Лекция тақырыбы: Қазіргі білім беру кеңістігі жағдайында оқушылардың әлеуетін дамытудың жолдары



бет6/16
Дата10.10.2023
өлшемі55,7 Kb.
#184517
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
6 Лекция
Махбал (1), Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 8 30сұрақ-жауап, Методика 30 сұрақ-жауабымен, 1 k shablon 9, Азиза 10 апта бож.docx.pptx, molchanov, Вопрос 1, Antaev-Zh-T-Menedzhment-v-sisteme-obrazovaniya, слайд Абдумавленова Т 2 db9c01bf439d8958587b3cecd08322dc, Способы связи, пСИХ ТЕСТ, 4 лекция ККЗТ, 4 лекция ККЗТ
Белсенді оқыту әдістері:іскерлік ойын, оқытушылық тренинг, пікір-талас, жоба әдісі.Интербелсенді (интерактивті) оқу/оқыту
Ағылшын тілінен келген «интерактив» сөзі де осы ұғымды білдіреді: «inter» дегеніміз «өзара» мағынасында, ал «act» - «әрекет жасау» дегенді білдіреді.

Тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің
жүзеге асуына көмектеседі.



В.М.Монахов педагогикалық технология – мұғалім мен оқушы үшін жағымды жағдайды қамтамасыз ететін оқу үрдісін жобалау, ұйымдастыру және өткізуде барлық бөлшегіне дейін ойластырылған бірлескен педагогикалық іс-әрекеттің үлгісі.

Қалай оқыту керек? дейтін дәстүрлі дидактикалық сұрақ заңды түрде оқыту әдісінің категориясын шығарады.

Әдіс - жоспарланған мақсат пен


соңғы нәтиженің арасын байланыстыратын оқу процесінің өзегі болып табылады.

Оқыту тәсілдерінің түрлері:
• ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту
тәсілдері;
• мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін
тәсілдер;
• оқушылардың сезімдеріне әсер ететін
тәсілдер;
• жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты
басқару
тәсілдері.

Г.М.Құсайыновтың есебінше педагогикалық технология әдеттегі түсініктерден басқа – ол мұғалімнің жоспарланған оқыту мен тәрбиелеудегі мақсаттары мен нәтижелерге жету мен сабақ беру үрдісі емес, ол кәсібі ұстаздың басшылығымен оқушылардың өзінің және өзара оқыту процесі, ол білім берудің мазмұнымен оқу жоспарымен бағдарламаларында ескерілген іс-әрекеттердің сол түрлерін меңгеру жұмыстарының әрбір салаларындағы болатын өзгерістер мен қайта құру болады.

Оқыту әдiстерi – оқытушы мен білім алушылардың бiрлесе жасайтын әрекетi.

Оқыту әдiстерi – оқытушы мен білім алушылардың өзара әрекетiнiң барысында бiлiм алу жолдары.


Оқыту әдiстерi – оқытушы мен білім алушылардың өзара әрекетiнiң негiзiнде бiлiм, тәрбие және таным процесiн жетiлдiру.

Тәсіл (Педагогика) –
1. жалпы немесе жеке педагогикалық мәдениетте бекітілген тәрбиелік технологиясының салыстырмалы аяқталған элементі; белгілі бір жағдайдағы педагогикалық іс-әрекеттер әдісі;
2. әдіс элементі, оның құрамды бөлігі, әдісті іске асырудағы жеке қадам.

Сонымен, педагогикалық технология - педагогикалық процесті ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жобасы (алгоритмі) (Г.Т.Хайрулиин). Педагогикалық технологиялар - теориялық білімдерді тұтас педагогикалық үрдістің қызметін практика жүзінде іске асыруға бағытталған және сол үрдіс нәтижелерін кезеңдер бойынша өлшеп, тұлғаның да, ұжымның да даму динамикасын көруге болатын, педагогтар мен оқушылардың өздерін-өздері дамытуларына мүмкіндік тудыратын жүйелі іс-әрекеттер кешені

Ю.К. Бабанский әдістерді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау әдістері деп бөледі.


М.И.Махмутов оқыту әдістері:
а) ақпарат беру әдісі,
ә) түсіндіру әдісі,
б) ынталандыру әдісі,
в) тәжірибелік әдіс.

Танымдық іскерлік типі бойынша оқыту әдістерін И.Я. Лернер және М.Н. Скаткин қарастырған болатын:


- түсіндірмелі-иллюстративті;
- репродуктивті;
- мәселелі мазмұндау;
- бөліктік-ізденушілік (частично-поисковый);
- зерттеу (исследовательский).



Жоспарды
хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару,
оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды
қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.



Жаңа педагогикалық технология: 
-ынтымақтастық педагогикасы;
-білім беруді ізгілендіру технологиясы;
- проблемалы оқыту технологиясы;
-тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы;
-түсіндіру, басқарып оқыту технологиясы;
- деңгейлік саралап оқыту технологиясы;
-міндетті нəтижеге негізделген деңгейлеп саралап оқыту технологиясы;
-модельдік оқыту технологиясы;
- жобалап оқыту технологиясы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет