Мұқағали Мақатаев – поэзия тұлпары Әдеби кеш Кештің мақсаты



бет2/5
Дата08.02.2023
өлшемі31,05 Kb.
#168042
1   2   3   4   5
Байланысты:
Мұқағали
1, 1 2, Документ Microsoft Office Word (2), Тест
Екі жүргізуші де бірге:Ендеше аталған ақынның шығармашылығына арналған «Мұқағали Мақатаев – поэзия тұлпары» атты кешке қош келдіңіздер!!!.
1-жүргізуші: 
Қуат алып Абайдың тіл күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден,–
деп қазақтың бас ақынына ден қойған Мұқаң,Мұқағали оның қасиетті қазақы жырының «дәнін алып, қауызын қайтара» білді, поэзия әлемінің есігін айқара кірді.
2-жүргізуші: Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық –шынымен бақытты халық.Иә, Мұқағали – ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Оны біреулер«көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дауыстарға толы жұмбақ ақын»десе,
1-жүргізуші: кейбіреуі:«Жоқ ол – қара өлеңнен қаймақ қалқыған қарапайым ақын, өлеңін бәріне түсінікті тілде жеткізген таңғайжайып ақын» дейді. Бар болғаны 1834 өлеңімен млн.даған тіпті млд.таған жүректі жаулап алып, оларды одан он есе сезім серпілістеріне түсіріп, бірде жылатқан, бірде қуантқан Мұқағалиды, анығы Мұқамедқалиды ал, ақын емес деп көріңіз..!
Поэзия патшалығындағы пайымдауы өзгеден бөлек ақын жебелі жырын жүректерге ерекше үнмен, соны серпінмен жеткізді.
2-жүргізуші:
Ән сал жаным,
Әніңмен тербет мені.
Бір сәтке тынсын тірлік жер-көктегі ,—
деп ақын жырлағандай кезек әнде.
Ортада: «Есіңе иені алғайсың» әнімен ұстаздар. Қарсы алыңыздар.
2-жүргізуші:Қазір заман дамыған. Техниканың озық үлгілері молайған кез. Қазіргі заманауи техниканың арқасында әркімнің қолында бір-бір фотоапарат, бір-бір камера бар.
1-жүргізуші:Тек қана жиын, басқосуда емес, күнделікті өмірдің сәтті күндерін өткеннің естелігі қылып жинай беруге болады.Ал өткен заманда ондай мүмкіндік болмады.
2-жүргізуші:Оның бір дәлелі арамыздан кеткеніне 47 жыл болған Мұқаңның телеарналарда бейнесі сақталмапты.Сондықтан да кейінгі ұрпақ ақынды ойлана, жылы күлімсірей көз тастаған сыр шертер сары суреттердегі фотосы арқылы танып білмек.
Слайдтар көрсетіледі.
1-жүргізуші:Және бір қуанарымыз – ақынның Қазақ радиосының «алтын қорында» сақталып қалған өз дауысы.Олай болса, сол дауысқа бәріміз бірге құлақ түрелік.
(Мұқағалидың дауысымен өз өлеңдері оқылады)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет