Мұқағали Мақатаев – поэзия тұлпары Әдеби кеш Кештің мақсаты



бет4/5
Дата08.02.2023
өлшемі31,05 Kb.
#168042
1   2   3   4   5
Байланысты:
Мұқағали
1, 1 2, Документ Microsoft Office Word (2), Тест
2-жүргізуші:
Ортада – Сейсен Айжарық. «Құттықтаймын мама, туған күніңмен» әнімен.
1-жүргізуші:
Поэзия – сәулелі сезімнің сыңғырлы үні, жүрек дүрсілі һәм қоңырауы.Ол жаңару мен түрленудің, нәр берудің құралы.
Мұқағали:
Ақынмын деп қалай мен айта аламын,
Халқымның өзі айтқанын қайталадым.
...Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын,–
десе, замандасы, әріптесі рухани достарының бірі – жұмбақ ақын Жұмекен:
Күпі киген ақынның
Костюмді ойы – тамаша,
Киіндірген Абай тек қара өлеңді жаңаша.
Қағып-сілкіп күпіні – шекпен алған сол ақын – 
Шекпен киген кешегі Мұқағали болатын.

деп оны жылы қабылдайды, мойындайды.
Ендеше Мұхаңның ілеміне тереңірек бойлап, оның сыршыл поэзиясының төркінін ұғудың да сәті келген сияқты.Олай болса бізде мектеп-гимназия оқушыларымен поэзия әлеміне беталыс.
Оқығанша жырыңды тағат таппай,
Ауға түскен ақбауыр шабақтардай.
Сенің жырың бәріне серік болып,
Ішіндегі зар-мұңын шын ақтарды-ай!
Мұқағалидың өлеңдерін жатқа оқу (оқушылар)


1-жүргізуші:
Ән салып бер,
Әніңмен жан сал маған.
Жаңғырығып жасыл тау жөнесін бір,
Жатсын ұлып жапанда дел-сал далам.
2-жүргізуші:
Ұстап мінген тұлпардың тұяқтысын,
Талмай жазған ән-жырдың шуақтысын.
Өз халқыңның мұң-зарын, арман әнін,
Бәрін жазып кеткен сен сияқтысың.
1-жүргізуші:Поэзия тынысын өзінше кеңейткен,қазақы формалар мен бояуларды сақтай отырып, «шекпен жауып қайтарып»,жаңа леп, жаңа үн қосқан, сонымен соны соқпақ салған, өзінше өрнек ойған Мұқағалидың таудай тұлғаға айналарына күмән келтірмей, ол һәм оның поэзиясы туралы жылы лебіз, қонымды пікір білдірген ағалары болды.Соның бірі асқарлы ақын Әбділдә Тәжібаев:
2-жүргізуші:«Мұқағали Мақатаев — біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі.Мақатаев атты алып ақындық жарқын жүзіне, миллион адам миллион түрлі пікірпайымдаса да, ешбір кіреуке, көлеңке түспей келешекке қарай керуен түзеп, көше бермек» десе,
1-жүргізуші:Лирик ақын Тұманбай Молдағалиев: «Қазақ жырының аспанындағы аз ғана жұлдыздарының арасынан сенің жұлдызыңды біз оңай танушы едік. Сенің жұлдызың — ең шұғылалы, ең мейірімді жұлдыз» дейді.
2-жүргізуші:
Мұқағали – қазақтың саңлағы,
Мұқағали – ән жырдың шаңырағы.
Шырқалғанда жырларың жаным толқып,
Жүдеу тартқан көңілім жадырады.
1-жүргізуші:Ақынның «Аманат» жыр жинағы 2000 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бүгінде Мұқағали ақынның 13 кітабы бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы бар екені анықталып отыр. Мұқағалидың өлеңдерін жыр сүйер қауым іздеп жүріп оқитын болды. Ақын өлеңдеріне 100 –ден астам әндер жазылды.
2-жүргізуші:Бұл әндер бүгінде барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды. Ол әндері «Есіме мен алғайсың» , «Күрең күз», «Сәби болғым келеді», «Құттықтаймын мама, туған күніңмен», «Тоқта балам! (атаң келеді артыңда)», «Саржайлау», «Фаризаға», «Дариға, домбыраңды бері маған», «Бала ғашық», тағы басқа әндері.
1-жүргізуші:
Шын жыр үшін туылған шалқар едің,
Шындық үшін туылған арқалы едің.
Шындығыңды ұмытар кейбіреулер,
Шын жырыңды ұмытпас дарқан елің.
2-жүргізуші:
Өлең барда шырқатып мен жазамын,
Ұрпағымын мен мына кең даламның.
Мұқағали секілді бәйтеректі
Алып кеткен ажалға таң қаламын.
1-жүргізуші:
Түзу-түзу жыртылған аңыздайын,
Аңызыма неге нәр тамызбайын.
Қара өлеңі қазақтың қаза болса,
Қара көзден неге қан тамызбаймын,–
деп жауқазын жүрегінен жауқазын жырлар тудырған Мұқаңның мұқалмас жырларына тағы да кезек берсек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет