Лекция Кіріспе. Сумен жабдықтау және суды әкетудің негізгі мақсаттары


Лекция 6 Су құбыры торабтарын гидравликалық есептеудің теориялық негіздері мен тәсілдері



бет17/56
Дата12.10.2019
өлшемі4,02 Mb.
#49759
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   56
Байланысты:
умк транспортирование каз

Лекция 6 Су құбыры торабтарын гидравликалық есептеудің теориялық негіздері мен тәсілдері
1 Тармақталған торларды есептеу
Тармақталған тұйық тордағы әрбір учаскеден өтетін су көлемін есептеу онша қиынға түспейді, себебі учаскенің әрқайсынан одан тұмен орналасқан тұтынушыларға қажетті су шығыны ғана өтеді. Мәселен, 2.15 суретте көрсетілген 3-4 учаскесі арқылы өтетін су көлемі 4 – нүктеде алынатын су шығынына тең болады, яғни Q8-4=q4. Басқаша айтқанда, Кирхгофтың бірінші заңы бойынша қарастырылып отырған су құбырларының әрбір учаскесінің шығыны сол учаскенің соңғы түйініне жалғанған учаскелер мен сол түйін шығындарынан тұрады, яғни түйінге келетін шығын одан шығатын шығынға тең болуы тиіс. Түйінге келетін шығындарды плюспен, ал түйіннен шығатындарын минуспен белгілесек, онда кез келген түйін шығындарының алгебралық қосындысы нөлге тең болады, яғни

(Кирхгофтың 1-заңы)



2.15 сурет. Тармақталған торды есептеу сұлбасы
Осы теңбе-теңдігін қолдана отырып, тармақталған тордың кез келген учаскелеріндегі шығынды анықтауға болады, өйткені жоғарыда айтылғандай, мұндай тор учаскелеріндегі есепті шығындар сол учаскеден төмен жататын шығындар көлемдерінің қосындысы тең.

Демек, 2-3 учаскесінің есепті шығыны немесе ал 1-2 учаскесінің шығыны немесе болады. Дәл осылай кез келген учаскедегі шығынды табуға болады.

Егер шығын көлемі белгілі болса, онда оған лайықты құбыр диаметрін, судың ағу жылдамдығын және құбырлардағы арын жоғалуын табу қиынға түспейді.

Жалпы тармақталған торды есептеуді учаскелерге бөлуден бастайды. Одан кейін айтылған нұсқауларды есепті шығынын анықтап, алғаш негізгі магистралдарды (құбырларды) гидравликалық есептеуге қояды. Магистралдар ретінде арынды мұнарадан ең соңғы түйіндерге дейін әрі ең шыңынды желілер алынады.

Магистралды желінің М-1-2-3-4 учаскелеріндегі есепті шығынға сәйкес келетін құбырлар диаметрін және арын жоғалуын Ф.А. Шевелев кестесі көмегімен анықтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   56




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет