Лекция Тұтас педагогикалық процесте оқыту Оқыту заңдылықтары 2 Оқыту принциптерi мен ережелерi



бет6/9
Дата07.12.2022
өлшемі43,83 Kb.
#161721
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
лекция Тұтас педагогикалық процесте оқыту

Берiктiк принципi
Оқытудың тиiмдiлiгiн, сапасын жақсарту үшiн оқушылардың бiлiмдерiнiң берiк болуы даусыз. Бұл принцип көптеген тəжiрибелiк жəне теориялық заңдылықтарға сүйенедi:
оқушылардың бiлiм мазмұнын меңгеруi мен танымдық дамуы, оқу процесiнiң өзара байланысты екi жағы; бiлiм берiктiгi оқушының мұғалiмге, оқу пəнiне, жалпы оқуға деген субъективтi қатынасына тəуелдi; оқушылардың бiлiм берiктiгi оқытудың ұйымдастырылуы, түрi, əдiстерi,
уақыты арқылы қамтамасыз етiледi; қызықты жəне маңызды материал ұзақ əрi берiк есте сақталады.
Осы принциптi iске асыру үшiн мұғалiм бiрнеше ережелердi орындауы қажет.
- Оқушылар бiлiмдерiн сабақтар барысында; тақырып, тарауды оқыту аяқталған жағдайда; тоқсан мен оқу жылының басында, соңында қайталауды үнемi ұйымдастыру.
- Қазiргi мектеп жаттаудан ойлауға көшуiне байланысты оқушылардың жадын зорламай, бiлiмдi санасы мен сезiмдерiмен қабылдауды үйрету.
- Жақсы түсiнбегендi оқушының есiнде сақтауына жол бермей, тек саналы бiлiмдi жадында сақтату.
- Басты, негiзгi идеялар мен ұғымдарды есте сақтауды қамтамасыз ету үшiн оқушыларды анықтамалармен, энциклопедиялармен жұмыс iстеуге машықтандыру.
- Оқыту жүйесiнде түрлi (ауызша, жазбаша, лабора-ториялық-практикалық жұмыстары) жаттығу жұмыстарын ұйымдастыру.
- Оқуға, бiлiмге ынта-ықылас, қызығушылық, мұғалiмнiң өзiне сенiмi болса, оқушылардың оқу-таным əрекетi ерiктi, қуанышты болып, бiлiмдерi ұзақ уақытқа дейiн сақталады. – Бiлiмнiң берiктiлiгiне кедергi жасайтын сабаққа кешiгу, келмеу, сабақ кезiнде бос не басқа нəрселермен шұғыл-данып отыру, жалқаулыққа жол бермеу.
- Логикалық түрде берiлген, алынған, қайталанған бiлiмдер мен бiлiктер байланыссыз ақпаратпен салыстырғанда берiк екенiн ұмытпау.
- Оқушылардың ерiктi жəне ерiксiз зейiнiн тиiмдi пайдалану: тiкелей ұсыныстың орнына қызықты тапсырма, тəртiпке шақыру орнына мысал, мақал-мəтелдердi қолдану.
- Оқушылардың алған бiлiмдерiнiң берiктiлiгiн нығайтудың əр түрлi əдiс-тəсiлдерiн (сезiмге толы əңгiме, заманауи көрнекiлiктер, техникалық құралдар, оқу ойындары, пiкiр таластар) iске асыру.
- Жаттығуларды орындаған кезiнде оқушылар шаршауының алдын-алу.
- Жаңа оқу материалын ескi, таныс ақпаратпен байланыстыру.
- Оқушыларды өз бiлiмiн алу мен тексеруге бейiмдеу.
Оқытуды аталмыш ережелерге бағындыру - оқушылар бiлiмiнiң ұзақ уақыт бойы есте сақталуын, сол бiлiмдi өз өмiрiнде пайдалануын қамтамасыз ету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет