Ұлы күні ұлыстың, басы болсын ырыстың! Дайындаған оқытушылар: А. Н. Баримбекова: А. М. Азанбаева Талдықорған 2016ж


Үшеуі: Алас, алас, пәледен қалас, қалас! 1әже



бет7/7
Дата15.09.2017
өлшемі3,75 Mb.
#33771
1   2   3   4   5   6   7

Үшеуі: Алас, алас, пәледен қалас, қалас!

1әже: Жаңа жыл жарылқа,

Ескі жыл есірке.

Пәле-жаладан сақтай гөр,

Жамандықты әрмен әкет.



2 әже: Айдан аман болайық,

Жылдан есен болайық.



3 әже: Еліміздің елдігін тоздырғысы келетіндерден,

Ерімнің ерлігін жойғысы келетіндерден,

Соғыстан, табиғат апатынан, барша жамандықтан Алас!

Бәрі: Алас, алас, пәледен қалас, қалас!

(Аластатып болған соң шырақшылар сахнадан кетеді.)

І жүргізуші: Жыл басы – Наурыз мереке,

Ақ нұрға әлем боянды.

Наурыз тойы береке

Тіршілік жаңа оянды!



ІІ жүргізуші: Жылдың басы Наурыз,

Жердің басы Наурыз.

Мерекеге арналсын,

Бүгінгі жыр- әніміз.



(Хабарландырусыз колледж квартетінің орындауында «Қазақтай ел қайда?!» әнін қабыл алыңыздар.)



І жүргізуші: Наурыз құтты болсын, 
                      Дендеріміз сау мықты болсын!
                      Наурыз тойы келе берсін,

                    Барлық халық бақытты бола берсін!

ІІ жүргізуші:   Еліміздің несібесі көп болсын.
                      Халқымыз көбейіп тоқ болсын!
                      Қош сау болыңыздар халайық, 
                      Көріскенше күн жарық болсын!

І жүргізуші: Ой қосылсын ойыңа,

ІІ жүргізуші: Бой қосылсын бойыңа.

Екеуі бірге: Аман – есен жетейі

Келесі Наурыз тойына!





Қорытынды

Наурыз мейрамына байланысты қазақ халқының салт-дәстүрлері: бата беру, аластау, сонымен қатар наурыз мейрамына байланысты әндер айтылып, би биленіп, сахналық қойылымдар көрініс ретінде көрсетілді.



Наурыз мейрамы – бұл қөқтем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн. Бұл мейрам 22 наурыздан 19 сәуірге дейін тойланатын ұзақ мейрам. Көктем мен Жаңа күн мерекесі. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем төселедi. Ұлан-байтақ Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, ай бойы Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды. Бүкiл Шығыс халқына ортақ бұл мейрамда араздасқандар татуласып, дүйiм халық, мұқым ел ауызбiрлiкте болады. 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Талдықорған агротехникалық колледжі

Сынып сағатының хаттамасы

Күні: 14.04.2016 Курс: ІIІ Топ: 335, 351

Қатысқандар: 335, 351, 131 топ студенттері

Сынып сағатының тақырыбы: Наурыз мейрамына арналған «Ұлы күні ұлыстың, басы болсын ырыстың» атты тәрбие сағаты.

Қолданылған әдебиеттер мен материалдар: шарлар, слайдтар, қосымша деректер т.б.

Сынып сағатының барысы:

  1. Жаршылардың сөздері.

  2. Жүргізушілер сөздері.

  3. Колледж директоры мен ардагерлердің құттықтау сөздері.

  4. Әндердің айтылуы.

  5. Би билеу.

  6. Сахналық көріністер.

  7. Қорытынды.

Сынып сағатының қорытындысы: қорыта келгенде білім алушылар наурыз мейрамы туралы кең, ауқымды мәліметтер алды.
Топ жетекшілер: ___________А.Н.Баримбекова

___________ А.М.Азанбаева



Каталог: uploads -> doc -> 1376
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1376 -> Сабақтың тақырыбы: Квадрат түбірлер және оның қасиеттері. Квадрат теңдеулер. Сабақтың мақсаттары
1376 -> Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістік. Сабақтың типі: білімді меңгерту Сабақтың әдісі: баяндау,сұрақ-жауап
1376 -> Қазақ халқының ауа – райын болжауы
1376 -> Сабақтың тақырыбы: «Қағаз,Қалам және Сияның айтысы»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет