алмайды. П.П.Чистяков жазған «бірқалыптының бәрі шексіз қайталана береді, ол басында қанша жақсы болғанмен, соңында қажетсіз болады, қалдық керексіз болып өледі».

Жаңа әдістеменің ғылыми негіздерін меңгермей суретті оқытуда жетістікке жетуге болмайды. Қазіргі суретті оқыту әдістемесі бірден жетілдірілген жоқ, ол дамудың қиын жолынан өтті. Жалпы ойлар, көркемдік бағыттың ауысуымен, оқыту принциптерінің өзгеруімен оқыту әдістемесі өзгеріп отырды.

Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесін табысты меңгеру үшін осы салада алдыңғы ғасырларда қандай жетістіктерін оқып білу керек. Алдыңғы кездегі алға басуларды қолдана отырып көркемдік-педагогикалық білім теориясын, тәрбиесін дұрыс жетілдіре және алдыңғы ғылымға негізгі мәліметтерді көрсете аламыз.

Оқыту әдістері тарихын білу болашақ педагогтарға өзінің пәні туралы тұтас көріністі тудырып, белгілі педагогикалық жүйені жетілдіруге болады. Алдыңғы кезеңдердегі тәжірбиелерді оқу, қойылған мәселелердә дұрыс шешуге мүмкіндік береді. Сондықтан да лекция суретті оқыту әдістерінің қысқаша тарихына арналады.

Бақылау сұрақтары:

1. Оқытудың практикалық мәселелері

2. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің теориялық мәні

3. Бейнелеу өнерін оқытудағы дидактикалық принциптер.

4. Зерттеудің объектісі, пәні және әдістері

5-лекция. Тақырыбы: Бейнелеу өнерін бастауыш сыныпта оқытудың мақсаттары мен міндеттері

Лекция жоспары:

1. Бастауыш сыныпта бейнелеу өнерін оқытудың мақсаты

2. Бейнелеу өнерін оқытудың басты бағыттары

Лекция мақсаты: Бейнелеу өнерін бастауыш сыныпта оқытудың мақсаттары мен міндеттерін студенттерге танустыру, баяндау, мәлімет беру.

Лекция мәтіні.

1. Егеменді Қазақстанының қазіргі даму бағыты жалпы білім беретін мектепте жас ұрпақты нарықтық заман талаптары мен мәдениеттің даму деңгейіне сай дайындауды қажет етеді. Жалпы білім беретін орта мектептерде барлық оқу пәндерін оқыту, жеке пәндердің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, еліміздің болашақ азаматтарын дайындау мен тәрбиелеу мақсатын қояды. Сондықтан бастауыш сыныпта бейнелеу өнері сабақтары, жас ұрпақтарды іс-әрекетке және іс-әрекет технологиясын түсінуге бағытталуы тиіс.

Еліміздің перспективалық бағыттарына сәйкес бастауыш сыныпта бейнелеу өнерінің оқу курсы өзінің мақсатын мынандай құрылымда айқындайды:



1. Еліміздің мемлекеттік, қоғамдық және шаруашылық өміріне белсене араласуына қабілетті, білімді, тәрбиелі азаматтарын дайындау;

2. Балалардың дүниетанымын қалыптастыра отырып, олардың эстетикалық көзқарасына дұрыс бағыт олардың эстетикалық талғамын дамыту, эстетикалық тәрбие беру.

3. Балаларға қоршаған ортаны тануға жәрдемдесіп, олардың байқампаздығын дамыту, логикалық ойлауға үйрету, көргендерін саналы ой елегінен өткізе білуге үйрету.

4. Бейнелеу өнерінің адам өміріндегі практикалық мәнін ашып көрсету, сурет өнерін еңбек қызметінде қолдана білуге үйрету.

5. Сурет өнерінің элементарлық негізі туралы оқушыларға білім беру. (Бейнелеу өнерінің алғашқы дағдылары мен ептейліктерін меңгерту) бейнелеудің негізгі бейнелеу тәсілдерімен таныстыру.

6. Оқушылардың шығармашылық қышеттерін дамыту, өмір шындығын эстетикалық қабылдауға дұрыс бағдар беру, кеңістікті ойлауын, образдық елестетуін және қиялын дамыту.

7. Бастауыш сынып оқушыларын әлемдік және қазақ бейнелеу өнерінің данықты шығармаларымен таныстыру. Бейнелеу қызметіне деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын қалыптастыру.

Осы айтылған мақсат міндеттерді тереңірек таныстыратын болсақ олар мынандай бағыт бағдарларды қамтиды.

1.Бейнелеу өнерін бастауыш сыныпта оқыту ең бірінші жалпы білім, берушілік мақсаты көздейді. Негізгі міндет адамның ой өрісін кеңейту, қоғамның жан -жақты білімді мүшесін тәрбиелеу болып табылады. Көпшілік қауым бастауыш мектептегі бейнелеу өнерін жалпы білім беретін пән емес, ол арнаулы пән деп қарастырады. Бұл дұрыс емес. Жалпы білім беретін мектеп математиктерді, химиктерді, ақындарды композиторларды дайындамайтыны сияқты суретшілерді де дайындамайды. Мұндай мамандар арнаулы оқу орындарында дайындалады. Жалпы білім беретін мектептегі әрбір пән жеке -жеке және бірлесе отырып оқушылардың жан-жақты дамуына ықпал етуге тиіс.Бейнелеу өнері адамның дамуын өте бай мүмкіндік туғызады. Бұл істе әсіресе сурет салудың орны ерекше. Сурет салу заттардың формасын талдауға және оны ұқыпты бақылауға үйретеді, дүннені тануға жәрдемдеседі, ойлауға және эстетикалық мәдениетінің дамуына көмектеседі. Сурет өнері көру есін, кеңістікті ойлауды дамытып, образды елестету қабілетін арттырады. Ол нақты есептеуге, табиғат әсемдігін тануға үйретеді, ойлау мен сезу икемділігін арттырады.

Бейнелеу өнерінің сабақтары өздерінің оқу-тәрбие жұмыстары бойынша да, түрлеріне байланысты да әр түрлі болып келеді. Бастауыш мектеп бағдарламасында оқу сабақтарының төрт түрі қарастырылады, Олар: нұсқаға қарап сурет салу, сәндік сурет салу, тақырыптық сурет салу, өнер туралы әңгіме. Нұсқадан қарап сурет салу сурет және кескіндеме жұмыстарымен айналысуды көздейді, сәндік сурет салу – ою-өрнектерді көркем конструкциялау, ою-өрнек элементтерін құрастыру және т.б. жұмыстарын қарастырады.

Бастауыш мектептегі өнер туралы әңгімеде оқушылар кескіндеме, графика, мүсін, сәулет ескерткіштерімен және сәндік қолданбалы өнер шығармаларымен танысады. Бұл аталған әрбір сабақ жеке тұлғаның эстетикалық тәрбиесіне, шығармашылық қабілеттерінің дамуына, дүниетанымына, эсетикалық мәдениетінің дамуына ықпал етеді.

Бастауыш мектептегі бейнелеу өнерін оқытудың теориясы философия, мен эстетикаға, педагогика мен психологияға, және бейнелеу өнерінің теориясы мен практикасына сүйенеді. Бүл жалпы білім беру мен тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерінің орындалуын әдістемесінің ғылыми негізделуін қамтамасыз етеді.Кейде бастауыш мектептегі бейнелеу өнерін оқыту сыңар жақты түсініледі. Барлық ықылас тәрбие мен шығармашылық қабілеттерді дамытуға аударылып, білім мен оқыту екінші кезекке шығарылады. Тәрбені оқытудан бөліп қарауға болмайды. Кейбіреулер мектеп суретшілерді дайындамайды сондықтан, көркемдік білім беру қажет емес деп ойлайды.

2.Бастауыш мектепте бейнелеу өнерін оқыту мақсаттарының бірі көркемдік білім мен қатар эстетикалық тәрбие беру. Эстетикалық тәрбие-өмірдегі, табиғаттағы, өнердегі, ғылымдағы және қоғамдағы әсемдікті оқушылардың қабылдауын тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие – бұл адамды тек қана өнерге тарту емес, өмірдегі әсемдіктің барлық түрлері мен формаларына тарту болып табылады. Эстетикалық тәрбиенің мәні, әрбір адамның қызықты әдемі өмір сүруі, әсемдік қандай түрде кездесетіндігін түсініп, көре білуге үйренуі.Эстетикалық тәрбие адамның шығармашылық қызметіндегі рөлі ете ауқымды. Өмірге деген эстетикалық қатынас адамға жігер беретін алғашқы негіз болып, еңбектің рухани қанағатқа жеткізетін қуаныш көзіне айналуына ықпал етеді.

З.Сурет салумен айналысудың ең басты міндеті - балаларға қоршаған өмір шындығын тануға көмектесу, олардың байқағыштығын дамыту, оларды дүрыс көре білуге үйрету. Сурет сабағында балалар қоршаған заттарды, олардың алуан түрлі формаларымен, түстерімен, өлшемдерімен және басқа да ерекшеліктерімен, танысуға тиіс. Бұл таныстық зат туралы елестетулерінің нақты және толық болуына ықпал етіп, көру әсерін кеңейте түседі. Бейнелеу үдерісі оқушыға бұрын бірақ рет шала көрген затты терең зерттеуге мүмкіндік туғызады. Сурет салу кезінде оқушы заттың формасын, құрылымын, пропорцияларын, түстер мен реңдік қатынастарын кеңістікте орналасуын зерттейді, сол арқылы оларды ұтымды да жан-жақты, терең де нақты қабылдауға үйренеді.

4. Мектептегі бейнелеу өнерін оқытудың бір мақсаты- сурет сала білу адамға кең көлемдегі іс-әрекет мүмкіндігін беретіндігін оқушыға ұғындыру. Мұғалім алғашқы сурет сабағында оқушыларға сурет өнерінің адам өміріндегі рөлі ашып көрсетілуі тиіс. Сурет салу кез келген іс-әрекетке, кез келеген мамандыққа қажет. Сурет салудың қарапайым бағдарын меңгеру адамға машина деталдарының суретін салуға, үй құрылысының Лекция жоспарыын жасауға, қарапайым заттардың формасын салуға жәрдемдеседі. Кейде біз біреуге таныс емес, бір жерге қалай беру керектігін түсіндіру үшін жолдың бағыттарын суретке салып көрсетеміз.

5. Бейнелеу өнерін бастауыш мектепте оқытудағы басты тағы бір міндеті -оқушыларға реалистік суреттің қарапайым негіздерін, сурет салудың ептейліктері мен дағдыларын меңгеру болып табылады. Мұғалім балаға қарандашты қолға қалай ұстау керек екендігін, сызықты қалай жүргізу қажеттігін, қағаз бетіне заттардың көлемін қалай бейнелеу керектігін көрнекті түрде салып көрсетеді. Сонымен қатар ол сурет салуға қажетті әр түрлі материалдармен, құралдармен таныстырып, суретті қандай әдістемелік бірізділікпен орындау қажеттігі жайлы айтып түсіндіреді.

Бастауыш мектепте баланы сурет салудың техникалық тәсілдерін меңгертудің қажеттігі аз деп ойлау дұрыс емес. Шын мәнінде бала мектепте осы тәсілдермен танысуы тиіс.

6. Бастауыш мектептегі бейнелеу өнері сабақтарының міндеттерінің бірі–балаларға жүмысты ұйымдастыру, жұмыс жүргізу тәртібін ойластыру, ойлау, саналы да Лекция жоспарылы жұмыс істеуге үйрету болып табылады. Сурет салу мақсатқа бағытталған жұмыс. Сурет сала отырып оқушы белгілі бір мақсатқа жетуге ұмтылады. Бірақ оның алдында көптеген кедергілер кездеседі. Олар кейде «Менің қолымнан келмейді» деп ойлайды. Бірақ ол бар қабілет мүмкіндіктерін жұмылдыру нәтижесінде белгілі үлгілерімге жететіндігін түсіне бермейді.

Оқушының жұмыс үрдісіне ұмтылысын дамыта отырып бастауыш мектеп қабырғасында біз балаларды ертеңгі өмірге қажетті сапаларды тәрбиелеу іс -шараларын жүзеге асыруымыз қажет. Бастауыш мектептегі бейнелеу өнері зат формасы туралы анық та, нақты түсініктерінің жинақталуына жәрдемдесе отырып, айқын да нақты ойлауға ықпал етеді, сонымен қатар шығармашылық пен жаңадан ойлап табу қабілетін дамытуға көмектеседі.

Бастауыш сыныпта бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың образды ойлауын дамыту оқыту міндетнің бірі. Бұл көру арқылы қабылдауды дамыту, байқауға үйрету, көру есінің, образдық қиялынның дамуымен байланысты. Бұл қасиеттердің маман жүмысшыларда, техникте, инженерде болуы өте маңызды.

7. Бейнелеу өнерін бастауыш сыныпта оқытудың маңызды міндеттерінің бірі -оқушыларды өнердің даңықты шығармаларымен таныстыру. Мұғалім өнер туралы әңгіме кезінде графика, кескіндеме, мүсін, сәулет, сәндік қолданбалы өнердің түрлері туралы әңгіме қозғайды. Өнер туралы әңгіме оқушыларды адамзат мәдениетінің даму тарихымен, өнердің даңықты шығармалармен, ұлы суретшілердің өмірі мен шығармашылығымен, өнердің дамуындағы белгілі кезеңнің стилімен, бұрынғы және қазіргі даңықты өнер адамдарымен таныстырады.



Бақылау сұрақтары:

1. Бастауыш сыныпта бейнелеу өнерін оқытудың мақсаты

2. Бейнелеу өнерін оқытудың басты бағыттары

3. Зерттеудің нысаны.

4. Бейнелеу өнерін оқытудың ерекшеліктері
2- тарау. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің тарихи негіздері
6-лекция Тақырыбы: Ертедегі сурет салуды үйрету әдістемесінің тарихы

Лекция жоспары:

1. Ертедегі сурет салу әдістемесінің қалыптасуы

2. Сурет салуды үйрету әдістемесінің тарихы

Лекция мақсаты: Студенттерді Ертедегі сурет салуды үйрету әдістемесінің тарихы мен қалыптасу кезеңдерімен таныстыру теориялық мәлімен беру.
Лекция мәтіні.

1. Адам қоршаған әлемді ежелгі кезеңнен бастап бейнелей бастады. Алғашқы адамдар үңгірдегі, тастардағы,сүйектердегі суреттері куә болатын үлкен жетістіктерге жетті. Ол бейнелер магиялық кескінді алды, адам ойын өзіндік жеткізетін түрі еді. Өнерді үйрену (бет бұру) тікелей тірі бақылау мен қадағалау арқылы жүзеге асты. Олар бірденең бейнелеу өнері тәсілін меңгермеді. Егіншілік пен қолөнер-кәсіптік сипат адамның өнерге деген көзқарасын өзгертті. Сурет салуды адам бөлек кәсіп ретінде түсіне бастады. Ол өзінің қолөнерін (жасаған жұмысын) сәндей бастады, негізінде құмыра кәсібі.Оқып үйрену әдісі де өзгерді. Суретші-қолөнерші өзінің шәкіртінің жұмысының жетістігін ескерді. Ол үшін шәкірті оның қолөнерін жақсы меңгергені негізгі болып, көмекшісі кейіннен оның жұмысын жалғастырушы болғанды қалады. Ұстазға ою-өрнектердің қалай орындалатынын, қалай жұмыс істеу керектігін бірнеше көрсету керек болды. Осыдан оқыту тәсілдері қалыптаса бастады. Бірақ тура жетілдірілген оқыту әдістемесі мен принципі болған жоқ. Нағыз өнерге үйрету тек-цивилизация дәуірінде пайда болды.

19 ғасырдың Византия өнерінің басы емес, ескі өнердің соңғы кезеңі еді. Тұтастай алған Палеоговтық сұңғат, біріңғай бағытта болды, бұл деген Калининовтың дәуіріндегі монолитті дүниелер еді. Бірақ өркендеу барысында бұл стиль екі бағытта өрбіді. Бір сұңғаттық екі графикалық болып, классикалық бейнесін жасаған дүниелері үлкен, монументті болып келген. Сәндік ансамбльдер өзінің үлкен мономентальдігін жоя бастады.

19ғасырда Византия өнері өзінің даму кезеңінде ең жоғарғы сатыға көтерілді . алайда тарихи жағдай тәлкегінде византия көп қиындықтарды басынан өткізді. Сол кездегі саяси тұрғыдан әлеуметтік жағдайлардың діни адамдардың ықпалынан көп жапа шеккен ел. Соңғы рет өз тәуелсіздігіне ұмтылыс жасады. Оның үстіне 1053ж. түріктер Константинопальді басып алған соң елде тым- тырыс жағдай орнады, елдегі саяси жағдай, тұрмыс тіршілік, рухани жағынанда, әлеуметтік жағынан да құлдырады. Бұл жағдай Византия өнеріне зор ықпал етті. Бұл 19 ғасырдың Византия өнерінің басы емес, ескі өнердің соңғы кезеңі еді. Тұтастай алған Палеоговтық сұңғат, біріңғай бағытта болды, бұл деген Калининовтың дәуіріндегі монолитті дүниелер еді. Бірақ өркендеу барысында бұл стиль екі бағытта өрбіді. Бір сұңғаттық екі графикалық болып, классикалық бейнесін жасаған дүниелері үлкен, монументті болып келген. Сәндік ансамбльдер өзінің үлкен мономентальдігін жоя бастады.

Әсем салынған ғимараттардағы фрескалар композициясы, сәулет құрылысының пропорциясына ешқандай бөгет жасамады. Керсінше шіркеу ішіндегі сюжеттер саны арта түсіп, шіркеуді бұрынғыдан да көркемдей түсті. Шіркеуде салынған суреттердің ішінде Мария мен Христонның жастық шағы бейнеленген, әулиелер бейнесі бірте- бірте ұласады. Полеологтың шіркеу ішіндегі икондар көптігінен қабырға құлап бара жатқан әсер қалдырады. Сол кей адамдаржың арасында діни көзқарастың мықты болуы, икон жазу өнері жоғарғы деңгейде көрсетілген. Сонымен қатар шіркеуге жасалған рельефті мүсіндер, адамдардың түрлі қозғалыстағы көрінісі, сәулет құрылысындағы, қабырғадағы адам фигурасының кеңістік перспективасы тұтастық қалпын ұстады. Сонымен 14ғ. Византия өнерінде арнайы өнер шеберханалары мен ательелер ашылды.



Бақылау сұрақтары:

1. Ертедегі сурет салу әдістемесінің қалыптасуы.

2. Сурет салуды үйрету әдістемесінің тарихы.

3. Сурет салудың өзіндік ерекшеліктері қандай.

4. Бейнелеу өнерінің тарихи қалыптасуы.

7-лекция. Тақырыбы: Ежелгі Египет мемлекетінде суретті салу әдістері (әдістер, канон)

Лекция жоспары:

1. Египет мемлекетіндегі сурет салу әдістерінің ерекш.рі

2. Ежелгі канон әдісі

Лекция мақсаты: Студенттерді Ежелгі Египет мемлекетінде суретті салу әдістерімен (әдістер, канон) таныстыру, олардың жеке ізденістерін, қызығушылығын қалыптастыру.

Лекция мәтіні.

1. Бұдан мыңдаған жылдар бұрын да әлем төсінде көне дәуір өнерінің бастау алып дамыған бірнеше ошақтары болады. Өркениетті көне орталықтар, өнер ошақтары шамамен бұдан 6-8 мың жыл бұрын өмірге келді. Осындай айтулы өнер мен ерте дүние мәдениетінің ордасына айналған аймақтар; Алдыңғы Азия мен солтүстік шығыс Африка, оңтүстік шығыс Азия. Осынау ұлан-ғайыр кең далада бірнеше гүлденген мәдениет пен өнер өркен жайлы, атақтары жер жарған ұлы мемлекеттер өмір сүреді. Атам заманғы тарих тарзысына түскен мемлекеттерге Шумер, Вавилон, Ассирия, Мысыр, Қытай, Иран және евразиядағы кең даланы жайлаған ғұндар мен сақтардың, масагеттердің патшалықтары жатады. Осылардың өнері мен алдыңғы қатарлы мәдениеті кейінгі дәуірлердегі әлем мәдениеті мен өнерінің қалыптасуына үлкен әсер етті. Бұлардан басқа да біздерге әлі беймәлім бірнеше мәдениет орталықтары болғанға ұқсайды.Оларға аты аңызға айналған Атлантида, Батыс жарты шарындағы көне мая мәдениетін қосуға болады.

Әлі күнге дейін аңыздардан ғана белгілі Атлантиданың қайда екенін ешкім де дәл тапқан жоқ , түпсіз мұхит тұңғиығына батқан осынау белгісіз мәдениеттің болған-болмағаны да неғайбыл. Тек болжамдар арқылы өнер зерттеуші ғалымдар мен археологтар үміттерін үзбей, мұхит айдынынан шарқ ұрып іздеуде. Ал мая мәдениетіне келетін болсақ оның көне дәуірдегі белгілері шаң бере бастады . Мексика геологтары атам заманғы пирмиданы тапты. Тексере келгенде, пирамиданы басып қалған жанартау лавасының жасы сегіз мың жылдан асып жығылған, яғни пирамиданың одан да бұрын тұрғызылғанын ескерсек, оның жасы қанша болатыны өзінен-өзі түсінікті. Тек оны мұхият тексеріп, зерттеу алдағы уақыттың үлесі.

Тарихи құжаттарға сүйенсек, Ежелгі Египетте суретпен тек суретші-мамандар ғана емес сонымен қатар мектепте балалар да айналысты, суретпен қатар сызу да өтілді. Мектепті бітіргенде жасөспірім алаңды өлшеп, бөлменің Лекция жоспарыын жасап, каналдың схемасын салып, сызу керек болған. Балаларды сауаттылыққа үйретерде суретке бастапқы роль бөлінді, өйткені иероглифтік хат әріпті жазудан гөрі, әртүрлі заттарды бейнелеуді талап етті. Мәселен, А әрпі-қыран суретімен, Б-адамның аяғының суретмен көрсетілді. Суретте көп көңіл техникалық тәсілге бөлінді. Сурет техникасына үйрету екі бағытпен жүрді. Бірінші жағынан, қол саусақтарының еркін қозғалыс техникасын жетілдірді, тақтайша мен папирусқа сызықтарды еркін, жеңіл жүргізу, екінші жағынан- оқушының саздан жасалған тақтайшаны немесе тасты тырнап сурет салатындай күшті, мықты қолы болуы керек. Мысырлықтар мына бейнелеу материалдарын қолданды: көмір, қылқалам, бояу, металл шрифтер-таяқшалар. Сурет үнемі сызықтық сипатта, түс, түстік-көлеңкесіз болды. Папирусқа суретті көмірмен салып, кейін қылқыламның көмегімен бояу жүргізді. Саз тақтайшада бейнелеу әдісі мен техникасы папирусте орын-дағаннан ерекшеленді.

Мектепке іріктеп алынғанға қарамай оқыту мен тәрбие жүйесі өте қатаң болды: белгіленген ережеден шет кету, ережені дұрыс орындамағаны үшін оқушыны өте қатаң жазалады, тіпті таяқшалармен ұрып соқты.

Ежелгі Египетте біз бірінші рет суретті мектептің оқу пәні ретінде кездестіреміз. Суретке- жүйелі оқытты. Суретші-педагогтарда оқыту әдісі мен жүйесі бірдей болды, бекітілген канондар мен ережелер бекітілген барлық норманы сақтауды талап етті. Египеттіктер сурет практикасының теориялық негізін енгізгенін айтпай кетуге болмайды. Олар бірінші рет адам мәдениетінің даму тарихында бейнелеу заңдылықтары мен онымен жаңа ұрпақты үйрете бастады. Ежелгі Египетте суретке оқыту қоршаған ортаны, тану зерттеумен емес, схема мен канонды жаттау, үлгілерді көшіру негізінде болды. Суретті салуды үйретерде суретші-педагог оқушыға табиғатты қадағалап, табиғатты зерттеуге қинамады, ол бекітілген шаблон бойынша заттың нормаларының бейнелену заңдылықтарын жаттауды талап етті.

Әлем өнерін сөз еткенде Мысырдың ғажайып өнері басқа аймақтардағы мәдени ескерткіштерге қарағанда өзіндік сипатымен, көнелігімен ерекшеленеді. Мысыр жерінде өнер ошақтары, түрлі кешендер мен қорымдар жақсы сақталған. Сондықтан да Мысырдың көне мәдени – рухани байлығынан біршама толығырақ мәлімет алуға болады.

Мысыр мәдениеті мен өнерінің бізге жеткен алғашқы белгілері шамамен біздің заманымызға дейін 4-мың жылдықтарда пайда болы. Алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, құл иеленуші мемілекеттер біртіндеп өмірге келе бастады. Ғасырлар бойы мысырлықтардың асыраушы ана болып келген берекелі Ніл дариясы енді қанаушы топтардың меншігіне айналды.

Қанаушы топтар дәулеттері тасыған сайын жеке иеліктеріге қожа болып, бір-бірімен қырғи қабақ тай - таласқа түсті. Құлдарды аяусыз қанаудың нәтижесінде күшті, ірі тайпалы мемлекеттер құрылды.

Мысыр тарихына көз жүгіртер болсақ, қай дәуірде болмасын ондағы сәулет ғимараттары мен мүсін өнері ажырамастай егіз қозыдай бірге дамып отырған. Гиза пирамидаларын қорғаушысы сияқты айбынды да асқақ Хефрен сфинксіз, Қарнақ Луксор храм ғибадатханаларын алдындағы құдай бейнелі сфинкстер мен түрлі перғауындар мүсінінсіз елестету ешбір мүмкін емес. Олар бірін-бірі толықтырып жарасым тауып тұр.

Мүсін өнерінің ішінде өзінің көнелігімен де асқақ та ауқымдылығымен де Хефрон сфинксі ерекше көзге түседі. Денесі арыстан бейнесінде сомдалып, бас жағы Перғауын Хефрен кейпін елестететін алып ескерткіш негізгі табиғи гранит тастан қашалып жасалынған. Осынау Хефрен мүсіннінен бастау алған Мысырдың монументальды ескерткіш белгілері жан-жақты дамып, бедерлеме өнерде болсын, керегерлік-роспистік өнерде болсын өзінің канондық ерекшелік өлшемдерін қатаң сақтап отырды. Әсіресе бедерлеме, келбеттік өнер туындыларында бейнелеу ағыны ерекше жетістіктерге жетті. Оның біздің заманымызға дейінгі үшінші мыңжылдықта жасалған сәулетші Хесердің бейнесінен байқауға болады. Жайдақ-Жадағай ағашқа оймыштап жасаған адам кескіні өзінің шыншыл сұлулығымен сәкестік өлшемдерінің шебер берілуінен дене бұлшықеттерінің әсерлі ырғақты қозғалысымен адамды таңдандырды.

Тастан басқа, ағаштан, фаянс, сүйектерден түйіп түрлі ілгері басты. Әсіресе домалақ мүсін жасау ерістеп, онер шығармаларында (бұрынғыдай тек патшаларды ғана дәріптемей) қарапайым еңбек адамдарын, түрлі қызметшілердің кескінін сомдау дамыды. Сондай өнер туындысының бірі - Әл-Берше ғибадатханасынан табылған қызметші әйелдердің бейнесі. Топтама бейне ағаштан түйінделген.

Егер бұрындары қимыл-қозғалысты бейнелерді сомдағанда қарадүрсіндеу, арақатынас өлшемдері онша сақталмай, жалпылама бейнеленсе, (мысалы Каапераның кескіні) ал мұнда тамақ тасыған қызметші қыздардың нәзік денелері, әсем ырғақты қимыл-қозғалысы шыншылдыққа жанасатындай өрнектеліп бейнеленген. Арақатынас өлшемдері, мүсіндердің бір-біріне ұқсамайтын бет-әлпеті, мінез-құлқы — осының бәрінің дәл берілуі сол кездегі мүсіндеу өнерінің үлкен жетістігі еді.



Бақылау сұрақтары:

1. Египет мемлекетіндегі сурет салу әдістерінің ерекш.рі

2. Ертедегі сурет салу әдістемесінің қалыптасуы.

3. Сурет салудың өзіндік ерекшеліктері қандай.

4. Ежелгі канон әдісі

8-лекция. Тақырыбы: Ежелгі Ассирия мемлекетінде суретті салу әдістері(әдістер, канон)

Лекция жоспары:

1. Ассириядағы сурет салу әдістерінің қалыптасуы

2. Ежелгі Ассириядағы канондық әдіс

Лекция мақсаты: Ежелгі Ассирия мемлекетінде суретті салу әдістерімен (әдістер, канон) студенттерді жан жақты таныстыру.
Лекция мәтіні.

1. Сұңғат өнері де өзінің айшықты, қанық, алуан түрлі түстерімен көзге түсті. Оны керегелік бейнелеу (роспись) шығармаларынан аңғарамыз. Суретшілердің осы кездегі сүйікті тақырыбы айнала қоршаған табиғат пен аң-қүстардың тіршілігі болғанға үқсайды. Сондай екі сүңғаттық шығарма —«Мысық» жоне «Көкек» атты туындылар. Мұнда, әсіресе «Көкек» туындысынан суретшінің қиял-ойының толысқанын құстың кунделікті өмірде байқала бермейтін сұлу мүсінін керемет бейнелей білгенін көреміз.

Тигр өзенінің орталық ағысында орналасқап Ассирии мсмлекеті XIV—XIII ғасырларда ірі соғыс дсржавасына айпалды. Алдыңғы Азия елдерімен қоса Мысырға билік жүргізді. Осы кезеңде таяу Шығыс елдерінің өркендеуіие кең жол ашылды. Ассирия патшалары өздерін заман ата-бабаларының мұрагері ретінде санап, бар билікті өз қолдарына ұстады, соларға үқсап бақты. Соның әсері болуы ксрск, патша Саргоп-ІІ ертедсгі Аккада патшасы Саргон-І-дің атын иеленді, Ассирия билеушілері көне өнерді жандандырып қана қоймай, оны бүрынғыдан да асырып, бүрын-соңды болмаған биікке кетерді, соған жағдай жасады, Патша Аяшурбанипал езін құдай ғып жариялап, таудай храм түрғызуға әмір стті. Ассирия өнері көбінесе патша сарайларында өрбіді. Өнерде патша-бекзадаларды мадақтау етек алды, бүткіл шығармаларының мазмүны соған сайды. Храмдардың кіре беріс алдында адам басты, арыстан депелі, қанатты «шедулер» түрғызылды. Мүндай «шедулср» храмдар мен сарай-ларды қорғаушы (күзетуші) құдайлар кейпін беретін нышан мүсіндер болып табылады. Сонымен бірге, осы кезеңде қала айналасьша ірі-ірі қорғандар түрғызу қызу жүрді. Сол кездегі Ассирия астанасы Ашшураның (б.э.д. VIII ғасыр) қорғандарының биіктігі 15—18 метрге, ал қалыңдығы (ені) — 6 метрге дейін жетті.

Таңғажайып сомдама мүсіндері, «шедулері» бар жүие ғажайып ірі қорғандары бар Ассирия патшалығы бедерлеме өнерімен де атақ-даңққа ие болды.

Әсіресе Ассирия бедерлеме өнері патшалар Ашшуриасирапал II (б.э. дейінгі 883—859 жылдар), Саргоп-ІІ (б.э.д. 722—705 жылдар) жүие Ашшурбанапал (668—626 жыл-дар) түсында срекше еркен жайды. Әдетте, бедерлемелік шығармалар алебастрадан жасалған плталардап бедерлсніп ойылды. Оны ассириялықтар ортостатах деп атады, Бедерлеме өнері Ашшуриасирапал сарайында кептеп кездеседі, Бедерлеу өнерінде адам бейнесін, оның күшті дене бітімін, түр-тұрпатын аса бір сүйіспеншілікпен жеріне жеткізе кескіндеген. Тағы бір ескеретін жай бедерлеме бейнелерде адам анатомиясы жақсы сараланған, бүл сол кездегі шеберлердің терең білімділігін керсетсді. Жалпы, Қосөзен өнерінде бедерлеп бейнелеу өзінің үзақ жылғы даму барысында сатылап ең жоғарғы шеберлік деңгейіне жеткенін байқауға болады. Сонау «Эпантума» тақтасындағы бедерлерден бастап — байқайтының әр ғасыр, әр дәуірдің бейнелеу айырмашылықтары көзге баданадай ұрып тұрады. Сондықтан, Ассирия бедерлеу өнерін осы еңірдің сан ғасырлық жинақталған тәжірибесінің қордаланған жиынтық түйіні, шарықтау шегі деуге негіз бар. Қосөзен бедерлеме өнерін (әсіресе Ассирия өнерін) саралап, Мысырдың кеие бедерлеу бейнелеуімен салыстыра-тын болсақ, онда қимыл-қозғалыстағы кейбір сәйкестіктер бар болғанымен, Ассирия бедерлемесі езінің орындалуымен срекшеленеді. Айтар болсақ, мысырлық енерде суретші кебінесе жалпылама бейнелеуді жөн керсе, ал ассириялықтар адамның сыртқы кейпін, мінез-құлқын бейнелей отырып, жоғарыда айтып еткеніміздей, ішкі анатомиялық құрылысын саралап, сол арқылы дене сүлулығын беруге құщтарланады. Әсіресе қимыл-қозғалысқа байланысты кейбір дене мүшелерінің бүлшық еттерінің табиғатын анықтай керсету осы Ассирия енеріне тән нәрсе, Адам анатомиялық құрылымына талдау жасап бейнелеу мысырлықтарда онша дамымағап.

Ассирия бедерлемесінің бірі — Ашшурнасирапал-ІІ-нің бейнесі. Бедерлемеде патша келісті де келбетті, батырларға тән бүлшық еттері бүдырлана, алпамсадай кейіпте керсетілген. Патшаның темірдей сом қолы нәзік те әсем қимылымен қызықтырады.

Біздің заманымызға дейінгі жетінші ғасырда Ассирия империясы ыдырап, бүрынғы күшпен айырылды. Вавилон меи Мидия одақтасып Ассирияны жеңіп, оиың жерлеріне ез үстемдіктерін ориатты. Кейіннен Вавилон барлық Қосөзен аңғарын, оған қоса Сирия, Финикия, Палестинаны езіне қаратты. Бүл Вавилон патшасы Набопаласар билік құрған кез еді. Вавилонның ең күшейгеп, үлы державаға айналғаны Навуходонасар патша түсында болды. Осы кезеңде Вавилонда енер, сәулет барынша дамыды. Әсіресе қорғандар өзіпдік әдіс-тәсілмен түрғызылып, айшықты ернектелуімен ерекшеленіп, аңызға айналды. Сондай аты әлемге мәшхүр болған құрылыстың бірі — Иштар қорғаны. Ол ірі төрт мұнарадан түрады. Қорған керегелері глазура кірпіштермен кемкерілген. Онда аса асқақ та маңғаз кейіитегі аңдардың түр-түрпаттары бейнеленген. Бейнеде арыстан, бұқа, айдаһар басты таңғажайып хайуандар кездеседі, олардың кескіндері көгілдір фонда анық та жарасымды берілген.



Бақылау сұрақтары:

1. Ассириядағы сурет салу әдістерінің қалыптасуы

2. Ежелгі Ассириядағы канондық әдіс

3. Сурет салудың әдіс тәсілдері

4. Сурет өнерінің Ассириядағы жуй күйі

9-лекция. Тақырыбы: Ежелгі Грецияда суретті салу әдістемесінің тарихы

Лекция жоспары:

1. Бейнелеу өнері ғылымындағы Греция сурет салу әдістемесінің даму тарихы

2. Ежелгі Грециядағы сурет салу әдістері

Лекция мақсаты: Ежелгі Грецияда суретті салу әдістемесінің тарихы жайлы жан жақты мәліметтермен студенттерге білім беру.
Лекция мәтіні.

1. Гректер жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу проблемаларына жаңаша көңіл бөлді. Ежелгі Грециядағы оқыту әдісін айта отырып, сурет техникасын тоқтала кету керек. Грецияда негізінде ағаш тақтайшаға салған. Ежелгі Грецияда өнерді ғылыми түсіну қалыптасқан. Табиғатты зерттей, өмірдегі сұлулықты бақылап, ежелгі грек суретшілері өздерінің бейнелеу өнері канондары мен ережелерін жетілдіре бастады. Гректер әлемді қатаң заңдылықтар билейді және сұлылық мыңызы қатаң тәртіп, симметрия, жеке мен тұтас үйлесімі, дұрыс математикалық қарым-қатынаста бекітіледі деді. Б.з.д. 5 ғ. Сикионде мүсінші Поликлет адам денесінің арасындағы пропорциональды байланыс туралы трактат жазған. Б.з.д.4ғ бірнеше атақты мектептер болған: сикион, эфесс, фиван. Бейнелеу өнерінің дамуына және суретті оқыту әдістемесіне әсер еткен, Эвпомпомен қалыптасқан сикион мектебі.Сикион мектебінен атақты суретшілер: Памфил, Мелантий, Павзий, Аппелес шыққан.Осы мектептің негізін салушы Эвпомпоның шәкірті Памфил болды. Памфил адам нұсқадан салғанда тек қана бақылап қана қоймай, оның құрылымымен танысатынын түсінді, сондықтан ол жалпыбілімдік пән ретінде суретке тәрбиелік мәнді беріп оның барлық мектепке енгізілуіне әсерін тигізді. Жас ұрпақтың өнерді үйрену керек екенін Аристотель де өз еңбегінде жазды. Өз еңбегінде үлкен орынды өнердің тәрбиелік ролі алды.

Неолит дәуірінде орталық сахнада алғашқы қауымдық құрылыстың шоғырланған жері болған, сондықтан сол жердегі жайылыммен жартаста сол дәуір мәдениеті, тұрмыс тіршілігі осы кезеңге дейін сақталған. Сахарадан табылған бейнелерді ірі төрт кезеңге бөлген:



  1. аңшылар дәуірі (ерте неолиттегі буйволдар бейнесі).

  2. мал шаруашылық дәуірі (неолит кезеңі).

  3. салт атты малшылар дәуірі (ерте тарихи).

  4. түйе дәуірі (б.ғ. бас жағы).

Ең көне салынған сурет ретінде алтын түстес сары бояумен салынған кішкене фигуралар схема түрінде бейнеленген, олардың пропорциялық қатынасы дұрыс сақталмаған, ерекшелігі денеге қарағанда бас мүшесін үлкейтіп бейнеленген небір жануардың бейнесін, басындағы мүйізін кигізіп бейнелеген. Сондай –ақ құстар қанаты адам басына пайдаланғандығы байқалады. Салынған фигуралардың барлығы қаруланған, ол кездегі қару таяқ, найза, садақ болған секілді. Ол кезде жануардың ең ірісін бейнелеген.

1816ж. Наполеонның жеңісінен кейін батыс елдерінде өнердің барлық түрлерінде түбегейлі өзгерістер болған, бұл өзгерістер Франция еліне бейнелеу өнері саласында романтикалық стиль алып келді. Бұл бағыт сәулеи өнерінде сұңғат және сәндік қолданбалы өнер саласында 19ғ. 30 жылдарында бастау алды. Батыс елдерінде болған тарихи оқиғалар және әлеуметтік тұрмыс жағдайлар өнер шеберлерінің шығармаларында бейнеленді. Картина жазу барысында реалистік бағыттан романтикалық бағытқа бейімделу өнер адамдарына үлкен күш жұмсауды талап етті. Бұл салада еңбек еткен Француз суретшісі Эжен Делокруа бұл суретші өз шығармаларында романтикалық стильде өзіндік қолтаңба қалдырған өнер адамы, «Свобода барикады», «Образ мидузы». Франция өнерінің гүлденуіне сол кездегі ақын жазушылар Сервантес, Оноре Де Бальзак сынды өнер қайраткерлері көп еңбек сіңірді. Сәулет өнерінің дамуына тікелей әсер еткен тарихи оқиғалар болды. Бүкіл Париж қаласын және ірі қалаларды қалпына келтіру ісі қолға алынды. Архитектура саласында жаңа әсем ғимараттар Роман стилінде бой көтерді. Мысалы: Руан шіркеуі және Лубр мұражайы. Солтүстік архитектуралық ескерткіш 19ғ. Франциядағы бейнелеу өнері классикалық үлгіде өнерді ығыстырып Романтикалық жеңіспен аяқталды. Теадор Жеррика (1781-1824ж.) Романтикалық стильді қатар ұстаған, 19 ғасырда реалистік суретші болған. Оның бағытын замандастары онша бағаламады, соңынан оның еңбектерінің жазылу стилімен колориттік бояуларын негізінен мойындады: 1812ж. «Офицер Конных Эскадрон», бұл картинада динамикалық колоритті, өте шебер пайдаланған. 1814ж. жазылған «Жаралы Криасил» еңбегі Наполеонның жеңілісіне арнап салынған еңбек. 1816ж. жазылған «Медуза» еңбегінде Жерика қайтыс болғаннан кейін осы картина Романтизм деген терминге ие болды.



Бақылау сұрақтары:

1. Бейнелеу өнері ғылымындағы Греция сурет салу әдістемесінің даму тарихы қандай болды.

2. Грециядағы сурет салу әдістемесінің қалыптасуы.

3. Сурет салудың өзіндік ерекшеліктері қандай.

4. Ежелгі Грециядағы сурет салу әдістері

10-лекция. Тақырыбы: Ежелгі Римдегі суретті салу әдістемесінің тарихы

Лекция жоспары:

1. Ежелгі Римдегі бейнелеу өнері әдістемесінің дамуы

2. Римдік сурет салу әдістемесінің ерекшеліктері

Лекция мақсаты: Ежелгі Римдегі суретті салу әдістемесінің тарихы жайлы мәліметтер беріп студенттерге таныстыру.
Лекция мәтіні.

1. Ежелгі Римде грек суретші-педагогтардың жетістіктері өз жалғасын алу керек еді. Римдіктер өнерге үлкен сыйластықпен қарады, әсіресе грек сурет-шілерінің шығармаларын бағалады. Бай адамдар картина коллекцияларын жи-нақтады, императорлар қоғамдық пинокотека (мұражай) салғызды. Суретті жалпы білімдік мектепте берді. Бірақ римдіктер суретті оқыту әдісте-месіне жаңашылдық енгізген жоқ. Суретшілер өнердің үлкен проблемаларына аз көңіл бөлді, оларды жұмыстың қолөнер-техникалық жағы қызықтырды. Үлгіден көшіру болды, Грецияның атақты шеберлерінің жұмысының тәсілін қайталау болды. Сонымен қатар римдік суретші-педагогтар Греция суретшілері қолданған ойластырылған суретті оқыту әдістемесінен алшақ кетті.

Орта ғасырда көптеген реалистік өнер жетіктіктері бағаланбады. Суретшілер Ежелгі Грецияда осының көмегімен керемет суретшілер мен кескіндемешілер тәрбиелеген ұлы шеберлер қолданған оқыту әдісін, бейненің кеңістікте перспективалық орналастыру ережелерін білмеді. Шіркеу қызметкерлерімен осы кезеңде Грецияның көптеген атақты шығармалары, оқыту әдістемесі айқындалған теориялық еңбектері жойылды.

Б.э. дейінгі IV—III ғасырларда Жерорта теңізі маңайында Римнің күшеюіне байланысты оның айналасындағы мемлекеттер жауланып алына бастады. Алғаш олар этрус қалаларын, одан кейін Апенин түбегін бағындырды.

Б.э.д. III—II ғасырларда үздіксіз соғыстың нәтижесінде өздерінің басты бәсекелесі, — Карфагенді күйретті, оның артынша Грекия мен Жерорта теңізі өңірін жаулап алды. Сөйтіп олар б.э.д. I ғасырда ірі құл иеленуші күшті державаға айналды.

Рим мәдениеті, өнері этрустар мен гректердің пәрменді ықпалымен дамыды. Алғашында олардың мәдениеті мен өнеріне этрустар едәуір әсер етті. Олар әсіресе этрустардан халықты жікке бөлуді, әдет-ғұрып, діни-нанымдарды, әскери ұйымдастыру мен театр ойын-сауықты, құрылыс тәсілі мен гладиаторлық шайқастарды өздеріне дарытты, солардан қабылдап үйренді.

Римдіктердің тарихында бірнеше ғасырға дейін этрустардың мәдени тұрғыдан басымдылығы сақталып келді.

Грекияның жаулап алынуы да римдіктерге өнер талғамының тамаша нәрімен сусындауына жол ашты. Сол кезде Рим ақыны Гораций былай деген екен: «Тұтқындалған Грекия өзінің өнерімен жабайы жеңімпаздарды жаулап алды». Ақын асыра айтқанымен, Грекия өнерінің римдіктерге үлкен мәдениет әкелгенін, эстетикалық ой-
өрісін дамытқанын білдіреді, римдіктердің олардың өнеріне бас игенін көрсетеді. Тіпті б.э.д.ІІ-ғасырда грек тілі рим ақсүйектерінің тіліне айналды. Жан-жағындағы елдерді жаулап, өз үстемдігін орнатқан римдіктер тәуелді патшалықтардың асыл қазынасын, көз тұнатын ескерткіш-мүсіндерін ашқарақтықпен әкетіп жатты. Соның арқасында императорлар мен белсенді ақсүйектердің сарайлары мен гүлзарлары, қоғамдық ғимарат алаңдары неше түрлі мүсіндерге толды. Бұлардың ішінде Фидий, Мирон, Поликлет, Скопе, Пракситель және Лисипп сияқты ұлы шеберлердің туындылары да болды.

Римдіктер грек сәулетінен көп нәрсе үйренді, оны сол кездегі құрылыстардан байқауға болады. Сонымен бірге әрқилы көпір, жолдар салуда шеберліктерімен даңқы шықты. Б.э. дейінгі 312 жылы Аппий Клавдий бастаған құрылысшылар өз заманындағы атақты тас жолды төседі. Тас жол білгір инженердің атымен Аппий жолы деп аталды. Жол кезінде стратегиялық үлкен роль атқарған, сонымен бірге астана — Римді Италияның басқа қалаларымен жалғастырды. Кезіндс осы жолмен жаугершілікке аттанған, бақайшағына дейін қаруланған рим легиондары өткен. Б.э. дейінгі 71 жылы ұзақ соғыстан кейін жеңіліске ұшыраған Спартак көтерілісшілерін, әдейі халық көріп сескену үшін ашамайға таңып асып өлтірген.

Рим шеберлері сарайлар салуда гректер мен этрустардың және шығыс елдерінің бай тәжірибесін пайдаланады. Рим сәулетін айтқанда, рим форумы ерекше аталады, Қорым кезінде қоғамдық ғимараттар тоғысқан орталық болған. Қазір қорымнан қалғаны—тек Сатурн храмының сегіз гранит бағанасы ғана. Храмды б.э. дейінгі I ғасырда Цезарь салдырған.

Бейнелеу өнерінде римдіктер портретке көп көңіл бөлді. Гректерден ғажайып аңыздарға, құдайларды дәріптейтін тақырыптарға бармай, өмірде болған уақиғаларға иек артты. Тарихи тұлғаларды мүсіндеу жолға қойылды. Сол кездегі елеулі мүсіннің бірі — Римнің соңғы патшасы Тарквиниді қуған көтеріліс басшысы Юний Бруттың бейнесі.

Біздің жыл санауымыздың басында Италияда республикалық құрылыс құлап, оның орнына императорлар басқарған Рим империясы орнады. Алғашқы император болып Октавиан Август тағайындалды. Б.э. бұрын 27 жылы ұлы патшаға Рим сенаты «құдіретті» деген атақ табыс етті. Осыдан кейін (Августан кейінгі) императорлардың бәріне де осы атақ берілді. Август басқарған үкімет басқа халықтарға өте қатал саясат ұстады. Саясатта болсын, әдебиетте болсын, римдіктердің басқалардан артықшылығын баса көрсетті. Бірақ та осындай тәкаппар, менмен римдіктер Грек өнеріне келгенде бастарын иді, олардың озық ойлы азаматтарын сыйлап, құдайларын құрмет тұтты. Император үлкен реформаторлық өзгерістер әкелді. Қала, инженерлік құрылыстар тұрғызуды қолға алып, ғажайып үлкен сарай-храмдар салдырды. Ең бірінші Рим қаласын қолға алды. Ескі кірпіштен қаланған шаһарды қайта жаңғыртып, жарқыраған мәрмәрден салдырды. Ежелгі Мысырдың ұлы перғауындарының жолын қуып, асқақ та айбынды құрылыстар тұрғызуға әмір етті. Ондай құрылыстар арқылы империя күші мен қаһарын көрсетуге тырысты. Император қиялының өмір шындығына айналуын заманымыздың 50—70 жылдары салынған Колизей амфитеатры куәлайды. Құрылыс қабырғасы ірі тас кесектерден қаланған, биіктігі 50 метр. Амфитеатр үш ярусты қабаттан тұрады. Ярусты арқаларды әр түрлі мүсіндермен көмкерген Ортаңғы бөлігінде жансірілер (гладиаторлар) шайқасатын дөңгелек алаңқай бар. Амфитеатрға бірден 50 мың адам сияды. Оның ішінде жүздеген бөлмелер, демалатын, жуынатын, жансерілер жататын, жабайы аңдарды ұстайтын орындар, т.б. орын тепкен. Ғажайып құрылыс ғасырлар бойы әлденеше жер сілкінуден, өрттен ауыр зардап шекті.

Колизей құрылысының негізін құрайтын арка мен итарқа рим өзгешелігін айқындап тұратын шығыс сәулеттік құрылысының белгісі. Аркалар көпірлер салуда, су құбырларын жүргізуде қолданылды. Қалаларды сумен қамтамасыз етуде, су құбырының жолында өзендер мен терең шатқалдар кездескенде, оны көтеріп тұратын ярусты аркадалар тұрғызылды. Сондай аркадалы су құбырының бірі — Гард көпірі. Құрылыс Рим қаласын сумен қамтамасыз ету үшін I ғасырда салынған. Көпірдің үстінен су құбырлары өтетін болған. Гера өзенінің үстіне салынған көпір биіктігі — 49 метрге жетіп жығылады.

Императорлар өздерінің жеңісі мен айбынын білдіретін ескерткіштер соғуда да арка тәсілін қолданды. Ежелден сақталып келе жатқан арканың бірі — император Титидің жеңісіне қойылған құрылыс. Тағаны мен қабырғасы мәрмәрмен қаланып, төбесінде император мен жеңіс тәңірінің төрт ат жегілген күймемен келе жатқан қола мүсіндері орнатылған. Ескерткіштің жалпы биіктігі 20 м. болады.

Империя дәуірінде ауқатты адамдардың, абыз, ақсүйектердің қалай тұрғаны, көздің жауын алатын әсем өрнекті, байлыққа толы жиһазды үйлерінің қандай болғаны Геркуланум мен Помпейдің қалдықтарын аршығанда көз жетті. Қалалар біздің заманымыздың 7 9 жылы Везуви жанартауының кенеттен атқылауынан опат болып, ғасырлар бойы күлдің астында қалған.



Бақылау сұрақтары:

1. Ежелгі Римдегі бейнелеу өнері әдістемесінің дамуы

2. Римдік сурет салу әдістемесінің ерекшеліктері

3. Римнің ұлы суретшілерін атаңыз.

4. Бейнелеу өнерінің Римдегі көрінісі қандай.

11 лекция

Тақырыбы: Қайта өркендеу дәуірі (Леонарда да Винчи, Л.Альберти, А.Дюрер) академиялық білім беру жүйесіндегі бейнелеу әдістемесі.нің құрылуы

Лекция жоспары:

1. Леонардо да Винчи Л.Альберти, А.Дюрер сынды суретшілердің бейнелеу өнері әдістемесіне қосқан үлесі

2. Қайта өркендеу дәуіріндегі бейнелеу өнері әдістемесінің құрылуы

Лекция мақсаты: Қайта өркендеу дәуірі (Леонарда да Винчи, Л.Альберти, А.Дюрер) академиялық білім беру жүйесіндегі бейнелеу әдістемесінің құрылуы жайлы студенттерге мәлімет беру.
Лекция мәтіні.

Қайта өрлеу дәуіріндегі Ченнино Ченнини, Леон Батист Альберти, Леонардо да Винчи оқыту жүйелері. Қайта өрлеу дәуірінің суретшілері бейнелеу өнері теориясын қайтадан жетілдірді. Сурет проблемасымен мына шеберлер: Ченнино Ченнини, Леон Батист Альберти, Леонардо да Винчи жұмыс істеді. Суретшілер алдыңғы кезеңдегі жұмыс әдісін түсіну үшін антикалық мәдениетке көңіл бөлді. Олар табиғат көрінісін ғылыми түсіндіріп, ғылым мен өнер арасындағы байланысты бекітуге талпынды. Пропорция, перспектива, анатомияны білу өнер теоретиктері мен практиктеріне маңызды болды. Қайта өрлеу дәуірі суретшілері суреттің негізінде нұсқадан сурет салу болуы керек деген. Бұл ой барлық трактаттарда жазылды. Ченнино Ченнини «Байқа триумфальды арка арқылы өнерге апаратын жоғары жетекшің-ол нұсқадан сурет салу» деді. Леон Батист Альберти «Кескіндеме туралы үш кітап» кітабында кескіндеме, бояулар, бейненің кеңістікте орналасуы туралы айтты. Альберти суретті тура математика сияқты өзінің нақты заңдылықтары мен ережелері бар ғылыми пән ретінде қарастырды. Суретті оқыту әдістемесіне үлкен үлесті Леонардо да Винчи қосты. Леонардо да Винчи көп уақытты бейнелеу өнерінің ғылыми проблемаларына бөлді, анатомиялық зерттеулермен айналысты, адам фигурасының пропорционалды бөлшектену заңдылықтарын бекітті.

А.Дюрердің бас формасының (обрубовка) жалпы құрылымын талдау әдісі. Қайта өрлеу дәуірінің ұлы суретшісі А.Дюрер оқыту әдістемесі саласында да бізде үлкен бағалықты алатын өнер проблемалары туралы теориялық еңбектер қалдырды. Дюрердің ойынша өнерде тек сезім мен көрермен әсеріне сенуге болмайды, нақты тура ғылыми білімге сүйену керек: тек осы ғана суретшіге жұмыста нақты және сенімді табыс әкеледі. Әсіресе суретті оқыту үшін үлкен бағалықты Дюрермен ұсынылған форманы толықтыру (жалпылама) әдісі алды.. Осы әдісті өздерінің педагогикалық жұмыстарында ағайынды Дюпюи, Ашбе, П.П.Чистяков, Д.Н.Кардовский, кеңінен қолданған, біздің кезімізде де қолданылады.

Форманы толықтыру әдісі мынада. Бейнеге дұрыс перспективалық құрылым беру, мәселен, қол саусақтарын бейнелеу өте қиын. Қол формасын қарапайым геометриялық формаға дейін толықтырып, суретші тапсырманы жеңілдетеді, ол тек тәжірбиелі суретшіге жеңіл болмайды, сонымен қатар бастаушы суретшіге де жеңілдік береді. Нұсқаның қиын формасына талдау жасауда, мәселен адамның басы, Дюрер оны бейненің бастапқы кезде қарапайым геометриялық форма ретінде қарастыруды ұсынады, суретші мүсіншінің жұмыс алдында істегені сияқты үлкен форманы беру керек. Адам басының көлемді-конструктивті құрылымын бейнелейтін Дюрер суреті, форма талдауы мен оның құрылым заңдылықтары үшін классикалық үлгі болып табылады. Ол жалпы барлық жаңа оқу құралдарында суреттеледі.

Қайта өрлеу дәуірінің басқа суретшілері аз ойланған, Дюрерді сонымен қатар педагогиканың жалпы заңдылықтар, оқыту мен бала тәрбиесі ойландырды.

Қайта өрлеу дәуірінің суретшілерінің қызметінің маңызын айтсақ , олар сурет өнерінің теориялық негіз саласында үлкен жұмыстар жасады. Олардың перспектива сұрақтары туралы теориялық еңбектері, кеңістікте үшөлшемді заттардың бейне құрылымының қиын проблемаларын шешуге көмектесті. Қайта өрлеу дәуірінің суретшілері бұл мәліметтерді бейнелеу өнері практикасында өздерінің ғылыми бақылауларында қолданды. Қазірдің өзінде олардың шығармалары көрерменді анатомия, перспектива, түстік-көлеңке заңдылықтарын білгенімен таң қалдырады. Осы күнге дейін Қайта өрлеу дәуірі өнеріне даналық қайнар көзі, білім және шеберліктің жоғары мысалы ретінде көңіл бөледі.

Қайта өрлеу дәуірінің суретшілері кейінгі ұрпақ суретші-педагогтарға өнерді оқыту әдістемесінде дамудың дұрыс жолын көрсетіп және суреттің оқу пәні ретінде қалыптасуына үлкен үлестерін қосты. Бірақ оқу суреті ол кезеңде өзіндік мәнін алмады. Суретшілер дидактикалық проблемаларды бейнелеу өнері сұрақтарымен аз байланыстырды. Олар өз алдарына оқыту мен тәрбие жүйесін жетілдіру мәселесін қойған жоқ.Қайта өркендеу дәуірі бейнелеу өнерінің даму тарихында, суретті оқыту әдістеме саласында жаңа кезеңді ашады. Сурет мектеп курсына оқу пәні ретінде енгізілмеседе, Қайта өркендеу дәуірі суретті оқыту әдістеме теориясы мен оның жалпыбілімдік кәсіптік оқытылуына үлкен үлесін қосты. Осы кезеңнің суретшілер жаңадан бейнелеу өнер теориясын, сонымен қатар суретті оқыту әдістерін жетілдірді.

Бақылау сұрақтары:

1. Леонардо да Винчи Л.Альберти, А.Дюрер сынды суретшілердің бейнелеу өнері әдістемесіне қосқан үлесі қандай.

2. Қайта өркендеу дәуіріндегі бейнелеу өнері әдістемесінің құрылуы қандай кезеңдерден өтті.

3. Қайта өркендеу дәуіріндегі сурет салудың өзіндік ерекшеліктері қандай болды.

4. Дәуірдегі қандай суретшілердің туындыларын білесің.


3 - тарау. Бастауыш мектепте бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің тарихы
12-лекция. Тақырыбы: Бастауыш мектепте бейнелеу өнері сабақтарын ұйымдастыру

Лекция жоспары:

1. Сабақтың құрылымы мен барысы.

2. Бастауыш мектепте бейнелеу өнері пәнін ұйымдастыру

Лекция мақсаты: Студентерге бастауыш мектепте бейнелеу өнері сабақтарын ұйымдастыру мүмкіндіктерімен таныстыру.
Лекция мәтіні.

1. Бастауыш мектепте оқу-тәрбие міндеттерін толығымен шешу сабақтарды іскерлікпен ұйымдастыру мен өткізуге байланысты. Бейнелеу өнерінің бастауыш мектептегі әрбір сабағы аяқталған, мақсаты бар оқу пәнінің жалпы мақсаттары мен міндеттеріне байланысты сабақтар жүйесінің бір бөлігі болып табылады.

Бастауыш мектептегі бейнелеу өнерінің сабақтары құрылымы жағынан басқа пәндердің сабақтарынан айырмашылығы аз. Бұл сабақтарда да: ұйымдастыру кезеңі, үй жұмысын тексеру, өткенді пысықтау және қорытынды шығару бөліктері сияқты құрылымдар болады. Сабақтың бұл элементтері барлық сыныптарда, әр түрлі оқу жылдарында, бір оқу жылының өзінде, сабақтың белгілі бір немесе басқа кезеңдеріне бөлінген сағат саны әр түрлі болып өзгеріп отырады.

Бастауыш мектептегі бейнелеу өнері сабақтары әр уақытта бірсарынды болмауға тиіс. Бейнелеу өнері сабақтары түрі, формасы мен мазмұны бойынша әр алуан болғандықтан бұл шартты орындау қиындыққа соқпайды. Нұсқаға қарап сурет салу сабақтарында балалар сурет салумен де, кескіндеме жұмыстарымен де айналысады; сәндік сурет салу сабақтарында олар өрнектер құрастырып, шрифтерді оқып, сәндік композициялар құрастырады, дизайн элементтерімен таныстырылады; өнер туралы әңгіме сабақта олар архитектураның, мүсіннің, кескіндеменің, графикалық, сәндік қолданбалы өнердің тамаша шығармаларымен танысады.

Бастауыш мектептегі нұсқаға қарап сурет салу, сәндік және тақырыптық сурет салу сабағы болсын, әрбір сабақты ұйымдастыру барысында уақытты ұтымды пайдалануға көңіл бөлінеді. Әрбір сабақ мынандай бөліктерге жіктеледі:

1. Сабақты ұйымдастыру. Бұған мұғалімнің сыныпта қажетті тәртіпті орнату, сабаққа қатыспағндарды сынып журналына белгілеу, балаларды оқу жұмысына дайындау іс-әрекеттері кіреді.

Сабақ басталар алдында жұмыс орны дайындалып, нұсқа ретінде қойылатын заттар мен басқа да материалдар ертерек әкелініп, керекті тәртіппен орналастырылады. Мұны ұйымдастыру үшін кезекші оқушылар жұмылдырылады.

Бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнерін оқыту барысында оқушылардың жұмыс орнын ұйымдастырудың мәні ерекше. Бұл үшін мұғалім балаға сурет салуға қажетті құрал-жабдықтармен белгілі тәртіппен орналастыруды, жұмыстан соң оларды жинап алып, арнаулы орындарға сақтауды үйретеді. Кейбір мектептердегі бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері кабинетінде оқушылардың альбомдары мен құрал-жабдықтары сақталатын арнаулы шкафтар болады. Сабақ алдында кезекші қалам, бояу және дәптерлерді парталарға таратып, бояумен жұмыс істеу үшін суды кішкене банкаларға құйып толтырады. Кір суды төгуге арналған шелек бұрышқа қойылады, бұл оқушының жұмыс барысында суын ауыстырып отыруына мүмкіндік туғызады.

Егер өткен сабақта оқушыларға үй тапсырмасы берілген болса, ол тексеріліп, сыныпқа ортақ қателіктері көрсетіледі және оны жөндеу жолдары айтып түсіндіріледі. Үй жұмысын тексеру барысында оқушылар өз суреттерін партаға қояды да, педагог аралап жүріп, суреттерді қарайды, ескертпелер жасайды, жақсы және қате орындағандарын сыныпқа көрсету үшін таңдап алады. Аяқталған үй жұмыстарының бағасы сынып журналына толтырылады.

2. Жаңа материалдарды түсіндіру.

Бұл кезеңде бастауыш мектеп мұғалімі жаңа тақырыптың мақсат міндеттерін түсіндіріп, тапсырманы қалай орындау керектігін көрсетеді, көрнекті құралдар – схемалар, сызбалар, әдістемелік таблицалар көмегімен түсініктемелер береді. Оқушылардың материалды қалай түсінгендерін байқау үшін сыныпқа сұрақтар беріледі.

Бейне құрылымын салу принциптерін ашу барысында мұғалім міндетті түрде өз түсіндірулерін сынып тақтасына немесе арнаулы планшетке,немесе бір бет қағазға иллюстрация жасап көрсетеді.

Бастауыш сынып мұғалімі бұл суреттерінде ұсақ түйекке дейін бейнелеп көрсетуі қажет емес. Оның мақсаты, оқушыларға шешуі қиын болып тұрғандарға жәрдем көрсетіп, негізгі зат формасын құрудың дұрыс жолын көрсету. Бастауыш сынып оқушылары мұғалімнің тақтаға көрсеткен суретінің ұсақ бөлшектеріне қызығушылық танытып, бұл кейде мұғалімнің сынып алдына қойған мақсатына жетуге көмектеспей оған кедергі жасауы да мүмкін.

Тақтаға сурет салудың бірізділігін көрсету барысында біз схемалық сурет салудан, заттың көрінісін бөлшектерімен бейнелеуге өтеміз. Сурет салудың алғашқы кезеңінде сурет құрылысын белгілі схемаға салусыз өте алмайды. Бұл, мысалы, қайынның жапырағын көпқырлы геометриялық формаға, көбелекті-трапеция ішіне, горизонталь және вертикаль ось сызықтарын жүргізу түрінде көрініс табады. Мұндай зат құрылысын салудың қосымша сызықтарды пайдалану әдістері бейне көрінісін салуды дұрыс бастап, дұрыс жалғастыруға жол ашады.

Бастауыш мектепте тақтаға салған суретті оқушылардың бейнелеу жұмысы кезінде қалдыруға болмайды. Себебі оқушылар тақтадағы дайын суретті көшірумен айналысып, нұсқаға қарап сурет салудың қажеттігін ұмытады.

Бірінші сыныптың бірінші сабағынан бастап оқушыларға дұрыс отыру, қалам мен өшіргішті пайдалану ережелерін, сонымен қатар альбом мен қағазға дұрыс орналастыру ережелері үйретіледі.Сурет қағазын сурет салу кезінде айналдыруға болмайтындығы айтылады. Егер формат оқушының алдында жатса, мұғалімнің түсіндіруіне ал оқушының түзу сызықтық бағыттарын түсінуіне жеңіл болады.

Сурет салу барысында оқушы еркін және түзу отыруы қажет. Бастауыш мектеп мұғалімі оқушының түзу отыруын, суретті қол созым жерде ұстауын және өз суреті мен нұсқаны үнемі салыстырып отыруына басшылық жасайды. Алғашқы кезде қол саусақтары қозғалысының еркін болуына үлкен көңіл бөлінуі тиіс. Қолдың бостандық қозғалысының дамуы сурет салу дағдыларының дамуымен қатар басқа пәндердегі әріптер мен цифрларды жазуына да жеңілдік туғызады.

Сонымен қатар сабақта оқушылар түзу сызық сызу үшін сызғыш, қорап, панель құралдарын жиі пайдаланатындығы жиі кездеседі. Сондықтан оқушыларға барлық сызық қолмен, құралдың жәрдемінсіз, көз мөлшерімен салынатындығы айтып түсіндіріледі.

3. Оқушылардың өзіндік жұмысы. Жаңа материалдарды түсіндірген соң балалар сурет салуға кіріседі. Мұғалім балалардың салған суретін мұқият бақылайды. Балалардың сурет салу кезінде мұғалім сыныпты аралап, ескертулер жасап, кейбіреулеріне қосымша түсініктемелер беріп, кейбір жағдайда балалардың суретіндегі қателерді жөндейді.

Бастауыш мектептегі көптеген оқушылар мұғалімнің алдын ала жасаған ескертпелеріне қарамастан суретті қағаз бетінің өлшеміне сай қылмай кіші етіп бейнелеуге бейім тұрады. Мұндай жағдайда мұғалім бейнені қағаз бетіне қалай дұрыс орналастыруға болатындығын балаларға ескертіп, суретті қағаз бетіне дұрыс орналастыру, қағазды салынатын заттың формасына байланысты ұзындығынан немесе биіктігінен орналастыру керектігін көрсетеді.

Жіберілген қателіктер дер кезінде көрсетілуі тиіс. Жеке балалармен жұмыс үлгермеушілікті болдырмау жолындағы ерекше маңызды жұмыс. Бастауыш мектеп мұғалімі әр уақытта оқушылардың құрамының бәрі бірдей талант емес екендігін ескеруі тиіс. Олардың ішінде кішкене де болса қабілеттілері де, кішкене де болса дамығандары болады, кейбір оқушылар не істеу керектігін бірден түсінсе, кейбіреулері қосымша, жеке түсіндіруді қажет етді. Оқу материалын оқушылар бірқалыпты түсінуі үшін, үлгермеушілерге көп көңіл бөлуді қажет етеді, олардың жұмысын барлық уақытта бақылап, олардың сергектік сезімін туғызып, өздерінің қабілетіне деген сенімділікті арттырады.

Сонымен қатар бастауыш мектептегі мұғалім өз оқушыларының жаман және әлсіз жұмыстарына жайбарахат қарауға болмайды. Педагог оқушылардан суретті асықпай салуын, бейненің сапасына нұсқан келтірмеуін талап етеді. Әдетте, кіші жастағы балалар суретті тез салады. Бастауыш мектептегі мұғалім суретті қалай салу керектігін түсіндіріп болысымен оқушылар салған суреттерін көрсетуге асығып жатады. Мұндай орындаудағы жылдамдық, балалардың өз әрекеттерін талдауға әдеттенбегендігін, жұмыс тек қана бірінші көрген әсермен жүйесіз салынғандығын көрсетеді. Бұл жерде мұғалімнің бейне құрылымын салудың әдістемелік бірізділігіне мұқият көңіл аударуын қажет етеді. Әдетте балалар бейнені жеңіл, әзер көрінетін сызықтармен салудың орнына, өшіргішпен өшіріп жөндеуге қиындық туғызатын, айқын және өте қара сызықтармен белгілейді. Олар алғашқы кезде қалам мен қағазға әзер дегенде үйреніп, қаламды қағазға бар күшімен батыра сурет салып, бейнедегі қатені жөндеуге болатын мүмкіндіктен өзінен-өзі айырылып қалады.

Бақылау сұрақтары:

1. Бастауыш сыныпта бейнелеу өнерін оқытудың мақсаты.

2. Сабақтың құрылымы мен барысы.

3. Бастауыш мектепте бейнелеу өнері пәнін ұйымдастырудың басты талаптары.

4. Бастауыш мектепте бейнелеу өнерін оқытудың ерекшеліктері қандай.

13-лекция. Тақырыбы: Мектепалды дайындығы тобында затқа қарап сурет салу сабақтарын ұйымдастыру әдістемесінің тарихы

Лекция жоспары:

1. Мектепалды дайындығы тобында затқа қарап сурет салуды қалыптастыру

2. Сабақтарды ұйымдастыру әдістері

Лекция мақсаты: Студенттерді мектепалды дайындығы тобында затқа қарап сурет салу сабақтарын ұйымдастыру әдістемесінің тарихы мен қалыптасуын жаңа мағлұматтармен таныстыру.
Лекция мәтіні.

1. Бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнері сабақтарын Лекция жоспарылау мен ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері бар педагогикалық іс әрекет болып табылады.. Бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнері сабақтары нұсқаға қарап сурет салу сабағы, тақырыптық сурет салу сабағы, сәндік сурет салу сабағы, аппликациялық сурет салу сабағы, мүсін сабағы және бейнелеу өнері туралы әңгіме сабағы болып бірнеше түрлерге бөлінеді. Мысалы, нұсқаға қарап сурет салу сабақтарында оқушыларды негізінен белгілі заттарды бейнелеуге үйретіледі. Бірақ оларға зат көлемін, сол нәрсенің кеңістікте орналасқандығын бейнелеу оңайға түспейді. Балалар кейде зат контурын бейнелеумен шектеліп, жарық пен көлеңкенің деңгейін ажыратып көрсете алмайды.

Қандай зат болмасын оның формасы бізден алыстаған сайын кішірейіп көрінеді. Бұл құбылыс перспективаның заңдылығына байланысты. Оқушылар сурет салу кезењінде перспектива заңдылығына мән бермеуінен көптеген қателіктер жібереді. Бұл қателіктер қағаз бетінде кеңістікті бейнелеуге белгілі дәрежеде кедергі жасайды. Кеңістікті бейнелеу орындау техникасымен байланысты. Күрделі формалы заттар үлкенді-кішілі бірнеше бөліктерден тұрады. Бұл зат бізден алыс тұрса оның ұсақ бөлшектері анық көрінбейді. Заттың кеңістіктегі осындай күйін көптеген оқушылар штрихтармен дұрыс көрсете алмайды. Дөңес жазықтарды түзу сызықтармен штрихтау, жарық пен көлеңкенің дөңес жазықтық бетінде орналасуы сипатын түсінбеу, жазықтықтар шекараларын контур сызықтармен бөліп қою сияқты қателіктер, заттың кеңістікте тұрғандығын бейнелеуге кедергі жасайды. Оқушылардың бейнелеу жұмыстарындағы жиі байқалатын мұндай қателіктер кеңістік ұғымдарын қалыптастыру, кеңістікті бейнелеу мәселелерін әдістемелік дұрыс жолға қою қажеттігіне көз жеткізеді. Сондықтан оқушылардың кеңістік туралы ұғымдарын қалыптастыру үшін мұғалімнің жүйелі түрде педагогикалық басшылығы қажет. Оны тұжырымға орай, кеңістік ұғымын балаларға үйрету мақсатындағы сабақты мынадай үлгіде өтуді ұсынамыз.

Сабақтың тақырыбы: құмыра, табақ және қасықтың суретін салу.

Сабақтың мақсаты: заттардың суретін салудың барысында кеңістік ұғымдарын қалыптастыру. Кеңістік бейнелеу әдістерін үйрету, «пропорция», «перспектива», «форма» туралы түсініктер беру.

Сабақтың көрнекілігі: нұсқа ретінде қоюға арналған құмыра, табақ және қасық. Кеңістік ұғымын түсіндіруге арналған таблицалар сериясы. Олар мынадай тақырыптарға арнап жасалынады:


  1. Пропорция;

  2. Перспектива;

  3. Штрихтау әдістері;

  4. Форманы шығарумен тоналдық катынастар;

  5. Бейнелеудің бірізділігі;

  6. Өнер шығармаларының репродукциялары.

Сабақта қолданылатын әдістер: баяндау, сұрақ жауап, демонстрациялау, оқушыларға жеке көрсету және тақтаға жеке бөлшектерді салып көрсету.

Сабақтың барысы: сабақты ұйымдастыру кезеңінен соң, көрнекілік құралдарды тақтаға іліп, жаңа сабақты түсіндіруге көшеміз. Балалар, біз қандай затты қағаз бетіне бейнелеу үшін оның кеңістікте орналасу сипатына көңіл бөлуіміз керек? Себебі бейнелейтін заттардың бәрі де кеңістікте болады. Мысалы, даладағы өсіп тұрған ағаштар, өсімдіктер, бөлменің ішіндегі заттардың бәрін де кеңістік қоршап тұрады. Сондықтан заттың суретін салып қою жеткіліксіз. Біз заттың формасын дұрыс бейнелеумен қатар ол заттың бейнесінің кеңістікте орналасатындығын көрсетсек суретіміз сапалы шығады.

Бейнеленген заттың кеңістікте тұрғандығын көрсету үшін штрихтау мен нұсқадағы жарық, көлеңкенің қатынастарына үнемі назар аударып отыру қажет. Кеңістіктегі орналасқан қандай зат болмасын оның белгілі формасы болады. Мысалы, алма – шардың, шелек – қиық конустың, жәшік – төрт бұрыштың формаларына ұқсас болып келеді. Ал кейбір заттар бірнеше геометриялық формалардан құралады. Мысалы, үйдің көрінісі үш бұрыш пен төртбұрыштың жиынтығынан, құмыра – қиық конус пен шардың жиынтығына ұқсайды. Осыған байланысты суретте кеңістікті көрсету үшін бейнеленетін заттың формасына мән беріп отыру керек.

Қағаз бетінде кеңістікті көрсету үшін зат формасының перспективалық қысқаруын бейнелеуді дұрыс меңгерген жөн. Жол бойына орналасқан электр сымдары бағаналар бізден алыстаған сайын біртіндеп кішірейе береді. Темір жолдың бойындағы бағаналар мен рельс те алыстап бір-біріне қосылатын сияқты болып көрінеді. Рельстер мен бағаналардың арасы да жақындай түседі. өлшемдердің алыстаған сайын кішірейіп көріну құбылысы – перспектива деп аталады.

Сабақтағы кеңістік туралы түсінік беру барысында оқушыларға К.Шаяхметовтың «Туған ауылда», А.Черкасскийдің «Қараағаштар», Ә.Қастеевтің «Биік таудағы мұз айдыны», Е.Сидоркиннің «Қазақ халық ертегілеріне жасаған иллюстрациялары», М.Кенбаевтың «Асауды тұсау» атты картиналарының репродукциялары көрсетіліп перспектива жайлы әңгіме қозғалады. Картина көріністеріне қарап, олардың өлшемдерінің перспективалық қысқаруына назар аударып отыру керек. Табиғаттағы өлшемдер қатынастары әр түрлі. Мысалы, өлшемдер бірдей заттардың алыста тұрғандары жақындағысына қарағанда кіші болып көрінеді. Қандай заттың суретін салу барысында болмасын олардың өлшемдерінің қатынасын дұрыс таба білу кеңістікті бейнелеп шығаруға жәрдемін тигізеді.

Түстердің, жарық пен көлеңкенің белгілі жазықтық бетіндегі деңгейлерін ажыратып тани білу кеңістікті бейнелеудің барысында өте маңызды әрекеттердің бірі болып табылады. Заттың бетіне түскен жарықтың мүмкіндіктері арқылы заттың көлемін білеміз. Мысалы, біз мүлде қараңғы бөлменің ішінде тұрмыз делік, онда бөлме ішінде қандай зат бар екендігін көре алмаймыз. Ал егер терезеден сәл ғана жарық түсірсек, бөлмедегі заттар көріне бастайды. Заттардың көлемі айқын байқалады. Себебі, жарық түсіп тұрғанда бөлмедегі заттың бетінде «көлеңке», «жартылай көлеңке», сол сияқты заттың астындағы нәрсеге түсіп тұрған көлеңкесі болады. Сондықтан заттың бетіне түскен осындай бірнеше көлеңкелердің негізінде кеңістіктегі белгілі форма бізге көру арқылы сезіледі.

Заттың кеңістіктегі формасын бейнелеу үшін штрихтаудың маңызы ерекше. Қандай зат болмасын белгілі жазықтықтардың жиынтығынан құралады. Мысалы, столдың беті тегіс жазықтық болса, алманың, шелектің, құмыраның, тарелканың беттері дөңес жазықтықтардан құралады. Зат бейнесін шығару үшін осы жазықтықтарды штрихтаудың ерекшеліктері бар. Егер екі жазықтықты бір бағытқа штрихтасақ, суреттегі кеңістік дұрыс көрінбейді. Сондықтан жазықтықтарды түзу сызықтармен дөңес жазықтықтарды доғал сызықтармен штрихтау қажет. Егер екі бірдей тегіс жазықтық қатар орналасса, бұл жазықтықтар түзу сызықтармен екі түрлі бағытқа штрихталады.

Заттың кеңістіктегі көрінісін бейнелеуде сол нәрсенің бізден алыс немесе жақын орналасқандығын көрсете білудің рөлі ерекше. Мысалы, бейнелейтін үш зат үстел бетіне орналасқан делік. Бұл заттардың ішіндегі табақ пен қасық бізге жақын тұр, ал құмыра бұларға қарағанда алысырақ. Бейнелеу өнерінде алдыңғы көрініс, ортаңғы көрініс, соңғы көрініс деген түсініктер кеңістік ұғымын білдіреді. Кеңістіктегі суретшіге ең жақын орналасқан заттардың бейнесі алдыңғы көрініс деп, ол көріністердің арғы жағындағы бейнелер ортаңғы және соңғы көріністер деп аталады. Заттардың кеңістіктегі орналасу жағдайын көрсету үшін алдыңғы көріністегі бейнелерді анық етіп, штрихтан, соңғы көріністегі бейнелерді оған қарағанда бұлыңғырлау етіп көрсету орынды. Біздің перспектива, пропорция, форма, жарық-көлеңке қатынастары, орындау техникасы жайлы түсініктер беруіміздің нәтижесінде оқушылардың алғашқы кеңістік туралы ұғымдарын қалыптастыра бастаймыз. Кіріспе ретіндегі кеңістік туралы түсініктерімізді жаңа сабақты түсіндіру барысында жалғастыра түсеміз.

Жаңа сабақты түсіну мен бейнелеудің бірізділігін мынадай кезеңдерге бөлдік. Бейнелеудің бірінші кезеңі – заттардың бейнесін қағаз бетіне орналастыру. Бұл кезеңде заттардың столдың бетінде, столдың тақтаға тиіп тұрғандығын, тақтаның вертикаль, стол бетінің горизонталь орналасқандығына назар аударып отыру қажет.

Екінші кезең – заттардың конструкциялық құрылысын бейнелеуге көшеміз. Олардың қандай геометриялық формаларға ұқсайтындығына талдаулар жасаймыз. Өлшемдердің пропорциялық қатынастарын көрсетіп, алдымен үлкен өлшемдерін, онан соң кіші өлшемдерін салыстырамыз. Сондай-ақ өлшемдердің перспективалық құбылысына байланысты көшірілуіне көңіл аударып отырдық.

Үшінші кезеңде – нұсқадағы жарық пен көлеңкенің деңгейлер қатынасына талдаулар жасап, оқушыларға нұсқаның ең жарық бөлігі, ең қараңғы бөлігі және олардың аралықтарындағы көлеңкелер деңгейін көрсеттік.

Төртінші кезеңде – бейнелеу техникасына талдаулар жасап, формаға байланысты штрихтардың өзгеру сипатын түсіндіріп, кейбір оқушыларға жеке көмек көрсетіп отырдық. Оқушылардың кеңістік ұғымдарын қалыптастыруда үшінші және төртінші кезең шешуші рөл атқарады. Себебі балалар өздерінің кеңістік туралы түсініктерін осы кезеңдерді орындау барысында іс жүзіне асырады. Дегенмен, бұл кезеңдерде мұғалімнің жәрдемі өте қажет. Педагогикалық ықпал болмаса, оқушылар жарық пен көлеңкелердің қатынастарын ажырата алмайды. Екі жазықтықты бір бағытқа штрихтайды, жарық пен көлеңкенің арасындағы жартылай көлеңкені бейнелеуге мән бермей олардың арасын контур түрінде қалдырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет