Лекция сабағының әдістемесі



бет54/59
Дата05.02.2022
өлшемі2,24 Mb.
#21354
түріРеферат
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59
Бақылау сұрағы:
1.Халық ағарту ісіне сипаттама беру және және Қазақстандағы ғылыми зерттеу қызметіне баға беру.
2. Қазақ баспасөзі қалай дамыды.
Әдебиет: Н-5,8; Қ-20
23-24. Тақырыбы: XX ғ. 20-30 жылдарындағы Қазақстан мәдениеті.
Мақсаты: ХХ ғ 20-30 ж .жҚазақстан мәдениетіне сипаттама беру.
Жоспары:1. Тоталитарлық жүйенің творчестволық шығармашылыққа қатал идеялық қысымы
2. Жаппай сауатсыздықты жою және халыққа білім беру ісінің дамуы. Республика жоғары мектебінің қалыптасуы
3. Қазақстандағы ғылым және ғылыми орталықтардың дамуы.Әдебиет пен өнер.


1. 20-шы жылдардың екінші жартысынан бастап И. В. Сталиннің басқаруымен қалыптасқан тоталитарлық жүйе Қазақстанның мәдениетінің дамуына үлкен кеселін тигізді. Оның үстемдік етуі нәтижесінде Қазақстандағы мәдениет салалары Коммунистік партияның саясатына сәйкес жұмыс істеуге тиіс болды. Әсіресе бұл халыққа білім беру саласында ерекше көрініс тапты. Атап айтқанда, бұл кезде шығарылған оқулықтар, партия, комсомол жөне пионер ұйымдары, жас ұрпақтың санасы мен мінез-кұлқына сталинизмнің догмаларын тыкпалады. Мектептің қызметі де бұрмаланды.
Бұл кезде халыққа білім беру ісінде, соның ішінде оқу орындарында партиялық әмір күшейді. Оку-тәрбие процесстерін идеологияландырудың үстіне жалпы көрсеткішті кудалау, оқу процестерін формальды жүргізу өрістеді.
Тоталитарлық жүйенің күшеюі халыққа жоғары білім беру саласында да өз әсерін тигізді. Қазақстанның жоғары оқу орындары мен техникумдары халық шаруашылы-ғының кадр жөніндегі қажетін қанағаттандыра алмады. Студенттер мен профессор-оқытушылар құрамында жергілікті халықтың өкілдерінің саны баяу өсті. 1936 ж. Қазақтың мемлекеттік университетіндегі 42 оқытушының 8 ғана қазақ болды.
Партиялық-мемлекеттік құылымның идеологияландырылған саясаты профессионалдық оқу орындарындағы істің жағдайына бәрінен де көп зиян келтірді. Ғалымдарды, жоғары оқу орындары қызметкерлерін қудалау мен жазалау шаралары 20-шы жылдарда басталып, Сталин өлгенге дейін жүргізілді. Осының нәтижесінде 30-шы жылдардың орта кезінде А. Байтұрсынов, С. Асфендияров, X. Досмұамедов, Т. Жүргенов, Жандосов және асқан аса көрнекті қоғам қайраткерлер, ғалым, педагогтердің өмірі қиылып кетті. Жоғары оқу орындарының өмірі партиялық және таптык принциптер негізінде құрылды. Сондықтан университет пен институттардағы және техникумдардың шет елдердің өздері сияқты оқу орындарымен байланысы жоқтың қасында болды. Көптеген оқу бағдарламаларының, көмекші құралдармен оқулықтардың мазмұны еркін творчестволық ойлауды калыптастырмады.Олардың мәні мен :мазмұны ғылымның, техника мен техналогияның жетістіктерін зерттеп білуге бағытталмады. Сондай-ақ, 1925 ж. Өлкелік партия ұйымының басшылығына ф. И. Голощекин келгеннен кейін ескі мамандарға, творчествалық адамдарына ілтипатпен қарау, олармен іскерлік қарым-қатынас жасау салты бұзыла бастады. 1926 жылы БК/б/П Қазақстан өлкелік комитетінің III пленумында Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, С. Мендешев, Ж. Аймауытов, С. Қожанов және басқалар орынсыз сынға алынды. Кешікпей бұл сын интеллигенцияға қарсы ашықтан-ашық қудалауға және айыптауға ұласты.
1920-шы жылдардың соңынан бастап «жоғарыдан» берілген бұйрық бойынша одақтың көптеген республикаларында оларды мекендейтін халықтарды тарихи зердесінен айыру үшін кең көлемдегі қатігездік шаралары жүзеге асырылғанын айту керек. Түрік тілдес шығыс халықтары мен Еділ бойын мекендейтін басқа да халықтардың (башқұрт, татар)ғасырлар бойы араб графикасының кезінде калыптасқан алфавиті пайдаланьп 28 жылы араб әрпі латын 1940 шықты кириллица мен (орыс әрпімен) күштеп алмастырылды.
2. Жаппай сауатсыздықты жою және халыққа білім беру ісінің дамуы. Республика жоғары мектебінің қалыптасуы Қазан революцияынан кейін тоталитарлық жүйенін үстемдігіне, оның қайшылықтарына қармастан Қазақстанның мәдени дамуында кейбір ілгерілеушіліктің болғанын айту керек. Оны біз мәдени революция деп атап келдік. Бұл революция қилы-қилы жағдайлардың барысында мүмкін болды. 1921 жылы маусымда болған Қазақстан партия ұйымының бірінші конференциясы Республикадан шыққан сауатты кызметкерлердің көбін мүмкіндігінше саяси-ағарту жүмысына жіберілсін, өйткені «қазақ тілін білетін адамдар болмаса, бұл жұмыс бәрібір істелмей тұра береді» деп атап көрсетті. Сөйтіп жергілікті ұлттардың өкілдерінен, жергілікті халықтың тілін, психологиясын білетін адамдардан мәдени-ағарту қызметкерлерін, басшы кадрларды даярлау ісіне маңыз берілді. Мемлекеттік және партиялык аппараттарды жергіліктендіру мәселесі колға алынды. Мұның өзі ғасырлар бойы отарлық езгі мен кіріптарлықта болып келген, ұлттық мемлекеттілігінен айырылған қазақ еліне, оның аяк асты болған ұлттық мүддесін корғайтын, жоқтап, қиюы қшкан шаруашылығы мен қамқоршысы жоқ мөдениетіне сүйеніш, қорған бола алатын, мүлдем жаңа мемлекет кұру үшін, әрине, маңызды еді.
Бірақ аппаратты жергіліктендіру мәселесі түбегейлі шешілген жоқ. Басқада көптеген бастамалар сиякты ұран күйінде қалып қойды. Сол 30-жылдардың қарсаңында Қазақ Орталык Аткару Комитетінің 21 мүшесінің 12-і қазақ, ОАК пленумының 151 мүшесінің 81-і қазак, 32 уездік атқару комитеттері төрағаларының 19-ы қазақ болып, қазақтар уездер мен губерниялардың техникалык аппаратында 20 пайызын, өлкелік мекемелер кызметкерлерінің 13 пайызын кұраса, олардың арасында шала сауаттылары аз болмаған. Сонымен бірге осы пайызға ат айдаушы, күзетші, хат тасушы сиякты кызметкерлер де кірген.
Мәдени ағарту жұмысының ошақтары - кітапханалардан, мұражайлардан, театрлардан, жұмысшы клубтардан, халық университеттерінен, көшпелі және жартылай көшпелі аудандардағы кызыл отаулар мен кызыл керуендерден тұрды. 1922 жылдың көктемінде республикада 77 облыстык және 90 аудандык клуб, 33 аудандык халык үйі, 221 оқу үйі жұмыс істеді. Көшпелі аудандарда қызыл отау, қызыл шайхана, қызыл керуендер құрылды. Олар көбінесе бұкараның бастамасы мен ұйымдастырылды.
Мәдени ошақтар жалпы жұртшылыққа қызмет етумен бірге қазақ әйелдерінің еңбек және тұрмыс жағдайын жаксартуға, олардың арасында ағарту жұмыстарын жүргізуге, сауаттарын ашуға назар аударды. Бұқараның көркемдік шығармашылығын өрістетіп, көркемөнерпаздықты дамытуға ат салысты.
Еңбекшілерді саяси және мәдени жағынан ағарту ісінде кітапханалардың маңызы зор болды. Қазан революциясына дейін Қазақстанда жалпы қоры 98 мың кітабы бар 139 кітапхана болса, 1925 жылы олардың саны 300-ге жетті. 1929 жылы республикада 494 оқу үйі, 74 қызыл отау, 11 театр, 9 мұражай болды. Ауылдық жерде 1 747 кітапхана жұмыс істеді. Бірақ бұл кітапханалар мен оқу үйлері жөнді ғимараты жоқ, қарабайыр жағдайда өмір сүрді. Олардың жұмысын жүргізуші адамдардың сауаттары да, кәсіптік дәрежесі де төмен еді. Тіпті қалалардың өздерінде мәдени ошақтарда істейтін адамдардың білім деңгейі көбінесе төмен болатын. Бірақ білімге, мәдениетке деген халыктың құштарлығы, ынта-ыкыласы мәдениет ошактарының карапайым формада болса да көбейе түсуіне жол ашты. Мысалы, 1925-1936 жылдары тек Алматы жөне Батыс Қазақстан облыстарында ғана колхоздардың қаржысымен 129 клуб, 210 оқу үйі салынды. 1939 жылы республикада 5309 клуб болды, олардың 4 965-і ауылдар мен селоларда жұмыс істеді. Көпшілік кітапханаларының қоры 5 млн. данаға дерлік көбейді.


3. Қазақстандағы ғылым және ғылыми орталықтардың дамуы.Әдебиет пен өнер.
Казақ АКСР4 кұрылғаннан кейін ғылым өнер бәрін және архивтерді комиссариатының ғылымды,бөлімі немесе, секторы ол ,1921. жылғы тамыз айында академиялык орталық болып қайта құрылды.Оның бастамасымен 1924 жылы алғашқы археологиялык карталар жасалды казақ халқы тарихынын жекелеген мәселелері,онын ішінде халық азаттық қозғалысы тарихы, зерттеле бастады, 1925 жылы КСРО Академиясының Қазақстандағы табиғат ресурстарын зерттеу жөніндегі экспедиция кұрылды. Ғылым Академиясының тұрақты базасын кұруды республикадағы ғылымы дамуында маңызды кезең болды. ауыл шаруашылық ғылымының өркендеу арнаулы ғылыми орыңдар егіншілік, ауылшаруашылық экономика электрлеңдіру шаруашылық, жеміс-жидек институттары ұйыдастырылды.30-жылдардың екінші жартысында Қазақстан ғылымы одан әрі өркендеді. КСРО Академиясының Казақстандық базасы 1938 жылы КСРО Ғылым, Академиясының Қазақ филиалы болып қайта құрылуы республикада ғылымды жаңа, белестерге көтеру үшін мол, мүмкіндіктерге жол ашты. Бұл жылдары өлкеде географиялық ғылымы айрықша, жедел қарқынмен дамыды. Казақтың қең-байтақ даласында бұрын зерттелмеген жаңа казбалы мол қоры табылды. Қарағанды көмір бассейнінің Орал-Ембі мұнайлы ауданының мүмкіндіктерін зерттеу ісі жалғастырылды. Жамбыл облысындағы Каратауда химиялық фосфор, калий тұздарының және рудалы емес, басқа да пайдалы қазбалардың. кен орындары ашылды. Республиканың Жер бетіндегі және жер астындағы су қорларының ресурстарын зерттеу жүргізді. Осының нәтижесінде Қазақстан көмір, түрлі түсті металл және тағы, басқа пайдалы қазбалар өндіруде Одақ бойыңша алдыңғы қатарға шықты. Пайдалы қазба, байлықтарды тауып зерттеуде және халқының игілігіне айналдыруда тек республикаға ғана емес, сондай бүкіл Кеңестер Одағына белгілі, аса көрнекті ғалымдар Қ. И. Сатпаев, А. А. Гапеев, Н. Г. Кассин, М. П. Русаков, И. М. Губкин және басқалары айрықша зор еңбек сіңірді. Медицина-биология және ауыл шаруашылығы ғылым мекемелерінің жұмысы жандана түсті. 1940 жылы Бүкілодактық ауыл шараушылык ғылым академиясының (ВАСХНИЛ) Қазақ филиалы кұрылды.
Ұлы Отан соғысы басталғанға дейін Қазақстанда қоғамдық ғылымдардың дамуына барынша көңіл бөлінді. Өлкелік партия комитетінің жанындағы Марксизм-Ленинизм ғылыми зерттеу институты Қазақстан КП Орталык Комитеті жанындағы Партия тарихы институты болып қайта кұрылды. Көрнекті қазақ ғалымы С. Асфендияровтың жетекші-лігімен «Қазақстан еткендегі жазба ескерткіштер мен материалдарды» деген екі бөлімді деректі жинақ шығарылды. 1940 жылы белгілі тарихшы М. П. Вяткин «Қазак ССР тарихының очерктерін» жазды. Республикада археология саласында атақты ғалым А. Н. Бернштам Эквиус (Екі оғыз), Тараз, Қойлық калаларының орнында казба жұмыстарын жүргізді. Тіл білімінің ғалымдары қазақ тілінің грамматикасын, лексикалық және сөздік корын зерттеуде айтарлыктай жұмыстар атқарды.
Жалпы 1940 жылдың қарсаңында Қазақстанда 110 ғылыми зерттеу институттары мен мекемелері жұмыс істеді. Оларда 1727 ғылыми кызметкер еңбек етті.
Қазан революциясынан кейін казақ кеңес әдебиеті ұлы Абай негізін калаған демократиялык жазба әдебиетінің сыншыл реализм дәстүрлері негізіндегі даму жолына түсті. Кеңес өкіметінің алғашкы жылдары Сұлтанмахмүт Торайғыров, Сәбит Дөнентаев, Спандияр Көбеев, Шәкәрім Құдайбердиев және т. б. өздерінің шығармаларымен қазақтың ұлттық жазба әдебиетін байытуға елеулі үлес қосты. Сондай-ақ халық ақындары Жамбыл Жабаев, Нұрпейіс Байғанин, Нұртай Бекежанов, Кенен Өзірбаев және басқалар қазақ даласындағы болып жатқан өзгерістерді, еңбекшілердің жаңа өмір жолындағы кұресті жырлаған туындылары халық арасында кеңінен белгілі бола бастады. 20-шы жылдардың бірінші жартысында әдебиет майданында өздерінің алғашқы шығармашылық қадамдарын Б. Майлин, I. Жансүгіров, М. Әуезов, С. Мұқанов және т. б. жасады. Қазан револю-циясының жыршысы С. Сейфуллиннің «Қазақ жастарының марсельезасы» республикаға кеңінен тарады. 1927 жылы онын «Тар жол, тайғақ кешу» роман-повесі жарық көрді. Сонымен катар сол кездегі қазак әдебиетінің көрнекті кайраткерлерінің бірі Мағжан Жұмабаев ұлт-азаттык күрес сарыны бағытында жазылған «БатырБаян», «Ертегі», «Қой-лыбайдың кобызы», «Жүсіпхан» шығармаларын жариялады. Ал атакты романшы, драматург, аудармашы Жүсіпбек Аймауытов «Қарт Қожа», «Ақ білек» романдарын, «Нұр күйі», «Мансапқорлар» пьесаларын реалистік тұрғыда жазып, еңбекші халык өкілдерінің 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына, Қазан революциясына және азамат соғысына қатысқандардың тұтас бір галлереялык образдарын жасады.
30-шы жылдары Қазакстанның әдебиеті мен өнерінде біраз өзгерістер, елеулі окиғалар болды. 1934 жылғы 12-18 маусымда Қазакстан жазушыларының I съезі болып, онда ха-льқтың рухани қазынасынан нәр алған казак әдебиетінің М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, I. Жансүгіров, Б. Майлин, М. Әуезов, Ж. Аймауытов, С. Мұқанов сиякты саңлақтарымен бірге қазақ әдебиетінің қаулап өсіп келе жатқан мол жеткіншектері бар екені көрінді. Ғ. Мүсірепов өзінің драматургиялык шығырмаларымен ерекшеленді. Ол «Қозы Көрпеш — Баян сұлу», «Ақан сері - Ақтоты» пьесаларын жазды. Тай\ыр Жароков, Асқар Токмағанбетов, Әбділдә Тәжібаев, Ғали Орманов т. б. белгілі әдебиетшілердің шығармашылығы шыңдала түсті. Қазақ әдебиеті көпұлттық болып дамып, респуб-ликадағы туысқан халықтардың өкілдері орыс, татар. ұйғыр ақын-жазушыларының, соның ішінде И. Шухов, П. Кузнецов, Д. Снегин т. б. шығармалары кең өріске бет алды. 1935 жылы халық поэзиясының алыбы Жамбылдың туғанына 90 жыл толуын бүкіл Кеңес елінің халықтары атап өтті. 1936 жылы республика еңбекшілері Сәкен Сейфуллиннің әдеби кызметінің 20 жылдығын мерекеледі. 30-шы жылдардың аяғы 40-шы жылдардыц басында М. Әуезов болаша ұлы эпопеясы - «Абай жолының» бірінші кітабын жазуға кірісті, С. Мұкановтың «Жұмбак жалау», Ғ. Мұстафиннің «Өмір не өлім» романдары жарық көрді.
Алайда осындай жетістіктерге қарамастан 1937 жылы сталиндік қанды тырнақтың жандарды қудалау, тұткындап жер аудару, сотсыз содырлық жасап ату, процесі кеңөріс алды. С. Сейфуллин, I. Жансүгіров, Б. Майлин астам жоғары және орта білімді мамандар жұмыс істеді. Бұларда 18 мыңнан астам малшы, 17,2 мың жүргізуші, 13,2 мың ауыл шаруашылығы механизаторлары еңбек етті. Олардың арасынан зор қабілетті ұйымдас-тырушылар шықты. Социалистік Еңбек Ерлері Алматы облысындағы «Алматы» колхозының бастығы Л. С. Манько, «Мичурин» атындағы колхоздың бастығы Қ. Әбдіғү-лов, Батыс Қазақстан облысындағы «Бірлік» колхозының бастығы М. Мейірманов, Шығыс Қазакстан облысындағы Калинин атындағы колхоздың бастығы Н. И. Лозовой, Талдыкорған облысындағы «Жаңа талап» колхозының бастығы, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Н. Алдабергенов, т. б. солардың катарына жатқызуға болады.
50-ші жылдардың екінші жартысында МТС-тар таратылып, олардың қарамағында болып келген ауыл шаруашылық техникасы колхоздарға сатылды, бұл процесс 1959 жылы наурызда, яғни бір жылдың ішінде аякталды. Бұрынғы МТС-тер орнына республикада 213 машина жөндеу станциясы /МЖС/ мен оның бөлімшесі құрылды. МТС-тердің техникасының бір бөлігі совхоздар мен ауыл шаруашылығын механикаландыру училищелеріне берілді.
МТС-тарды тарату колхоздар экономикасын нашарлатты. Оларды МТС-тардан ескі техникаларды жоғары бағамен сатып алуға мәжбүр етті. Бұл әсіресе әлсіз колхоздарды үлкен қиындықтарға душар етті. Сонымен қатар техниканың жөнделуін, колхоздар мен совхоздарға жаңа техниканың запас бөлшектердің сатылуын және материалдык-техникалық жабдықтау мен колхоздарға өндірістік қызмет көрсететін басқа да түрлерін қамтамасыз етуде өте бір ыңғайсыз жағдайлар қалыптасты. МТС-тардың орнына машина-жөндеу станциялары құрылып, кейін олар «Казсельхозтехника» өндірістік-техникалық және жабдықтау бірлестіктерімен алмастырылды. Мұндай қайта құрулар ауыл шаруашылығының дамуына кері әсерін тигізбей қойған жоқ. Оның материалдық-техни-калық жағдайы құлдырай түсті

Каталог: files -> umo
umo -> Қазақстан жаңа заман тарихты пәнінен оқу-әдістемелік кешені
umo -> «Тарихты оқыту әдістемесі» пәнінен оқу-әдістемелік кешені
umo -> Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті Қазақстан тарихы кафедрасы
umo -> Лекциялық материалдың мазмұны
umo -> Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті Қазақстан тарихы кафедрасы
umo -> Лекциялық материалдың мазмұны
umo -> Қазақстан орта ғасырлар тарихы пәннің жұмыс бағдарламасының жинағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет