Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин-қазақ әңгіме жанрының негізін қалаушы. «Атымтай Жомарт»



Дата31.12.2019
өлшемі36,13 Kb.
#54594
Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсарин-қазақ әңгіме жанрының негізін

қалаушы. «Атымтай Жомарт» пен «Мейірімді бала» әңгімелері



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ы. Алтынсаринның шығармаларымен тереңірек танысып, әңгімелерінің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын шығармаларына сүйене отырып ашу, қазақ әдебиетіндегі тұңғыш европалық үлгідегі шағын жанрды қалыптастырушы болғанын ұғындыру.

Дамытушылық: Оқушыларды шығармалардың эстетикалық мәнін түсіне

білуге, өзіндік талдау, жинақтау, ойлай білуге дағдыландыру,жеке, топтық жұмыста шапшаңдық, тапқырлық танытуға, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге және көркем қара сөзбен жазылып, баяндауға негізделген шығарманың әңгіме болатынын ұғындыру.



Тәрбиелік: әңгімелері арқылы адамгершілікке баулу, оқу – білімге шақыру,

еңбексүйгіштікке, елін, жұртын сүюге тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Проблемалық оқу: сұрақ – жауап, талдау, жинақтау,топтастыру.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс тілі,ағылшын тілі, сурет

Сабақтың көрнекілігі: Ыбырай суреті, шығармалары, презентация, үнтаспа

Сабақтың өту барысы:

 І. Ұйымдастыру кезеңі .



1) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

2) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушыларды екі топқа бөлемін. Бағалау парақтарын топ басшыларына таратамын.

I топ «Білгірлер»

II топ«Тапқырлар»

Ой қозғау

Оқушылардың ойын бір ортаға топтау үшін мынадай ой тастаймын.

-Біздің бүгінгі және ертеңгі, болашақтағы мақсатымыз не?

Балалар осы сұраққа мына түрде жауап береді:

-Оқу, білім алу.

-Тәрбиелі, саналы азамат болу.

-Еңбек ету.

-Өзімізден кейінгі ұрпақтарға үлгі-өнеге көрсету.

-Ол үшін не істеу керек?

-Үлкенді тыңдап, кішіге қамқорлық көрсетіп, сабақты зейін қоя тыңдау керек.

Біз ата-бабаларымыздың салт-дәстүрін жаңғыртатын, жаңалыққа ұмтылатын ізденімпаз оқушылармыз!

Әрдайым ізденіп, оқып, Ыбырай Алтынсариннің өлеңдерінде айтып кеткен жақсы қасиеттерді бойымызға сіңірсек, келер ұрпақтың белсенді азаматы мен азаматшасы боламыз.

 II. Үй тапсырмасын тексеру.



2.1I топ «Білгірлер». Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы

туралы айтады. 1 өлеңін жатқа айту

II топ «Тапқырлар». Ыбырайдың еңбегі «Қазақ хрестоматиясы» туралы,өлеңдері аудармалары туралы айтады. 1 өлеңін жатқа айту

Слайдта хронологиялық таблица мен «Қазақ хрестоматиясы»көрсетіліп тұрады. 

Үй тапсырмасын «Зымыран сұрақтар» бөлімі бойынша қорытындылау. Әр топқа сұрақтар қойылады.

1. Ыбырай қай жылы дүниеге келді? (1841 жыл 20 қазан)

2. Балқожа би кім? (Атасы)

3. Қай жылы мектепке қабылданады? (1850 жылы)

4. Ыбырайдың арман еткен мектебі қай қалада, қай жылы ашылды?

(Торғай,1864ж)

5. Кімге жолдаған хатында 14 қазақ баласын оқытуға аш қасқырдай кіріскенін баяндайды? (Н.И.Ильминский)

6. Оның қандай шығармалары бар?( « Кел, балалар, оқылық», « Өзен», «Өнер білім бар жұрттар» т.б.)

 7. Қай жылы Омбыда тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылды? (1881 ж)


1. Ыбырай қай жерде дүниеге келген? (Қостанай обл, Алтынсарин ауд)

2. «Қазақ хрестоматиясы» қай жылы, қай жерде басылып шықты?

(1879 жылы Орынборда)

3. Ғалым, профессор В.В.Григорьевпен қай жылы, қай жерде танысады?

(1859 жылы Орынборда)

4. Қай жылы Торғай облысы мектептеріне инспектор болып тағайындалады?

(1879)

5. «Қазақ хрестоматиясын» жазудағы басты мақсаты не?

6. Ыбырай мектепті қай жылы аяқтап шығады? (1857 ж)

 7.«Қазақ хрестоматиясы» деп аталатын оқулығы қай өлеңімен басталады және қай жылы жарық көрді?. ( « Кел, балалар, оқылық»!).



II. Жаңа сабақ

Мен бүгінгі сабағымызды Ыбырайдың бізге бала кезімізден санамызда жатталған мына өлең жолдарынан бастамақпын:

Бір Аллаға сиынып,

Кел, балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!

Оқысаңдар, балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар.

Оқушылар, Ыбырайдың осы өлең жолдарын оқығанда ең әуелі ойларыңызға не келеді?(оқушылар жауабы тыңдалады)

- Пікірлеріңе қосылуға болады. Өлең жастарды оқуға, білім алуға шақырады, оқудың пайдасын жан-жақты түсіндіруге бағытталған. Ыбырайдың ағартушылыққа деген ынтасын осы өлең жолдарынан-ақ байқауға болады.

Мағынаны тану
- Бүгін осы алған білімдерімізді толықтыру мақсатында «Ы.Алтынсарин-қазақ әңгіме жанрының негізін қалаушы. «Атымтай Жомарт» пен «Мейірімді бала» әңгімелері» атты тақырыбымен танысамыз.
Алдымен әңгіме дегеніміз не?

Әңгіме –оқиғаны баяндауға негізделген қара сөзбен жазылған көркем

шығарма. Әңгімеде бас-аяғы жинақы, тиянақты бір оқиға айтылады.

Көрнекті әдебиетші ғалым Қ.Жұмалиев өзінің "ХҮІІІ- ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті" деген ғылыми – зерттеу еңбегінде педагог- жазушыға: "ХІХ ғасырда қазақ даласынан шығып, орыс, Европа мәдениетіне қолы жеткен оқымысты, халық ағартушылар дәрежесіне көтерілген әрі педагог, әрі ақын- жазушы Ыбырай Алтынсаринның өз халқының келешегі үшін істеген еңбегі зор,"- деп баға береді.(2-еуі де слайдта оқушыға оқыту)


Ыбырай шығармалары қысқа мазмұнды, балалардың түсінуіне жеңіл. Аз сөзге көп мағына сыйғызу, мақал-мәтел мен афоризмдерді орынды қолдану, әр әңгіменің тағылымдық мәніне ерекше көңіл аудару Ыбырай шығармаларының өзіндік ерекшеліктері. Шығармалары мазмұны жағынан да, түрі жағынан да балалар әдебиетіне қойылатын талаптарға сай келеді. Сондықтан да Ыбырай Алтынсаринды балалар әдебиетінің негізін салушы дейміз.

Әрине Ыбырай әңгімелерін төменгі сыныптан бері оқып келе жатырмыз , сондықтан да жаңа сабақты әр топ өздері үйден дайындалып, презентацияларын қорғау керек болатын. Ал, қане, сөз сіздерде!

(Оқушылар дайындалып келген презентациялары бойынша Ыбырай әңгімелері туралы айтады. Және де тақырып бойынша салып келген суреттерін тақтаға іледі.)

Ой ашар:

«Атымтай Жомарт» пен «Мейірімді баланы» мазмұндау.



Сөздікпен жұмыс: (Әр сөздің орысша, ағылшынша аудармасын айту керек)

Жомарт-қолы ашық;

әбірет-тағылым;

жарлы-кедей;

күнәлі-айыпты.

Мәтінмен жұмыс:

Атымтай Жомартқа

Мәтінде не туралы айтылған?

Атымтай Жомарттың қандай адам болғанын білдіңдер?

Жарлыша киінгенінің мәнісі неде және оған қандай себеп айтты?

Халқымыздың салт-дәстүрінде шүленгерлік деген ұғым бар, қазірде оны қалай атап жүрміз?

Қазіргі заманда қайырымдылық жасаумен айналысып жүрген қандай жандарды білесіңдер?

“Жомарт” сөзіне синоним жаз.

Мәтінде төл сөз қатысқан сөйлемдер бар ма?

Мәтіндегі құрмалас сөйлемдерді тап.

Еңбек туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?



Мейірімді балаға

Қызы әкесіне неге ара түсті?

Патшаның үкімі дұрыс па?

Әңгімеде қандай тәрбиелік идеяны насихаттайды?

Қазіргі заманда мұндай мейірімді бала бар ма?

«Баласы әкесі үшін жауап бермейді» деген сөздің осы жерге қатысы бар ма?

«Атаның баласы болма, адамның баласы бол» деген нақыл сөздің мағынасын аш.

«Мейірім» сөзіне синоним жаз

Мейірімділік, адамгершілік туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

Өзім жаңа сабақты қорытындылап жіберем. Және де орыс әдебиетімен байланыстыру.

Шығармашылық жұмыс «Жақсылық тамшысы» :

(«Ақ жауын» күйі жіберіледі)

Әр оқушы өзі жасаған жақсы істерін немесе өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін жазып жеткізеді. Тамшыны жасыл жапырақ бетіне іліп жатқанда әр оқушы өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсылықтарын, қасиеттерін жария етеді.

Венн диаграмма: Ұлылар үндестігі

Ы.Алтынсарин

Ортақ белгілері

Н.Ә.Назарбаев











Сабақты бекіту:

Рефлексия.

«Алты қалпақ» техникасы бойынша

Оқушылар өздеріне бір қалпақ таңдап алады. Әр қалпаққа сай сұрақ болады. Сұраққа байланысты оқушы өткен сабақ туралы өз пікірін айтады. 


Ақ қалпақ: Сабақта не білдің? 
Сары қалпақ: Бүгінгі кейіпкердің қайсысы ұнады? Несімен ұнады? 
Қызыл қалпақ: Бүгінгі сабақ сенде қандай эмоция тұғызды? 
Қара қалпақ: Сабақта қандай қиындық кездестің ? 
Жасыл қалпақ: Не істеуге болады? Идеяларың бар ма? 
Көк қалпақ: Неге қол жеткіздік? Не білгің келеді? 
Қорытынды:

Талпынған табиғатты өзгертем деп

Жан болып кетпеймін деп өмірден тек.

Білімін қараңғы елге шырақ еткен,

Ұрпағын қалмасын деп өнерден, - деп Мәриям Хакімжанова айтқандай, біздің кемеңгер ұлы бабамыз Ыбырай Алтынсарин туған халқы үшін жан аямай еңбек етті.Қысқа өмір сүрсе де ұрпақтарына үлгі - өнеге боларлық, тәлім аларлық бай мұра қалдырды.Ол ашқан мектептер шамшырақ болып бүкіл қазақ еліне нұрын, сәулесін шашты. Өзі өшсе де сөзі өшпейді дегендей, өзі жоқ болса да біз үшін оның еңбектері мәңгі өшпейтін мұра болып қалмақ.

Бағалау: Өз-өздерін бағалау

Үйге тапсырма. 1. Ыбырай әңгімелерін оқу

2. «Ыбырай – аудармашы» тақырыбына мәнжазба жазу

3. «Ыбырай - балалар әдебиетінің атасы» тақырыбына

ойтолғау жазу




Топтастыру: Әңгімедегі тәлім –тәрбиелерді саралап шығалық.(осы кезде оқушылар өздері дайындап келген аудионы қосып қояды.)
Топтастыру стратегиясы


Ыбырай әңгімелері арқылы нені үйрендім?



Әдебиет лотосы


Шығарма аты

Кейіпкерлері

Оқиға желісі

Түйінді ой

Қазіргі заманмен салыстыру


Асыл шөп














Бақша ағаштары













Білгеннің пайдасы














Жаман жолдас














Сақып














Салақтық













Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет