Лекция тақырыбы: Қазіргі білім беру кеңістігі жағдайында оқушылардың әлеуетін дамытудың жолдары



бет14/16
Дата10.10.2023
өлшемі55,7 Kb.
#184517
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
6 Лекция
Махбал (1), Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 8 30сұрақ-жауап, Методика 30 сұрақ-жауабымен, 1 k shablon 9, Азиза 10 апта бож.docx.pptx, molchanov, Вопрос 1, Antaev-Zh-T-Menedzhment-v-sisteme-obrazovaniya, слайд Абдумавленова Т 2 db9c01bf439d8958587b3cecd08322dc, Способы связи, пСИХ ТЕСТ, 4 лекция ККЗТ, 4 лекция ККЗТ
Модульдік оқыту технологиясы. Модульдік оқыту – оқу ақпаратын блокты – модуль негізінде беру арқылы оқу процесін ұйымдастыру тәсілі. Оқу мазмұны ақпаратты блоктарда беріледі де меңгеру мақсатқа сәйкес жүзеге асырылады.
Модульдік оқыту барысында білім алушылар үшін оқытылатын білім көлемі ғана емес, оны меңгеру деңгейінің дидактикалық мақсаты тұжырымдалады. Модульдік оқыту білім алушылардың базалық дайындығының деңгейіне, жеке сұраныстары мен икемділігіне қарай оқытуды қамтамасыз етеді. Оқытуды дараландыруды: оқу мазмұнын, меңгеруін, өзіндік деңгейі, әдісі мен тәсілі, бақылау, өзін-өзі бақылауы бойынша қамтамасыз етеді.
Модульдік оқыту – білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың əдісі мен тəсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді. Модульдік технология дамыта оқыту идеясына негізделген оның мақсаты – оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген тəсілдері арқылы жұмыс істеуге үйрету. Бұл технологияның ерекшелігі – тұлғаның танымдық үдерісін дамытуға бағытталған.
Оқу модулі үш құрамды бөліктен тұрады: кіріспе, сөйлесу жəне қорытынды бөлім.
Оның мазмұнына:
1) оқытудың жалпы мақсатын қою;
2) жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;
3) оқушылардың білім деңгейін алдын ала (диагностикалық) бағалау;
4) оқыту əрекеттерінің жиынтығы (бұл кезеңде жедел кері байланыс негізінде түзету жүргізілуі тиіс);
5) нəтижені бағалау енеді.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолдану құзыреттілігі базалық АКТ дағдылар негізінде құрылады және жұмысқа, қарым-қатынасқа, бос уақытқа арналған технологияларды дұрыс шығармашылықпен қолданудан тұрады. Білім алушылар өздерінің АКТ бойынша дағдыларын білім алу процесіндегі барлық оқу пәндері арқылы дамытады, яғни ақпаратты табу, құру, мәліметтермен, идеялармен алмаса отырып, кең спектрлі жабдықтар мен қосымшаларды пайдалану арқылы бірлесіп қызмет жасау барысында өзінің жұмысын бағалайды және жетілдіреді.
Орта мектепте АКТ-ні БАҚ және мультимедиялық құралдарды пайдалануға қойылатын талаптар:
- дерекқордан және интернеттен ақпаратты іздеу, табу;
- сандық, интернет жүйелері арқылы алынған ақпараттарды өңдеу және оның нақтылығын, сенімділігін, құндылығын бағалай алу;
- сандық, мәтіндік және визуалдық ақпаратпен және дерекқормен, оның ішінде гиперсілтемелерді, электрондық кестелерді, графикалық және басқа да қосымшаларды пайдаланып жұмыс істеу арқылы мәліметті жүйелеу;
- заңдылықтар мен үрдістерді зерттеу; модельдер мен модельдеуді пайдалану мүмкіндіктерін зерделеу, сонымен қатар жылжымайтын және қозғалыстағы бейнелерді, дыбыстарды және мәтіндерді мультимедиалық таныстырылымдар құру үшін біріктіру, басқа нұсқаларды зерделеуде, нақтылауда және нәтижелерді жақсартуда сандық ақпараттың икемділігін толығымен пайдалану;
- электронды байланыс арқылы басқа білім алушылармен және оқытушылармен ынтымақтаса онлайн форумдарға, виртуалдық оқыту орталарына қатысып, қарым-қатынас жасау және ақпарат алмасу;
- интерактивті тақтаны белсенді оқытуға техникалық қолдау көрсету мақсатында қолдану;
- аяқталған жұмыс бойынша мектептің шеңберінде немесе одан тыс жерде мультимедиялық таныстырылым жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет