Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет12/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1
БОӨЖ 14 Ісікке қарсы иммунитет туа біткен, жүре пайда болған. Жумабаев Нұрғали Стом 205 А, 1Дабылдар мен оқиғаларды өңдеуді, КС зертхана 8, ОНСУ 1-2 ргр
Әдеби KZ 

деп  ойладым.  Ол  лекцияның  орыс  тілінде  оқыларына  да  күмәнім  болған 

жоқ. 

– Ал, балалар, дайынсыңдар ма? - Мен елең етіп, мойнымды ілгері создым. 



Қазақша сөйлеген осы оқытушы ма, әлде басқа біреу ме деп, өз құлағым мен 

өз көзіме өзім сенбеген сияқтандым. 

–  Дайынбыз,  ағай,  –  деген  оң  жақ  қанаттан  шыққан  қыз  дауысы  естілді. 

Алғашқы  сөзді  оқытушы  айтқанына  әлі  де  иланатын  емеспін.  Өзгелер 

сытырлатып  дәптерлерін  аша  бастағанда,  мен  бақырайып,  қараңғыда  жау 

пулеметінің қай жерден от шашарын аңдыған түнгі барлаушыға ұқсап, бүркіт 

мұрынның астындағы ауызды бағумен болдым. 

–  Дайын  болсаңдар  жол  ортасына  былай  деп  жазыңдар:  Сын  есім.  –  Бүркіт 

мұрынның астынан ақ тістер жарқ-жарқ ете қалды. Оқытушы өзін байсалды 

ұстап  әр  сөзін  баппен,  байыппен  айтады  екен.  Соғыста  командирлердің 

шапшаң  айтылатын  бұйрық  сөздеріне  үйреніп  қалған  маған  бұл  ырғақ 

тосындау таңылып, оқытушы әдейі маңғазданып отырғандай көрінеді. Менің 

осылай деп ойлауыма мүмкіндік бергендей, құс мұрын оқытушы сәл бөгеліп 

барып,  сөзін  ары  қарай  жалғады.  –  Біздің  бүгінгі  өтетініміз:  сын  есімнің 

түрлері  –  сапалық  сын  есімдер  мен  қатыстық  сын  есімдер,  сын  есімнің 

морфологиялық  құрамы,  яғни  сын  есімнің  қосымша  арқылы  жасалуы,  сын 

есімнің  синтаксистік  тәсіл  арқылы  жасалуы  және  форма  тудыратын 

қосымшалар. 

–  Түу,  ағай,  тіпті  көп  қой,  -  деді  төмен  тұқырып  алып,  дәптерлеріне 

сусылдатып жаза бастаған қыздардың бірі. 

«Бәләй,  көп  деп  бекер  айтты-ау»  деп  ойладым  мен  ішімнен  жаңағы  сөзді 

айтқан  қызға  жаным  ашып.  Өйткені  командир  сабақ  беріп  тұрғанда 

солдаттардың  бұлай  деп  оның  әрекетіне  баға  бермек  тұрғай,  сөзін  бөлуге 



14 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   469




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет