Ұлы күні ұлыстың, басы болсын ырыстың! Дайындаған оқытушылар: А. Н. Баримбекова: А. М. Азанбаева Талдықорған 2016ж



бет5/7
Дата15.09.2017
өлшемі3,75 Mb.
#33771
1   2   3   4   5   6   7

І Жүргізуші: Шарықтап көңілім аспандай,

Биге бір жаным басқандай.

Бишілер билей жөнелсе,

Шаттықтың нұры тасқандай.



ІІ Жүргізуші: Той деп бүгін халқым шашу шашады,
Той деп бүгін әлем сырын ашады.
Наурыз мейрамына арналған,
Бишілер өнерлерін шашады.

Сіздердің құрметтеріңізге колледж бишілер тобының орындауында «Қара жорға» биін қабыл алыңыздар!



Екеуі бірге: Мерекелеріңіз құтты болсын!



(Күн мен түн, 5 бала жұлдыз болып киінген ортаға шығады).

Күн: Сәулесі мол күнмін.

Түн: Жұлдызы көп түнмін.

Екеуі: Бірдей болып біздер

Теңелеміз бүгін.



Түн: Ал ертең күн ұзақ.

Күн: Түн қысқарар бірақ.

Екеуі: Ұйқы қанбай қалып,

Жүрмеңдер тек жылап.





І жүргізуші: Көқтем келді мынау байтақ далама,

Нұрын шаша ауылыма, қалама.

Наурыз келді сайрауымен құстары,

Сырлы әніне құлақ түрмей бола ма?



ІІжүргізуші: Қолыңды бер, жатсынба, арманым,

Сәуледей боп аяла таңдағы.

Шақырады жас көктем гүлімен,

Шақырады жасыл бақ жырымен.



Төленді Ақботаның орындауында «Шақырады көктем!» әнін қабыл алыңыздар!

І жүргізуші: Халқымыздың мифологиялық аңыздары бойынша Наурыздың 22 түнінде сағат 3-те даланы Қызыр ата аралайды. Жаңа күн табалдырықты аттап үйге енгенде «Жалғыз шала сәуле болмас» деп, қос шырақ жағылып қойылады. Ыдыс атауларын «ырысқа» деп жеті түрлі тағамға толтырып қояды. Жыл бойы дән тасқын-тасқын, ақ мол, жауын-шашын көп болсын деп тілейді.

ІІ жүргізуші: Халық ұғымында Қызыр ата -  барлық халықтың қамқоры, жақсылық әкелуші, ырыс, несібе, бақ пен береке, құт сыйлаушы, ерекше қасиетті бойына сіңірген әулие, көріпкел, жарылқаушы қария. Ол ұыстың ұлы күні әр халыққа келіп, шаңыраққа соғып бата береді. Осы түсініктің әсері болар, Наурыз түні адамдар жанын да, тәнін де тазартып, барша әдемі киімдерін киіп, таза ыдыстарды бос қалдырмай, Қызыр ата дәм татсын деп, аққа толтырып қойып жатады...



(Ортаға Қызыр ата келеді.)

Сахналық көрініс

(Ұлттық киім киген 3-4 ұл бала сахнаға шығады, Қызыр атаны төңіректеп сахнада тұрады.)

Бала: (жүгіріп келеді) - Сүйінші, сүйінші, Қызыр ата келе жатыр!

Қызыр ата: Уа, ағайын! Бүгінгі күн мен түн, жарлы мен бай, хан мен қара теңескен қасиетті Наурыз мерекесі баршаңызға құт әкелсін!

Беу, халайық! Жер Ананы мекен еткен күллі адамзаттың үштен бірі барша мұсылмандардың қасиетті мейрамы – Әз Наурыз әр отбасына береке әкелсін!

Жыл 12 ай, 365 күн асыға, аңсай күткен, жер жүзі мейірге, жылулыққа шомылған, қыз-бозбала құлпырған киелі Наурыз сендерді шаттыққа бөлесін!

Бала: Ата, бүгінгі думанға сонау алыстан ат арытып келгеніңізге орай ала келген ақ батаңыз да бар болар. Мына отырған халқыңызға ақ батаңызды беріңіз!


Каталог: uploads -> doc -> 1376
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1376 -> Сабақтың тақырыбы: Квадрат түбірлер және оның қасиеттері. Квадрат теңдеулер. Сабақтың мақсаттары
1376 -> Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістік. Сабақтың типі: білімді меңгерту Сабақтың әдісі: баяндау,сұрақ-жауап
1376 -> Қазақ халқының ауа – райын болжауы
1376 -> Сабақтың тақырыбы: «Қағаз,Қалам және Сияның айтысы»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет