Лекция: 30 сағат Семинар: 15 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат: 135 сағат Аралық бақылау: (АБ) -60 б



бет4/6
Дата25.12.2016
өлшемі2,51 Mb.
#5011
түріЛекция
1   2   3   4   5   6

Бақылау сұрақтары:

1. Леонардо да Винчи Л.Альберти, А.Дюрер сынды суретшілердің бейнелеу өнері әдістемесіне қосқан үлесі қандай.

2. Қайта өркендеу дәуіріндегі бейнелеу өнері әдістемесінің құрылуы қандай кезеңдерден өтті.

3. Қайта өркендеу дәуіріндегі сурет салудың өзіндік ерекшеліктері қандай болды.

4. Дәуірдегі қандай суретшілердің туындыларын білесің.

14-лекция. Тақырыбы: Бастауыш мектептегі бейнелеу өнерін оқытудың дидактикалық ұстанымдары

Лекция жоспары:

1. Бейнелеу өнерін оқытудағы дидактикалық талаптар

2. Бастауыш мектептегі бейнелеу өнерін оқытудың әдіс тәсілдері

Лекция мақсаты: Бастауыш мектептегі бейнелеу өнерін оқытудың дидактикалық ұстанымдарын оқыту, таныстуру арқылы студенттердің білім деңгейін жоғарылату.
Лекция мәтіні.

1. Бастауыш мектептегі бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі өзінің қағидаларын жасауда педагогика ғылымының ғылыми мәліметтеріне сүйенеді. Бірақ педагогика ғылымы, практикасыз оқыту өнерін меңгеру нәтижесіне жете алмайды. Ол тек қана жалпы қағидаларды көрсетумен ғана шектеледі. Осыған керісінше жалғыз оқыту әдістемесі педагогикасыз мұғалімге оқу үдерісін дұрыс құра білуге мүмкіндік бере алмайды. Мұғалім бастауыш мектептегі педагогикалық қызметін сәтті жүргізу үшін, оған қазіргі дидактиканың негізгі қағидаларын жақсы біліп, оны практикада шығармашылықпен қолдана білуі тиіс.

Педагогика ғылымы оқыту мен тәрбиені танымдық, диалектикалық материализм тұрғысынан алғанда дидактикалық ұстанымдар жүйесін анықтайды. Сондықтан тәрбиелей отырып оқыту және идеялық бағыттылық принципі басты орын алады.

Диалектикалық дүниетаным мен адамгершілік тәрбиесін беру қазіргі мектептің негізгі міндеттерінің бірі. Бейнелеу өнері тәрбиелеп қана қоймай адамға қоршаған ортаны тануға көмектеседі. Білім беру, жолы оқушыны ғылыми мәліметтерге негізделген лайықты білімге апаруға тиіс. Бұл жерден екінші ұстаным – ғылымилық ұстанымы туындайды.

Мұнан соң көрнекілік ұстанымдар принципін айтуға болады. Балаларға меңгертілетіндердің бәрі көру арқылы қабылдауға негізделуі тиіс. Бұл бізден заттар мен құбылыстарға таным негізі ретінде қарауды талап етеді. Оқушылардың білімінің шыншылыдығына практика көз жеткізеді. Сондықтан да оқушылардың саналылығы мен белсенділігі ұстанымдары дидактикалық ұстанымдарының маңыздыларының бірі.

Балалар өз, білімдерін нақты және берік меңгергенде ғана оларды қолдануға мүмкіндік алады. Осыдан келіп білімді меңгерудің беріктілігі ұстанымы шығады.

Бейнелеу өнерін оқыту барысында қолданылатын ұстанымдардың бірі-жүйелілік ұстанымдар ұстанымы. Бейнелеу өнерін оқыту белгілі бір жүйеге құрылады. Заттардың суретін салудың өзі бірінші - заттың өлшемдерінің қатынастарын айқындау, формаларына талдау, кеңістіктегі орнына сипаттама беру; екінші зат құрлысын қағаз бетінде жобалау, зат құрлысын салу, формасын шығару, кеңістіктегі қалпын көрсету сияқты үлкен екі жүйеден тұрады

Оқыту барысында біз оқушыларды аз білімнен, көпке, жұмыстың қарапайым дағдыларынан күрделі, дағдыларын меңгертуге басшылық көрсетеміз. Бұл жерде біз жүйелік пен бірізділік ұстанымдарын басшылыққа аламыз, ал бұлар оқытудың лайықтылық ұстанымымен тығыз байланысты.

Сонымен мұғалім өзінің педагогикалық қызметінде тәрбиелей отырып оқытушылық, ғылымилық көрнекілік, саналылық және белсенділік, лайықтылық, меңгерген білімінің беріктігі ұстанымдарын басшылыққа алады. Енді, бейнелеу өнерін оқытуға байланысты осы ұстанымдарды қолдануға байланысты мәселелерді қарастырамыз.

Дидактика гректің “didaktikos” деген сөзінен шыққан. “Оқытамын” білдіремін деген мағынаны білдіреді. Дидактика - педагогиканың негізгі бөлімі. Бұл бөлімді оқыту теориясы деп атайды.

Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі болашақ мұғалімдерді, оқушыларға көркемдік білім беруге эстетикалық тәрбие беруге және олардың жеке тұлғалық қабілеттерін қалыптастыруға дайындау мақсатын көздейді.

Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің негізгі мәселелері: бейнелеу өнерін оқыту үрдісі; бейнелеу өнерін оқыту заңдылықтарын ашу; көркемдік білімнің мазмұнын ашу; бейнелеу өнерін оқытудың формаларын айқындау; бейнелеу өнерін оқытудың тиімді әдістерін айқындау; бейнелеу өнерін оқытуды ұйымдастыру жолдарын айқындауды талап етеді.

Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнерін оқытудың мақсаты оқушыларға көркемдік білім беру, эстетикалық тәрбие беру және олардың жеке тұлғалық қабілеттерін дамыту болып табылады. Бейнелеу өнерін оқытудың негізгі категорияларына, бейнелеу өнерін оқыту процесі (үдерісі); оқу үрдісі; оқыту үрдісі; оқыту принциптері; көркемдік білім беру мазмұны, оқытуды ұйымдастыру формалары кіреді. Бейнелеу өнерін оқыту үрдісі осы пән мұғалімнің оқушыларға көркемдік білім мен бейнелеу іскерліктерін, дағдыларын меңгертуге бағытталған іс-әрекеті болып табылады.

Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларға көркемдік білім беріледі. Көркемдік білім берудің мазмұнын бейнелеу өнері негіздерін құрайтын білімдер мен бейнелеу дағдыларының жүйесінен құралады.

Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнерін оқыту ұстанымдар– оқыту үдерісінің тиімділігін арттыруға қажетті дидактикалық талаптардан құралады. Олар көрнекілік, ғылымилық, бірізділік, жүйелілік, өмірмен байланыстылық, лайықтылық, саналылық түрлеріне бөлінеді.

Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнерін оқыту әдісі дегеніміз - мұғалімнің бейнелеу өнері сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының бейнелеу іс-әрекетіне басшылық ету тәсілдерінің жүйесі. Оқыту әдісі арқылы оқушыларды көркемдік біліммен, бейнелеудің іскерліктері мен дағдыларымен қаруландырады. Оқыту әдісі -мұғалім мен оқушы арасындағы танымдық – педагогикалық әрекет болып табылады. Бұл оқушы үшін танымдық - бейнелеу іс-әрекет болса, мұғалім үшін, оқушының көркемдік білімді меңгеруіне басшылық жасау мақсатын көздейтін қызмет. Оқыту әдісі арқылы мұғалім оқушының танымдық практикалық іс-әрекетіне жетекшілік жасайды.

Оқытуды ұйымдастыру формасы дегеніміз - мұғалім мен оқушының арнайы ұйымдастырған, тәртіп пен режимде жүргізілетін оқулық – танымдық іс-әрекет үдерісі.

Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнерін оқыту үдерісі – бейнелеу өнерінің негіздерін құрайтын білімдер жүйесін меңгерту мен бейнелеу икемділігі мен дағдыларын оқушыларға меңгертуге, жеке бастың жан-жақты дамуы мен ақыл-ой тәрбиесінің алдында тұрған міндеттерді шешуге арналған мұғалімнің іс-әрекеті деп түсінеміз. Бейнелеу өнерін оқыту үдерісі -мұғалім мен оқушының тану мен бейнелеуге бағытталған іс-әрекетінің қосындысы. Оқыту оқушының тану мен практикалық қимылдарды меңгеруге бағытталған іс-әрекеті үдерісі.

Бастауыш сыныптарда оқыту үдерісі оқыту теориясына негізделеді. Оқыту теориясы өз дамуында үш негізге сүйенеді. Олар: 1) оқыту теориясының шартты заңдарының философия ғылымы негізінде дамитындығы. 2) өткен заманнан қалған педагогикалық прогресшіл ұлы мұраның осы күнгі оқыту теориясын дамыту үшін бірден-бір білімнің сарқылмайтын қайнар көзі болып табылатындығы; 3) мектептердегі мұғалімдердің озық тәжірибелерінің оқыту теориясының дамуына ықпалы. Оқу үдерісі негізінде педагогтың өзіне тән даралық қолтаңбасы мен шығармашылығы қалыптасады.

Бастауыш сыныптардағы оқу үдерісі -ақиқат дүниені танып білу үдерісі. Ал танып білу ақиқат дүниенің адамның сана сезімінде бейнеленуі. Адамның сана-сезіміндегі ақиқат дүниенің бейнелену жолын мынадай формуламен көрсетуге болады: нақты пайымдаудан австрактілік ойлауға және онан практикаға көшу, ақиқатты тану обьективтік реалдық шындықты танудың диалектикалық жолы болады.

Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнерін оқу үдерісі бейнелеудің практикалық икемділіктері мен дағдыларын меңгеруге бағытталған оқушы мен мұғалімнің іс-әрекеті түрінде де қарастырылады. Оқу үдерісі ақыл-ой тәрбиесін беруге арналған оқушы мен мұғалімнің іс-әрекеті.

Бастауыш сыныптарда оқу үдерісіндегі оқушылардың таным әрекетінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Олар атап айтқанда:

1.Оқушылар ғылымдар зерттеген жүйені өздігінен оқу арқылы танып біледі. Олар ғылымның ашылған жетістіктерін игереді.

2.Оқушылардың таным қабілеттерін дамыту үшін бейнелеу өнері пәні бойынша маңызды білімдер негіздері іріктеліп алынады.

3. Оқу процесінің ерекшелігі оқушылардың оқуды әрі қарай жалғастыруға және өз бетінше еңбек әрекетіне дайындалуына қажетті іскерлік пен дағдыны игеру болып табылады.

4. Бейнелеу өнері сабағындағы таным үдерісі тек білім берушілік қана емес, сонымен қатар тәрбиелеушілік, дамытушылық сипатта болады. Білімді игеру барысында оқушылардың көзқарастары мен сенімдері қалыптасады.

5. Оқушылардың таным үдерісі олардың жастарына сай ұйымдастырылады.

6. Бейнелеу өнері сабақтарында таным үдерісі мұғалімнің бағыттаушылық рөлімен байланысты іс жүзінде асырылады.

Бақылау сұрақтары:

1. Бейнелеу өнерін оқытудағы дидактикалық талаптары қандай.

2. Бастауыш мектептегі бейнелеу өнерін оқытудың әдіс тәсілдерінің ерекшелігі.

3. Бейнелеу өнеріндегі дидактикалық мәселелер.

4. Бастауыш мектепте бейнелеу өнерін оқытуда қандай дидактикалық талаптар қойылады.

15-лекция. Тақырыбы: Бастауыш сыныпта нұсқаға қарап сурет салу сабақтарын

ұйымдастыру әдістемесінің тарихы



Лекция жоспары:

1. Нұсқаға арап сурет салу құралдары

2. Сабақты ұйымдастыру әдістері

Лекция мақсаты: Бастауыш сыныпта нұсқаға қарап сурет салу сабақтарын ұйымдастыру әдістемесінің тарихын студенттерге таныстыру.

Лекция мәтіні.

1. Бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнері сабақтарын Лекция жоспарылау мен ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері бар педагогикалық іс әрекет болып табылады.. Бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнері сабақтары нұсқаға қарап сурет салу сабағы, тақырыптық сурет салу сабағы, сәндік сурет салу сабағы, аппликациялық сурет салу сабағы, мүсін сабағы және бейнелеу өнері туралы әңгіме сабағы болып бірнеше түрлерге бөлінеді. Мысалы, нұсқаға қарап сурет салу сабақтарында оқушыларды негізінен белгілі заттарды бейнелеуге үйретіледі. Бірақ оларға зат көлемін, сол нәрсенің кеңістікте орналасқандығын бейнелеу оңайға түспейді. Балалар кейде зат контурын бейнелеумен шектеліп, жарық пен көлеңкенің деңгейін ажыратып көрсете алмайды.

Қандай зат болмасын оның формасы бізден алыстаған сайын кішірейіп көрінеді. Бұл құбылыс перспективаның заңдылығына байланысты. Оқушылар сурет салу кезењінде перспектива заңдылығына мән бермеуінен көптеген қателіктер жібереді. Бұл қателіктер қағаз бетінде кеңістікті бейнелеуге белгілі дәрежеде кедергі жасайды. Кеңістікті бейнелеу орындау техникасымен байланысты. Күрделі формалы заттар үлкенді-кішілі бірнеше бөліктерден тұрады. Бұл зат бізден алыс тұрса оның ұсақ бөлшектері анық көрінбейді. Заттың кеңістіктегі осындай күйін көптеген оқушылар штрихтармен дұрыс көрсете алмайды. Дөңес жазықтарды түзу сызықтармен штрихтау, жарық пен көлеңкенің дөңес жазықтық бетінде орналасуы сипатын түсінбеу, жазықтықтар шекараларын контур сызықтармен бөліп қою сияқты қателіктер, заттың кеңістікте тұрғандығын бейнелеуге кедергі жасайды. Оқушылардың бейнелеу жұмыстарындағы жиі байқалатын мұндай қателіктер кеңістік ұғымдарын қалыптастыру, кеңістікті бейнелеу мәселелерін әдістемелік дұрыс жолға қою қажеттігіне көз жеткізеді. Сондықтан оқушылардың кеңістік туралы ұғымдарын қалыптастыру үшін мұғалімнің жүйелі түрде педагогикалық басшылығы қажет. Оны тұжырымға орай, кеңістік ұғымын балаларға үйрету мақсатындағы сабақты мынадай үлгіде өтуді ұсынамыз.

Сабақтың тақырыбы: құмыра, табақ және қасықтың суретін салу.

Сабақтың мақсаты: заттардың суретін салудың барысында кеңістік ұғымдарын қалыптастыру. Кеңістік бейнелеу әдістерін үйрету, «пропорция», «перспектива», «форма» туралы түсініктер беру.

Сабақтың көрнекілігі: нұсқа ретінде қоюға арналған құмыра, табақ және қасық. Кеңістік ұғымын түсіндіруге арналған таблицалар сериясы. Олар мынадай тақырыптарға арнап жасалынады:


  1. Пропорция;

  2. Перспектива;

  3. Штрихтау әдістері;

  4. Форманы шығарумен тоналдық катынастар;

  5. Бейнелеудің бірізділігі;

  6. Өнер шығармаларының репродукциялары.

Сабақта қолданылатын әдістер: баяндау, сұрақ жауап, демонстрациялау, оқушыларға жеке көрсету және тақтаға жеке бөлшектерді салып көрсету.

Сабақтың барысы: сабақты ұйымдастыру кезеңінен соң, көрнекілік құралдарды тақтаға іліп, жаңа сабақты түсіндіруге көшеміз. Балалар, біз қандай затты қағаз бетіне бейнелеу үшін оның кеңістікте орналасу сипатына көңіл бөлуіміз керек? Себебі бейнелейтін заттардың бәрі де кеңістікте болады. Мысалы, даладағы өсіп тұрған ағаштар, өсімдіктер, бөлменің ішіндегі заттардың бәрін де кеңістік қоршап тұрады. Сондықтан заттың суретін салып қою жеткіліксіз. Біз заттың формасын дұрыс бейнелеумен қатар ол заттың бейнесінің кеңістікте орналасатындығын көрсетсек суретіміз сапалы шығады.

Бейнеленген заттың кеңістікте тұрғандығын көрсету үшін штрихтау мен нұсқадағы жарық, көлеңкенің қатынастарына үнемі назар аударып отыру қажет. Кеңістіктегі орналасқан қандай зат болмасын оның белгілі формасы болады. Мысалы, алма – шардың, шелек – қиық конустың, жәшік – төрт бұрыштың формаларына ұқсас болып келеді. Ал кейбір заттар бірнеше геометриялық формалардан құралады. Мысалы, үйдің көрінісі үш бұрыш пен төртбұрыштың жиынтығынан, құмыра – қиық конус пен шардың жиынтығына ұқсайды. Осыған байланысты суретте кеңістікті көрсету үшін бейнеленетін заттың формасына мән беріп отыру керек.

Қағаз бетінде кеңістікті көрсету үшін зат формасының перспективалық қысқаруын бейнелеуді дұрыс меңгерген жөн. Жол бойына орналасқан электр сымдары бағаналар бізден алыстаған сайын біртіндеп кішірейе береді. Темір жолдың бойындағы бағаналар мен рельс те алыстап бір-біріне қосылатын сияқты болып көрінеді. Рельстер мен бағаналардың арасы да жақындай түседі. өлшемдердің алыстаған сайын кішірейіп көріну құбылысы – перспектива деп аталады.

Сабақтағы кеңістік туралы түсінік беру барысында оқушыларға К.Шаяхметовтың «Туған ауылда», А.Черкасскийдің «Қараағаштар», Ә.Қастеевтің «Биік таудағы мұз айдыны», Е.Сидоркиннің «Қазақ халық ертегілеріне жасаған иллюстрациялары», М.Кенбаевтың «Асауды тұсау» атты картиналарының репродукциялары көрсетіліп перспектива жайлы әңгіме қозғалады. Картина көріністеріне қарап, олардың өлшемдерінің перспективалық қысқаруына назар аударып отыру керек. Табиғаттағы өлшемдер қатынастары әр түрлі. Мысалы, өлшемдер бірдей заттардың алыста тұрғандары жақындағысына қарағанда кіші болып көрінеді. Қандай заттың суретін салу барысында болмасын олардың өлшемдерінің қатынасын дұрыс таба білу кеңістікті бейнелеп шығаруға жәрдемін тигізеді.

Түстердің, жарық пен көлеңкенің белгілі жазықтық бетіндегі деңгейлерін ажыратып тани білу кеңістікті бейнелеудің барысында өте маңызды әрекеттердің бірі болып табылады. Заттың бетіне түскен жарықтың мүмкіндіктері арқылы заттың көлемін білеміз. Мысалы, біз мүлде қараңғы бөлменің ішінде тұрмыз делік, онда бөлме ішінде қандай зат бар екендігін көре алмаймыз. Ал егер терезеден сәл ғана жарық түсірсек, бөлмедегі заттар көріне бастайды. Заттардың көлемі айқын байқалады. Себебі, жарық түсіп тұрғанда бөлмедегі заттың бетінде «көлеңке», «жартылай көлеңке», сол сияқты заттың астындағы нәрсеге түсіп тұрған көлеңкесі болады. Сондықтан заттың бетіне түскен осындай бірнеше көлеңкелердің негізінде кеңістіктегі белгілі форма бізге көру арқылы сезіледі.

Заттың кеңістіктегі формасын бейнелеу үшін штрихтаудың маңызы ерекше. Қандай зат болмасын белгілі жазықтықтардың жиынтығынан құралады. Мысалы, столдың беті тегіс жазықтық болса, алманың, шелектің, құмыраның, тарелканың беттері дөңес жазықтықтардан құралады. Зат бейнесін шығару үшін осы жазықтықтарды штрихтаудың ерекшеліктері бар. Егер екі жазықтықты бір бағытқа штрихтасақ, суреттегі кеңістік дұрыс көрінбейді. Сондықтан жазықтықтарды түзу сызықтармен дөңес жазықтықтарды доғал сызықтармен штрихтау қажет. Егер екі бірдей тегіс жазықтық қатар орналасса, бұл жазықтықтар түзу сызықтармен екі түрлі бағытқа штрихталады.

Бақылау сұрақтары:

1. Нұсқаға арап сурет салу құралдары мен материялдары.

2. Бастауыш мектептегі бейнелеу өнері сабақтарын ұйымдастыру әдістері.

3. Бейнелеу өнеріндегі дидактикалық мәселелер.

4. Бастауыш сыныпта нұсқаға қарап сурет салу сабақтарын ұйымдастыру әдістемесінің тарихы.

4-тарау. Бастауыш мектепте суретті оқыту әдістемесінің тарихы
16-лекция. Тақырыбы: Бастауыш сыныпта тақырыптық сурет салу сабақтарын ұйымдастыру әдістемесінің тарихы

Лекция жоспары:

1. Тақырыптық сурет салу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу

2. Оқушылардың ой өрісін тақытыптық сурет салдыру арқылы дамыту

Лекция мақсаты: Бастауыш сыныпта тақырыптық сурет салу сабақтарын ұйымдастыру әдістемесінің тарихын студенттерге жан жақты таныстыру.

Лекция мәтіні.

1. Бастауыш сыныпта тақырыптық сурет салу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік әдістері бар.Бейнелеу өнері сабақтарының бір түрі – тақырыптық сурет салу сабағында, әсіресе композиция саласымен кеңістікке байланысты ұғымдар жиі қолданылады.Тақырып бойынша салынатын суреттер байқау жєне алдын ала заттың нұсқасына қарап, наброскалар мен қысқа мерзімді суреттер салудың негізінде орындалады. Бұл сабақта оқушылар өз ойларынан сюжетті суреттер салумен қатар ертегі, мысал және өздеріне таныс әдеби шығармалардың мазмұнына сәйкес иллюстрациялар жасауға үйретіледі. Сабақта мұғалім оқушылардың суретіндегі кейіпкерлер мен сюжеттің бейнелі болуына және бейнелеу өнерінің негізгі ұғымдары туралы мәліметтер беруге назар аударып отырады.

Бейнелеу өнерінің басқа сабақтарына қарағанда, бұл сабақты өткізу әдістемесінің өзіндік ерекшеліктері бар. Соның бірі-тақырыптық сурет салу алдындағы дайындық жұмыстары. Біз 5-сынып аясына «Көктемгі жер жырту» деген тақырып бойынша сурет салдыру үшн сабақтан тыс уақытта оқушыларды көктемгі табиғат аясына апарып, дала көріністерімен таныстырдық. Экскурсия кезінде балаларға суреттер салғыздық. Бұл суреттерінен оқушылардың дала көрінісіне, табиғатқа қызығушылықтары байқалады. Олардың көктемгі табиғат көріністеріне назарын аудару үшін мынандай сұрақтар қойдық:

– Көктемгі табиғатта қандай өзгерістер болады? – деп сұрағанымызда олар былай жауап берді:

– Көктемде қар ериді, арықтардан су ағады,

– Ағаштар бүршік жарады.

– Тракторлар жер жыртады.

– Егіс даласына дән себіледі.

Осындай кіріспеден соң біз оқушыларға тракторлардың, ағаштың, егіс даласының, үйлердің нұсқасына қарап наброскалар мен қысқа мерзімдік суреттер салу жолдарын көрсетіп, бейнелеу жұмыстарына жәрдемдесіп отырдық. Бұл кезде оқушылар көріністің жалпы формасын бейнелеуден гөрі ұсақ-түйек бөлшектерін де толық көрсетуге ұмтылып, уақыттарын көп жіберіп алатындығы байқалды. Мұнан соң қысқа мерзімдік суреттерде заттың ұсақ бөлшектерінсіз алыстан қарағандағы көріністеріндей етіп бейнелеудің ұтымдылығын көрсетті. Тақырып бойынша сурет салу дайындық мақсатындағы экскурсия балаларға бейнелеу ұғымдарын беруге қолайлы жағдайдың бірі. Оқушыларға қысқа мерзімді суреттер салдырғаннан кейін алда болатын тақырыптық сурет салу сабағына қажетті кеңістік, сызақтық және ауа перспективасы, көкжиек сызығы пропорция ұғымдарын түсіндіру үшін дала көріністерін көрсете отырып, мысалдар келтірдік. ¤йткені, мұндай ұғымдарды білу баланың өз бетінше сурет салуы үшін өте қажет. Осыған байланысты балаларды әңгімеге тарттық.

– Балалар, мынау көріп тұрған егіс даласында тракторлар жер жыртып жүргенін көріп тұрсыңдар. Олардың біреуі бізге жақындап қалды, ал екіншісі онан әріде келеді, үшіншісі көз ұшында көрінеді. Сендер байқап қарасаңдар өлшемдері бізге әр түрлі болып көрінеді. Ал шын мәнінде тракторлардыњ өлшемдері бірдей емес пе? Бұл не себептен? Бұл перспектива құбылысына байланысты көрініс, белгілі өлшем бізге жақын болған сайын үлкейіп көрінеді. Алыстаған сайын кішірейеді. Сондықтан мына келе жатқан тракторлардың кеңістіктегі көріністері, өлшемдері әр түрлі. Қараңдар, ортадағы тракторлармен салыстырғанда алда келе жатқан тракторлардың өлшемі үлкен де, алыстағыларының өлшемі кіші болып көрінеді. Мәселен, кеңістіктегі адамдарға, ағаштарға, телеграф бөренелеріне қарасаңдар осындай ерекшеліктерді байқаймыз.

Мұнан соң оқушыларды ертіп жақын жердегі төбенің басына көтерілдік. Мұндағы мақсатымыз – кеңістіктің сипаты туралы түсініктер беріп, перспектива туралы ұғымдарын тереңдете түсу.

– Балалар, жан-жағымызға қарасақ, белгілі бір көрініспен біздің арамызды ауа кеңістігі бөліп тұрғандығын салыстыру арқылы байқауға болады. Мысалы, ауылдың бергі бетіндегі ағаштардың түстері жасыл көк екендігі анық көрінеді, ауылдың арғы жағындағы ағаштардың түсінде көкшіл түстер басымдау және бұлыңғырлау болып көрінеді. Сондай-ақ, алыстағы фосфор зауытының көрінісі де бұлыңғыр болып өзгерген. Көріністердің кеңістіктегі бұл құбылысы көрініс пен біздің арамыздағы кеңістіктегі ауа қабаттарының әсері. Бұл құбылысқа байланысты суретшілер өз картиналарында жақындағы көріністерді анық етіп, алыстағы көріністі бұлыңғыр етіп бейнелейді. Бұл құбылыс ауа перспективасы деп аталады.

Сонымен, балалар, кеңістіктің қандай түрі болмасын онда сызықтық және ауа перспективасы болатынын білдік. Сондықтан да біз қандай сурет салсақ та кеңістіктегі белгілі көріністі бейнелеу үшін перспектива құбылыстарын дұрыс көрсете білуіміз керек.

– Балалар, енді ауылдың солтүстігіндегі жыртылған егіс даласына қараңыздар. Жұмысшылар егіс даласын көкµніс егу үшін төртбұрышты клеткаларға бөліпті. Олардың өлшемдері шын мәнінде бір қатар. Бірақ бізге жақын төртбұрыш ауданы үлкен болып, алыстағылары кіші болып көрінеді. Бұл – сызықтық перспектива көрінісі.

Табиғат көріністерін бейнелеуде картиналарда «көкжиек сызығы» деген болады. Оны көптеген картиналардан көріп жүрміз. Көкжиек сызығын біз осы қарап тұрған жерден де көруімізге болады. Созылып жатқан мына дала, төбелер алыстаған сайын аспанмен шектескен жерден әрі қарай көрінбейді. Бұл шекара көкжиек сызығы болып табылады. Егер біз биік төбенің немесе таудың басында тұрсақ, көкжиек сызығы алыстайды да, біз ойға түсіп қарасақ жақындап көрінеді. Сондықтан көкжиек сызығы әр уақытта біздің көз деңгейімізбен шамалас болады. Біздің қазіргі көріп тұрған көкжиек сызығымызда алыстағы ауыл темір жол және ағаштарды байқаймыз. Енді мұнан соң өздеріњ көрген картиналарыњнан көкжиек сызығын байқап жүріңдер. Көкжиек сызығы аспан мен жерді қатар бейнелеген картиналарда анық байқалады. Егер суретші аспандағы бұлттарды, ұшып бара жатқан құстарды, самолеттерді т.б. көріністерді бейнелеу мақсатында болса, аспанды бейнелеуге картина композициясында көп орын қалдырады. Ал жердегі көріністі салу қажет болса осыған керісінше аспанды аз, жерді бейнелеуге көп орын қалдырады. Бұл композиция заңдылықтарына да байланысты. Міне, сондықтан сендер де өз беттеріңше сурет салғанда көкжиек сызығына мән беріп қараңдар.

Тақырып бойынша сурет салуға да дайындық барысында балаларға суретшілер шығармасынан келтіріп көрсету орынды. Балалар, қандай суретші болмасын өз шығармаларында бейнелейтін әсем көріністі өмірден іздейді. Бірақ, өмірге дайын картина түріндегі көріністер сирек кездеседі. Сондықтан суретші өзі ойлаған картина мазмұны мен сюжетіне байланысты көріністерді қарап отырып, жеке-жеке салып алады да композиция заңдылығына сүйеніп, картина жазады. Мысалы, орыс суретшісі И.Репин «Волгадағы бурлактар» деген картинасын жазу алдында Волга өзенінің жанындағы шаруаларға барып кейіпкерлердің, өзеннің, кемелердің қысқа мерзімді живописін (этюдін) жазған. Осы сияқты Қазақстанның халық суретшісі Қ.Телжанов «Ата-баба жерінде» атты шығармасының шет жерлерді аралағанда салған суреттерінің негізінде жазған.

Бақылау сұрақтары:

1. Тақырыптық сурет салу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу

2. Оқушылардың ой өрісін тақытыптық сурет салдыру арқылы дамытудың әдістері қандай.

3. Бейнелеу өнеріндегі тақырыптық сурет салудағы әдістемелік мәселелер.

4. Бастауыш сыныпта тақырыптық сурет салу сабақтарын ұйымдастыру әдістемесінің тарихы.

17-лекция. Тақырыбы: Бастауыш сыныптарда өнер туралы әңгіме сабағын ұйымдастыру әдістері

Лекция жоспары:

1. Өнер туралы әңгіме сабағына қажетті көрнекіліктер

2. Сабақты ұйымдастыру және өнер жайлы білімін жетілдіру

Лекция мақсаты: Бастауыш сыныптарда өнер туралы әңгіме сабағын ұйымдастыру әдістерін студенттерге үйрету және өнерге деген қызығушылықтарын дамыту.
Лекция мәтіні.

1. Бейнелеу өнері бойынша мұғалім әңгіме сабақтарда бейнелеу өнері шеберлерінің өнерімен, шығармашылығымен және олардың таңдаулы шығармаларымен таныстырады, туындыларының көркемдік ерекшелігін түсіне білуге үйретеді. Бұл оқушылардың білім дәрежесін көтеріп, бейнелеу өнері ұғымдарын арттыра түспек. Мұндайда бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларының бір-бірімен айырмашылығын, өзара байланысын ұғындырудың өзіндік маңызы бар. Осыған орай, бейнелеу өнеріне арналған әңгіме сабақтардың біреуімен таныстырайық. Бұл сабақта бейнелеу өнері көркем өнердің қай саласына жататынын, туындының қандай жанр бойынша орындалғанын сөз етеміз. Сабақта қолданатын әдісіміз: бейнелеу өнері туралы әңгімелеу. Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары туралы нақты мысалдар келтіре отырып, бейнелеу өнерінің негізгі ұғымдарын түсіндіру. Оқушылардың бойына бейнелеу және оны түсіну дағдыларын қалыптастыру – сабақтың негізгі мақсаты болып табылады. Проекциялық фонарь, экран көрсеткіш, шығармалардың түрлі-түсті репродукциялары сабақта кең түрде қолданылады.

Көркем өнер – мақсатына, орындау техникасына байланысты музыка, бейнелеу өнері, театр, кино, қолданбалы өнер болып бірнеше салаға бөлінеді. Бұлардың әрқайсысы өмір шындығын өз мүмкіндіктерінше әсерлі етіп жеткізуді мақсат етіп көздейді. Мысалы, музыка өмір шындығын дыбыс, көркем әдебиеттік, бейнелеу-сызық, нүкте, бояулармен, кескіндеу арқылы әсер қалдырады. Театр мен кино бірнеше өнер түрлерінің (мәдениет, музыка, бейнелеу өнерінің) жиынтығынан жасалады. Ал қолданбалы өнер тұрмыс заттарын безендіреді. Көркем өнердің бір түрі – сәулетшілік өнері. Онда үйдің архитектуралық құрылысы мен әсемдігі көрсетіледі.

Өнердің әрбір саласы бірнеше түрлерге, түрлері жанрларға бөлінеді. Сондай-ақ бейнелеу өнеріне: кескіндеме, графика, мүсін және сәндік қолданбалы өнер жатады. Олар: тарихи, тұрмыстық, батальдық (соғыс), пейзаж және натюрморт жанрларына бөлінеді. әрбір жанрдың өзіндік ерекшеліктері бар. Бірақ бейнелеу өнерінің барлық түрлері мен жанрлары өмір шындығын шынайы бейнелеуді мақсат етеді. Осындай бағытпен толық түсінік берген соң жеке шығармаларға тоқталып оларды талдап түсіндіреміз. Бұл кезеңде сурет көрінісінің идеялық мазмұны және көркемдік ерекшелігімен қатар ол қайсы жанрға жазылған туынды екендігіне, бейнелеу өнерінің қайсы түріне жататындығына оқушылардың назары аударылады.

Сабақта қазақ суретшілерімен қатар басқа ұлттардың да өнер шеберлерінің шығармаларымен аралас қолдану артық етпейді. Қазақ суретшісі Ж.Шарденовтің «Алтын күз» атты шығармасы. Табиғат көріністерін бейнелейтіндіктен шығармалардф «пейзаж» деп атаймыз. Суретші туған жердің әсем көріністеріне деген өз ойын, сүйіспеншілігін көрерменге сурет көріністері арқылы жеткізген. Шығарма оқушының патриоттық сезімін оятады. Отанымыздың табиғат байлығын көрсетеді. Пейзаждық шығарма жыл мезгілі, уақыт кезеңдері, ауа райының жағдайы т.б. табиғат құбылыстары бейнеленеді. Бұл шығарма майлы бояумен жазылған. Нұсқа бейнесі өмірдегі көрінісіндей етіп, майлы бояулармен жазылса, мұндай сурет көріністерін кескіндеме шығармалары деп атаймыз.

Сурет көрінісінде қазақ жерінің табиғаты бейнеленген. Күзгі күн. Тынық өзен жағасына өскен ақ қайыңдар, ағаш жапырақтары сарғыш түске айналған. Күзгі табиғаттың тыныштық қалпын суретші өмірдегі көрінісіндей етіп бейнелейді. ¤мірде табиғаттың мұндай сұлу көріністері сан мыңдап кездеседі. Суретші бұл шығармада қазақ жерінің ерекшелігін көрсете отырып, табиғаттың жаңа бір образын жасаған. Шығарманы талдау барысында осындай түсініктер берген соң, сұрақ жауап әдісімен оқушыларды әңгімеге тартамыз.

– Балалар, суреттің аты қалай аталған?

– «Алтын күз».

– Бұл жұмыс бейнелеу өнерінің қандай шығармасына жатады?

– Кескіндемеге жатады.

– Себебі неде?

– Себебі түрлі түсті бояулармен жазылған.

– Бұл шығарма қандай жанр бойынша жазылған?

– Пейзаж жанры бойынша.

– Пейзаж деп қандай көріністі атаймыз?

– Бұл сурет көрінісінде табиғаттың қандай көріністері бейнеленген?

– Өзен, орман, т.б.

– Бұл жылдың қай мезгілі?

– Күз мезгілі.

– Оны қалай білдіңдер?

– Ағаш жапырақтарының түсінен білдік.

– Ағаш жапырақтары ќандай түске айналған?

– Сары-қоңыр түске.

– Оның себебі не?

– Ағаштың, өсімдіктердің жапырақтары күзде қурайды, сары түске айналады.

– Суретте қай жердің табиғаты бейнеленген?

– Қазақ жерінің табиғаты бейнеленген.

Мұндай әңгіме оқушылардың ойлау қабілетін дамытады. Табиғат туралы түйіндеген ойы естерінде ұзақ сақталады.Келесі шығарма – Ә.Қастеевтің «Қазақ қызы» атты сурет көрінісі. Суреттің алдыңғы көрінісінде қазақ қызы бейнеленген. Соңғы жағына туған жер табиғаты көрсетілген. Қазақ елінің шығысы – таулы өлке, сондықтан тау пейзажы жазылған. Суретші қырғыз балаларының өміріндегі өзгерісті сурет көрінісінде шебер көрсетеді. Ол қолына кітап ұстаған қыздың портретінен анық байқалады. Қыз қолындағы кітап жаңа өмірдің символы. Ол алға қарай жүріп келеді. Бет әлпетінен байсалдылық, шешімділік, қуаныш аңғарылады. Бұл ойды суретші ашық түсті бояулармен білдірген. Суретші картина көрінісінде қазақ қызының жиынтық портретін жасаған. Портрет жанрында адамдардың бет-әлпетін бейнелеумен қатар, психологиясы, іс-әрекеті, мамандығы, т.б. ерекшеліктерін көрсетеді.

- Балалар, суретші өзінің портреттік шығар-маларында еңбегімен ел құрметіне бөленген адамдарды бейнелейді. Мұндай адамдар – жаны сұлу адамдар. Суретші портретте бет көрініс сұлулығы ғана емес, адамдардың жан сұлулығын да білдіреді. Мысалы, ондай портреттерге: Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаев және Ыбырай Жақаевтың, Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдиновтердің портреттері жатады. Сонымен шығармада кім бейнеленген?



  • Қазақ қызы бейнеленген.

  • Ол қайда бара жатыр?

  • Мектепке бара жатыр.

  • Оны қалай білуге болады?

  • Қолындаѓы кітабынан білеміз.

  • Бұл шығарма қай жанр бойынша жазылған?

  • Портрет жанры бойынша.

Қазақтың тұңғыш суретшісі Ә.Қастеев «Соңғы хабар» атты еңбегінде өзі өмір сүрген кезењіндегі қазақ халқының жаңарған тұрмысын көрсеткен. Шығарманың алдыңғы шебінде жайлаудағы малшылардың түскі мезгілі бейнеленген. Сурет көрінісінің композициялық ортасында радио қабылдағыш. Жиналған ауыл адамдары соңғы хабар тыңдап, қымыз ішіп, кейбіреулері өзара әңгімелесіп отыр. Киіз үйлер маңында балалар ойнап жүр, аттары ерттеулі, байлаулы тұр. Ал соңғы жағында кең дала, жайылымдағы мал тартымды бейнеленген.Бұл тұрмыстық жанрға жататын шығарма. Шығармадағы әрбір бейне белгілі ойға құрылған. Бояу түстері де сол ойға сәйкес таңдап алынған. Сурет көрінісі түрлі түсті бояуларға өте бай. Ашық түсті бояулар ерекше көңіл аударады. Бояу түстері кейіпкерлердің көңіл күйін ашып көрсеткендей. Суретші бұл шығармаларда еңбек адамдарының еңбектегі жеңісінің хабарын естіп, қуаныш үстінде отырған қалпын көрсеткен.

Тұрмыстық жанр бойынша жазылған шығармалар өте көп, олар еңбек адамдарының тұрмысын, өмірін әр қырынан көрсетеді.А.Ғалымбаеваның «Дастархан» атты шығармасына тоқталайық. Қазақ халқының тұңғыш әйел суретшісі А.Ғалымбаеваның киіз үйдің ішінде жайылған дастархандағы тағамдар мен ыдыстардың арасында нан ерекше көзге түседі. Өйткені бұл түстер салтанатты білдіреді. Бейнеленген заттардың түр-түсі, материалы, фактурасы анық байқалады. Суретші заттардың бұл қасиеттерін өмірдегі нұсқасындай етіп бейнелегендіктен, тіпті, ұстай алуға болатындай сезінеміз. Суретшінің бұл жұмысы натюрморт жанрына қосылады.

Натюрморт – жансыз заттар бейнеленген суреттер. Натюрморт ақ, қара бояулармен де, түрлі түсті бояулармен де беріледі. Әдетте, натюрморт белгілі ойды білдіруге айналады. Мысалы, ыдыстар, мамандықты білдіруге байланысты заттар, еңбек құралдары, т.б. бейнеленуі мүмкін. Қ.Барановтың «Алма бағында» атты шығармасы тұрмыстық жанрға арналған. Сурет көрінісінде алма бағындағы жеміс жинап жүрген әйелдердің демалыс сәті бейнеленген. Алма ағашының көлеңкесінде екі әйел отыр. Бірі баласын жоғары көтерген де, екіншісінің баласы қасында ойнап жүр. Олардың қасындағы үшінші әйел алма ағашына сүйеніп, оларға қарап қалған. Сурет көрінісі ананың балаға деген махаббатын, ана еңбегін лирикалық түрде баяндайды. Біз ана еңбегін қадір тұтамыз. Біздің елімізде өз еңбегімен ел байлығын арттырып жүрген құрметті аналар көптеп саналады. Сурет көрінісінде осындай аналардың образдарын көреміз. Бұрын талдаған сурет көріністері түрлі түсті бояулармен орындалса, бұл жұмыс тек қана ақ, қара сурет көрінісі – шығарма немесе көркем шығарма түстермен салынған. Мұндай бір түспен салынған сурет көріністері графикалық шығармаларға жатады.

Бақылау сұрақтары:

1. Өнер туралы әңгіме сабағына қажетті көрнекіліктер

2. Сабақты ұйымдастыру және өнер жайлы білімін жетілдіру

3. Қазақстан суретшілерінің туындылары жайлы әңгімелеу.

4. Бастауыш сыныпта бейнелеу өнері туралы әңгіме сабақтарын ұйымдастыру әдістері.

18-лекция. Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларын қазақ салт дәстүрлеріне тәрбиелеу әдістері

Лекция жоспары:

1. Оқушыларды қазақ салт дәстүрлерінен мағлұмат беру

2. Қазақ салт дәстүрлеріне тәрбиелеу әдістері

Лекция мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларын қазақ салт дәстүрлеріне тәрбиелеу әдістерін студенттерге меңгерту.
Лекция мәтіні.

1. Қазақ халқының дәстүрлері ежелден келе жатқан ұлттық мәдениеттің бір бөлігі. Ғасырлар сынынан екшеліп, ұрпақтан-ұрпаққа ұласып келе жатқан салт-дәстүрлердің озық үлгілері жеке тұлғаның жан-жақты дамуына септігін тигізеді. Бүгінгі таңда қазақтың салт-дәстүрлерін жинақтап зерттеудің, оның айналасындағы тәлім-тәрбиесі, мол тәжірибесі негізінде жасөспірімдерді тәрбиелеудің қажеттігі өсе түсуде.

Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері тәлімдік мұра ретінде жас ұрпаққа үйретудің қажеттігі туралы қазақтың ағартушы педагогтары А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедовтар ерекше атап көрсеткен.

Қазақ халқының салт-дәстүрлерін зерттеуге философтар Н.Сәрсенбаев, М.Орынбаев, этнографтар Ә.Маргулан, Ө.Жәнібеков, С.Кенжеахметов, тарихшылар Л.Гумилев, М.Қозыбаев, фольклористтер мен әдебиетшілер В.Радлов, А.Диваев, М.Жолдасбеков, салмақты үлес қосқан.

Ұлттық салт-дәстүрлердің таным мен тәрбиелік мүмкіндіктері туралы этнопедагог ғалымдар Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Қ.Бөлеев, Қ.Қожахметовалар бағалы пікірлер айтқан.

Қазақ халқының дәстүрлеріне берілген талдау нәтижесі, оның қалыптасуына елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы, табиғаты, халықтың рухани өмірі сияқты бірнеше факторлар әсер еткендігін көрсетеді.

Қазақ халқының дәстүрлерінде халықтың дүниетанымы, ойы, арман-мүддесі берілді, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, жаңарып отырады. Жаңа қоғамдық қатынастарға қайшы келетіндері жойылып, өмірге қажеттілері дамып, жаңа маңынаға ие болды. Олардың басқа халықтардың дәстүрлі үлгілерімен байланыстылығы, ұқсастығы және өзгешеліктері көрініс табады. Сонымен қатар салт-дәстүрлердің жеке ұлтқа ғана тән белгілері болатындығы да белгілі. Әрбір халықтың тілі, дәстүрі, әдеп-ғұрпын білуі өзіне жақын халықтардың ұлттық тұрмыс-тіршілігімен, мәдениетінің факторларымен анықталады. Халықтың өткен тарихын, тұрмыс салт, әдеп-ғұрпын дұрыс зерттеу үшін, ең алдымен, оны дұрыс ұғыну керек. Осыған байланысты: «салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптардың пайда болуын қарастыруда, оларды ең алдымен мына ұғымдардан бастаған жөн: (түйсік, дағды, іскерлік, сезім, әдет)» Ырым – халықтың жақсы ниетімен туындаған ғұрып. Ырым жолдары ұлтымызда өте көп. Мысалы, «шешен болсын»-деп ауызға түкіру, жақсы адамдардың есімін жас балаға қою сияқты қазақ халқының ырымдары әрқашан жақсылықтың нышаны ретінде қабылданады. Ырым-тыйым салт-дәстүр, әдет-ғұрыптардың сапалық құрылымдық элементтерінен туындайды. Көптеген халықтардың салт-дәстүрлері, әдеп-ғұрыптары, рәсімдері, ырымдары өзіндік ынта-ықыласты көрсетеді.

Салт дәстүрлерге байланысты ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді сараптау мынандай қорытынды жасауға септігін тигізеді:1) Салт – халықтардың кәсіби ерекшелігіне, сеніміне, өмір тіршілігіне байланысты қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын әдет-ғұрып. 2) Салт-дәстүр – көп қырлы қоғамдық құбылыс, ол әдетте жеке адам мен халықтың, адам мен адамзаттың рухани дамуын көрсететін әлеуметтік-мәдени жетістік ретінде көрінеді. 3) Салт-дәстүр - өз дәуірінің айнасы. Салт-дәстүрдің мәніне қарап, қоғамдық-экономикалық формацияның саяси, тарихи және рухани өмірін анықтауға бағалауға болады; 4) Салт-дәстүрлердің түрлері көп: бала тәрбиесіне байланысты тұрмыс – салт-дәстүрлері, мәдени-әлеуметтік, жаңа салт-дәстүрлер. Салт-дәстүр тіл мен сана секілді тек адамға ғана тән. Олардың негізгілері көпшіліктің қатысуымен өткізіледі; 5) Салт-дәстүрлер жеке адамға қатысты немесе көпшілікке қатысты болып келеді; 6) Салт-дәстүрлердің мынандай негізгі ерекшеліктері байқалынады: а) олардың сонау көне заманнан күні бүгінге дейін сабақтасып жалғасуы, ә) салт-дәстүрлердің өмір заңдарымен, табиғи құбылыстарымен байланыстылығы: табиғат, уақыт, тарих көші, яғни салт-дәстүрлердің тұрақтылығы және мазмұны мен түрінің ішкі өзгерісі, б) салт-дәстүрлерді өз игілігі деп түсінетін топтың, қоғамдастықтың ұжымдық сипаты, г) салт-дәстүрлердің мәдени құндылығын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілуі. 7) Салт-дәстүр – ұжымдық, символдық іс-қимыл, адамдардың көңіл күйінің көрінісі, оларды ұжымға тартудың бір түрі, белгілі идеялар мен ойын-сауықтарды символдық түрде ұсыну; 8) Салт-дәстүрлер – адамдардың қоғамдық қатынастарының тарихи қалыптасқан тұрақты және мейлінше қорытылған адам іс-әрекеттерінің нормалары мен принциптері, олар ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады және қоғамдық мінез-құлықтың арқасында сақталады. Халықтық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер адамдардың өндірістік қызметі процесінде өмір қасиеттерінен пайда болады.

Ғылыми танымдық еңбектерді талдау нәтижелері бізге салт дәстүрлер туралы мынандай анықтама беруге мүмкүндік туғызды: Салт-дәстүр -дегеніміз бір ұрпақтан келесі ұрпаққа ұдайы ауысып отыратын, әрі сан ғасырлар бойы, тарихи тұрғыдан әбден қалыптасқан әлеуметтік іс-әрекеттерінің нормалары мен принциптері болып табылады. Сол себепті дәстүр жалғастығы тарихи жағынан әбден қалыптасқан нормалар мен принциптерге негізделеді. Сол арқылы әр ұрпақтың жасаған дәстүрі, іс-әрекеттері мәдени мұра ретінде келесі ұрпақтың еншісіне ауысып, жаңа қоғамдық тарихи жағдайға сәйкес өзінің мазмұны мен формасын жетілдіріп отырады.

Қазақ халқының салт-дәстүрлері бала тәрбиесіне байланысты тұрмыстық, кәсіпке байланысты, өнерге, үйлену мен үй болуға байланысты, той-мерекеге, ерлікке, көркем өнерге, музыкаға байланысты және қазіргі заманғы салт-дәстүрлер болып бөлінеді. Қазақ халқының салт-дәстүрлері қазақ бейнелеу өнерінде ерекше көрініс тапқан. Қазақ халқының ерлік салт-дәстүрлері қазақ бейнелеу өнерінің ерекше бір сапасын құрайды. Халықтың ерлік салт-дәстүрлері дегеніміз - ғасырлар бойы қалыптасып, дамып отырған азаматтардың елі мен жерін қорғауға бағытталған іс-әрекеттерінің нормасы, қарым-қатынастар болып табылады. Қазақ бейнелеу өнерінде халықымыздың ерлік салт-дәстүрлерін бейнелейтін көптеген шығармалар бар. Олардың бірқатары ежелгі аңыз-ертегілердегі батырлардың образдары арқылы көрініс тапса, бірқатары қазіргі заманның ерлерінің көркем бейнелері арқылы беріледі.

Батырлық салт-дәстүрлерді насихаттайтын бейнелеу өнерінің шығармаларының қатарына суретші Константин Барановтың «Асан Қайғы», «Қазақ эпосы». Қыз Жібек, Төлеген, Қамбар батыр, Алпамыс батыр, Қобланды батыр иллюстрациялары кіреді. Мұның қатарына суретшінің «Махамбет», «Жауынгер мен қыз», «Қасқыр соғу» шығармалары қосылады. Қазақ бейнелеу өнеріндегі ерлік салт-дәстүрлерді бейнелейтін суретшілер арасында М. Кисамединовтың «Махамбет», Т. Досмағанбетовтың «Амангелді», А. Нақысбековтың «Рейстаг шабуылына қатысушы Р. Қошқарбаевтың портреті» атты картиналары ерекше орын алады.

Қазақ бейнелеу өнеріндегі белгілі бір картиналар халқымыздың тұрмыстық салт-дәстүрлерін бейнелеуге арналған. Суретші С. Романовтың «Бие сауу», «Ақсақал», «Үйлену тойы», «Домбырашы», «Қымызхана», «Қырық өтірік»,Қ.Телжановтың «Кокпар», М. Лизогубтың «Ертегі», «Әжелер», А. Ғалымбаеваның «Қобыз», «Дәмді шай» натюрморттары жастарға өз ұлтының қайталанбайтын тұрмыстық салт-дәстүрлік ерекшеліктерін көрсететін туындылар. Сонымен қатар, Қ. Телжановтың «Домбыра үні», «Ата-баба жерінде», К. Шаяхметовтың «Тойға», «Туған ауылда», Е. Сидоркиннің «Бесік», «Сұлу қыз», Ш.Кенжебаевтың «Өрмек тоқу», Ш. Сариевтың «Отбасы», Б. Табиевтің «Төл алу», М. Аманжоловтың «Қыстау» атты картиналары қазақ даласының кеңдігін, қазақ отбасының береке бастауы екендігін көрсетуге бағытталған көркем өнер шығармалары. Кейбір ұлттық салт-дәстүрлер тұрмысқа байланысты болып келеді. Ол салт-дәстүрлер суретші шығармаларынан көрінісді. С. Романовтың «Үйлену тойы», «Қымызхана», Т. Телжановтың «Бүркітпен аң аулау», «Қыз қуу», «Көкпар», «Ат жарыс», «Әңгіме», «Айтыс», Т.Тогысбаевтың «Дала балладасы», Г. Исмаилованың «Қазақтың бас киімі» шығармаларында айқын көрініс тапқан. Картинкалардағы көріністер халқымыздың түрмыстың салт-дәстүрлерін жас ұрпаққа айқын жеткізудің бір ерекше мүмкіндігі.

Халқымыздың еңбектегі ерлік дәстүрлері М. Кенбаевтың «Шопан әні», «Туған ауылда», С. Айтбаевтың «Жас қазақтар», К. Телжановтың «Шопандар», В. Антошенко-Оленовтың «Еңбек ері Ы. Жақаевтің портреті», Б. Төленовтің «Еңбек ері Ж. Қуанышбаевтің портреті», Н. Нұрмаханбетовтың «Еңбек ері Жансұлтан Демеевтің портреті», В. Крыловтың «Ертең орақ. Алғашқы тың игеруші Еңбек ері Иван Ивановтың портреті», А. Дроздовтың «Алғашқы Борозда. Тың сериясы» атты картинкаларында айшықты бейнеленген. Еңбек салт-дәстүрін бейнелейтін суретшілер С. Романовтың «Жайлау кеші», К. Телжановтың «Шопандар», С. Айтбаевтың «Бақыт», К.Шаяхметовтың «Тойға», А. Жусуповтың «Менің елімнің әйелдері», М. Кенбаетың «Шопан әні», «Әңгіме», «Киіз басушылар», Ш. Кенжебаевтың «Өрмек тоқу», «Менің ауылымның адамдары», С. Мәмбеевтің «Киіз үй жанында» атты көркем шығармалары бар. Бұл картиналарда жастарды еңбексүйгіштікке, еңбек адамына құрметпен қарауға үйрететін, ұлттық көркем еңбекті сүйіспеншілікпен көре білетін, жас ұрпақ тәрбиесіне игі ықпал ететін адамгершілік жоғары мұраттар жатыр.

Қазақ халқының әншілік салт-дәстүрлері суретшілер И. Исабековтің «Айтыс» лингравюрасында, М. Қисамеддиновтің «Махамбет», Қ. Телжановтың «Домбыра үні», А. Черкасснийдің «Жамбыл мен Дина», СМ. Романовтың «Құлагер», «Кісен ашқан», «Домбырашы», «Ән қанаты», К. Барановтың «Махамбет дастандары» атты шығармаларында шынайы суреттелген. Олар өнердегі белгілі кезеңдер, ерекше тұлғалар образдары болып бөлініп дәстүр жалғастығын көрсетеді. Қазақ бейнелеу өнеріндегі ұлттық салт-дәстүрлер бейнеленген шығармаларды талдай келе мынандай қорытынды шығару қажет:Қазақ бейнелеу өнеріндегі салт-дәстүрлер көрінісі жас ұрпаққа адамгершілік, әсемдік, үлкенді сыйлау сезімдерін қалыптастыратын рухани тәрбие көзі.Қазақ бейнелеу өнеріндегі салт-дәстүрлер көріністерін бала тәрбиесіне, тұрмысқа, кәсіпке, өнерге, үйлену мен үй болуға, той-мерекеге, ерлікке, көркем өнерге, музыкаға байланысты және қазіргі заманғы салт-дәстүрлер түрлеріне бөліп қарауға болады.Қазақ бейнелеу өнеріндегі салт-дәстүрлер көріністері қазақ суретшілерінің шығармашылығында ерекше де, үнемі жалғасып отыратын өміршең тақырып болып табылады.

Ғылыми танымдық әдебиеттерді сараптау бізге салт дәстүрлердің еңбек дәстүрі, шаруашылық дәстүрі, ерлік дәстүрлері, діни дәстүрлерге,ұлттық дәстүрлерге , жаңа дәстүрлерге бөлуге болатындығын көрсетті. Еңбек дәстүрі адамдардың қоғамдағы еңбек ету жүйесінің жалғасуымен сипатталады.Қоғамдағы үздік еңбектің, халық үшін атқарылған еңбектің сипатымен бағаланады.Мұндай жеке дара тұлғалардың қатарынан еңбек ері Жазылбек Қуанышбаевты,Жансұлтан Демеуовты,Кәмшат Дөненбаеваларды тануға болады. Шаруашылық дәстүрі бағытында әңгіме қозғағанда қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы, яғни мал шаруашылығы болғандығын танимыз.Мал шаруашылығымен айналысқан адамдардың төзімділік, жігерлілік, байсалдылық, тапқырлық сияқты мінез -құлық ерекшеліктері, жыл мезгілдеріне сай жылма жыл атқарылатын дәстүрлі іс әрекеттері болғандығын аңғаруға болады.

Қазақ салт дәстүрлерінің ішіндегі ерекше бір түрі ерлік дәстүрлері.Ерлік дәстүрлері жеке тұлғаның өз халқы үшін, елі мен жерін қорғау үшін көрсеткен ерліктерінің жалғасуымен, оны екінші бір тұлғаның жалғастыруымен сипатталады.Тарихтан мұндай мысалдар көптеп алынады.

Әрбір халықтың тілі, дәстүрі, әдеп-ғұрпын білуі өзіне жақын халықтардың ұлттық тұрмыс-тіршілігімен, мәдениетінің факторларымен анықталады.

Халықтық өнер шеберлерінің шығармашылығы, көрсеткен үлгі-өнегесі, айтқан ақыл-өсиеттері баланы мәдениеттілікке, әсемдікке, сұлулықты дұрыс түсініп, қабылдауға үйретеді. Халықтық салт-дәстүрлер ұрпақтан ұрпаққа мирас бола отырып, оның озық үлгілері ұрпақты тәрбиелеудің таптырмас құралына айналды.

Бақылау сұрақтары:

1. Оқушыларды қазақ салт дәстүрлеріне оқыту әдістері.

2. Қазақ салт дәстүрлеріне тәрбиелеу әдістері қандай мәселелерге сүйенеміз.

3. Қазақ халқының бейнелеу өнеріндегі алатын орны.

4. Бастауыш мектепте оқушыларға салт дәстүрде тәрбиелеуде бейнелеу өнерінің маңызы мен міндеттері.

19-лекция. Тақырыбы: Бастауыш сыныптарда оқушыларға эстетикалық тәрбие беру әдістері

Лекция жоспары:

1. Бейнелеу өнері арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру жолдары

2. Эстетикалық тәрбиенің негізі бейнелеу өнері

Лекция мақсаты: Бастауыш сыныптарда оқушыларға эстетикалық тәрбие беру әдістері мен тәсілдерін студенттерге үйреті және теориялық мәлімет беру.
Лекция мәтіні.

1. Бейнелеу өнері туындыларының жасалу тарихы, сол кездегі әлеуметтік-тарихи жағдайлар, шығарманың мазмұн, көркемдігі бояу түстерінің орналасуы, олардың мәні жайлы оқушы мен мұғалімнің әңгімесі барысында ғана мағлұмат ала алады. Сөйтіп, мұғалім бейнелеу өнерінің туындысының мазмұн-мағынасын оқушыларға талдап түсіндірумен қатар, балалардың өз бетінше сол шығармалардың көркемдік ерекшеліктерін таба білуге үйретуді мақсат етеді.

Алайда, кез келген тақырыпты егжей-тегжейлі әңгімелеуге уақыт жете бермейді. Мысалы, бастауыш мектеп бағдарламасына сәйкестендіре отырып, төртінші сыныпта қазақ бейнелеу өнері туралы әңгіме сабақты төмендегідей Лекция жоспары бойынша өткізді. «Қазақ халқының революцияға дейінгі және революциядан кейінгі өмірі» атты тақырып бойынша өткізілген сабақта оқушыларға суретшілер Т.Шевченконың «Қазақтар киіз үйде», Н.Хлудовтың «Қайыршы балалар», Ќ.Телжановтың «Тоқымашылар» атты шығармаларының репродукциялары таныстырылады. «Республикамыздың тарихи ерлік жолдары бейнелеу өнерінде» атты сабақта Суретші В.Крыловтың «Шахтерлерді майданға аттандыру», Т.Тоғысбаевтың «Дала балладасы», Л.Степановтың «Жер планетасынан келген адам», А.Исмайловың «Бетпаќ даладағы тоған», Ә.Сыдыхановтың «Еңбек». Атты шығармаларының репродукциялар көрсетіледі.

Мұнда Лекция жоспарыда көрсетілген тақырып мазмұнын аша түсетін әрбір шығарманың композициялық құрылысымен, бояу түстерімен және сурет көрінісінің перспективалық шешімі мен байланысын түсіндіруге баса назар аударылды, өйткені көптеген оқушылардың сурет көрінісі туралы өз ойын жеткізу, бұларды бір-бірінен бөліп қарап, жете түсінбейтіндігі тәжірибеде жиі байқалып жүр. Сондықтан балалардың шығарманы дұрыс түсінуіне, оны талдауына бағыт беру үшін мұғалім көп ізденуі қажет.

Енді осы Лекция жоспарыда көрсетілген бірінші тақырып бойынша өтілген әңгіме сабақ туралы, тақырыпты қамтитын шығармалар мазмұнын, оны оқушыларға қалай баяндағанымыз жайлы сөз етейік. Қазақ бейнелеу өнеріндегі халық өмірінің көркем бейнелер арқылы берілуінің мәнін түсіндіре отырып, оқушыларға шығарманы талдау негіздерін үйрету, оларға эстетикалық тәрбие беруді, сабақтың мақсаты етіп алдық. Қажетті құрал-жабдықтар: тақырыпқа сәйкес шығармалардың репродукциясы немесе осы шығармалардың түрлі түсті дипозитивтері және оларды көрсететін аппараттар («протон», «этюд», «эпидоскоп») дәптер, ќарындаштар, өшіргіш, т.б. алынды.

Сабақ басталар алдында сынып бөлмесі перделерін жауып, бөлмені қараңғылаймыз. Т.Шевченконың «Қазақтар киіз үйде» деп аталатын суретін аудио визуалдық аппараттар көмегімен экранға түсіріп, шығарманы талдауға кірісеміз. Суретші Т.Шевченконың «Қазақтар киіз үйде» деген тақырыпқа салған еңбегінен жерде малдас құрып отырған жас жігіттің ыдыстағы затты таяқпен үгіп отырғанын көруге болады. Оның арғы жағындағы көріністе сәукеле киген келіншек ошаққа үңіле қазанда қуырылып жатқан тарыны араластырып отыр. Суретте киіз үйдің ішкі көрінісі бейнеленген. Киім-кешек, ыдыс-аяқ, төрде ілулі тұрған ұлттық әдемі, әсем өрнектер көз тартарлық. Суретте адам және оның еңбегі бейнеленіп, адамдардың кейпі нақты дәлдікпен берілген. Шығарма көріністерінен автордың өмірді жіті байқап, терең пайымдағаны байқалады. Сурет бояуларындағы күңгірт түстердің басым болуы шығарма кейіпкерінің ауыл тұрмысын көрсеткендей. Шевченко суретте жарық пен көлеңкенің қарама-қарсылығын шебер пайдаланған, кейіпкердің көңіл күй жағдайын көрерменге нанымды жеткізген. Суретші туындысының мазмұны – ауыр тұрмыстан жаншылған, патшалық езгінің тепкісіндегі еңбеккер халықтың еңбегін қылқалам өнері арқылы көрсету. Осындай мазмұнды әңгімелеп, кейін шығарманы оқушыларға сұрақ-жауап әдісін пайдаланып, талдап түсіндірдік. Оларға мынадай сұрақтар бердік:

Мұғалім: – Балалар, шығармада кімдер бейнеленген?

Оқушылар: – Шығарманың алдындағы көрінісінде жас жігіт, ал соңғы көрінісінде тары қуырып отырған келіншек бейнеленген.

Мұғалім: – Бұл туынды қай кезеңді бейнелейді?

Оқушылар: – Революцияға дейінгі кезеңде бейнелейді.

Мұғалім: – Шығармадан кейіпкердің көңіл күйін байқауға бола ма?

Оқушылар: – Байқауға болады, өйткені онда салқын бояулар көп.

Бояу түсі мен кейіпкердің бет пішімінен олардың көңіл күйінде реніш барын байқаймыз.

Әңгіме барысында Украина халық ақыны Тарас Григорьевич Шевченко патшалық және крепостнойлық езгіге қарсы тек ақындық жалынды сезімменен ғана емес, өзінің қылқаламы арқылы күрескенін айта кеткен жөн. Патшалық тәртіпке қарсы күрескені үшін суретші-ақынды 1847-57 жылдары қазақ жеріне жер аударды. Осы кезде ол қазақ халқының революцияға дейінгі өмірін бейнелейтін суреттер салып, кескіндемелік шығармалар жазды. Шевченко қазақ кедейлерінің үйінде талай рет қонақта болып, халық аңыздары мен әндерін үлкен ықыласпен тыңдады. Еңбеккер, қарапайым адамдардың ауыр еңбегін, тұрмысын өз шығармаларына арқау етті. Суретшінің «Қайыршы балалар» атты шығармасына назар аударалық. Шевченко балаларды өте жақсы көрген. Қазақ кедейлерінің жалба-жұлба киінген, сатпақ бет балалары оған өзінің балалық шағын еске түсіретін еді. 1840 жылдардың аяқ кезінде балалар өмірінен көптеген суреттер салды. Ол балалардың сүйкімділігін, балаңдығын суреттеп қана қоймай, қайта олар арқылы сол кездегі өмір шындығын көрсетеді. Мысалы, суретшінің «Қайыршы балалар» атты еңбегі сол кездегі балалар өмірін көз алдымызға әкеледі.

Суреттің алдыңғы көрінісінде қайыр сұраған екі бала бай есігінің алдында телміріп қарап тұр. Ересек баланың бейнесіне мұқият назар аударсақ, ол жалынышты пішіндес саусақтарын сәл жұмып, қолын алуға созған. Оның жүзінен төзімділік пен қайғы білінеді. Ауыр тұрмыс бес-алты жастағы баланың жігерін жасытып жіберген. Ал кішісі үлкен тымақ астынан қарақат көздері тесірейіп қарап қалған. Ол қолындағы ыдысын телміріп алға созады. Киімдері жалба-жұлба, жыртық. Жалаң аяқ тас еденде тұр. Суреттің соңғы көрінісінен балалардың артқы жағында босағада шинель киген Шевченко көрінеді. Ол жылы шырай, аяушылық сезіммен қарап тұр. Суретші бұл әрқашан да басынан жеку мен таяқ арылмаған осы балалардың таѓдырын өз басының тағдырымен салыстырады. Суретші аш-жалаңаш балаларды бейнелеу арқылы оларға деген аяныш сезімін білдіруді ғана көздейді. Оның суреттер көрінісі сол кездегі әділетсіздікті, озбырлықты әшкерлей отырып көрерменнің әлеуметтік және ұлттық теңсіздікке қарсы ашу-ыза сезімін оятады. Қылқалам шебері өз шығармаларын революциялық күрес, саяси бостандық алу идеяларымен тығыз байланыстыра білді. Суретшінің ең жоғарғы борышы – әділетті тәртіп орнату күресіне үндеу.

Сұрақ: Сурет көрінісі қай кезде жазылған?

Жауап: Бұл шығарма Қазан революциясына дейін жазылған.

Сұрақ: Сурет көрінісінде кімдердің өмірі бейнеленген?

Жауап: Мұнда балалар өмірі бейнеленген. Олар бай есігінің алдында тамақ сұрап тұр. Мұны қолдарындағы ыдыстарынан, киген киімдерінен байқауға болады.

Сұрақ: Суретшінің картинада балаларды алдыңғы көріністе бейнелеуін қалай түсінуге болады?

Жауап: Шығармадағы кейіпкердің бет-пішінін сол арқылы ішкі сезімдерін, көңіл күйін көрсету үшін суретші оларды алдыңғы көрініске бейнеленген және туындының негізгі арқауы да осы балалар бейнесі.

Сұрақ: Суретші не мақсатпен өзін соңғы көріністе бейнелеген?

Жауап: Ол балаларға аяныш сезімін білдіреді. Олардың тағдыры өз тағдырына ұқсайды.

Қазақстан бейнелеу өнерінің алғашқы туындыларының бірі – суретші Л.Хлудовтың «Тоқымашылар» атты еңбегі. Бұл шығармада қазақ әйелдерінің өмірі бейнеленген. Суреттіњ алдыңғы көрінісінен алаша тоқып отырған әйелді көреміз. Қасындағы екінші әйел жақындай түсіп, кеңес беріп отыр. Ал олардан әрірек үй шаруасынан енді қолы босаған жас келіншек, жаңа басталған өнер бұйымын қызықтап қарап қалған. Бұлардың қасындағы кішкене қыз әңгімені ықыласпен тыңдап отыр. Суреттіњ ортаңғы көрінісінде – қолына күрек ұстаған жас бала. Болашақта асау сәйгүліктерді бағындыратын, әке жолын ұстаған ұл. Суреттіњ соңғы көрінісінде киіз үй жанында ерттеулі тұрған ат пен жайылып жүрген мал көрінеді. Бұл суретте артық көрініс жоқ. Барлығы өз орнында, әрбір көріністің айтар ойы бар, олар шығарма мазмұнын ашып тұр. Мұнда бояу түстері бірыңғай орайлас. Ерекше назар аударатын бояу түстері байқалмайды. Бұдан бояу түстерінің ауыл тыныштығы көрінісін бейнелеуге үлкен әсер етіп тұрғанын байқаймыз.

Жалпы сурет көрінісі қазақ халқының қолөнері мен тұрмыс салтын, шаруашылығын көрсетуге арналған. Осы кезде қазақ халқының өрнек тоқу, кілем тоқу сияқты өнерлерінің барлығын, олардың ұлттық сипатының ерекшелігін айта кеткен жөн. Шығармалардың мазмұны балалардың естерінде ұзақ сақталуы үшін және оқушыларға олар жөнінде терең түсінік беру мақсатында сабақ барысындағы сұрақ-жауап әдісін пайдаланудыњ ұтымды жақтары мол. Осы үш шығарманы талдау барысында оқушылар қазақ халқының Қазан революциясына дейінгі өмірімен, тұрмысымен танысып, кедей балаларының хал-күйін ұғынды. Қазақ жеріндегі Қазан төңкерісі қылқалам шеберлерінің көптеген туындыларына өзекті арқау бола алды. (үш бөлімнен тұратын суретті – триптих деп атаймыз). Шығарманың оң жақ бөлігі «Тасқын», ортаңғы бөлігі «Ән бастаушы» деп аталады. Эпидоскоп көмегімен картина көрінісін экранға түсіріп, оқушыларды оның мазмұнымен таныстырамыз.



Бақылау сұрақтары:

1. Өнер туралы әңгіме сабағына қажетті көрнекіліктер

2. Сабақты ұйымдастыру және өнер жайлы білімін жетілдіру

3. Қазақстан суретшілерінің туындылары жайлы әңгімелеу.

4. Бастауыш сыныпта бейнелеу өнері туралы әңгіме сабақтарын ұйымдастыру әдістері.

20-лекция. Тақырыбы: Бастауыш сыныптарда оқушыларға көркемдік білім беру әдістері.

Лекция жоспары:

1. Оқушыларға көркемдік білім беру әдістемесі

2. Бастауыш сыныптарда оқушыларға көркемдік білім берудегі мұғалімнің алатын орны

Лекция мақсаты: Студенттерді бастауыш сыныптарда оқушыларға көркемдік білім беру әдістерімен таныстыру және олардың танымдық қабілеттерін дамыту.
Лекция мәтіні.

1. Жалпы білім беретін мектептердегі бейнелеу өнерін оқытудың негізгі мақсаттары оқушыларға көркемдік білім негіздерін меңгерту болып табылады. Мектеп оқушыларына көркемдік білім беру процесінде Қазақстан бейнелеу өнер туындыларын таныстыру арқылы оқу материалдарын ұтымды түрде меңгертуге қолайлы жағдай туады. Көркемдік білім беру мәселесі бейнелеу өнері сабақтарында терминдер мен ұғымдарды оқыту мәселесімен тығыз байланысты. Бейнелеу өнерінің мүмкіндіктері арқылы көркемдік білім беру үшін мынадай маңызды төрт міндеттер шешілуі қажет:


  • мектептегі бейнелеу өнері курсы бойынша оқушылар меңгеруге тиіс терминдер мен ұғымдардың жүйесін айқындау;

  • өнер шығармаларын таныстыру барысында көркемдік білімдер негіздерін үйрету жолдарын табу;

  • қазақ тіліндегі бейнелеу өнері терминдерінің әр түрлілігін жою;

  • оқушыларға көркемдік білім беру.

Өнер мен ғылымның басқа салалары сияқты, бейнелеу өнері де перспектива, жарық пен көлеңке, композиция, симметрия және тағы басқа заңдылықтардың жүйесін құрайды. Сондықтан бейнелеу өнері сабақтарында өнердің ғылыми негіздерін оқытуға баса назар аудару қажет. ¤нер шығармаларын қабылдау белгілі білім мен дағдыны қалыптастыру қажет ететін ұзақ процесс. Осыған байланысты бейнелеу өнер сабақтарындағы оқушыларды қазақ кеңес бейнелеу өнері шығармаларымен таныстыру барысында берілетін көркемдік білім жүйесін айқындау қазіргі бейнелеу өнерін оқыту саласындағы маңызды міндеттердің бірі.

Бейнелеу өнерінің теориялық негіздерін зерттеу мен суретші мұғалімдер дайындау саласындағы мәселелерге соңғы кезде көп көңіл бөлінуде. Бейнелеу өнерін оқытудың теориялық тәжірибелік негіздерін зерттеумен алдыңғы қатарлы педагогтар: Ә.Камаков, К.Ералин, Қ.Әмірғазин, Ж.Балкенов, Б.Әлмухамедов, Е.Асылханов, Р.Мизамбаев өз еңбектерінде жарық пен көлеңке, түстер, сызықтық және ауа перспективасы, композиция, көркемдік конструкциялау заңдылықтарын айқындауға көп үлес қосып келеді, суретші-педагогтар дайындау процесіндегі көркемдік білім негіздерін үйрету жолдарын қарастырады.

Көркемдік білім беру саласындағы алдыңғы қатарлы зерттеушілердің бағалы пікірлері бойынша көркемдік білім негіздерін мектептегі бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларға меңгертіп, терминдер мен ұғымдар жүйесін айқындауға болады. Бейнелеу өнерінің теориялық негіздерін меңгертудің қажеттігі туралы көптеген ғалымдар бағалы пікірлер айтқан. Профессор Н.Н.Ростовцев белгілі бір затты қабылдау мен бейнелеу үшін ой еңбегі мен ғылыми білімдерді меңгертудің қажеттігін көрсетеді. Бейнелеу өнері әр түрлі ғылыми заңдылықтардың жүйесіне негізделген. Олардың ішіндегі сызықтық және ауа перспективасы, оптика, жарық пен көлеңке, композиция, түстерді тану, пластикалық анатомия заңдылықтарын оқушыларға үйрету бейнелеу кезінде маңызды орын алады. «Қажетті теориялық, білімдерді меңгеру негізінде ғана сурет салу дағдыларын меңгеру мүмкін», – дейді профессор В.С.Кузин. Бейнелеу өнері сабақтарында эстетикалық тәрбие берумен қатар көркемдік білім негіздерін меңгерту мақсаты көзделеді. Мектептегі қазақ бейнелеу өнері арқылы көркемдік білім беру саласында оқушылардың бейнелеу жұмыстарында заттың бейнелерін дұрыс салғанның өзінде оның кеңістіктегі жағдайын көрсете алмауы мүмкін. Мұндай олқылықтар балаға берілетін кеңістік туралы ұғымның мазмұнын анықтап, психологиялық-педагогикалық мәселелерін дұрыс шешуді қажет етеді. Сондықтан қазіргі бейнелеу өнерін оқыту саласындағы шешуін күткен өзекті мәселелердің бірі, өнер шығармаларын таныстырудың барысында оқушылардың кеңістік туралы ұғымын қалыптастыру және оны дамыту болып табылады.Сондықтан біз кеңістік ұғымының қысқаша мазмұнына тоқталамыз. Уақыт сияқты кеңістік те материяның өмір сүру формасы. ¤мірдегі қандай зат пен құбылыс болмасын, белгілі кеңістікте болады. Кеңістіктер дала көрінісі, бөлме іші, т.б. сол сияқты болып әр түрге бөлінеді. Дала кеңістігі аспан мен жердің көріністерінен құралады.

Кеңістікдегі жазықтықтардың сипаты жарық пен көлеңкеге тығыз байланысты. Мысалы, бөлменің едені мен даладағы жазықтыќтар кеңістігін құрайтын элементтер деп аталатын болса, бұлардың материалдары мен жазықтықтарының сипаты әр түрлі. Бөлменің едені тегіс болса, даладағы жазықтық беттері ой-шұқыр, дөңес-жазықтық болып келеді. Күн сәулесі дөңес жазықтыќтарға тегіс түспейді. Жарық пен көлеңке деңгейі белгілі жазықтықтардың орналасу сипатына да байланысты. Егер горизонталь және вертикаль жағдайда орналасқан жазықтықтар бетіне белгілі бір нүктеден сәулелер түсірсек олардың бірі жарық, өзгесі қараңғылау болып екі түрлі жарық деңгейлеріне бөлінеді.

Кескіндеме шебері Қ.Телжановтың «Тыныштық» картинасын талдау барысында кеңістіктегі жарықтың деңгейі уақытқа немесе жарық көзінің сипатына байланысты өзгеріп отыратындығы көрсетіледі. Түс кезінде дала жарық болса, түнде қараңғы болып өзгереді. Сондай-ақ, кеңістіктегі жарықтың сипатында таңертең мен кешқұрым қызғыш сәулелер басым келеді. Кешке жақын бөлме ішіндегі кеңістік қара көлеңке болып, электр шамын жаққанда көрініс басқаша өзгеріске түседі.

Кеңістіктегі жарық ауа райына, ауа перспективасына байланысты. Жазғы және қысқы күндері түс мезгілінде дала өте жарық болса, бұлтты күні кеңістік оған қарағанда қараңғы сияқты көрінеді. Мұндай ауа райында жақындағы кеңістіктің түрі-түсі, өлшемі айқын байқалса, өте қашықтықта бұлдырап көрінеді. Кеңістіктің мұндай өзгеріс сипаттары жарықтың және уақыттың әсеріне қатысты болады. Сонымен кеңістіктер табиғи және жасанда болып екі түрге бөлінеді. Табиғи көріністерге орман, тау, дала көріністері жатады. Жасанды кеңістік адам қолымен жасалып, белгілі жазықтықтардан құралады. Єрбір кеңістіктің формасы, өлшемдері, қашықтығы бір-бірімен тығыз байланыста болады. Мысалы, кеңістіктегі заттар мен кеңістіктегі түстер жєне формалар бір-біріне ұқсас болуы мүмкін. Кеңістіктің мазмұны мен сипатын білу балалардың психологиялық қабылдауын дамыту мен қалыптастыру процесінде ерекше рөл атқарады. Кеңістік пен кеңістіктердегі заттарды қабылдау күрделі процесс. Кеңістікті қабылдау үшін балаға нақты тәжірибе қажет. Адам кеңістік пен кеңістіктегі заттардың өлшемін, қашықтығые, контурын, формасын, жарық пен көлеңкесін өзінің бұрынғы білімінің негізінде дұрыс қабылдай алады.

Кеңістік пен оның заттарының ерекшеліктері мен өзара байланыстарын қабылдауды бинокулярлық (екі көзбен) көрудің орны бөлек. Бинокулярлық көруде екі көзге түсетін кескін қосылып, нәрсенің формасы бір ғана бейнеге айналады. Мұндай көру арқылы қандай кеңістік болсын барлық өлшемдерін, формасын, қашықтығын жан-жақты қабылдауға жеңілдік туады. Кеңістікті қабылдауда қашықтықты қабылдаудың маңызы үлкен. Біз белгілі кеңістіктегі қашықтықты сол кеңістікте орналасқан өзімізге бұрыннан таныс, затқа екінші затты салыстыру арқылы жеңіл қабылдаймыз. Себебі, кеңістікті қабылдағанда онда орналасқан белгілі таныс зат болса, қалған заттардың бәрін сонымен салыстыру арқылы қабылдауға жеңілдік туады. Мысалы, жаңадан салынған үйдің ішінде бірінші кіргендер оны адамның бойымен салыстыру арқылы өлшемдермен биік, аласа немесе ұзын-қысқа екенін анық байқауға болады.

Кеңістікті қабылдауда көру мүшесімен қатар сипай сезу, қозғалыс органдары елеулі рөл атқарады. Күнделікті өмірде бала жердің бедерін ойнағанда, жүргенде, заттардың бедерін ұстап көру арқылы қабылдайды. Мысалы, жас балалар суретін салатын затын ұстап көру арқылы формасын, өлшемдерін, фактурасын жақсы сезеді. Баланың кеңістіктегі заттарды қабылдауы жас шағынан басталады, бірақ олар заттарды кеңістікпен қосып қабылдауға шамасы келе бермейді. Бастауыш сыныптарда бала заттың өзі тұрған (баланың өзі) жазықтықтан төмен немесе жоғары орналасқандығын олардың өлшемдері мен формаларының үлкен-кіші екендігінен өз бетінше байқауға шамасы толық жете бермейді. Бірінші сыныптағы балалар кеңістіктің сыртқы сипатына көбірек мән беріп, кеңістіктің өзіне ұнаған бөлігін қабылдауы басым болады. Заттың өлшемін, көлемін және оның кеңістікпен байланысын тұтастай қабылдай алмайды. Мысалы, бетіне гүл бейнеленген құмыраның көлемін кеңістіктегі орнынан гөрі гүліне көп көңіл бөледі де, оның қандай геометриялық формаға ұқсайтындығына назар аудармайды.

Баланың кеңістікті қабылдау процесінде бұрынғы өзі білетін көрініс пен жаңа көріністі салыстыра білудің маңызы зор. Кеңістік өлшемдерінің үлкен-кішілігін, алыс-жақындығын, жоғары-төмендігін салыстыру арқылы қабылдайды. Қабылдау процесінің дамуы баланың байқай білу қабілетінің пайда болуынан көрінеді. Бірінші сыныптың оқушылары жазықтардың байланысын, өлшемдер қатынасын, ұзындығын, қашықтығын бір-бірімен байланыста емес, тізбектеп айту арқылы жеткізеді. Екінші сынып оқушыларының байқауы бірқатар дами түседі. Олар заттардың өлшемдерінің формаларының ұқсастықтарын көре біледі. Үшінші сыныптан бастап, балалардың байқауы арта түседі. ¤лшемдердің үлкен-кішілігін, зат орнының көкжиек сызығынан жоғары-төмендігін, оның көрушіден алыс-жақындығын байқайды. Бірнеше жазықтықтар мен өлшемдерді тұтастай қабылдай алады. ¤зі қабылдаған көріністі сөзбен айтуға ұмтылады. Олар кеңістіктің ерекшеліктерін қарауға белсене кіріссе, байқауға да белсенді болады.

Балалардың кеңістікті қабылдауы мен байқауы қабілетін дамыту мынадай жағдайлармен тығыз байланысты. Кеңістік ұғымын түсіндіруге арналған таблица, сурет, модель сияқты көрнекі құралдарды балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, жасау қажет. Бастауыш сыныптарда кеңістік ұғымын түсіндіруге жазықтық бетіне бейнеленген көрнекіліктерден гөрі көлемді және демонстрация жасап көрсететін құралдар өте ұғымды. Оқу процесінде кеңістіктің мәнін балаға толық түсіндіріп беруге ұмтылу керек. Егер бала кеңістіктің белгілі жазықтықтардан құралатынын, олардың өлшемдері, қаншалықты, түр-түсі, зат орнының көкжиек сызығының жоғары немесе төмен деңгейін, формасының бір-бірімен байланысты болатындығын мағыналы түсінбесе, саналы түрда қабылдай алмайды.



Бақылау сұрақтары:

1. Оқушыларға көркемдік білім беру әдістемесі қандай.

2. Бастауыш сыныптарда оқушыларға көркемдік білім берудегі мұғалімнің алатын орны.

3. Көркемдік білім берудің маңызы қандай.

4. Бастауыш мектепте оқушыларға көркемдік білім берудегі негізгі мәселелер.

21-лекция. Тақырыбы: Бастауыш сыныпта оқушылардың өнертану мәдениетін дамыту әдістері

Лекция жоспары:

1. Оқушылардың өнертану мәдениетін қалыптастыру

2. Өнер туралы әңгіме сабақтарын ұйымдастыру әдістері

Лекция мақсаты: Студенттерге бастауыш сыныпта оқушылардың өнертану мәдениетін дамыту әдістері жайлы құнды тың мәліметтер беру.
Лекция мәтіні.

1. Бейнелеу өнері оқушыларға көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие берудің, сонымен қатар өнертану мәдениетін дамытудың ұтымды мүмкіндіктерінің бірі. Бейнелеу өнері шығармаларында оқушылардың өнертану мәдениетін, өнертану тілін дамыту үшін қазақ бейнелеу өнері шығармаларымен таныстырудың көптеген тиімді әдістері бар. Бейнелеу өнері де басқа ғылымдар мен өнердің салалары сияқты терминдер мен ұғымдардың жүйесінен тұрады. Оқушылардың бейнелеу өнері заңдылықтары мен бейнелеу ережелерін саналы түрде меңгеруіне тікелей байланысты.

Бейнелеу өнеріндегі өлшемдер мен түстердің кеңістік пен көрушіге байланысты өзгеруі жарық пен көлеңке, өлшемдер қатынастарының құбылыстары белгілі түсініктерді білдіреді. Тілдік түсініктердің формасы бейнелеу өнерінде терминдер болып табылады. Белгілі түсініктерді оқытып үйрету барысында терминдердің құрылысына мән беріледі. Оқыту барысында оқушыларға терминнің мәніне, тарихи шығу негізіне баса көңіл бөлу қажет. Бейнелеу өнері сабағында оқушылардың өнертану түсініктерін қалыптастыру үшін ұтымды дидактикалық әдістерін қолдану көп жетістіктерге қол жеткізеді. Оқушылардың кеңістік туралы ойы мен сөз мәдениетін дамыту, бейнелеу өнерінен алған білімдерін өз ойымен жүйелеуге үйретумен тікелей байланысты. Оқу әдістемелік әдебиеттерден аударма жасалған терминдер ғылыми түсінікті білдіретін, айқын, оқу процесінде қолдануға лайықты болу керек. Мұғалім мен оқушының сөз мәдениетінің дамуы оқу әдістемесінің, әдістемелік әдебиеттердегі терминдердің сапасына қатысты.

Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың образдық ойы мен сөз мәдениетінің тығыз байланыстылығын дамыту, мектеп оқушыларының жалпы сөз мәдениетін жетілдіру, білімді берік және саналы меңгеру қабілетін арттырады. Өнертану тілінің басқа ғылымдардың тілінен бірқатар айырмашылықтары бар. Бейнелеу өнерінің тілі, ғылыми терминдерден, символдардан және табиғи тілдің (ана тілінен) элементтерінен құралады. Оқушылардың өнертану тілін меңгеру, өнертану түсініктері мен тілін меңгерудегі олқылықтар, оқу материалын меңгеру барысында терминдер мазмұнына терең мән бермеуінде. Өнер түсініктерін оқытудың нақты әдістемелік жолдарының анықталмауында болуы мүмкін.

Өнертану түсініктерін қалыптастыру мәселесі – белгілі терминнің ерекшеліктерін ашу, логикалық, генетикалық, тарихи-генетикалық аспектілерін айқын-даумен тығыз байланысты шешіледі. Бейнелеу өнері терминдерінің қазақ тіліндегі жүйесін айқындау, бейнелеу өнерін оқыту курсындағы түсініктерді сыныптар бойынша бөлуге мүмкіндік туғызады. Түсінік тілдің көмегімен сөзге айналады. Өнерге қатысты түсінік тілдің мүмкіндігі арқылы өнертану термині формасында көрініс табады. Сондықтан өнертану терминдерінің жүйесін меңгеру, өнертану білімдерінің барлық жиынтығын меңгеруге негіз болып табылады. Оқушылардың өнертану білімдерін меңгеру үшін ой операциясының арқасында терминнің логикалық-генетикалық құрылысын ашып көрсету қажет.

Өнертану түсініктерін меңгеру үш кезеңнен тұрады:


  1. Ќабылдау, елестету, түсіну, айту, ойлау, еске сақтау;

  2. Жинақтау, жүйелеу;

  3. Іс жүзінде қолдану. Бұл процесс оқушы мен мұғалімнің белгілі іс-әрекеті кезінде жүзеге асады.

Өнертану түсініктерін қалыптастыруда ғылыми жүйелілік, бірізділік, беріктілік сияқты педагогикалық принциптерді ұғымды пайдалану орынды. Сондыќтан өнертану түсінігінің мәні мен сәйкестігінің бұзылуы, түсінік мазмұнының сөзден алшақтығы білім негіздерін меңгерудің сапасын төмендетеді. Терминдерді сапалы түрде қолдану оқушылардың білім деңгейін көтеруге үлкен жәрдемін тигізеді. Терминдерді меңгерудің күрделілігі терминдік сөздің ана тілінде немесе басқа тілден алынғандығына байланысты. Қандай жағдай болмасын терминнің шығуына, жасалу негіздеріне, мәніне сабақ барысында талдау жасап отыру қажет. Оқушылардың өнертану түсініктерінің қалыптасу деңгейін мынандай өлшемдерге қарап білуге болады: Түсініктің белгілерін айқындау, олардың өзара байланысын түсінуі; Әр түрлі ситуацияға байланысты түсінікті қалай қолдануы; Әр түрлі тапсырмаларды орындау деңгейі; Басқа пәндер бойынша терминдерді қалай қолданады;

Өнертану түсініктерін қалыптастыру мен дамыту, оқушыларға жаңа түсініктің мәнін ашудан басталады. Оқушыларға жаңа түсініктің мәнін ашуын көрсету жолдары мен бірізділігі, мынандай бағыттарды қамтиды:



  1. Жаңа түсінік туралы алғашқы елестер беру. Нақты мысалдар арқылы жаңа түсініктің белгілерін көрсету. Түсінікті білдіретін терминнің атын хабарлау.

  2. Түсінік туралы жинақы елесін беру. Түсініктің белгілі дәрежедегі айқын белгілерін көрсету. Түсініктің алғашқы анықтамасын тану.

  3. Түсінікті құрау. Түсініктің нақты анықтамасын құрастыру.

  4. Терминнің шығуы. Термин сөздің буын немесе әріптік нұсқасы.

  5. Түсініктің қолданбалы функциясын айқындау.

Оқушылардың өнертану түсініктерін ұғымды меңгеруі түсініктердің бір-бірімен қатынасын ашып көрсетумен байланысты. Қандай түсінік болмасын оны басқа түсінікпен салыстырмай қарастыруға болмайды. Сондықтан мұғалімнің түсініктерді меңгертуі үшін атқаратын міндеттері мынадай формада болады:түсініктер жүйесін оқушыларға меңгерту;салыстыру, ортақ қасиеттерін табу; түсініктердің айырмашылық шегін табу дағдыларын қалыптастыру; түсініктің анықтамасын айқындау;түсініктің анықтамасын айқындау күрделі логикалық процесс болып табылады. Түсініктің анықтамасы дегеніміз – белгілі түсінік қамтыған объектінің жігін нақтылы айқындау болып табылады. Сөз және заттар мен құбылыстарды байланыстырып тұрады.

Сөздің мәні мен түсініктің бір-бірінен өзгешеліктері бар. Түсініктің өзі табиғаты бойынша жеке. Сөздің мәні – анықтама арқылы беріледі. Бейнелеу өнерінің негізгі оқу мәселелері форма, пропорция, кеңістік, перспектива, жарық пен көлеңке түстер болып табылады. Оқушылардың сабақта форманы бейнелеу, форманың пропорциялық қатынастарын табу, форманы бейнелеу, форманың кеңістіктегі перспективалық көрінісін бейнелеу, жарық пен көлеңкенің қатынастарын табу арқылы форманың көлемін шығару туралы көптеген мәліметтер алу қажет. Бейнелеудің негізі болып табылатын бұл мәселелер көптеген түсініктердің жүйесінен тұрады. Бейнелеу өнерінің негізін құрайтын түсініктерді қалыптастыру логика психология дидактикасы, лингвистика және бейнелеу өнерін оқыту мәселелерімен тығыз байланысты.

Оқушылардың бейнелеу өнеріне қатысты түсініктердің жиынтығын өнертану туралы ойын құрайды. Өнертану түсініктерінің даму деңгейі баланыњ сөйлеген сөзі мен бейнелеу әрекеттерінен көрінеді. Өнертану түсініктері белгілі терминдер арқылы көрініс табады. Бейнелеу өнерінің әрбір термині белгілі бір өнертану түсінігін білдіреді. Бейнелеу өнерінің живопись, графика, мүсін, сәндік қолданбалы өнер түрлеріне байланысты оның терминдері де осы балаларға байланысты топтастырылады.

Кескіндеме – станоктық және монументалдық болып бөлінеді. Графиканың лингравюра, ксилография, офорт, эстамп, эксливрис сияқты түрлері бар. Мүсін – станоктық және монументалдық кеуде мүсін, қалың бедер, жұқа бедер сияқты терминдердің жиынтығынан құралады. Сәндік қолданбалы өнер – ою-өрнек, керамика, гобелен, ағаш өңдеу, тұрмыс заттарын безендіру, өндіріс заттарын безендіру, түсініктерінен тұрады.

Дизайн – тұтыну заттарының құрылысы, машиналардың формасы, өндіріс құралдарының формасы және тағы басқа ойды білдіретін түсініктер жүйесінен тұрады. Көптеген терминдер бейнелеу өнерінің жанрларына байланысты: тарихи тұрмыстық, әскери-соғыс, пейзаж, портрет, натюрморт. Терминдер жүйесін құрайтын бірқатар терминдер суретшілерге байланысты шыққан: портретист, анималист, баталист, пейзажист, маринист, монументалист, мүсінші, безендіруші, графика, кескіндемеші, акварелші, өндіріс-суретші, кітап-суретші, әскери-суретші, суретші-археолог т.б. Гризейль, лиссировка, акпа-прима сияқтылар техникасының түрлерін білдіреді.

Бейнелеу өнерінің түрлері, суретшілерге байланысты терминдер бейнелеу өнерінің әсіресе әңгіме сабақтарында жиі қолданылады. Бейнелеу өнерінің басқа да өнертану түсініктерін білдіретін терминдері нұсқаға қарап сурет салу, сәндік сурет салу және тақырып бойынша сурет салу сабақтарындағы оқушының сөз қорына жаңа терминдер қосылып отырады.

Бейнелеу өнері өмірдегі құбылыстарды заттар мен көріністерді көркем образдар жасау мен түрліше бейнелеу мүмкіндіктер арқылы көрнекті көрсетеді. Бейнелеу әдістері, мүмкіндіктері, заттар мен кеңістік, перспектива, жарық пен көлеңке құбылыстары жайлы түсініктер сөз арқылы мұғалім мен оқушының қарым-қатынас құралына айналады. Сондықтан оқушылардың өнертану түсініктері мен өнертану тілі табиғаты жағынан бір-біріне өте тығыз байланысты. өнертану білімдері, өнертану түсініктерінің, ой қорытындыларының жиынтығынан тұрады. өнертану терминдері – өнертану түсініктерін білдіретін мүмкіндік. өнертану мәдениеті, өнертану білімдері өнертану тілінің өзара жиынтығынан құралады. өнертану тілі – өнертану ойын білдіретін терминдер мен сөздер. Мектеп оқушыларының өнертану мәдениетін дамыту барысында оқушыларды қазақ бейнелеу өнері шығармаларымен, суретшілер шығармаларымен таныстырудың ұтымды жақтары көп.

Бақылау сұрақтары:

1. Оқушылардың өнертану мәдениетін қалыптастыру мәселелері.

2. Сабақты ұйымдастыру және өнер жайлы білімін жетілдіру

3. Өнер туралы әңгіме сабақтарын ұйымдастырудың қандай әдістерін білесің.

4. Бастауыш сыныпта өнертану мәдениетін дамыту сабақтарын ұйымдастыру әдістері.

22-лекция. Тақырыбы: Бастауыш сыныптағы бейнелеу өнері сабақтарында көрнекті құралдарды пайдалану әдістері

Лекция жоспары:

1. Бейнелеу өнері сабақтарында көрнекті құралдарды пайдалану әдістері

2. Көрнекі құралдарды дайындау және қолдану

Лекция мақсаты: Бастауыш сыныптағы бейнелеу өнері сабақтарында көрнекті құралдарды пайдалану әдістерін студенттерге жан жақты меңгерту.

Лекция мәтіні.

1. Бастауыш сыныптағы бейнелеу өнері сабақтарында көрнекті құралдар нұсқаға қарап сурет салу, тақырыптық сурет салу,сәндік сурет салу және әңгіме сабақтарында пайдаланылады. Тақырып бойынша сурет салу сабақтарында мұғалім жаңа тапсырманы түсіндіру үшін композиция заңдылықтарын түсіндіруге арналған көрнекі құралдармен қатар, перспектива, жарық пен көлеңке, орындау техникасына байланысты жасалынған көрнекі құралдарды пайдалануға тура келеді. Тақырып бойынша сурет салу сабағының көрнекі құралдары мынадай тақырыптар бойынша жасалынады:


  1. Бейнелеудің бірізділігін көрсететін таблица.

  2. Композиция заңдылықтары.

  3. Адам фигурасының пропорциялық қатынастары.

  4. Адамның қимыл көріністері.

  5. Жарық пен көлеңке заңдылықтары.

  6. Орындау техникасының түрлері.

Тақырып бойынша сурет салу сабағының көрнекі құралдары таблица түрінде жасалумен қатар көлемді етіп те жасалынады. Мысалы, адамның немесе жануардың қозғалысын көрсету үшін сым темірден схема түрінде жасалған модельдер.

Тақырыптық сурет салу сабағында қолданатын бейнелеудің бірізділігін көрсететін таблицада мынадай кезеңдер көрсетіледі.

1-кезең – сюжетке байланысты форманы қағаз бетіне орналастыру;

2-кезең – форманың конструкциялық құрылысын бейнелеу;

3-кезең – форманың ұсақ деталдарын көрсету;

4-кезең – штрихтар немесе бояумен форманың көлемін шығару;

5-кезең – ауа перспективасын бейнелеу арқылы түстердің перспективалық өзгеруін көрсету;

6-кезең – толық аяқталған сурет.

Көрнекі құралдарды жасау мен пайдалануда мынадай жағдайларды ескеру қажет:


  1. Әрбір көрнекі құралдың белгілі тақырыбы болуы.

  2. Бейнелеудің әрбір кезеңін көрсететін суреттердің мүмкіндігінше өлшемінің үлкен болуы.

  3. Сабақта тапсырманы түсіндіріп болған соң көрнекі құралдарды жинап алу.

  4. Жиі қолданатын көрнекі құралдарды бейнелеу өнері кабинетіне стенді ретінде іліп қою.

Тақырып бойынша сурет салу сабағында қолданатын көрнекі құралдың тақырыбы мынадай болады. «Жазғы каникул», «Егін жинау», «Аққала соғу», «Отырардың күйреуі», «Қазақ ертегілері», «Қаңбақ шал» т.б. Сабақта оқушылар өз бетінше оқыған әдеби кітаптарының мазмұны бойынша суреттер салады. Мұндай суреттер салуға басшылық жасау үшін белгілі сюжетке құрылған көріністің бейнелеу бірізділігін көрсететін таблица қажет. Оқушылардың бейнеленген қандай суреті болмасын адамдар көрінісі жиі кездеседі. Сондықтан бейнелеу өнері кабинетінде тұрақты түрде адам формасының пропорциялық қатынастары (мысалы, адамның бой өлшеміне бас өлшемі жеті немесе сегіз есе келеді) көрсететін жеке таблицалар жасалынады.

Мектеп оқушыларының тақырып бойынша салған суреттерінде белгілі кеңістік перспектива заңдылықтары мен ережелеріне сәйкес бейнеленеді. Перспективаның бейнелеу әдістерін көрсету ‰шін мұғалім өлшемдер мен түстердің көрушіден алыстаған сайын өзгеру құбылысын көрсететін құралдарды пайдаланады. Перспективаны бейнелеуге байланысты көрнекі құралдардың тақырыптары мынадай болады:



  1. Табиғаттағы заттардың перспективалық көрінісі;

  2. Вертикаль сызықтардың перспективасы;

  3. Горизонталь сызықтардың перспективасы;

  4. Шеңбердің перспективасы;

  5. Кубтың перспективасы;

  6. Горизонт сызығы, картина жазықтығы;

  7. Ауа перспективасы, сызықтық перспектива, көлеңке перспективасы;

  8. Заттардың суға шағылысып түскен көлеңкесінің перспективасы.

Тақырып бойынша сурет салу сабақтарында (орыс) бейнелеу өнері шеберлерінің озық туындыларын көрнекі құрал ретінде пайдалануға болады.

Сабақты түсіндіру барысында живопись, графика, шығармаларының идеялық мазмұнына, композициялық құрылысына, колоритіне, орындалу техникасына мұғалім кең түрде талдау жасайды. Өнер шығармаларын сабақта пайдалану нәтижесінде оқушылар бейнелеу өнерінің композиция, перспектива, жарық пен көлеңке пропорциялық қатынастар заңдылықтарын үйренеді. Өз бетінше композициялық сурет құрастыруға, заттарды бейнелеуде перспектива ережелерін қолдануға, пропорциялық қатынастарды табуға бағыт пен бағдар алады. Кескіндеме картиналарын сабақ барысында көрсету нәтижесінде мұғалім композицияға, перспектива, жарық пен көлеңкеге, пропорцияға қатысты терминдер жүйесін кең түрде қолданады. Оқушылардыњ бейнелеу өнері сабақтарындағы терминдерді қолдануы сөз мәдениетінің дамуына игі ықпал етеді. Оқушылардың сөз мәдениетіне әсер ететін құбылыс мұғалімнің сөз қорының жоғарғы дәрежеде болуы, терминдерді қолдануда әртүрліліктің болмауы.

Мектеп оқушыларының бейнелеу қызметіне өнер шығармаларын таныстырудың көмегімен басшылық жасау ісі, екінші жағынан шығармашылық белсенділігін арттыра түседі. Оқушылар картинадағы визуальдық көріністерден, табиғаттағы заттарды бейнелеу жолдарын түсінеді. Композиция заңдылықтарын іс жүзінде қолданудың жолдарын көреді. Ойша салынатын суреттердің композиция, перспектива, жарық пен көлеңке, пропорция заңдылықтарын қолдану арқылы сапалы шығатындығына көз жеткізеді. Оқушылардың бейнелеу өнерінің теориялық негіздері мен бейнелеу әдістерін түсінуі шығармашылық белсенділігін арттырудың алғашқы түрлері болып табылады.

Барлық кескіндеме туындыларынан қабылдаған затты қағаз бетіне орналастыру, оның құрылысын салу, көлемін шығару, перспектива құбылысы туралы мәліметтерді өз бетінше белгілі көріністерді бейнелеуге талпынады. Бала өзі көрген әсем суреттер сияқты етіп бейнелеуге тырыса бастайды. Бейнелеу өнері сабақтарында графикалық шығармаларды ұтымды түрде пайдалану оқушылардың теориялық білімдерін дамыту, сөз мәдениетін арттыру, шығармашылық белсенділігін жетілдіру, мәселелер мен тікелей байланысты шешуге болады. Бейнелеу өнері шығармаларын сабақта пайдалану оқушылардың таным қабілетін дамуына жәрдемдеседі. Оқу материалдарын сапалы меңгеруге ықпал етеді. Реалистік бейнелеу өнерінің негіздерін үйретеді. Сабақты түсіндіруге арналған уақытты ұтымды пайдалануға септігін тигізеді. Оқушылардың сөз белсенділігін арттырады. Өнертану түсініктерін дамытады. Бейнелеу өнерінің туындылары әсіресе жаңа материалдарды оқушыларға түсіндіру қарсаңында қолданады.

Кейбір көркем графикалық туындылар сурет салу кезеңінде жіберген қателерді жөндеу жолдарын көрсетуге арналады. Өнер туындыларының бір тобы графикалық, орындау техникаларының әдістерін көрсету мақсатында қолданылады. Қазақстан бейнелеу өнері шығармаларының көптеген түрі натураға қарап сурет салумен қатар тақырыптық, сурет салу сабақтарында өте жиі қолданылады. Сәндік қолданбалы өнер сабақтарында өрнектердің түрлері сәндік қолданбалы өнердің түрлерін көрсететін таблица, ою-өрнек элементтерінің бейнелеу бірізділігін көрсететін таблицалар болып әр түрге бөлінеді. Сәндік сурет салу сабақтарында шеңбердің бойында композициялық түрде ою-өрнектерді орналастыру, өрнектерді сызықтық бойына орналастыру, өрнектерді квадраттың ішіне орналастыру, ою арқылы белгілі сюжет бойынша композиция құрастыру керек. Мұғалімнің мұндай іс-әрекеті оқушыларындыњ шығармашылық белсенділігіне ықпал етеді.

Сәндік сурет салу сабағында мұғалім ғарыш, көктем, қыс, т.б. тақырыптар бойынша ою-µрнектер арқылы сюжеттік композицияға көрнекі құралдар жасайды. Осындай композиция бойынша жасалған өнер туындысын көрсетеді. Сәндік сурет салу сабағында мұғалім әсем безендірілген тұрмыстық заттарды, ыдыстарды немесе сәндік қолданбалы өнерінің туындыларын тәжірибе жүзінде қолданады. Сәндік сурет салу сабағында қолданбалы өнер туындыларының, сонымен қатар, басқа ұлтты республикалардың қолданбалы өнерінің репродукциялық шығармаларын, көркемдік білім негіздерін меңгерту мақсатында қолданып отырады. Оқушыларға эстетикалық тәрбие мен көркемдік білім беру процесінде пән мұғалімінің тәжірибелік дағдыларының мол болуы, шығармашылық еңбек етумен қатар пән бойынша сөз қорының жүйелі дамуының оқу мен тәрбие нәтижесінде белгілі дәрежеде ықпал етеді.

Бейнелеу өнері пәнінің әдістемелік әдістер мен тәсілдерін, меңгергендігі, іс-тәжірибесі, іскерлік пен дағдысының деңгейлері сөз байлығы арқылы көрініс береді. Мұғалімнің сөз қоры жеке пәнге байланысты терминдер жүйесінен, іс-қимылды білдіретін сөздердің жүйесі сияқты бейнелеу өнері сабақтарының да кәсіптік, оқыту әдістеріне байланысты сөздердің жүйесі бар. Мектеп оқушыларының эстетикалық талғамын таныту мен көркемдік білім беру процесінде мұғалімнің пәнге байланысты сөз жүйесінің бай болуы маңызды іс. Ал, баланың сөз қорының дамуы таным қабілетінің дамуына, бейнелеу қызметінің сапасының артуына және үйлесімді дамуына игі ықпал етеді. Мұғалімнің сөзі оқушының ой белсенділігін арттырып, қабылданған материалдардың өзара байланысын табуға жәрдемдеседі, келесі істелетін әрекеттің сипатын анықтайды. Педагогтің сөзі бейнелеу әрекеті барысындағы стеоретивтік, шаблондық қозғалысты дағдыларды жоюдың ерекше мүмкіндіктерінің бірі. Сөз – оқушылардың бейнелеу іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға жәрдемдеседі. Жақсы ұйымдастырылған бейнелеу өнері сөз қорының ұтымды дамуына әсер етеді. Баланың сөз қорының даму дәрежесін өз жолдастарының жұмыстарының көркемдік сипатын тану, өнер шығармаларына талдау жасау, салынатын заттың құрылысы, кеңістіктегі орны, түрі, түсі сияқты ерекшеліктерін талдауынан анық байқауға болады. Бейнелеу процесіне қатысты оқушылардың түсініктерінің қалыптасу барысында сөз елеулі роль атқарады. Сәндік сурет салу сабағында мұғалімнің жүйелі берген мәліметтерінің негізінде «өрнек», «жолақ», «сызық», «сыртқы сызық», «ырғақ», «симметрия» т.б. түсініктер беріледі. Зат пен оның бөліктерінің жеке белгілерін сипаттау барысында үлкен, кіші, ұзын, қысқа, төртбұрыш, үшбұрыш, қызыл, көк сияқты сөз қоры белсенді түрде жинақталады. Зат көрінісін қағаз бетінде бейнелеу процесінде салу, жалғастыру, бояу және т.б. іс-қимылдарға байланысты сөздердің мазмұны ашылады. Қандай зат бейнелесек те оның кеңістіктегі қалпын, орнын кеңістік қатынастарын көрсету қажет. Осыған байланысты нұсқаға қарап сурет салу барысында орта, жоғары, төмен, оң, сол, алыс, жақын және т.б. кеңістік қатынастарын білдіретін сөздер жиі қолданылады. Бейнелеу өнері сабақтарында заттың атын, белгісін, бейнелеу қимылдарын, кеңістік қатынастарын білдіретін нақты сөздерден басқа «форма», «өлшем», «бояу», «түс», «орналасу» сияқты бейнелеу процесінің негізгі ұғымдары беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет