Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет14/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1
БОӨЖ 14 Ісікке қарсы иммунитет туа біткен, жүре пайда болған. Жумабаев Нұрғали Стом 205 А, 1Дабылдар мен оқиғаларды өңдеуді, КС зертхана 8, ОНСУ 1-2 ргр
Әдеби KZ 

солдат құлағы оқытушының «сын есім... сын есім...» дегеннен басқа сөздерін 

және ажырата алмады. 

Маған  құс  мұрын  оқытушының  лекцияға  кіріскеннен  кейінгі  шыныдай 

шыңылдап  қалған  дикциясы  тағы  ұнамады.  Ол  сөйлеген  сайын  біреу 

аудитория  терезелерінің  әйнегін  шылдырата  сындырып  келе  жатқан  тәрізді 

немесе аязды күні әлде кім ақ қарды шықырлата басып қасыңнан өтіп бара 

жатқан  сияқты  болды  да  тұрды.  Маған  сөзден  гөрі  сол  бір  шыңыл  көбірек 

естіле берді. 

Қойшы,  қаншама  тырыссам  да  ештеңе  жаза  алмайтыныма  көзім  жетті. 

Қауырсындай  ғана  жеп-жеңіл  қарындашты  қағаз  бетінде  жорғалату 

алпамсадай зеңбіректі ашық позицияға дөңгелетіп алып шығудан ауыр тиді. 

«Жоқ,  бүйтіп  босқа  қиналмайын,  –  деп  ойладым  ішімнен.–Алдымен 

оқытушының  үнін  құлағыма  сіңісті  етейін.  Содан  соң,  бірте-бірте  лекциясын 

жазуға  да  жаттығармын.  Осы  отырғандардың  бәрі  лекция  тыңдап,  конспект 

жазу  шеберлігіне  бірден  емес,  біртіндеп  жеткен  болар.  Ендеше,  төрт  жыл 

окопта жатып, соғыс академиясын тауысқан солдаттың бұлармен бірге бейбіт 

өмір университетті тәмамдауға да шамасы келер әлі». 

Осы  ойдан  кейін  қарындашымды  дәптерімнің  ортасына  қойдым  да,  бала 

күнгі  әдетім  бойынша,  сол  жақ  алақаныммен  жағымды  таянып,  жақсылап 

тыңдамақ  болдым.  Тыңдай  бастап,  қыздардың  кесте  тоқығандай 

жыпылдатып,  жылдамдата  конспект  жазып  жатқан  әсем  қолдарына  көзім 

түсті де, тағы да олар туралы ойлап кеткенімді өзім де аңғармай қалдым. 

«Қыздар! Сендер қандай ғажап жансыңдар, шіркін. Жаудырай қадалған қап-

қара  көздерің  мен  жанды  еріткен  көмірдей  шаштарын,  иықтарыңдағы 

толқындай  тулаған  білектей  бұрымдарың  мен  сол  қос  бұрым  арасынан 




16 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   469




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет