Лекция Тұтас педагогикалық процесте оқыту Оқыту заңдылықтары 2 Оқыту принциптерi мен ережелерi


-жаңа ғылымдардың міндеттерінен бұрын қалыптасқан ойлау тәсілдері мен іс-әрекет тәсілдері арасындағы



бет9/9
Дата07.12.2022
өлшемі43,83 Kb.
#161721
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
лекция Тұтас педагогикалық процесте оқыту

-жаңа ғылымдардың міндеттерінен бұрын қалыптасқан ойлау тәсілдері мен іс-әрекет тәсілдері арасындағы;
-тұлға дамуындағы жеткен деңгейімен оның өмір сүру қалпы, қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын, оның орны, атқаратын қызметі арасындағы;
-жақсы жетістіктерге ұмтылушылық пен қиыншылықты жеңе алмайтындық қорқынышы арасындағы;
-дербестікке, тәуелсіздікке ұмтылушылық пен жеке тәжірибенің жетіспеуі арасындағы;
-мақсаттылық, стереотиптік (еліктеушілік), тұрақтылық пен ширақтылық, өзгергіштікке ұмтылушылық арасындағы;
-тұлғаның ерікті әрекет пен қоғамдық қажетті іс-әрекет арасындағы:
М.Ю.Красовицкийдің зерттеулерінде көрсетілгендей оқушы ұжымының тәрбиелік ролі қоғамдық пікір арқылы жүзеге асады, онда құндылық бағыттың жүйесі белгіленеді.Бірақ керекті тәрбиелік деңгейдегі қоғамдық ұстаздардың аса қадағалаумен қамқорлықтарын талап етеді.Оны қалыптастыру барысында мұғалім балалар ұжымын қалай даму үстінде екендігін, оған дамудың қандай қайшылықтары тән екендігін ескерілмейінше болмайды.Олардың қатарына келесі қайшылықтарды жатқызуға болады:
-ұжым мүддесімен индивидтің жеке мүдделері арасында;
-индивидтердің бірлесуге ұмтылушылығы мен тұлғаның өзінің тәуелсіздігіне өз еркімен безбеу арасындағы;
-тұтас еріктілігі мен ұжымның тәртібіне бағыну қажеттілігі арасындағы;
-ұжымның талаптары мен тұлғаның тілектері арасындағы;
-ұжымдағы пайдалы әдеттерінің қажетілігі мен формализм қауіптілігі арасындағы;
Бастапқы ұжым ұйымының қажетілігімен топтық бөлініп шығуы қауіптілігі арасындағы.Тұлға дамуындағы қайшылықарды білу жеткілікті дәрежеде әдісін біліп педагогикалық әрекетін жұмыс жемісін жасауға мүмкіндік береді, ол оқушыларға дербес тәуелсіздікке, өз орнын табуға ұмтылушылдықтағы оның формалары мен әдістерін табуға көмектеседі. (Г.К.Костюк). Дұрыс педагогикалық басшылық жасай алынбаса қайшылық шешілмейді, тұйыққа кіргізеді, әкеледі, ол бұл әдетте қатты дау жанжалға әкеледі, дамуда тоқырауларға әкелетін кейбір үзілістер пайда болады.Ұстаз көрсетілген жүйенің бір бөлігі ретінде өзінің міндеті етіп оқушыға пайда болған танымдық міндеттер мен оның өзінің ойлау тәсілдерінің және іс-әрекеттері арасындағы, қайшылықтарды оны оқушы пайда болған қиыншылық ретінде субъективті қабылдайды және жеңуге көмектеседі.Қайшылық оқушылар ұжымы жүйесінде пайда болғанымен оларды шешу одан жоғары деңгейдегі “сынып ұстаздары – сол сыныптың оқушылар ұжымы” жүйеде шешулуі мүмкін.Сонымен бірге қайшылықтардың бір бөлігі пән мұғалімдерінің оқушылардың коллективтік танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру барысындағы күш жұмсауы барысында шешілуі мүмкін. (М. С. Виноградова, Н. С. Дежникова, В. В. Котов, И. Б. Лиймете, В. Б. Первин, Н. : Хан және т.б.).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет