Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет9/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1
БОӨЖ 14 Ісікке қарсы иммунитет туа біткен, жүре пайда болған. Жумабаев Нұрғали Стом 205 А, 1Дабылдар мен оқиғаларды өңдеуді, КС зертхана 8, ОНСУ 1-2 ргр
Әдеби KZ 

Олар  бір  сәт  шаштарын  сипап,  сәнденген  сияқтанды.  Содан  соң,  әлдекімнің 

командасын  орындағандай,  кеуделеріне  түсіп  тұрған  білектей  бұрымдарын, 

бір  кісідей  болып,  арқаларына  қарай  серіпті.  Сөйтті  де  қыздар  қайтадан 

маған  қарады.  Бұл  жолы  бұрынғыдай  самарқау  емес,  менің  жүрегімді 

жандыра, күйдіре қалған сияқтанды. Әрине, бәрі емес қой, кейбіреулері ғана 

сөйткен болар. Бәлкім, маған солай сияқтанып көрінген шығар... 

Прожекторлар  сәулесінің  найзасына  ілінген  самолетке  оқ  тимей  қоймайды. 

Оқ  тиген  самолет  өртеніп,  лаулап,  соңынан  қара  түтін  сүйретіп,  бет  алдына 

ауытқып,  жер  қайдасың  деп  құлдилап  лаға  жөнеледі...  Отыз  қыздың  көзі 

менің де жүрегімді өртеп жібергендей болды. Оқ тиген самолеттей теңселіп, 

теп-тегіс  еденде,  жаңа  жыртылған  тақтаның  үстінен  келе  жатқандай,  сүріне 

аяндап,  бос  орын  іздеп,  аудиторияның  ең  түкпіріндегі  бос  партаға  қарай 

беттедім. 



ІІ 

Ең  артқы  партаға  келіп  еңкейіп,  оның  кітап  қоятын  қуысына  әскери 

сумкамды,  қоқайма  фуражкамды  сүңгітіп,  енді  отыра  бергенімде,  дәл 

қасымнан  дүр  етіп  бір  топ  көгершін  көтерілген  іспеттеніп  кетті.  Олардың 

лыпыл  қаққан  жеңіл  қанаттарының  жақыннан  шыққан  лебін  де  естіген 

сияқтандым.  «Мұнда  көгершін  қайдан  келді?»  деп  ойлап,  басымды  көтеріп 

алдым.  Сөйтсем,  көгершін  дегенім  орындарынан  өре  түрегелген  қыздар 

екен.  Қыздардың  жауырындары  қақпақтай,  етженді,  бойшаңдары  да, 

иықтары  қушиған,  бірақ  бойлары  тартқан  сымдай  тіп-тік  нәзік  денелі, 

талшыбықтай майысқан талдырмаштары да бар екен. Оларды шолып келіп, 

менің  көзім  өз  алдымдағы  көрші  партадан  көтерілген  екі  қыздың  жып-

жылтыр шаштарына, олардың қос-қос бұрымдарына түсті. Орындарынан тез 

тұрғандықтан  болар,  қыздардың  тастай  ғып  өріп  тастаған  әсем  бұрымдары 

тақтайдай  жауырындарын  сипағандай  боп,  жеңіл  ғана  дірілмен  қозғала 




11 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   469




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет