Лекциялар жинағы Шымкент-2019 ж. Тақырып 1 Тақырып Нарықты қалыптастыру мәні және қағидалары, теориялық негіздері


Сыртқы экономикалық қызметті реттеу. Реттеу әдістері. Тарифтік және тарифтік емес реттеу



бет120/122
Дата07.02.2022
өлшемі254,25 Kb.
#83986
түріЛекция
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   122
Байланысты:
Экономика и организация производства
pedagogicheskaya praktika, 6.2.2.4 Packet Tracer - Configuring Basic EIGRP with IPv4 Instructions, physic, physic, Новый документ в формате RTF, тжб, Клиникалық есептер. ответ (1), Клиникалық есептер. ответ (1), Тұрақтылық түсінігі, Документ Microsoft Word, 1, 1, 1, 1
    Бұл бет үшін навигация:
  • Тура
3.Сыртқы экономикалық қызметті реттеу. Реттеу әдістері. Тарифтік және тарифтік емес реттеу
Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу әртүрлі нысандар мен әдістерді кіріктіреді. реттеудің негізгі нысандары мыналар болып табылады:

  • сыртқы экономикалық қызметті қаржыландыру;

  • салық салу;

  • инвестициялау;

  • сыртқы қарыз алу;

  • сыртқы берешек;

  • экспортты қаржыландыру.

Реттеу әдістері көрсетілген нысандарға сай келеді және тура, сондай-ақ жанама әдістерді кіріктіреді.
Тура әдістерге реттеудің әкімшілік нысандары: лицензиялар мен квоталар жатады. Экспорт пен импортты лицензиялау мен квоталау шикізат ресурстары мен тауар қорларының шектеулігі жағдайында ішкі рынокты толтырып, тұрақтандыру мақсатымен уақытша шаралар ретінде пайдаланылады. Сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке ( сыртқы саудаға, валюталық операцияларға және басқаларға ) мемлекеттік монополия қойылуы мүмкін.
Реттеменің жанама немесе экономикалық әдістері неғұрлым пәрменді және дамыған сыртқы экономикалық қатынастарға сай болып табылады. Бұларға салықтар, соның ішінде кеден баждары, валюта бағамы, дүниежүзілік баға, сыртқы кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелер, облигациялардың, басқа бағалы қағаздар мен төлем қаражаттарының бағамы жатады.
Валюта бағамы немесе басқа елдің валютасының ақша бірлігінде тұлғаланатын ұлттық ақша бірлігінің бағасы барлық ішкі бағаларды басқа елдердің бағаларымен байланыстырады. Валюта бағамының ауытқуы отандық тұтынушылар үшін басқа елдің тауарларының бағасын өзгертеді және, керісінше, отандық тауарлардың бағасы басқа елдің тұтынушылары үшін өзгереді. Сөйтіп, бұл өзгерістер экспорт пен импорттың тартымдылығына әсер етеді; ұлттық валюта бағамының басқа елдің саластырмалы валютасынан азаюы жағдайында экспорт дами бастайды, кері жағдайда импорт дамиды, өйткені бірінші жағдайда отандық тауарлар шетелдіктер үшін арзандайды және бұл тауарларға олардың тарапынан сұраным ұлғая түседі; екінші жағдайда импорттық тауарлар арзандайды және өздерінің елінде бұл тауарларға сұраным ұлғая түседі; екінші жағдайда импорттық тауарлар арзандайды және өздерінің елінде бұл тауарларға сұраным артады.
Салықтар сыртқы экономикалық қатынастардың маңызды реттегіші болып табылады: бұл жерде әңгіме жалпымемемлекеттік салықтар, сондай-ақ арнаулы – бірлескен кәсіпорындардың пайдасына салынатын салықтар, кеден баждары ( экспорт пен импортқы салынатын салықтар ) жөнінде болып отыр. Көптеген мемлекеттерде экспорт пен импортты кедендік-тарифтік реттеу жүргізіледі.
Кеден кодексті кеден аумағының, кеден баждарының және кеден алымдарының бірлігі неізінде кеден ісінің қағидаттарының ( яғни тауарлар мен өзге де заттардың кеден шекарасы арқылы өтеу тәртібін, кеден салығы салуды, рәсімдеуді бақылауды және кеден саясатын жүзеге асырудың басқа құралдарын ) белгілейді.
Кеден тарифі ішкі рыноктағы шетелдік бәсекені реттейді. Кеден тарифі кеден баждары мөлшерлемелерінің жүйеленілген жинақтағы болып табылады, олар республиканың кеден аумағына әкелінетін және бұл аумақ шегінен әкелінетін тауарлар мен өзге де заттарға салынады.
Кеден ісін жүзеге асыру кезінде кеден органдары алатын, заңнамада белгіленген және мөлшерлемелерін Үкімет белгілейтін кеден төлемдерінің басты түрлерінің бірі кеден баждары – ұлттық шекара арқылы тасылатын тауардан кеден тарифінде қарастырылған мөлшерлемелер бойынша мемлекет алатын салықтар. Отандық практикада баж салығының адвалорлық, айрықшалықты және құрамдастырылған мөлшерлемелері кең тараған: адваролық – салық салынатың тауарлардың құнына пайызбен, айырықшылықтары – белгіленген мөлшерде салық салынатын тауарлардың немесе заттардың өлшеміне, ал құрамдастырылған мөлшерлемелер – салық салудың екі түрінің ұштасуы жолымен есептелінетін мөлшерлемелер.
Сыртқы сауданы мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру, елдің импорттық саясатын тиімді жүзеге асыру, сыртқы экономикалық қызметтен мемлекеттік бюджеттің кірістерін көбейту мақсатымен Қазақстанда импорттық кеден тарифі енгізілді. Импорттық кеден тарифі қарастырылған кеден баждары құнына пайызбен белгіленген және теңген (Ұлттық банк белгілейтін теңгенін бағамы бойынша кедендік құнды қайта есептеп отырып) немесе импортердің таңдауы бойынша еркін айырбасталымды валютамен төленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   122




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет