Лекция Тұтас педагогикалық процесте оқыту Оқыту заңдылықтары 2 Оқыту принциптерi мен ережелерi



бет1/9
Дата07.12.2022
өлшемі43,83 Kb.
#161721
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
лекция Тұтас педагогикалық процесте оқыту


Лекция Тұтас педагогикалық процесте оқыту
1.Оқыту заңдылықтары
2 Оқыту принциптерi мен ережелерi
3.Оқытудың қозғаушы күштері.
Қазіргі қайта құру кезеңінде тұтас педагогикалық процестің мәні өте зор, өйткені осы кездегі қоғамдық-өндірістік қатынастың дамуы оқыту мен тәрбие бірлестігі принципінің толық іске асуын талап етеді.
Орта, жоғары оқу орындары мен мектептен тыс мекемелер жүйесінде білім беру және тәрбие мақсатын жүзеге асыру процесін тұтас педагогикалық процесі деп атайды. Білім беру мен тәрбие міндеттерін толық шешу үшін сабақ үстінде әрбір тақырып бойынша оқуды тәрбиемен үйлестіріп өткізу – оқу-тәрбие процесінің басты шарты.
Педагогикалық процесті ұйымдастыру барысында оқушы және оқушылар коллективі бір жағынан тәрбие обьектісі, екінші жағынан тәрбие субъектісі болады. Осыған орай, оқу тәрбие процесінде мұғалімдер мен балалар ынтымақтастығы, олардың творчестволық еңбек етулеріне зор сүйеніш болады. Тәрбиенің субьектілері мен обьектілері арасында әр түрлі байланыстар пайда болады. Мысалы, тәрбиешілер мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас арқылы ақпарат алмасуы, ынтымақтастық немесе бірлестік іс-әрекеті т.б. Мұндай байланыстар педагогикалық процестің табысты болуына игі әсер етеді.
1.Оқыту заңдылықтары
Оқыту заңдылықтары туралы жалпы түсiнiк
Оқыту процесiн iске асыру белгiлi бiр заңдылық-тарды меңгеру негiзiнде жүзеге асады.
Құбылыстар мен процестер арасындағы объектiлi, маңызды, қажеттi, жалпы, берiк, белгiлi жағдайда қайталанатын өзара байланыс заңдылық деп аталады. өзара байланысы бар объектiлер, байланыстың түрi, сипаты, қызмет аясы анықталған кезде заңдылықты заң деп бiлемiз.
Оқыту процесiнiң заңдылықтары оның тұтастығын дəлелдейдi. Оқыту заңдылықтары сыртқы жəне iшкi, жалпы жəне жеке деп бөлiнедi. Сыртқы заңдылықтар оқытудың қоғамдық шарттардан, саяси-əлеуметтiк жағдайлардан тəуелдiлiгiн сипаттайды. Iшкi заңдылықтар оқытудың мақсаты, əдiстерi, құралдары, түрлерi арасындағы бай-ланыстарды сипаттайды. Жалпы заңдылықтар бүкiл оқыту жүйесiн қамтыса, жеке заңдылықтар оқыту жүйесiнiң нақты, жеке бөлiктерiн қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет