Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет5/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1
БОӨЖ 14 Ісікке қарсы иммунитет туа біткен, жүре пайда болған. Жумабаев Нұрғали Стом 205 А, 1Дабылдар мен оқиғаларды өңдеуді, КС зертхана 8, ОНСУ 1-2 ргр
Әдеби KZ 

шың-  құздарының  үстінде,  дүниенің  төбесінде  қалықтап  ұшып  бара 

жатқандай күй кештім. 

Декан  алдында,  стол  үстіндегі  шыны  астында  жатқан  сабақ  кестесіне  қарап 

отырды да: 

–  Сіздің  курс  қазір  осы  дәліздегі  33  аудиторияға  жиналады.  Бес  минуттан 

кейін  сабақ  басталады.  Өзіңізді  студентпін  деп  есептеп,  курсыңызға  барып 

отыра беруіңізге болады, – деді. 

Мен деканға рақмет айтып, бас идім де, есікке қарай бұрылдым. 

Дәлізді  қуалап  жүріп  келемін.  Ұмытып  қалмайын  деп  қайта-қайта  ішімнен: 

«Отыз  үшінші  аудитория,  отыз  үшінші  аудитория...»  деп  күбірлеп  келемін. 

Міне  сыртында  31  деген  жазуы  бар  есік  тұр.  Есігінің  аңқайып  ашық 

қалғанына  қарағанда  аудитория  бос  тұрған  тәрізді.  Өзімді  толық  праволы 

студент деп сезінгендіктен бе, білмеймін, кенет оның ішін көргім келіп кетті. 

Еденнің оң жағы сахна тәріздендіріліп, биіктетіліп  қойыпты. Оның төрінде – 

қабырғада қара тақта ілулі тұр. Сол жақта жыпырлаған биік парталар. «Әлде 

бұл клуб па екен?» деп ойладым одан шыға беріп. «Отыз үшінші аудитория... 

отыз  үшінші  аудитория»  деп  күбірлеп,  тағы  ілгері  аяңдадым.  Келесі  есіктегі 

32 деген жазуға көзім түсе беріп еді, сол-ақ екен, ол шалқасынан ашылып кеп 

еді.  Кітап  қолтықтаған  бірнеше  студент  шығып  келе  жатты.  Мен  солардың 

арасынан  ашық  есікке  және  көз  салдым.  Сол  жақта  алдарындағы  кітап, 

қағаздарына  үңіліп,  бұқшия  төмен  қарап  отырған  көп  студент  көрінеді.  Оң 

жақта,  сөреде  қатар-қатар  тізіліп  тұрған  кітаптардың  алтын  жазулы  түптері 

көзге  шалынады.  Үстіне  көк  халат  киген  татар  өңдес  жас  келіншек қашаның 

қасында тұрған біреуге кітап ұсынып жатыр. «Бұл немене, кітапхана ма өзі?» 

деп  ойлап,  мен  аяғымның  ұшымен  көтеріліп,  мойнымды  соза  бергенде, 

іштен  шыққан  соңғы  студент  есікті  серпіп  жіберді.  Менің  жорамалым 







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   469




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет