Марат Қабанбаев (1948 – 2000)



бет10/13
Дата04.11.2023
өлшемі51,12 Kb.
#189432
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Бауыр
Chapter 3, Blue, Brown And Pink Modern Minimalist Thesis Presentation, Слайд № 1. Неделя 2., English File 4th edition Elementary TG, “Орта білім беру ұйымдарындағы әдістемелік жұмыс мазмұны мен құрылысы» кестесін жасау, Қарт теугеушінің әңгімесі, ЭЕМм программасын тіркеу туралы өтінішхат-1, Lecture 1. Introduction and history, Жүнісбеков
Он бес жастағы баладан не сұрайсың. Көрген-білген бар қызығы табиғат мүйісі, ойлағаны бірінші орын, бокс болса, байғұс бала, расында да, басқа несін айтсын.
Түсінген адам кешіре де біледі.
Басын салбыратып отырып-отырып:
− Болашақта кім боласың?- дей салды ерін ұшымен.
Қали іркілмеді.
Ұшқыш... Әскери ұшқыш боламын. Балалар үйінен түлеген ұшқыш ағалар баршылық. − Манап мырс етті. «Аға» деген сөз көп күттіріп барып, аузынан ақыр соңында шықты-ау. Өз ойымен өзі әуре Қали оны елемеді.
− Әнеугүні соның бірі келіп кетті. Клубта кездесу өткіздік. Сидоров Александр Павлович. Ордені бар. Полковник. Соғыста қаза тапқан әкесі де истребитель - ұшқыш болыпты. Екінші күні жатпай-тұрмай аңдып жүріп, жатақхананың шыға берісінен ұстай алдым да, жеке сөйлестім. «Әскери ұшқыш боламын десең, денсаулығыңды осы бастан мықта. Спортыңды тастама!»- деді. Қазір Саша ағаймен хат жазысып тұрамыз. Сондай бір жаны жайсаң жақсы аға!
Қали қысыңқырап алған көзін қарсы алдындағы биік теректің ұшар басына тігіп отыр. Көк зеңгірдің төсін тіліп, аспанда ұшып жүрген өзін ойша елестеткендей ме, қалай? Пысық бала ғой, бойын тез жинап алды. Манаптың жиырылған жөнінен сойдиып шығып тұрған білегіне қадалды.
− Уақытыңыз қанша?
Бес минутсыз бес.
− О! − Қали атып тұрды. − Отырып қалыппын. Уақыттан ұтылсам, жарыста ұтылғаным. Бес жарымда жаттығу бітеді. Тым болмаса, қалғанына қатысайын. Жаз бойы салмақ қосып, бұлшық етім босап кетіпті. Қош бол...- дей берді де, тілін тістеді. − Сіз... қонасыз ба?
Манап төмен қараған күйі:
Жоқ, кетемін. Кешкі алтыда поезд бар,- деді.
− А-а... Сапарыңыз сәтті болсын! − Серпіндей басып спорт залына қарай ұрып жөнеле берді.
Орындық үстінде қырық алтыншы костюм көлбеп жатыр.
Бері кел, Қали!
Бұрылды.
Жақындады.
− Кешіріңіз... Маған сыймайды. Артық та емес. Қатар жатқан Эльдар Ғиззатуллинге құйып қойғандай екен. Бірге оқимыз. Бойы тәштік. Соған сіздің атыңыздан сыйлайын. Ренжімейсіз бе?
− Түк ренжімеймін.
− Рақмет! − Костюмді қолтығына қысып, жаңағы сара жолына түсті.
− Хат жазамын.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет