Лекция Тақырыбы : Балалар әдебиетінің қалыптасу тарихы. Қазақ балалар әдебиетінің дамуы



бет3/18
Дата14.10.2022
өлшемі0,65 Mb.
#152952
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
358648 2
Есіркеп Ерасыл Қанатұлы 1504-11, Азықтандыру Дастан дайын, халикова махбуба, 358648, Қылмыстық құқық реферат, Дидар реферат 2.2 фтн, Логикалык есептер
Батырлық, ерлік туралы мақал-мәтелдер:
Өжет адам өлімді жеңеді.
Ер бір өледі,
Қорқақ мың өледі.
Қару күшті емес,
Қару ұстаған күшті.
Белдескеннің белін сындыр,
Тірескеннің тізесін бүктір.
Қара бет болып қашқаннан,
Қайрат көрсетіп өлген артық.
Өнер, білім туралы мақал-мәтелдер:
Өнерлі өрге жүзеді.
Өнерді үйрен де, жирен.
Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер.
Өнерліге өлім жоқ
Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
Төрт түлікке байланысты мақал-мәтелдер:
Қойдың сүті — қорғасын,
Қойды соққан оңбасын
Мал өсірсең қой өсір,
Өнімі оның көл-көсір.
Ееі кеткен ешкі жияр,
Ешкісімен есін жияр.
Нар жолында жүк қалмас.
Екі аяқтыда бажа тату,
Төрт аяқтыда бота тату.
Ат ерінді келер,
Ер мұрынды келер.
Сиыр сипағанды білмейді,
Жаман сыйлағанды білмейді.
Егіншілікке байланысты мақал-мәтелдер:
Жері байдың — елі бай.
Арпа, бидай ас екен.
Алтын, күміс тас екен.
Екпей егін шықпас,
Үйренбей білім жұқпас.
Егін ексең тыңға,
Шықтым дей бер шыңға.
Адамгершілікке байланысты мақал-мәтелдер:
Жақсының жаттығы жоқ.
Жақсыда кек жоқ,
Кектіде тек жоқ.
Жаман болса туысың,
Туыспай-ақ құрысын.
Төеектің тарлығы — тарлық,
Көңілдің тарлығы — қорлық.
Әлсіз ат сүріншек, Ақылсыз адам еріншек.
Тәні еұлу — сұлу емес,
Жаны сұлу — сұлу.
Адам болар баланың
Кісіменен ісі бар.
Адам болмас баланың
Кісіменен несі бар.
От басында ата-аналар бала тәрбиесіне лайықтап іс-әрекет, пікірлесу, пікірсайыс кезінде өнеге, өсиет ретінде: ана тілін алмасаң, арың кетеді; әке — тірегің, ана жүрегің: бірінші байлық — денсаулық; сабыр түбі —: сары алтын, еріншектің ертеңі таусылмайды; көзің ауырса қолыңды тый, ішің ауырса, асыңды тый; іс істесең ретін тап; ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың, ырысы бар; бір үйдегі бәрің де бір-біріңе меймансың; ас ішсең — аяғыңды жина; ашу — дұшпан, ақыл— дос; ерте тұрған әйелдің бір ісі артық, ерте тұрған еркектің ырысы артық; әке тұрғанда бала сөйлегеннен без; әдептілік — әдемілік, қыз қылығымен жағады, бала жақсы болса — бала, жаман болса — пәле, т. б. мақалдарды жиі айтады.
Тапсырмалар:
1.Даналық сөздердің тәрбиелік мәні.
2. Мәнерлеп оқудың әдіс-тәлдерін анықтау.
3.Сөз мәнерлілігінің ерекшеліетері.
Бақылау сұрақтары:

1. Балаларға халық ауыз әдебиетінің мақал-мәтелдерін таныстыру.


2. Мақал мен мәтел, нақыл сөздер – тәрбие құралы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет