Ұлы Жібек жолы Еуразия құрлығындағы мемлекеттер мен өркениеттердің мәдени сұхбаттастығы мен экономикалық байланыстарының алғышарты


Ұлттық код (ұлт, этнос, халық) – ұлттық болмыс пен ұлттық идеяны өрістетудің алғышарты



бет5/49
Дата07.02.2022
өлшемі465,5 Kb.
#90267
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
дәрістер курсы

Ұлттық код (ұлт, этнос, халық) – ұлттық болмыс пен ұлттық идеяны өрістетудің алғышарты.
Ұлттық кодты құраушы ұғымдар тіл, діл, дін, тарих және мәдениетіміз, рухани байлығымыз. Осылар арқылы Қазақстан халқының бет-бейнесі ерекшеленеді. Ұлттық код дегеніміз не? Бүгінде кең қолданылатын код деген сөзді құлыпты ашатын құпия кілт ұғымында түсінуге болар. Демек, қа­зақтың ұлттық коды деп қазақ хал­қының жаратылысын, таби­ға­тын, рухани бітімін, өмір салтын ай­қындайтын белгілерді айтқан жөн шығар. Яғни, тарихи тамыры тереңде жатқан, ұлтымыздың күні бүгінге дейін бәрінен жоғары баға­ланатын қасиеттері, солардың сы­ғымдалып тұжырымдалған фор­му­ла­сы қазақтың ұлттық бол­мы­сының сы­рын түсінуге апаратын, тиісінше қастерлеп сақтауға жататын құпия кілттің тап өзі боп шығуы ғажап емес. Қазақ халқының ұлттық болмысы ғасырлар бойы қалыптасып, бекем орныққан, сондықтан да ол қазақ рухын небір күйзелістерден аман алып келе жатқан айрықша қасиетке ие. Халқымыздың сол қасиетін танытатын формула күллі материалдық байлықтан адами құндылықты биік қоятындығымен ерекшеленеді. Өйткені, бағзы заманда әділеттілік, адал­дық, шыншылдық және ах­лақ (мораль) дәулет атаулыдан әлдеқайда артығырақ бағаланатын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет