Лекция тезистері 3 кредит


Тәлім-тәрбие шараларын талдау



бет64/65
Дата07.02.2022
өлшемі311,82 Kb.
#96344
түріЛекция
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65
Байланысты:
Педагогика және тәрбие жұм әд лекция

2. Тәлім-тәрбие шараларын талдау.

  1. Тәрбие шарасының тақырыбы, түрі, бағдарламасы, жоспары, кім өткізеді, мақсаты, оқушылардың жасы, сыныбы, тобы, өткізілу орны.

  2. Шараны өткізу жағдайы (бөлменің ыңғайлылығы, қажетті құралдардың болуы)

  3. Шара жайлы оқушылардың хабардар болу деңгейі, олардың дайындығы, жасының ескерілуі т.с.с.

  4. Бүкіл шара барысында негізгі мақсат қалай және қандай әдіс-тәсілдермен тұрақтандырылды.

  5. Мазмұнның мақсатқа сәйкестігі, алынған материалдың танымдық, тәрбиелік құндылығы, эмоционалдық басымдылығы, оқушылардың іске қызығушылығы, олардың белсенділігі.

  6. Оқушылардың танымдық іс-әрекет қандай әдіс-тәсілдермен тұрақтандырылды.

  7. Оқушылардың танымдық іс-әрекетіне қандай әдіс-тәсілдермен әсер ету жүзеге асырылады. Қандай жаңа мәліметтер меңгерілді, оның адамгершілік мәнгі?

  8. Уақытты тиімді пайдалануы.

  9. Аталған шара барысында қандай бағалаулық қарым-қатынас қалыптасты?

  10. Шараны қорытындылау, қойылған мақсаттың шешілуі.

  11. Шараға сіздің берген бағаңыз, ұсынысыңыз.

3. Болашақ мұғалімнің өзін-өзі дамыту бойынша тәсілдерінің бірі – педагогикалық рефлексия. Рефлексия (лат. тілінен аударғанда – «артқа қарау») – адамның өзінің ішкі психикалық акттары мен жай-күйін тану процесі. Сонымен қатар бұл- оның тұлғалық және когнитивтік ерекшеліктерін, эмоциялық реакцияларына қалай қарайтындығын, оны басқа адамдардың қалай қабылдайтындығы мен бағалайтындығын да анықтау болып табылады. Педагогикалық рефлексияның ең жоғарғы деңгейі – тұлғаның өзінің мамандықта алатын орны туралы толғануы.
Рефлексия барысында жауап беруі қажет үлгі - сұрақтардың бірқатарын келтірейік:

  • өз жұмысым туралы ойым қандай?

  • балалар туралы ойым қандай? оларды қалай қабылдаймын?

  • менің ерекшеліктерім (тұлғалық, эмоциялық, когнитивтік) қандай және олар жұмыста қалай көрініс табады?

  • кәсібім бойынша өзімді қалай сипаттаймын?

Өзі-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру және пайдалану-педагогтың – өзін-өзі дамытуының басты факторларының бірі. Өз эмоциялық және психологиялық күйін басқару қабілеті - кәсіби педагогикалық техниканың компоненттерінің бірі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет