Мақсаты: Оқушылардың бойында адам туралы, оның табиғи ішкі мүмкіндіктері,мінез-құлқы туралы жақсы көзқарас қалыптастыра отырып, оларға өзін-өзі қадағалай алу,бағалай білу және өзін-өзі дамытып жетілдіре алу және өсу



бет2/7
Дата11.01.2017
өлшемі1,07 Mb.
#7133
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

Бекітемін: __________ М.Тулепова

Оқу ісі жөніндегі орынбасары:

«______» қыркүйек 2015 жыл

Мектеп: Кулагино ұлттық гимназиясы

№__4___

Тақырып: Сәулесімен санаңның, жігерленсін талабың.

Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: Адалдық , әділдік

Мұғалiм: Р.Хасанова Сынып___7__Оқушылар саны___



Мақсаты:

-оқушыларға ерік-жігер,күш-қуат,сана-сезім тәрізді құндылықтардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру.



Міндеттері:

-оқушыларды өз өміріне жауапкершілікпен қарай алуға,күш-жігерін ырықты түрде толық пайдалана алуға үйрету;

-оқушылардың ерік-жігерін,күш-қуатын саналы түрде арттыра алу дағдыларын

дамыту.


-оқушыларды табандылққа, төзімділікке, жігерлілікке,қажырлылыққа,ерік-күштің мықтылығына тәрбиелеу


Ресурстар

(құралдар, мәлiметтер)

Үнтаспа, бейнетаспа, оқулық, слайд


Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

5 «Т» ұстанымын еске түсіру. 
1. Тәртіп 
2. Талап 
3. Тыныштық 
4. Тазалық 
5. Татулық 

  1. Тыныштық сәтi. «Орманға ойша серуен» 

Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желді және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады). 
Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз! 

  1. Үй тапсырмасын тексеру:

14-бет түсінік сұрау, дәптердегі 1-тапсырманы, мақал-мәтелді тексеру;

Түзеліп еркін отырады.

Қолдарын алдарына қойып,орындыққа арқаларын тақап,

көздерін жұмып отыру сұралады.


  1. Дәйексөз

  • Санаңмен санасып, әбден ойланып жасаған іс оң нәтиже береді;

  • Өз күшіне сенген адамның ерік-жігері мықты болады;

  • Ынта мен ықтиярың келіскен жағдайда көп нәрсені үйренерсің;

  • Тәуекелге бел байласаң, арманыңа жетерсің;

  • Әр адамда сенген ісін орындауға жетерлік күш-қайрат болады.

И.Гете

Үлкен ерік – әлденені қалап,соған қол жеткізе білушілік қана емес, сонымен қатар керегі жоқ кезде әлденеден өзін бас тартқыза білуде. Ерік дегеніміз - жай ғана

Тілек емес, оның үстіне сол тілекті қанағаттандыру, ал мұның өзі әрі тілеу, әрі тоқтау, әрі бас тарту.

А.С.Макаренко






  1. Мұғалім сыйы

«Киіктер толғауы» мультфильмінен үзінді көрсету. 





  1. Шығармашылық жұмыс

Жағдаятты талдау.

Данияр соңғы кезде өзгеріп кеткен сияқты. Көп нәрсеге немқұрайды

қарайтын тәрізді. Өткен аптада тарих сабағынан реферат жазып келу тапсырылған болатын. Даниярдың есіне ол тек келесі сабақ болатын күні ғана түсті. Асығып, тақырыпқа терең бойламай, жалаң жаза салды. Көп ойланып, күш жұмсауға ерінді. Ізденуге ынтасы болмады. Содан болар, алған бағасы да төмен болды. Сыныптастары жақсы оқитын Даниярдың мұнысына таң қалды. Апайы да ренжіген сыңай танытты. Тапсырылған істі қалай болса, солай орындай салуға болмайтынын түсінген Данияр ерік-күшін шыңдау үшін не істеу керектігін жоспарлады. Ол алдымен бойынан жалқаулық, немқұрайдылық, ұқыпсыздық сияқты жағымсыз қылықтарды қуып шығуды ойлайды. Одан кейін не істеу керектігін білмей басы қатты.





  1. Топпен ән айту

Қазақ вальсі

Сөзі:С.Мұқановтыкі

Әні:Л:Хамидидікі

Май туса,гүлдер шешек атса жазда,

Тоғайда бұлбұл,көлде аққу,қаз да,

Сайраса,біз жастар да нақ солардай

Бақытқа бөленеміз,сауық назға

Қайырмасы:

Бақыт нұрға

Оранса жер аспан

Біздің жыр да,

Бар жырға ұласқан,

Махаббаты жырлаймыз біз

Жастар,жастар,жастар

Сарқырап асау бұлақ ақса құздан

Алтын күн нұрынан қуат алып,

Жайнаймыз жарығырақ жұлдыздардан

Жайнаймыз жарығырақ жұлдыздардан






  1. Үйге тапсырма

18-бет оқу, дәптердегі 1,2-тапсырма, эссе жазу




  1. Соңғы тыныштық сәті. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жай дауыспен: «Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»

Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!

Сау болыңыздар!






Бекітемін: __________ М.Тулепова

Оқу ісі жөніндегі орынбасары:



«______» қазан 2015 жыл

Мектеп: Кулагино ұлттық гимназиясы

№__5__

Тақырып: Сыр мен сымбат.

Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: Сұлулық, тазалық, адалдық

Мұғалiм: Р.Хасанова Сынып___7__Оқушылар саны___




Мақсаты: -адамның сыртқы тұлғасы мен ішкі жан-дүниесінің үндестігі,

сезім мен ой тазалығы, сұлулықтың мәні туралы түсінік беру.



Міндеттері:

-Оқушыларды адамның ішкі жан дүниесіне үңіле білуге,жақсы мен жаманды ажырата алуға үйрету.

-оқушыларды сыртқы сұлулықты дұрыс түсіне білуге дағдыландыру


Ресурстар (құралдар, мәлiметтер)

Үнтаспа, бейнетаспа, оқулық,



Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

  1. Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті.Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Нұр бірте- бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан- жағыңызға сәуле шашады.Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге,достарыңызға,таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз.Олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан- жануарларға, өсімдіктерге,тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір- түкпіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын »

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет! Қандай сезімде болдыңыздар? Ойларыңызбен бөлісіңіздер.


  1. Үй тапсырмасын тексеру:

18-бет әңгімелеу, дәптердегі 1,2-тапсырманы және жазып келген эсселерін тексеру

* Сыртқы бейне сұлулығы дегенді қалай түсінесіңдер? 
* «Сұлулық » деген сөзді басқа сөзбен қалай айтуға болады? 

Түзеліп еркін отырады.

Қолдарын алдарына қойып,орындыққа арқаларын тақап,



көздерін жұмып отыру сұралады.

  1. Дәйексөз

  • Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу.

  • Жаны сұлудың,тәні сұлу.

  • Сұлулық адамның жүзінде емес, жүрегінде болады.

  • Әсіре сұлу тез оңар.

  • Сұлу қатын құшқанша, тәтті тамақ жұтқанша. (Мақал-мәтелдер)







  1. Мұғалім сыйы

Абай өлеңдерінде де ерекше көзге түседі: «Жігіттер, ойын арзан, күлкі кымбат, Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат...». «Ішім өлген, сыртым сау, Көрінгенге деймін-ау, Бүгінгі дос - ертең жау, Мен не қылдым, япырм-ау?!». Абай шығармаларында монолог елеулі стильдік қызмет атқарып, автор ойын оқырманға тиімді жеткізудің бір тәсілі ретінде қолданылған.
Сұлулықты әркім әр түрлі түсінеді ғой, бірақ ол туралы жалпы түсінік те бар.
Табиғаттың сұлулығына шексіз сүйсініп, таңғалып тамсанамыз, содан ерекше ләззат аламыз. Ал адамның сыртқы сымбат сұлулығы кімге де болсын ұнайды, қызығамыз, кейде іштей қызғанамыз. Алла жаратқан жер бетіндегі барлық тіршілік иелерінің ең сұлуы – адам көрінеді. Әр адамның бет-бейнесі, кескін-келбеті, мінез-құлқы әр түрлі, бір-біріне ұқсамайды. Барлық халықта сұлулық белгілері: сұңғақ бой, аршын төс, бөкен сан, қылдай қыпша бел, ашаң аппақ жүз, қыр мұрын, қиғаш қас, оймақауыз, күлім көз, қолаң шаш, т.б. болып келеді. Кейбір адамның бет-бейнесі айта қаларлық сұлу болмаса да, өзіне тартып тұрар бір қасиеті болады. Ол қасиет – адамның адамгершілік қасиеттерімен тығыз байланысты ішкі жандүние сұлулығы. Өмірде сұлу адамдар өте көп, бірақ жаны сұлу адамдар көп деп айта алмайсың. Қазақ «Жылқы кісінескенше, адам түсініскенше» деген екен. Асқан сұлулардың сөйлесе келе таяз екенін байқасаң, сұлулығы көк тиын болып қалады. Жан сұлулығы, сөзсіз, сана-сезімнің басқаға қарағанда жоғарылығынан туындайды. Адамның өнер мен білімге, өмір сүруге құштарлығы, айналасындағы сұлулықтың бәрін жоғары бағалауына, сүюіне ықпал етеді. Сұлулықты көре білсең, оны бағалай да білесің. Көркем шығармаларда (байқайсыз ба, атының өзі көркемдікке, сұлулыққа тәрбиелейді) табиғаттың көркін, адамдардың жақсы істерін, мінез-құлқын, келбетінің, жандүниесінің сұлулығын сипаттайды, үлгі етеді. Оқырман кейіпкерге ғашық болады, сондай болуға тырысады. Жазушы Сәбит Мұқановтың «Ботагөз» романын оқып, Ботагөз бен Амантайға ғашық болған оқырмандар балалары туғанда сол кейіпкерлердің атымен атағаны мәлім. Сұлулық көздің жауын алады, ғашық қылады, таңғалдырады, тамсандырады, табындырады. Жас баланы туғаннан айналасындағы әдемілікті көріп, сезіп, түсініп өсуге баулу, тәрбиелеу керек. Сол бала тәрбиесіне БАҚ құралдары көп әсер ететіні шын. Теледидардан көбіне жауыздықты, қанішерлерді, қатыгездікті, судай төгіліп жатқан адам қанын көрсетеді. Соны көріп өскен жастар ертең ел-жұртына жақсылық жасай ма? Қазіргі замандағы ең жексұрын, жүрек айнытар қылмыстар арақ ішіп, есірткі шегудің салдарынан болып жатыр, оны сол теледидардан көрген, білген адамдар жасауда. Бұрын теледидардан көрсететін әр шығарманың тәрбиелік мәнін сараптап, көрсетуге бола ма, болмай ма, оның пайдасы мен зияны туралы ойлаушы еді, ал қазір тек эфир толса, ақша түссе болды. Бір түрлі жүрекке жылы, жаныңа жақын жақсылық, сұлулық көргің келеді. Аңсайсың да тұрасың. Сұлулықты көре, сезе білген адам жамандыққа бармайды.
«Сұлулық әлемді апаттан сақтайды» демекші, сұлулықтың, әдеміліктің өмірде маңызы аса зор. Адамның жандүниесі де, сырт келбеті де сұлу болса, ол – жаратушы Алланың сыйлығы. Тек өзің жүрген ортада жаны сұлу, жүзі жарқын, әрқашан жақсылық туралы ойлап, жақсы жолмен жүретін адамдардың көп болғаны қандай тамаша десеңші! Өмір өлшеулі болғандықтан, көзіміз тіріде жарық дүниенің шексіз сұлулығына тоймай, сұқтана қарап, жақсы істерімізбен айналамызға шуақ шашуымыз керек. Көз соқырлығынан көңіл соқырлығы жаман. Көңілі соқыр сұлулық әлеміне сапар шеге алмайды. Ал көзі соқыр адамдардың ішінде қаншама дарынды музыканттар, суретшілер, мүсіншілер, жазушылар, ақындар бар. Олар болмайтынды болдырып, таңғаларлық тамаша өнер туындыларын дүниеге әкелген. Өмірдің көмескі жақтары да бар болғанмен, жүрегінің жылуы, көңілінің сәулесі бар адам әр уақыт өмірдің жарық жағын қалайды. Өзін де, өзгені де шуаққа бөлеп, күнше жылытады. Міне, сұлулық деген сол.

 




  1. Шығармашылық жұмыс







  1. Топпен ән айту

«Қазақ қызы» әнін тыңдау

Сөзі: И.Сапарбайдікі

Әні:Р.Таймановтікі

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған,

«Қыз өссе елдің көркі»-деген сөзді

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам!
Намысын бермеу үшін жатқа қолдан,

Арулар аз болды ма атқа қонған,

Көңілде қалған сыз бар өткен күннен

Өмірде қалған із бар «ақтабаннан»


Жасырмай айтар болсам жан сырымды

Тағдырым қарауылға қанша ілінді

Ерліктің қос қанаты деп білем мен,

Аяулы Әлия мен Мәншүгіңді!






  1. Үйге тапсырма

24-бет жаттау, дәптердегі 1-тапсырманы орындап келу




  1. Соңғы тыныштық сәті. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жай дауыспен: «Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»

Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!

Сау болыңыздар!





Бекітемін: __________

Оқу ісі жөніндегі орынбасары:

«______» қазан 2015 жыл

Мектеп___

№_6_

Тақырып «Сыр мен сымбат».



Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер : Адалдық , әділдік

Мұғалiм: Сынып___7__Оқушылар саны___




Мақсаты: -адамның сыртқы тұлғасы мен ішкі жан-дүниесінің үндестігі,

сезім мен ой тазалығы, сұлулықтың мәні туралы түсінік беру.

Міндеттері:

-Оқушыларды адамның ішкі жан дүниесіне үңіле білуге,жақсы мен жаманды ажырата алуға үйрету.

-оқушыларды сыртқы сұлулықты дұрыс түсіне білуге дағдыландыру


Ресурстар (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті.Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Нұр бірте- бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан- жағыңызға сәуле шашады.Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге,достарыңызға,таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз.Олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан- жануарларға, өсімдіктерге,тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір- түкпіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын »

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет! Қандай сезімде болдыңыздар? Ойларыңызбен бөлісіңіздер.




Түзеліп еркін отырады.

Қолдарын алдарына қойып,орындыққа арқаларын тақап,

көздерін жұмып отыру сұралады.


1.Мұғалім сыйы

Өмірді болған ақиқатты баяндау






2. Сабаққа қызығушылығын арттыру бағытында:

«Сыр сұлуы» әнін орындау.

Әні:Ш.Қалдаяқовтыкі

Сөзі:З.Шүкіровтыкі

Жайраңдап жазда ағатын еді.

Есімде қайран Сыр сұлу

Таңертең сонда баратын еді

Толқынға құмар бір сұлу

Қайырмасы

Аңсатса сыр өңірі

Ән тербер жүрегіңді

Өзіңнен туған ұлың айналсын

Жайқалған ақ күрішің

Жаралған шаттық үшін

Қайран сол,сыр сұлуы қайдасың!
Тұрғандай қарап толқынды Сырға

Бір сұлу әсем жан сыры

Сәуле боп ойнап жатқандай суда

Көзінің ерке жарқылы






3.Оқу ақпараты

Сұлулық-ең алдымен адам баласына тән сипат,әйтседе сұлулықты айнала қоршаған ортадан,табиғат тынысынан да,кездестіруге болады.Жазиралы кең дала келбетінің тамашасы тұтас бір сұлулықты көрсетіп желегі жайқалған,жасыл ағаштар мен құлпырған гүлдер сұлулығы жүрегіңді қуанышқа бөлейді.







4.Мәтінмен жұмыс

Тәңірісі сұлулықтың марал деген...

О.Бөкей

**Автор маралдың сұлулығын қалай сипаттайды?



**Сұлулық адамға тән бе?

**Еліктің баласы құралайдың,түйенің баласы ботаның сұлулығы туралы не айтар едіңдер?







5.Дәйексөз

«Адамның жан-дүниесі дүние сұлулығымен,жақсылығымен үндестікте

болуы керек,жақсылымен үндестікте болуы керек,сонда адам рухани да,табиғи да сау болады».

Г.Құрманбай





6.Шығармашылық жұмыс

Сыртқы сұлулығы жан әлемімен үндескен әнші туралы дәптерлеріне шағын эссе жазу.





7.Сахналық көрініс

Сұлулықпен сырласу

Б.Айтуқызы

Кейіпкерлер:Әсем,Әйгерім,Ақбота,Дархан,Жарқын.








8.Тапсырма

Сен сұлу


М.Жұмабаев

**Табиғат пен адам тұтастығы туралы пікірлерін тыңдау,оларды бір-бірімен салыстыра білу.







9.Жақсы әнмен сабақты қорытындылау

«Алтыным» әнін барлығы қосылып орындау.

Сөзі:Н.Әлімқұловтыкі

Әні:Ә.Бейсеуовтікі

Теңіз болып толқыдың да шалқыдың

Айдыныңда шағала боп қалқыдың

Гүлім болып жайнап өскен жайлауда

Самал болып аймаладың алтыным,алтыным


Бірге өткіздік талай күнді бал-шырын

Сымбатыңа сөздеріңе балқыдым

Бұлбұл болып көңіліме сайрадың

Жұлдыз болып жарқырадың алтыным,алтыным.






Бекітемін: __________ М.Тулепова

Оқу ісі жөніндегі орынбасары:


Каталог: uploads -> doc -> 0f7b
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0f7b -> Сабақ Топ: 37 Күні: 23. 10. 2015 ж Тақырыбы: «Экономикалық білім-заман талабы». Сабақтың мақсаты
0f7b -> ТҰсаукесер рәсiмi "Теңге"
0f7b -> Сабақтың тақырыбы: Тіл тазалығы. (10-сынып) Міндеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет