Лекция топтамасы «5В011400 Тарих»


Лекция № 12. XVI-XVIII ғғ. Қазақ-жоңғар қатынастары. Қазақстан Ресей протектаратында



бет14/18
Дата08.02.2022
өлшемі1,56 Mb.
#98812
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
ҚАЗАҚСТАН ТАР ӨЗЕК МӘСЕЛЕ ЛЕК
ҚАЗАҚСТАН ТАР ӨЗЕК МӘСЕЛЕ ЛЕК, ҚМЖ Бернулли формуласы, American journalism, About my dream Тolegenova.B docx (копия), Қaтaң дaуыccыз дыбыстap сессия, Тарих Экзамен жауаптары по билетам
Лекция № 12. XVI-XVIII ғғ. Қазақ-жоңғар қатынастары. Қазақстан Ресей протектаратында.
Жоспар:

  1. XVI ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басындағы қазақ-жоңғар соғыстары.

  2. XVIII ғасырда Ресейдің отарлау саясатына қарсы күрес

Қазақ хандықтарының Ресейге қосылуы карсында екі елдің өмірінде де мұны тездетуге әсер еткен саяси оқиғалар болды. Тәуекел, Хақназар, Тәуке хандардың кезінен екі елдің арасындағы саяси, экономикалық және сауда қатынасы біршама жолға қойылады. Патшалы Ресей, Қазан, Астрахань хандықтарын, Батыс Сібірді, Қазақстанмен шекаралас көшіп-қонып жүрген башқұрт, қалмақ, ноғай халықтарын жаулап алып Қазақстанмен шекаралас болды. Бірінші Петрді кезінен патша үкіметі қазақ жеріне бірнеше бекіністер салды. Ресейдің жаңа дамып келе жатқап жеңіл өнер кәсібі үшін Қазақстан базары қажет болды.


Қазақ хандықтары да Ресеймен саяси, экономикалық қарғым-қатынасты жолға қоюға мүдделі болды.
Қазақстанның шығысында шекаралас өлкеде қуатты жоңғар мемлекетінің құрылуы жоңғар билеушілерінің шапқыншылық саясаты қазақ еліне зор қауіп төңдірді. Жоңғар хунтайшылары XVII ғасырдың ақыры, XVIII ғасырдың басында қазақ жеріне бірнеше рет баса көктеп кірді, бұл шапқыншылық ақыры - Ақтабан шұбырынды оқиғасына әкеп соқты. Қазақ халқы басын қосып күш жинап жоңғар шапқыншылығында бірнеше рет ойсырата соқы беріп елін, жерін қорғауға әзір екенін дәлелдеді. Бұған салқым Жәңгірдің әрбұлақтағы, Әбілхайыр бастаған қазақ сарбаздарының екі реткі жеңісі куә болады. Бұл жеңістердің негізгі шарты жүздердің тайпалардың, рулардың басының бірігуі еді. Дегенмен қазақ халқының бірлігі үнемі баянды бола бермеді. 1729 жылы Анықарай маңында болған жеңіс жоңғарларды қазақ жерінен біржола қуып тастауға мүмкіндік туғызып еді, бірақ бұл мүмкіндікті қазақ билеушілер пайдалана алмады. Жоңғар шапқыншылығы, оның артынан батысқа табындап жылжып келе жатқан Цин айдаһары қазақ билеушілерінің қуатты бір мемлекеттің көмегіне сүйену туралы шешім қабылдауына әсер еткен бірінші себеп еді. Екінші жағынан тайпа, рулардың орталық үкіметтен жеке дара болуды көздеуі, елдегі саяси бытыраңқылық қазақ билеушілерінің өз үстемдігін нығайту мүддесі олардың Ресейдің қол астына өтіп оның көмегіне сүйену туралы шешім қабылдауына тағы бір себеп болды.
Аталмыш себептер 1730 жылы күзде кіші жүздің ханы Әбілхайырдың Ресейдің қарамағына алуды сұрап патша үкіметіне елшілік жұмсауға әкеп соқты. 1731 жылы ақпан айында Ресей патшайымы Анна Ивановна Кіші жүзді Ресейдің құрамына қабылдау туралы граммотаға қол қайды. 1740 жылы Орынборда болған съезде Орта жүздің Әбілмамбет сұлтан Абылай Ресейдің құрамына кіру туралы шешім қабылдады. Қазақстанның Ресейге қосылуы көп жылдарға созылды. Кіші және Орта жүздің Ресейге өтуі туралы мәселе шешілген соң жекелеген тайпа, ру басылары патша үкіметіне адал болатыны туралы хат беріп қосылу процесі жалғаса берді.
Әбілхайыр хан Ресейге адал болатынын, Ресейдің қарамағындағы ұсақ халықтармен жер-жайылым үшін қақтығысқа бармайтынын, патша үкіметі талап етсе Қазақстан әскер бере алатынын, өзінің бір ұлын аманатыққа беретініп айтып патша үкіметінің екілінің алдында ант берді. Патшаның Әбілхайырға жолдаған граммотасында қазақ елдің басқа біреудің шапқыншылығын қорғайтыны туралы айтылғанымен бұл уәде орындалмады. Қазақ жүздері Ресейге қосылған соң тағы да отыздай жылға созылған жоңғар шапқыншылығы кезінде Ресей империясы қазақтарға көмекке келмеді.
Кеңес дәуірінде айтылып келген қазақ халқының Ресейге өз еркімен қосылғаны туралы қорытынды шындыққа жатпайды. Қазақ билеушілер Ресейге қосылу туралы шешім қабылдағанда халықтың пікірін алмады. Қазақ халқы Ресейдің отаршылдығына қарсы көп жыл бойы күресті. Ресейге қосылу мәселесінде қазақ атқа мінерлерінің біразы қарсы болғаны белгілі.
Осы және басқа оқиғалар Кіші және Орта жүздің Ресейге қосылуын отаршылдықтың басталғанын патша үкіметінің Қазақстандағы саясатының отаршылдық сипатта болғанына дәлел.
Абылай төре тұқымынан, өз аты Әбілмәнсүр. Ол 1712 жылы дүниеге келеді. Жас кезінде көп қыиншылық, жоқшылық көрген. Төле бидің малын баққан. Абылайдың қазақ халқның тәуелсіздігі үшін қажырлы күрескерлік қасиеті, ерлігі 1729 жылы Аңырақайда жоңғарларға қарсы соғыста айқын көрінеді. Жоңғарлармен шешуші шайқас жүріліп жатқан кезде "Абылайлап" жауға шауып ерлік жасайды. Осыдан былай ол "Абылай" деп аталып кетеді.
Абылай жас кезінде Орта жүздің ханы Әбілмамбеттің жанында кеңесші сұлтан ретінде Орта жүз хандығының ішкі, сыртқы сасяатын айқындауға, оны жүзеге асыруда үлкен роль атқарады. Ол өзінің қабілеттілігінің арқасында ханмен бірдей дәрежеде болады. Сондықтан да жекелеген тарихшылар Абылайды орта жүзге 40 жыл хан болды деп есептейді. 1771 жылы Әбілмамбет хан қайтыс болтан соң Орта жүздің игі жақсылары Абылайды Әзірет Сұлтан мешітінде ақ киізге көтеріп хан сайлайды! Абылай осы кезден бүкіл қазақтың ханы деп есептеле бастайды. Оның билігі Ұлы және Кіші жүзге де жүреді. Абылай 1710 жылы Әбілмамбет ханмен бірге Орынборға барып Ресей тағыла адал болу туралы ант береді. Ал енді Абылай орта жүз ханына сайланған соң патша үкіметі онан хан ретінде ант алуды көздейді. Бірақ Абылай өзін қазақ халқы хан етіп сайлағанын бетке ұстап патша үкіметіне ант беруден бас тартады. Қазақ даласындағы Абылайдың беделі патша үкіметінің оны Орта жүздің ханы деп мойындауына әсер етеді. Абылай 1781 жылы қайтыс болады.
Абылайдың бүкіл қазақтың ханы ретінде ұстанған ішкі саясаты шетел басқыншыларына қарсы бүкіл қазақ халқының басын біріктіруге байланысты болды. Ол Тәуке хан бастаған сұлтандардан, ру басшыларының жеке даралығына қарсы күрес жургізіп едәуір нәтижелерге қол жеткізеді.
Абылай ханның сыртқы саясаты Ресей, Жоңғар, Цин империясының Қазақстандағы саясатына сай жүрілді. Абылайхан Ресей тағына хан ретінде игі бермегенімен онан алыстап кетпеді де, бодандыққа байланысты Ресейдің жүргізген саясатын жүзеге асырмады. Абылай хан Цин империясының да боландығын мойындады. Ол Ресей мен Қытайға бодандықты қазақ халқының мүддесі үшін пайдаланды, қазақ халқының мүддесіне қайшы қадамға бармадьг. Бұл саясат нәтиже берді.
Абылай ханның сырт саясатындағы маңызды бағыты жоңғарларға байланысты болды. Абылай елуінші жылдары қазақ жерлеріне қоныс тепкен жоңғарларды оңтүстік өлкеден қуу соғысын ұйымдастырды. Қытай армиясының шапқыншылығынан жоңғар мемлекеті әлсіреген кезде Абылай хан жоңғар хунтайшыларының азаттық қозғалысьгн қолдап жоңғар ісіне араласты.
Сөйтіп қазақ халқының басына түскен ауыр жылдары Абылай хан жүргізген көреген саясат қазақ елінің тәуелсіздігін, елін, жерін сақтап қалуда үлкен рол атқарды.
1773-1775 жылдары Ресейде Дон казагы Емельян Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі болды. Ол өз сыбайластарының көмегіне сүйеніп өзін III Петр патша деп жариялады. Пугачев патша үкіметіне қарсы басыбайлылықты жою үшін күресті. Басыбайлылықтан зардап шеккен шаруалар оның маңына топтасты. Ол қазақтарға арнап манифест жариялады. Онда қазақтарға жер беремін, ешкімге жәбірлетпеймін деген уәде берді. Ресей отаршылдығынан зардап шегіп жерінен айрылған қазақтар Пугачев көтерілісіне қатысу арқылы патша чиновниктері тартып алған жер жайылымдарын қайтарып алмақ болды. Сондықтан Кіші және Орта жүздің қазақтары көтеріліске белсене қатысты, Пугачев өз сарбаздарымен Орынбор қаласын қоршайды. Бұл қоршауға 6000 қазақ қатысты деген мәлімет бар. Орынборды ала алмаған Пугачев Қазан, Саратов қалаларын қоршайды, бұған да қазақтар қатысты. Пугачев бастаған қозғалыс 1775 жылы қаңтар айында жеңіліске қшырап Пугачев дарға асылды.
Пугачев бастаған шаруалар қозғалысына қазақтардың қатысуы олардың патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы тұңғыш рет бас көтеруі еді. Пугачев көтерілісі қазақ халқының алдағы уақыттарда ұлт-азаттық қозғалысында жалғасын тапты.
Сырытм Датұлы бастаған қозғалыс 1783-1797 жылдары Кіші жүзде бодды. Қозғалыстың негізгі себебі патша үкіметінің отаршылдығының тереңдеуі, күшейе түсуі еді. Бұл патша үкіметінің қазақ жеріне бекіте салуы, қазақ жерлерін тартып алуы, жергілікті әкімшіліктің халыққа зорлық-зомбылығының күшеюімен көрінді. Осы кезде Жайық пен Еділ арасындағы құнарлы жерді патша үкіметі қалмақтарға беріп қойғанды. 1771 жылы қалмақтар бұл жерден жоңғар жеріне қарай ауа көшкен соң патша үкіметі халықтың талабымен бұл жерге қазақтардың қоныстануына ұрықсат етті. Оның билігі кіші жүздің ханы Нұралы мен Ресейдің жергілікті әкімшілігінің қолына өтті. Бұл екеуі бірігіп халықты Жайықтың батысына өткені пәре алып аяусыз тонады. 1782-83 жылдары Жайықтың сол жақ жағалауында жұт болып халық күйзелді.
Қозғалысты байбақты руының басшысы Пугачев кетерілісіне белсене қатысқан С. Датұлы басқарады. 1785 жылы көтерілісшілердің саны 6 мыңға жетті. Қарапайым қазақ көтерілісшілерді қолдап оларға барып қосылып жатты. Нұралы хан халықсыз қалды. Патша үкіметі жұмсаған жазалаушы отряд көтерілісті баса алмады. Патша үкіметі көтерілісті басуды Орынбор генерал-губернаторы Игельстромға тапсырды. Ол 1786 жылы Кіші жүзге реформа енгізді. Реформаның мақсаты хандық үкіметті жойып билікті ру басыларына беру болды. Дегенмен Игельстром реформасын үстем тап өкілдері қолдамады.
Сырым Датұлы бастаған қозғалыс жалғаса берді. Көтерілісшілер хан мен сұлтандардың ордасына, Жайық бойындағы бекіністерге үнемі шабуыл жасаумен болды. Патша үкіметі Кіші жүздегі қозғалысты күшпен баса алмайтын болған соң әртүрлі амал-айла қолдануға мәжбүр болды. Патша үкіметінің бұл айласын Игельстром жүзеге асырмақшы болды. 1797 жылы көтерілісшілер халыққа тынымысыз хан Есімді өлтірген соң патша үкіметі жаңа хан сайлауды кейінге қалдырып үстем тап өкілдерін тарту мақсатымен хан кеңесі дегенді құрмақ болды. Үстем тап өкілдерінен құралған хан кеңесіне Кіші жүздегі барлық билік берілді.
1797 жылы тамызда хан кеңесі шақырылды. Патша үкіметі Сырымдағы хан кеңесінің мүшесіне тағайындады. Хан кеңесі болып жатқан жерге мың сарбазымен бірге Сырым Датұлы келіп көтертлісті тоқтататынын мәлімдейді. Көтеріліс басшысының бұл мәлімдемесі Сырым Датұлы хан кеңесіне мүше болған соң көтерілісшілерді сатып кеткендік емес еді.
Көтеріліс 14 жылға созылып, көтершісшілер шаруашылықтан қол үзіп халық күйзелді. 1795-1796 жылы Кіші жүзде болған жұт халықтың жағадйын ауырлата түсті. Көтерісшілер өздері қойған талаптардың біразының орындалуына қол жеткізді. Патша үкіметі Еділ мен Жайық арасындағы жайылымға халықтың қоныстануына ұлықсат берді.
Сырым Датұлы бастаған қозғалыстың зор маңызы бар. Бұл Ресейдің отаршылдығына қарсы бағыталған тұңғыш көлемді қозғалыс болды. Бұл қозғалыс Ресейдің Қазақстандағы саясатының отаршылдық сипатын әшкерелеп халық бұқараны алдағы уақытта жаңа-жаңа қозғалыстарға шақырды.
Сырым Датұлы бастаған көтеріліс ұлт азаттық сипаттағы қозғалыс.
1801 жылы патша үкіметі ішкі орда немесе Бөкей хандығы атты мемлекет құрады. Кіші жүздің жерін екіге бөліп жүзге байланыссыз төртінші мемлекет құрғандағы патша үкіметінің мақсаты өзінің отаршылдық әрекетіні тереңдету еді. Патша үкіметі қос өзеннің арасындағы шаруашылық жүргізуге қолайлы жерге жаңа мемлекет құрып, онда үлгілі шаруашылық ұйымдастырып, сол арқылы Ресейдің қол астына өте қоймаған тайпа, руларды тарту еді. Патша үкіметінің бұл ниеті Жәңгір хан жүргізген реформалардан көрініс тапты.
Жәңгір хан әкесі Бөкей хан қайтыс болған соң 1824 жылы хан тағына отырады. Ол қыстау және шабындық жерлерді жеке меншікке берудең өз реформасын бастайды. Бұл реформаның мақсаты жерді интенсивті түрде пайдалану болды. Сондай-ақ ол шет елдерден асыл тұқымды мал әкеліп қазақы малмен будандастыру арқылы мол өнім беретін мал тұқымын жасауды ұйымдастырды. Ол Ресеймеи және басқа елдермен сауда байланысын дамытты, тұңғыш жәрмеңке ашты. Бұл тауар-ақша қатынасының дамуына әсер етті. Жәңгір хан ордасында қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашты. "Орда мектебі" деп аталған бұл оқу орнын бітіргендерді хан Ресей қалаларына оқуға жіберді. Орда мектебінен қазақтың тұңғыш интеллигенциясы туып жатты.
Жәңгір Нарын құмының Жиеқұс мекенінде хан ордасын ашқызды. Ағаш үйлердін құралған бұл қалашықтар хан үкіметінің кеңселері, қызметкерлердің үйі салынды, осы үлгімен сұлтандар, ру басылары өздеріне жеке үй салдырды. Жәңгір хан үкіметін нығайту үшін билікті ханның қолына топтастырып, сұлтандар мен ру басыларының билігіне шек қойды.
Жәңгір хан осы және басқа реформаларды үстем тап өкілдерінің мүддесі тұрғысынан жүзеге асырғанын жоққа шығаруға болмайды. Сонымен қатар ол жүргізген шаруашылық және білім саласындағы реформалар қарапайым халыққа тиісті дәрежеде пайдалы болды. Сондықтан да Жәңгір ханның жүргізген реформасының прогрессивтік сипатын, оның жеке басының реформаторлығын ғалымдар мойындайды.
1836-1838 жылы Бөкей ордасында болған ұлт-азаттық қозғалысты рубасы Исатай Тайманов мен дарынды ақын Махамбет әтемісов басқарды. Көтерілістің негізгі себебі патша үкіметінің отаршылдық әрекеті еді. Патша үкіметі Каспий теңізінің шаруашылық жүргізуге қолайды солтүстік жағалауын Ресей помещиктерінің қолына берді. Олар осы жерден балық аулау, тұз алу, егін егу, мал жаю кәсіпкерлігімен шұғылданбақшы болған халықты қатал қанады. Бұл көтерілістің негізгі себебі еді.
Сонымен бірге көтерісшілер Жәңгір хан мен оның туыстарының қарапайым халыққа жасаған қиянатына қарсы шықты. Исатай мен Махамбет қол жинан Ресейдің отаршылдық әрекетін жүргізіп отырған сұлтандар мен билердің ауылдарына шабуыл жасаудан көтерілісті бастады. 1837 жылы 5 мыңға жеткен көтерісшілер Жәңгір ханның ордасын қоршады. Жәңгір ханның өтініші бойынша Орынбор генерал-губернаторы көтерілісті басу үшін жазалаушы отряд жұмсайды.
Көтерісшілер мен жазалаушы отрядтың арасында 1837 жылы қарашада Тастөбе деген жерде қысқа, бірақ кескілескен шайқас болады. Көтерілісшілер 100-дей адамынан айрылып ұсақ топтарға бөлініп жан-жаққа тарап кетеді.
Исатай мен Махамбет көтерілісшілерден шағын отряд құрып жазалаушыларға кенеттен шабуыл жасап үлкен шығынға ұшыратып кетіп отырады. Олар патша әскерлеріне қарсы күресті жалғастыру үшін Жайық сыртына өтіп Кіші жүз халқын көтеріліске жұмылдыруды көздейді. Осы мақсатпен олар неғұрлым табанды, сенімді сарбаздарды бастап 1837 жылы желтоқсанда Жайықтан өтеді. Көтеріліс басшылары Кіші жүз халқынан сарбаз жинап бірсыпыра күшейеді. 1838 жылы шілде айында жазалаушы отрядпен көтерілісшілер арасында шешуші шайқас болады. Көтеріліс жеңіліп, Исатай қаза табады.
Көтеріліске қатысушылар мен оларға ниеттес болған бейбіт ауылдар аяусыз қуғын-сүргінге ұшырайды. Көтеріліс жеңілген соң Махамбет қырда бой тасалап патшаға, ханға қарсы үгіт жүргізуге кіріседі. Ұзамай отаршылдар оны да өлтіреді.
Сөйтіп Исатай, Махамбет бастаған көтеріліс жеңіліске ұшырайды. Бұл көтеріліс Қазақстан тарихындағы бұқаралық және ұлт-азаттық сипаттағы қозғалыстың бірі болды. Бұл қозғалыс патша үкіметінің отаршылдық саясаты мен үстем тап өкілдерінің сатқындығын әшкерелеп берді. Көтеріліс қазақ халқының ұлт-азаттығы үшін күресінің алдағы уақытта да жалғаса беруіне әсер етті.
Кеңесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс 1837-1847 жылдарды қамтып он жылға созылды. Кеңесары Ресейдің отыршылдығына қарсы күресте аты шыққан әулеттің ұрпағы. Оның әкесі Қасым, ағалары Саржан, Есенкелді, баласы Садық өз өмірлерін Ресейдің отаршылдығына қарсы күреске арнаған қайраткерлер.
Ресейдің отаршылдығына қарсы бағытталған қозғалыстармен салыстырғанда Кеңесары қозғалысының бірнеше ерекшелігі, артықшылығы болды. Бұл көтеріліс Қазақстан тарихындағы хан басқарған бірден бір көтеріліс. Бұл қозғалыстын бұқаралық сипаты болды. Көтеріліске үш жүздің халқы қатысты көтерілісшілер қатарында өзбек, орыс, поляк, қырғыз және басқа халықтардың өкілі болды. Көтеріліске атышулы батырлар қатысты. Кеңесары бастаған қозғалыс ұзаққа созылған тегеурінді қозғалыс болды. Патша үкіметінің жазалаушы отряды 10 жыл бойы Кеңесарының соңына түскенімен ауыз толтырып айтарлықтай табысқа жете алмады. Кеңесары қазақ халқының саяси тәуелсіздігінің белгісі болған хан үкіметін қалпына келтіру үшін күресті.
1841 жылы үш жүздің өкілдері Қ.А.Яссауи мешітінде Кеңесары Қасымұлын үш жүзге хан көтереді. Кеңесары Қасымұлы патша үкіметі жойып жіберген хандық үкіметті қалпына келтірді. Кеңесары ханның билігі Жайық, Ертіс, Ишим бойында үстем болған патшаның жергілікті әкімшілігінен басқа үш жүзге жүрді.
Кеңесары сарбаз жинап 1838 жылы Ақмола бекінісін қоршап оны өртеп жіберді. Сөйтіп, Кеңесары қозғалысы басталды. Кеңесары мұнан соң өз ордасын көшіріп, сарбаздарын ертіп үш жүзді аралап шықты. Сондай-ақ ол Хиуа хандығына, қырғыз еліне барды. Оның бұл арада көздеген мақсаты үш жүз өзбек, қырғыз халқын Ресейдің отаршылдығына қарсы күреске жұмылдыру еді. Үш жүз халқының біразы Кеңесары қозғалысына қосылғанмен өзбек, қырғыз билеушілері патша үкіметі жүргізген астыртын әрекеттің салдарынан Кеңесарыға еруден бас тартты.
Кеңесары 1847 жылы Шығыс, Түркістан жеріне етіп кету мақсатымен екінші рет қырғыз жеріне барады. Қырғыз мансаптарымен болған шайқаста Кеңесары сарбаздары жеңіліске ұшырап өзі қаза болады.
Кеңесары бастаған көтеріліс патша үкіметінің отаршылдығына қарсы бағытталған ұлт-азаттық сипаттары, прогрессивтік қозғалыс болды.
Кеңес үкіметі тұсында Кеңесары қозғалысына монархистық сипаттағы реакциялык қозғалыс деген баға берілді. Қазақстан тарихшылары бүгінгі таңда тарихи деректерге сүйеніп Кеңесары қозғалысының ұлт-азаттық, прогрессивтік сипаты туралы объективтік шындықты дәлелдеп берді.
XIX ғасырдың екінші жартысында Сыр бойын мекендеген қазақтардың саяси, экономикалық жағдайы ауыр болды. Патша үкіметі өзінің отаршылдық әрекетін тереңдете түсті. 1853 жылы генерал Перовский басқарған Ресей әскерлері Ақмешіт (қазіргі Қызылорда) қаласын басып алып қазақтардың құнарлы жердеріне қазақтар мен қақас шаруаларын қоныстардыра бастады. Патша үкіметінің жергілікті әкімшілігі әртүрлі алым-салықты көбейтіп халықты қанап отырды. Сондай-ақ өлкеде Хиуа хандығы билеушілері халыққа зардап көрсетіп отырды. Міне осындай ауыр хал ахуал сыр қазақтарының Ресей және Хиуа билеушілеріне қарсы көтеріліске шығуына себеп болды. Көтерілісті шекті руынын, басшысы Жанқожа Нұрмағанбетов бастады. Ол халық арасында беделді, ержүрек адам болған.
Жанқожа сарбаз жинап 1843- жылы Хиуалықтардың Қуаңдариядағы бекінісін талқандаудан көтерілісті бастайды. Ол Кеңесары қозғалысына да қатысты. Онымен бірігіп хиуалықтардың Созақтағы бекінісін талқындады. Патша үкіметі Жанқожаның халық алдындағы беделі мен Хиуалықтарға қарсы күресін өз мүддесіне пайдалану мақсатымен оған шен-шекпен (Есаул шені) сый-сыяпат көрсетіп Ресейде адал болу туралы ант беруді талап етті. Ол бұл талаптан бас тартты.
Ресейдің отаршылдық әрекетіне көзі жеткен Жанқожа көтерілісті Ресейге қарсы бағыттады. 1856 жылы Жанқожа (ол осы кезде 90 жаста болатын) Қазалы портына шабуыл жасап патша әскерлерімен бірнеше реткі шайқаста жеңіске жетеді. 1857 жылы болған шешуші шайқаста Жанқожа сарбаздары жеңіліске ұшырайды. Жанқожа көтеріліс жеңілген соң Орта Азия жеріне көшіп би болып қызмет атқарады. Оны қарсыластары өлтіреді.
Қазақ жеріне әскери бекіністер салу Ресей патшасы I Петр кезінен басталған. Оның жарлығымен 18 ғасырдың басқы ширегінде Омбы, Семей, Өскемен бекіністері салынды. Бұл бекіністер Ресейдің Шығыс шегін жоңғар шапқыншыларынан қорғау мақсатында салынды. Қазақстан Ресейдің қарамағына өткеннен соң патша үкіметі Қазақстандағы қоршап бекініс салуға кірісті. Сөйтіп Атыраудан Алматыға дейінгі бекіністер жүйесі пайда болды. Бұл бекіністер қазақ жерін жартылай шеңбермен қоршады, мұны ғалымдар аттың тағысына ұқсатады. Патша үкіметі қазақ жеріне бекіністер салып оған жақсы қаруланған әскери гарнизондарды әкеліп орналастырды. Бекіністердің айналасына қазақтардың қоныстануына тиым салды. Ол жерлерге Ресейден шаруалары әкеп орналастырды. Бұл шаруалардың міндеті бекіністегі әскерлерді астық, азық-түлікпен қамтамасыз ету болды.
Бекіністерге орналасқан әскерлердің дені қазақтар болды. Патша үкіметі жақсы қаруланған қазақ жасақтарын бекіністерге орналастырып, оларды қазақ халқының азаттық қозғалысына қарсы пайдаланбақшы болды. Бұл мақсатты қазақтар орындады, олар қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстарын күшпен басып отырған.
Патша үкіметінің қазақ жеріне бекіністер салуы оның Қазақстанда жүргізген саясаттың отаршылдық сипатын дәлелдейді.
Патша үкіметі 19 ғасырдың басында отаршылдық саясатты тереңдете отырып, қазақ халқының саяси тәуелсіздігіне қол сұқты. Патша үкіметі 1822 жылы "Сібір қазақтары туралы" , 1824 жылы "Орынбор қазақтары туралы" ереже қабылдап аталмыш ережелер бойынша хандық үкіметті жойды. Қазақтарды қазақтардың өзі билеген "Дала демократиясы" деп аталған хандық үкімет қазақтардың саяси тәуелсіздігінің белгісі еді. Сондықтан хандық үкіметті және қазақ халқының саяси тәуелсіздігін жою болып табылады. Хандық үкіметті және патша үкіметінің отарлау саясатының тереңдей бастағанын дәлелдеген оның отаршылдық саясатындағы кезекті қадам болды.
Патша үкіметі хандық жойып Ресейдің әкімшілік жүйесін енгізді. Орта жүзге округтік жүйе енгізді. Бұл жүйе бойынша орта жүз-округ, болыс, ауылға бөлінді. Әкімшілік жүйесінің соңғы сатысы болып есептелетін ауыл 50-70 үйден құралды. 10-12 ауыл бірігіп бір болыс болды. 10-15 болыстан округ құралды. Округттерді аға сұлтандар, болыстарды сұлтардар, ауылды ауылнайлар басқарды. Аталған лауазымдығылар Қазақстанда патша үкіметінің саясатын жүзеге асыруға тиіс болды. Ереже бойынша қазақ билерінің құқығына саясатын жүзеге асыруға тиіс болды. Ереже бойынша қазақ билерінің құқығына шек қойылды. Олар дау-дамай тәрізді ұсақ істерді ғана қарайтын болды. Орта және Қарқаралы, Көкшетау округттері құрылым, кіші жүз бен орта жүздің түйілісіндегі қазақ жерін бірте-бірте тартып алу саясатын патша үкіметі жүзеге асырды.
Ереже бойынша болыстармен ауылнайларды сайлау жүйесі енгізілді. Бұл басқару жүйесіндегі прогресс болғанымен болыс сұлтандарының мүрагерлік құқығын қалдырғаны сайлау жүйесінің прогрессивтік мәнін жоққа шығарды.
Патша үкіметі 1824 жылы қабылдаған Орынбор қазақтанры туралы ережеге сай хан үкіметі жойылды. Кіші жүзді билеуші сұлтандар бастаған 3 бөлікке белді. Бұл үш бөлік кіші жүздің Батыс, Орта, Шығыс бөлігінде орналасқан руларға негізделіп құрылды. Мәселен, Шығыс бөлік Әлімұлы, Шөмекей, Қыпшақ руларынан құрылды.) Бұл бөліктер Орынбордағы шекаралық комиссияға бағынатын болды да билауші сұлтандар шекаралық коммисясының чиновнигі дәрежесінде болды. Билеуші сұлтандарды Орынбор әскери губернаторлары, басқа чиновниктерді шекаралық комиссия тағайындады.
Кіші жүзде орта жүзде енгізілгендей сайлау жүйесі болмады. Кіші жүзге арналған ережеде қамқоршы деген лауазым енгізілді. Оның міндеті әскери бекіністер мен қазақтардың арасына байланыс орнату болды. Оқиғаның алдағы барысында бұл лауазым Ресейдің отаршылдық саясатын жүзеге асыратын құралға айналды. Сот жүйесінде өзгерістер болды. Қазақтардың арасындағы ірі қылмыстарды Орынбордағы әскери сәт шешті. Билерге ұсақ-түйек істер қалдырылды.
1822-1824 жылдары Орта және Кіші жүзге енгізілген ереже бойныша бұл екі жүз де хан үкіметі жойылды. Ресей жаңа әкімшілік жүйесін енгізді. Бұл жүйе алдағы уақытта қазақтардағы билік Ресей чиновниктерінің қолына беруге дайындық болды.
Қазақстанның Ресейге қосылуы 18 ғасырдың бірінші жартысында Кіші жүз бен Орта жүздің Ресейдің отарына айналуынан басталды. Мұнан соң ХІХ ғасырдың ақырына дейінгі уақытта жекелеген рулардың Ресейге қосылу процесі жүрілді.
Ұлы жүз Ресейге ең соңынан қосылды. Мұнын себебі Ұлы жүздің жері осы кезде Қоқан, Хиуа билеушілерінің қол астында болды. Қазақстанның оңтүстігін өзіне қосып алу үшін Ресейге аталмыш екі мемлекетпен соғысуға тура келер еді. Патша үкіметі бұған барғысы келмеді.
Ұзамай Ресейді Қазақстанның оңтүстігін жаулап алаулы тездетуне итермелеген оқиға болды. 1839 жылы ағылшындар Афганистанды басып алды. Орта Азия мемлекеттерінен шекаралас болған ағылшындар бұл өлкеге өз ықпалын жүргізу әрекетіне көшті. Орта Азия халықтарының арасында ағылшын тыңшылары қайтып кетті. Олар халықты Ресейге қарсы ағылшынның пайдасы үшін үгіттеді. Патша үкіметі үшін Орта Азияның маңызы зор еді. Орта Азия, Қазақстан Шығыс елдеріне аппаратын сауда жолында болды. Бұл елдердің ауыл шаруашылығынан алынатын шикізат, Ресей өнеркәсібінің өнім өткізетін рыногы осы елдерде болды. Сондықтан Ресей Орта Азиядан айрылғысы келмеді. Орта Азия өту үшін Қазақстанның оңтүстігін жаулап алу қажет болды.
XIX ғасырдың алпысыншы жылдары патша үкіметі Қазақстанның Оңтүстігіндегі қалаларды бірінен соң бірін әскери күшімен жаулап алды. Қоқан, Хиуа билеушілерінің езгісінен зардап шеккен Ұлы жүз халқының көпшілігі жаулап алуға келген орыс армиясын құтқарушы деп есептеді. Бұл жағдай Ресей армиясының хиуалықтарды Оңтүстіктегі қалалардан оңай қуып шығуға әсер етті.
Қазақ халқының келесі бір бөлігі Ресейдің жаулап алушылық әрекетімен ымырасқысы келмеді. Мәселен, Кеңесарының баласы Садық сұлтан қол жинап, Ресей армиясымен соғысқанымен, саны көп, қаруы мықты армияға қарсы соғыста табысқа жете алмады.
Патша үкіметі Қазақстанның оңтүстігін қосып алған соң Орта Азиядағы мемлекеттерді бірінен соң бірін жаулап алып, бұл өлкеге үстем болмақ болған ағылшындардың үмітін үзіп тастады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет