Лекция:: Практикалық: 30 Семинар: 10 Лабораториялық



бет2/8
Дата01.04.2017
өлшемі4,29 Mb.
#13006
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8

5. Оқу жоспарынан көшірме







Кредит

саны


Жалпы сағат саны

Аудиториялық

сабақтар


Аудиториядан тыс

сабақтар

Қорытынды бақылау


Лек

ция


Семинар

СӨЖ

Емтихан




1

3

135

30

10

95




.

6. ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:

Жұмыс бағдарламасында (силлабус) сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: лекция, семинар, ОБСӨЖ (оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы), СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ЛБС-лабораториялық сабақтар.

Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.

Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет

Семинар сабақтарында – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек

ОБСӨЖ – оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы.

Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру.

Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды.

СӨЖ-студенттің өзіндік жұмысы. Студент СӨЖ тапсырмаларын кестеге сәйкес белгіленген мерзімде оқытушыға тапсыруға міндетті.

Лабораториялық сабақтарда студент теориялық қорытындыларын, яғни, теория мен тәжірибе бірлігін анықтап, құрал-жабдықтарды құрастыруға, пайдалануға дағдыланады, тәжірибе кезінде алынған нәтижелерді талдауды, теориямен сәйкестеліп дәлелдеуді үйренеді.


7. СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР:

Сабаққа кешікпеу керек.

Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

Сабаққа іскер киіммен келу керек.

Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.



Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.

8. ОҚУ САЃАТТАРЫНЫЊ ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БӨЛІНУ КЕСТЕСІ




Тақырыптың аты

Аудиториялық сабақтар

Аудиториядан тыс сабақтар

Лекция

Семинар

СӨЖ

1

Бейнелеу өнері н оқыту әдістемесін оқытудағы теориялық және практикалық тұрғыдағы бастты бағыттары.

2




5

2

Ежелгі Ассирия мен Египет мемлеккетеріндегі, алғашқы қауымдық қоғамда бейнелеп сурет салу әдістемесі.

2




5

3

Сурет салу әдісінің Греция Рим мемлекеті орта ғасырларда құрылуымен тығыз байланысты.

2




5

4

Қайта өркендеу дәуіріндегі академиялық білім беру жүйесіндегі бейнелеу әдістемесі және оның құрылуы.

2




5

5

Ресейде сурет салуға оқыту әдіс тәсілдері және оның 17-18 ғасырлардағы сурет Академиясындағы әдістердің болашақта өркендеп дамуы.

2




5

6

Бейнелеу өнерін мектепте оқыту әдістемесінің мақсаттары мен міндеттері

2




5

7

Сурет салуға үйрету әдістемесінің шет елдердегі, Ресейдегі, кеңес мектептеріндегі, ТМД мемлекеттерінің тарихы

2




5

8

Жаңа бағдарламамен жұмыс істейтін Қазақстан мектептеріндегі бейнелеу өнері сабақтарының мазмұны

1




5

9

Оқушылардың әр түрлі көркем материалдармен жұмыс істеу тәсіліне үйрету



2




5

10

Бейнелеу өнерінен сыныптан тыс жұмыстар

2




5

11

Безендіру,өнерді қабылдау,мүсіндеу,нұсқадан сурет салу,батик,қағаз пластикасы және сабақтардың теориялық негіздері.

2




7

12

Қазақ сәндік өнері дәстүрін сабақта, үйірмелерде пайдалану.

2




7

13

Оқу пәндері мазмұны түзілімінің теориялық негіздері және бейнелеу өнері сабағына мұғалімді дайындау.

2




7

14

Бейнелеу өнері сабақтарын талдау

2




7

15

Педагогикалық тәсіл және түсілтануға оқыту.

2




7

16

Сабақтың дидактикалық бөлімін жұмыстың толық бағытын меңгере отырып игеріп алу

1




7




Барлығы

30

10

95


1-кредит
9. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫ
1- лекция. Таќырыбы: Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесін оқытудағы теориялық және практикалық тұрғыдағы басты бағыттары
Жоспары:

1.Бейнелеу өнерінің әдістемесі пән ретінде

2.Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің даму тарихы

Лекция маќсаты: Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесін оқытудағы теориялық және практикалық тұрғыдағы бастты бағыттары туралы жалпы түсінік
Лекция мєтіні (ќысќаша)

1. Бейнелеу өнерінің әдістемесі пән ретінде . Әдістеме - белгілі бір мақсатқа, нәтижеге жету үшін істелетін іс-әрекет барысындағы әдіс-тәсілдерінің жүйелі бірлігі деген ұғымды білдіреді. Іс-әрекетті жүйелі әдістемелік бірлікте дұрыс жүргізу, яғни сол іс-әрекеттің мақсатына жетудің қысқа да нәтижелі жолын табу болып табылады.

Белгілі бір күрделі жұмысты орындау барысында тәжірибелі адам ол күрделі жұмысты жекелеген бөліктерге бөліп , жұмыстың әдіс-тәсілдерін жүйелі бірізділікпен пайдаланып біртіндеп орындайды. Ал суретші белгілі бір бейнені,көріністі бейнелеу үшін алдымен оны қарап , зерттеп күрделілігін анықтап,содан соң бейнені жазықтық бетіне композициялық шешімін тауып орналастырады. Содан соң бейнедегі жекелеген заттардың көлемін пропорциялық сәйкестігін нақты көрсетіп бейнелейді. Соңында бейнеленген жұмысқа қайтадан жалпы қарап, ондағы бейнелердің көркемдік үйлесімділігін, бірлігін тексереді.

Ал педагогика ғылымындағы әдістеме - оқытушы мен оқушы арасындағы мақсатты оқу-тәрбие іс-әрекетіндегі әдіс-тәсілдердің жүйелі жиынтығы.

Әдістеме негізінде, жалпы және жеке болып екі түрде қарастырылады. Біріншісінде – жалпы пәндер бойынша оқу-тәрбие мәселелеріне байланысты әдіс-тәсілдер жүйесі қарастырылса, соңғысында – жекелеген пәндер бойынша оқу-тәрбие жүйесі қарастырылады. Біз жалпы білім беретін мектептерде оқытылатын бейнелеу өнері пәнін қарастырамыз.

Педагогика ғылымында оқытудың әдістері, мұғалім мен оқушылар жұмысының тәсілдері, солардың көмегімен білім, іскерлік дағды игеріліп, оқушылардың дүниетанымы қалыптасады, қабілеттері дамиды. Яғни, оқыту әдістері- мұғалім мен оқушылардың арасындағы оқу-тәрбие жұмыстарын нәтижелі етіп ұйымдастыру іс-әрекетінің тәсілдері. Дәлірек айтқанда, әдіс белгілі бір мақсатқа жету іс-әрекетінің нақты жүйеге келтіретін тәсілдердің жиынтығы. Сонымен бейнелеу өнерін мектепте оқыту жұмысында жеке пән әдістемесі- педагогикалық дидактика негіздерін бетке ұстай отырып, оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына, көркемдік идеяларын түсінуге мүмкіндік тууы тиіс, яғни оқушылардың ойын, қиялын дамытуға, өз бетімен шығармашылық тұрғыда ізденіп жаңа білімді меңгеруіне ықпал жасауы керек.

Жоғарыда айтылғандай, оқыту әдісі белгілі бір мақсатқа жету әр мұғалімнің сол тәсілдерді тиімді таңдап алып, шебер пайдалана отырып оқыту процесін ұйымдастыруына, оқушылардың қабылдау дәрежесіне, мұғалім мен оқушылардың белсенді педагогикалық ынтымақтастығына байланысты.

Бейнелеу өнерін мектепте оқыту әдістемесіне байланысты әр түрлі таласты пікірлер бар екендігі рас. Кейбір әдіскерлер бейнелеу өнерін оқытуда оқушының қиялын, қоршаған ортадан алған алғашқы әсерлік сезімін алға қойып, екінші кезеңде бейнелеу ереже заңдылықтарын баланың сол сезімдік әсерін пайдалана отырып оқытуды ұсынады.

Ал кейбір әдіскерлер баланың алғашқы сезімдік әсерін жүйелеп, бейнелеу іс-әрекетін белгілі бейнелеу ереже заңдылықтарына бағындыру арқылы оқытуды ұсынады. Енді бір әдіскерлер бейнелеу өнерін мектепте оқытуды-тек оқушыларға эстетикалық тәрбие беріп, шығармашылық қабілеттерін дамыту бағытындағы жұмыс деп түсіндіреді.

Сондықтан педагог-әдіскерлер осы пікірлердің жігінен жол тауып, қазіргі кездегі оқу – тәрбиенің мақсаты мен міндеті болып отырған, жеке басы жан-жақты дамыған, одан әрі өз бетімен дами алатын қоғам азаматын дайындауда ғылыми –шығармашылық ізденіспен жұмыс істеу керек.

Бейнелеу өнері жалпы білім беретін мектепте оқушыға тек эстетикалық тәрбие беріп қана қоймай, сонымен қатар, дүниетанымын, кеңістік қиялын, ой-өрісін тағы басқа көптеген жақсы қабілеттерін дамытуды көздейді. Сондықтан да педегогика ғылымдарының негізін салушылар И.Г. Песталоцци, Ж.Ж. Руссо, Дж.Локк, Я.А.Коменскийлердің өз еңбектерінде, баспаларда бейнелеу өнерінің баланы жан-жақты дамытуда, тәрбиелеуде, білім беруде үлкен рөлі бар екендігін ғылыми дәлелдеп жазып, жалпы білім беретін мектептерге пән ретінде енуіне себепші болды.

Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі педагогикалық ғылымның бір саласы, ол практикалық жұмыс тәжірибесін теориялық ғылыми жүйелендіріп таратады. Яғни бейнелеу әдістемесі педагогика ғылымы , психология, эстетика және өнертану негіздерін басшылыққа алып дамиды. Ол бейнелеу өнеріне оқытудың жаңа ереже заңдылықтарын жасайды, жинақтайды,ұсынады. Бұл әдістемені бейнелеу өнерін оқытудың ғылыми әдістемесі деп алуымызға болады. Сонымен қатар, сол бейнелеу өнерін оқытудың ғылыми әдістемесін жинақтап, зерттеп ұсынған әдіс-тәсілдерді оқу –тәрбие процесінде жүзеге асыруды практикалық әдістеме деп атайды. Педагогикалық жұмыстағы әдістемелік өсу, педагогикалық іскерлік дағдыларын меңгеру мұғалімнен белгілі бір қабілеттілікті және бейімділікті талап етеді, өйткені ол қиын да, күрделі және аса жауапты педагогикалық өнер.

Кейбіреулер оқыту оңай да қарапайым, тіпті оған оқудың да қажеті жоқ, тек өз пәніңді білсең болды деп ойлайды. Бірақ, әрине ол олай емес, тамаша суретші, жазушы, ғалым болғанымен, жақсы оқытушы болмауы мүмкін. Оған дәлел көптеген дәлел көптеген белгілі суретшілер оқыту әдістемесі рөлінің маңыздылығын ескермей, оқытушылық істерінде үлкен дағдарыстарға ұшырады. Оқытуда да өнердегідей шабыт,сезім, тапқырлық, іске шығармашылық көзқарас болуы маңызды. Кей жағдайда сабақ барысында сабаққа аяқасты өзгерістер енгізугн тура келеді. Мысалы, сыныпқа түсіндірген жаңа сабақ материалын оқушылар меңгере алмады, онда мұғалім өткен сабақ материалына оралып жаңа сабақты кішкене бөліктерге бөліп, біртіндеп кезеңдеп түсіндіреді. Кезеңдеп түсіндіру барысындабір кезеңді оқушылар меңгергеннен кейін ғана екінші кезеңге көшеді. Сөйтіп жаңа сабақтың меңгерілуі жеңілдетіледі. Міне, сондықтан да дер кезінде сабақты аяқастынан қайта құру мұғалімненәдістемелік тапқырлықты , шығармашылық көзқарасты, педагогикалық сауаттылықтыталап етеді. Мұғалімнің жеке тәжірибелік әдістемесін байытудың бірден-бір жолы – ол педагогика ғылымының жаңа жетістіктерін , жаңа педагогткалық технологтяларды жинақтап, зерттеу.

Бейнелеу өнерін оқыту барысында педагогткалық компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы дизайн, сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарын өткізуге болады. Мысалы, «Құрақ құрау» сабағында жалпы құрақ құрау өнері және технологиясы айтылып, сабақтың машықтық кезеңінде жұмысты компьютердің көмегімен орындау тапсырылады. Оқушылар алдына мынадай мәселе қойылады:


  • 1- нұсқадағы оқушылар жұмысты жылы түстік реңде, ал 2-нұсқадағы оқушылар суық түсте орындау;

  • Оқушылардың бір-бірінің жұмысын қайталамауы.

Мұнда оқушылар мәселені шешу жолында саналы ізденіспен, шығармашылықпен еңбектенеді.

Сонымен, әдістемені жақсы меңгеру – біріншіден өткен тәжірибедегі ең жақсы жетістіктерді жинақтау, зерттеу. өйткені ол тәжірибені іс жүзінде пайдаланып, қандай нәтижеге жетуге болатындығы белгілі. Бірақ бұл «өз шығармашылық педагогикалық жаңалығыңды тәжірибе жасаудан баста» деген сөз емес.

Мектептегі бейнелеу өнері - басқа оқу пәндеріне ұқсамайтын өзіндік атқаратын міндеті мен тәрбиелік мүмкіндігі зор пән.

Оның басты мақсаты - өмір шындығының қос қоғамдық ерекше тәлім тәрбие беру. Беинелеу өнерін оқыту аиналадағы өмір шындығын көркем беинелеу ерекшеліктерін танытуды , оқушылардың табиғат сұлулығын , халық өмірінің көріністерін жүиелі қабылдауын оның мүмкіндігінше өзінің көркем беинелеу жұмыстарында қолдана білу қалыптастыруды көздейді. Бұл пәннің мазмұны мен мақсаты мектептің жалпы оқу тәрбие жұмыстарының негізгі талаптарымен де ұштасып жатады. Сол себепті әрбір сабақты оқыту мен тәрбие процесінің тығыз бірлігі осы өнерді меңгертеудегі негізі болып табылады.

Бейнелеу өнер сабақтарында оқушылардың практикалық білімі мен көркемдікті түисіндік үилесімді ұштастыра білуге шындық пен өнердегі әсемдікті дәл сезіне білуін, шығарманың ынтасына өнерге деген ықыласы мен қызушылығына және материалдық дүние танымының қалыптасуына ықпал етеді. Айналадағы өмір шындығы көріністерін көркем беинелеу әдістері мен тәсілдерін меңгеру белсенді шығармашылық жұмыс.

Оқушылардың көркем мәдениет құбылыстарды олардың қоғам өміріндегі мәні.

Айналадағы шындық объектілері мен құбылыстары эстетикалық тұрғыдан қабылдаи білуге баулу. Балалардың көру мен есту ,баиқампаздық қабілетін бояу түстерін ажырата білу дағдыларын қалыптастыру.Оқушылардың шындық пен өнерге деген белсенді эстетикалық сезімталдық қабілеттерін тәрбелеу өнердегі икемділектерін дағдыларын еңбекке оқуға паидалана білуге үйрету. Туған халқының сәндік қолданбалы өнер түрлерімен таныстыру.

Әрбір сабақта қазақ дәстүрлерінің үлгісін паидалана отырып әдепті тазалыққа сұлулыққа түсіне білуге тәрбиелеу.

Бейнелеу өнері оқыту барысында қолданылатын педагогикалық әдістің бірі болып табылады.

Бейнелеу өнері пәнінің мүмкіндіг шексіз мұндай нақты бір шешім болуы мүмкін емес, әр оқушының белгілі затты немесе құбылысты қалай қабылдаса солай бейнелеуге тырысады.

Сондықтан бір оқушының тапқан шешімі екінші оқушының жұмысына ұқсамайды. Осы жағдай кластағы барлық оқушының сабаққа толық ынтамен қатынасуын қамтамасыз етеді. өйткені талантсыз оқушы жоқ, ойын үстінде баланың творчествалық қабілет мүмкіндігі толық ашылады.

Бейнелеу өнерінен үй тапсырмасы берілмейтінін апталық сағат саны бір сағат қана екенін және творчествалық тапсырмалармен жаттығулардың аздығын ескерсек, ойын-тапсырмалардың бейнелеу өнерін оқытуда қаншалықтымаңызды екенін байқау қйын емес. Бейнелеу өнерін оқыту барысында ойын элементтеріаралас тапсырмалар беру оқушылардың сабаққа деген қызыушылығын арттырып , олардың сабақта творчествалықпен жұмыс стеуіне себебін тигізеді.

Бейнелеу өнері сабақтары өзінің терең мазмұндылығымен оқушелардың сбаққа деген ынта-ықыласын қызығуын, творчествалық шабытын арттыратындай болу тиіс, деп көрсетілген.

Мектепте бейнелеу өнері туралы білім беруде оқушылардың кеңістік жөніндегі ұғымын дамытудың маңызы зор. Оқушылар заттың бейнесін дұрыс алғанымен , оның кеңістігі орналасуын дұрыс көрсете алмайды.

Бейнелеу өнерін оқыту программасында композиция теориясымен оның бейнелеу өнерінің барлық түрлері жанырларына қатысты заңдылықтарымен, бейнелеу әдістерімен таныстыру мәселесі де қамтылған.

Бейнелеу өнері программасында бірінші класста композиция бойынша жұмыс істегенде қағаз бетіне үйлесімді орналастыру, ал мүсіндеу және сәндік суретте тұтас бейнені сала білуге үйрету керек, екінші класста оқушылар композиция үшін обьектіні өздері таңдап , түрлі суреттер сала бастайды. Үшінші класта композициямен кеңістіктегі заттардың үйлесімділігін сақтаңдар басты көңіл бөлінеді. Сурет салу 4-6 кластарда суреттің мәніне байланысты кеңістіктегі қалпын түс ерекшеліктерін нәрсенің үстіне түсіп тұрған жарықты үйлестірумен тығыз байланысты делінген.

Сәндік сурет салу бейнелеу өнері сабақтарының бір түрі. Оқушылардың бейнелеу жұмысы кезінде олардың өрнекті формат бетіне орналастыруына, бояу кезінде қылқалам мен жұмыс істеу әдістеріне назар аударамыз.

Сабақ соңында жақсы жасалған жұмыстарды оқушыларға көрсете отырып бағалаймыз. Сурет салу үшін суретшілердің алуан түрлі жабдықтары, мен материалдары пайдаланатыны белгілі. Олардың ішінде ең көп қолданылатын кәдімгі графит қарындаш.



2.Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің даму тарихы Адам баласының қоршаған ортаны бейнелеуге ынтасы ежелгі дәуірлерден басталған. Оған алғашқы адамдардың сүйектерге, мамонт мүйіздеріне және үңгірлерге бейнелеген суреттері дәлел. Ол бейнелер сол кездегі адамдардың тұрмыс тіршілігін, қоршаған орта туралы көзқарасын көрсетеді. Біртіндеп осы бейнелер негізінде жазу пайда болды. Сөз жоқ, алғашқы адамдар жасаған бейнелеу өнерінің үлгілері аяқ астынан пайда болған жетістікемес, ол көптеген жылдар бойы дамып жетілген тәжірибе мен дәстүрдің жемісі болатын.

Алғашқы сурет салуға үйрену тікелей көргенді қайталау, яғни көргенді көшіру еді. Алғашқы бейнелер үлкендердің тіршілік үшін жасаған еңбек процесіне, тіршілік көзі болған табиғатқа, жануарларға байланысты болды.

Неолит дәуіріндегі (б.з. б. 5-3 мың .ж.) жер өңдеу мен қолөнердің пайда болуы адамдардың өнерге деген көзқарасын мүлдем өзгертті. Адамның суретсала білу шеберлігі, қолөнер бұйымдарын, соның ішінде қыштан жасалған бұйымдарды безендіру басталды.

Нағыз өнерге оқыту, мектепте ұйымдастыру тек өркениет дәуірінде пайда бола бастады. Оған дәлел ретінде ежелгі Мысырда (Египет) дамыған жоғары дәрежелі мәдениетті қарастыруға болады.

Тарихи деректер бойынша ежелгі Мысырда суретсалу мектепте сызу пәнімен қатар оқытылғанын білуге болады. Мектеп бітіруші жерді өлшеуді, бөлме жобасын, су құбырының кестесін сызуды білуге міндетті болды.

Мысыр мектептерінде оқушыларға суретсалуды оқытуға ерекше көңіл бөлінді, өйткені иероглифтік жазу әр түрлі заттар бейнелерінен тұрды. Мысалға А әрпі құс бейнесінде, Б әрпі адамның аяғының бейнесінде салынды.

Тәрбиелеу мен оқыту тәртібі бұл мектептерде өте қатал болды: мектеп немесе оқушы ережесін болмашы бұзушыларды таяқпен соққыға алып жазалауға дейін барды, тіпті кей жағдайларда оқушының қол-аяғын байлап ғибадатханалардың қараңғы бөлмесіне ұзақ уақытқа қамады. Ол мектептер заңында былай делінген: «Күнделікті жұмысқа ынталы бол, жігерлі бол. Бір күн де ерінбе, болмаса соққыға жығыласың».

Оқыту әдісі мен тәртібі барлық суретші педагогтарда бірдей болды. Алғашқы болып ежелгі мысырлықтар жас ұрпақты сурет салу дағдысына оқытуда белгілі бір жүйеге негізделген теориялық заңдылықтарды жасай бастады. Олар суретсалуға оқыту процесін қоршаған ортаны тануға, байқауға емес, сызбаларды, қағидаларды (канондарды) жаттау арқылы үлгілерді көшіруге негіздеді.

Ал Ежелгі Грек суретшілері оқыту мен тәрбие мәселесіне жаңаша тұрғыдан қарады. Олар қоршаған ортадағы өсімдікке, табиғи құбылыстарға көңіл бөлу қажеттілігін мойындап, бейнелеу өнерін оқытудың өзіндік ережелерін жасады. Гректер әдеміліктің мәні сымбаттылық,симметриялық, бөліктердің тұтастық үндестігі, дұрыс математикалық тепе-теңділік деп тұжырымдады.

Грекияда б.з.д. VI ғасырда бірнеше сурет мектептері болды. Олар-Сикиондық,Эфестік және Фивандық мекиептер. Бұл мектептер әр түрлі әдістемелік бағыт ұстады. Фивандық мектеп жарық, көлеңке арқылы өмір шындығын және елесті көрсетуге бағытталды. Эфестік мектепте сыртқы сұлулыққа және табиғатты көркемдік тұрғыдан қабылдауға, соның ішінде шығармашылық, эстетткалық шабытқа мән берілді.

Сикиондық суретмектебі жаратылыстанудың ғылыми мәліметтеріне және табиғат заңдарына негізделді. Сикион суретмектебі оқыту әдістемесінің дамуына ғана емес, сонымен қатар жалпы бейнелеу өнерінің дамуына үлкен әсер етті. Бұл мектеп оқыту әдістемесін ғылыми негізде құрып, оқушыны табиғатты зерттеуге, оның заңдылықтарын ашуға жетелеп, табиғат сұлулығына деген сүйіспеншілік көзқарасын тәрбиеледі. Сикиондық мектептен Памфил, Мелантий Павзий және ұлы Апелес сияқты атақты суретшілер шықты. Сикиондық мектептің басшысы болған Памфилдың арқасында суретсалу Грекияның жалпы білім беретін мектептерінің барлығына пән ретінде енгізілді. Супетсалуға оқытудың міндеті өмір шындығындағы заттарды тек көшіріп бейнелеу ғана емес, сонымен қатар, ол заттардың құрылысының заңдылықтарын зерттеп , тану екендігін алғаш рет Памфил дәлелдеді.

Ежелгі римде де өнерге, соның ішінде бейнелеу өнеріне өте үлкен сүйіспеншілікпен қарады. Ауқатты адамдар грек суретшілерінің туындыларынан коллекциялар жинап, тіпті ақсүйектер мен үкімет қызметкерлері сурет және кескіндемемен (живопись) айналысты. Суретке оқыту Римдегі жалпы білім беру мектерінде жүргізілді.

Бірақ Римдіктер грек суретші педагогтарының жасаған бейнелеуге оқыту әдістемесін одан әрі дамытып жетілдірмеді, керісінше, кейбір оқыту әдістерін олар сақтай алмады. Грек суретші-пелагогтары бейнелеу өнерінің басты мәселелерін шешуге талпынып, өз шәкірттерін бейнелеуге оқуды ғылым арқылы игеруге шақырып, бейнелеуге ұсақ кәсіп ретінде емес үлкен шығармашылық ретінде қарау керектігін түсіндірсе , ал Рим империясының суретші –педагогтарын бейнелеу өнерін оқытуды одан әрі дамыту мәселелері көп алаңдатпады. Олар бейнелеу өнеріне ұсақ кәсіп ретінде қарап, бейнелеуге оқытуда тек үлгіден көшіру әдісімен шектеліп, ұлы грек шеберлерінің жұмыс тәсілдерін қайталады.

Сөйтіп римдік суретшілер гректер жасаған бейнелеуді оқыту әдістемелерін біртіндеп жоғалта бастады.

Ұлы Рим империясы құлаған соң орта ғасырда шынайы өнер жетістіктері мүлдем жоққа шығарылды. Суретшілері бейнені жазықтық бетінде тұрғызу ережелерін, гректер жасаған оқыту әдістерін (император Константин және папы Сильвестр тұсында) білмеді. Ағарту ісіне қарсы болған христиан шіркеулері грек шеберлерінің теориялық еңбектерін, сонымен қатар бейнелеу өнерінің аса құнды туындыларын аяусыз құртып талқандады. Өнерге деген сүйіспеншілік, өнерге табынушылық деп танылып қудаланды.

IX-XI ғасырлардағы дағдарыс-тоқыраудан кейінгі қайта өрлеу дәуірі бейнелеу өнерінің және оны оқыту әдістемесінің даму тарихына үлкен әсерін тигізді.

Бейнелеу мәселелерімен Ченнини Ченнино, Альберти, Леонардо да Винчи, Дюрер және т.б. бейнелеу өнерінің шеберлері айналыса бастады. Олар табиғи құбылыстар заңдылықтарын түсіну мақсатындағылыми зерттеу жұмыстарымен айналысып, бейнелеу өнерін ғылыммен байланыстырды. Жұмыстың нәтижелі болуына археологиялық қазбалардан табылған өнер үлгілері және Ежелге Грекияның ұлы өнері жөніндегі тарихшылар қалдырған деректер көмектесті. Қайта өрлеу суретшілері антикалық өнерүлгілерін зерттеу барысында игерген теориялық білімдерін өздерінің шығармашылық жұмыстарында пайдаланды және перспектива, анатомия, пропорция ілімдерін зерттеп жетілдіруді басты мақсат етіп алды.

Бейнелеу өнерінің адам баласының заманнан заманға рухани, эстетикалық байлығы ретінде ұласып келе жатқан өнер саласы. Бейнелеу өнері жеке өнер саласы емес, бірнеше өнер cаласының өмірге келуіне себепкер болған бейнелеу өнерінің атасы.

Сурет тарихы бұл адамзат тарихы. Оның айналасындағы ортаны тануына сана сезімінің жетілуіне эстетикалық тәрбие алуына ұрпақтан-ұрпаққа асыл мұралар қалдыруға үлкен . Үлес қосқан өмірмен өзектес өнер. Сурет-бұл шежіре. Ондағы ғасырбүкіләлем тарихын жеткізген бірден-бір куәгер.Осы куәгер сурет арқылы мыңдаған жылдар жемісіндегі тіршіліктің тынысын әдет-ғұрпын, кәсібін,мәдениетін,мың құлпырған бояуын жан-жануар дүниесінің алуан тірлігін танып білеміз.Өнер тарихы сабағының мақсаты студенттерге бейнелеу өнерінің тарихы және теориялық даму процесі жөнінде тереңірек білім алып көркем шығарманы талдауға және ол туралы өз пікірін сауатты жеткізе.үйрету.Өнер тарихы мен теориясы пәнінің негізгі міндеті бейнелеу өнерінің кеңістік пен уақыт аралығындағы көркемдік ырғақта форма мен образдың көріну сипатын ашу.

Кеңістік- біз үшін әлеуметтік рухани және мәдени орта. Уақыт тарихи кезең. Берілген пәннің міндеті заманның әлеуметтік рухани талап тілектерінентуындайтын мәселелер өнер шығармасы көркемдік образ және образды сомдаушы суреттер жөнінде көркем құбылыстар мен стиъдік бағыттар туралы мағлұматтар беріп осылардың ішкі бірлігі мен үндестігіне өзара қатынасы мен табиғи байланысына деген теориялық танымды тереңдету болып табылыды. Теориялық мәселелерді талдау барысында мынадай проблемаға көңіл бөле отырып міндеттер Батыс мәдениеті мен Шығыс өнерінің түрлері арасындағы пластикалық тіл айырмашылықтары әсіресе бейнелі өнер живописъ,графика,мүсінөнері,бейнесіз пластикалы кеңістік ажыратулы мен жіктеулі арасындағы сипаттық айырмашылықтарға мән беру және осы ерекшіліктерге жеке проблема ретінде қарастыра отырып салыстырмалы дәлелдеу жасау.Студенттерге мынадай талаптар қойылады. Теориялықматериалды жете меңгеру,білімді тәжірибемен ұштастыра білу. Еңбек мақаланы дұрыс пайдаланып конспектілей білу.Ұстаздық мамандықты жете меңгеру, кәсіптік даярлығын өрістетіп отыру.Бейнелеу өнері басқа оқу пәндеріне ұқсамайтын өзіндік атқаратын міндеті мен тәрбиелік мүмкіндігі зор.Оның басты мақсаты өмір шындығының қос қағымдық ерекше бір мезетін көркем бейнелеу арқылы мәңгілікке тоқтаудың қыр-сырын балаларға үйрету содан эстетикалық тәлім тәрбие беру.Бейнелеу өнерін оқыту айналадағы өмір шындығын көркем бейнелеу ерекшеліктерін танытуды оқушылардыңтабиғат сұлулығын халық өмірінің көріністерін жүйелі қабылдауын оның мүмкіндігіншеөзінің көркем бейнелеу жұмыстарында қолдана білу машықтарын қалыптастыруды көздейді. Бұл пәннің мазмұны мен мақсаты мектептің жалпы оқу тәрбие жұмыстарының негізгі талаптарымен де ұштасып жатады.Сол себепті әрбір сабақты оқыту мен тәрбие процесінің тығыз бірлігі осы өнерді меңгертудегі негізгі болып табылады.Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың практикалық білімі мен көркемдікті түйсінуін Үйлесімді ұштастыра білуге,шындық пен өнердегі әсемдікті дәл сезіне білуін шығарманың ынтасына өнерге деген ықыласы мен қызығушылығына және материалдың дүние танымының қалыптасуына ықпал етеді.Айналадағы өмір шындығын көріністерін көркем бейнелеу әдістері мен тәсілдерін меңгеру белсенді шығармашылық жұмыс.

Оқушылардың көркем мәдениет құбылыстарды олардың қоғам өміріндегі мәні. Айналадағы шындық объектілерді мен құбылыстарды эстетикалық тұрғыдан қабылдай білуге баулу. Балалардың көру мен есту байқампаздық қабілетін бояу түстерін ажырата білу түстерін дағдыларын қалыптастыру. Бейнелеу өнері сабақтары оқушылардың практикалық білім мен көркемдікті түсінуін үйлесімді ұштастыра білген, өнердегі әсемдікті сезіне білген. шыңдалу биіктігіне көтерілді. Әсіресе мүсін өнері көне грек дәуірінде дамыды. Солардың бірі екі қанатты қыз баланың бейнесі апалы-сіңлілі оларды муза деп атады. Өнер мен ғылымды мәңгі жастық шақты паш ететін өнер туындысы болды. Жалпы бейнелеу өнері , суретші қауымы арасында үлкен дағдарысты әңгімелер туғызды. Суретші еңбектері енді жарамсыз оның ішінде құны төмендейтін болар деген тәрізді оған қарамай тіпті кейін түрлі-түсті бейне шығаратын техникалық құралдар пайда болса бейнелеу өнері оның ішінде живописъ өнері өз құнын жойған бүгінгі күннің мыңдаған суретшілері көптеген өнер мектептері дәлел бола алады. Сәндік әсемдік өнері халықпен бірге туған өнер халыққа су мен ауадай қажет,деп орыстың ұлы философы Достоевскии. Шынында адамзат өнерсіз болмайды. Негізінде адам баласы жазу сызу ілімі болмаған дәуірде

сурет өнерімен айналысқан . Бұған дәлел жер үңгірлеріндегі тасқа қашап салынған ерте дәуірдің суретшілерінің туындылары.

Бейнелеу өнері - басқа оқу пәндеріне ұқсамайтын өзіндік атқаратын міндеті мен тарихы, тәрбиелік мүмкіндігі зор пән.

Оның басты мақсаты - өмір шындығының қос қоғамдық ерекше тәлім тәрбие беру. Беинелеу өнерін оқыту аиналадағы өмір шындығын көркем беинелеу ерекшеліктерін танытуды ,оқушылардың табиғат сұлулығын ,халық өмірінің көріністерін жүиелі қабылдауын оның мүмкіндігінше өзінің көркем беинелеу жұмыстарында қолдана білу қалыптастыруды көздеиді. Бұл пәннің мазмұны мен мақсаты мектептің жалпы оқу тәрбие жұмыстарының негізгі талаптарымен де ұштасып жатады. Сол себепті әрбір сабақты оқыту мен тәрбие процесінің тығыз бірлігі осы өнерді меңгертеудегі негізі болып табылады.



Бақылау сұрақтары.

  1. Суретшілер композициялық ізденістері

  2. Мектептегі бейнелеу өнері атқаратын міндеті мен тәрбиелік мүмкіндігі


2- лекция. Таќырыбы: Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесін оқытудағы теориялық және практикалық тұрғыдағы басты бағыттары
Жоспары:

1.Бейнелеу өнерінің сауаттылығының негіздері.

2. Бейнелеу өнеріне оқыту негіздері

Лекция маќсаты: Бейнелеу өнерінің сауаттылығының негіздеріне және бейнелеу өнеріне оқыту негіздеріне түсінік беру.
Лекция мєтіні (ќысќаша)

1.Бейнелеу өнерінің сауаттылығының негіздері. Сурет салу үшін суретшілердің алуан түрлі жабдықтар мен материалдарды пайдаланытыны белгілі. Қандай да болмасын нақты суретпен жұмыс,заттың өзіне қарап салудан, оның пластикалық қасиетін оқып-білуден басталады. Нақты бейненің ерекшелігіне байланысты сурет қарындашпен, перомен,көмірмен,қылқаламмен салынуы мүмкін.

Сурет салатын карандаштар қатты жұмсақтығыныа қарай мынадай түрге бөлінеді: 6Т, 5Т, 4Т, 2Т,, 3Т, Т, ТМ, М, 2М, 3М, 6М, бұлар латынша мынларға сәйкес келеді: 6Н, 5Н, 4Н, 3Н, 2Н, Н, НВ, 2В, 3В, 4В, т.б.

Қарандашты жазуы бар жағынан ұштамауы керек. Жартысынан азы қалған қарандашпен сурет салу өте-өте қолайсыз болады, сондықтан оны арнаулы түтікке орнатып, ұзартып пайдаланған жөн.

Сурет салу үшін сызу және сурет қағазы деп аталатын жартылай ватман қағазы қолданылады. Сурет салуға жылтыр жұқа, жұмсақ немесе өте қалың, бедерлі қағаздар мүлдем жарамайды. Қағаздың бедерлігі немесе жылтырлығы суретті өңдеуге қолайсыз. Ол жұмсақ қағаз тез сарғайып кетеді. Бұл қағазға тек жұмсақ заттар мен көмірмен ал жылтыр қағазға тек қана тущпен және қалам ұшпен сурет салған ыңғайлы. Сурет салуды жетік игеру үшін күн сайын жүйелі жұмыс істеу арқылы ғана жетуге болады. Сондықтан суретші тәжірбие жинақтап, техникалық білім мен тәсілдерді игереді. Өткен және қазіргі заманға шебрлердің сурет салу техникасын зерттеп, үйрену қажет. Мұның өзі суретшінің ой-өрісін кеңейтіп, сурет салудың сан-алуан тәсілдерімен танысуына көмектеседі, сондай –ақ сурет салғанда қолданылатын түрлі материалдарды игеруге, олардың мүмкіндіктері мен қасиеттерін іс үстінде танып білуге үйретеді.

Сурет салғанда қолды қалай ұстау керек. Қарандашты үш саусақпен (басбармақ , сұқсаусақ, ортанға саусақ) ғана ұстау керек. Қағаздағы суретке көлеңке түспеу үшін қарандаштың ұшынан сәл алыстау ұстаған жөн.

Сурет салған кезде қолды қағаз бетіне тигізбеу керек. Егер қажет бола қалған жағдайда қолды сүйемелдеу үшін екі саусақтың ұшын (аты жоқ саусақпен шынатақ) қағаз бетіне ептеп тигізуге болады. Сонда қолдың астындағы сурт былғанбайды, өшірілмейді.

Сызықтармен штрих жүргізу тәсілі. Сурет салудың негізгі тәсілдерінің бірі сызық жүргізу. Жіңішке сызықтар жүргізу арқылы болашақ пішіннің нобайы жасалады. Осы сызықтармен негізгі пропорциялар белгіленіп, суреттің жеке бөліктері салынады. Сызық жүргізу арқылы сурет кейпі белгіленеді. Пішіннің түрі түсетін жарыққа қарай өзгеретіндіктен, сызықтың түрі де өзгереді. Мұндай сызық штрих сызық немесе кеңістік сызық деп аталады.

Суреттегі керексіз сызықтарды өшіру үшін жұмсақ ақ өшіргіш қолданылады. Өшіргішті өте бір қажетті жағдайда болмаса сирек пайдалануға дағдыланған жөн.

Сурет салатын қағазды планшетке керіп біту үшін сызба ( архитектура) кнопкасын қолданған жақсы, немесе желімдеуге де болады. Ол үшін қағазды шамалы сулап, планшетке қатты жабыстыра нық ұстап тұрып, шетін кнопкамен бекітіп не желімдеп, планшеттің қырының артқы жағына бекіту керек. Сурет салуға кіріспес бұрын қағаз керілген планшетті жұмыс істеуге ыңғайлап, дайындап алған дұрыс.

Сурет салғанда қарандашпен қатар көмірді де пайдалануға болады. Ал анағұрлым жұмсақ материалдар қатарына жатады. Көмір таяқшалары ағаштардың жіңішке бұтақтарын отқа жағу арқылы дайындап алуға болады. Ол үшін биіктігі 20-25см консерв қалбырын тауып алып, оған құрғақ құм толтырады да ішіне қабығы аршылмаған биіктігі қалбырдың бойындай шыбықтарды шаншиды. Сонан соң қалбырдың бетін жауып отқа қыздырады. Шыбықтар әбден қызған кезде оттан шығарып алып, оны суытады, сосын сол күйде пайдалануға болады. Фабрикада арнайы дайындалған көмірлерде болады. Мәселен қолдан дайындаған көмірге өсімдіктен жасалған желім қосылады. Ондай көмірлер беті бұдыр қағаздарға жақсы жұғады.

Графикті қарандашпен және көмірмен (беті бұдыр қағаздарға) салынған суреттерді ұзақ сақтау қиын, сондықтан көмескіленіп немесе өшіп кетпеуі үшін оларды фиксаторлар арқылы өңдеу керек. Фиксаторларды жасау әдістері де әртүрлі. Мысалыға, қаймағы айырылыған сиыр сүтін алып, оған соншама су қосады. Бұл тез еру үшін керек. Мұндай әдістермен дайындалған ерітінді қағаз бетіне бүріккіш арқылы бүркеуге болады. Графикті қарандашпен және көмірмен салынған суреттерді фиксатив арқылы әбден қатырып, тастайды. Әдетте мұндай әдістер салынған суреттерді ұзақ мерзімдерге сақтау үшін өте қажет. Көбіне суретшілер түрлі түсті қарандаштарды пайдалануға онша көп әуестене бермейді. Олар суреттерді көмірмен, тушпен қара қарандашпен пастель деп аталатын әртүрлі борлармен салады.

Бейнелеу өнер сабақтарында оқушылардың практикалық білімі мен көркемдікті түисіндік үилесімді ұштастыра білуге шындық пен өнердегі әсемдікті дәл сезіне білуін, шығарманың ынтасына өнерге деген ықыласы мен қызушылығына және материалдық дүние танымының қалыптасуына ықпал етеді. Аиналадағы өмір шындығы көріністерін көркем беинелеу әдістері мен тәсілдерін меңгеру белсенді шығармашылық жұмыс. Оқушылардың көркем мәдениет құбылыстарды олардың қоғам өміріндегі мәні.

Аиналадағы шындық объектілері мен құбылыстары эстетикалық тұрғыдан қабылдаи білуге баулу.Балалардың көру мен есту ,баиқампаздық қабілетін бояу түстерін ажырата білу дағдыларын қалыптастыру.

Оқушылардың шындық пен өнерге деген белсенді эстетикалық сезімталдық қабілеттерін тәрбиелеу өнердегі икемділектерін дағдыларын еңбекке оқуға паидалана білуге үирету.Туған халқының сәндік қолданбалы өнер түрлерімен таныстыру.Әрбір сабақта қазақ дәстүрлерінің үлгісін паидалана отырып әдепті тазалыққа сұлулыққа түсіне білуге тәрбиелеу. Бейнелеу өнері оқыту барысында қолданылатын педагогикалық әдістің бірі болып табылады.



2. Бейнелеу өнеріне оқыту негіздері Өнер туралы әңгіме сабақтарының мазмұны мен оқыту әдістемесіне бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнері пәнінің бағдарламасында өнер туралы әңгіме сабақтарына арнаулы сағаттар бөлінегн. Бұл сағаттардың ауқымды бөлігі III-IV сыныптарда оқытылады. өнер туралы әңгіме сабақтарында оқушылар белгілі суретшілер, мүсіншілер және сәулетшілердің өмірімен, шығармаларымен танысады.

Оқушылар суретшілердің өз туындыларын жасауда тақырып мазмұнының тереңдігіне , эмоционольдық әсеріне, көркемдік шешіміне жету жолдарын танып түсінеді.

Оқушыларды үнемі өнер шығармаларымен таныстыру эстетикалық тәрбие беру құралының бірі болып табылады. Суретші көзқарасымен бейнелеген өмір шындығымен танысу оқушылардың өздерін қоршаған ортаға жаңаша көзқарасын қалыптастырып, оның сұлулығын тани білуге тәрбиелейді.

Көркем шығармаларды танып қабылдау мен бағалау біліктілігі қарапайым тақырыптық суреттермен танысып, оның мазмұнын түсінуден бастап күрделі көркем шығармалардағы суретшінің ой-мақсатына жету үшін пайдаланған әдіс-тәсілдерін тануға дейін біртінде дамытылады.

Өнер туралы әңгіме тек эстетикалық тәрбие беру құралы ғана емес, сонымен қатар отансүйгіштік тәрбие беру құралы болып та саналады. Өнер туралы әңгіме кезінде мұғалім оқушыларға туған елдің табиғат көріністері , ел тарихына байланысты және елдің даңқын арттырған тарихи тұлғалар бейнелерін көрсетіп әңгімелейді. Мысалға, Ә.Қастеевтің «Шежін өзенінің аңғары» , «Амангелді сарбаздары», М.Кенбаевтің «Асауға құрық салу», Х.Наурызбаевтың «Абай ескерткіштері» , «Ш.Уәлиханов ескерткіші» мүсіндерін, О.Таңсықбаевтың «Алай даласындағы кеш», К.Муллашевтің «Жер және уақыт» шығармаларын алатын болсақ, мұндай отаншылдық сезіммен бейнеленген туындылар оқушылардың туған жерге ,оның тарихына деген сүйіспеншілік пен мақтаныш көзқарасын қалыптастырады. әрине осындайсезімдік әсердің неғұрлым нәтижелі болуы мұғалімнің шығармалар жөніндегі әңгімесінің сапалы болуына байланысты. өнер туралы әңгіме сабақтарында суретшілердің жекелеген шығармаларын оқушылардың өз бетімен талдап әңгімелеуіне де көңіл бөлген жөн, өйткені ол оқушының білімі мен біліктілік деңгейін байқауға және көркем шығарма жөнінде өз пікірін баяндап сөздік қорын байытуға , дамытуға мүмкіндік жасайды.

Бейнелеу өнері шығармаларымен таныстыпу I-II сыныптарда тақырыпқа байланысты сабақтың басында немесеаяғында 8-10 минут бөлініп өткізіледі. Бір әңгіме , әдетте бір-екі шығарма немесе үш-төрт сәндік қолөнер бұйымдары көрсетіледі.

Ал III-IV сыныптарда өнер туралы әңгімеге арнаулы сабақтар бөлінеді, ол сабақтардың бірінде бес-алты жанды бейне , мүсіндік, графикалық немесе сәндік –қолөнер туындылары көрсетіліп әңгіме арқау болады.

Егерде мұғалімнің бағдарламада көрсетілген туынды репродукциясын табу мүмкіндігі болмаса, онда оны сол туынды мазмұнына , композициясына өте ұқсас репродукциясымен алмастыруына болады.

Әңгіме кезінде кинофильмдер ,диофильмдер ,диопозитивтер, эпидиоскоптер, компьютерлер арқылы туынды репродукцияларын көрсетуді кеңінен пайдаланған жөн.

өнер туралы әңгіме оқу жылының барлық кезінде өтетіндіктен , мұғалімнің әңгімені жоспарлауда жыл мезгілін, мерекелерді, пәнаралық байланысты бейнелеудің машықтық тақырыптарын ескеруі маңызды.

әңгіме нәтижесінде I сынып оқушысы суреттегі немесе иллюстрациядағы бейнеленген заттарды, құбылыстарды (жыл мезгілі, ауа райы, тәулік мерзімі, т.б) іс-әрекеттері (жүгіріп келеді, жүріп келеді, отыр, сөйлеп тұр т.б.) танып, суретте «Не ұнады?» «Несімен ұнады?» деген сұрақтарға өз пікірін айта білу керек. Бейнелеу өнерін оқудағы пәнаралық байланыс қазіргі таңда білім беру мен тәрбиелеу процесінде жан-жақты толық нәтижеге жетудің бірден –бір құралы- ол пәнаралық байланысты мұғалімдердің іс-тәжірибесінде үнемі қолдану болып табылады.

Әсіресе, пәнаралық байланыс бастауыш білім беру сатысында оқушылардың жаңа материалдарды жеңіл игеруіне , басқа пәндерден алған білімнің пайдалы қажеттілігін түйсінуге, сол пәнге деген қызығушылығының артуына, дүниетанымдық, шығармашылық қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызады.

Пәнаралық байланыс білім беру жүйесіне енгізілген барлық пәндердің біртұтастық, қажеттілік жеңгейін дәлелдейді. Еліміздегі білім беру жүйесін реформалау нәтижесінде енгізілген жаңа буын оқулықтар мен әдістемелік құралдарынан пәнаралық байланысты айқын байқауға болады.

Мысалға, бастауыш сыныптарға арналған бейнелеу өнері оқулықтарының алғашқы сабақтарының бірі «Заттар мен бұйымдарды бейнелейік» деген тақырыбын алатын болсақ, бұл сабақта оқушыларды сызықтар түрлерімен ( түзу сызық, кереге көз сызық, доғал сызық, көлбеу сызық) таныстырып, оларды қарапайым заттарды бейнелеуде пайдалануға үйретеді. Бейнелеу алдында оқушыларды бұйымдардың қарапайым пішіндерімен таныстырады, қарбыз-дөңгелек, сандық-төртбұрыш, баскиім- үшбұрыш, айна-жазық төртбұрыш деген алғаш геометриялық фигуралар атауларымен танысады.

Сол сияқты «Бояулар әлеміне саяхат» тақырыбына табиғи түстер мен бояу түрлерін қоршаған ортаны, табиғи құбылыстарды, өсімдік жапырақтарының өзіндік ерекшеліктерін әңгімелей отырып, дүниетану, математика пәндерімен байланыстыра оқытылады.

Бейнелеу өнері пәні бойынша осындай бірнеше мысалдар келтіруге болады.

Әрине пәнаралық байланысты қолдану мұғалімнен үлкен ізденісті, тәжірибені қажет ететіні сөзсіз.

Пәнаралық байланысты пайдалану барысында оқытудың жүйелігі, бірізділігі, байланысты пән бойынша оқушылардың алған білімнің сәйкестігі ескерілуі қажет.

Заттан қарап бейнелеу сабағында табиғат көріністерін, ондағы табиғи құбылыстарды бейнелеу кезінде дүниетану пәнінен алған білімдері еске түсіріліп пайдаланылады немесе сол пәнге байланысты мәліметтер беріледі. Сонымен қатар табиғат көріністерінің сұлулығын оқушылар қиялында әсерлі елестету мақсатында ақындардың табиғат көріністерін тамылжыта көркем бейнеленген поэзиялық шығармалары оқылып, ондағы кейбір сөздердің мағыналары оқушылардың өздеріне талдатылады. Онда оқушылардың ана тілі пәнінде алған білімдерінің тереңдеуіне, бекітілуіне мүмкіндік туады, сонымен қатар жаңа сөздермен танысып олардың мазмұнын, мағынасын ұғынады. Бейнелеу өнерінде шығармашылық шабытты оятып, образды елестетуде музыканың да рөлі зор.

Көркем құрастыру сабақтарында қағаз, қатырма қағазбен немесе табиғи материалдармен жұмыс кезінде еңбекке баулу пәнінен алған білімді еске түсіріп пайдаланады немесе еңбекке баулу пәніне байланысты жаңа білім,түсініктемелер, жұмыс ережелерімен танысады.осындай тағы бірнеше мысалдар келтіруге болады.

Пәнаралық байланыс бейнелеу өнерінің басқа да пәндермен бірдей деңгейде оқытылуы мәртебесін дәлеледейді, оқыту мен тәрбиедегі барлық пәндердің бірлік жүйесін , бірізділігін қамтамасыз етеді. Мүсіндеу сабақтарының мазмұны мен оқыту әдістемесіне мүсіндеу сабақтарының мазмұны классикалық мүсін өнері, мүсіндеу құралдары және материалдарымен жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін меңгеру мен оқушылардың кеңістікте көлемді бейнелер жасауы арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытуға негізделеді. Сабақ барысында қарапайым саз балшық, ермексазбен көлемді бейнелер жасап, мүсіндеудің алғашқы ереже заңдылықтарын меңгереді. Мүсіндеу өнерінің бейнелеу мүмкіндігін танып, өз шығармашылық қиялын, елестетуін мүсін материалдары арқылы жүзеге асырады.

Сабақта мүсіндеу өнерін дөңгелек мүсін және бедерлік түрлерімен танысып, олардың жеке –жеке теориялық және технологиялық білімдерін меңгереді. Сонымен қатар мүсін өнерінің тарихын саралап, даму кезеңдері туралы мағлұмат алады. Соның ішінде қазақ даласында табиғат жағдайлары мен уақытқа төтеп беріп, қазіргі біздің заманымызға дейін жеткен ескерткіштерімен танысып мақтаныш сезімге бөленеді. Қазіргі қазақ мүсін өнерінің дамуына үлес қосқан Х. Наурызбаев, Е. Сергебаев, Ш. Уәлиханов, Б. Әбішевтердің , Е. Мергенов шығармашылықтарымен танысады. Осындай мүсіншілердің сомдаған Қазақстан қалаларындағы мүсіндік туындыларының атауларын , тақырыптың мазмұнын талдап, көркемдік идеяларын ашады.

Сыныпта мүсіндеу сабағын өткізу үшін арнауцлы құрал-жабдықтар алдын ала жинақталып сақталғаны жөн, олар: мүсіндеу станоктері, тақтайшалар, қалақшалар /стека / , су құятын ыдыстар , оқушылардың жұмыс барысында гигиеналық тазалықтарды сақтау мақсатында киетін арнаулы киімдері болғаны жөн.

Мүсіндеу сабағы да басқа сабақтар сияқты әдістемелік, дидактикалық принциптер жүйесінде құрылып , өз мақсат-міндеттеріне жетуді көздейді. Мүсіндеу сабағы арқылы оқушылар бейнені, образды тек жазықтықта ғана емес, сонымен қатар кеңістікте де көлемді пішіндер жасау арқылы көрсетуге болатындығын меңгереді.

Мүсіндеу сабақтарында машықтық жұмыстарды орындауға мүсіндеудің жапсырмалап созбалау және құрастырмалы /конструктивті / сомдау әдістері көрсетіліп түсіндіріледі.

Мүсіндеу сабақтарында белгілі бір тақырыптық композицияларды, ұжымдық әдісті пайдаланып орындауға болады. Мысалы, «Наурыз тойы» тақырыбына топтық композиция құрастыру тапсырылады. Ол композцияда Қазақстанды мекендеген ұлт өкілдерін сомдап, ортақ тақырып жүйесін жасайды. Мұнда оқушылар бір-бірімен саналы түрде ақылдасып , ынтымақтастықта жұмыс істеп, тақырыптың, композицияның идеясын ашады. Ол оқушыларды ұжымдыққа , ынтымақтастыққа тәрбиелейді.

Бейнелеу өнері пәнінің мүмкіндіг шексіз мұндай нақты бір шешім болуы мүмкін емес, әр оқушының белгілі затты немесе құбылысты қалай қабылдаса солай бейнелеуге тырысады.

Сондықтан бір оқушының тапқан шешімі екінші оқушының жұмысына ұқсамайды. Осы жағдай кластағы барлық оқушының сабаққа толық ынтамен қатынасуын қамтамасыз етеді. өйткені талантсыз оқушы жоқ, ойын үстінде баланың творчествалық қабілет мүмкіндігі толық ашылады.

Бейнелеу өнерінен үй тапсырмасы берілмейтінін апталық сағат саны бір сағат қана екенін және творчествалық тапсырмалармен жаттығулардың аздығын ескерсек, ойын-тапсырмалардың бейнелеу өнерін оқытуда қаншалықтымаңызды екенін байқау қйын емес. Бейнелеу өнерін оқыту барысында ойын элементтеріаралас тапсырмалар беру оқушылардың сабаққа деген қызыушылығын арттырып , олардың сабақта творчествалықпен жұмыс стеуіне себебін тигізеді.

Бейнелеу өнері сабақтары өзінің терең мазмұндылығымен оқушелардың сбаққа деген ынта-ықыласын қызығуын, творчествалық шабытын арттыратындай болу тиіс, деп көрсетілген.

Мектепте бейнелеу өнері туралы білім беруде оқушылардың кеңістік жөніндегі ұғымын дамытудың маңызы зор. Оқушылар заттың бейнесін дұрыс алғанымен , оның кеңістігі орналасуын дұрыс көрсете алмайды.

Бейнелеу өнерін оқыту программасында композиция теориясымен оның бейнелеу өнерінің барлық түрлері жанырларына қатысты заңдылықтарымен, бейнелеу әдістерімен таныстыру мәселесі де қамтылған.

Бейнелеу өнері программасында бірінші класста композиция бойынша жұмыс істегенде қағаз бетіне үйлесімді орналастыру, ал мүсіндеу және сәндік суретте тұтас бейнені сала білуге үйрету керек, екінші класста оқушылар композиция үшін обьектіні өздері таңдап , түрлі суреттер сала бастайды. Үшінші класта композициямен кеңістіктегі заттардың үйлесімділігін сақтаңдар басты көңіл бөлінеді. Сурет салу 4-6 кластарда суреттің мәніне байланысты кеңістіктегі қалпын түс ерекшеліктерін нәрсенің үстіне түсіп тұрған жарықты үйлестірумен тығыз байланысты делінген.

Сәндік сурет салу бейнелеу өнері сабақтарының бір түрі. Оқушылардың бейнелеу жұмысы кезінде олардың өрнекті формат бетіне орналастыруына, бояу кезінде қылқалам мен жұмыс істеу әдістеріне назар аударамыз.

Сурет салатын қағазды планшетке керіп біту үшін сызба ( архитектура) кнопкасын қолданған жақсы, немесе желімдеуге де болады. Ол үшін қағазды шамалы сулап, планшетке қатты жабыстыра нық ұстап тұрып, шетін кнопкамен бекітіп не желімдеп, планшеттің қырының артқы жағына бекіту керек. Сурет салуға кіріспес бұрын қағаз керілген планшетті жұмыс істеуге ыңғайлап, дайындап алған дұрыс.

Сюжетті суреттерде балалар жаңа құрылыстардан алған әсерлерін көрсетіп түрлі еңбек процестерін бейнелейді. Көбінесе балалардың апликация құралдарын көкөністерден, жемістерден, гүлдерден жасалған декоративті ою-өрнектер құрайды. Педагог осы тақырыптар бойынша өткен сабақтарда бейнеленіп отырған объектілердің конструкциясы, формасы, олардың түсі жөнінде ғана емес сонымен бірге адамның жаңа үйлер салуға ауыл шаруашылық өнімдерін өсіруге және тағы басқа жұмсауына тура келетін үлкен еңбегі туралы бала ұғымын кеңейту үшін әңгімелеп береді. Мұның бәрі адамның еңбек қызметі туралы бала ұғымын анағұрлым кеңейтіп көркем шығарма дегеніміз қоршаған ортаны болмысты тану мен образды күрделі процесі болып табылады. Шығарманың ең бастапқы кезеңінде бейнелеу формасы өте қарапайым болған кезде бала образды жанды нақты әрекет етуші түрде ойлайды. Бұл кезеңде бейнелеу құралдарын жеткілікті дәрежеде игере алмай ол осы әректті дыбыстармен қимылмен білдіреді.Қажетті дағдылар бар болғанның өзінде кейде образдың әсерлігімен күшейту үшін сөзді пайдаланады.Тек педагогтың басшылығымен бала біртіндеп қана бейнелеу құралдарын меңгереді. Балалардың бейнелеу шығармашылығы зертеушілер – Е. А Флерина, Н. П. Сакушина, Т. С Камарова, Т Г . Казакова, Н. Б. Халезова және

басқалар живописпен скульптурада суретші пайдаланатын көптеген әсерлі құралдарға белгілі бір дәрежеде (мектеп) шамасы келетін атап айтады.

Зертеулерде ең алдымен балалар жасаған барлық образдардың негізінде нақты шындық бар екені атап көрсетіледі. Тіпті бала фантастикалық образ жасаған кездің өзінде нақтылыққа көбірек бой ұрады. Мыс. Тоты құстың қиял ғажайып бейнесін көз алдына елестетіп , бейнелеу үшін оған шын мәнінде тіршілік ететін құстар туралы дұрыс түсінігі болуы , ал содан соң тоты құстың қиял-ғажайып бейнесі әдеттегі құстардан немен ерекшеленетінін ойлап алуы, яғни нақты белгілерді тылсымды белгілермен біріктіре отырып , біртұтас образ жасау керек .Штрихтардың басқа сызықтардан (сызба сызықтарынан) айырмашылығы: мұның кеңістік сипаттары көбірек. Мәселен, сызықтар дәл өзіндік дербес мәні бар ұзын сызықтарды айтсақ, ал штрих қысқа сызық, әрі ол басқа штрихтармен бірлестікте ғана белгілі бір мәнге ие бола алады. Басқаша айтқанда, сызықтар пішіннің шекараларын белгілеп, олардың контурын жасаса, ал штрихтар тобы пішінге өң – рең береді. Сөйтіп, жеңіл, болар – болмас көрінетін сызықтардың көмегімен болашақ жалпы форманы, оның негізгі бөліктерін, пропорциясын белгілейтін ең бастапқы нобай жасалады. Содан кейін қысқа, әсерлі сызықтар арқылы форма, қимыл қозғалыс, кеңістік беріледі.

Бала жасаған тұтас образға оның жас мөлшерін ескере отырып қарау қажет. Жас бала заттың толық бейнесін барлық бөліктерімен детальдарын , олардың ара қатынасын сақтай отырып

Алғашқы суреттерде, мүсіндерде көбіне елеулі детальдар болмайды.

Бейнеленетін кейіпкерлердің психологиялық жай-күйін балалар оңайлатылған , қарапайым детальдармен беруі мүмкін : жылауды көз жасымен , күлкіні – жоғары көтерілген екі езумен , қорқуды жоғары көтерілген қолдармен және т.б күйзелісті білдірудің неғұрлым күрделі құрлдарына көздің кейпін білдіруге , бейнелеу өнерінде живописте, графикада түс көркем онды , шығарма идеясын білдірудің маңызды құралы болып табылады. Оны райдаланылуы шығарма мазмұнымен тығыз байланыста боллады, оның өзіндік маңызы жоқ. Түс контрастары картинадағы басты нәрсені бөліп көрсету үшін пайдаланылады: түс көңіл күйді білдіреді, қара , күңгірт өң-мазмұны терең мұңды , ашық, қызылды-жасылды, өң-қуанышты картиналарда басым. Бала карандаштың бояудың қандайда бір түрінен ләззат алып , онымен бәрін қатар бояп шығады. Бірақ ол заттың образы мен байланыстыра алады – кейде түс ассосациясы жағынан қиялында әлде қандай образ тудырады: қызыл-жалау , жидектер: жасыл – шөп, шырша. .

Суретшілер композициялық ізденістер мен туындысының құрылысы ұғымды шешіліп тұтастық, заңдарық негізінде аяқтауын көздейді. Оның негізінде аяқтауын мақсаты бірден көрермендердің сезімі мен ойын билеп мәнерлеу құралымен


Бақылау сұрақтары:

1.Бейнелеу өнері негіздерін ата

2. Суретшілердің композициялық негіздері

3- лекция. Таќырыбы: Ежелгі Египет мемлекеттеріндегі , алғашқы қауымдық қоғамда бейнелеп сурет салу әдістемесі.
Жоспары:

1. Ежелгі Мысырда сурет салу әдісі.

2. Мысыр мектептері

Лекция маќсаты: Ежелгі Египет мемлекеттеріндегі ,алғашқы қауымдық қоғамда бейнелеп сурет салу әдістемесі туралы жалпы түсінік
Лекция мєтіні (ќысќаша)

1. Ежелгі Мысырда сурет салу әдісі. Тарихи деректер бойынша ежелгі Мысырда сурет салу мектепте сызу пәнімен қатар оқытылғанын білуге болады. Мектеп бітіруші жерді өлшеуді, бөлме жобасын, су құбырының кестесін сызуды білуге міндетті болды.

Мысырда оқушыларға сурет салуды оқытуға ерекше көңіл бөлінді, өйткені иероглифтік жазу әр түрлі заттар бейнелерінен тұрды.

Оқыту әдісі мен тәртібі барлық суретші педагогтарда бірдей болды. Алғашқы болып ежелгі мысырлықтар жас ұрпақты сурет салу дағдысына оқытуда белгілі бір жүйеге негізделген теориялық заңдылықтарды жасай бастады. Олар суретсалуға оқыту процесін қоршаған ортаны тануға, байқауға емес, сызбаларды, қағидаларды (канондарды) жаттау арқылы үлгілерді көшіруге негіздеді.

Ал Ежелгі Грек суретшілері оқыту мен тәрбие мәселесіне жаңаша тұрғыдан қарады. Олар қоршаған ортадағы өсімдікке, табиғи құбылыстарға көңіл бөлу қажеттілігін мойындап, бейнелеу өнерін оқытудың өзіндік ережелерін жасады. Гректер әдеміліктің мәні сымбаттылық,симметриялық, бөліктердің тұтастық үндестігі, дұрыс математикалық тепе-теңділік деп тұжырымдады.

Грекияда б.з.д. VI ғасырда бірнеше сурет мектептері болды. Олар-Сикиондық,Эфестік және Фивандық мекиептер. Бұл мектептер әр түрлі әдістемелік бағыт ұстады. Фивандық мектеп жарық, көлеңке арқылы өмір шындығын және елесті көрсетуге бағытталды. Эфестік мектепте сыртқы сұлулыққа және табиғатты көркемдік тұрғыдан қабылдауға, соның ішінде шығармашылық, эстетткалық шабытқа мән берілді.

Ежелгі римде де өнерге, соның ішінде бейнелеу өнеріне өте үлкен сүйіспеншілікпен қарады. Ауқатты адамдар грек суретшілерінің туындыларынан коллекциялар жинап, тіпті ақсүйектер мен үкімет қызметкерлері сурет және кескіндемемен (живопись) айналысты. Суретке оқыту Римдегі жалпы білім беру мектерінде жүргізілді.

Бірақ Римдіктер грек суретші педагогтарының жасаған бейнелеуге оқыту әдістемесін одан әрі дамытып жетілдірмеді, керісінше, кейбір оқыту әдістерін олар сақтай алмады. Грек суретші-пелагогтары бейнелеу өнерінің басты мәселелерін шешуге талпынып, өз шәкірттерін бейнелеуге оқуды ғылым арқылы игеруге шақырып, бейнелеуге ұсақ кәсіп ретінде емес үлкен шығармашылық ретінде қарау керектігін түсіндірсе , ал Рим империясының суретші –педагогтарын бейнелеу өнерін оқытуды одан әрі дамыту мәселелері көп алаңдатпады. Олар бейнелеу өнеріне ұсақ кәсіп ретінде қарап, бейнелеуге оқытуда тек үлгіден көшіру әдісімен шектеліп, ұлы грек шеберлерінің жұмыс тәсілдерін қайталады.

Eжелгі көне дәуірде өнердің өркекндеген уақыты орта патшалық тұсында болды.Осыған дейінгі замандарда перғауындардың құдайдай дәуірлеген билігі әілсіреп Мысыр патшалығы бірнеше билікке бөлініп ыдырап кетті. Жеке бөлшектелген аймақтарға нормахтар билік жүргіхзді.Бұрын айтқпандай Мысыр халқының тағдыры көбінесе Ніл дариясымен көп байланысты болды.Қарапайым халықтың ортақ асыраушысы болған дарияны жеке-жеке иелікпен пайдалану үлкен дау-дамай тартыс артынан экономикалық құлдыраушылық тудырды.Мысыр мемелекетін бұрынғыдан қиянкескі күрес басталды.Нәтижесінде оңтүстік нормахтар мерейі үстем болып, бір орталыққа бағынаған мемлекет болды.Жаңадан үкімет басына келген патшалар өздерінің астанасы Фивте және оның маңайында өткен перғауындардың жолын қуған ірі ғибадатханалар мен кесенелер тұрғыза бастады.Солардың ішіндегі ең елеулісі Гиза пирамидасы сәулет ғимараты перғауын Ментухотеп 1-дің басына тұрғызылған ғибадатхана Ніл дариясында батыс жағалауда Бахиир баурайында салынды. Ғибадатхананың өнер тарихында өзінің ерекшелігімен сәулеттік тың әдіспен тұрғызылған құнды ғимарат.Ғимараттың біраз бөлігі жартастан қашалып тұрғызылды.Бағаналар тізбегінің үстінде маңдайша орнатылған. Негізінен ғибадатхана екі қабаттан тұрады, бірінші қабатта маңдайша бөлігінде ортасында көтерме жол салынған.Ғибадатхананың атын шығаратындай бірнеше ерекшенліктері бар.Оның біріншісі Ескі Мысыр патшалығы тұсында сәулет өнері әдісі жымдасып,жарасым тауып тұрғандай Екіншісі ғибадатхана табиғатпен байланыса жоғары үйлесімділік сәйкестікке қол жеткізуі.Жартысы қия жартастан қашалып, тұрғызылған ғибадатхана қашалып тұрғызылған ғибадатхана айналасында әсер қалдырады. Бұл кезде сәулетшінің ірі жетістігі.Осынау атақты аңызға айналған ғибадатхана сол дәуірдің ірі сәулетшісі Иртисен жобалап салды.

Мысыр перғауындары осыдан кейін де өз биліктерін Мысыр жерінде тиянақтай түсті .Экономикалық шаруашылық реформалар жүріп, әскери күш шыңда лып, қуатты мемлекетке айналды.Патша биліктері перғауындар Сенсурет Аменхотеп тұсында барынша шыңдайды. Олардың тұсында жазиралы Нубии жері басып алынып өз иеліктерін қаратты.Жаңа жерлерге тұрақтап иелік етуге ірі қорғандар биік те берік тісті мұнаралар және каналдар салынды.Фаюм жазығында суландыру жүргізіліп елдің экономикасын біраз өркендеді.Сонымен бірге осы кезеңді сәулет өнері бейнелеу өнері де біраз алға дамыды.Сәулет кешенінің әсіресе патша Аменхотеп ғибадатханасының айрықша атап өтуге болады.Бұл ғимарат айрықша патша бұйрығымен тұрғызылған.

Грек өнері нәр алып өскен Элладаның мифологиялық аңыздары адамның табиғатты жеңу жолындағы күресін басқа өлкелерде бұрын туындаған аңыздардан мүлдем өзгеше сипаттады. Мифология қатерлі стихияны табиғаттың адамға аяусыз өктемдігін бейнелейтін қаһарлы да еңсе басар күш хайуанның адам үшін бейнесі қашып құтыла алмайтын тағдырдың көрінісі болған хайуанның билігі аяқталғанын білдіреді. Хайуан ежелгі грек эпосында бар,оның барлық табиғаттың бейнесі және әмірші ретінде емес, оның бар болғаны құрамдас бөлігі ретінде сипатталады.Грек мифологиясы дүние толы құштарлық пен арманды тамаша адам бейнесі арқылы көрсетіп сансыз құдайларды туғызды. Мұны тағы бір атап көрсетелік хайуан палеолит үңгірін мекндеуші оның бейнесі нысана ретінде салынған. Хайуан тылсым да елес те сияқты тәңірі скиф оны металда хайуан тұмсықтары мен кескіндерін ерінбей бейнелеу арқылы бағындырғысы келеді. Хайуан мәңгі ажалдық күлш оған өз патшаларының бұлшықтары мен қаһары бейнесін қатар қойды. Дүниені аша бастаған адамның сүйініске толы құмарлығы эллинге шабыт берді.

Ғылымның әрбір даму кезеңі адамзат ақыл-ойының жаңа серпілісінің дүниені танудағы адамның жаңа жеңісінің куәсі,сонымен бірге ол бұрынғыдан да биік шарықтау жаршысы. Өнердің ұлы күшін жан—тәнімен сезіп ұғынатын адам Эрмитажда антикалық мүсін залдарын аралап оның пәк та кіршіксіз сұлулығын нәр алған Византияның, ежелгі Иранның, Қытай,мен Араб,Шығыс өнері жайнаған . Адамның табиғатпен терезесі тең ол оның құшағында еркін өмір сүреді. Және бұл адамның өзінің ұлылығының саналы түрде түсінеді сонымен бірге оған адамдық пендешілік те жат емес. Грек эпосы бейнеленген ежелгі грек өзі Олимпке жайғастырған құдайлардың өздері сияқты дене сырқатынан зар қағады, шыбын жанымды сақтап қал деп жалбарынады. Күрес үстінде көбіне қулық жасайды кейде өзінен күші басымдардан жасырынып сақтанады,таң қаларлықтай ержүректіктік көрсетеді. Оның бойында қаһармандық әрқашан адамға тән қасиеттерімен ұштасып жатады. Гомердің кейіпкерлері осындай.

Ол адамға тән қасиеттің ешқайсысы жат емес қарапайым жаны жарқын жайсаң жандар. Бірақ балалық шақ та тамаша ғой және адамзаттың балалық шағы ежелгі Элладағыдай ешбір жерде соншалық ләззаты болған емес. Табиғаттың қайырымсыз қожасы хайуан алдындағы үрей секілді оның орнын қуаныш басты. Сонымен бірге адам құдіретті деген асқақ сезім дүниеге келді. Барлық басқа мифология сияқты табиғаттың тылсым күштерін нақты бейнелерге айналдыратын халықтың табиғи көркем творчествосы болып табылады. Грек поэзиясы және ең алдымен Гомер эпосы халық аңызына толысқан баяндау жүйелігін берді. Египет құдайларына келсек олар мифологияда өзінің дара сипатын сақтап қала берді.

Бейнелейтін қаһарлы да еңсерлі басар күш хайуанның адам үшін бейнесі қашып құтыла алмайтын тағдырдың көрінісі болған хайуанның билігі аяқталғанын білдіреді. Мифология дүние толы құштарлық пен арманды тамаша адам бейнесі арқылы көрсетіп сансыз құдайларды туғызды. Пластикалық өнерге сурет, мүсін өнерлеріне архитектураға арналған халықтың қанат серпіні туралы әңгімелеп беру.Мифология қатерлі стихияны табиғаттың адамға аяусыз өктемдігін

Бейнелейтін қаһарлы да еңсерлі басар күш хайуанның адам үшін бейнесі қашып құтыла алмайтын тағдырдың көрінісі болған хайуанның билігі аяқталғанын білдіреді. Мифология дүние толы құштарлық пен арманды тамаша адам бейнесі арқылы көрсетіп сансыз құдайларды туғызды. Пластикалық өнерге сурет, мүсін өнерлеріне архитектураға арналған халықтың қанат серпіні туралы әңгімелеп беру.



2. Мысыр мектептері Мысыр мектептерінде оқушыларға сурет салуды оқытуға ерекше көңіл бөлінді, өйткені иероглифтік жазу әр түрлі заттар бейнелерінен тұрды. Мысалға А әрпі құс бейнесінде, Б әрпі адамның аяғының бейнесінде салынды.

Тәрбиелеу мен оқыту тәртібі бұл мектептерде өте қатал болды: мектеп немесе оқушы ережесін болмашы бұзушыларды таяқпен соққыға алып жазалауға дейін барды, тіпті кей жағдайларда оқушының қол-аяғын байлап ғибадатханалардың қараңғы бөлмесіне ұзақ уақытқа қамады. Ол мектептер заңында былай делінген: «Күнделікті жұмысқа ынталы бол, жігерлі бол. Бір күн де ерінбе, болмаса соққыға жығыласың».

Сикиондық сурет мектебі жаратылыстанудың ғылыми мәліметтеріне және табиғат заңдарына негізделді. Сикион суретмектебі оқыту әдістемесінің дамуына ғана емес, сонымен қатар жалпы бейнелеу өнерінің дамуына үлкен әсер етті. Бұл мектеп оқыту әдістемесін ғылыми негізде құрып, оқушыны табиғатты зерттеуге, оның заңдылықтарын ашуға жетелеп, табиғат сұлулығына деген сүйіспеншілік көзқарасын тәрбиеледі. Сикиондық мектептен Памфил, Мелантий Павзий және ұлы Апелес сияқты атақты суретшілер шықты. Сикиондық мектептің басшысы болған Памфилдың арқасында суретсалу Грекияның жалпы білім беретін мектептерінің барлығына пән ретінде енгізілді. Супетсалуға оқытудың міндеті өмір шындығындағы заттарды тек көшіріп бейнелеу ғана емес, сонымен қатар, ол заттардың құрылысының заңдылықтарын зерттеп , тану екендігін алғаш рет Памфил дәлелдедіОқыту әдісі мен тәртібі барлық суретші педагогтарда бірдей болды. Алғашқы болып ежелгі мысырлықтар жас ұрпақты сурет салу дағдысына оқытуда белгілі бір жүйеге негізделген теориялық заңдылықтарды жасай бастады. Олар суретсалуға оқыту процесін қоршаған ортаны тануға, байқауға емес, сызбаларды, қағидаларды (канондарды) жаттау арқылы үлгілерді көшіруге негіздеді.

Eжелгі көне дәуірде өнердің өркекндеген уақыты орта патшалық тұсында болды.Осыған дейінгі замандарда перғауындардың құдайдай дәуірлеген билігі әілсіреп Мысыр патшалығы бірнеше билікке бөлініп ыдырап кетті. Жеке бөлшектелген аймақтарға нормахтар билік жүргіхзді.Бұрын айтқпандай Мысыр халқының тағдыры көбінесе Ніл дариясымен көп байланысты болды.Қарапайым халықтың ортақ асыраушысы болған дарияны жеке-жеке иелікпен пайдалану үлкен дау-дамай тартыс артынан экономикалық құлдыраушылық тудырды.Мысыр мемелекетін бұрынғыдан қиянкескі күрес басталды.Нәтижесінде оңтүстік нормахтар мерейі үстем болып, бір орталыққа бағынаған мемлекет болды.Жаңадан үкімет басына келген патшалар өздерінің астанасы Фивте және оның маңайында өткен перғауындардың жолын қуған ірі ғибадатханалар мен кесенелер тұрғыза бастады.Солардың ішіндегі ең елеулісі Гиза пирамидасы сәулет ғимараты перғауын Ментухотеп 1-дің басына тұрғызылған ғибадатхана Ніл дариясында батыс жағалауда Бахиир баурайында салынды. Ғибадатхананың өнер тарихында өзінің ерекшелігімен сәулеттік тың әдіспен тұрғызылған құнды ғимарат.Ғимараттың біраз бөлігі жартастан қашалып тұрғызылды.Бағаналар тізбегінің үстінде маңдайша орнатылған. Негізінен ғибадатхана екі қабаттан тұрады, бірінші қабатта маңдайша бөлігінде ортасында көтерме жол салынған.Ғибадатхананың атын шығаратындай бірнеше ерекшенліктері бар.Оның біріншісі Ескі Мысыр патшалығы тұсында сәулет өнері әдісі жымдасып,жарасым тауып тұрғандай Екіншісі ғибадатхана табиғатпен байланыса жоғары үйлесімділік сәйкестікке қол жеткізуі.Жартысы қия жартастан қашалып, тұрғызылған ғибадатхана қашалып тұрғызылған ғибадатхана айналасында әсер қалдырады. Бұл кезде сәулетшінің ірі жетістігі.Осынау атақты аңызға айналған ғибадатхана сол дәуірдің ірі сәулетшісі Иртисен жобалап салды.

Мысыр перғауындары осыдан кейін де өз биліктерін Мысыр жерінде тиянақтай түсті .Экономикалық шаруашылық реформалар жүріп, әскери күш шыңда лып, қуатты мемлекетке айналды.Патша биліктері перғауындар Сенсурет Аменхотеп тұсында барынша шыңдайды. Олардың тұсында жазиралы Нубии жері басып алынып өз иеліктерін қаратты.Жаңа жерлерге тұрақтап иелік етуге ірі қорғандар биік те берік тісті мұнаралар және каналдар салынды.Фаюм жазығында суландыру жүргізіліп елдің экономикасын біраз өркендеді.Сонымен бірге осы кезеңді сәулет өнері бейнелеу өнері де біраз алға дамыды.Сәулет кешенінің әсіресе патша Аменхотеп ғибадатханасының айрықша атап өтуге болады.Бұл ғимарат айрықша патша бұйрығымен тұрғызылған.

Орта патшалық дәуірі соңынлда перғауындар билігі әлсіреп елде экономикалық құлдырау басталды.Бір жағынан бас көтере бастаған нормахтар билікке таласып, екіншіден азиялық көшпенділер үздіксіз шапқыншылығы екіншіден азиялық қарапайым халықты мезі етіп елдің ішінде көптеген толқулар етек жайды. Әсіресе 1700жылдары алдыңғы Азиядан келген гиксос тайпалары жаугершілік соғысы Мысыр патшалығын ойсыратып жіберді.Олар төменгі мысырды жаулап алған өз астанасы аверичсті сонымен қоймай қалған мысырлықтар алым-салым жинап отырды. Үстемдік еткен гиксостар мысырды жүз жылдай билеп төстеді.

Вавилон өнері Шумер,Аккад өнерінен кейін б.э.дейінгі екінші мыңжылдықта осы аймақта әр түрлі мәдени орталықтар пайда болды.Осы тұста Оңтүстік Қосөзен аймағы Вавилонның қол астына қарап бір мемлекет құрады, кезінде тек аудандық кішігірім қалашық болып табылатын Вавилон қалашығы ірі аумақты күшті мемлекеттің астанасы болды. Қала жан-жақты өркендеп дүниенің әр түрлі елдерімен қызу қарым-қатынас орнатты.

Мәдениет пен өнер өркен жайды, бірақ та өкініштісі сол дәуірдегі вавилонның өнер ескерткіштері бізге жетпейді.Олардың болғанын тек қана тарихи шежіре деректерден ғана оқып білеміз.Соған қарамай кейінгі археологиялық қазбалардан кейін біраз өнер көздері аршылып алынды. Соның бірі вавлон қаласының жанындағы көрші мемлекет –қала. Сузакта табылған тас тақтайшада бедермелі шығарма. Онда патша хаммапуридің шамаш құдайдың алдында тұрған бейнесі қашалған осы бедерлеме бейнелеу әдісінде де шумер мен аккад өнерінің ықпалы тиді. Соған қарамй вавилон өнеріне тән нәрсе сабырлық басымдау оқыс қимыл жоқтың қасы. Керісінше сарай адамдарына тән тәкәппар салтанаттық қалыптасқан.Вавилондық мүсіндерде шумерлік ықпалмен жасалғанмен оның өзіне тән нәрсе кескіндеу әдісі. Осындай өзіндік табиғаты бар өнерді махаббат пен сұлулық және құнарлық құдайы иштардың өн бойына байқауға болады. Мұнда мүсін шумерлік иннаны ұқсатып сомдағанмен әиелге тән нәрсе әсем ырғақты дене бітімі бал-бұл жанған жас бетәлпеті өзгеше бір ойнақылықпен өрілген. Сонымен қоса мүсіншінің жетік білімділігі де айқын сезілді.Қосөзен алқабында тағы бір мемлекет хеттер патшалығы өмір сүрді,кіші азияда таулы аймақты жайлаған бұл ел өзіндік ағыммен дербес дамыды. Олардың қаласы оның ішінде астанасы хаттуса биік әрі мықты қорғандармен дамыды. Хеттердің өнері мүсін өнері олардың сәулетінің ықпалымен қақпаларын біте қайнасып ауыр әсер қалдырды. Және тілсіз табиғаттың дүлей үстемдігі сезілді. Соның бір айғағы ескерткіш Хаттус қаласындағы арыситанда қақпа.



Бақылау сұрақтары.

1. Ежелгі Ассирия мен Египет мемлекеттеріндегі бейнелеу сурет салу әдістемесі.

2.Алғашқы қауымдық қоғамда бейнелеп сурет салу әдістемесі


4- лекция. Таќырыбы: Ежелгі Ассирия алғашқы қауымдық қоғамда бейнелеп сурет салу әдістемесі.
Жоспары:

1. Ассирияның өнер тәсілдері.

2.Алдыңғы Азия және мәдениеттердің тоғысуы


  1. Лекция маќсаты:

Ежелгі Ассирия мемлекеттеріндегі бейнелеп сурет салу әдістемесі туралы Азия мәдениеттердің тоғысуы жалпы түсінік
Лекция мєтіні (ќысќаша) 1. Ассирияның өнер тәсілдері. Б.з.б. VIII-VII ғасырларда Алдыңғы Азиядағы ең қуатты мемлекет Ассирия болды. Оның астанасы Тигр өзенінің жағалауындағы Ниневия қаласы еді. Ассирия патшалары жақсы қаруланған көп әскер жасақтады. Олардың арасында қатаң тәртіп орнады. Ниневияны «арыстанның апаты» деп атады.

Ассирия патшалары Сирияны, Финикияны және шамалы уақыт Мысырды жаулап алды. Сарайлар патшалардың даңқын жайып, құдіретіне деген сенімін ұялатуға тиіс еді.

Саргон патшаның Ниневияға жақын жердегі атақты Хорсабад сарайына кіре берісте, көзі жайнаған, патша бас киіміндегі тәкаппар адам бейнелі, үлкен сақалы, аса зор қанаты, бес ауыр тұяғы бар бұқа тәрізді фантастикалық мүсін қойылған. Сарай қоладан үйілген төбе басына салынды. Кіре берісіне осы мақұлықты, яғни бес аяғы бар жануарды сарайға кіруші әркім өтіп бара жатқанда, зәре-құты қалмай қорқу үшін жасалған (Саргонның сарайына кіре берістегі қанатты бұқа, б.з.б. VIII ғасырдың II жартысы, Париж,Лувр).

Ассириялық сарайдың бедерлері мен әшекейлерінде дінге табыну емес, соғыс сюжеттері басым. Ассириялық патшалар сарайларынан алынған ең елеулі бедерлер қазіргі Лондонның Британ мұражайлары мен Приждің Луврінде сақтаулы. Осынау ескерткіш мүсіннің ерекше үлгілері Санкт-Петербургтегі Эрмитажда да бар.

Ассирия патшасы Ашшурбанипал сарайынан табылған бедер сурет-«аң аулау көріністері» (б.з.б. VII ғасыр ортасы, Лондон Британ мұражайы).

Ниневиядағы Ашшурбанипал сарайынан табылған «Өліп бара жатқан ұрғашы арыстан» бедер сурет (б.з.б. VII ғасырдың ортасы, Лондон Британ мұражайы)-дүниежүзілік маңызы бар өнер туындысы. Тек осы бедер арқылы ғана біз Ассирия халқының ұлы өнері, ұлы жан-дүниесі болғандығын білер едік. Үздіксіз жүргізілген соғыс Ассирияның күш-қуатын әлсуіретті. Б.з.б. VII ғасырда жаулар оған қарсы одақтасты. Қарсыластарының ішіндегі ең күштісі қайта дәуірленген Вавилон патшалығы еді.

Б.з.б. 612 жылы «Арыстанның апаты» аталған Ниневияны жау шабуылдап, қиратып тастады. Біраз жылдан кейін Ассирия құлады.

Енді Ніл және Тигр мен Евфрат жағалауларындағы алғашқы қауым өмір сүрген уақыттарға, қола дәуіріне оралайық.

Солтүстік Кавказда, Кубаньда көптеген қорғандар ашылды. Б.з.б. 3 мың жылдықтың аяғы мен 2 мың жылдықтың бас кезіне жататын аса бай қабірлері бар биіктігі-10 метрден асатын Майкоп қорғаны табылды. Бұл қабірден көптеген көркем туындылар алынды, соның ішінде Алдыңғы Азиядан әкелінген асыл заттар қазір Эрмитажда сақтаулы.

Бұған қоса , археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген кезде Грузияның әр түрлі аудандарынан б.з.б. 3 мың жылдықтың II жартысына жататын, жасалу формасы жөнінен ертедегі шумер балталарына ұқсас мыс балталар табылды. Сол бір ертедегі уақыттың өзінде –ақ Қосөзен мәдениеті тіпті географиялық жағынан алшақ жатса да көршілес тайпалардың мәдениетімен араласса керек.

Ежелгі Закавказье тайпалары, Кавказдық ірі мәдениетошақтары бүкіл Шығыс Еуропаның қола дәуіріндегі мәдениеттің дамуына ықпал етті.

Триалетидегі (Грузия) тайпа көсемінің қорғанына б.з.б. VIIIғасырға жататын, тамаша күміс кубок( Тблиси, Грузия мұражайы) табылған.

1940жылдың II жартысында түрік археологтары бір кездері хетт мәдениеті гүлденген Анатольда үлкен қазба жұмыстарын қолға алды. Хетт астанасы маңында, қазіргі түріктердің шағын ауылы орналасқан жерде Қаратау деп аталатын жерден мүсіндер табылды. (Анкара , Хетт мәдениетінің иұражайы).

Алдыңғы Азияның таулы және далалы аймақтарында жаңа мемлекеттер пайда болды. Закавказьенің оңтүстігінде Урарту патшалығы құрылды. Урарттар өздерінің тіл ерекшеліктеріне ыңғайлай отырып, ассириялықтардың сына жазуын пайдаланған, сондықтан лоардың барлық өнерлері, көбінесе өзіндік ерекшеліктерімен сипатталғанымен, рухы жағынан ассириялық өнерге жақын жатады.

Жаңа Вавилоннан жалпы алғанда тек естелік қана қалады, өйткені оны б.з.б. 538 ж. Парсы патшасы II Кир басып алғаннан кейін Вавилон бірте-бірте құрылды.

Далаларда үйір-үйір жылқыларын, түйелерін, басқа да малдарын өрілтіп парсы тайпалары көшіп жүрді. Б.з.б. VI ғасырдың ортасында бір тайпаның көсемі Кир өзге парсы тайпаларын бағындырып, өзін патшамын деп жариялады. Кир Ассирия үлгісімен қуатты әскер жасақтады. Парсы әскері Алдыңғы Азия елдерінің бірінен бірін жаулап алды.

Сөйтіп, Вавилон – ескерткіш қана. Вавилондағы сақталып қалған «Иштар қақпалары» - махаббат құдайы туралы естелік. Ақшыл, көгілдір қышпен қапталған және сары арыстандар шеруін бейнелейтін бедерлі суреттермен әшекейленген (б.з.б. 570 жыл шамасы).

2. Алдыңғы Азия және мәдениеттердің тоғысуы Перғауындар империясы күйрегеннен кейін көптеген ғасыр бойы пирамидалардың тастан қаланған зеңгір таулары мен алып храмдарының қираған орындары бір кездері мұнда ұлы мәдениеттің гүлденгенін айғақтап, Ніл алқабының жаңа үйлерінің қиялын таң қалдырып келген еді.

Алдыңғы Азияның көп бөлігін таулар мен таулы үстірттер алып жатыр. Олардың арасынан Евфрат және Тигр өзендері ағады. Екі өзен де Кавказдың оңтүстігіндегі таулардан бас алып, қарсы парсы шығанағына құяды. Осы екі өзеннің төменгі және ортаңғы ағыстары арасында жатқан елді ежелгі заманда өзен аралығы деп атаған. Грек тіліндегі атауы – месопотамия. Оны қос өзен деп те атайды. Бір кездегі қуатты Вавилон патшалығы және ұлы Ассирия державасы туралы Інжілден, Герадоттың және ерте заманда өмір сүрген авторлардың жазбалаыран ғана білеміз.

Қос өзен бойында алғашқы таң қаларлық археологиялық жаңалық ашу құрметті Мосулдағы француз елшісі Поль Эмиль Ботанның еншісіне тиді. Ботанның осы бір түсініксіз сынықтарға көңіл қойып жүргенін көрген бір араб оған мұндай сынықтардың өзі тұратын деревняда өте көп екенін, жұрт оны көптен бері шаруашылық қажеттеріне пайдаланып жүргенін хабарлады. Ботта сол араб көрсеткен деревня жанындағы төбешікте қазба жұмыстарын ұйымдастырып, тек әлгіндей қыш сынықтарын ғана емес, таңғажайып аңдардың суреттері бар, тұтас дуалдар мен бедерлер тапты. Ассириялық патша сарайының орны осылайша ашылған еді.қос өзен бойының ежелгі тұрғындары сәулетшілік пен мүсіндеу өнерінде мысылықтардан кем түсе қойған жоқ. Қос өзен дүние қалдықтары неге құмның астында қалып қойған? Қос өзеннің Мысырдан ерекшелігі тастарға кедейлігі еді, яғни тасқа жарымаған. Сондықтан да онда ғимараттар қыштан тұрғызылған. Ал қыштан салынған осындай құрылыстар Мысырда да уақыт сынына төтеп бере алмай қирап қалды.

Тигр мен Евфрат алқабында бір мемлекеттік құрылыс басқа мемлекеттік құрылыспен талай рет алмасып, әр түрлі халықтар өзара соғысып отырған және жеңгендер әдетте жеңілгнедерлің храмдарын, бекіністер мен қалаларын тып-типыл етіп қиратып отырған. Вавилония басқыншылық шабуылдарына жиі ұшырап отырған. өнердің көптеген кейбір ұлы туындылары осылайша құрып кетіп, ұлы мәдниет ұмыт қала берген-ді.

Месопотамия оңтүстігінің ежелгі халықтарының өнері әдетте вавилондық өнер деп аталып жүр: бұл атақ тек Вавилонның өзінің (б.з.б.2 мың жылдықтың бастапқы кезеңі) өнеріне ғана емес, сонымен бірге бір кезде өз алдына дербес өмір сүріп, кейіннен Вавилон біріктірген шумер-аккад мемлекеттерінің өнеріне де қатысты (б.з.б. 4-3 мыңжылдық).

Мысыр мәдениеті сияқты Қосөзен мәдениеті де неолит дәуірінің аяғында дамыған деген қорытынды бар.

Геродоттың айтуынша, егер Мысыр Нілдің сыйы болса, Вавилонияны Тигр мен Евфраттың сыйы деп білген жөн. Мұнда да алғашқы құрылыс бірте –бірте құл иеленушілік құрылыспен алмаса бастады. Бірақ, Мысырдан өзгеше Қосөзен бойында бір ғанав өкімет басқаратын бір мемлекет көке дейін болмады.

Әуелгі кезде үкімет түгелдей абыздар қолында болды. Мысырдағы сияқты Қосөзенде де дін құл иеленуші үстем таптың сүйеніші еді. Бірақ, Мысырдағыдан айырмашылығы, бұл төбе топтың өзі мұнда тұрақты болмады, өйткені басшылық үнемі бір мемлекет қолынан екіншісіне ауысып отырды.

Вавилон өнерінен біз жерлеу салтының бейнелеуін мүлде кездестірмейміз. Вавилонның әдебиет ескерткішіндегі «Мырзаның құлмен әңгімесінде» былай делінген: «Қираған қала төбелеріне көтеріл. Ескіліктің төбе-төбе қалдықтарын аралай жүріп, ондағы бұрын-соңды өмір сүрген адамдардың бас сүйектеріне қарашы. Солардың қайсысы жаудың әміршісі, ал қайсысы қайырымдылықтың әміршісі болды?».

Суға және аспан шырақтарына табыну Қосөзен бойын мекендеушілердің діни нанымында үлкен рөл атқарады.

Суға табыну-ол қайырымды күш, береке,құнарлықтың көзі болады деген сенімнен туындаған.

Аспан жарықтарына табыну-сол аспан шырақтарының нұсқаған жолдыдұрыс, тұрақты қозғалыс пен құдайдың еркін өмірі болған дегеннен шықса керек.

Вавилондық астрономдар аспан денелерін, яғни басқа планетелердыжәне қозғалмайтын жұлдыздарды бақылап зерттеп үлкен табыстарға ие болды.

Олар күннің, Айдың айналасын және тұтылудың қайталану заңдылықтарын есептеп шығарды.

Шамаш – Күн құдайы, Син – Ай құдайы, Адад –жауын – шашын құдайы, Иштар – махаббат құдайы, Шолпан планетасы, Нергал - өлім құдайы; Марс планетасы, Бельги-от құдайы, Альдебаран жұлдызы, Ирра-соғыс құдайы, Марс планетасы аттарының бірі.

Күйдірілген қыш табақшаларындағы жұмбақ белгілер өткен ғасырда ғана ажыратылып оқылды. Бұл бүкіл жазудың шығуына негіз болған әйгілі шумер сына жазуы еді. Мысыр иероглифты тәрізді жазу сәнді болды. Эрмитаждағы шумер кестесі –дүние жүзіндегі ең ертедегі жазба ескеркішін сақтаушы. Осындай кестелердің мол жиынтығы шумер – аккад қалаларының және Вавилонның өзінінің тұрмысы жөнінде көрнекті түрде кең түсінік берді.

Едәуір кейінгі кезеңге жататын (б.з.б. 2 мың жылдық) бұл кестенің мәтіні вавилон заңдары қандай рухта құрылғанын және кейде олардың неге әкеліп соғатынын көрсетеді:

Мысыр пирамидалары сияқты Вавилон зиккураттары да бүкіл төңіректегі сәулеттік, салтанаттылық белгісі болды.

Зиккурат дегеніміз – Мысырдағы Джосер пирамидасы сияқты биік мұнаралы ғимарат. Ғимараттар түрлі-түсті бояумен ерекшеленеді.

Әрбір үлкен қаланың тұтас күйдірілген қыштан өрілген өз зиккураты болатын. Зиккурат әдетте жергілікті бас құдай храмы маңында бой көтеретін. Қала осы құдайлардың меншігі саналатын, себебі ол көптеген басқа құдайлардың тобына, осы қаланың мүддесін қорғауға жаралатын. Ура қаласында б.з.б. XII-XI ғ.ғ. салынған биіктігі – 21 метрлік үш сатылы зиккурат басқаларынан гөрі жақсы сақталып қалған.

Шумер құдайы – Айға табынатын ең ежелгі орын да Ура патшалары мазарларында бұдан да төрт-бес ғасыр ертеректе салынған. Шумер мәдениетінің ең ежелгі орталықтарының бірі Уруктан табынған мәрмәрдан тамаша етіліп қашалған әйел басы,сірә, әйел-құдайдың басы болу керек (Бағдад, Ирак мұражайы).

Бақылау сұрақтары.

1.Ассирия өнері

2. Сурет салу әдістері.
5-- лекция. Таќырыбы: Сурет салу әдісінің Греция Рим мемлекеті орта ғасырларда құрылуымен тығыз байланысы
Жоспары:

1. Бейнелеу өнерінің қысқаша тарихы

2.Грек классикалық өнері

Лекция маќсаты: Сурет салу әдісінің Греция Рим мемлекеті орта ғасырларда құрылуымен тығыз байланыстылығы туралы жалпы түсінік

Лекция мєтіні (ќысќаша) 1. Бейнелеу өнерінің қысқаша тарихы. Өнердің тәрбиелік мәніне келетін болсақ мұндайда өлшеусіз өсе бастайды. Өнер тудыратын шынайы сұлулық адамның бойында ,сұлу адамдар арқылы сұлу мүсіндер пайда болады, соңғысы өз кезегінде

Біріншілерге әсер еткен сөйтіп мемлекет сұлу мүсіндерге сұлу адамдар бергендіктен қарыздар болды.Грек колоннасы құрылысы жағынан өз міндетіне тамаша сай келді. Сөйтіп қазір сәулет әбден танылған міндет атқару принципіне толық сай келеді, сондықтан да грек ордерлері уақыт сынына төтеп берді. Өз міндетіне толық сай грек колоннасы әсемдігі жағынан да мүлтіксіз болды.

Құдай мүсіні сақталатын гимарат соның алқасы ретінде ойластырылған грек храсмының өзі мүсіндермен безендіріледі, оларға құжыраның немесе тұғырдың қажеті жоқ өйткені олар осы храмның өз перзенті, олардың тамыры бір, оның келбетімен астасып кеткендей, сонымен бірге өзгеріп жетіледі архайкалық архитектура тастан жасалған зор қалдықтары аспан фонында ерекше көзге түседі. Осы қирандылардың бір құдіреттілігіне қайран қалған біздің қиалымыз бүкіл храмның мынау гүл жазйрады бір кезде асқақ тұрған храмның тұтас қалпын елестеткісі келді бірақ қайта жасалған храм көрінісі Грецияның атақты ескерткіштері біздің санамызда бейнесі жансақ. Храмның архетектуралық бөлшектері мүсіндік әшекейгелері жарқырата боялатын да, мұның өзі бүкіл ғимаратқа мерекелі көрік береді. Әр алуан бояу бейненің реализмі мен көріктілігі арттыра түсіп көздің жауын алады, бейнені неғұрлым айқын түсінікті, ал осындай әсер етуге кһөмектесетін болмыспен дәл іріктелмейді. Бейнелеу өнерінің адам баласының заманнан заманға рухани, эстетикалық байлығы ретінде ұласып келе жатқан өнер саласы. Бейнелеу өнері жеке өнер саласы емес, бірнеше өнер cаласының өмірге келуіне себепкер болған бейнелеу өнерінің атасы.

Грек өнері мүлдем өзгеше үш мәдени ағымның құйылысынан туған Кіші Азияда өзінің өміршеңдік күшін тегінде әлі де сақтаған өзінің жеңіл тынысы ежелгі эллиндік барлық даму кезеңдеріне оның рухани талап-тілегіне жауап бере алған эгей мәдениеті. Жаулап алушылар Критте сәндік нақышының еркін қиялы менг тоқтаусыз серпінін қиқар қатал өктем аса қарапайым геометриялық ишарамен бәсеңдеуге бейім. Осының алдында Египет пен Месопотамияға көркем шығармашылық үлгілер пластикалық және бейнелеу өнері формаларының мүлтіксіз нақтылығын өзінің тамаша бейнелеу өнері мен сәндік шеберлігін жеткізген шығыс өнері. Алайда шын мәнінде жаңа ұлы өнердің пайда болуы үшін бұл ағымның қосылуы ғана жеткіліксіз болар еді. Теңіз қай жерден болсын жақын сияқты. Грек халқы балалық шақта бастап өткізіп жатқан кезде елінің пейзажын оған жердің кез келген түкпіріндегі барынша көп әдемілікті жинап алып сол алқапты күн сәулесімен естен тандыра нұрландыра алатын ақылды да аса шебер құдайлар жасағандай болып көрінген.

Ежелгі грек табиғатты ашылмаған құпиясымен қабылдамай оның көз аясындағы объективті шындығын қабылдаған оның өнері реалистік болуға тиіс еді.

Элладаның көркем творцчествосы әлем тарихында тұңғыш рет өнердің өлшемі реализмді орнықтырды. Бірақ бұл табиғатты дәл көшіру реализмі емес табиғат жасай алмаған немесе жасап үлгермеген аяқтау түрінде реализм. Сөйтіп табиғаттың жоралғысымен жүре отырып өнер табиғатты көрсеткен.Адам- табиғат гүлі. Сондықтан мифтік шығармадан кейін өнер пенде өз бойында ашуға тиіс ержүректілік пен сұлулыққа ие адамды бейнелеуге тиіс. Құмыра өрнектерінде адамға негізгі көңіл бөліне бастаған оның бейнесі шынайы белгіге ие бола бастады. Сонымен бірге мұның өзі аса мәнді оқиға мүсін пайда болды,оның басты тақырыбы адам еді.

Бейнелеу өнері басқа оқу пәндеріне ұқсамайтын өзіндік атқаратын міндеті мен тәрбиелік мүмкіндігі зор.Оның басты мақсаты өмір шындығының қос қағымдық ерекше бір мезетін көркем бейнелеу арқылы мәңгілікке тоқтаудың қыр-сырын балаларға үйрету содан эстетикалық тәлім тәрбие беру.Бейнелеу өнерін оқыту айналадағы өмір шындығын көркем бейнелеу ерекшеліктерін танытуды оқушылардыңтабиғат сұлулығын халық өмірінің көріністерін жүйелі қабылдауын оның мүмкіндігіншеөзінің көркем бейнелеу жұмыстарында қолдана білу машықтарын қалыптастыруды көздейді. Бұл пәннің мазмұны мен мақсаты мектептің жалпы оқу тәрбие жұмыстарының негізгі талаптарымен де ұштасып жатады.Сол себепті әрбір сабақты оқыту мен тәрбие процесінің тығыз бірлігі осы өнерді меңгертудегі негізгі болып табылады.Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың практикалық білімі мен көркемдікті түйсінуін Үйлесімді ұштастыра білуге,шындық пен өнердегі әсемдікті дәл сезіне білуін шығарманың ынтасына өнерге деген ықыласы мен қызығушылығына және материалдың дүние танымының қалыптасуына ықпал етеді.Айналадағы өмір шындығын көріністерін көркем бейнелеу әдістері мен тәсілдерін меңгеру белсенді шығармашылық жұмыс.

Оқушылардың көркем мәдениет құбылыстарды олардың қоғам өміріндегі мәні. Айналадағы шындық объектілерді мен құбылыстарды эстетикалық тұрғыдан қабылдай білуге баулу. Балалардың көру мен есту байқампаздық қабілетін бояу түстерін ажырата білу түстерін дағдыларын қалыптастыру. Бейнелеу өнері сабақтары оқушылардың практикалық білім мен көркемдікті түсінуін үйлесімді ұштастыра білген, өнердегі әсемдікті сезіне білген. шыңдалу биіктігіне көтерілді. Әсіресе мүсін өнері көне грек дәуірінде дамыды. Солардың бірі екі қанатты қыз баланың бейнесі апалы-сіңлілі оларды муза деп атады. Өнер мен ғылымды мәңгі жастық шақты паш ететін өнер туындысы болды. Жалпы бейнелеу өнері , суретші қауымы арасында үлкен дағдарысты әңгімелер туғызды. Суретші еңбектері енді жарамсыз оның ішінде құны төмендейтін болар деген тәрізді оған қарамай тіпті кейін түрлі-түсті бейне шығаратын техникалық құралдар пайда болса бейнелеу өнері оның ішінде живописъ өнері өз құнын жойған бүгінгі күннің мыңдаған суретшілері көптеген өнер мектептері дәлел бола алады..

Бейнелеу өнері - басқа оқу пәндеріне ұқсамайтын өзіндік атқаратын міндеті мен тарихы, тәрбиелік мүмкіндігі зор пән.

Оның басты мақсаты - өмір шындығының қос қоғамдық ерекше тәлім тәрбие беру. Беинелеу өнерін оқыту аиналадағы өмір шындығын көркем беинелеу ерекшеліктерін танытуды ,оқушылардың табиғат сұлулығын ,халық өмірінің көріністерін жүиелі қабылдауын оның мүмкіндігінше өзінің көркем беинелеу жұмыстарында қолдана білу қалыптастыруды көздеиді. Бұл пәннің мазмұны мен мақсаты мектептің жалпы оқу тәрбие жұмыстарының негізгі талаптарымен де ұштасып жатады. Сол себепті әрбір сабақты оқыту мен тәрбие процесінің тығыз бірлігі осы өнерді меңгертеудегі негізі болып табылады.

Бейнелеу өнер сабақтарында оқушылардың практикалық білімі мен көркемдікті түисіндік үилесімді ұштастыра білуге шындық пен өнердегі әсемдікті дәл сезіне білуін, шығарманың ынтасына өнерге деген ықыласы мен қызушылығына және материалдық дүние танымының қалыптасуына ықпал етеді. Аиналадағы өмір шындығы көріністерін көркем беинелеу әдістері мен тәсілдерін меңгеру белсенді шығармашылық жұмыс.

Оқушылардың көркем мәдениет құбылыстарды олардың қоғам өміріндегі мәні.

Аиналадағы шындық объектілері мен құбылыстары эстетикалық тұрғыдан қабылдаи білуге баулу.Балалардың көру мен есту ,баиқампаздық қабілетін бояу түстерін ажырата білу дағдыларын қалыптастыру.

Оқушылардың шындық пен өнерге деген белсенді эстетикалық сезімталдық қабілеттерін тәрбелеу өнердегі икемділектерін дағдыларын еңбекке оқуға паидалана білуге үирету.

Туған халқының сәндік қолданбалы өнер түрлерімен таныстыру.

Әрбір сабақта қазақ дәстүрлерінің үлгісін паидалана отырып әдепті тазалыққа сұлулыққа түсіне білуге тәрбиелеу.

Бейнелеу өнері оқыту барысында қолданылатын педагогикалық әдістің бірі болып табылады.

Бейнелеу өнері пәнінің мүмкіндіг шексіз мұндай нақты бір шешім болуы мүмкін емес, әр оқушының белгілі затты немесе құбылысты қалай қабылдаса солай бейнелеуге тырысады.

Сондықтан бір оқушының тапқан шешімі екінші оқушының жұмысына ұқсамайды. Осы жағдай кластағы барлық оқушының сабаққа толық ынтамен қатынасуын қамтамасыз етеді. өйткені талантсыз оқушы жоқ, ойын үстінде баланың творчествалық қабілет мүмкіндігі толық ашылады.

Бейнелеу өнерінен үй тапсырмасы берілмейтінін апталық сағат саны бір сағат қана екенін және творчествалық тапсырмалармен жаттығулардың аздығын ескерсек, ойын-тапсырмалардың бейнелеу өнерін оқытуда қаншалықтымаңызды екенін байқау қйын емес. Бейнелеу өнерін оқыту барысында ойын элементтеріаралас тапсырмалар беру оқушылардың сабаққа деген қызыушылығын арттырып , олардың сабақта творчествалықпен жұмыс стеуіне себебін тигізеді.

Бейнелеу өнері сабақтары өзінің терең мазмұндылығымен оқушелардың сбаққа деген ынта-ықыласын қызығуын, творчествалық шабытын арттыратындай болу тиіс, деп көрсетілген.

Мектепте бейнелеу өнері туралы білім беруде оқушылардың кеңістік жөніндегі ұғымын дамытудың маңызы зор. Оқушылар заттың бейнесін дұрыс алғанымен , оның кеңістігі орналасуын дұрыс көрсете алмайды.

Бейнелеу өнерін оқыту программасында композиция теориясымен оның бейнелеу өнерінің барлық түрлері жанырларына қатысты заңдылықтарымен, бейнелеу әдістерімен таныстыру мәселесі де қамтылған.

Бейнелеу өнері программасында бірінші класста композиция бойынша жұмыс істегенде қағаз бетіне үйлесімді орналастыру, ал мүсіндеу және сәндік суретте тұтас бейнені сала білуге үйрету керек, екінші класста оқушылар композиция үшін обьектіні өздері таңдап , түрлі суреттер сала бастайды. Үшінші класта композициямен кеңістіктегі заттардың үйлесімділігін сақтаңдар басты көңіл бөлінеді. Сурет салу 4-6 кластарда суреттің мәніне байланысты кеңістіктегі қалпын түс ерекшеліктерін нәрсенің үстіне түсіп тұрған жарықты үйлестірумен тығыз байланысты делінген.

Сәндік сурет салу бейнелеу өнері сабақтарының бір түрі. Оқушылардың бейнелеу жұмысы кезінде олардың өрнекті формат бетіне орналастыруына, бояу кезінде қылқалам мен жұмыс істеу әдістеріне назар аударамыз.

Сурет салатын қағазды планшетке керіп біту үшін сызба ( архитектура) кнопкасын қолданған жақсы, немесе желімдеуге де болады. Ол үшін қағазды шамалы сулап, планшетке қатты жабыстыра нық ұстап тұрып, шетін кнопкамен бекітіп не желімдеп, планшеттің қырының артқы жағына бекіту керек. Сурет салуға кіріспес бұрын қағаз керілген планшетті жұмыс істеуге ыңғайлап, дайындап алған дұрыс



2.Грек классикалық өнері Б.з.б. V ғасырдың алғашқы он жылдықтарынан бастап Ежелгі Эллада мәдениеті өзінің шырқау шыңына шықты. Аса қауіпті Персиямен соғыс /б.з.б. 500-449 ж.ж./ грек халқына қатал тарихи сын болды. Парсы әскерлері Грек аумағына басып кіріп, қалаларды қиратты. Грек-парсы соғысының барысында грек қалаларының теңіз одағы қалыптасты, оған екі жүзге тарта мемлекет кірді.

Мұнда бірінші орынға Афины ие болды. Бірте-бірте осы тең құқылы қалалардың одағы державаға айналды.афинылықтар одақтастарына өз үстемдігін жүргізе бастады. Афины басты флот болды. Афинымен одақтас мемлекеттерде демократиялық құрылыс, ал Спартаны қолдаған қалаларда олигархиялық құрылыс жеңіп шықты. Афины мен Спартаның тайталасы одан кейін б.з.б. V және VI ғасырлардағы Грекияның тарихын айқындап берді.

Б.з.б. V ғасырлардың ортасындағы Афинының гүлденуі /б.з.б. 444-429 ж.ж. / оны Ежелгі Элладаның аса ірі экономикалық, саяси, мәдени орталығына айналдырып, атақты ақындардың, тарихшылардың, философардың назарын аударды.афины тұрғындары Дионистің құрметіне өткізілетін /көптеген / көктемгі мерекелерде Акрополь бауырындағы театрға жиналатын. Ең кедей азаматтар үшін театр ойын – сауықтарға баруға арнаулы жетон берілетін. Грек трагедисы мифтік тұрғыда, қаза табумен аяқталатын. Көрермендерге ой салып, адамгершілікке, сезімталдыққа тәрбиелеп, этикалық асыл қасиеттерін нығайтты.

Б.з.б. V және IV ғаырларда жасалған сәулетшілердің, мүсіншілер мен суретшілердің даңқты туындылары кейінгі ғасырларда еліктеуге лайық өнеге болды: олар классикалық мұра. Б.з.б. V-IV ғасырлардағы өнер грек классикасының өнері деп аталады. Б.з.б. V ғасырдағы сәулетөнері архаика сәулетінде қалыптасқан. Дорлық ордер храмдары жетекші орын алды.

Бұл белгілер б.з.б. V ғасырдың екінші ширегінде Италияның оңтүстігіндегі грек отары Пестум қаласында салынған тәңірия Гераның храмынан жете көрінеді, бұрынғы ол теңіз тәңірісі Поседонның храмы деп есептелінген. Аумағы 60х24м ғимарат алып жатыр. Құм қайрақтан қаланған. Шатырды сүйеп тұрған колонна дорлық храмға тән үш баспалдаққа тірелген. Храмды қоршаған колонналар мұқият ойластырылып жасалған. Қарсы бетінде – алтау, ұзына бойына – он үш. Гера храмы классикалық сәулет өнеріне тән белгі.

Классика өнерінің қаһармандық сипаты әсіресе, фронтондарында,әдетте, мәрмәрдан қашалған мүсіндер қойылып, метопа тақталары бедермен айшықтанатын дорлық храмдардың мүсін әшекейлерінен айқын сезіледі. Мүсіншілер бұл бейнелер сюжетін мифологиядан алды. классика дәуірінің суретшілері мифке жүгінгенде ескі аңызды жаңартып, өз заманына байланыстырып сала бастады. Б.з.б. V ғасырдың шеберлері барлық дәуірлердегі сәулетшілер мен мүсіншілер алдында тұрған өнер мәселелерінің бірі – сәулет өнері мен мүсін өнерін байланыстырып ойдағыдай шешімін тапты.

Ежелгі Элладаның классикалық өнері тарихында б.з.б. 470-456 жылдары парос мәрмәрінен жасалған Олимпиядағы Зевс храмының мүсін әшекейлреі көрнекті рөл атқарды. Оны жасаушылардың есімдері белгісіз қалды. XIX ғасырлардағы қазба жұмыстары кезінде табылған бұл мүсіндер Олимпия мұражайында сақтаулы.

Храм метопаларында Гераклдың он екі ерлігі, шығыс фронтонында күйме жабыстарының пайда болуы туралы миф, батысында құдайлар мен қаһармандардың тағы кентаврларымен шайқасының көріністері бейнелеген.

Батыс фронтон композициясының сюжеті – лапифтер тайпасының көсемі Пейрифой өзінің үйлену тоойына құдайларды, қаһармандар мен көрші кентаврлар тайпаларын шақырғаны туралы миф. Кентаврлар мас болып алған соң, әйелдер мен жігітерді, соның ішінде Пейрифойдың қалыңдығы Дейдамияны ұрлап алып қашуға тырысады. Қаһармандар олармен шайқасқа түседі.

Мүсіндердің ұзындығы – 26 метрден асады, биіктігі – 3 метр. Композиция орталығына мүсінші лапифтерге жеңіс әкелген жарық пен өнер құдайы Аполлонның тұлғасын орнатқан. Сол жақта қылышын ұстаған Пейрифой, ал оның қасында өзіне қадалған кентавр Евритонды шынтағымен итеріп тұрған Дейдамия бейнеленген.

Зевс храмының батыс фронтонындағы мүсіндерді жасаған шеберлер мүсін композициясын құрастыру тәсілдерін меңгерген.

Б.з.б. V ғасырдың бірінші жартысындағы мүсіндердің таңдаулы нұқаларының бірі – б.з.б. 470 жыл шамасында белгісіз талантты шебер жасаған делбешінің қола мүсіні.

Классикалық өнердің зор жеңісі адамның архаика өнерінің шарттылығынан құтылған тәуелсіз, табиғи қалпын бере білу шеберлігінде жатыр.

Афиныға б.з.б. 470-450 жылдар аралығында сыйлыққа әкелінген мәрмәр бедерде тәңірия кескін – балғын қыз келбеті сұлулық пен әсемдікке толы. Афина найзағайға сүйеніп тұр, басына коринфтік биік дулыға, бет ажары, бүкіл кескіні ойлана қалған бір сәтті сипаттайды.

Б.з.б. 470-460 жылдарда Италияның оңтүстігіндегі грек қалаларының бірінде жасалған бедер де ерекше көркемдік қасиетімен дараланады. Парос мәрмәрінен жасалған үш тақтада мүсінші бс көріністе Кипр аралының маңында теңіз толқының көбігінен жаратылған Афродита туралы аңызды бейнелеген, судан шыққан тәңірияны екі қыз сақтықпен абайлап сүйеп келеді. Тақта тасқа орналасқан пішіндер байсалды, классикалық тас түйін композициясын құрайды. Пішіндер тек мифологиялық сюжетпен ғана емес, көрерменнің көңілінде туатын асқақ сезімді оятуда зор мәні бар.

Қапталдағы тас тақталарда тәңірияның қызметшілері бейнеленген. Біреуінде жалаңаш сыбызғышы қыз сәл шалқайған қалпында көпшіктің үстіне еркін жайғасып отыр.

Қарсы тақтада отырған әлгі қыздан аумайтын, ұзын киім жамылған, ол Афродитаға құрбандық алып келді. Алдында шоғы жайнап тұрған биік қорқорға жұпар иісті дән тастап отыр.

Б.з.б. V ғасырдың екінші ширегі – грек өнерін дамытудың аса маңызды кезеңдерінің бірі. Бұл – қауырт ізденістердің кезі, мүсін шеберлерінің адам денесін реалистік бейнелеу тәсілдерін игеру, пішін қимылының көркемдік мүмкіндіктерін ұғыну кезі.

Грек мүсін өнерінің шынайы үздік шығармасы – құдай Посейдонның сол заманда сомдалған, Артемисион мүйісі маңындағы теңіз түбінен табылған қола мүсіні. Посейдон мүсіні – асқақ қола құйма өнерінің ғажайып үлгісі. Б.з.б. V ғасырдағы тап-тұйнақтай пішін адам денесінің сұлулығы мен пропорциясын мейлінше келісті жеткізе алатын қола мүсіншілердің сүйікті материалына айналды.

Б.з.б. V ғасырдың аса ірі екі мүсіншісі Мирон мен Поликлет қоламен жұмыс істеген. Мирон, Элевтрлік Мирон – б.з.б.V ғ. Бас кезіндегі аса ірі шебер Агеладтың қолында оқыған, Афиныда жұмыс істеген.

Мирон штаты архаикалық өнер дәстүрлерінен қол үзіп, қимыл-қозғалысты беруде таңғажайып шеберлікке жетті. Ол жааған жеңімпаз атлеттер мүсіндері ерекше танымал болды. Мирон мүсіндерінің көбісін қоладан құйды. Мирон мүсіндерінің көбісін Афиныда жұмыс істеумен өткізді, шығармасының гүлденген шағы б.з.б. V ғасырдың екінші ширегі еді. Оның шығармаларының көпшілікке ең танымалысы – б.з.б. 460-450 жылдар арасында жасалған «Диск лақтырушы мүсіні», ол атлетикалық жарыс жеңімпазын мадақтайды. Диск ұстаған қолы барынша кейін қарай қайырылған. Жалаңаш балғын балғын жігіт еңкейе алға ұмтылған. Миронның жаңашылдығыц – грек өнерінде алғашқылардың бірі болып,мүсін өнерінде қимыл әсерін бере алғандығында.

Поликлет – грек мүсіншісі әрі өнер теоретигі. Б.з.б. 480 ж.ж. гүлденген. Б.з.б. V ғасырдың аяғында дүние салды. Ертедегі жазушылар мәліметтеріне қарағанда, Поликлет мүсіншісі Агеладтың шәкірті болған. Шебер алтынмен піл сүйегінен алып діни мүсіндерді сомдаумен айналысқан. Поликлеттің «Амазонка» атты еңбегі Фидий, Креселай мен Фрадмон қатысқан бәйгеде бірінші орын алды. Оның шәкірттері мен мұрагерлері көп болған.

Поликлет дененің барша мүшелерінің мөлшерімен олардың өзара қатынасын математикалық тұрғыдан дәл есептеген. Мүсінші «Канон» / яғни «ереже» / атты теориялық трактат жазып, онда адам тұлғасының пропорциялары туралы ойларын баяндады.

Поликлет атлет-азамат туралы өз мұратын найзагер жігіттің б.з.б. 450-440 жылдар шамасында құйылған қола мүсінде жүзеге асырды.

Алтын денелі жалаңаш атлет «Дорифор» / «Найзагер» / сабырлы да сымбатты қалпында бейнеленген. Жігіт жаңа ғана алға бір қадам басып, тоқтай қалған сияқты. Денесінің бүкіл салмағын оң аяғына салған.

Бұл мүсіннің көшірмелері Ежелгі Эллиаданың көптеген қалаларында, жігіттердің гимнастикалық жаттығулар жасайтын орындарында тұр. Қазірге дейін «Дорифор» дүние жүзілік өнерде адам баласының таңғажайып бейнелерінің бірі болып табылады.

Б.з.б. V ғасырдың үшінші ұлы мүсіншісі афинылық Фидий болды, оның шығармашылық даналығы шыңына жете гүлденген құл иеленушілік демократияның мұраттарын толықтай сомдау болды.

Фидий Хармид – ұлы гректің б.з.б.V данышпан мүсіншісі. Оның шығармасында афинылық құлиеленушілік, демократияның шарықтап гүлденген шағындағы эстетикалық мұраттар аса айқын көрініс тапты. Фидий б.з.б. 500ж. Шамасында Афиныда дүниеге келді. Оның ұстаздары арасында мүсінші Агелад пен кескіндемеші Полигнот болды.

Мүсіншінің балалық және жастық шағы грек-парсы соғысы тұсында өткендіктен ол бүкіл өмірін дерлік парсыларды жеңген грек халқын мадақтайтын ескерткіштер жасауға арнады.

Грек өнерінің өте маңызды іс әрекеті дінді уағыздаушылардың көз өзі антикалық өнер ескеткішінің алғашқы бейнесі туралы шын түсінік бере алмайды . Архайкалық дәуірдегі Грек суретшісі өнерде жаңа жол салып келе жатқан адам кескінін өзі қалай көрсе сол қалпында бейнелегісі келеді. Сондықтанда дәстүрлі қарсы алдынан бейнелеуден бейнелеу өнерінде немесе бедерде қырынан көрсеткенмен денені қарсы алдынын көрсетуден бастартуды қолдаған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет