Ұлы Жібек жолы Еуразия құрлығындағы мемлекеттер мен өркениеттердің мәдени сұхбаттастығы мен экономикалық байланыстарының алғышарты


-Дәріс: Қазақ халқының этногенезі мен ұлттық коды



бет3/49
Дата07.02.2022
өлшемі465,5 Kb.
#90267
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
дәрістер курсы

6-Дәріс: Қазақ халқының этногенезі мен ұлттық коды

1.Қазақ сөзі: шығу тегі, концептісі, семантикасы, этимологиясы, түрленуі.


2.Қазақтардың этногенетикалық тұтастығы: тайпалық-рулық қатынастар эволюциясы.
3. Ұлттық код (ұлт, этнос, халық) – ұлттық болмыс пен ұлттық идеяны өрістетудің алғышарты.
1.Қазақ сөзі: шығу тегі, концептісі, семантикасы, этимологиясы, түрленуі.
Қазақ атауының мән – мағынасы туралы айтылған пікірлердің бірсыпырасы қазақ халқының арасында сақталған тарихи аңыздар мен шежіре деректерді сабақтаудан туған. Қазақ аңыздары мен шежірелері: «қазақ», «алаш» және «жүз» (үш жүз) деген атауларды бір – бірімен байланыстыра баяндайды.
«Қазақ» деген терминннің мән – мағынасы жөнінде айтылып келе жатқан бұрынды – соңды болжамдар мен тұжырымдарды жүйелеп келгенде мынадай үш салаға бөлінеді:
1. Қазақ халқы арасына таралған тарихи аңыздың жүлгесімен «қазақ» деген сөздің төркіні кәдімгі жыл құсы қаз – аққудың «қаз» деген ұғымына шыққан, яки осыдан өзгерген немесе қазға теңеу арқылы пайда болған деп есептейді.
2. «Қазақ» деген сөздің көне түркі тіліндегі мағынасы яки қолданылу дағдысы «өз елінен бөлініп шығып, еркін жүрушілер», «еркін адамдар», «көтеріліс жасап, өз еркімен кетушілер», «ер жүрек еріктілер» деген сөзджі білдіреді.
Демек, «қазақ» атауының арғы тегі «еріктілер» дегеннен шыққан дейді.
3. «Қазақ» атауының арғы тегі, ежелгі заманда қазақ даласын мекендеп, қазақ халқының құрамына енген тайпалар мен халықтардың аттарынан: сақ, қаспи, қазар, аз дегендерден қалыптасқан яки осы негізде өзгере қалыптасқан дейді. Біз бұл пікірлердің басты – бастыларына жеке – жеке тоқтала кетуді орынды деп есептейміз

Этимология - нақты бір тілдегі сөздің құрылымын анықтау бары- сында, тұрақты түрде сол тілдің қолданысындағы сөзжасамның, форма- жасамның жəне сөзөзгертімнің модельдері мен тəсілдеріне сүйенеді. Егер тілде олар жоқ болмаған жағдайда туыстас тірі жəне өлі тілдердегі көріністерін іздейді.
Қазақ тілі – түркі тілдерінің қыпшақ тілдері қауымдастығына, алтай тілдерінің бір тармағына жататын тілдердің бірі. Ол Шығыс түркі тілдерінің құрамына кіретін Үйсін, Қаңлы, Қыпшақ, Арғын, Найман, Алшын т.б. дербес тайпалардың Үш Жүз тобынан тұратын қауымдастықтың ортақ тілі болып саналады.
«Қазақ» сөзінің шығу тарихы «Қазақ» деген аттың шығу тегі туралы көптеген ғылыми деректер бар. Солардың көпшілігі ХІІІ-XIV ғасырлардағы араб-түркі ғалымдарының, әдебиетшілерінің, саяхатшыларының жазба мұралары болып есептеледі. Бұларда түркі халықтарының, әсіресе қыпшақтардың, ру-тайпаларға бөлінуі, олардың тіл ерекшелігі туралы мағлұмат береді. Ең алғаш «қазақ» деген сөз қыпшақ тілінде кездескенімен, этникалық терминді білдірмейді. «Түркіше-арабша сөздікте» «қазақ» жеке жүрген кісі деген мағынада қолданылады. Қазақ сөзі араб тілінде «сылай-салтаң, салт басты», «жеке басты» немесе «оқшау жүрген адам» деген мағынаны бідіру үшін жұмсалады. М.Т.Хаутсма баспасының 86-бетінде бұл сөз неміс тілінде «кезбе», «қыдырымпаз», «көшпелі» деген мағынада берілген. Демек, «қазақ» сөзі кең даланы кезіп, еркін өмір сүрген кісіге қолданылады. Қазақтың этногенезін зерттеп жүрген тарихшылар да бұл пікірді жақтайды. А.Вамберидің, В.В.Бартольдтың, А.Левшиннің, Ш.Уәлихановтың ғылыми еңбектерінде «қазақ» деген этникалық атау «қонысын аударған отырықшы», «шала отырықшы ұлыстар (тайпалар)» деген мағынада аталатынын сөз етеді. Көптеген тарихи және лингвистикалық еңбектерде қазақ атауы қырғыздың синонимі сияқты болып қолданылады. Қазақтың қырғыз болып аталуы жөнінде П.А.Фалеев былай деп жазды: «Түсінбеушіліктен қазақты қырғыз деп алдымен орыстар, соңынан еуропалықтар атады. Бұл жаңсақтық Сібірді орыстар жаулап алған кезде болды. Ол кезде орыстардың қазақтар жөніндегі түсінігі болмаған. Ал, Жайық пен Едiл аралығында көшіп жүрген ноғайлар да өздерін орыстардан бөлек ұстауға тырысқан. Орыстар Сібірді жаулап аларда Шығысқа қарай өзенді бойлай жүріп өтіп, қазақтармен кездеспеген. Енисейге жеткен кезде, өздерін қырғыздар деп атайтын түркі тайпаларымен кездеседі. Қырғыздар өздерінің қазіргі жеріне XV ғасырда ғана келген, оған дейін Енисейдің жоғары жағын мекендеген. Жаулап алу кезінде орыстар Енисей қырғыздарымен жақсы таныс болады да, соңынан қазақтармен кездескенде, бұлардың күн көруі, тілі, әдет-ғұрпының қырғыздарға ұқсастығын көріп, қазақтарды да қырғыз деп атаған». Демек, қазақты қырғыз деп атаудың кездейсоқ жағдайдан келіп шыққандығы басқа дәлелді керек етпейді. Қазақ пен қырғызды тұңғыш рет ажыратқан А.В.Левшин болды. Ол 1832 жылы басылып шыққан «Қырғыз-қайсақ даласы мен ордасының сипаты» деген еңбегінде қазақ халқын өте ерте заманнан келе жатқан ежелгі халықтың бірі деп санаған. 1871 жылы В.И.Григорьев сақтардың өмір сүруі, күн көрісі қазақтарға өте ұқсас екендігін айта келіп: «Біздіңше «сақ» деген атау «қыпчақ» және «қазақ» (қассақ) деген сөздердің морфемаларында сақталған» деп жазады. Демек, қазақ атты этникалық термин «қыпшақпен» де «сақпен» де тікелей байланысты болуы ықтимал. Сонда бұлардың негізінде «сақ» жатады да, сақ/ зақ/ /шақ болып келуі – оның фонетикалық варианттары болып есептеледі. Осыған байланысты, қазақ халқының тарихы жөніндегі кейбір пікірлерге қысқаша тоқталуға тура келді. Қазақстан аумағын мекендеген ежелгі тайпалардың бірлестігінен құралған ең ірі тайпа – сақтар. Сақтар Сыр бойын Қаратау, Талас өлкелерінен бастап, Тянь-шань тауларына дейін созылып жатқан Оңтүстік-Шығыс беткейді мекендеген. Екінші ірі тайпа бірлестігі – массагет деп аталады да, олар Арал теңізі мен Сырдария сағасын, Амудария арнасын мекендейді. Соңынан бұл екі тайпа бір-бірімен араласып, сіңісіп кетеді. Антропологтар мен этнографтардың зерттеулеріне қарағанда, қазақ халқы түс, реңі жағынан еуропалық нәсіл (ақ) мен моңғол (қара) нәсілінің солтүстік сібір тобына жатады деп көрсетеді. Қазақ халқының басынан өткен сан алуан тарихи оқиғалар халықтың тілінде де өз қолтаңбасын қалдырғаны сезіледі. Оны қазақ тілінің фонетикалық жүйесінен, лексикалық құрамы мен грамматикалық құрылысынан, әсіресе, диалектілерінен айқын көруге болады. Қазақ тілі тарихын зерттеуде диалектілер мен говорлар өте құнды материал бола алады. Олар қазақ жеріндегі бұрынғы тайпалық одақтар мен жүздердің тілі болған. Көптеген зерттеулер қазақ тілінің диалектілері мен говорларында дыбыстық, грамматикалық ерекшеліктер барлығын, әсіресе лексикалық ерекшеліктердің молдығын дәлелдеп отыр. Қазақ тілінің диалектілерінде айтарлықтай алшақтық жоқ. Олар бір-біріне өте жақын. Бұл жағдай қазақ тілін өзбек, әзірбайжан, түрікмен, түрік т.б. тілдері мен салыстырғанда анығырақ байқалады. Сол сияқты, неміс, ағылшын, француз тілдерінде де диалектілік ерекшеліктер бар. Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері жөнінде бірізділік жоқ. С.Аманжолов, Н.Сауранбаев қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктерін диалект деп есептесе, Ж.Досқараев, Ғ.Мұсабаев т.б. говор деп санаған. С.Аманжолов қазақ тілінде үш диалект бар деген қорытындыға келіп, оған оңтүстік диалектісін, солтүстік, шығыс диалектілерін жатқызған. Н.Сауранбаев пен Ж.Досқараев қазақ тілінің аумақтық ыңғайына қарай, солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс диалектісі деп үлкен екі топқа бөлген..


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет