Лекция сабағының әдістемесі



бет56/59
Дата05.02.2022
өлшемі2,24 Mb.
#21354
түріРеферат
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59
Бақылау сұрағы: 1.Қазақстанның мәдени дамуында қандай өзгерістер болды.
2.Кеңес әдебиеті мен өнерінің дамуына сипаттама бер.
Әдебиет Н-3,5,8,9; Қ-9,10,12,14,15

27-28 лекция.Тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстанның мәдениеті.


Мақсаты: Саяси жағдайға сипаттама беру, мәдениеттің дамуындағы өзгерістерді талдау.
Жоспары:
1. Қазақстан Республикасындағы білім мен ғылым.
2. Қазақстан әдебиеті мен өнері және тарихи-мәдени құндылықтары.
1.Қазақстан егемендік алуымен байланысты қазақ халкының рухани өмірінде мәдени жаңа процестер кеңінен өріс алды. Халыкққа білім беру, ғылым мен мәдениет өз дамуының кең жолына шыкты. Олар бұрынғы Кеңес Одағы кезеңіндегі партиялық идеология мен саяси кағидалардың қыспағынан кұтылды.
Сондықтан өтпелі кезеңнің киыншылығына қарамастан, егемендік алған кезден бастап, Қазақстанда білім жүйесінде көптеген оң өзгерістер орын алды. Ең бастысы, оқу мазмұны өзгерді. Білім стандарттары жасалды, оқытудың жаңа әдістемесі енгізілді. Қазақстан Республикасындағы білім берудің жай-күйі алғаш рет 1995 жылы көктемде оқу саласы қызметкерлерінің республикалык кеңесінде егжей-тегжейлі талқыланды. Кеңесте атап көрсетілгендей, халыққа білім беру саласында бірқатар оң өзгерістерге қол жеткені айтылды. Бірыңғай орта мектептердің орнына мектепте болашақ ұрпаққа білім беруде плюрализм орнап келеді. Соңғы жылдары гимназиялар, лицейлер, жеке жене авторлық мектептер ашылды. Тарих, Ана тілі және 1-5 сыныптар үшін оқу пәндері бойынша оқулықтар шығарылды. Егер соңғы кезге дейін Қазақстан мектептерінде тек бүрынғы КСРО тарихы оқытылса, енді қазақ халқының өз тарихын терең талдап оқытуға көңіл бөлінді.
Халыққа білім беру саласын алға бастыруда оның материалдық-техникалық базасын нығайтуда, әсіресе 1996-1997 жылдары үкімет тарапынан едәуір айтуға тұрарлық жұмы-стар жүргізілді. Атап айтқанда, 1996 жылы білім беру саласына 65 миллиард теңге, немесе мемлекеттік бюджеттің 23,4 пайызы, 1997 жылы 73,3 миллиард теңге, яғни мемлекеттік барлық бюджеттің 21,4 пайызы бөлінді. Алайда, одан кейінгі жылдары халыққа білім беру саласындағы орнықтылық және кейбір кезек күттірмейтін мәселелердің шешілуін желеу етіп, мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлу бірсыпыра азайды. Мәселен, 1999-2001 жылдары білім беру саласына жыл сайын шамамен 12 миллиард теңге бөлінген. Мұның өзі білім беру саласындагы кейбір келеңсіздіктерге алып келді. Балабақшалардың 82 пайызы қысқарып, окушылары аз көптеген ауыл мектептері жабылып қалды.
Мектептерде жұмыс істейтін мұғалім кадрлардың сапалық құрамында келеңсіз жағдайлар калыптасты. 2001/2002 оку жылында республика бойынша педагог кадрлардың тапшылығынан мектептерде тек орта білімі бар 3,5 мың-нан астам мұғалім және 6 мың басқа мамандық иелері жұмыс істеді, жалақының аздығынан мектептерден 43,6 мың мұғалім басқа салаларға жұмысқа ауысып кетті.
Қазақстанның Білім жөне ғылым министрлігінің деректері бойынша 2000/2001 оқу жылында елде жалпы білім беретін мектептердің саны 8 109 болды. Олардың 3545-і (44,2 %) қазақ, 2356-сы (29,4 %) орыс, 13-і ұйғыр, 81-і өзбек, 3 төжік, 1 украин, ал 2008 мектеп аралас, қазақ-орыс тілдерінде сабақ жүргізген. Бір ерекше атап көрсететін жайт, әсіресе соңғы жылдары республикада қазақ тілінде оқитын оқушылардың саны едәуір артып, 2003 жылы олар барлық мектеп окушыларының 54,4 пайызын қамтыды.
Республика мектептерінде техникалық ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларын енгізуде де оң кадамдар өріс алды. 2001 жылы елде орта білім беру жүйсін ақпараттандырудың бірінші кезеңі негізінен аякталды, нәтижесінде 58 оқушыға бір компьютерден келді. «Интернет - мектепте» бағдарламасы аясында 1 414 оқу орны, оның ішінде 868 ауыл мектебі ақпарат желісіне қосылды.
Үкіметтің 2002-2004 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасында барлық денгейдегі білім беру, оқытудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру, оқу-әдістемелік кешенді қалыптастыру, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің санын арттыру көзделді. Ауылдық жерлердегі мұғалімдерді тұрғын үймен қамтамасыз ету, олардың біліктілік деңгейін көтеруіне жағдай жасау, тағы да басқа істерді жүзеге асыру нақтыланды. Сонымен бірге кәсіптік мектептер мен колледждерге керекті оқулықтар және оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеу жайы да жан-жақты қарастырылды.2003/2004 оку жылында Қазақстанда жұмыс істейтін мектептердің саны - 8260-ка жетіп, онда 3 026,2 мың окушы білім алды. Мектептердің 3 687 (44,6 %) қазақ тілінде окытатын, 2 069 (26,1 %) қазақ және орыс тілдерінде оқытатын жалпы білім беретін мектептер жұмыс істеді. Республикада жыл сайын мемлекеттік тілде оқытатын мектептердегі окушылардың саны ұлғайды. Егер 2000 жылы оқушылардың 52,1%-ы мемлекеттік тілде оқыған болса, 2004 жылы 54,8%-ы оқыды. Мектептерде 270 мыңнан астам педагог жұмыс істеді, оның ішінде 195,8 мыңының жоғары білімі, 60 мыңнан астамының кәсіптік орта білімі болды.
Мектептердің материалдык-техникалык базасын нығайту, оларды жоғары білімді кадрлармен қамтамасыз ету жұмыстары кейінгі оқу жылдарында одан ары жалғасты. 2005/ 2006 оқу жылында Қазақстан білім және ғылым министрлігіне қарайтын 8 222 мектеп жұмыс істеді, онда 3 млн оқушы білім алды. Оларға 300 мыңдай мұғалім сабақ берді. Білім жүйесін компьютерлендіру бағдарламасының орындалуы арта түсті. 2006 жылы жалпы білім беретін мектептерде 31 окушыға 1 компьютерден келді. Мектептердің 89 пайызы интернетке қосылды. 2005 және 2006 жылдары республикалық бюджеттен лингофондық және мультимедиалык кабинеттер сатып алуға қаражат көлемі өсті. Мектептердің 3716-сы қазақша оқытса, 2073-сі аралас тілде окытты. Мемлекеттік тілде білім алған балалардың саны жалпы оқушылардың 59,4 пайызын құрады. Ал 2007/2008 оқу жылында еліміздің барлық мектептерінде 2,8 млн. жас жеткіншектер окыды. Оларджың 234,5 мыңы алғаш рет мектеп табалдырығын аттағандар еді. Білім ұяларындағы окушылардың интернетті пайдалануына да кең мүмкіндіктер жасалынды. Республика бойынша 96,3 пайыз білім ұясы интернетке қосылды. Әр балаға шаққанда 23 оқушы бір компьютерді пайдалануға ие болды. 2007 жылғы тамыз айында Қазақстанда «Білім туралы» жаңа Заң қабылданды. Онда әлемдік білім кеңістігіне кіру, мұғалім мәртебесін көтеру, сапалы білім беру, басқару мен қаржыландыруды жетілдіру т. б. қаралған. Заң аясында 2007-2009 жылдары 229 мектеп құрылысы салынып, онда 150 мыңнан аса баланы окыту жоспарланған.
Қазіргі кезеңде мектеп оқушыларына ұлттық идеялық тәрбие жұмыстарына назар аудару ісі біркелкі жақсара түсті. Оған «Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» қаулысының үлкен әсері тиді. Қаулының талаптарына сәйкес өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге, ой-өрісін жетілдіруге, әсіресе окушылардың өнегелілігіне, ана сүтімен бойына дарыған мемлекеттік мәртебеге ие ана тілін, тарихын, ұлттық құндылықтарын игеруге, Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың салт-дәстүрлерін құрметтеуге негізделген тәрбие жүмыстары өрістей түсті.
Ұлттық бірлікке тәрбиелеу мақсатында оқушылар арасында «Мен - Қазақстанның азаматымын» атты республикалык акция аясында басқа ұлт балаларының мемлекеттік тілді білуіне арналған конкурстар, барлық ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлерін насихаттайтын шаралар ұйымдастырылды.
Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде мектеп мұғалімдерінің алатын орнын, атқаратын рөлін ескеріп, үкімет олардың мәртебесін көтеру, материалдық жағдайын жақсартуға бағытталған шараларды іске асырды.
Еліміздегі басшы және ғылыми педагогикалык кадрлер біліктілігін арттыратын республикалык институт, 14 облыстық және Астана, Алматы қалалық педагогикалык кадрлер біліктілігін арттыру институттары және 5 аймақтық біліктілікті арттыру институттары жүмыс істеді. 2005 жылдан бастап жыл сайын 30 мыңнан астам мүғалімдер білімдерін көтеру курстарынан өтіп отырды.
Қазакстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы жарлығымен бекітілгек «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудын 2005-2010 жылдарға ар-налған Мемлекеттік бағдарламасында» 12 жылдық орта білім беру жүйесіне көшу белгіленді. Оның негізгі мақсаты - жаңа кезеңнің талаптарына сай жастарды өмірге баулу үшін оларға бұрынғыдан да жоғары деңгейде білім беру.
Қазіргі кезде әлемнің 80 пайыздан астам мемлекеттерінде орта білім берудің мерзімі кемінде 12 жыл болып отыр. Мұның өзі соңғы 20-30 жылда ғылым мен техникалық ора-сан зор жетістіктерге қол жеткізіп, коғамның әр түрлі саласында жаңа технологиялардың кеңінен пайдалануынан туындаған еді. Міне, осымен байланысты елімізде 12 жылдық білім беруге көшу 2008 жылға жоспарланды. Бүгінде 2003 жылғы 22 қазанда бұрынғы ҚР Ұлттық ғылым академиясының 109 мүшесі қатысқан құрылтай жиналысы өткізіліп, «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» қоғамдық бірлестігінің Жарғысы бекітілді. ҚР ҰҒА-ның бұрынғы корреспондент мүшелерінің барлығы академияның толық мүшелері (академиктері) болып сайланды.
Еліміздің халық шаруашылығына жыл сайын академия ғалымдарының екі жүзге жуық талдау жаңалықтарын енгізу үрдіс алды. Егемендік алған уақыттан бері ғалымдардың зерттеулері нәтижесінде 5 мың авторлық куәлік, 1354 шетелдік патенттер жөне 13 лицензиялык келісім куәландырылып бекітілді.
Республика ғалымдарының белсене қатысуымен Алматыда - ақпараттык технологиялар, Оралда - мәшине жасау, Қарағандыда - металлургия жөніндегі парктер ашылды. Астанада биотехнологиялык кешен салынды. Курчатовта Астанадағы Еуразия университетінің жанында ядролық технологияларды зерттеу қолға алынды. Қазақстан Орталық Азия мемлекеттерінің арасында бірінші болып космосқа өзінің жер серігін ұшырды.
Қорытып айтқанда, Қазақстанның егемендік алған уақыт ішінде халыкқа білім беру, ғылымды дамытуда біршама табыстарға қолы жетті. Ғылым мен білім экономиканың бәсекеге қабылеттілігін, елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекет әлеуетін арттыруға өзінің тиісті үлесін қосты.
2. Қазақстан әдебиеті мен өнері және тарихи-мәдени құндылықтары.
Қазақ қоғамында ғылыми ой, ұлттық сананы калыптастыруда әдебиеттің алатын орны ерекше, өйткені қазақ халкы ежелден сөз өнерін қасиет тұтқан.
Тәуелсіз Қазақстанның әдебиеті мен ұлттық тілінің мәртебесін көтеруде соңғы кезде бірқатар игі шаралар іске асырылды. XX ғ. 30-шы жылдары нәубетке, жазықсыз жазаға ұшыраған ғалымдарды, жазушыларды, басқа да салалар бойынша мамандарды ақтау жүзеге асты. А. Байтұрсыновтың, М. Жұмабаевтың, М. Дулатовтың, Ш. Құдай-бердиевтің, Ө. Бөкейхановтың, X. Досмұхамедовтың, Ж. Аймауытовтың басқалардың кітаптары жарық көрді. Бұлардың шығармалары ұмыт болып, мектептерде, арнаулы орта және жоғары оку орындарында соңғы кезге дейін оқытылмаса, енді оқу орындарының бағдарламаларына кеңінен енгізіліп, окушы-студент жастарға олар жөнінде жан-жақты дәріс беріледі.
2004 жылдан басталған «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында әдеби шығармаларды шығару ісіне ерекше көңіл бөлінді. Бұл мәселе негізінен екі бағытта жүргізілді. Бірінші, ұлттық әдебиет пен жазудың сан ғасырлык тәжірибесін корыту, көркем жөне ғылыми сериялардың топтамасын шығару. Екінші, әлемдік ғылыми ой сананың, мәдениет пен әде-биеттің таңдаулы жетістіктерін аудару. Осы арқылы әлемдік коркем ойдың казақ тіліндегі біртұтас қорын калыптастыру. Қорға кіретін әдебиеттердің ең маңыздысы - 100 томдыққазақ фольклоры немесе қазір де шығып жатқан 100 томдық «Бабалар сезі». 2007 жылы оның 32 томы жарық көрді. Оған бұрын Кеңес дөуірінде тыйым салынған Қазақ әдебиетінің ертегісі бар, батырлар жыры, айтысы мен дастандары бар және басқа да материалдар кірді.
Соңғы жылдары Әдебиет жөне өнер институтының ғалымдары әзірлеген он томдық «Қазақ өдебиетінің тарихы» жинағының маңызы өте зор болды. Қазақ әдебиетінің көп томдық тарихын шығару кезінде ғалымдар халықтың ғасырлар бойғы көркемдік мұрасын ұлт азаттығы жолындағы күресімен байланыстырды, оған талдау жасап, кезең-кезеңдерге бөліп көрсетті. Сондай-ак Қазақ әдебиетінің проза жөне поэзия саласында бірсыпыра елеулі шығармалары жарық көрді. Олар: Нұр-Исламның казақ даласындағы шырақшысы болған әйгілі Ақтайлақ бидің адамдық асқақ тұлғасы мен өскен ортасын, заман ауанын шебер кестелеген Қ. Жұмаділовтың «Прометей алауы», Э. Төрехановтың Ескендір Зүлқарнайынның сүйген жары - шығыс аруынын трагедиялық тағдырын арқау еткен «Роксана», А. Егеубаевтың «Қүтты Жүсіп», Алаш көсемдерінің көркем бейнесін сомдаған С. Досановтың «Қылбүрау», Төле биден бата алган Қызай биінің қилы тағдырын қызықты баяндағанЖ. Ахмадидің «Есенгелді би» және «Жарылғап би» романдары жене т. б. Ал поэзия саласында «Қазақтың ақын кыздары» деген атпен республикалық дәрежеде жабық мұшайра жарысы ұйымдастырылды. Мұшайраның әдеби-мәдени шарасы Одақта өткізіліп, нәтижесінде «Гүлдесте» атты кітап дүниеге келді. Оған қазақтың ақын қыздарының жоғары бағаланған өлең-жырлары енді.
Мемлекеттің жаңа кезеңдегі жүргізіп отырған ұлт саясатымен байланысты қазақ тілін қайта түлету, мейлінше көкейкесті проблемаға айналды. 1989 ж. кыркүйектегі Тіл туралы Заң және Қазакстан Республикасының Конституциясы бойынша ол мемлекеттік тіл деп жарияланды. Іс жүргізуді қазақ тіліне көшіру жөнінде жан-жақты шаралар белгіленіп, олар біршама жүзеге асырылды. Қазақстаннын барлық жоғары және арнаулы орта оқу орындарында қазақ тілінде окыту белімдері ашылды. Мұның өзі ауылдан қазақша оқып келген жастардың ана тілінде тиянақты білім алуына жағдай жасады. 1997 жылы Тіл туралы екінші рет Заң кабылданып, Республикада қазақ тілін дамыту аясында жаңа қадам жасалды. Қазірде тілдердің қызмет етуі мен дамуынын 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Ол рет-ретімен жүзеге асырылып, нәтижесін бере батады. Мәселен, бес облыстың іс қағаздары мемлекеттік тілде жүргізілетін болды. Олар -Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау және Жамбыл облыстары. Ал 2006 жылдан бастап Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында Алматы каласында іс кағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге көшірілді.
Тіл мәселесімен айналысатын арнайы комитеттің құрылуы - мемлекеттің бұл іске ерекше кеңіл бөліп отырғанын дәлелдеді. Тілдер жөніндегі комитет мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту жөніндегі жұмысты жүйелі түрде жүргізетін орталыққа айналды. Оның жанынан тілдік орта кұру, мемлекеттік тілді оқытатын мамандарды қайта даярлау, тілдерді окытудың жаңа өдіс-тәсілдерін калыптастыру республикалық орталығы құрылды. Бұл орталық Білім мен ғылым министрлігімен бірлесе отырып, мемлекеттік тілді жеделдетіи оқып-үйренудің бірыңғай жүйесін талдау жасауды жүзеге асыруды қолға алды.
1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан үкіметі тұңғыш рет идеологиялық үктемдіктен бас тартатынын, мәдени-шығармашылық бостандықты жариялап, оны қорғау, өнерге қол жеткізуге көмектесетін жағдаилар туғызу, жариялылықты қамтамасыз ету және шығармашылық қызметкерлерінің жұмысын халыкқа жария ету жөнінде міндеттемелер алды. Міне, осының нәтижесінде экономикалық қиындықтарға қарамастан, республикада мәдениеттің басты ошағы болып саналатын мемлекеттік театрлардың бірде-бірі жабылған жоқ. Қайта жаңадан Көкшетауда қазақтың музыкалык драма театры, Ақтөбеде драма театры, Ақмолада музыкалык драма театры, Батыс Қазақстан облысында Мәдениет институты және Қазақ драма театры, Мәдениет министрлігі жанынан күрделі мәдениет мөселелері бойынша Ғылыми орталық ұйымдастырылды.
Жалпы 2001-2006 жылдар аралығында Қазақстан облыстарында 10 жаңа театрлар, Елордада жаңа екі театр ашылды. Республика сахна өнерінің бет-бейнесін бұл кезеңде 47 театр айқындады. Олардың қатарында екі өзбек және неміс, кәріс, ұйғыр театрлары да бар. Мәдениет және акпарат минстрлігінің басшылығымен Қазақстанның өз ішінде және іргелі халықаралык театр фестивальдерін өткізу үрдіске айналды. 2006 жылы Астанада балет артистерінің I халықаралық конкурсы, Алматыда Орталык Азия елдерінің бірінші халықаралык театр фестивалі өткізілді. Оған Әзербайжаннан, Төжікстаннан, Қырғызстаннан, Татарстаннан, Түркіменстаннан тоғыз театр қатысты.
Бұл жылдары енердегі менеджменттің тиімді үлгісінің өмірге келген жайттары орын алды. Мәселен, Айман Мұсаходжаева «Солистер академиясы» оркестрін ұйымдастырып, бүкіл музыкалык білім беруді қайта кұру жөнінде ұтымды жұмыс жүргізді. Соның нәтижесінде 1998 жылы Астана қаласында тұңғыш рет ұлттық музыка Академиясы құрылды. Алматыда Жәния Әубәкірова музыкалық мектептің негізінде колледж ашты. Елімізде тың тұрпатты бірқатар шығармашылық ұжымдар - 3 симфониялық оркестр, 2 камералық оркестр, қазақтың халық аспаптары оркестрі, хореографиялық ансамбль ұйымдасты. «Гүлдер ансамблі» республикалык мемлекеттік гастрольдік-концерттік бірлестігі», «Республикалык және халықаралық мәдени бағдарламалар дирекциясы» қосылу арқылы «Қазақ әуендері ұлттық концерттік бірлестік» акционерлік коғамы құрылды.Қ. Қайсеновтың, С. Бакбергеновтың т. б. майдангер қаламгерлердің шығармашылық мұралары кеңінен насихатталды.
Жеткіншектерді ұлттар достығы, ел бірлігі мен келісім рухында тәрбиелеуді мақсат еткен студенттік кештер дәстүрге айналды. Әсіресе, А. С. Пушкин мерей тойына орайластырған поэзия мерекелері, Евразия Университетінде «Алпамыс батыр» жырының 1000 жылдық тойына арналған ғылыми-теориялык конференция, ғұлама тарихшы, Орта ғасырдағы ірі мемлекет қайраткері Мүхаммед Хайдар Дулатидің 500 жылдығына арналған мерейтой шараларының қоғамдық-саяси тұрғыдан тәрбиелік үлкен маңызы болды. М. X. Дулатидің өлмес мұрасы «Тарихи-и-Рашиди» еңбегі қазақ тілінде жарық көрді.
«Тарихи тұлға тағылымы» атты ғылыми-практикалык конференциялар өткізу кейінгі жылдары да жалғасын тапты. 2005 жылы шілде айында атақты әнші-сазгер бабамыз Мәди Бапыұлының 125 жылдық Мерей тойына арналған ғылыми практикалық конференция оның туған жері Қарағанды облысындағы Мәліксайда өтті. Сондай-ак, 2006 жылы Қазақстанның халык әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, академик, аса көрнекті фольклоршы ғалым, композитор Ахмет Жұбановтың туғанына 100 жыл толуына арналған жиын-тойлар тек республикада ғана емес, сонымен қатар Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде салтанатты жағдайда аталып өтті. Ал 2007 жылы үкіметтің колдауымен Қазақстан драма театрларының XV фестивалі, Қазақстан композиторларының осы заманғы шығармаларының фестивалі, «Опералия» халықаралық фестивалі, Бибігүл Төлегенованың халық аралық конкурсы, «Еуразия-2007» халықаралық кинофестивалі сиякты іргелі іс-шаралары жүзеге асырылды. Бұл шаралар жалпы елімізде өнер салаларын одан әрі дамытуда үлкен ықпалын тигізді.

Каталог: files -> umo
umo -> Қазақстан жаңа заман тарихты пәнінен оқу-әдістемелік кешені
umo -> «Тарихты оқыту әдістемесі» пәнінен оқу-әдістемелік кешені
umo -> Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті Қазақстан тарихы кафедрасы
umo -> Лекциялық материалдың мазмұны
umo -> Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті Қазақстан тарихы кафедрасы
umo -> Лекциялық материалдың мазмұны
umo -> Қазақстан орта ғасырлар тарихы пәннің жұмыс бағдарламасының жинағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет