Лекция сабағының әдістемесі



бет55/59
Дата05.02.2022
өлшемі2,24 Mb.
#21354
түріРеферат
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59
Бақылау сұрағы:1. Тоталитарлық жүйенің творчестволық шығармашылыққа қандай әсері болды?
2. Жаппай сауатсыздықты жою қалай жүргізілді және халыққа білім беру ісі қалай дамыды.
3. Қазақстандағы ғылым және ғылыми орталықтар қалай дамыды.
Әдебиет: Н-3,5,8,9; Қ-9,10,12,14,15

25-26 .Тақырыбы: ХХ ғ 50-60 жж Қазақстан мәдениетінің дамуы.


Мақсаты: 50-60 жж Қазақстан мәдениетінің дамуын сипаттау
Жоспар:Қазақстанның мәдени дамуыңдағы өзгерістер
1.Қазақстанның мәдени дамуындағы өзгерістер.
2.Кеңес әдебиеті мен өнерінің дамуы.
1.Сталин кайтыс болғаннан кейін 50-ші жылдардың орта шенінен бастап жеке адамға табынушылыктың зардаптарын жойып, социалистік заңдылықтарды қалпына келтіруге бағытталған бірсыпыра шаралар іске асырылды. 1956 жылы ақпан айында өткен партияның XX съезі Сталиннің жеке басына табынушылыкты айыптап, оның зардапта-рын жою, партия тұрмысының нормаларын калпына келтіру, ішкі партиялық демократияны өрістету бағытында жүргізіліп жаткан жұмыстарды құптады. «Жылымық жылдары» деген атпен тарихка енген 50-ші жылдардың екінші жартысынан былайғы кезеңде көптеген игі істер атқарылды. Басшылықтың ұжымдык принципі енгізіліп, әкімшіл-әміршіл басқару жүйесі босаңси бастады. Қағазбастылықпен, жиналыс, мәжіліс өткізумен әуестенушілікпен күрес күшейді. Ұлт мөселесіндегі бұрмалаушылықтар түзе-тіле бастады. Ұлттык республикалардың құқығы кеңейтілді. Қоғамдағы Кеңес ұйымдарының рөлі өсті. Кеңес қоғамынын тарихын шыншылдық тұүрғысынан баяндау, оның жүріп өткен жолына сын көзбен қарау мүмкіндігі туды.
50-ші жылдардың екінші жартысынан бастап бүкіл елімізде, соның ішінде Қазақстанда іске асырылған экономикалық, әлеуметтік және идеологиялық шаралар нәтижесінде дамудың көптеген көкжиектері ашыла бастады. Бірақ ол мүмкіндіктер толығынан пайдаланылмай қалды. Оған кінәлі Н. С. Хрущев бастаған басшылыктың қызметіндегі субьективтік әдістер еді. Экономиканы басқару ісі ойдан шығарылған әрекеттердің ырқына түсіп кетті. Сол кездегі басшылықтың волюнтаристік идеялары мен әрекеттері қоғамның берекесін кетіре бастады. Өркөкіректік, жалған уәделер мен негізсіз болжамдар сөз бен істің арасын алшақтата түсті.
Жергілікті партия ұйымдары мен кеңестердің құқықтарын шектеудің салдарынан, сондай-ақ олардың құрылымы жүйесін негізсіз жиі өзгертудің кесірінен кеңестердің рөлі төмендетілді. Олардың кызметінде, әсіресе, жылтырақтық, көзбояушылық, даурықпалық сияқты ұнамсыз жайлар бой көтерді. Территориялық-өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық басқармаларын, ауыл шаруашылығы жөнінде партия комитеттерін құру негізсіз болып шықты. Әр алуан түрлі штаттан тыс көптеген партия комиссияларын құрумен әуестену кең өріс алып, мұның өзі кызметкерлер мен еңбек адамдарын өндірістегі тікелей жұмысынан қол үзіп, бекер әуре-сарсаңға түсуге ұрындырды. Республика партия комитеттерінде коғамдык негізде жұмыс істейтін бірнеше комиссиялар құрылды. Бірақ олар өз жұмысында ешқандай онды нәтижелер көрсете алмады. Көпшілігі басқа ұйымдардың штаттағы бөлімдерінің жұмысын қайталады.
50-ші жылдардың басында партия идеологиялык жұмыс жөнінде бірқатар қаулылар қабылдап, тарих, әдебиет пен өнер мәселелері бойынша пікірталастар өткізді. Осыған орай біраз адамдар баспасөз бетінде өз пікірін ортаға салып, партия бағытын қолдауға талаптанды. Бұның барысында ғылым, әдебиет, өнер қайраткерлеріне әділетсіз, орынсыз сындар айтылып, сыңаржақ баға беру фактілері орын алды. Мұның өзі мәдениеттің дамуына кері әсерін тигізді. Шығармашылық ұйымдарда іскерлік әңгіменің орнына жекелеген ғалымдарга, жазушыларға, театр, кино және музыка кызметкерлеріне жеккөрінішті атақ-айдарлар тағыла бастады. Мұндай жағдайлар Қазақстанда да орын алды. Мәселен, 1950 жылы 26 желтоқсанда «Правда» газетінде жарияланған «Казақстан тарихының мәселелері маркстік-лениндік тұрғыдан баяндалсын» деген мақаланы талқылауға байланысты бүкіл Одаққа, тіпті дүние жүзіне танымал тұлғалы қайраткерлер М. О. Әуезов пен Қ. И. Сәтбаев, сондай-ак, республиканың басқа да көрнекті жазушыла-ры мен ғалымдары орынсыз жазғырылып, датталды.
Сол жылдардағы рухани мәдениеттегі субъективизм мен тұрпайы социализм элементтері бірқатар қиындықтарға әкелді. Мәселен, әдебиет пен өнердің өмірді көпе-көріне боямалайтын тартыссыз шығармалары одан әрі туындады. Кино өнерінде картиналарды аз жасау қажет, бірақ олар бірден «асыл қазыналар» қатарына кіруі керек, әрбір фильмде қазіргі заманның аса маңызды күрделі мәселелері, барлық жақтары міндетті түрде көрсетілуі керек деген нұсқау бойынша жұмыс жүргізілді. Әрине, мұндай көзқарас кезінде «асыл қазынаның» сырт көзге қомақты, бірақ іс жүзінде өмір шындығынан, көркемдік шеберліктен аулақ, ат үсті жасалған шығармалар көбейді. Мұндай сипат әдебиетшілердің айтуынша, белгілі дәрежеде «Жамбыл» фильмінен болды. Кеңес әдебиеті мен өнеріне «тартыссыздық теориясы» елеулі зиянын тигізді. Оның рухымен жазылған шығармалар сахнада ұзақ өмір сүре алған жоқ.
Бұл кезде мәдени-ағарту мекемелері әлі де жетіспейтін еді, олардың көпшілігі нашар жабдықталған білікті мамандармен камтамасыз етілмеген болатын. Күрделі құрылысқа және мәдени-ағарту мекемелерін жөндеуге қаржы жеткілікті мөлшерде бөлінбеді.
Қазақстанда тың жерлерді игеріп, индустрия алыптары бой көтеріп, халықтың саны едәуір көбейген 50-ші жылдары халыққа білім беру ісі біраз жанданды. Тың игерілген аудандарда көптеген жаңа мектептер ашылды, комсомол жолдамасымен бұл аудандарға мектептерде жұмыс істеу үшін шеттен мұғалім кадрлар келді. 50-ші жылдарда екі жылдық мұғалімдер институттары жойылып, оның есебінен педагогикалык жоғарғы оку орындары көбейді. 1953 жылы тамызда мұғалімдердің соғыстан кейінгі бірінші республикалык съезі өтіп, онда мектептердің политехникалык білім беруге кешу және мұғалімдердің міндеттері туралы мәселелерге зор көңіл бөлінді. 1955-1956 оқу жылында республикадағы мектептердің саны 9 240-ка жетіп, олардың 3 022-сі жеті жылдық және 1 117-сі орта мектеп болды. Орта мектепті бітірушілер саны қауырт көбейді. Осы жылдардың ішінде бұл жүйе аркылы ауыл шаруашылығының 432,4 мың механизаторы және басқа да маман-дары даярланды.
Дегенмен, бұл жылдары жоғарыда атап өткеніміздей, Қазақстанда әсіресе солтүстік облыстарда қазақ мектептері азайып кетті. Оның басты себебі демографиялық өзге-рістермен байланысты еді. Қазақтар балаларын орыс мектебіне көптеп бере бастады. Осының салдарынан 700 қазақ мектебі жабылып калды. Сондай-ак, республиканың бірқа-тар аудандарында барлығы бірдей жеті жылдық мектеппен қамтылмады, мектептердегі оку бірнеше кезеңде жүргізілді. Қазақ орта мектептерін нығайтуға, олардың санын көбейтуге және қазақ жастарының он жылдық, орта мектеп көлемінде толық білім алуы үшін қажетті жағдайлар жасауға жете көңіл бөлінбеді.
1951 жылдан 1955 жылға дейін республикада 8 жаңа жоғары және 22 арнаулы орта оқу орны ашылды. Қарағандыда екі жоғары оқу орны - медицина жөне тау-кен институттары, Семейде малдәрігерлік-зоотехникалык және медицина институттары жұмыс істей бастады. Жаңа жоғары оқу орындарының: Ақтөбе медицина /1957 ж./, Целиноград ауыл шаруашылық /1958 ж./, Өскемен құрылысжол /1958 ж./ институттарының ашылуымен бірге бұрыннан бар жоғары оку орындары кеңейіп, оларда жаңа факультеттер пайда болды. 1956 жылдан бастап Шымкент технология иниституты құрылыс материалдары кәсіпорындарының жабдықтарын монтаждау және пайдалану жөніндегі инженер-механиктерді даярлай бастады. Қазақ ауыл шаруашылығы институтында электрлендіру және гидромелиорация мамандықтары бойынша жаңа инженерлік факультеттер мен бөлімдер ашылды.
Қорытып айтқанда, 50-ші жылдар Қазақстан үшін Одақтық баланстағы рөлі өскен, индустриялық қуаты артқан мәдениеті біраз дамыған, сөйтіп экономикасы өрлеу жолына түскен кезең болды.



Каталог: files -> umo
umo -> Қазақстан жаңа заман тарихты пәнінен оқу-әдістемелік кешені
umo -> «Тарихты оқыту әдістемесі» пәнінен оқу-әдістемелік кешені
umo -> Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті Қазақстан тарихы кафедрасы
umo -> Лекциялық материалдың мазмұны
umo -> Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті Қазақстан тарихы кафедрасы
umo -> Лекциялық материалдың мазмұны
umo -> Қазақстан орта ғасырлар тарихы пәннің жұмыс бағдарламасының жинағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет