Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет17/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1
БОӨЖ 14 Ісікке қарсы иммунитет туа біткен, жүре пайда болған. Жумабаев Нұрғали Стом 205 А, 1Дабылдар мен оқиғаларды өңдеуді, КС зертхана 8, ОНСУ 1-2 ргр
Әдеби KZ 

Ендеше қыз туралы ойлаудан тыйылуым керек», – деп өзіме тоқтау салмақта 

болдым. Бірақ, айы-күні жеткен әйелді ауық-ауық қинаған толғақтай әлдебір 

арылмас  мазасыздық  менің  бойымды  билеп,  барған  сайын  бастағы  ой 

өрістеп, өршелене берді. 

«Ұлы  Отан  соғысында  біз  жауды  қаруымыздың  –  самолеттің,  танктың, 

артиллерияның  құдіретімен  де  жеңдік,  -  деп  ойладым  мен  онан  әрі.  –  Сол 

сияқты  алаулаған  асыл  махаббаттың  күшімен  де  жеңдік.  Біздің  жүрегімізде 

Отанға,  анаға,  сүйген  жарға  деген  шексіз  махаббат  болды.  Соңғы  күш 

алдыңғының  қуатты  қозғаушысына  айналды  да,  өлім  мен  өмірдің 

арпалысындай  айқаста  біз  жеңіп  шықтық.  Меніңше,  махаббат  –  дүниедегі 

барлық  күштің  көзі,  барлық  қуаттың  бұлақ-бастауы.  Онсыз  еш  жерде  жеңіс 

жоқ. Ендеше, қыздар, махаббаттың мөлдір бастауы сендерді көргенде қалай 

тебіренбейін,  қалай  қуанбайын  мен!  Кеше  өгей  Европадан  өз  Европама 

жеткенше асығып ем. Өз Европам өз Азиямдай қуанышпен қарсы алды мені. 

Жолдағы  ағайын  жұрттың  жылы  жүз,  ыстық  ықыласы  жүрегімді  тербеп, 

ежелден  таныс  үнді  славян  сөздері  құлағыма  тәтті  күй  боп  құйылды.  Ал  өз 

Қазақстаныма  жеткендегі  күйім  қандай  болды  десеңші!  Ауызбен  айтып 

жеткізе  алмаспын  мен  оны.  Жол  бойындағы  жадау  разъезд,  жапырайған 

қазақ  ауылдары  қоңырайып  алдымнан  шыққанда  Батыс  Европаның 

салтанатты  сарайларынан  артық  көрдім  мен  оларды.  Үй  жанында  үймелеп 

күз  тіршілігін  жасап  жатқан  жүдеу  жүзді,  жалбыр  киімді  ауыл  адамдары 

көзіме  шалынғанда  жүрегім  елжіреп,  еріп  қоя  берді  шайға  салған  қанттай 

боп». 


Осы  кезде  «Көңілді  бес  жүзінші  поезд»  деп  аталатын  .әскерден  қайтқан 

солдаттар тиелген қызыл вагонды ұзын составтың Қазақстанның шеткі шағын 

станцияларының  біріне  келіп  тоқтағаны  көз  алдыма  елестеді.  Тәкен  деген 



19 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   469




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет