Мұқағали Мақатаев – поэзия тұлпары Әдеби кеш Кештің мақсаты



бет1/5
Дата08.02.2023
өлшемі31,05 Kb.
#168042
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Мұқағали
1, 1 2, Документ Microsoft Office Word (2), Тест

Мұқағали Мақатаев – поэзия тұлпары
Әдеби кеш
Кештің мақсаты:
М. Мақатаевтың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, түсіндіру, сезіндіру, шығармашылығының музыкасымен үндесу ерекшелігін, ақынның сөзіне жазылған әндерін көпшілік назарына ұсыну.


Көрнекілігі:слайд, кітап көрмесі,ақынның өз дауысымен оқылған өлеңдері.

1-жүргізуші:
Болмаса егер ақиқаттан бөтені,
Айтылған сөз арлы адамға жетеді.
Туындысы данаменен дараның
Жүректе екен жайғасатын мекені.
2-жүргізуші:
Жырыменен жүректерді тербеген,
Жан жарасын талайлардың емдеген.
Мөрі болған жиырмасыншы ғасырдың
Мұқағали сынды ақындары кемде кем.
1-жүргізуші:Сәлеметсіздер ме, Алаш жұрты!
2-жүргізуші:Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар!
1-жүргізуші: «Барлығы да, Поэзия, сен үшін»,–деп əдебиет патшалығының ғажайып ханзадасы һəм бірегей сардары ретінде салтанат құрған Мұқағалидың құдіретті өлеңдері халқының жүрегінде.
2-жүргізуші: Бойына Алладан дарыған ақындық қасиетін халқына сыйлап кеткен ақын:
«Бəріне!
Бəріне!
Бəріне!
Жасыңа да кəріне!
Кімге қан керек?
Ішуге емес дəріге...
Мен – донормын!», – деп жар салады.
1-жүргізуші: Шындығында да Мұқағали бойындағы тамаша талантын жұртына арнайды. Ең бірінші бақытым деп білген халқына донор секілді бүкіл күш-қуатын сарп етті.
2-жүргізуші:Ендеше, өздеріңіз көріп сезіп отырғандарыңыздай бүгінгі кешіміз Хан тәңірінің мұзбалағы, ақиық ақын, тау тұлғалы талант, дарынды дарабоз, миллион сырлы сезімнің егесі – Мұқамедқали,Мұқағали Мақатаевқа арналады.
1-жүргізуші: Ақын туған күні қай жерде болмасын жыл сайын ақырған ақпан айында тойлана беретіні хақ.Бұл – жұмыр жер мен дөңгелек уақыт көрсеткішінің белгісі. Еске алу немесе поэзия кеші емес, құдды бекітіліп берілген атаулы мереке санатына қосылғандай, жылдағы қайталанар үрдіс пен дәстүрге айналғалы қашан!?.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет