Лекция курсы Шымкент, 022ж. ӘОж 342. «Құқық негіздері»


Жемқорлықпен күрестің негізгі қағидалары



бет42/44
Дата02.03.2023
өлшемі185,21 Kb.
#170867
түріЛекция
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Байланысты:
құқық негіздері (копия)
ҚМЖ тербеліс , Шаруа қожалығын ашудың бизнес жоспары, сор10кл2чет, 07.12.22ОКТЕ каз (копия), журек микропрепарат (копия), Бөж, ойындар, dimashvx¿
Жемқорлықпен күрестің негізгі қағидалары
Мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдар, сондай-ақ оларға теңес-тірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкін-діктерді пайдалана отырып, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көздел-меген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.
Қағидалары: 1.барлық адамдардың заңмен сот алдында теңдігі; 2.мемле-кеттік органдардың қызметін анық құқықтық регламенттеу, заңдылығы мен жариялығын, оған мемлекеттік және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету; 3.мемлекеттік аппараттың құрылымдарын, кадр жұмысын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын мәселелерді шешу рәсімдерін жетілдіру.
Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар үшін, барлық лауазымды адамдар, депутаттар, судьялар, мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілдік берілген өзге де адамдар және соларға теңестірілген адамдар жауапты болады. Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілдік берілген өзге адамдарға: 1) мемлекеттік қызмет туралы заңдарына сәйкес барлық мемлекеттік қызметшілер; 2) құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтердің лауазымды адамдары.
Заңда, мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілдік берілген адамдар: 1.Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланған адамдар; 2. Заңда белгі-ленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президенттігіне, Парламент, маслихат депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарының мүшелігіне үміткерлер ретінде тіркелген азаматтар; 3. Жергі-лікті өзін-өзі басқару органдарында тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін қызметшілер; 4. Мемлекеттік ұйымдардың немесе жарғылық капиталында мемлекеттік меншіктің жиынтық үлесі кемінде отыз бес процент құрайтын ұйымдардың лауазымды адамдары теңестіріледі.
Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілетті адамдар немесе соларға теңестірілген адамдардың мынадай әрекеттер сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар болып табылады.
1) басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметіне заңсыз араласу.
Игіліктер мен артықшылықтарды заңсыз алуға байланысты сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар мыналар болып табылады:

  1. Жеке тұлғалардан ақша, көрсетілген қызмет және өзге де нысандар түрінде кез-келген сыйақы қабылдау: бұл жағдайда уәкілетті адамның шотына келіп түскен ақша қаражатын екі аптадан аспайтын мерзім ішінде салық органына мұндай қаражат түсуінің мән-жайы туралы түсініктеме беріп, ақшаны республикалық бюджетке аударылуы тиіс;

  2. Қызметі бойынша өздеріне тәуелді адамдардың сыйлықтарын алу немесе қызметін қабылдау. Түскен сыйлықтардың адресатын білмей сондай-ақ өзінің тиісті қызметтерін атқаруына байланысты алған сыйлықтарды жеті күн ішінде арнаулы мемлекеттік қорға тегін өткізуі тиіс. Ал адамға нақ сондай жағдайлар кезінде көрсетілген қызметі үшін республикалық бюджетке ақша қаражатын аудару арқылы ақы төлеуге тиіс;

  3. Мемлекет ішінде және шетелдік туристік саяхат, емдеу сауықтыру және басқа да сапарлардың ұсынысын жеке және заңды тұлғалардың есебінен барып-қайту;

  4. Кредит алу, құнды қағаздарды сатып алу, жылжымайтын өзге мүліктерді сатып алуда қарыздар алу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет