Лекция: 30 сағат Семинар: 15 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат: 135 сағат Аралық бақылау: (АБ) -60 б



бет5/6
Дата25.12.2016
өлшемі2,51 Mb.
#5011
түріЛекция
1   2   3   4   5   6

Бақылау сұрақтары:

1. Бейнелеу өнері сабақтарында көрнекті құралдарды пайдаланудың қандай әдістері бар.

2. Көрнекі құралдарды дайындау және қолдану жолдары.

3. Сабақта көрнекі құралдарды қолданудың маңызы қандай.

4. Бастауыш мектепте оқушыларға көрнекі құралдарды жасату әдістері.
23-лекция. Тақырыбы: Бастауыш сыныпта оқушыларға өнерді таныстыру барысында терминдерді қолдану мәселелері

Лекция жоспары:

1. Бейнелеу өнеріндегі терминдерді қолдану мәселелері

2. Оқушыларға өнерді таныстыру барысында түсіндірмен сөздікті қолдану

Лекция мақсаты: Студенттерге бастауыш сыныпта оқушыларға өнерді таныстыру барысында терминдерді қолдану және сабақ барысында пайдалану мәселелерімен таныстыру.
Лекция мәтіні.

1. Бейнелеу өнерін оқыту барысында әр түрлі ұлт тілдерінен құралған терминдердің жүйесін оқушыларға меңгертудің көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие берудегі орны ерекше. Бейнелеу өнеріндегі көптеген терминдер шетел тілдерінің негізінде жасалған. Мұндай терминдердің мағынасы оқушылардың өз бетінше түсінуіне қиындық туғызады. Сондықтан сабақ барысында терминдердің мағынасына талдау қажет.

Тәжірибе көрсеткендей көптеген мектеп оқушыларының терминді меңгеруде білімінің төмен дәрежеде екендігі айқын. Оқушылардың өнертану терминдерін меңгеруінің төмен дәрежеде болуының көптеген себептері бар. Олардың қатарына мұғалімнің дер кезінде мағынасына талдау жасамауы, терминдерді сабақта пайдалану әдістерін көрсететін көмекші құралдың жоқтығы жатады.

Оқушылар терминдердің қай түрден шыққанын, мазмұнын жақсы меңгерсе, өнер шығармаларын өз бетінше талдап, өз түсініктерін екінші біреуге жеткізу қиындыққа соқпайды. ¤нертану терминдерін оқушыларға меңгертудің ұтымды жолы – бейнелеу өнерінің терминдерінің шығу себептерін ашып көрсету. Белгілі бір термин, белгілі бір ұғымды айқындайды. Терминнің этимологиялық негізіне талдау жасау өнертану ұғымдарын меңгеруге жәрдемдеседі.

Этимология сөзі гректің этимон – шын, сөздің негізгі мағынасы және логос – ілім деген екі сөздің бірігуінен жасалған. Сөздің шын мағынасы туралы ілім деген ойды білдіреді. Терминдерге этимологиялық талдау жасау барысында бейнелеу өнері пәні мұғалімінің сөзі мына бағыттарды қамтиды: а)Терминнің айтылуы мен жазылуына сипаттама беру;


ә) Сөздің шығу төркіні мен пайда болуын әңгімелеу; б) Терминнің шет тіліндегі және ана тіліндегі мағынасын ашып көрсету.

Бейнелеу өнері терминдерінің талдау әдістері төмендегі үлгіде болғаны жөн. Мұндай талдауды мұғалім өнер шеберлері, бейнелеу құралдары, бейнелеу әдістері туралы мәліметтермен сабақ барысында толықтырады. «Акварель» – латынның «адиа» (су) деген сөзінен шыққан. Суға езіп жазатын бояуды және осы бояумен жазылған шығармаларды «акварель» деп атайды. «Анималист» – аңдар мен құстардың суретін салумен шұғылданатын адам, (суретші). Ол латынның «анимал» (хайуанат) деген сөзінен шыққан. «Витраж» түрлі түсті әйнектермен терезелерге салынған сурет, француздың «Витре» – терезе әйнегі деген сөзінен шыққан.

«Гравюра» француздың «гравер» деген сөзі. Ол затты ою, наќыштау деген түсінікті білдіреді. «Графика» ќарындашпен, тушпен немесе бір нәрсенің бетіне ойып ќаѓаз бетіне т‰сріген сурет. Графика «гравфо» – жазамын, суретке саламын деген грек сµзінен шыќќан.

«Интерьер» ‰йдіњ ішкі бµлігін кµркем безендіру. Ол француздыњ «ішкі» деген маѓынасын білдіретін сµз. «Композиция» деген картинада бейнелейтін кµріністер бейнесіне белгілі бір ретпен орналастыру, үйлестіру, құрастыру деген ойды білдіреді. Композиция деген «Гомпоситис» – ойлап шығару құрастыру деген мағынаны білдіретін латын сөзі. «Маринист» – теңіз көріністерін бейнелейтін суретші. Бұл сөз латынның «маринус» – теңіз деген сөзінен шыққан. «Натюрморт» – тұрмыстағы заттарды, жемістерді, гүлдерді, жануарларды, табиѓатты бейнелейтін картиналар. “Натюрморт” француздың “табиғат” деген ұғымын білдіреді. «Орнамент» – симметрия немесе ритм ережесіне сәйкес суреттер мен сызықтарды белгілі бір тәртіппен орналастыру. Ол латын сөзінен шыққан. «Орнаментум» – әшекей деген ойды білдіреді. «Офорт» – лак жаққан металдың бетіне ойылып, одан қағазға түсірілген сурет. Офорт – «ау-форте» (қатты су) деген мағынаны білдіретін француз сөзі.«Перспектива» – табиғаттағы заттар өлшемдерінің алыстаған сайын кішірейіп, бояу түрінің бұлыңғыр болып көріну құбылысы және оны бейнелеу әдісі. Перспектива латынның «перспигерс»- “тасадағыны көре білу” деген сөзінен шыққан. «Пропорция» – зат өлшемдерінің сәйкестігін білдіреді. Ол латынның «пропортино» – “үйлесім, сәйкестік” деген ұғымды білдіреді. «Силуэт» – жарық көзіне жақын тұрған адам немесе заттың алыстан қарағандағы көлеңке түріндегі көріністің суреті. Бұл француз Этьен де Силуэт деген адамның есімімен аталған. «Фреско» – жаңа ғана әктелген сыз қабырғаға езілген бояумен салынатын сурет. Ол италия халқының «фресго» – шикі, жаңа жасалынған деген мағынаны білдіреді.

Терминдерге этимологиялық талдаулар жасау сабақта немесе сабақтан тыс бейнелеу өнері жұмыстарында жүзеге асады. Нұсқаға қарап сурет салу сабақтарымен қатар бейнелеу өнері туралы әңгіме сабақтарды терминдердің шығу негізіне талдаулар жасау ұтымды. Басқа сабақтарға қарағанда әңгіме сабақтарда бейнелеу өнерінің 7-8 шығармасына талдау жасалады. Мұғалім сабақ барысында қолданылатын терминнің мән-мағынасын көрнекті етіп жазып, тақтаға іліп қояды. Түсіндіруі қиын соғатын перспектива сияқты ұғымдар туралы анықтамаға қосымша сурет салынады. Терминге талдау жасау кезінде тарихқа қатысты әңгімелер айтып беру ұтымды. Мысалы, импроссионистер термин қолдану барысында ХІV ғасырдың екінші жартысында Францияда өзіндік бейнелеу әдістері бар суретшілер тобы шықты. Олар әдеттегідей суретті шеберханада емес табиғат арасында салуды, алған әсерін тез бейнелеуге тырысты. Бұл суретшілердің шығармалары алғаш рет Париж қаласында көрмеде қойылған соң оларды импроссионистер деп атады. Француздың «импрессион» – “әсер” деген мағынаны білдіреді. Терминдердің пайда болуын ашу мақсатындағы мұғалімнің деректі әңгімесі, оқушының өнертану ұғымының қалыптасуына жәрдемдеседі.

Әңгіме сабағы барысында “силуэт” деген сөзді қолданады. Силуэт термині адамның атына байланысты шыққан. Этьен де Силуэт деген адам ХVІІІ ғасырда Францияның финанс министрі болған. Сол кездегі бір суретші министрдің суретін салады. Суретте адам бейнесі әдеттегідей емес көлеңке тәрізді бір (қара) түсті бояумен салынған. Осы кезден бастап сурет салудың осы әдісі министрдің атымен силуэт деп аталып кеткен. Осындай терминдерді талдау барысында деректі әңгімелер оқушылардың қызығушылығын арттырып, ынталандыра түседі.

Өнертану тілінің бір бөлігі болып табылатын кейбір терминдерге этимологиялық талдау жасау оқушылардың өнертану ұғымдарын қалыптастыруға ықпал етеді. Оқушылардың көркемдік білімін көтеріп, өнертану әдебиеттерін өз бетінше оқуға жол ашады. Сөйлеу мәдениетін арттырады. Сәндік сурет салу сабағында мұғалім көптеген атаулар мен терминдерге түсініктер беруге тура келеді. Сәндік қолданбалы өнер шығармаларын талдау барысында оның теориялық негізін құрайтын терминдердің шығу тегіне тарихи, ғылыми деректермен байланысты әңгіме қозғау орынды. Оқушыларды сәндік өнермен таныстыру барысында ою-өрнектердің ерекшеліктері мен оның атаулары жайлы толық мәліметтер беру аса пайдалы.

Қазақ халқының бейнелеу өнері мен бейнелеу өнерінің атаулар жүйесі революцияға дейінгі кезеңде халықтық қолөнерге байланысты қалыптасты. Қолөнер туралы арнаулы еңбектің авторы С.Қасимановтың «Қазақ халқының қолөнері сонау ерте заманның тарихымен бірге өсіп қайнап келе жатқан өте бай қазына. Ол тек қазақ халқының ѓана емес, туысқан Орта Азия халықтарының, орыс халқының қолөнерімен де ұштасып жатыр. Қазақ халқының тарихы басқа халықтардың тарихы сияқты өндірістік қатынастардың даму шежіресі» (С.Ќасиманов. Қазақ халқының қолөнері. Алматы, 1977. 3-бет) деген ойы өте құптарлық. Сондықтан қазақ халқының бейнелеу өнерінің атауларының қалыптасу кезеңдерін Орта Азия халықтарының тарихымен байланыстыра қараған жөн.



Бақылау сұрақтары:

1. Бейнелеу өнеріндегі терминдерді қолдану жолдарын ата.

2. Оқушыларға өнерді таныстыру барысында түсіндірмен сөздікті қолдану әдістері.

3. Сабақта басқа тілден енген сөздерді оқушыларға түсіндіру мүмкіндіктерін ата.

4. Бастауыш мектепте оқушыларды бейнелеу өнерінің терминалогиясымен таныстыруда қолданылатын әдебиеттер.

24-лекция. Тақырыбы: Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру

Лекция жоспары:

1. Үйірме жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі

2. Оқушыларды сыныптан тыс жұмыстарда бейнелеу өнеріне баулу

Лекция мақсаты: Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және оларды жан жақты тұлға етіп тәрбиелеу мәселелерімен студенттерді таныстыру.
Лекция мәтіні.

1. Бастауыш мектепте оқушылардың көркемдік білімін жетілдірудің ұтымды мүмкіндіктерінің бірі – мектепте ұйымдастырылатын көркем сурет галереясы. Көркем сурет галереясын мектепте ұйымдастырудың тәрбиелік, танымдық маңызымен қатар оқушылардың өнертану мәдениетін көтеруге мол ықпал етеді. Бейнелеу өнері пәні мұғалімінің мұндай жұмысы формасын тәжірибе жүзінде қолдану мынадай мақсаттарды көздейді. Біріншіден, бейнелеу өнері шеберлерінің шығармаларын таныстыру. Екіншіден, мектеп галереясы облыс орталықтарындағы, астаналардағы көркем сурет музейін көруге мүмкіндігі жоқ алыс аудан мектептері үшін қолайлы.Үшіншіден, оқушылардың көркем сурет галереясының жұмысына экскурсовод, лектор ретінде тарта отырып, бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын туғызу көркем өнер шығармаларының ерекшелігін дұрыс қабылдау, көркемдік талғамын дамытуға ықпалы бар. Төртіншіден, галереяға оқушылардың шығармашылық және оқулық суреттерін, үлгілі шығармашылық жұмыстарын қойып көрсету арқылы өнерге деген ынтасын, шығармашылық белсенділігін арттыру көзделеді.

Оқушылардың өнертану түсініктерін дамытып, тіл мәдениетін жетілдірудің бір жолы – өнер шеберлері шығармаларының көрмесіне экскурсия жасау. Мұндай бейнелеу өнерінің көрмелері облыс, аудан орталықтарында жиі ұйымдастырылады. Бастауыш мектепте бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі өз шәкірттерін үнемі көркемөнер көрмесіне апарып көрсетіп, шығармалардың көркемдік ерекшеліктерін әңгімелеп береді. Бастауыш мектепте бейнелеу өнері көрмесіне экскурсия жасаудың ұтымдылығы – оқушылар кескіндеме, графика, мүсін, сәндік қолданбалы өнер шығармалардың көркемдік ерекшеліктерінің түпнұсқасын өз көзімен көруге мүмкіндік алады. Көрме залында шығармаларға өнертану туындысынан түсінік беретін экскурсоводтың, пән мұғалімінің берген мәліметтері негізінде оқушылардың бейнелеу өнерінің түрлері, жазылуы, жанрлары өмір шындығын көркем бейнелеу жолдары туралы түсініктері молая түседі.

Бастауыш мектеп оқушылары көрмеден көрген шығармадан алған әсері туралы бір-бірімен пікір алысады. Пікір алысу әңгімелерінде бейнелеу өнерінің терминдері мен сөздерін қолданады. Оқушылардың өз сөзінде бейнелеу өнері терминдерін қолдануы сөздік қорының дамуына ықпалын тигізуі сөзсіз.

Бастауыш мектеп оқушыларының өнертану түсініктері мен тілін дамытудың ұтымды жолының бірі – бейнелеу өнерінен викториналар мен ойындар өткізу. Балалар мұндай сыныптан тыс өткізілетін жұмыстарға қызыға қатынасады. Бастауыш мектепте Мұғалім өз сыныбының оқушылары арасында «Қазақстан суретшілерінің шығармашылығы туралы не білесің?», «Ою-өрнектерде қандай көріністер бейнеленген?» деген сияқты тақырыптарға викторина ойындарын қызықты, тартымды өткізеді. Викторина ойынының барысында оқушылар өз ойларын жеткізу үшін живопись, графика, мүсін, қолданбалы өнер, ою-өрнектердің аттары, рәміздер туралы терминдерді орынды қолданады. Жүйелі түрде өткізілген викторина, сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың өнертану тілін дамытудың ұтымды жолы.

Бастауыш мектептегі сабақта немесе сабақтан тыс уақытта оқушыларға бейнелеу өнері туралы диафильмдерді немесе кинофильмдерді көрсетудің өнертану түсініктерін беруге жәрдемін тигізеді. Соңғы кездерде оқу-әдістемелік фильмдер жасауға бетбұрыс жасалуда. Бейнелеу өнері пәнінің мұғаліміне көмекші құрал ретінде кинофильмдер жасап шығарылады. Солардың ішінде «Клубтың перспективалық көрінісін салудың әдістері» атты фильмде клубтың көрінісін салудың бірізділігі демонстрациялық түрде көрсетіледі. Фильм сюжеті оқушылардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын туғызады, мұғалімнің сабақты түсіндіруге, тақтаға сурет салуға кететін уақытын үнемдеумен қатар сурет салу саласындағы өнертану түсініктерін дамытады.

Бастауыш мектепте бейнелеу өнері шығармаларының репродукцияарынан құралған көркемсурет галереясын ұйымдастыру, өткізу бейнелеу өнері пәні мұғалімінің жауапты міндеті. Галереяға қойылатын экспонат ретінде көбінесе бейнелеу өнері туындыларының репродукциялары (яғни газеттер мен журналдардағы, кітапқа басылып шыққан ашық хат түріндегі түрлі түсті көшірмесі) жинақталады. Репродукцияларды жинауға мектеп оқушылары белсенді қатыстырылады. Оқушылар өнер шығармаларының репродукцияларын жинап, пән мұғаліміне өткізеді. Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі оларды әр түрлі салаларға және тақырыптарға, өнер дамуының кезеңдеріне сай топтастыру жұмысын жүргізеді.

Бастауыш мектепте бейнелеу өнері шығармаларының репродукцияларын жинақтау барысында пән мұғалімінің оқушыларға репродукцияны ұқыпты түрде қиып алуын, көркем өнер туындысының авторы, аты, жасалған жылы, қандай материалдардан жасалғаны, орындалу техникасы туралы мәліметтерді көрсетуін алдын ала ескертуі керек.Бейнелеу өнері шығармаларының репродукцияларын жинақтау пән мұғалімдері, оқушылармен қатар мектептің тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушылар да тартылуы қажет. Өнер туындыларының репродукциялар не оқулық, немесе басқа да оқу әдістемелік, өнертану кітаптарынан алу қажет болған жағдайда, оны фотоға түсіріп алып, экспонат ретінде қойылады.

Қазіргі кезде бастауыш мектепте қазақ бейнелеу өнерінің туындылары республикалық баспасөз бетінде көптеп жарияланады. «Жұлдыз», «Жалын» журналында қазақ бейнелеу өнерінің тың жерді игеру, Ұлы Отан тақырыбы, космосты игеру, бейбітшілікті қорғау тақырыптарымен сәндік қолданбалы өнер туындыларын таныстыратын өнер шығармаларының репродукциялары үнемі жарияланып тұрады. Республикалық газеттер мен журналдарда жас суретшілер шығармашылығыныњ жаңа қадамын айқындайтын сонымен қатар көне өнер түрлерін көрсететін материалдар көп басылады. Баспасөз беттерінде жарияланған сол мәліметтерді жүйелі түрде жинастырудың білімдік және тәрбиелік мәні зор.

Бастауыш мектепте бейнелеу өнері галереясын ұйымдастыру барысында жиналған материалдарды мынадай топтарға бөлу қажет:

1. Ерте дүние өнері; а) ертедегі Египет өнері, б) ертедегі Греция өнері, в) ертедегі қазақ бейнелеу өнері;

2. Ерте ғасыр өнері; а) орта ғасырдағы Шығыс өнері, б) орта ғасырдағы қазақ бейнелеу өнері;

3. Қайта өрлеу дәуірінің өнері;

4. Қазіргі бейнелеу өнері шығармалары;

Қазақ бейнелеу өнері бойынша репродукциялар толық жиналған жағдайда оларды кескіндеме, графика, мүсін, сәндік қолданбалы өнер салаларында бөлу қажет. Бейнелеу өнері архитектурамен өте тығыз байланысты болғандықтан бұларға архитектуралық ескерткіштерді де қосқан орынды.

Егер бастауыш мектепте қазақ бейнелеу өнері жөнінде толық материал жиналған жағдайда оларды «Ежелгі қазақ бейнелеу өнері» және «Қазақ бейнелеу өнері» деген екі бөлімге бөлу қажет. «Ежелгі қазақ бейнелеу өнері» тақырыбы бойынша көрмеде халықтың сәндік қолданбалы өнер туындыларының репродукциялары, Ш.Уєлихановтың графикалық суреттері, Т.Шевченконың, В.В.Верешагиннің туындылары көрсетіледі. Сонымен қатар Қожа Ахмет Ясауи, Айша-Бибі, Арыстанбаб сияқты архитектуралық-мемориалдық құрылыстың түрлі түсті фотолары, фоторепродукциялары қойылады. Қазақ бейнелеу өнері туындылары: кескіндеме, графика, мүсін, сәндік қолданбалы өнер салаларына бөлінеді. Материалдарды жинау мүмкіндіктеріне қарай бейнелеу өнерінің көрсетілген әрбір саласын натюрморт, пейзаж, портрет, анималистік, тарихи, батальдық, тұрмыстық жанрларға жіктеп көрсетудің танымдық маңызы бар. Мектептің көркем сурет галереясында мерзімдік бөлім болады. Бұл бөлім түрлі даталарға арнап көрсетіледі. Мерзімдік көрсетуге арналған шығармалар «Қазақ бейнелеу өнеріндегі ана образы» т.б. «Рәміздер», «Эмблемалар», «Өнер мен табиғат», «Плакат», т.б. тақырыптары бойынша жиналады. Репродукциялық шығармалардан құралған көркем сурет галереясының мынадай тәрбиелік, білімдік маңызы бар:


  • шығарманың мазмұнына оқушылардың дүниетанымдық көзқарасының эстетикалық сезімдері, талғамы мұраттарының, қалыптасуына ықпал етеді;

  • өмірдегі әсемдіктің, өнер тіліндегі бейнелеу жолдарын көреді;

  • қазақ бейнелеу өнері мен сәндік қолданбалы өнер туындыларының көркемдік ерекшеліктерімен танысады;

  • бейнелеу өнерінің түрлері, жанрлары, орындалу техникасы мен колорит, композиция, перспектива, туралы түсініктерін дамытады;

  • бейнелеу өнеріне қатысты терминдерді үйреніп, сөз мәдениеті дамиды.

Бастауыш мектепте көркемсурет галереясын ұйымдастыру жұмысы бейнелеу үйірмесінің жұмыстарымен тығыз байланысты. Үйірме мүшелері көркем сурет галереясын безендіруге белсене қатысады. Галерея бөлімдерінің тақырыптары көрнекті етіп, лайықты шрифтермен жазып, шығарма жөніндегі басқа мәліметтерді көрсетеді. Қажет жағдайда галереямен таныстыру үшін экскурсовод міндеттерін атқарады. Мұғалім үйірме мүшелеріне бейнелеу негіздерін үйретумен қатар өнер шеберлерінің өмірі мен шығармашылығы жайлы әңгімелер айтып береді. Мұғалімнің мұндай бағыттардағы талдауы композициялық құрылысы, орындалу техникасы жөніндегі түсініктер алады. Галереяға келушілерді шығармалармен таныстыру үшін, үйірме мүшелерінің ішінде өнертану ғылымына білімділігі мен қабілеті бар жоғары сынып оқушыларын таңдап алады. Мұндай жұмыс оқушының өнерге деген қызығушылығы мен сөйлеу мәдениетінің дамуы, таным қабілетінің артуына игі ықпал етеді.

Бастауыш мектепте көркемсурет галереясына бейнелеу өнері үйірмесінің мүшелерінің шығармашылық жұмыстары, оқулық суреттері қойылады. Галереядағы бұл бөлімге тақырып бойынша натураға қарап салынған суреттермен қатар саз балшықпен жасалған мүсіндер, сәндік қолданбалы бұйымдар көрсетіледі. Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын таңдап алу, іріктеу барысында мынадай жағдайларды ескеру қажет: шығарма мазмұны, композициялық құрылысы, түстердің қатынасы, орындалу техникасының сапасының жоғары болуы. Жалпы жұмыстар тақырыбының кеңдігі мен жанрларының бейнелеу техникасының әртүрлілігі. Таңдап алынатын жұмыстардың толық аяқталуы.


Бақылау сұрақтары:

1. Үйірме жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі қандай бағыттардан тұрады.

2. Оқушыларды сыныптан тыс жұмыстарда бейнелеу өнеріне баулудың артықшылықтары қандай.

3. Үйірме жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесін оқытудың маңызы мен міндеттерін ата.

4. Үйірме жұмыстарын ұйымдастыруда қажетті құрал жабдықтарды ата.

5 - тарау. Қазақ бейнелеу өнерінің тарихы
25-лекция. Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларын қазақтың сәндік қолөнерімен отбасында таныстыру.

Лекция жоспары:

1. Бастауыш сынып оқушыларын қазақтың сәндік қолөнеріне баулу

2. Қазақтың сәндік қолөнерімен отбасында таныстыру әдістері

Лекция мақсаты: Студенттерге бастауыш сынып оқушыларын қазақтың сәндік қолөнерімен отбасында таныстыру арқылы олардың сана сезімін, қазақы ой өрісін дамыту.
Лекция мәтіні.

1. Қазақстанның ХХІ ғасырда өркениетті әлемнен орын алып, дамыған елдер деңгейіне жетуіне ықпал етер бірден-бір күш– білімді ұрпақ болмақ. Қазіргі кезде Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекет алдында, біріншіден, біртұтас білім кеңістігін қалыптастыру міндетті тұрса, екіншіден, ұлттың этнопедагогика мен этноспихологиялық дәстүрлеріне сүйене отырып, жеткіншектер санасына туған халқының мәдениетіне деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ ұлттық салт-дәстүрді меңгерту, тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеу тарихи қажеттілік болып отыр. Осы тұрғыдан қарағанда халықтың қолөнерінің түрлерін жинақтап, зерделеу, оның айналасындағы тәлім-тәрбиесі мол тәжірибесі негізінде жасөспірімдерді отбасында тәрбиелеу бүгінгі күннің талабына айналып отыр. Сондықтан да мектептерде оқу үдерісін дидактикалық тұрғыдан қайта қарастыру жергілікті халықтық ерекшеліктері мен дәстүрлерін тиімді қолдануды жетілдіру, оқушыларды ұлттық мәдениетке баулу маңыздылығы жөніндегі мәселелердің көкейкестілігі арта түсуде. Бұл мәселе білім берудің түрлері мен әдістерін жаңарту, әрбір оқушының шығармашылық қабілетін барынша дамыту, ұлттық өнердің түрлі жанрларын, сайып келгенде, жалпы ұлттық мәдениетке баулу арқылы шешімін табуы тиіс. Әрбір оқушының шығармашылық қабілеттері тек оның жеке басының туа біткен қабілеттеріне ғана емес, сондай-ақ оны тәрбиелеп отырған қоғамдық ортасының тарихы қалыптасқан дәстүрлі өнері мен отбасындағы дәстүрлі тәрбиесіне де байланысты.

Мұндай жағдайда жеткіншек ұрпақты отбасында өз халқының ұлттық мәдениетімен, әдет-ғұрпымен отбасының дәстүрі тәрбиесін тәрбие үдерісінде тиімді қолдану қажеттігі туындайды. Отбасының тәрбиелік функциясын орындауда балаға өз ұлтының қолөнері арқылы тәрбие беру қажеттігін көрсетеді. Ғалым педагогтар Ә.Қамақов, Ж.Балкенов өз еңбектерінле отбасында бала қолөнер арқылы еңбекке, үлкен адамгершілікке, төзімділікке, табандылыққа үйренетіндіктеріне аса көп мән берген.

Қазақ қолөнері ағаш өңдеу, металл өңдеу(зергерлік), жүн өңдеу, қыш өңдеу, тоқу, тігу, кесте, тұрмыстық заттарды жасау сияқты бала еңбегіне лайықты түрлерге бөлінеді. Бала қол еңбегі үстінде ой өрісі дамып, іс-әрекеттердің алғашқы нұсқалары қалыптаса бастайды. Қолөнерден белгілі білімдер жүйесін меңгеріп, іскерлік пен дағдылары қалыптасады. Қазақ қолөнері өзінің бай тарихы, терең мазмұны, сан қилы ерекшеліктерімен, халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасқан өміршең өнер. Сондықтан оқушыларды қолөнерге оқыту, олардың қазіргі өндірістің ғылыми-техникалық негізін түсінуге, шығармашылығының қалыптасуына кең тұрғыда әсер етіп, олардың тұлғалық және саналы қасиеттерін дамыта түсетіндігін ғалым педагог Қ.Әмірғазин дәлелдеген.

Жалпы оқушының шығармашылығының дамуына өнер, өнер тарихы, өнер технологиясы, өнер сыны жайлы білімдер тірек болып табылады. Қолөнер, оның тарихы, оның технологиясы, оның сыны, қоғам, адам біртұтас. Көптеген ғалымдар адам, табиғат, қоғам дамуын байланысы мен бірлікте дамуын оқушыларға өнер арқылы түсіндірген дұрыс-деп санайды. Педагог ғалым В.С.Кузин қолөнер шығармашылығын қабылдау барысында оқушының таным процесі артатындығын көрсетсе, педагог галым Б.Ә.Әлмұханбетов бала қолөнердің барлық қырын тұтас бірлікте сезініп, қабылдау нәтижесінде оның санасында өнер туралы білім қоры жиналып, ой-өрісі кеңейетіндігін айқындаған


Қолөнерден оқушының шығармашылығын қалыптастыру бағыттары



Ата-ана мектебі

(отбасы тәрбиесі)



Жалпы білім беретін мектеп және отбасы ынтымақтастығы

Сыныптан тыс жұмыс және отбасындағы тәрбие байланысы

Ұлттық салт-дәстүрлер негізінде қолөнерен таныстыру: қолөнер шеберлерімен, оның жсаған бұйымдарымен қолөнер тарихымен,

танысу


Қолөнер негіздерін еңбек пен бейнелеу өнері және сызу сабақтарында теориялық -практикалық түрде меңгерту:

-ағашты көркем өңдеу;

-металды көркем өңдеу;

-матаны көркем өңдеу;

-теріні көркем өңдеу, т.б.

Қолөнер арқылы оқушының шығармашылығын қалыптастыру: үйірме, саяхат, көрме, мұражай, шеберхана, т.б.

Отбасында қолөнердің іскерлік пен дағдыларын дамыту.


Қолөнер арқылы шығармашылығы қалыптасқан оқушы


Белгілі ғалым С.Аманжолов баланы қолөнермен отбасында, мектепте, мектептен тыс жүйелі түрде таныстыру барысында олардың өнерге деген қызығушылығы туындап, шығармашылық іс-әрекетпен айналысу қажеттігі пайда болатындығын, осы әрекеттердің нәтижесінде оқушының шығармашылық жұмысты қажетсінуі, шығармашылық іс-әрекеттің бастауы болып табылатындығын көрсеткен. Осылармен қатар ғалым оқушының қолөнер шығармашылығы–қолөнер білімдерін меңгеру мен қолөнердің қарапайым іс-әрекеттерін меңгеру дәрежесінен көрінетіндігін айтқан.

Отбасында баланың қолөнермен өз бетінше айналысуы оңай іс-әрекет емес. Педагог ғалымдар оған белгілі дәрежеде дайындықтың қажет екендігін көрсетеді. Ол үшін бала белгілі дәрежеде көркемдік білім негіздерін меңгеріп, әрі қарай өз бетінше отбасында шығармашылық іс-әрекетпен айналысатындай деңгейге жетуі тиіс екендігін айтқан. Бұл шарт мектеп оқушыларының қолөнер арқылы отбасы тәрбиесін ұйымдастыру мақсатында қолөнер шығармашылығы атты үйірме жұмысының бағдарламасын жасау қажеттігін айқындайды.

Ғылыми педагогикалық еңбектерді сараптау мен тәжірибелік эксперимент жұмыстарының нәтижелері «Қолөнер шығармашылығы» атты оқушыларға арналған үйірме жұмысының бағдарламасын жасау қажеттігін көрсетті. Бағдарлама қырық сегіз сағатқа Лекция жоспарылануы тиіс екені, оның жиырма сағаты теориялық материалдарды меңгеруге арналса, жиырма төрт сағаты практикалық сабақтарға арналу және осы шығармашылық іс әрекеттер үй хұмыстарымен байланыста болу қажеттігі анықталды

Үйірме жұмысын ұйымдастырудың мақсаты–мектеп оқушыларына отбасындағы шығармашылық жұмыстарын жүргізуге жетекшілік жасау оқушылардың өз бетінше (әдепкі кезде ұстаздың көмегімен) шығармашылық жұмыстар жасаудың алғашқы көркемдік білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын меңгеруге көмектесу. Қолөнердің белгілі бір саласына (кесте, кілем тоқу, зергерлік, ағаш, өңдеу т.б.) оқушылардың шығармашылық іс-әрекетіне бағытта,. қолөнер бұйымдарын жасау технологиясын меңгеру, қолөнердің теориялық білімдерін меңгерту болатындығы айқындалды.

Бақылау сұрақтары:

1. Бастауыш сынып оқушыларын қазақтың сәндік қолөнеріне баулу мәселелері.

2. Қазақтың сәндік қолөнерімен отбасында таныстыру әдістері

3. Сәндік қолөнер бұйымдарын жасаудың құрал жабдықтарын ата.

4. Қазақтың ұлттық сәндік қолөнерімен отбасында таныстырудың басты қағидалары қандай.

26-лекция. Тақырыбы: Бастауыш мектепте оқушыларды кілем өнерімен таныстыру

Лекция жоспары:

1. Қазақ дәстүріндегі кілем тоқу өнерінің қыр сырымен таныстыру

2. Кілем тоқу өнерінің бастауыш сынып оқушысына берер тәрбиелік мәні

Лекция мақсаты: Бастауыш мектепте оқушыларды кілем өнерімен таныстыру және олардық қазақтың қолданбалы қолөнеріне қызығушылықтарын арттыру меселелерімен студенттерді таныстыру.

Лекция мәтіні.

1. Бастауыш мектептегі сәндік сурет салу сабақтарымен қатар кілем өнері үйірмесінде, балаларды кілем өнерімен таныстыруға болады. Кілем үйірмесі балаларды қарадүрсін сурет салудан бөлектеп, кілем өнерінің білімдерін беріп, кілем тоқу іс әрекеттерімен таныстырудан басталады. Сонымен қатар мектептегі кілем үйірмесінде балаларға кілем өнері саласында кілемді тоқу ережелері мен ұстанымдары туралы кең түрде түсінік беріледі. Сондықтан оқу процесін дұрыс ұйымдастыру, оқушылар зейінін ең басты нәрсеге бағыттау, оқу материалдарын тез меңгерудің жолын көрсетуде жетекші рөл мұғалімге жүктеледі.

Оқушыларға көркемдік білім беру ісіне мұғалім тарапынан кәсіби басшылық көрсету үшін, өнерді үстірт таныстырумен шектеліп қалмай, мүмкіндігіне қарай тереңірек білім алуына ұмтылуымыз қажет. Адам білмейтін нәрсесін сүйе де білмейді, оның бұрын айналыспаған ісіне қызығушылығы да болмайды. Балалар жас кезінде қандай іспен де болсын айналысуға дайын, олар қызығушылықпен ойыншық үй тұрғызады, сурет салады, билеп, өлең айтады және т.б., бірақ оны әрі қарай жетілдіруге келгенде жәрдем мен басшылықты қажет етеді. Егер оған осы кезде жәрдемге тәжірибелі жетекші келмесе, олар өзінің бұрын жан-тәнімен беріліп істеп жүрген әрекетін тастауға дайын келеді. Оқушыларды кілем өнерімен таныстыруға қатысты да осыны айтуға болады.Педагогикалық ойдың даңқты ойшылдары әр уақытта сурет салуға оқытуды дұрыс жолға қою қажеттігін көрсеткен. Сондықтан жалпы білім беретін мектептегі кілем өнері үйірмесін қарастыра отырып, біз оған бала ойыны ретінде қарауымызға болмайды.

Кілем өнерінің мұғалімі баланың оқуы мен тәрбиесіне жауапты болып табылады, ол оқушылардың іс-әрекетіне бағыт беріп, басшылық көрсетеді, жұмысты ұйымдастырады. Педагогтың басшылық пен бағыт берушілік рөлінсіз, әрбір оқушыны үнемі бақылаусыз мектептегі оқу-тәрбие жұмысының нәтижелі болуы мүмкін емес. Кілем өнерін оқыту білім беру мақсатын көздейді. Кілем өнерімен балаларды таныстыру қоршаған ортаны тануға көмектеседі, олардың байқампаздығын арттырады, зат формасы мен бояу түсін ажыратуға үйретеді, ою өрнектерді өзара салыстыруға дағдыландырады, олардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмаларын көре білуге үйретеді..

Бастауыш мектеп мұғалімі кілем өнері арқылы оқушының алдында әсемдік әлемін ашып көрсетеді, эстетикалық талғамын дамытады, өнер мен өмірді тануға, қоршаған ортаны әдемі де әсем етуге үлес қосуға тәрбиелейді. Педагог бұл айтылғандарға, балаларды үлкен өнердің шығармаларымен таныстыру барысында жігер беру арқылы ғана емес, кілем өнерін балаға таныстырып оқыту барысында жетуіне болады. Егер педагог материалды қарапайым және тартымды түсіндірсе, барлық оқушы оны мұқият назар сала тыңдайды. Ал егер мұғалім материалды түсініксіз мәлімдесе, оларды шатастырып алса, оқушылар біртіндеп оны тыңдауды доғарады.

Мұғалім сыныпқа кіргеннен барлық балалардың назарын өзіне аударады.Тәжірибелі мұғалім оқушылардың зейінін өзіне қарата отырып, оны төмендетіп алмай, ұтымды түрде сабақтың тақырыбына сай танымдық бірізділікпен өтеді.Тәжірибесі аз педагог өз оқушыларының өнерге бағытталған назарынан жиі айырылып қалады. Кейде сабақ тақырыбын түсіндіруге мән бермейді, кейде балаларды қызықтыра алмайды, кейбір жағдайда оқу материалдарын түсініксіз етіп береді. Мұның бәрі оқушылардың өнерге деген қызығушылығын төмендеуіне алып келеді.

Кілем өнерін оқушыларға таныстыру сабақтарындағы оқу үрдісін ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Көптеген мұғалімдер бұл сабақтарда оқушыларға толық еркіндік беріп, өзінің белсенділігін төмендетіп алады. Мұндай мұғалімдер, «оқушылар бұл сабақтарда тапсырмаларды өз бетінше орындауы тиіс» деп есептейді. Кейбір мұғалімдер кілем өнері сабақтарында, алдымен ою-өрнектерді кілемнен қарап салса немесе мұғалім ұсынған схема бойынша құрастырса, екінші сабақта олар өз бетінше шығармашылықпен сәндік сурет салуы керек деп ойлайды. Бұл дұрыс емес. Мұғалім оқушылардың кілем тоқу әрекетінен бөлініп қалуына болмайды. Керісінше ол балаларға басшылық жасап, күрделі шығармашылық міндеттерді тануға көмектеседі. Ритм, симметрия және ассиметрия ережелері мен заңдылықтарымен үйірме сабақтарында балаларды таныстыру барысында педагог балалардың шығармашылық инициативасын жоғалтпайды, керісінше шығармашылық фантазиясын белсенділендіре түседі. Кілем өнерін оқушыларға таныстыру сабақтарында балалар мұғалімнен мына түсініктерді алатын болса, олар шығармашылық жұмыстарының сапалы шығуына ықпал етеді: симметрия заңдылығына сүйеніп композиция құру; кілем элементі белгілі ритммен қайталануы бойынша құрылған композиция; күрделі элементтің белгілі ритммен қайталануы; белгілі форманың сызықтар бойына тоналдық қатынастармен кезектесіп берілуі; гүлдер мен өсімдік жапырақтарының, құстар мен жануарлар, адамдар көріністерін, геометриялық және табиғат формаларын ою-өрнек бейнесінде ритмдік тапсырма; маталардағы өрнектер кілем, түрінде қайталануы. Мұндай танымдық бағыттағы әңгіме оқушылардың ойы мен шығармашылық қиялын арттырады.

Кілем өнерін оқушыларға таныстыру сабақтарында тақырыптық композиция бойынша жұмыс сюжеттін іздеу туралы түсініктер беруден басталады. Бұл бағыттағы мұғалімнің міндеті –балалардың жасына лайық, соған қызығатын композиция сюжетін қабылдауға көмектесуі тиіс. Композиция тақырыбын тануға ең алдымен баланың бұрын көргендері, қоршаған орта туралы елесттеулері жәрдемдеседі.Адам бұрын көрген қабылдау мен елестету тәжірибелерін қолданбайынша шығармашылықпен жаңа нәрсені қабылдау, жасау, қиялдау мүмкін емес. Суретшілер мен жазушылар жаңа шығарма жасау барысында, өмірден алынған нақты образдар арқылы шығып отырады. Тіпті фантастикалық образдарды жасау барысында да суреткер өмір шындығынан алынған адамға, белгілі образдың элементтеріне сүйеніп отыратындығы туралы оқушыларға түсініктер беріледі.

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақ дәстүріндегі кілем тоқу өнерінің қыр сырымен таныстырудың мәні неде?

2. Кілем тоқу өнерінің бастауыш сынып оқушысына берер тәрбиелік мәні қандай?

3. Бастауыш мектепте оқушыларды кілем өнерімен таныстыру?

4. Оқушыларды қазақтың қолданбалы қолөнеріне қызығушылықтарын қалай арттырамыз.


27-лекция. Тақырыбы: Бастауыш мектепте бейнелеу өнерінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістері

Лекция жоспары:

1. Сыныптантыс жұмыстарында сурет салуды ұйымдастыру

2. Бейнелеу өнерінен үйірме жұмыстарын өткізу

Лекция мақсаты: Бастауыш мектепте бейнелеу өнерінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістерімен студенттерді жан жақты таныстыру.
Лекция мәтіні.

1. Бастауыш мектепте бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларға көркемдік білім беру ісі сыныптан мектептен тыс жұмыстарда жалғастырылады. Бейнелеу өнерінің мүмкіндіктері арқылы жүргізетін сыныптан тыс жұмыс жүйесі бірнеше түрлерге бөлінеді.

Бастауыш мектепте бейнелеу өнерінен сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың бірі - кескіндеме, графика, сәндік қолданбалы өнер, мүсін шығармаларының репродукциясын қолдану арқылы оқушыларға көркемдік білім беру мақсатындағы әңгіме сабақ өткізу. Мұндай әңгіме сабақтар оқушылардың қызығушылықтарынан туындаған ұсынысымен немесе мұғалімнің белсенділік көрсетуі негізінде өткізіледі.Мұндай сабақтардың тақырыптары «Шоқанның суреттері», «Сөзбен сипаттау арқылы салынған портрет шығармалары» т.б. болуы мүмкін.

Бастауыш мектепте бейнелеу өнерінен сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың бірі - бейнелеу өнерінің таңдаулы өнер шығармаларының көркемдік ерекшеліктерін оқушыларға таныстыру арқылы эстетикалық тәрбие беру мақсатын көздейтін сыныптан тыс әңгіме сабақтарын өткізу. Мұндай сабақтар тарихи өлкетену мұражайында немесе өнер мұражайында ұйымдастырылады. Бұл әсіресе оқушыларды мұражайдағы сәндік қолөнер бұйымдарымен, олардың ежелгі үлгілерімен таныстыру бағытын көздейді.Бұл жерде көркем бұйымдарды бір бірімен немесе кәзіргі үдгілерімен салыстырып көрсету арқылы олардың әсемдік талғамын дамытуға назар аударылады.

Бастауыш мектепте бейнелеу өнерінен сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың бірі - сәндік қолданбалы өнер туындыларының көне үлгілерін таныстыру мақсатындағы өлкетану музейіне экскурсия жасау. Мұндай экскурсия кезінде мұғалім оқушыларға ағаш өңдеу, металл өңдеу, жүн өңдеу, тері өңдеу, қыш арқылы жасалған заттарды көрсетеді. Сонымен қатар тоқу, кесті тігу, киім кешек тігу, ою өрнектер жасау үлгілерімен оқушыларды таныстырады. Олардың көркемдік ерекшеліктеріне назар аударады.Түстерінің формасының,тұтыну қажеттігіне талдау жасалады.

Бастауыш мектепте бейнелеу өнерінен сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың бірі - Қазақстан суретшілер одағының мүшесі болып табылатын, таңдаулы өнер шеберлеріменен мектепте кездесулер ұйымдастыру. Суретшілермен кездесу өткізу үшін мұғалім суретшімен алдын ала кездесу туралы келісімге келіп, уақытын, орнын, қандай туындыларды оқушыларға көрсетуге болатындығын ойластырады. Мұнан соң кездесу кезінде мұғалім суретшінің өмірі мен шығармашылығы туралы оқушыларға қысқаша мәліметтер береді. Онан соң суретшімен әңгіме онан әрі жалғасады. Суреттерінің салыну тарихы ізденістері туралы әңгіме қозғалады. Ол оқушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап береді.

Бастауыш мектепте бейнелеу өнерінен сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың бірі - оқушының өзі тұратын ауылындағы, қаладағы тарихи ескерткіштерге, мемориалдық даңқ кешендеріне, монументалдық көрнекті безендіру жұмыстарына саяқат жасату.Бұл үшін саяқат жасау нысандары алдын ала таңдап алынады. Бұл нысан көркем мүсіндік ескерткіш немесе тарихи көлемді нысан болуы мүмкін. Бұл іс шараны ұйымдастыру арысында мұғалім белгілі нысанның тарихына, нысанның көркемдік ерекшелігіне мән беріп, оқушылардың назарын формаларының бірлігіне композициялық құрылымына назар аударады.

Бастауыш мектепте бейнелеу өнерінен сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың бірі - суретшілердің көрмесіне, жеке суретшілердің белгілі бір мерейтойына арналған есеп беру көрмесіне экскурсия жасау.Бұл көрмеде мұғалім оқушылардың назарын суретшінің даралық сипатына аударады. Оның бейнелеу өнерінің қай саласымен айналысатына назар аудара отырып, оның шығармашылығаның даралық сипаты ашап көрсетіледі.

Бастауыш мектепте бейнелеу өнерінен сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың бірі - суретшімен мектепте кездесу өткізу. Бұл кездесудің бағдарамасында, көрме, қабырға газетін шығару, сұбхаттасу, картиналарды немесе көркем бұйымды талдау, суретші әңгімесі, кино немесе видео фильмдер көру сияқты іс шаралар ұйымдастырылады.

Бастауыш мектепте бейнелеу өнерінен сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың бірі - өнер шығармаларының репродукциясынан, оқушылардың бейнелеу жұмыстарынан, суретші-педагогтардың шығармашылық еңбектерінен кұралған бейнелеу өнері көрмесін мектеп көлемінде ұйымдастыру болып табылады..

Бастауыш мектепте бейнелеу өнерінен сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың бірі - оқушылардың бейнелеу өнері жайлы түсініктер шеңберін арттыру үшін бейнелеу өнерінің терминдерінен құралған иллюстрациялардан құралған монтаж ұйымдастыру.

Бастауыш мектепте бейнелеу өнерінен сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың бірі - мектеп көлемінде бейнелеу өнері туралы кеш өткізу. Мұндай кештің бағдарламасында, қабырға газетін шығару, көрме ұйымдастыру, өнер туралы әңгіме өткізу, фильмдер көрсету, баяндамалар жасау, викториналар ұйымдастыру жұмыстары атқарылады.

Бастауыш мектепте бейнелеу өнерінен сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың бірі - өлкедегі архитектуралық құрылыстардың көркемдік ерекшелігін таныстыру мақсатын көздейтін экскурсиялар ұйымдастыру. Сәулет өнерінің туындыларын оқушыларға таныстырудың ұтымды жолы – балаларды экскурсияға апару. Экскурсия кезінде архитектуралық ескерткіштерді оқушыларға таныстыру мына бағытта жүргізілгені жөн: ескерткіштің аты, көлемі, салынған уақыты туралы мәліметтер беру; құрылыстың нобайына талдау жасау (қандай табиғат заттарына ұқсастығы бар, қандай геометриялық дене жиынтығына ұқсас); көркемдеу элементтері қандай.

Бастауыш мектепте бейнелеу өнерінен сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың бірі - бейнелеу өнері мен суретшілер туралы видеофильмдер мен кинофильмдер көрсету. Мұндай іс шарадан оқушылар суретшілердің өмірі мен шығармашылық қызметі туралы терең білім алуына мүмкіндік беріледі.

Бастауыш мектепте бейнелеу өнерінен сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың бірі - мектеп көлемінде бейнелеу өнері туралы апталық өткізу. Бейнелеу өнері туралы апталық өткізу бір аптаға Лекция жоспарыланады. Апталық мазмұнында бейнелеу өнері туралы әңгіме өткізу, суретшілермен кездесу ұйымдастыру, мұражайға саяхатқа апару, өнер туралы киофильмдер көрсету, өнер шебері өмірі мен оның шығармашылығы туралы лекциялар оқу, бейнелеу өнері туралы кеш өткізу жұмыстары апта бойына әр күнге бөліп Лекция жоспарыланып өткізіледі.

Бейнелеу өнерінің шығармашылығы арқылы орындалатын жұмыстар мұғалімге мынандай міндеттерді жүктейді:

- оқушылардың дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру;

- саналылық пен белеенділік қабілеттерін тәрбиелеу;

- еңбекке халық мұрасына деген оң қатынасын тәрбиелеу;

- эстетикалық мәдениет негіздерін тәрбиелеп, көркемдік талғам мен қабілетін дамыту;

- қоғамдық өмір шындығындағы әсемдікті қабылдауға тәрбиелеу;

-өнер шығармаларын қоғам қажеттігі тұрғысынан бағалай білуге үйрету;

- патриоттық және елжандылық тәрбие беру.

- еңбек, өнер адамдары, ғалымдар туралы түсініктерін кеңейту, талант пен еңбек туралы түсініктерін дамыту;

- суретшілер өмірі мен қызметі үлгісінде оқушыларға тәрбие беру;

- оқушылардың бір бірін сыйлауы, оқушы ұжымындағы мүшелердің өзара қатынастағы адамгершілік қатынастарын қалыптастыру;

- оқушыларды Қазақстан қарулы күштерінің Қазақстанның ерлік пен еңбек дәстүріне тәрбиелеу;

- мектеп мұғалімдеріне, суретші мамандығына деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу;

Бастауыш мектепте бейнелеу өнерінен сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың бәріне ортақ мақсат– оқушылардың әсемдік сезімдерін, талғамдары мен көз-қарастарын дамыту болып табылады.

Бақылау сұрақтары:

1. Сыныптантыс жұмыстарында сурет салуды ұйымдастыру.

2. Бейнелеу өнерінен үйірме жұмыстарын өткізудің жолдары қандай.

3. Оқушылырға табиғат аясында сурет салдыруды үйрету әдістері қандай.

4. Табиғат аясында сурет салдыру сабақтантыс сабақтардың маңызы мен міндеттері.


28-лекция. Тақырыбы: Қазақ бейнелеу өнері шеберлерінің еңбектерінің көркемдік ерекшеліктері

Лекция жоспары:

1. Қазақ бейнелеу өнері шеберлерінің туындыларындағы қазақи бейнелердің мәні

2. Қазақстан суретшілерінің еңбектеріндегі көркемдік ерекшеліктер

Лекция мақсаты: Қазақ бейнелеу өнері шеберлерінің еңбектерінің көркемдік ерекшеліктерін студенттерге талдата отырып олардың ойлау, сөйлеу, елестету қабілеттерін қалыптастыру.
Лекция мәтіні.

1. Қазақ бейнелеу өнері, ұлттық көркем мәдениеттің бір бөлігі. Ал Қазақстан бейнелеу өнері осы өлкедегі бейнелеу өнері шеберлерінің шығармашылығылық шығармаларынан құралады. Қазақ суретшілері график, кескіндеме шебері, сәндік қолданбалы өнермен айналысатын суретшілер, мүсінші, көлемді өнер туындыларын жасайтын суретшілер болып бірнеше топқа бөлінеді.

Қазақ бейнелеу өнерінің қайсы түрі болмасын тарихи, тұрмыстық, әскери, анималистік және т.б. жанрларға бөлінеді. Сонымен қатар графика, кескіндеме шығармаларының кейбірі натюрморт, пейзаж жанрларына жатады.

Қазақстан бейнелеу өнері шығармаларының тақырыптары сан алуан. Олар: «Ежелгі қазақ елінің салт дәстүрі», «Ұлттық ойындар», «Айтыс өнері», «Ұлттық киім», «Үй жиһаздары», «Азамат соғысы», «Қазан төңкерісі», «Ұлы Отан соғысы», «Ана образы», «Тарихи тұлғалар бейнелері», «Қазіргі еңбек, өнер, әдебиет, музыка, ғылым, қоғам қайраткерлерінің образы» деген ауқымды мазмұнды қамтиды.

Қазақстан бейнелеу өнері шеберлерінің шығармалары республикалық шет елдер мен халықаралық көрмелерге қатынасқан. Көптеген шығармалар Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік көркемсурет музейінде, Қазақстан Суретшілер одағының, Қазақстан Мәдениет Министрлігінің қорларында, суретшілердің жеке қорларында сақтаулы.

Қазақстан бейнелеу өнері шеберлерінің шығармашылығы туралы жеке кітаптар, монографиялар шығып, кезеңдік басылымдарда бірнеше жүздеген мақалалар жарияланған.

Қазақ бейнелеу өнері басқа ұлт өнері сияқты графика, кескіндеме, сәндік қолданбалы өнер, мүсін түрлері кіретін жеке ұлттық өнер. Қазақ бейнелеу өнерінің қайсы саласы болса да мейлінше кең дамыған. Оқушыларды бұл өнердің графика, кескіндеме, сәндік қолданбалы өнер, мүсін түрлері, тұрмыстық, тарихи, анималистік, портрет, пейзаж жанрларымен сабақтан тыс таныстыруға мүмкіндік мол.

Қазақстан бейнелеу өнерінің негізін қалаған көптеген суретшілеріне республикадағы сіңірген еңбегіне қарай «Қазақстан Республикасының Халық суретшісі», «Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері» атақтары берілген.

Қазақ бейнелеу өнерінде Қ.Телжанов есіме ерекше орын алады. Қанапия Телжанов қазақ кескіндеме өнерінің негізін салушылардың бірі, КСРО халық суретшісі (1978) КСРО Көркемсурет акедемиясының корреспондент мүшесі. Қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаған. Көптеген өнер шеберлеріне, Ә.Қастеевке (1944), Қ.Телжановқа (1963), Х.Наурызбаевқа (1969), Н.Нұрмұхаммедовке (1975), С.Мамбеевке (1979), Е.Сидоркинге (1980), Н.Гаевке (1980), С.Романовке (1981), М.Кенбаевке (1985), Ә. Ысмайловқа (1985) «Қазақстанның халық суретшісі» құрметті атағы берілді.

Бейнелеу өнері саласында «Қазақстан республикасына еңбек сіңірген өнер қайраткері» құрметті атақтары мына суретшілерге берілді: Ә.Қастеев (1942), Н.В.Цивчинский (1951), А.Ненешов (1954), Х.Наурызбаев (1960), Ә. Ысмайлов (1960), А.Галымбаева (1961), П.Зальцман (1962), Н.Гаев, М.Кенбаев, С.Мәмбеев, Н.Нұрмұхаммедов (1963), В.Онтоншенко-Оленов, Е.Сидоркин, К.Шаяхметов, Г.Исмайлова (1965), Е.Говорова, К.Қожықов, М.Лизочуб (1966), В.Крылов (1970), К.Баранов, А.Бортников (1971), С.Қожықов (1972), Ә.Хайдаров (1974), С.Романов, А.Степанов, Б.Толеков (1976), Т.Досмағанбетов (1980), А.Дячкин, Е.Мергенов, Ш.Ниязбеков, У.Рахманов, Ж.Шарденов, А.Школьный, У.Әжиев, А.Дроздов (1985), С.Айтбаев, А.Гурьев, Қ.Закіров, И.Исабаев, Б.Табиев (1988), М.Қалымов, Б.Пак, Т.Тоғысбаев (1989).

Қазақстан суретшілерінің ішінде көптеген өнер шеберлеріне Қазақстанның мемлекеттік сыйлықтары берілді. Суретші Ә.Қастеевке «Қазақстан жерінде» атты акварельдер сериясы үшін 1966 жылы К.Телжановка «Еңбек адамдары» суреттер сериясы үшін 1967 жылы, Х.Наурызбаевқа «Ш.Уәлиханов ескерткіші» үшін, Е.Сидоркинге «Ақсақалдар» графикалық сериясы үшін 1970 жылы, А.Галымбаеваға «Біз дәуірімізді мақтан етеміз», «Қуанышты күн», «Студент қыздар», «Қостанай пирамидалары» атты суреттер тобы үшін 1972 жылы, Т.Досмағанбетовке «Ә.Жангелдин» ескерткіші үшін 1976 жылы, Н.Нұрмұхаммедовке «Еңбек даңқының адамдары» кескіндеме шығармалар сериясы мен өнертанудағы еңбектер циклдары үшін 1978 жылы, У.Әжиевке «Тың игерушілер», «Тың түлектері» акварельдер сериясы үшін, Б.Зауырбекова, Қ.Тыныбеков, Е.Николаева, И.Яремаларға «Қазақстан» үшін 1980 жылы, Е.Сергебаевқа «М.Әуезов мүсіні» үшін 1982 жылы мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды. Мұнымен қатар суретші К.Моллашев «Қазақстан» сериялық суреттері үшін бүкілодақтық сыйлыққа 1981 жылы ие болды.

Көптеген жас суретшілеркезінде Қазақстан жастар сыйлықтарын алды: 1964 жылы П.Усачевке «Мұхтардың жастық шағы» және «Студент қыз» мүсіні үшін, 1965 жылы С.Айтбаевқа «Менің Отаным» атты бір топ бейнелеу жұмыстары үшін, 1972 жылы М.Қисамединовке графикалық жұмыстар сериясы мен кітаптарға жасаған иллюсиряциясы үшін 1978 жылы Ж.Дөненовке мультификациялық фильмдері үшін, 1980 жылы Б.Әбішевке «Т.Бокин» ескерткіші үшін, К.Молдағалиевке «Ұлы Отан соғысында қаза тапқан Қарағандылық жауынгерлерге» арналған мемориалдық комплекс үшін берілді.

1982 жылы бір топ қолданбалы өнер туындылары үшін Д.Шоқпаровқа, «Туған өлкенің бейбіт тынысы» атта суреттер тобы үшін Ә.Нақысбековке, монументалдық туындылары үшін М.Ізбасқановқа, 1984 жылы «Асыққан жастық шақ», «Жастық-1», «Жастық-2», «Маңғыстаудың күнделікті тіршілігі» секілді жастарға арналған суреттері үшін, Е.Төлепбаев, Б.Тулкеевтер 1986 жылы фольклорды көркемдеген иллюстрациялар үшін М.Әлинге Қазақстан жастарының сыйлығы берілді.

Қазақстан бейнелеу өнерінің тарихында суретшілер шығармашылығына байланыста мынадай кезеңдерді көруге болады. Бірінші кезең өнерін оқушыларға таныстыру барысында – қазақ топырағындағы алғашқы бейнелерді қамтиды. Бұл қазан төңкерісіне дейінгі Шоқан Уәлиханов пен Мақы Уәлиханов шығармашылығына қатысты. Сонымен қатар бұл кезең өнері туралы сөз қозғағанда Т.Шевченко, В.Залецкий шығармашылығы айтылады.

Екінші кезең өнерін оқушыларға таныстырғанда – Қазан төңкерісінен Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдар арасы. Бұл кезеңнің өнеріне байланысты Н.Хлудов, Ә.Қастеев, К.Баранов, А.Бортников, Н.Крутильников, М.Лизочуб, А.Черкасский, А.Исмайлов, К.Ходжиков сияқты алғашқы суретшілердің шығармашылық еңбектері қамтылады.

Үшінші кезеңге өнерін оқушыларға таныстырғанда – 1950 жылдардан басталатын қазіргі халық халық суретшілері А.Ғалымбаева, Г.Исмайлова, Қ.Телжанов, М.Кенбаев, С.Мәмбеев, Н.Нұрмұхаммедов, С.Романов, Х.Наурызбаев, К.Шаяхметов, Е.Сидоркин, В.Крылов, Н.Гаев, У.Әжиев, Г.Иляев, А.Хайдаров, А.Степановтардың шығармашылығы талданды.

Төртінші кезеңдегі қазақ өнерін оқушыларға таныстыруда – 60 жылдардан басталатын Қазақстан мен Ресейде көркемдік білім алған суретшілер С.Айтбаев, О.Нұржұмаев, Т.Тоғысбаев, А.Сыдыханов, Ж.Шарденов, М.Кисамадинов, А.Молдашев, Д.Шоқпаров, Т.Досмағанбетов, Е.Мергенов, Б.Төлеков, Т.Абуов, А.Исаев, Ю.Мингазитдинов шығармашылығындағы өмір құбылыстары, ел өмірі сөз болады.

Бесінші кезең – 70 жылдардан бері көркемдік ортада таныла бастаған Қ.Тыныбеков, М.Аманжолов, А.Ақанаев, К.Дүйсенбеков, Г.Жалмұханов, С.Бөлтірікова, Б.Зауырбекова, М.Қалқабаев шығармашылығы туралы әңгіме қозғалады.

Алтыншы кезең туралы әңгіме барысында мұғалім – 80 жылдардан басталатын жас суретшілер А.Нақысбеков, Б.Тулкеев, Е.Төленбаев, Т.Ордабеков, Н.Нұрмұханбетов, В.Халатов, А.Тұрсынов, Б.Талқанбаев, М.Әлімбаев, С.Иляев, З.Қожамқұлов, Н.Шилібаев, А.Оспанов, Б.Байменовтердің шығармашылық жұмыстары туралы талдаулар жасап көрсетеді.

Графика саласында Н.Гаев, Б.Табиев, Е.Говорова, А.Исмайлов, Е.Сидоркин, К.Хожықов, Н.Исабеков, П.Зальцман, А.Хайдаров, А.Дячкин, Б.Чекалин, А.Бортников, И.Андреев, А,Гурьев, Б.Пак, К.Баранов, М.Кисамединов, Ю.Мингазидинов, Т.Ордабеков. А.Оспанов, Б.Байменов, Н.Нұрмаханбетов өнімді шығармашылық еңбек етіп келе жатқандығы айтылады. Бұған М.Қисамединовтың «Махамбет», И.Исабаевтың «Мұхтар Әуезов», Е.Сидоркиннің «Абай», Ә.Қастеевтің «Турксиб», Б.Пактің «Бақыт», Е.Сидоркиннің «Абай жолы», «Қазақ эпосы», П.Зальцманның «О.Сулейменов өлеңдерін оқығанда», С.Романовтың «Даладағы жәрмеңке», К.Барановтың «Алпамыс», «Қобыланды», «Ер Тарғын», А.Гурьевтің «Еске алу: Қазақ жауынгерлерінің әні», Ш.Кенжебаевтың «Жолдағы әңгіме», С.Рахмановтың «Бұғаудан босану», А.Нақысбековтың «Менің жастығымның теректері», Т.Ордабековтың «Бұхар жырау» шығармалары мысал бола алады.

Қазақ бейнелеу өнерінің кескіндеме саласында халық суретшілері Ә.Қастеевтің, Қ.Телжановтың, А.Ғалымбаевтың, Г.Исмайлованың, М.Кенбаевтың, С.Мамбеевтің, Н.Нұрмұхаммедовтың, С.Романовтың есімі оқушыларға таныстырылады. Ә.Қастеевтің «Түркісиб», Қ.Телжановтың «Жамал», «Көкпар», А.Ғалымбаевтың «Дастархан», Г.Исмайлованың «Қымыз», М.Кенбаевтың «Қашағанды қуу», «Шопан әні», «Сары арқа», С.Мәмбеевтің «Жайлауда», Н.Нұрмұхаммедовтың «Папам келе жатыр», С.Романовтың «Жер туралы декрет», С.Айтбаевтың «Бақыт», Т.Тоғысбаевтың «Дала туралы балада», Ә.Жусиповтың «Менің Отанымның әйелдеру», А.Степановтың «Жер планетасынан келген адам», А.Молдашевтің «Жер, космос, Қазақстан», О.Нұржұмаевтың «Әке қабыры басында», Е.Толепбаевтың «Көкпар», Б.Тулкевтің «Әке портреті», «41 жыл», А.Нақысбековтың «Р.Қошқарбаевтың портреті» мазмұнымен де көркемдік деңгейінен де жоғары, көпке танымал шығармалар екендігі көрсетіңлді.

Қазақ бейнелеу өнерінің мүсін саласында даңқты мүсіншілер Х.Наурызбаев, Т.Досмағанбетов, Е.Мергенов, Б.Толеков, Е.Сергебаев, Р.Ахметов есімдері құрметпен аталады. Мүсінші Х.Наурызбаевтың жасаған Абай ескерткіші, Т.Досмағанбетовтың Ә.Жангелдин ескерткіші, З.Сергебаевтің құйған М.Әуезов ескерткіші, Б.Толеновтың, Ж. Қуанышбаев портреті, Е.Мергеновтың «Әке портреті», Р.Ахметовтың «Ашаршылық» шығармаларын өнер сүйер қауымға кеңінен танымалы, шығрмалары екендігі әңгіме сабақтың арқауы болаы.

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақ бейнелеу өнері шеберлерінің туындыларындағы қазақи бейнелердің мәні неде?

2. Қазақстан суретшілерінің еңбектеріндегі көркемдік ерекшеліктер?

3. Бастауыш мектепте оқушыларды қазақ суретшілерінің туындыларымен таныстыру әдістерін ата.

4. Қазақ бейнелеу өнері шеберлерінің еңбектерінің көркемдік ерекшеліктері.


29-лекция. Тақырыбы: Қазақстан суретшілерінің өмірі мен шығармашылықтары

Лекция жоспары:

1. Ә.Қастеевтің шығармашылық жолы

2. Қазақстан суретшілерінің өмірі мен шығармашылықтары

Лекция мақсаты: Студенттерге Қазақстан суретшілерінің өмірі мен шығармашылықтарынан мәліметтер беріп олардың қазақ бейнелеу өнерінің ұландарымен таныстыру.

Лекция мәтіні.

1. Қазақстанның халық суретшісі Ә. Қастеевтің шығармашылығы республика көлеміне кеңінен таныс. Ол өзінің сапалы өмірін отанының көркем образын жасауға арнаған. Ә. Қастеев тақырыптық картина, портрет, пейзаж және кітап иллюстрациясы тақырыптарында жемісті еңбек етті. Ә. Қастеевтің шығармашылығысы мен өмірінің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол 1924 жылы Жаркент қаласының жанындағы ауылда шаруа отбасында дүниеге келді. Ә. Қастеев әкесінен жастай қалып іні қарындастарын өсіруге апасына көмек көрсетті. Ә. Қастеевтің апасы бау, басқұр тоқитын шебер адам болған. Қастеевтің суретші болуына және халықтың сәндік қол өнеріне қызығуына өзінің туған апасының ықпалы зор болды. Ә,Қастеевтің таланты Қазан ревалюциясынан кейін бағаланып ол Алматы қаласына суретші Н. Т. Хлудовтың шеберханасына оқуға жіберілді. Суретшінің алғашқы шығармалары 30 жылдардың алғашқы кезеңінде көріне бастады. «Топтық портрет», «Көгілдір киім киген қыз», «Тігінші», «Тоқымашы», «Қарындас портреті», «Автопортрет» шығармалары осы кезде жазылды. Бұл шығармалар суретшінің әртүрлі жұмыс кезеңінде жұмыс аралығында салған тақырыптары мен тапсырыстарының бейнелері болады. Суретші бұл картиналарды кейіпкерлердің бас бейнесін көрсетіп қана қоймай, картина адам фонындағы киіз үй, жан-жануар, қазан-ошақ және тағы басқа қоршаған табиғатты қосып көрсетеді. Халық суретшісі Ә. Қастеевтің турксиб шығармасы көпшілікке танымал шығарма. Картинада сол кезеңдегі ерекше бір құбылыс Түркістан – Сібір темір жолының құрылысын көрсетуге арналады. Картинада қазақтың сары даласы темір жолмен келе жатқан паровоз және оны күтіп тұрған адамдар көрінісі бейнеленген. Ә. Қастеев тақырыптың суреттермен қатар табиғат көрінісін бейнелейтін пейзаждар сарғап суреттер. «Тау пезажы», «Медеу келбеті» картиналары осыларға қосылады.

Ә. Қастеевтің шығармашылығының бір бөлігі қазан революциясынан кейінгі халық өмірін бейнелейтін кескіндеме шығармалары. Олардың қатарына мына картиналар жатады: «Бие сауу», «Құдықтың басындағы бай мен жарлы», «Қалың малға сатылған қыз», «Шөп шабу», «Колхоздың сүт фермасы», «Колхоз тойы», «Колхоз қырманы».

Суретші Ә. Қастеев халық батыры, Амангелді Иманов тақырыбына өз шығармасынан ерекше орын берген. Бұл шығармалар қатарына «А.Имановтың портреті», «Амангелдінің шабуылы» атты композициялары жасады.

Алғашқы ұлттық график-суретші Ә. Ысымайловтың творчествосы, қазақтың профессионалдық бейнелеу өнерімен қатар қалыптасты. Ол кескіндеме, графика, газет-журналдарды көркемдеу салаларын қатар алып жүрді. Суретшінің 20 жылдардағы еңбектері индустриалды Қарағанды мен туған жер табиғатының көріністерін бейнелеуге арналды. 30 жылдары тушьпен салынған еңбектерінде «Қарағанды», «Қарағанды шахтерлары» шахтерлер өмірін бейнелейді. Оның карикатурасы мен плакаттары («Теңіздің ар жағынан», «Жарылып кетті») терең мағыналы сынға құрылған.

Ұлы Отан соғысы жылдары (1941-45) қазақ суретшілері Қазақстанға келген орыс суретшілерімен бірлесе отырып соғыс жанры және тарихи тақырыптарда картиналар жазып, халықтың қажымас ерлігі мен соғыс қаһармандарының, тылдағы еңбек ерлерінің бейнелерін жасауға белсене қатысты.

Соғыстан кейінгі жылдары суретшілердің профессионалдық шеберлігі өсіп, өз шығармаларында халық өмірін терең әрі мазмұнды қамтыды. А.И.Черкасскийдің «Дина мен Жамбыл» картинасы, В. Антошенко – Оленовтың «Сәкен Сейфуллин», «Ілияс Жансүгуров», Х. Наурызбаевтің «Жамбыл», «Құрманғазы», Ә. Қастеев пен И.Леонтьевтің «Қазақстан кілемшелері» шығармаларында қазақ адамдарының рухани жан дүниесінің тазалығы, жан-жақты көрініс тапты.

Қазақстан өнерінде әйелдер арасынан шыққан тұңғыш суретші А.Галымбаева еңбектерінің алар орны ерекше. Ол өз еңбектерінде қазақ әйелдерінің өмірін сүйсіне бейнеледі. 1950 жылдары Москва, Ленинград көркемсурет институттарынан білім алған өзіндік қол таңбасы бар суретшілер ұлттық бейнелеу өнерінің дамуына игі әсер етті. А.Ғалымбаева «Дастархан», «Қостанай перамидалары» картиналарын жазды.

Телжанов Қанапия Темірболатұлы 1927 жылы 1 майда Омбы облысы Байқұдық аулында туылған, қазақ кескіндемешісі , Қазақстанның халық суретшісі (1961), КСРО Көркемсурет академиясының корреспондент мүшесі (1967).

1947-53 жылдары Ленинградтағы И. Е. Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтында М. И. Авиловтан білім алып көркемөнерге оқыды. 1953-58 жылдары Алматы көркемсурет учелищесінде сабақ берді.

1965-68 жылдары Қазақстан суретшілер одағының төрағасы, хатшысы, 1973 жылдан Қазақстан Мемлекеттік Өнер музейінің директоры, қызметтерін атқарды.

Қ. Телжанов қазақ халқының өмірі мен тұрмысы жайлы замани және тарихи тақырыптағы «Жамал» (1955), «Бейбітшілік оттары» (1961, екеуі де Третьяков гал, Москва), «Домбыра әуендері», «Атамекен» (1958), «Кокпар» (1960), «Тыныштық» (1964), «Бүркіт салу» (1964), «Қыз қуу» (1966) атты шағын поэтикалық көріністер мен монументті еңбектердің, кең тынысты әрі қанық бояулы триптихтардың («Жол басы» 1966-70, Октябрь, 1970, «Бозаралдықтар» 1972) портреттердің авторы. Суретші шығармашылығы қазақ бейнелеу өнеріне елеулі бет бұрыс алып келді. Суретші Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекет сыйлығының лауреаты (1967). Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» ордендерімен наградталған. Оның негізгі еңбектері Қазақстанның Мемлекеттік өнер музейінде сақтаулы.

Қазақтың профессионал мүсін өнерін қалыптастырушылардың бірі Хакімжан Наурызбаев 1925 жылы 27 тамызда Қостанай облысы, Октябрь селосында туған. Оған 1969 жылы Қазақстанның Халық суретшісі атағы берілді. 1960 жылдан бастап Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Ол 1951 жылы Харьков көркемсурет институтын бітірген. 1952 жылдан 1966 жылға дейін Алматы қөркемсурет училищесінде ұстаз болды. 1985 жылдан қазақ мемлекеттік өнер академиясында ұстаздық етеді.

1950-60 жылдары «Бала Жамбыл», «Амангелді Иманов», «Құрманғазы», «Сәкен Сейфуллин», «Шоқан Уәлиханов» атты тарихи тұлғалардың мүсіндерін жасап, кейіпкерлердің жан дүниесін ашуға, психологизмге бейімділігін танытты.

Х. Наурызбаев 60-80 жылдар арасында ақын М. Хакімжанованың, еңбек ері К. Дөнентаеваның, батыр қыз М. Мәметованың, еңбек ері Ы. Жақаевтің мүсіндерін жасап, кейіпкерлердің сыртқы тұлғасын ішкі жан дүниесімен тығыз байланыста көрсете білді.

Мүсіншінің шәкірттері Т. Досмағанбетов, Б. Төлеков, Е. Мергенов қазіргі кезде кең көлемде танылған шеберлер. Мүсінші шығармашылығы лайықты бағаланып Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше медальдармен наградталған.

1967 жылы суретші қазақ әйелі Айша Ғалымбаеваға Қазақстанның халық суретшісі атағы берілді. Бұл жылы ол елу жасқа толған болатын.

Айша Ғалымбаева 1917 жылы 19 декабрде туған. Ол 1943 жылы Алматы көркемсурет училищесін, онан соң 1949 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік киномотография институтының көркемдік-сәндік бөлімін бітірді.

А. Ғалымбаеваның алғашқы еңбектері «Абай әндері» (1949), «Махаббат туралы поэма» (1954) кинофильмдеріне жасаған еңбектері мен «Тоқымашылар» (1951), «Автопортрет» (1956) атты станоктың картиналары.

Айша Ғалымбаева елуінші жылдардың соңында өзінің талантымен қалыптасқан тәжірибесін көрсететін көптеген картиналар жазды. Солардың бірі «Халық таланттары» (1957) атты кескіндеме шығармасы. Картинада киіз үйдің ішінде отырған үш әйел бейнеленген. Оларды киіз басу үстінде көреміз. Айша Ғалымбаеваның «Халық таланттары» атты картинасы оның шығармашылығының алғашқы беталысын көрсететін шығармасы.

Осындай шығармаларының бірі – «Халық шебері Б. Бәсенованың портреті» (1958). Суретшінің «Батыр ана» (1960), «Қазақстан әуендері» (1962) картиналарында сәнділік, түстердің тұтастығы, бейнелілік пен образдылық айқындала түседі.

Жетпісінші жылдардың басынан бастап А. Ғалымбаева бірқатар пейзаж туындыларын жазды. Олардың қатарына «Аяқ-Қалқан», «Үңгіртас», «Сарыағаш» шығармалары кіреді.

Суретшінің «Жайлау жолы», «Болашақ», «Совхоз», «Шопан қыздары», «Совхоздағы кеш», «Сенімді қарауыл», «Автолавка» шығармалары ауыл еңбеккерлерінің өмірін көрсетеді.

А. Ғалымбаеваның шығармашылығында натюрморт жанры ерекше орын алады. Алпысыншы жылдары жазған «Үш ғасыр», «Ертедегі керамика», «Қобыз», «Сары алма», «Айва» картиналары ерекше бейнелік сипатқа ие болған. Суретші бұл картиналар арқылы табиғат пен адам арасындағы қарым қатынас бірлігін көрсетеді. Ертедегі дүние мен қазіргі өмір атрибуттары салыстырмалы түрде көрсетіледі.

Суретшінің «Бас киімдер» деп аталатын картинасында қазақтың көне ұлттық бөркі басы көрініс, ал ұлттық киімдер қосалқы композиция бөлшегі ретінде берілген.
Бақылау сұрақтары:

1. Ә.Қастеевтің шығармашылық жолынан үздік сыр.

2. Қазақстан суретшілерінің өмірі мен шығармашылықтары

3. Қазақстан суретшілер одағының қалыптасуына үлес қосқан суретшілерді ата.

4. Қазақтың ұлттық сурет мектебінің қалыптасуы мен даму кезеңін ата.


30-лекция. Тақырыбы: Қазақстан суретшілерінің шығармаларының жанрлары мен тақырыптары

Лекция жоспары:

1. Пейзаж, Натюрморт жанрындағы қазақ суретшілерінің туындыларына талдау

2. Бейнелеу өнеріндегі жанрлық ерекшеліктері



Лекция мақсаты: Қазақстан суретшілерінің шығармаларымен таныстыру.

Лекция мәтіні.

1. Көркемдік білім беру саласында қазақ бейнелеу өнерінің шығармаларын бірнеше тақырыптарға бөлуге болады. Соның ішінде қазақ бейнелеу өнеріндегі революция тақырыбына мына картиналар кіреді: Қ.Телжанов «Ұшқын», «Толқын», «Ән бастаушы», «Бастау», «Октябрь», М.Қалымов «Үкімет билігі советтерге», М.Шаяхметов «Интернационалды шырқаушылар», М.Кенбаев «Ә.Жангелдин отряды», Н.Нұрмұхамбетов «Даладағы өрт», «Фурманов Верный қаласында», Т. Тоғысбаев «Дала туралы баллада». Бұл картиналарда қазақ жеріндегі революция көріністері бейнеленген. Сонымен қатар революциядан кейінгі халық өмірі жан-жақты суреттелген. Суретші Қ.Телжановтың «Ұшқын» деп аталатын кар тинасында революция қайраткерлерінің шағын тобы, таңғы мезгіл, дала көріністері арқылы суретші революцияның басталу кезеңдерін көрсетеді. Осы суретшінің «Октябрь» деп аталатын шығармасы революция жеңісін көркем образдар арқылы бейнелеген.

Қазақ бейнелеу өнеріндегі ерекше бір тақырып «Қазақ халқының реовлюцияға дейінгі өмірі мен тұрмысы» деп аталады. Бұл тақырыпқа суретшілер Ә. Қастеев, Н. Хлудов, С.Аманжолов өз қаламын тартты. Мысалы Ә.Қастеевтің «Шевченко қазақтар арасында», «Досмағамбет пен Жамбылдың айтысы», «Сатылған қалыңдық» картиналарында халықтар достығы мен мәдени дәстүр лайықты көрініс тапқан. Суретші С.Аманжоловтың «Ақтабан шұбырынды» деген картинасында, М. Қалымовтың «Исатай – Махамбет» деген картинасында қазақ тарихындағы ауыр күндер мен халық батырларының образдары жасанған.

Суретші Т.Шевченконың «Жетім балалар», «Киіз үйдегі қазақтар» В.Н. Фролованың «Құлмахамбет пен Жамбылдың айтысы» атты картиналары осы тақырыпқа кіреді. Қазақ бейнелеу өнерінің көптеген шығармалары тарихи кезеңдермен тығыз байланысты. Бұл шығармаларда халықтың ұлт-азаттық қозғалысы, қоғамдық қайраткерлер, батырлар образы ерекше көзге түседі. Осындай тақырыптардың бірі «Қазақ бейнелеу өміріндегі азамат соғысы көріністері». Мысалы: Н.Нұрмұхамбетовтың «Амангелді шабуылы», «Тоқаш Бокин отряды», М. Кенбаевтың «Жанкелдин отряды», Қастеевтың «А. Иманов портреті», Қ.Телжановтың «18 – жылғы Қазақстан», М. Қалымовтың «Қазақтың алғашқы атты-әскер полкы» деген картиналары азамат соғысының көріністерін білдіреді.

Қазақ бейнелеу өнеріндегі көлемді тақырыптардың бірі «Ұлы Отан соғысы» деп аталады. Бұл тақырыпты қамтитын шығармалардан соғыс кезіндегі халық өмірін, майдан көріністерін, батырлар образын көруге болады. Мысалы, В.Крымовтың «Шахтерлерді майданға шығарып салу», Т.Әбуовтың «Барлығы майдан үшін», график И.Исабаевтың «Ленинградтықтар балам менің», О.Нұржұмаевтың «Әке естелігі» шығармаларында жауынгерлерді майданға шығарып салу, елдегі халықтың жеңіс үшін күресі суреттеледі. Сонымен қатар суретші Н.Насаткиннің «Қазақстаннан келген қонақтар Панфиловшылар арасында», С.Романовтың «Жеңіс туы», «Соғыс ізі», Ү.Әжиевтің «Ленингард 1941 Декабрь», К.Пономаренконың «Ерекше тапсырма» атты картиналары соғыс көріністерін шынайы бейнелермен ашып көрсетеді. Суретші В.Чуйковтың «Жамбыл өсиеті», А.Молдабековтың «Батыр Ә.Молдағұлова» портреті, Ә.Нақысбаевтың, «Р.Қошқарбаевтың портреті», Ю.Мингозидиновтың «М.Маметова портреті» арқылы қазақ халқының ержүрек ұл-қыздарының көркем образдары жасалған.

Қазақ бейнелеу өнеріндегі ерекше бір тақырып–қоғам қайраткерлерінің образы. Бұл тақырыпқа көптеген суретшілер қалам тартты. Олардың ішінде Қ.Телжанов, В.Крылов, Х.Наурызбаев, С.Романовтарды атауға болады. Телжановтың «Көсем аманаты», Т.Тоғысбаевтың «Көсем мен Т.Рысқұловтың кездесуі», Х.Қалымбетовтың «С.Сейфуллин» деген картинада қоғам қайраткерлерінің образы берілген.

Қазақ бейнелеу өнеріндегі еңбек тақырыбына көптеген суретшілер қалам тартты. Олардың қатарына Қ.Телжанов, Ә.Қастеев, Ә.Исмаилов, М.Кенбаев, Н.Нұрмұхамбетов, Е.Евсеев сияқты суретшілер кіреді. Еңбек тақырыбын алғаш бастаған суретші Ә.Қастеев «Турксиб», «Биік таудағы мұз айдыны», «Қапшағай ГЭС-і» сияқты картиналарын жазды. Телжановтың «Ата-баба жерінде» деген картинасы Қазақстандағы тың игеру кезеңін көрсетеді. Сонымен қатар Н.Раевтың «Тың жер», Г.Исмайловтың «Даладағы тоған» О. Тоғысбаевтың «Тың жерінде» деп аталатын картиналары да тың игеру көріністерін суреттейтін шығармалар.

Еңбек тақырыбына арналған картиналарда табиғат көріністерімен қатар адам бейнелері де көрініс табады. Мысалы, Қ.Телжановтың «Боз аралдың адамдары», Н.Нұрмұхамбетовтың «Папам келе жатыр» атты картиналары кіреді. Еңбек тақырыбына жазылған картиналардың бірі Ф.Евсеевтің «Шымкент фосфор заводы», В.Крыловтың «Өндірісті Қарағандының таңы» деп аталатын шығармалары индустриалды өндіріс орындарын бейнелейді.

Қазақ бейнелеу өнеріндегі көлемді тақырыптардың бірі бейбітшілік тақырыбы. Бейбітшілік тақырыбына жазылған қазақ суретшілерінің шығармалары кескіндеме, графика, сәндік – қолданбалы өнер, салаларын қамтиды. Бұл шығармалар халықты бейбітшілікке, шыншылдыққа, бірлікке насихаттайды. Сонымен қатар, соғыстың сұрапыл көріністерімен жирендіріп, бейбіт өмірді көркем образдар арқылы суреттейді. Суретші Б.Табеевтің «Қайырлы таң», Т.Тоғысбаевтың «Бейбітшілік әні», К.Бисенбиновтың «Мәңгілік жарық», С.Трофимовтың «Бейбітшілік туралы сөз» атты туындылары бейбіт өмірдің еңбек адамдарының өмір тіршілігі суреттеледі. Суретші Аманжоловтың «Уақыт талабы», К.Молдашевтің «Қазақстан. Дала және уақыт» атты шығармасы. А.Ғалымбаеваның «Қостанай пирамидалары» қазақ жеріндегі бейбіт еңбектің көріністері. Н.Нұрмағамбетовтың «Хиросима» атты картинасы жапон соғыс құмарларының халық өміріне деген қастандық әрекеті екендігі көрсетілді.

Қазақ бейнелеу өнеріндегі сүбелі тақырыптардың бірі–ана образы. Бұл салаға қалам тартпаған суретші жоқ десе де болады. Солардың ішінде А.Ғалымбаеваның, Қ.Телжановтың, С.Мамбеевтің, Е.Сидоркиннің, А.Жүнісовтың есімдерін ерекше атау қажет. Ана образына ерекше өз шығармашылығынан орын берген суретші А.Ғалымбаева. Оның «Махаббат туралы баллада», «Тоқымашы», «Автопрортрет», «Халық таланты», «Батыр ана», «Халық шебері Басенованың портреті» атты шығармалары бар. Сонымен қатар Қ.Телжановтың «Жамал», «Домбыра әуендері», С.Мәмбеевтің «Ақ киімді қыз», Е.Сидоркиннің «Баян сұлу», «Айман-Шолпан», «Құртқа» образдары және А.Жүсіповтың «Менің отанымның әйелдері» деп ақталатын картиналары қазақ аналарының образын жан-жақты көрсететін бейнелі туындылар.

Қазақ бейнелеу өнеріндегі ерекше тақырыптың бірі халық ақыны Жамбылдың бейнесі. Бұл тақырыптағы шығармалар ақын өмірі мен шығармашылығын терең суреттейді.Бұлардың ішінде суретші К.Чеканиннің «Жамбыл мен Кенен», Ә.Қастеевтің «Жамбыл мен Досмағамбет», С.Мартованың «Құлмамбет пен Жамбылдың айтысы», Исмаиловтың «Жамбыл мен Тоқтағұл» сияқты картиналары халық ақыны мен айтыс ақындарының образдарын жасалған. Жамбыл ақынның образын жасауға көптеген орыс суретшілері қатысқан. Бұл орайда К.Чуиковтың «1916 жыл Жамбылдың жарлылар арасында болуы», К.Урманченің «Жамбылдың ұйықтар бөлмесі», С.Риттехтың «Жамбыл халық арасында», К.Суховтың «Жамбыл мен Фурмановтың кездесуі» сияқты шығармаларды айтуға болады. Жамбыл образын ерекше ашатын туынды М.Қалымовтың «Ленинградтық өрендерім» атты графикалық туындысы.

Қазақ бейнелеу өнерінде 60 жылдардан бері ерекше дамып келе жатқан тақырып ғарыш тақырыбы. Бұл салада Қ.Степанов, Н.Гаев, К.Моллашев, Ғ.Ильевтар табысты шығармашылық еңбек етті. Ою-өнек шебері Г.Ильяев «Байқоңыр Космос» атты шығармасын ою-өрнек тілімен суреттейді. Бұл картинада қазақ жерінен аспан әлемі, табиғат көріністері ою-өрнектермен бейнеленген. А.Степановтың «Жер планетасынан келген адам», «Гагарин», «Жер ұлдары» атты кескіндеме шығармалары космос тақырыбын ерекше ашқан туындылар.

Қазақ бейнелеу өнерінде балалар тақырыбына арналған шығармалар мол. Бұл тақырыпқа арнап А.Бортников, А.Степанов, Б.Янковский, Қ.Телжанов, Х.Наурызбаевтар туындылар жазды. Суретшілер А.Степановтың «Жамбылдың немересі», Б.Яновскийдің «Жамбыл балалар арасында», И.Остренконың «Жас бақташы – Жамбыл» шығармаларында өнер шеберлері ұлы ақынның балалық шағын суреттейді. Халық суретшісі Қ.Телжанов «Бірінші рет мектепке», «Әжесі мен немересі», «Күн сәулелі өлкеде», «Тыныштық» атты кескіндеме туындыларында қазақ балаларының бейбіт өмірі елдің салт-дәстүрі өнер тілінде көркем образдармен көрініс тапқан.

Табиғатты қорғау, республика көлемінде қолға алынатын мәселе бейнелеу өнері саласында да негізгі бір тәрбие тақырыбы болып табылады. Экология тақырыбына жазылған сәндік қолданбалы өнер графика туындыларымен қатар кескіндеме шығармалары қазақ бейнелеу өнерінің ерекше бір бөлігін құрайды. Бұл тақырыпқа қалам тартқан суретшілер В.Халатов, Е.Тулепбаев, Қ.Телжанов, В.Флорова, Х.Рахимов, М.Лизогуб, У.Әжиев. Суретші-график В.Халатовтың «Жер біздер үшін біреу ғана» деп аталатын плакатында оны сақтап, оның болашақ үшін қажеттігін көрсетеді. Суретшілер Е.Төлепбаевтың «Көкпар», В.Фролованың «Пішен шабу», Х.Рахимовтың «Самал жел», М.Лизогубтың «Күміс ыстық көл», Ү.Әжиевтің «Асы жайлауы», А.Черкасскийдің «Қарағаштар» , О.Таңсықбаевтың Іле өзені мен тауының жағасында картиналары қазақ даласының сипатын, сымбатын, әсем көріністерін нұрлы бояулармен суреттейді. Өнер шеберлері табиғатымыздың, планетамыздың тазалығын сақтауға шақырады.

Бақылау сұрақтары:

1. Пейзаж, Натюрморт жанрындағы қазақ суретшілерінің туындыларын ата.

2. Бейнелеу өнеріндегі жанрлық ерекшеліктері

3. Бастауыш мектепте оқушыларды қазақ суретшілерінің туындыларымен таныстыру әдістері қандай.

4. Қазақстан суретшілерінің шығармаларының жанрлары мен тақырыптарын атап өт.


10. Семинар сабақтарының тақырыптары



Тақырыбы

сағ саны

Бақылау түрі

Әдебиеттер

1

Геометриялық фигуралардың перспективалардығы суретін салу.

1.Көп бұрыштар салу

2.Шеңбер салу.


1

Жазбаша бақылау

1,2,4,5,6

6-7бет


2

Натураға қарап геомертиялық денелердің суретін салу.

1.Куб, призма салу

2.Пирамида , сфера салу.


1

Жазбаша бақылау

1,2,4,5,6

6-7бет


3

Акварельді бояулар мен жұмыс істеу техникасы.

1.Хроматикалық түстер мен таныстыру

2.Ахроматикалық түстер.


1

Іскерлік ойыны

1,2,4,5,6,1019-23 бет

4

Тегіс заттардың суретін акварельді бояу мен натураға қарап салу.

1.Натураға қарап сурет салу әдісін үйрету.



1

Жазбаша бақылау

1,2,4,5,6,1019-23 бет

5

Натураға қарап сурет салу.

1.Натураны бақылау

2.Суретті натурамен салыстыру.


1

Жазбаша бақылау

1,2,4,5,6

6-7бет


6

Акварель техникасындағы натюрморт

1.Натюрморт салу техникасын үйрету



1

Тесті лік сауалнама

1,2,4,5,6

6-7бет


7

Есте сақтау арқылы сурет салу.

1.Суретті бейнелеу техникасын үйрету.



1

ЭССЕ

1,2,4,5,6

6-7бет


8

Пейзаж

1.Пейзажда күннің нақты уақытын, ауа райын бейнелеу



1

Іскерлік ойыны

1,2,4,5,

19-23 бет



9

Тақырыптық композициялардығ суретін салу.

1.Композициядағы көп Лекция жоспарылылық.



1

Жазбаша бақылау

1,2,4,5,

6,1019-23 бет



10

Интерьер мен экстерьердің суретін салу.

1.Интерьер салу

2.Экстерьер салу


1

Жазбаша бақылау

1,2,4,5,

6,1019-23 бет



11

Адамның сұлбасын натураға қарап салу.

1.Адам сұлбасын сал укезеңдері

2. Адамның сұлбасын натураға қарап салу әдісі


1

ЭССЕ

1,2,4,5,

6,1019-23 бет



12

Мүсіндеу. Формасы қарапайым заттарды мүсіндеу. Сюжетті мүсіндеу.

1.Мүсіндеу технологиясы.

2. Формасы қарапайым заттарды мүсіндеу технолдогиясы

3. Сюжетті мүсіндеу технологиясы.



1

Презентация

1,2,4,5,

6,1019-23 бет



13

Қазақстанның сәндік қолданбалы өнері. Оюларды түрлі түспен салу.

1.Ою-өрнектердің классификациясы.

2.Оюларды орындаудың реті.


1

Жазбаша

1,2,4,13

32-49 бет



14

Бұйымдардың өрнект ікомпозициясын салу.

1.Композиция негіздері

2.Тақырыптық композиция салу


1

Жазбаша бақылау

1,2,4,13

32-49 бет



15

Дизайн негіздері

1.Дизайн негіздеріне сипаттама



1

Пікірталас

1,2,4,5,6

6-7бет





Барлығы:

15









11. Оқытушының басшылығымен студенттің өзіндік жұмыс жоспары.




ОБСӨЖ-тақырыптары

сағ саны

Бақылау

түрі

Әдебиеттер


1

Педагогикалық ғылымдардың жалпы жүйесінде қазіргі заманғы көркемдік білім берудің негіздері

1.Бейнелеу өнерінің функциялары мен міндеттері

2.Қазіргі заманғы көркемдік білім берудің негіздері


1

Тестілік сауалнама

1,2,4,5,6.

6-7бет


2

ОӘК-ді зерттеу және талдау

1.Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабақтарының ерекшеліктері.

2. Бейнелеу өнері сабақтарының типтері мен түрлері


1

Эссе

1,2,4,5,6

.6-7бет


3

Бейнелеу өнерінің күнтізбелік –тақырыптық Лекция жоспарыы.

1.Сабақтың конспект Лекция жоспарыы.

2.Күнтізбелік –тақырыптық Лекция жоспары.


1

Тестілік сауалнама

1,2,4,5,6,10

19-23 бет



4

Сабаққа дайындық.

1.Сабақ үшін қажетті құралдарды дайындау

2.Сабақтағы уақытты Лекция жоспарылау


1

реферат

1,2,4,5,6

6-7бет


5

Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары

1. Сурет – станокты, кітаптық , өнірістік, газет журналды, қолданбалы, оқу безендірмелік, плакаттық.

2.Сызық , штрих, топ – суреттің негізгі бейнелеуші және айшықты құралдары. Сурет орындаудың материалдары мен техникасы. Түп нұсқалы және баспа суреттер – гравюра (ксилография, линогравюра, офорт) және литография


1

Тестілік сауалнама

1,2,4,5,6.

6-7бет


6

Бастауыш мектептегі сурет бойынша сабақ жүргізу әдістемесі.

1.Сурет бейнелеу өнерінің негізі ретінде .

2.Суреттің мақсат мен міндеттері. 3.Жазықтықта затты бейнелеу.

4.Суретте жарықта беру. Суреттің құралдары.



1

Глоссарий

1,2,4,5,6, 10

19-23 бет




7

Бастауыш мектептегі кескіндеме бойынша сабақ жүргізу әдістемесі.

1.Кескіндеменің жанрлық түрлері. Түстану. Түс спектрі, түстер шеңбері. 2.Хроматикалық және ахроматикалық түстер. Түстің қасиеті. Негізгі және қосымша түстер.



1

Тестілік сауалнама

1,2,4,5,6, 10

19-23 бет



8

Бастауыш мектептегі мүсіндеу бойынша сабақ жүргізу әдістемесі.

1.Мүсіндеу құрылымдарының мақсаттары мен міндеттері.

2.Мүсіндеудің мазмұны. Ежелгі дүние мүсіндері.


1

реферат

1,2,4,13.

32-49 бет



9

Бастауыш мектептегі сәндік қолданбалы өнер бойынша сабақ жүргізу әдістемесі.

1.Халықтық кәсіптердің айрықша ерекшеліктері.

2.Кәсіптің түрлері: ағашты оюлар, сүйекті оюлау, теріні бедерлеу, соқпалау, қыш бұйымдарын жасау, кілем және сырмақ тоқу, текемет басу, зергерлік іс, кестелеу және басқалар.


1

Тестілік сауалнама

1,2,4,13

32-49 бет



10

Бейнелеу өнерінің жанрлары

1.Бейнелеу өнерінің жанрлары: діни мифтік, пейзаж (ауылдық, таулы, қалалық, морина), портрет (афтопортрет, топтық, отбасылық), натюрморт, тарихи (батальды), тұрмыстық, анимациялық және т.б



1

Бақылау жұмысы

1,2,6

42-46 бет



11

Сурет теориясының негіздері

1.Тон туралы түсінік.

2.Суреттің матеориалдары. Сызықтық перспективаның заңдылықтары.

3.Заттардың көлемді –жазықты формасы. Суреттің тарихы. Өнер шеберлері. Сурет туралы.



1

Тестілік сауалнама

1,2,6

42-46 бет



12

Композиция.

1.Композицияның заңдылықтары. Балалар суретіндегі композицияның ерекшеліктері. Түстің балалардың психоэмоционалды дамуына әсері.

2.Кескіндеменің материалдары мен техникасы. Өнер шеберлері. Кескіндеме мен композиция жайлы.


1

Эссе

1,2,4,5,6

6-7бет


13

Қазақстанның мүсін ескерткіштері.

1.Қазіргі заманғы мүсіндеу.

2.Мүсіндеудің айшықты құралдары – көлем, форма, пропорция , пластика.


1

Тестілік сауалнама

1,2,4,5,6

6-7бет


14

Халықтық кәсіптердің айрықша ерекшеліктері.

1.Кәсіптің түрлері: ағашты оюлар, сүйекті оюлау, теріні бедерлеу, соқпалау, қыш бұйымдарын жасау, кілем және сырмақ тоқу, текемет басу, зергерлік іс, кестелеу және басқалар.



1

Глоссарий

1,2,4,5,6,10.

19-23 бет



15

Натураны бақылау.

1.Бейнеленетін заттардың перспективалық өгерістері.

2.Суретті натурамен салыстыру,


1

Тестілік сауалнама

1,2,4,5,6

6-7бет


16

Кескіндемедегі колорит.

1.Кескіндемедегі тон. Жарық және суық түстердегі контрастылық.

2.Кескіндемедегі жарық пен түстің өзара іс-әрекеті.


1

Глоссарий

1,2,4,5,6

6-7бет


17

Пластикалық анатомияның негіздері . 1.Адамның дене бітімін мүсіндеу.

2.Бастауыш мектептегі мүсіндеудің әдістері мен тәсілдері.



1

Тестілік сауалнама

1,2,4,5,6

6-7бет


18

Оюлардың конструкциясы.

1.Оюлардың түсі мне фонын таңдау.

2.Ою-өрнекті композицияларды орындаудың заңдылықтары.


1

Глоссарий

1,2,4,5,6.

6-7бет


19

Акварельді және гуашты бояулар мен жұмыста білік пен дағдыларын қалыптастыру.

1.Компазиция негіздері, сызықтық және ауа перспективаларының негіздер іжайлы бастапқы білімдері.

2.Наткураға қарап сурет салуда, тақырыптық композициялар мен пейзаж салуда бастауыш оқушылары ның байқампаздығын, қиялын және бейнелік ойлауын дамыту.


1

Тестілік сауалнама

1,2,4,5,6,10.

19-23 бет



20

Интерьер және экстерьерді салуда бастапқы білімі дері мен біліктері.

1.Мүсіндеу кезінде қолдың ұсақ моторикасы мен дағдысын дамыту.

2.Форма, пластика және пропорция туралы ұғымдар. Бастауыш сыныптағеы мүсіндеу әдістері.


1

Бақылау жұмысы

1,2,4,5,6

6-7бет


21

Бастауыш мектептегі бейнелеу өнерінің туындылары бойынша сабақ жүргізу әдістемесі.

1.Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнерін оқытудың мақсат ымен міндеттері. Қарындашпен және басқа графикалық материалдар мен жұмыс істеуде білім, білік және дағдыларын қалыптастыру.

2.Бастауыш сынып оқушыларының жас, психологиялық және физиологиялық ерекшеліктері.


1

Тестілік сауалнама

1,2,4,5,6

6-7бет


22

Өнер туындыларын эстетикалық қабылдау

1.Өнер туралы әңгіме жүргізуді ұйымдастыру.

2. Репродуктивті материалды таңдау


1

Эссе

1,2,4,5,6,10

19-23 бет



23

Сабаққа қажетті көрнекі және дидактикалық материалдарды дайындау

1.Көреккі және дидактикалық материалдарды, слайд – фильмдерді, бейне фильмдерді қолдану әдістемесі

2.Оқулықпен жұмыс жасау.


1

Тестілік сауалнама

1,2,4,5, 6, 10 19-23 бет

24

Бастауыш мектептегі бейнелеу өнері сабақтарында көренккі және дидактикалық материалдарды қолдану әдістемесі

1.Көрнекі құралдардың түрлері

2.Дидактикалық материалдарды қолдану әдістемесі


1

Эссе

1,2,4,13

32-49 бет



25

Бастауыш мектептегі оқушылардың практикалық жұмыстарын ұйымдастыру

1. Оқушылардың практикалық жұмыстары.

2.Оқушылардың білімдері мен біліктерін бағалау критерийлері. Қорытынды жасау.


1

Тестілік сауалнама

1,2,4,5,6.

6-7бет


26

Бастауыш мектептегі сабақтан және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру.

1.Сабақтан тыс жұмыстардың мақсаты мен міндеттері.

2.Кіші мектеп жасындағы оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің жалпы жүйесінде бейнелеу өнері бойынша жүргізілетін сабақтан және мектептен тыс жұмыстардың орны мен ролі.


1

реферат

1,2,4,5,6

6-7бет


27

Өнер туындылары мен таныстыру әдістемесі.

1.Өнер туралы әңгіме жүргізуді ұйымдастыру.

2.Репродуктивті материалды таңдау


1

Тестілік сауалнама

1,2,4,5, 6,10 19-23 бет

28

Бейнелеу өнері сабақтарын құрал жабдықтары.

1.Сабақтағы уақытты Лекция жоспарылау.

2.Көрнекі және дидактикалық материалдарды, слайд – фильмдерді, бейне фильмдерді қолдану әдістемесі


1

Глоссарий

1,2,4,5,6,10.

19-23 бет



29

Оқушылардың практикалық жұмыстары

1.Оқушылардың практикалық жұмыстарының түрлері

2.Практикалық жұмыстарды жүргізу әдістемесі


1

Тестілік сауалнама

1,2,4,13

32-49 бет



30

Балалар шығармашылығының көрмесін ұйымдастыру.

1.Өнер мұражайларына, көрме залдарына, суретшілердің шеберханасына және т.б экскурсиялар жасау.



1

Презентация

1,2,4,13

32-49 бет



31

Бейнелеу өнерін оқытудың негіздері

1. Бейнелеу өнерінің әдістемелік негіздері

2. Бейнелеу өнерін оқытудың принциптері


1

Эссе

1,2,4,5,6,10.

19-23 бет



32

Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесін оқытудағы теориялық және практикалық тұрғыдағы басты бағыттары

1. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің теориялық мәні

2. Оқытудың практикалық мәселелері


1

Тестілік сауалнама

1,2,4,5,6

6-7бет


33

Бейнелеу өнерін бастауыш сыныпта оқытудың мақсаттары мен міндеттері

1. Бастауыш сыныпта бейнелеу өнерін оқытудың мақсаты

2. Бейнелеу өнерін оқытудың басты бағыттары


1

Эссе

1,2,4,5,6

6-7бет


34

Бастауыш мектепте бейнелеу өнері сабақтарын ұйымдастыру

1. Сабақтың құрылымы мен барысы.

2. Бастауыш мектепте бейнелеу өнері пәнін ұйымдастыру


1

Тестілік сауалнама

1,2,4,5,6

6-7бет


35

Мектепалды дайындығы тобында затқа қарап сурет салу сабақтарын ұйымдастыру әдістері

1. Мектепалды дайындығы тобында затқа қарап сурет салуды қалыптастыру

2. Сабақтарды ұйымдастыру әдістері


1

реферат

1,2,4,5,6.

6-7бет


36

Бастауыш мектептегі бейнелеу өнерін оқытудың дидактикалық ұстанымдары

1. Бейнелеу өнерін оқытудағы дидактикалық талаптар

2. Бастауыш мектептегі бейнелеу өнерін оқытудың әдіс тәсілдері


1

Тестілік сауалнама

1,2,4,5,6,10.

19-23 бет



37

Бастауыш сыныпта нұсқаға қарап сурет салу сабақтарын ұйымдастыру әдістері

1.Нұсқаға арап сурет салу құралдары

2. Сабақты ұйымдастыру әдістері


1

Глоссарий

1,2,4,5,6,10.

19-23 бет



38

Бастауыш сыныпта тақырыптық сурет салу сабақтарын ұйымдастыру әдістері

1. Тақырыптық сурет салу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу

2. Оқушылардың ой өрісін тақытыптық сурет салдыру арқылы дамыту


1

Тестілік сауалнама

1,2,4,5,6

6-7бет


39

Бастауыш сыныптарда өнер туралы әңгіме сабағын ұйымдастыру әдістері

1. Өнер туралы әңгіме сабағына қажетті көрнекіліктер

2. сабақты ұйымдастыру және өнер жайлы білімін жетілдіру


1

Презентация

1,2,4,5,6

6-7бет


40

Бастауыш сынып оқушыларын қазақ салт дәстүрлеріне тәрбиелеу әдістері

1. Оқушыларды қазақ салт дәстүрлерінен мағлұмат беру

2. Қазақ салт дәстүрлеріне тәрбиелеу әдістері


1

Эссе

1,2,4,5,6

6-7бет


41

Бастауыш сыныптарда оқушыларға эстетикалық тәрбие беру әдістері

1. Бейнелеу өнері арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру жолдары

2. Эстетикалық тәрбиенің негізі бейнелеу өнері


1

Тестілік сауалнама

1,2,4,5,6.

6-7бет


42

Бастауыш сыныптарда оқушыларға көркемдік білім беру әдістері

1. Оқушыларға көркемдік білім беру әдістемесі

2. Бастауыш сыныптарда оқушыларға көркемдік білім берудегі мұғалімнің алатын орны


1

Эссе

1,2,4,5,6,10.

19-23 бет



43

Бастауыш сыныпта оқушылардың өнертану мәдениетін дамыту әдістері

1. Оқушылардың өнертану мәдениетін қалыптастыру

2. Өнер туралы әңгіме сабақтарын ұйымдастыру әдістері


1

Тестілік сауалнама

1,2,4,5,6,10.

19-23 бет



44

Бастауыш сыныптағы бейнелеу өнері сабақтарында көрнекті құралдарды пайдалану әдістері

1. Бейнелеу өнері сабақтарында көрнекті құралдарды пайдалану әдістері

2. Көрнекі құралдарды дайындау және қолдану


1

реферат

1,2,4,5,6

6-7бет


45

Бастауыш мектепте бейнелеу өнері сабақтарын ұйымдастыру

1. Сабақтың құрылымы мен барысы.

2. Бастауыш мектепте бейнелеу өнері пәнін ұйымдастыру


1

Тестілік сауалнама

1,2,4,5,6

6-7бет





Барлығы:

45










  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет