Лекция Тұтас педагогикалық процесте оқыту Оқыту заңдылықтары 2 Оқыту принциптерi мен ережелерi



бет7/9
Дата07.12.2022
өлшемі43,83 Kb.
#161721
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
лекция Тұтас педагогикалық процесте оқыту

Сəйкестпринципi
Бұл принцип ғасырлар бойы жинақталған педагог-тық тəжiрибеге негiзделiп, оқушыларға жеке-дара қарауды талап етедi.
Демек бұл оқушының бойында бар бiлiм, бiлiк, дағдылар деңгейiне сай жаңа ақпаратты ғана меңгере алады. Сəйкестiк принципiн дəлелдейтiн заңдылықтар: оқыту жас жəне дара ерекшелiктерге, оқу процесiнiң ұйымдастырылуы мен əдiстерiне тəуелдi; ақыл-ой дамуы мен алғашқы бiлiмдерi жетiк оқушы жаңа материалды тез меңгередi, оқудағы қиыншылықтарды жою баланың мiнез-құлқына, қабiлеттерiнiң қалыптасуына, бiлiмiнiң сапасы мен нəтижелiлiгiне оң /дұрыс/ ықпал етедi.
Сəйкестiк принципiн жүзеге асыру үшiн орындалатын ережелер:
- Оңайдан қиынға, таныстан бейтанысқа, жеңiлден күрделiге көшiп оқыту.
- Бiлiм беруде оқушы əрқашан дара, өзiнше ерекше екенiн ұмытпау.
- Балалардың ақыл-ойы, қабiлеттерi мен мүмкiндiктерi əртүрлiлiгiн ескере оқыту.
- Оқуда барлық оқушылар табысқа бiрдей жетуiн талап етпеу, алдыңғы дайындық деңгейiне сүйену.
- Оқушының жас ерекшелiктерiне сəйкес əдiстердi анықтау.
- Оқушылардан мүмкiн еместi талап етпеу, тапсырма өте жеңiл де, өте қиын да болмауын ойластыру.
- Оқыту жылдамдығы озат оқушыны тоқтатпай, əлсiз оқушыны iлгерi тарту мақсатын көздеу.
- Жаңа күрделi материалды өткенде озат оқушыға, қайталағанда орташа жəне нашар оқушыға сүйенiп оқыту.
- Ең күрделi бiлiмдi игерту үшiн аналогия, салыстыру, теңдестiру, қарсы қоюды пайдаланып оқушы ойын қоздыру.
- Жалпы заңдар мен заңдылықтарды түсiндiру қиын болғандықтан, əртүрлi пəнаралық байланыстар арқылы сол заңдылықтардың көрiнiсiн айқындау, методологиялық бiлiмдердi сiңiрту.
- Баяу асығыңыздар! Қажетсiз оқытуды тездетуге болмайды, оқыту жылдамдығы жас жəне дара қасиеттерге сай болуын ұдайы қамтамасыз ету.
- Сəйкестiк мұғалiмнiң əңгiмелеу, сөйлеу, тiл анықтылығына тəуелдiлiгiн ұмытпау.
- Сəйкестiк - жеңiлдiк емес, оқушы еңбегiн жеңiлдету мақсат емес, бiрақ оқушыға өздiгiнен бiлiм табуға, қабылдауға, меңгеруге көмектесу қажеттiлiгiн қамтамасыз ету.
- Сəйкестiк еңбекқорлықпен байланысты, еңбекқорлық күшейген сайын оқу сəйкестiгi кедергiсi төмендейтiнiн ұмытпау.
Əрбiр мұғалiм оқыту процесiне байланысты бiлiм беру, тəрбиелеу жəне дамыту қызметiнде үнемi дидак-тикалық принциптердi басшылыққа алуы шарт.
Оқыту мен тәрбие процестері негізгі үш функция бірлігі бойынша іске асырылады.Олар: білім беру, тәрбиелеу және дамыту функциялары. Оқыту мен тәрбие процесі-балаға білім берудің даму функциясын жүзеге асырудың негізі. Осы екі процесс-баланы жан-жақты дамытып, қалыптастырудың негізі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет