Лекция курсы Шымкент, 022ж. ӘОж 342. «Құқық негіздері»


Студенттің білімін пысықтау сұрақтары



бет43/44
Дата02.03.2023
өлшемі185,21 Kb.
#170867
түріЛекция
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Байланысты:
құқық негіздері (копия)
ҚМЖ тербеліс , Шаруа қожалығын ашудың бизнес жоспары, сор10кл2чет, 07.12.22ОКТЕ каз (копия), журек микропрепарат (копия), Бөж, ойындар, dimashvx¿
Студенттің білімін пысықтау сұрақтары.
1.Сыбайлас жемқорлықпен күресетін орган.
2.Сыбайлас жемқорлықты болдырмау жолдары.

1.Мемлекет және құқық негіздері. Баянов Е. Алматы. 2001


2.Мемлекет және құқық негіздері. Сапарғалиев Ғ. Алматы. 2004
3.Мемлекет және құқық негіздері. Баймаханов М.Т. Алматы. 2001
4.Мемлекет және құқық негіздері. Абдуллина З.К. Алматы. 2001
5.Құқық негіздері. Баққұлов С.Д. Алматы. 2004
6.Егемен Қазақстан құқығы. Ашитов З.О. Алматы. 2004
7.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030 .Алматы. 1997


Лекция 14. "Электрондық үкімет" тұжырымдамасын іске асыру.
14.1
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. ХХI ғасыр - ақпарат ғасыры болып табылады, адамзат қауымы дамудың жаңа сатысына - ақпараттық қоғамға аяқ басты. 2006 жылғы 27 наурызда БҰҰ Бас Ассамблеясы 17 мамырды Халықаралық ақпараттық қоғамның күні етіп белгілеу туралы ресми шешім қабылдады. Осындай әлемдік ауқымда жүріп жатқан заманауи үрдістен, өркениеттің көшінен біздің еліміз де қалыс қала алмасы түсінікті.
Қазақстанның постиндустриалды даму сатысына өту мүмкіндігі туралы мәселені алғаш көтерген Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың “Постиндустриалды қоғам қалыптасуының стратегиясы және өркениеттер серіктестігі” атты жаңа еңбегінде заманауи ғылыми-техникалық, ақпараттық және өзге де инновациялық төңкерістер жалпы адамзат өркениетінің, оның ішінде біздің отанымыздың да келешектегі бет-бейнесін айқындайтынын атап көрсетеді.
Қазіргі кезде қазақстандық қоғамның барлық саласында ақпараттандыру процесі қызу жүруде, оның ішінде саясат саласында да жаңа ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдана отырып, мемлекеттік қызмет пен әкімшілік-басқару істерін әлемдік стандарттарға сай модернизациялауға барынша күш салынып жатыр. Осыған байланысты Қазақстанның саяси жаңғыруындағы аса маңызды факторлардың бірі – электрондық үкіметтің қалыптасуы мен дамуы болып табылады. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев бұл маңызды мәселеге ерекше мән беріп: “Үкіметке заңдар мен заңнамалық актілерге ғылыми, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жасау, мүдделік қолдау (лоббистік) қызметі, электрондық үкімет мүмкіндіктерін неғұрлым кеңінен пайдалану туралы заң жобаларын ең бірінші кезекте әзірлеп, Парламентке енгізуді тапсырамын” - деп әкімшілік реформаларды жүргізудегі басты міндеттердің қатарына қойды .
Ұзақ мерзімді Қазақстан-2030 Стратегиялық бағдарламасында электрондық үкіметтің қалыптасуы мен дамуына негіз болатын ақпараттық инфрақұрылымды дамытуға басымдық беріліп, бұл туралы: “Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының алдында, ең алдымен, болашақта әлемнің дамыған елдерінің ақпараттық инфрақұрылымдарымен бәсекелесуге қабілетті, дербес тәуелсіз және тиімді телекоммуникациялық қызмет көрсету жүйесін құру міндеті тұр” – деп анықталды . “Қазақстан Республикасында "электрондық үкімет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы” қабылданып, оның ізін ала 2008-2010 жылдарға арналған электрондық үкімет бағдарламасы қисынды жалғасын тапты. Бүгінде қазақстандық электрондық үкіметтің қалыптасуы мен дамуы жаңа идеологиялық тұғырнама негізінде жүзеге асып, соңғы бағдарламаға сәйкес белсенді жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар бұл құжаттар 2007-2009 жылдарға арналған ақпарат­тық теңсіздік деңгейін төмендетуге бағытталған мемлекеттік бағдарламамен толығып, кешенді мемлекеттік саясатқа ұласты.
Бүгін қазақстандық электрондық үкіметтің қалыптасуы мен дамуы саяси өмірде өз орнын тапты, электрондық үкімет іс жүзінде қоғамымыздағы әлеуметтік көлбеу және тік қарым-қатынастар мен саяси коммуникацияны қамтитын кең әрі терең ұғым. Сондықтан осы өзекті мәселенің саяси ғылым тұрғысынан зерттеу, электрондық үкіметті жасақтаудың әлемдік тәжірибесіне салыстырмалы саяси талдау жасай отырып, оның жаңа жолдарын іздестіру, жетістіктеріне баға беру, қазіргі жағдайы мен әлеуетіне талдау жасап, даму үрдістері мен келешегіне саяси болжам жасау қажеттілігі туындайды. Электрондық үкіметті одан әрі дамыту өзекті саяси міндеттердің қатарында, оған Елбасымыздың Қазақстан халқына арнаған жолдауларында ерекше көңіл бөлініп, басымдық берілуі дәлел. Сол сияқты, студент жастарға арнап оқыған дәрісінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев: “Мен Үкімет алдына инновациялық қызметті белсенді ету міндетін қойдым. Бәрінен бұрын технологиялар трансферті мен білімнің кешенді жүйесін құру қажет. Инновациялық-технологиялық дамуды басқарудың тиімді жүйесін қалыптастырған жөн” деп қадап айтты . Инновацияларды мұндай тиімді басқару жүйесіндегі электрондық үкімет қызметінің алар орны ерекше. Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында “ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуы мен бейімделуі экономикалық көрсеткіштерге ғана емес адам өміріне де ықпал ете отырып, қоғам дамуының басты факторы болып табылады. Қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық кеңістікті құру мақсатында телекоммуникация саласының дамуын ынталандыру мен инфрақұрылымын қалыптастыру, телекоммуникациялық және электрондық қызметтерді тарату, сондай-ақ серпінді ақпараттық қоғамның негіздерін құру жалғасады” - делінген .Қазақстанда электрондық үкіметті дамыта беру стратегиялық мәнге ие. Қазақстан әлемдік өркениет көшінен қалмай, жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды игеріп, оны саяси жүйе мен жалпы қоғам өмірінде кеңінен қолданса ақпараттық ғасырдағы тұрақты даму жолына түспек. Заманауи әлемдік саяси тәжірибеде бұл жауапты міндетті электрондық үкімет жемісті жүзеге асыруда. Жоғарыда көрсетілген өзекті мәселелер осы зерттеу тақырыбын таңдауымызға әсер етті. Тақырып өте маңызды, ол мемлекеттік басқаруды жетілдіруге ықпал ететін өткір мәселемен тығыз байланысты.
Саяси ғылымда ақпараттық қоғам қалыптастыру, электрондық үкіметті құру мәселесі ғасырлар тоғысында бастау алып, жылдан жылға дамып келеді. Және де бұл мәселе қоғам өмірінің көп саласына қатысы бар болғандықтан, саясаттанушылармен қатар IT-технология саласының мамандарының, заңгерлердің, әлеуметтанушылардың және басқа да қоғамдық ғылымдардың зерттеу нысанына айналып отыр. Бұл зерттеулердің нәтижелерін бір жүйеге келтіру арқылы ғана электрондық үкіметтің әлемдік тәжірибесіне салыстырмалы талдау жасауымызға, оның қазақстандық нұсқасының қалыптасып даму процесіне кешенді зерттеу жүргізуге болады.
Тақырыпты зерттеуде Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың іргелі еңбектерінің, ел халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауларының, электрондық үкіметті дамытуға бағытталған саяси шешімдерінің мәні аса зор. Оның себебі саяси жаңғыру мен әкімшілік реформаларды сәтті жүргізу мақсатында қазақстандық электрондық үкіметті қоғам өміріндегі нақты қолданысы, қажеттілігі мен тиімділігі бар шынайылыққа айналдырудың ерекше маңыздылығына байланысты.
“Қазақстандық жол” еңбегінде Н.Ә. Назарбаев саяси-экономикалық реформаның әрбір жаңа кезеңі жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен тығыз астасып жатуы тиіс деп ой түйеді. Сондай-ақ ол әкімшілік реформалар аса бір маңызды шартсыз – электрондық үкіметтің қалыптасуынсыз мүмкін емес, тек тұрақты және гүлденген қоғам ғана тұрақты саяси жүйе құруға қабілетті деген тұжырым жасайды. Оның еңбектеріндегі электрондық үкімет туралы идеялар зерттеу тақырыбының бағдарын айқындауға зор көмек берді, тұжырымдамалық-тәжірибелік қырынан да аса маңызды болды: осы мәселенің әлі тың және саясаттанулық талдауды қажет ететін салаларына терең ғылыми-зерттеулер жүргізуге бағыттайды.
Қазақстандағы электрондық үкіметтің саяси мәселелері мемлекеттік тілде кешенді зерттеледі:

  • электрондық үкіметке қатысты ғылыми идеялар мен көзқарастарға талдау жасау арқылы ғылыми тұжырымдар сараланып, олардың қазақстандық электрондық үкімет үшін маңызы негізделді;

  • саясаттанумен қатар өзге де қоғамдық және техникалық ғылымдар салаларындағы электрондық үкімет тұжырымдамаларын жан-жақты сараптау арқылы оның теориясы, құрылымы мен қызметі, түрлі факторлары, даму заңдылықтары мен принциптері анықталды;

  • саяси ғылымда электрондық үкіметтің мәні мен мазмұны туралы қалыптасқан ортақ пікір жоқ, сондықтан да диссертацияда аталған ұғымның мән-мазмұнын концептуалды ашуға септігін тигізетін көзқарастар жүйеленді;

  • әлемдік саяси тәжірибедегі электрондық үкіметті қалыптастыру мен дамыту ерекшеліктеріне салыстырмалы саяси талдау жасалып, оның Қазақстан үшін практикалық маңызы көрсетілді;

  • Қазақстандағы демократияландыру, саяси модернизация, әкімшілік реформа және электрондық үкіметті қалыптастыру мен дамыту мәселелері өзара тәуелділік пен өзара байланысты зерттелді;

  • қазақстандық электрондық үкіметтің орнығуы мен дамуы ақпараттық технологиялар ғасырындағы мемлекеттік билік пен мемлекеттік қызметті жетілдірудің алғышарты ретінде қарастырылып, бұл бағытта жүзеге асатын іс-шаралар кешені саяси технологиялық процеске ұласатыны көрсетілді;

  • мемлекеттік саясаттың басым бір тармағы болып табылатын Қазақстандағы электрондық үкіметті қалыптастыруда қол жеткізген жетістіктеріміз бен орын алған кемшіліктер айқындалып, оның механизмдерін жетілдіру жолдары ұсынылды.

Электрондық үкіметтің туындауы ақпараттық қоғамның қажеттілігі ретінде жаңа өмірдің сұранысын қанағаттандыру мақсатында дүниеге келді. Тұрғылықты халықтың сапалы, ашық әрі тиімді мемлекеттік қызметке деген мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін бүкіл әлемдегі мемлекеттер өздерінің құрылымдарын электрондық үкіметке қарай эволюциялық жолмен өткізуде. ХХI ақпарат ғасырында Интернет желісі негізгі инфрақұрылым рөлін ойнай бастады. Ол бүгін барша ескі және жаңа экономикалық құрылымдарға айтарлықтай ықпал ете отырып, өнеркәсіп орындары мен қызмет көрсету саласына шығындарды азайтуға, серіктестермен жаңа деңгейдегі қарым-қатынастар жасасуға, жаңа нарықтарға шығуға және қосымша табыс табу көздерін ашуға мүмкіндік беруде. Сол сияқты мемлекеттік қызмет те индустриалды кезеңнен ақпараттық дәуірге өту процесінен қалмауы тиіс. Азаматтар мен бизнес сектор бұрынғыдай орталықтандырылған мемлекеттік қызметке қанағаттанбайды, өйткені ол қағазбасты, уақытты көп алады. Азаматтар өздерінің үкіметтерінен мемлекеттік қызметті жақсартуын, тиімділігін арттыруын, бәсекеге қабілеттілігін, ақпараттық дәуірдегі шапшаңдық пен ұтымдылықты күтеді.
Әлемде электрондық үкімет арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің озық үлгілері жетерлік, бірақ соған қарамастан, қазақстандық үлгі өзіндік ерекшеліктерімізді, ұлттық болмысымыз бен мемлекеттік тілді негізге ала отырып дамуы тиіс. Қазақстан мен дамыған елдердің экономикалық, саяси және әлеуметтік даму деңгейлерінің арасындағы алшақтық үлкен, соған сәйкес ақпараттық-қатынастық инфрақұрылым да күшті дамыған, азаматтарының саяси мәдениеті мен құқықтық сауаттылығы жоғары, ақпараттық қол жетімділік деңгейі мен ақпараттық білім де көш ілгері. Сондықтан Қазақстанның электрондық үкіметінің тиімді әрі табысты қызмет етуі үшін осындай қосалқы факторларға баса назар аударуымыз қажет. Қазақстандық электрондық үкіметтің болашағы зор боларына сеніміміз мол, бірақ бұл кезең-кезеңімен бір ізді және мақсатты дамуды қажетсінеді. Шетелдік электрондық үкімет үлгілері мен тәжірибелеріндегі оңтайлы модельдерді ұлттық ерекшеліктерімізге сай бейімдеп, саяси тәжірибеге енгізуіміз қажет. Қазақстан Республикасында электрондық үкіметті жүзеге асыру сыбайлас жемқорлықпен күрестің тиімділігін арттыра алады, бірақ бұл проблеманы шешуге ішінара мүмкіндік береді. Өйткені, жемқорлыққа қарсы күрес жүйелі жүргізілетін іс-шаралар кешенін қажетсінеді. Егер де әкімшілік және ұйымдастырушылық реформалар қоғамдық бақылауды күшейтумен және электрондық үкіметті жүзеге асырумен сүйемелденетін болса, онда сыбайлас жемқорлықтың деңгейін барынша төмендетуге болар еді. Электрондық үкіметтегі қарым-қатынас жасасудың басты құралы – веб-сайттар болып табылады. Белгілі бір мемлекеттік органның сайты арқылы интернетке қосылған кез-келген компьютер арқылы азаматтар өздерінің талап-тілектерін, өтініштерін, мұң-мұқтаждарын білдіріп қана қоймай, қажет шаруаларын да тындыра алады: салық төлеу, құжаттарға тапсырыс беру, мамандардың кеңесіне жүгіну, мәліметтер алу т.б. Сайттарда кеңінен таралған коммуникативтік өзара әрекеттесудің түрлері мыналар болып келеді: форум, чат, қонақ кітабы, электоронды пошта, блог. Электрондық үкімет қазақстандықтардың бәсекеге қабілеттігін көтеруге бағытталған бірқатар шешімдерді ұсынады, олар порталдар арқылы жүзеге асатын қызметтерден тұрады. Үкімет – үкіметке (G2G) ақпараттарды қолдану мақсатындағы мемлекеттік органдардың аралық және ішкі әрекеттестігі және тиімді жұмыс жасауды қолдау; Үкімет – азаматтарға (G2C): ақпаратқа Интернет жүйесі арқылы қол жетімділік, интрактивті сауалнама, конференциялар, ашық дискуссиялар және т.б; Үкімет – бизнеске (G2B): тауарларды сатып алу, осыған орай түрлі қызметтер жасау, салық төлеу, патенттеу, лицензиялау т.б.
Сондай-ақ, ізденуші әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, Қазақстандағы мемлекеттік қызмет пен қоғамының барлық саласына оңтайлы қажеттілік тұрғысынан сай келетін электрондық үкіметті барынша ендірудің тактикалық әдіс-тәсілдерін де айқындайды:
1. “Бір терезе” қағидасына негізделетін бағдарлама.
2. Қызмет көрсету көп арналы, бұл таңдау бостандығын қамтамасыз етеді.
3. Электрондық нұсқаға түсіру алдында қызмет түрлері мен процестеріне реинжиниринг жасау.
4. Электрондық үкімет қызметтерін аутсорсинг пен жеке-мемлекеттік әріптестікті қолдану арқылы көрсету.
Жалпы, елiмiздегi электрондық үкiметті қалыптастыру мен дамытуға бағытталған мемлекеттік саясат кезең-кезеңімен сәтті жүзеге асырылып келеді. Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабiлеттi 50 елдiң қатарына кiруі үшiн ақпараттық технологиялар саласын да дамытуымыз шарт. Электрондық үкімет құру - елiмiздiң өркениетті болашағы, демократияны дамытуға бағытталып отырған саяси маңызы зор қадам. Қазақстанның өсiп-өркендеуi үшiн тек қана елiмiздiң жер байлығы мен ғана емес, барлық саладан бәсекеге төтеп беретiн күшті мемлекет болуы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет