Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет13/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1
БОӨЖ 14 Ісікке қарсы иммунитет туа біткен, жүре пайда болған. Жумабаев Нұрғали Стом 205 А, 1Дабылдар мен оқиғаларды өңдеуді, КС зертхана 8, ОНСУ 1-2 ргр
Әдеби KZ 

қақысы  жоқ.  Мұндайда  командир  жаңағы  сөзді  айтқан  адамды  орынан 

тұрып,  казарманың  еденін  жууға  жазалайды  да,  сабақтан  қуып  жібереді. 

Әскер  өмірінің  тәртібі  солай.  Төрт  жыл  бойы  сол  өмірге  қалыптасып 

қалғандықтан ба, кім білсін, оқытушы жаңағы студентканы да аудиториядан 

қуып шығатын болар деп қауіптендім. 

Бірақ, ол сөз оқытушының кәперіне мүлде келген жоқ. 

– Программа бойынша солай ғой, – деді де, лекциясына кірісті. 

Бөтен  ұлттың  адамы  болар  деген  оқытушымның  қазақша  білгеніне,  оның 

үстіне қазақ тілінің өзінен сабақ бере бастағанына таңданған мен оның тілін 

қабылдағанмен, қазақ деуге түрін қабылдай алмай біраз отырдым да, ақыры 

оған да көндіктім. 

Содан  соң  өз  дәптерімді  алдыма  қарай  тартып,  мен  де  жұртпен  ілесе 

конспект жазуға талаптандым. Бірақ, бір ғажабы, қанша талаптансам да жаза 

алмадым. Дәптердің дәл ортасына қарындашпен «Сын есім» деген екі сөзді 

баттитып қойдым да, төбеден ұрғандай боп тұрып қалдым. Біріншіден, төрт 

жыл  бойына  қолыма  қалам  орнына  салмағы  сегіз  килограмм  снаряд  ұстап 

үйренген  саусақтарым  икемге  келетін  емес.  Екіншіден,  бәлкім  сол  себептен 

де болар, жаңа ғана өзім жай сөйлейді екен деп ойлаған оқытушының дауыс 

екпіні  тыңдауға  қырсау  сияқты  боп  көрінгенімен,  менің  әрқайсысы  әрең 

бүгілетін, 

буындары 

шор-шор 

барбиған 

жуан 

саусақтарымның 



шапшаңдығынан  әлдеқайда  жылдам  болып  шықты.  Оның  үстіне  соғыста 

зеңбірек  пен  винтовка  сияқты  жауынгер  қарулардың  тілін  ғана  ұғып,  тас 

төбеңнен  төне  түсіп,  боздай  сорғалап  келе  жатқан  мина  мен  бомбалардың 

қай жерге кеп бүрк ете қаларын үніне қарай ажыратуды мүлтіксіз білгенмен, 

мынадай  аудиторияда  лекция  тыңдаудан  мүлде  тосырқап,  әрі  мүкістенген 



15 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   469




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет