Лекция тақырыбы: Қазіргі білім беру кеңістігі жағдайында оқушылардың әлеуетін дамытудың жолдары


Оқытудағы «құзыреттілік» «құзыреттілік тәсіл» дегеніміз не?



бет2/16
Дата10.10.2023
өлшемі55,7 Kb.
#184517
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
6 Лекция
Махбал (1), Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 8 30сұрақ-жауап, Методика 30 сұрақ-жауабымен, 1 k shablon 9, Азиза 10 апта бож.docx.pptx, molchanov, Вопрос 1, Antaev-Zh-T-Menedzhment-v-sisteme-obrazovaniya, слайд Абдумавленова Т 2 db9c01bf439d8958587b3cecd08322dc, Способы связи, пСИХ ТЕСТ, 4 лекция ККЗТ, 4 лекция ККЗТ
Оқытудағы «құзыреттілік» «құзыреттілік тәсіл» дегеніміз не? «Бұл ұғымдардың еліміздің білім беру жүйесінде қандай маңыздылығы бар және « тұлғаның құзыреттілігін қалыптастыру» қалай жүзеге асады?» деген заңды сауал туындайды.
Қазіргі таңда «білім сапасы» категориясының мазмұнын ашуда құзыреттілік ұғымы ерекше орын алады. Зерттеуші ғалымдардың пікірі бойынша құзыреттілік тек білімге ғана емес, біліктілікке жақынырақ және адамның әртүрлі қажетті салалардан хабардар болуын сипаттайды. Яғни құзыреттілік ұғымы «білім», «білік» және «дағды» сияқты ұғымдардан тұрады. Бірақ құзыреттілік жай ғана бұл ұғымдардың жиынтығы емес, сонымен бірге ол мұғалімдердің шығармашылық іс-әрекетінің тәжірибесі мен құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді.
Қазіргі оқытудың мақсаты оқу пәндері бойынша білім жүйесін, өзбетінше жұмыс істеуге қажетті біліктілік пен дағдыны, ғылыми дүниетанымдық көзқарастарды қалыптастыруды, оқу және еңбек қызметі мен қоғамдық қызметке ынта тудыруды қамтамасыз ететіндей мазмұнды игертуді көздейді.
Ұстаздың құзіреттілігі.
Мұғалім өз ісінің маманы болуымен қатар, оның бойында баланы жақсы көру, баланың көзқарасын мен пікірін сыйлау, тек өз пәнінің төңірегінде ғана қалып қоймай, қоғамда болып жатқан өзгерістерге құлағы түрік, көзі ашық, жан – жақты талдау жасай білетін маман болуы шарт.Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының: «Бала оқытуды жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселелерін өзі жақсы білуі керек» деген тұжырымынан «Шығармашыл ұстаз шығармашыл шәкірт дайындайды» деген ой айқын аңғарылады. Құзыреттіліктерді меңгерген мұғалім шығармашыл шәкірт дайындауға даяр.
Құзыреттілік – оқу нәтижесінде меңгерген білім, дағдыны тәжірибеде қолдана алу, проблеманы шеше білу, оқушылар дайындығы сапасының құрылымдық сипатын анықтайтын жаңа сапа. Нәтижеге бағытталған сапалы білім беруде мұғалімнің төмендегідей құзыреттілігі бар:
Арнайы құзіреттілік – өзінің кәсіби қызметімен жоғары деңгейде айналысатын және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін қабілет. Мұғалім үнемі ізденісте бола отырып, жаңаша оқытуды іске асыруда түрлі инновациялық технологиялардың әдіс–тәсілдерін өз ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданады. Сонымен қатар білімін жетілдіріп үйренумен қатар, сол білімін өз ісінде шебер сұрағына жауап беруге даяр болуға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет