Маңғыстау облысының білім басқармасының 26. 12. 2015ж. №4 алқа шешімімен бекітілді



бет3/6
Дата30.01.2017
өлшемі0,93 Mb.
#8303
1   2   3   4   5   6

Интернет желісіне 133 мектептің барлығы қосылған, АDSL технологиясымен жұмыс жасайды. Аудан, қала бойынша мектептердің интернетке қосылуы туралы мәлімет кестесі:






Аудан/қала атауы

Барлық мектеп саны

интернетке қосылған мектептер саны

оның ішінде мектеп типі бойынша

орта

негізгі

бастауыш

1

Ақтау

25

25

25

0

0

2

Бейнеу

25

25

23

0

2

3

Жаңаөзен

22

22

19

0

3

4

Қарақия

15

15

12

1

2

5

Маңғыстау

21

21

16

2

3

6

Мұнайлы

13

13

13

0

0

7

Түпқараған

8

8

8

0

0

8

Дарынды балаларға арналған мектеп интернаты

1

1

1

0

0

9

Қазақ-түрік лицейі

1

1

1

0

0

10

Облыстық санаторлық мектеп интернат

1

1

1

0

0

11

Жаңаөзен қазақ-түрік лицейі

1

1

1

0

0




БАРЛЫҒЫ

133

133

120

3

10

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 2014 жылы облыстың білім беру ұйымына «E-learning» электронды оқыту жобасы (ЭОЖ) енгізілді.

Мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту және әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Үздік орта білім беру ұйымы» конкурсы ұйымдастырылды, Маңғыстау ауданы Оңды орта мектебі ең төменгі жалақының сегіз жүз еселенген мөлшердегі облыс әкімінің грантының иегері атанды.

2015-2016 оқу жылына 583 млн.558 мың тг.қаржы бөлініп, облыс мектептеріне 752 146 дана оқулықтар мен оқу- әдістемелік құралдар сатып алынды.

2015 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы

Оқу сапасы көрсеткіштерінің бірі – бұл ҰБТ нәтижелері. Ағымдағы жылы мектеп бітірушілер күндізгі жалпы білім беретін мектептерде – 4188 оқушы, мемлекеттік емес мектептерде – 12 оқушы, кешкі мектептерінде –673 оқушы, барлығы – 4873 оқушы болды. Оның ішінде 130 мектептің 2736 мектеп бітірушісі, барлық түлектің 65,3% ҰБТ-ге қатысуға ниет білдірді (Ақтау-952, Бейнеу-289, Жаңаөзен-591, Қарақия-166, Маңғыстау-238, Мұнайлы-265, Түпқараған-145, Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернат-69, Облыстық қазақ-түрік мектеп-лицей-интернаты-21), 2014 жылы - 2507. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 22.05.2015ж. №320 бұйрығына сәйкес, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстар жеңімпаздары мен қатысушылары - 68 түлек ҰБТ-ден босатылды. Сонымен, ҰБТ-ге қатысқан оқушы саны – 2736 (58,6%), (2014 жылы – 2507, 58,6%).

2014 жылы орта балл – 74,5 болса, 2015 жылы – 75,75. (2013-2014 оқу жылымен салыстырғанда 1,3 балл) жоғары. Мектептер көрсететін білім беру сапасы көрсеткіштерінің бірі бітірушілердің жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын растауы болып табылады. 2014 жылы «Алтын белгі» белгісіне 74 үміткердің 40-ы өз білімдерін дәлелдеген (54%) болса, ал 2015 жылы 78 үміткерден 46-ы өз білімдерін дәлелдеді (56%).

Облыс оқушылары республикалық және халықаралық деңгейдегі зияткерлік және шығармашылық сайыстарда өздерінің жоғары көрсеткіштерін сақтап келеді. 2015 жылдың наурыз айында өткен оқушылардың республикалық пәндік олимпиадасына 68 оқушы қатысып, 4 алтын, 6 күміс, 16 қола медальді иеленді (26 жүлде). Жаратылыстану-математикалық бағытта облысымыз командалық есепте елімізде ІІ орынды, «Үздік олимпиадалық команда-2015» номинациясын иеленді. (2014 жылы жалпыкомандалық ІІ орын).1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» Республикалық конкурсына 54 оқушы қатысып, оның 21-і жүлдемен оралды: I дәрежелі дипломмен 6 оқушы, II дәрежелі дипломмен 2 оқушы, III дәрежелі дипломмен 13 оқушы. Жас ғалымдарының барлығы да жүлделі орын алған Маңғыстау облысының командасы республикада I орынға ие болып, «Үздік команда-2015» номинациясымен марапатталды. Республикалық ғылыми жобалар байқауына 65 оқушы қатысып, 40 оқушы жүлделі орындар иеленіп, командалық ІІ орынды жеңіп алды. Халықаралық ғылыми жобалар мен олимпиадаларға 84 оқушы қатысып, 33-і жүлделі орындарды иеленді.

Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы

Облыс бойынша 129 мектептің 124-де ыстық тамақ ұйымдастырылды, онда – 105792 (93,7 %) оқушы қамтылған (2014-2015 о.ж. – 88154 (83,4 %). Оның ішінде, бастауыш сыныптарда оқитын оқушы саны 53711 оқушы болса, оның ішінде 19636 (36,6%) оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған (2014-2015 о.ж. – 19380-ы (38,7%) және 100,0% аз қамтылған отбасыларынан шыққан оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген (10143). Барлығы тегін ыстық тамақпен қамтылып отырған оқушы саны 25301 (23,9%).

Облыстағы 131 мектептің 124-де асхана бар, оның 110-де типтік және 14-де бейімделген асханалар. Ақтау қаласындағы экономикалық лицей №24 орта мектеп ғимаратында, Мұнайлы ауданындағы Қызылтөбе лицейі №2 орта мектеп ғимаратында орналасқандықтан, сол мектептердің асханасын пайдаланады. Облыстың 5 мектебінде асхананың жоқтығына байланысты ыстық тамақ ұйымдастырылмаған. (Қарақия ауданында – 2, Маңғыстау ауданында – 3). Қазіргі таңда Қарақия ауданындағы Аққұдық орталау мектебі жанынан жапсаржай құрылысының салынуына жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) жасақталып, құрылыс жүріп жатыр. 2016-2017 оқу жылында құрылыс аяқталуы жоспарлануда. Ералиево стансасындағы №2 бастауыш мектептің жапсаржай құрылысы бойынша ЖСҚ дайындалуда. Маңғыстау ауданы бойынша Бекі елді мекенінде 11 жылдық орта мектеп құрылысының ЖСҚ дайындалды. Қосбұлақта орта мектеп салу үшін ЖСҚ және Боздақ елді мекенінде қосымша құрылыс үшін ЖСҚ дайындалуда.

Оқушылар тасымалы бойынша

2014-2015 оқу жылында күнделікті тасымалдаумен 7164 оқушы қамтамасыз етілген. Ақтау қаласы бойынша 770, Қарақия -366, Маңғыстау-743, Мұнайлы-2884, Түпқараған-2401 оқушы 84 автобуспен тасымалданады (Ақтау-11, Қарақия-5, Маңғыстау-6, Мұнайлы-40, Түпқараған-22).

Ақтау қаласы, Мұнайлы ауданы, Түпқараған ауданында оқушылардың тасымалын «Үш Тұра», Номад және Шамурадов ЖШС жүргізуде. Қарақия, Маңғыстау ауданы бойынша тасымалдау мектептің автобустарымен қамтамасыз етіледі.

Мектептері жоқ елді мекен саны-12 (Қарақия-4, Маңғыстау-7, Мұнайлы – 1). Онда мектеп жасындандағы бала саны-395. Күнделікті тасымалдаумен 325 оқушы қамтылған, 70 оқушы мектеп жанындағы интернатта тұрады.

Оқу процесінің мазмұнын жаңарту келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылуда:

- оқушылар мен ата-аналардың білім қажеттіліктерін ескере отыра, оқу жоспарының вариативті бөлігіне енгізілген курстар, арнайы курстардың спекторларын кеңейту, жаңа курстар бойынша бағдарламаларды әзірлеу;

-облыстың 2 мектебінде 12 жылдық білім беру эксперименті жүргізілуде (Ақтау қаласы №11ФЗМ, Түпқараған ауданы М.Горький атындағы лицей-мектебі).

- 2 мектепте қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектептердің 1-11-сыныптарына арналған қазақ тілінің деңгейлік оқулықтарын сынақтан өткізу жүргізілуде (Ақтау қаласы №14 орта мектебі, Жаңаөзен қаласы №3 орта мектебі)

- 15 мектепте жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді үш тілде оқыту жүргізілуде (Ақтау қаласында экономикалық лицей, №4, 13 мектеп-гимназиялары, №7 мектеп-лицейі, Жаңаөзен қазақ-түрік лицейі, мектеп-гимназиясы, мектеп-лицейі, Бейнеу мектеп-гимназиясы мен Бейнеу мектеп-лицейі, Түпқараған ауданында Ақшұқыр, №1 мектеп-лицейлері, Мұнайлы ауданында Қызылтөбе лицейі, Маңғыстау ауданының Шетпе лицейі, Облыстық түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, облыстық қазақ-түрік лицейі).



-«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының озық тәжірибесі «Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп – интернаты» және №11 мамандандырылған физика – математикалық мектебі базалық мектептері арқылы тартылуда.

-2013 жылдың қыркүйегінен бастап 1 сыныптарға енгізілген ағылшын тілі пәнін оқу бағдарламасы жалғасуда.



ТӘРБИЕ бөлімі

Білім беру ұйымдарында оқушылардың азаматтық, интеллектуалдық дамудың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуір №227 «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері» бұйрығымен бекітілген бағдарламаның Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие;Рухани-адамгершілік тәрбие ;Ұлттық тәрбие; Отбасы тәрбиесі; Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие; Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі; Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие;Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты бағыттары негізінде тәрбие жұмыстары жүзеге асырылады.

Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 2014-2016 жылдарға арналған құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша өңірлік бағдарлама;

Білім басқармасының 28.01.2015 жылғы №22 нқ «Тәртіпсіздік пен құқық бқзушылықтарға «Мүлдем төзбеушілік» қағидатын қамтамасыз ету жөніндегі 2015 жылға арналған облыстық іс-шаралар жоспары;

Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылытардың алдын алу жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары;

Білім басқармасының нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2013-2016 жылдарға арналған бағдарламасы;

ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2014-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары;

Балалардың жолда жүру қауіпсіздігін және олардың жарақат алуын болдырмау мақсатында 2011-2020 жылдарға аралығында он жылдың іс-қимыл ұлттық іс-шаралар жоспары;

Білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі 2015-216 жылдарға арналған ведомствоаралық бірлескен іс-қимыл жоспары;

Маңғыстау облысы бойынша ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес білім жүйесінде АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары;

Сонымен қатар Қазақ хандығының 550 жылдығы, ҚР Конституциясының 20 жылдығы және Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай, Елбасының «100 нақты қадам» ұлттық жоспарының негізгі бағыты - «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының іс шаралары.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен Астана қаласында мүмкіндіктері шектеулі балалар арасында өткен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Көкейімдегі бар әлем »атты республикалық сырттай шығармашылық фестиваліне «Бірлігіміз жарасқан ел» қолөнер бұйымы, «Каспиім-қазынам», «Қазақ хандығына -550 жыл» атты графикалық дизайн жұмыстары, «Қысқа метражды кино» номинациялары жұмыстары жіберіліп, «үздік» деп танылды.

ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналған облыстық «Бұл біздің Қазақстан!» атты оқушылар арасында сурет байқауы, «Әлем мәдениетінің үздік туындылары-балалардың көзімен» балалар шығармашылық байқауы, «Отаным-мақтанышым» фотоколлаж, «Менің құқығым» тақырыбында эссе, «Жас суретшілер» номинациялары бойынша жұмыстар жасалды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында, Қазақстан композиторларының патриоттық әндерін келер ұрпаққа насихаттау, жергілікті сазгерлер мен орындаушылардың шығармашылығын қолдау мақсатында мектеп оқушылары мен мұғалімдері арасында дәстүрлі «Патриоттық әндер – 2015» байқауы өткізілді.

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған көпұлтты Қазақстан халқының ҰОС Жеңісіндегі ерлігінің маңызы мен рөлін көрсету, оқушылардың бойындағы патриотизм мен мақтаныш сезімін арттыру, фашизммен күресте өлшеусіз үлес қосқан ардагерлеріміздің ерен ерлігінің рухани астарын тереңнен, әрі кеңінен түсінуге шақыру мақсатында «Бәрі майдан үшін, бәрі жеңіс үшін» шығармалар байқауы, Маңғыстаулық Ұлы Отан соғысы батырларының ерлігін көрсететін «Ер есімі – ел есінде» атты байқау номинациясына сәйкес оқушылар Маңғыстаулық Ұлы Отан соғысы батырларының ерлігін көрсететін театрландырылған қойылымдар көрсетті.Ұлы Отан соғыс ардагерлерін құрметтұту мақсатында «Бабалар ерлігі – ұрпаққа өнеге» фотобайқауы, «Жеңіс жолдарымен» шығармашылық фестивалі, жергілікті жердегі ардагерлер туралы мағлұмат алу, оқушылардың бойына рухани-адамгершілік, патриоттық сезім ұялату мақсатында «Жойылсын сұмдық сөз «соғыс» деген!» тақырыбында мәнерлеп оқу, «Бабалар ерлігі – ұрпаққа аманат» атты шығармашылық ізденіс жобалар байқауы, «Маңғыстау тарихы: Не? Қайда? Қашан?» атты топтық танымдық сайыс, «Виват, Победа!» патриоттық әндер, «Тарихтан-тағылым, өткенге-тағзым» атты байқау өткізілді. Маңғыстау облысындағы Түркменстан делегациясы күндеріне арналған «Біз бейбітшілікті қолдаймыз!» атты облыстық көрме өткізілді. Көрмеде барлығы аудан, қаладан 40 жұмыс қаралды. Оқушылар Халықтар достығы туралы қолөнер бұйымдар, майлы бояумен және графикамен бейнеленген түрлі бейбітшілік тақырыбындағы жұмыстарды ұсынылды. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» мерекесіне арналған «Жас Ұлан» ұйымы мүшелерінің «Мен Отанымды қорғаймын» атты мерекелік шарасы өткізілді. Қазақстан Халықтары Ассамблеясының 20 жылдығына арналған көпұлтты Қазақстан мәдениетін және өзге ұлт дәстүрін сақтау, дамыту, ұлттар достастығы, ынтымақ, бірлікті насихаттау, ұстаздардың шығармашылық жетістіктерін көрсету, талант иелерін халыққа таныту мақсатында ұстаздар арасында «Достығымыз жарасқан» атты байқау өткізіліп, ұстаздар вокал және хореография номинациялары бойынша қатысты.Ұстаздар арасында «Ер есімі – ел есінде» атты байқауға Маңғыстау жазушыларының Ұлы Отан соғысы тақырыбына жазған шығармалары бойынша үздік сценарийлер сайысы ұйымдастырылды, қоғам қайраткері, саясаткер Сайын Шапағатовтың 75 жылдық мерейтойына орай «Маңғыстаунама» танымдық сайысы өткізілді.Білім беру ұйымдарында сенім телефондары бар және азаматтардың жүгінулеріне арналған жәшіктер жұмыс жасайды. Мектеп қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ақтау қаласының 5 мектебінде ( №№10,11,12,17,21) және 2 облыстық мектептерде турникет орналастырылған.Білім басқармасының 2014-2016 жылдарға арналған құқық бұзушылықтың алдын алу өңірлік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс шаралар жоспарына» сәйкес төмендегідей шаралар атқарылды.

ІІД қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу» тақырыбында облыстың 5 ауданында 744 оқушыны қамтыған жүрмелі лекциялар мен 4 рет тақырыптық семинар ұйымдастырылды.

Облыстық Дін істері басқармасы жанынан құрылған ақпараттық-насихаттау тобы мектептердің 800-дей жоғарғы сынып оқушыларын қамтыған ақпараттық-түсінік жұмыстарын жүргізіп, «Қазақстан Республикасының шет елдерге оқуға кететін азаматтарға арналған дін мәселелері жөніндегі» жадынамалартаратылып, тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.

Отбасы тәрбиесін нығайту, бала тәрбиесіндегі ата-ана мен мектептің байланысын орнықтыру мақсатында көптеген игі іс қолға алынуда.

Облыста алғаш рет ата-аналардың облыстық жүрмелі конференциясы ұйымдастырылып, 800-ге жуық адам қамтылды. Ата-аналардың ұсынысымен Жаңаөзен қаласында «Көше мәдениеті», Қарақия ауданы мектептерінде «Ар ілімі», Түпқараған ауданында «Аналар мектебі» жобалары жасақталып, 2016 жылдан бастап жоспарлы жұмыс жүргізілтен болады.

Конференция материалдары «Отбасы, оқушы және мектеп» тақырыбымен жинақ болып шығарылып, облыс мектептеріне таратылды.

Аудандық, қалалық мектептерде ата-аналар қауымдастығының қоғамдық тыңдаулары ұйымдастырылуда.

Қазан айында Жаңаөзен қалалық білім бөлімі 246 адамды қамтыған «Жанұядағы әке тәрбиесі» тақырыбында әкелер конференциясы өткізіліп, конференцияға қатысушы ер азаматтар мұндай шараның өте актуальды екендігін және қаладағы кәсіпорындар мен мекемелерде бала тәрбиесі, отбасылық құндылықтары тақырыптарында жүрмелі шаралар ұйымдастыруды ұсынды.

Желтоқсан айының 23-інде Маңғыстау ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Бала тұлғасын қалыптастырудағы отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастығының жетістіктері» тақырыбында конференциясын өткелі отыр. Конференцияда аудан азаматы, құрылыс саласында 40 жылдан астам уақыт еңбек еткен зейнеткер Шаймұрза Байпақовтың«Отбасы.Бала тәрбиесі» атты танымдық-тәлімдік тақырыптағы кітапшасының тұсаукесері ұйымдастырылады.

Білім беру ұйымдарында құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесiн қалыптастыру, мектептегі тәртіптi нығайтуда мектеп басшысының ІІБ, ата-аналармен байланыс деңгейін саралау мақсаттарында облыс көлемінде алғаш рет «Құқық бұзушылыққа жол жоқ!» тақырыбында байқау ұйымдастырылды. Байқау номинациялары бойынша соңғы 3 жыл ішінде құқықбұзушылық болмаған білім ұйымы, құқықбұзушылықтан сақтандыру туралы оқушылардың бейнероликтері мен үндеу парақшалары бойынша қатысушылардың жұмыстары зерделеніп, бағаланды.

Білім басқармасы осы бағыттағы жұмыстарды күшейту мақсатында 2014 жылы «Луара» қоғамдық қоры мен 2015жылы «Қайсар» қоғамдық бірлестіктерімен «Балалар және жасөспірімдер арасындағы суицидттік мінез-құлықтың алдын-алу» және «Жалпы білім беретін мектеп оқушыларын қоғамдағы кездесетін келеңсіз жағдайлардан сақтандыру жолдары» тақырыбында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс беріп, облыс көлемінде арнайы жоспарлы шаралар жүзеге асырылды.

Білім беру ұйымдарына 115 мектеп инспекторлары бекітілген. Олардың 32-сінде жеке кабинет бар, 13-іне компьютер, берілсе, 26 инспектордың кабинетіне телефон орнатылған.

Оқушылардың әлеуметтендіру факторларының бірі балалар-жасөспірімдер ортасында өзін-өзі басқаруды дамыту болып табылады. Осы мақсатта құрылған «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына 45310 оқушы қабылданған.




Аудан,қала


1-11 сынып оқушы саны


1-4 сынып оқушы саны


«Жас қыран ұйымы мүшелерінің саны


%


5-11 сынып оқушы саны


«Жас Ұлан» ұйымы мүшелерінің саны


%


Барлығыы


%

1

Ақтау

30907

14717

5563

38,0

16190

4159

26,0

9722

31,4

2

Бейнеу

13228

5778

3424

59,2

7450

3578

48,0

7002

53,0

3

Жаңаөзен

24347

11355

3470

30,5

12992

6130

47,1

9600

39,4

4

Қарақия

6738

3074

2532

82,3

3664

2285

62,3

4817

71,4

5

Түпқараған

5362

2616

1602

61,2

2746

1140

42,0

2742

44,2

6

Маңғыстау

6722

3074

2430


79,0

3648

2125

58,2

4555

67,7

7

Мұнайлы

18267

9171

2658

29

9096

3706

41,0

6364

34,8

8

ОМИ

436







-

436

358

82,1

358

82,1

9

КТЛ

289







-

289

150

52

150

52

10

Барлығы:

106296

49785

21679

43,5

56511

23631

46,5

45310

42,6
Білім басқармасының 2015 жылға арналған жұмыс жоспары толық орындалды. Білім басқармасы органдар қызметтерін үйлестіру мақсатында облыстың қалалары мен аудандарында және білім беру жүйесінің жағдайын зерттеу мақсатында білім беру бөлімдері басшыларының қатысуымен 4 алқа мәжілісі отырысы мен 6 кеңес өткізілді.

Маңғыстау ауданының білім беру жүйесі жағдайын кешенді зерделеу өткізілді.17 мәселе бойынша тақырыптық зерделеу жүзеге асырылды, оның нәтижелері түрлі деңгейдегі жиналыстарда талқыланып, ұсыныстар берілді. Басшылар мен әдіскерлердің бөлек категориялары үшін оқу-әдістемелік орталықтар арқылы, құрылымдық ұйымдар, қоғамдық ұйымдардың қатысуымен 50 нұсқаушы-әдістемелік семинар-кеңестер өтті. Интеллектуалдық, шығармашылық және спорт сипатында облыстық бұқаралық 678-ге жуық шара өткізілді.



Білім беру сапасын жақсарту және дамыту мақсатында 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламаның ІІ кезеңін іске асыру бағытында жұмыстар жүргізілуде.
Каталог: uploads -> docfiles
docfiles -> Жалпы білім беретін ұйымдар оқушылары арасында аймақтық Әбіш оқуларының байқауын дайындау және өткізу ережесі
docfiles -> Байпақов Шаймұрза Жаңайұлы
docfiles -> Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы
docfiles -> Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сайлауалды Бес институционалдық реформасы «100 нақты қадам»
docfiles -> Білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы ақпарат Маңғыстау облысының білім басқармасы Маңғыстау облысының «Маңғыстау облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
docfiles -> Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сайлауалды Бес институционалдық реформасы «100 нақты қадам»
docfiles -> Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет