Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет15/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1
БОӨЖ 14 Ісікке қарсы иммунитет туа біткен, жүре пайда болған. Жумабаев Нұрғали Стом 205 А, 1Дабылдар мен оқиғаларды өңдеуді, КС зертхана 8, ОНСУ 1-2 ргр
Әдеби KZ 

көрінген кіршіксіз аппақ желкелерің қандай әсем еді сендердің. Өзеннің құба 

талындай солқылдаған бойларың неткен көркем, апырау. 

Қыр  жігітінің  қанын  қыздырып,  құшақтауға,  құшуға  құмарттыратын  қыпша 

белдерің  мынау  бұралған!  Сендердің  сымбаттарыңды  суреттеуге  соғыстан 

қайтқан солдаттың тілі жете алар ма ешқашан?!» 

Осындай ойлар бірінен соң бірі жалғаса берді, жалғаса берді. Ой құшағында 

отырған мен қыздардан өзге дүниенің бәрін де ұмытып кеткен сияқтандым. 

«Бұл  қыздарды  көріп  отырған  мен  неткен  бақыттымын!  –  деймін  тағы  да 

ішімнен.  –  Соғыс  бойы  жауды  жеңіп,  сендерді  көрсем  деп  имандай  арман 

тұтып  едім  ішіме.  Сыз  окопта  суық  жаңбыр  төбеден  сорғалап  тұрғанда  да 

сендерді ойлағанмын. Ақ қар, көк мұзда жол жағасында жау танкісін тосып, 

зеңбіректі  құрып  қойып,  шұңқырдың  төбесіне  плащпалатка  тұтып,  түбінде 

тісім-тісіме  тимей  сақылдап  тоңып  отырғанда  да  сендер  жүрегімде 

жатқансыңдар,  қыздар.  Жаяу  жорықта  жан  қиналып,  күндіз  жау 

самолеттерінің  төбеден  атқылаған  оғы  шинелімнің  етегін  шұрқ-шұрқ 

тескілеп,  түнде  ұйқы  қаумалап  кірпіктеріме  қайта-қайта  желім  жағып, 

буындарымды босатып мазамды алып, есім шығып келе жатқанда да сендер 

менің  ойымнан  кетпегенсіңдер,  арулар.  Сол  күндердің,  сол  айлардың, 

жылдардың бәрінде де мен сендерді бір минут та есімнен шығарған емеспін. 

Жалғыз  менің  ғана  емес,  майдандағы  бар  жігіттің  жүрегінде  болдыңдар 

сендер.  Сендерден  ауық-ауық  хабар  алу  қандай  бақыт  еді  майдандағы 

жігіттерге. Әр жауынгер қолына үшкіл хат тиіп, оның сыртындағы өзіне таныс 

қолдың  танбасын  көргенде  жел  қозғаған  жапырақтай  дірілдеп,  тез  оқып 

шыққанша  тағаты  қалмай  асығатын.  Жаңа  ғана  жаудың  жебір  танкісін 

жайратып,  қираған  болаттың  беріктігі  мен  сұстылығын  өз  бойына,  өз  өніне 

жиып  шамырқанып  тұрған  қаһарлы  солдаттың  қыз  хатын  оқып  шыққанда 



17 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   469




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет