Лекция жоспары: Цитология клетка туралы ғылым Клетканы зерттеудің тәсілдері Клетканың алуан түрлілігі



бет11/16
Дата06.01.2022
өлшемі203,84 Kb.
#109997
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
2 апта ботаника

6-сурет. Хлоропласт сызба-

нұсқасы


І-сыртқы мембрана; 2-ішкі мем­ брана; 3-строма; 4-қырлардың (граны) тилакоиды; 5-строманың тилакоиды.

кішкентай дискалардан тұратын үйінділер түзеді. Хролофилл мен каратиноидтар гранның тилакоидтарының әрбір екі мембранасының бірінде кездеседц Грандар бір-бірімен строманың тилакоидтарымен байланысып тұрады. Хлоропластардың сыртында орналасқан мембраналар, кейде қатпарлар (складкалар) түзеді де строманың тилакоидына айналады. Стромада ДНК-ның молекулалары, рибосомалар; пластоглобулалар деп аталынатын, липидтердің тамшылары, крахмал дәндері және басқада қосымша заттар болады.

Крахмал фотосинтез процесінің нәтижесінде хлоропластарда түзіледі, оны фотосинтездік немесе алғашқы крахмал деп атайды. Ферменттердің көмегімен фотосинтездік крахмал қантқа айналады, сөйтіп глюкоза түрінде жапырақтан органдардың түзілуіне қажетті зат ретінде тасы-малданады немесе артық қор заты ретінде жиналады. Қолда бар фактылардың негізінде өсімдіктердің фотосинтездік системасының эволюциясының қалай жүргендігін бақылап отыруға болады. Мысалы, көк-жасыл балдырлардың хлоропластары болмайды, бірақ цитоплазмасының қабықшаға жақын жатқан бөлігінде екі қабат фотосинтездік мембраналары болады. Жасыл балдырлардың хромотофора-лары болады, олар гиаплазмадан мембраналары арқылы бөлініп тұрады, бірақ грандары болмайды. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің хлоропластарының грандары болады, олар-дың универсалды формасы — линза тәрізді. Алайда қазіргі кезде кездесетін жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің ең қара-пайымы мүк тәрізділердің кейбір түрлерінде хромотофоралар әлі де кездеседі.

Лейкопластар. Лейкопластарда пигменттер болмайды. Мөлшері жағынан олар хлоропластардан кіші және белгілі формалары болмайды. Лейкопластар көпшілігінде өсімдіктің, күннің жарығы түспейтін ұлпаларының және органдарының клеткаларында — тамырларында, түйнектерінде, дәнде-рінде және басқаларда кездеседі.

Лейкопластардың негізгі атқаратын қызметі артық қоректік заттарды, бірінші кезекте крахмалды, кейде белокты, сиректеу майды синтездеу және жинау болып табылады. Крахмал жинайтын лейкопластарды амилоплатар деп атайды. Оларда фотосинтез процесі жүретін орган-дардан келіп түсетін қанттан өлшемі мен формасы өртүрлі болып келетін крахмал дөндері пайда болады. Бұларды екінші реттік крахмал деп атайды. Артық белок кристалдар түрінде, немесе аморфты гранул, май-пластоглобул түрінде жиналады.

Хромопластар. Хромопластарда каратиноидтар тобына жататын түсі қызғыш-сары, сары пигменттері болады. Хромопластардың мөлшері хлоропластардан кіші, ал формасы жағьшан олар алуан түрлі болып келеді . Олардьщ ішкі мембраналық системасы көп жағдайда болмайды.

Каратиноидтардың жиналуының формасына қарай хромопластарды глобулярный, фибриллярный (трубчатый) және кристаллы типтер деп бөледі. Хромопластардың ең көп кездесетін глобулярный типінің пигменттері пластоглобулаларда еріген. Фибриллярный типіне жататын хромопластардың каратиноидтары пластоглобулаларда кездесіп қана қоймайды, сонымен бірге олар стромдарда параллель орналасқан жіпшелердің, немесе түтікшелердің тобьш түзеді. Кристаллы типке жататын хромопластардың каратиноидтары негізінен әртүрлі формадағы кристалдар түрінде кездеседі және осы пластидтердің өзінің формаларын айқыңдаңды (орақ тәрізді, ромб тәрізді, ине тәрізді және т.б.). Хромопластар кейбір өсімдіктердің гүлінің күлте жапырақшаларында, піскен жемістерінде, күзгі жапырақтарында болады. Олардың зат алмасуындағы атқаратын қызметі белгісіз. Хромопластардың қосымша биологиялық маңызы сол, айқас тозандануға қажетті насекомдарды және осы өсімдіктердің дәндерін таратуға қажетті жануарларды шақырады.

Эволюцияның барысында осы пластидтердің ең алғаш-қысы болып хлоропластар пайда болған. Кейіндеу өсімдіктердің денесі органдарға бөлінген кездерде хлоропластар-дан лейкопластар мен хромопластар жетілген. Онтогенезде пластидтердің барлық түрлері бір-біріне ауысып отырады. Лейкопластардың хлоропластарға айналуы жиірек кездеседі (мысалы, ұрықтанғанда жұмыртқа клеткасынан үрық пай­ да болтан кездерде) және хлоропластардың хромопластарға ауысуы жиі кездеседі (мысалы, жапырақтардың күзде сарғаюы). Тек хромопластар табиғи жағдайда басқа пластид-терге айналмайды. Пластидтердің клеткадагы саны олардың созылып барып бөлінуінің нәтижесінде артады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет