Мақсаты: Оқушылардың бойында адам туралы, оның табиғи ішкі мүмкіндіктері,мінез-құлқы туралы жақсы көзқарас қалыптастыра отырып, оларға өзін-өзі қадағалай алу,бағалай білу және өзін-өзі дамытып жетілдіре алу және өсу



бет3/7
Дата11.01.2017
өлшемі1,07 Mb.
#7133
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

«______» қазан 2015 жыл

Мектеп: Кулагино ұлттық гимназиясы

№__7__

Тақырып: Сыр мен сымбат.

Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: сұлулық, тазалық, сезім

Мұғалiм: Р.Хасанова Сынып___7 __Оқушылар саны___




Мақсаты: -адамның сыртқы тұлғасы мен ішкі жан-дүниесінің үндестігі,

сезім мен ой тазалығы, сұлулықтың мәні туралы түсінік беру.



Міндеттері:

-Оқушыларды адамның ішкі жан дүниесіне үңіле білуге,жақсы мен жаманды ажырата алуға үйрету.

-оқушыларды сыртқы сұлулықты дұрыс түсіне білуге дағдыландыру


Ресурстар

(құралдар, мәлiметтер)

Үнтаспа, оқулық, постер, бейнетаспа

слайд


Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

  1. Тыныштық сәтi. «Менің жан дүниемнің гүл бағы» 

Терең тыныс алыңыз...Өзіңізді жайлы, қалыпты ұстаңыз. Өзіңізді бақылаңыз. Көз алдыңыз қараңғыланып кетті. Қараңғылық ішінен әдемі өрнектері бар түрлі-түсті қақпа пайда болды да жарық етіп ашыла кетті. Әрі қарай өтіңіз. Сіз тамаша бақтың ішіндесіз. Алуан түрлі гүлдер тобы сізге қарап, сүйіспеншілікпен иіліп, тербеліп сәлем бергендей болды. Кенет гүлдер тез көбейе бастады, жүздеген, мыңдаған қызылды-жасылды гүлдер жер бетін жауып кетті. Шетімен шегі жоқ. 
Самал жел таза ауа мен гүлдердің иісін жеткізді. Сізді жеңілдік пен еркіндік, қуаныш сезімі биледі. Гүлдердің ішінен өзіңізге жаны жақын адамдардың бейнесі жымиып, сүйіспеншілікпен қарап тұрған сияқты. Олар кімдер? 
Жүріп келе жатып сізді алыстан көз тартып шақырғандай болып тұрған гүлдің өзіңізге жақын, сізге туысқандық байланысы барын сезінесіз. Түсі қандай? Жақындап қараңызшы, ол ешқайсысына ұқсамайды, ерекше және қайталанбайды. Үңіліп қарасаңыз, ол гүлден өз бейнеңізді көресіз. Ол өте әдемі. «Әр гүлдің өз иісі бар, өзіне тән сұлулығы бар екенін ұмытпаңыз!» Өзіңізді бағалай біліңіз. Гүлдер, ағаштар, жемістер бір-біріне еш ұқсамайды, бірақ олар бір жер бетіндегі топыраққа өсіп, тамырын жаяды, оларға бір ғана күнжылуын беріп, шұғыласын шашады. 
Маған қосылып іштей қайталаңыз: «Мен-ол-мен». Менде бәрі жеткілікті. Мен өте тамаша адаммын. Менің қолымнан бәрі келеді. 
Талдау: 
Қандай сезімде болдыңыздар? 
Гүлдер жер бетінде өзін қалай сезінер еді? 
2. Үй тапсырмасын тексеру:

25-бет жаттау, жазып келген нақыл сөздерін тексеру.



  • Сұлулық адамға ғана тән бе?

  • Еліктің баласы құралайдың, түйенің баласы ботаның сұлулығы туралы не айтар едіңдер?

  • Табиғат сұлулығы туралы қандай пікір білдіре аласыңдар?

Түзеліп еркін отырады.

Қолдарын алдарына қойып,орындыққа арқаларын тақап,

көздерін жұмып отыру сұралады.


3. Дәйексөз

Адамның жан дүниесі дүние сұлулығымен, жақсылығымен үндестікте болуы керек, сонда адам рухани да, табиғи да сау болады. 
Г. Құрманбай 




4. Мұғалім сыйы

«Сыр» М.Мақатаевтың поэзиясын тыңдау





5. Шығармашылық жұмыс

1-топ «Менің ойымдағы сұлулық» тақырыбына сурет салу 
2-топ «Сұлу Күләш» өлеңін оқи отырып әнші туралы өз ойларын дәптерлеріне жазу. 
3-топ Сахналау «Сұлулықпен сырласу» 

Сергіту тапсырма: «Күніміз мәңгі жарқырасын!» 
Алдарындағы күннің суретіне табиғатқа деген тілектерін, әдемі сөздерін жазып тақтаға жапсырамыз, сонда тақтадан үлкен күн пайда болады. 




6. Топпен ән айту

Ш Қалдаяқовтың «Сыр сұлу» әнін таспада бірге қосылып айтамыз. 




7. Үйге тапсырма

31-бет жаттау, дәптер 1-тапсырма пікір жазу






8. Соңғы тыныштық сәті. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жай дауыспен: «Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»

Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!

Сау болыңыздар!




. Сабаққа қызығушылығын арттыру бағытында: «Қазақ қызы» әнін шырқау.

Сөзі:И.Сапарбайдыкі

Әні:Р.Таймановтыкі

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған,

«Қыз өссе елдің көркі»-деген сөзді

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам!

Намысын бермеу үшін жатқа қолдан,

Арулар аз болды ма атқа қонған,

Көңілде қалған сыз бар өткен күннен

Өмірде қалған із бар «ақтабаннан»

Жасырмай айтар болсам жан сырымды

Тағдырым қарауылға қанша ілінді

Ерліктің қос қанаты деп білем мен,

Аяулы Әлия мен Мәншүгіңді!




10.Соңғы тыныштық сәтi.
Балалар, бүгінгі сабақта алған ойларды жүрегімізге түйейік. Сабақ аяқталды,сіздерге рахмет!

Сау болыңыздар!





Сабақ жоспары

Мектеп___№25_Мерзiм___Қазан__31__№__9_Тақырып«Бақыт құшағында».

Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер : Адалдық , әділдік

Мұғалiм: Мұғауина Б Сынып___7 а,б__Оқушылар саны___46

Мақсаты: оқушылардың бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы туралы түсінік беру.

Міндеттері: -оқушыларға адам өміріндегі қуанышты сәттер,істеген істерден рақаттану,барды қанағат тұту және жалпы адам бақыты туралы түсінік беру.

-оқушыларды жалпы адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге,өмірді бағалай алуға тәрбиелеу.


Ресурстар (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті.Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Нұр бірте- бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан- жағыңызға сәуле шашады.Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге,достарыңызға,таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз.Олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан- жануарларға, өсімдіктерге,тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір- түкпіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын »

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет! Қандай сезімде болдыңыздар? Ойларыңызбен бөлісіңіздер.



Түзеліп еркін отырады.

Қолдарын алдарына қойып,орындыққа арқаларын тақап,

көздерін жұмып отыру сұралады.


1.Мұғалім сыйы

Өмірді болған ақиқатты баяндау






2.Жақсы көңіл-күй қалыптастыру мақсатында,

жақсы тілектер тілей отырып, «Бақыт құшағында» әнін үнтаспадан тыңдау.

Сөзі: Т.Молдағалиев

Әні:Ш.Қалдаяқов

Көзіңнен бір ұшқын,

Ұшты ма білмедім,

Әйтеуір нұр құштым,

Әйтеуір гүлдедім

Көктемнің бұлбұлы

Кеудеме қонады

Құшаққа қыр гүлі

Толғандай болады

Қайырмасы

Кел,билейік,кетпе менің қасымнан

Қызғалдағым таң нұрымен ашылған

Сезім шіркін ақ жаңбырға ұқсайды

Алматыда жаңа жауып басылған,жаңа жауып басылған.





3.Мәтінмен жұмыс

Бақытты адамның көйлегі

Ертегі

**Патшаның мазасын алғакн қандай ой еді?



**Неліктен уәзірлер бақытты адамды таба алмады деп ойлайсыңдар?

**Қойшының бақытыт неде екен?

**Бақытты болу дегенді өздерің қалай түсінсіңдер?





4.Оқу ақпараты

Бақыт дегеніміз...

Б.Момышұлы





5.Шығармашылық жұмыс

Балалар өздері бақыт жайлы өлең,шағын әңгімелер жазу.

Бақыт деген...

М.Мақатаев







6.Дәйексөз

Бақытты болашақтың ең басты негіздерінің бірі-бұл жалпыға бірдей жақсылық тілеу.

І.Есенберлин





7.Шығармашылық жұмыс

«Бақытты болғым келеді» тақырыбында ой-толғау жазу.

«Бақытты болу дегеніміз-рахат сезімде жүру. Адам өмірінің басым көпшілігі жұмыспен өтеді,сондықтан алдымен істеген жұмысыңнан рақат ал. Өзіңді-өзің қадағала.Біреуге жәрдем беру рахатын сезін»

М.Кемел





8.Назар аудару

Жасасаң өз еркіңде кімге құрмет

Мейірім,кең пейілді болу міндет.

Таңертең ояна сап,Күнге қара

Амандас,аманыңа шүкірлік ет

Т.Молдағалиев







9.Қорытындылау

Н.Исабековтың «Дидары нұрлы дүние» өлеңін оқу

Дидары нұрлы,жүрегі нұрлы дүние

Сүйемін сені күйіне,жаным сүйіне,

Әлемсің ғажап алуан тылсым сырымен,

Үйлесіп жатқан менің де көңіл күйіме


Мен кетсем кетем,сен бірақ мәңгі тірісің

Өзіңді сүйген жүректің сазды сырысың

Рахмет саған,шаттығың үшін,мұң үшін,

Таза ауаң үшін,жайдары шуақ-нұр үшін!






10.Соңғы тыныштық сәтi.
Балалар, бүгінгі сабақта алған ойларды жүрегімізге түйейік. Сабақ аяқталды,сіздерге рахмет!

Сау болыңыздар!







Сабақ жоспары

Мектеп___№25_Мерзiм___Қараша__14__№__10_Тақырып«Қарым-қатынас мәдениеті».

Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер : Адалдық , әділдік

Мұғалiм: Мұғауина Б Сынып___7 а,б__Оқушылар саны___46



Сабақ мақсаты:

Оқушылардың өзара қарым-қатынастарын

(отбасында,аулада,сыныптамектепте,ұжымда)сыйластық-қа, сүйіспеншілікке үйрет у.

Міндеттері:

-оқушыларға жағымды,ізгілікті қарым-қатынас жасаудың мәнін,маңызын түсіндіру.

-жағымды қарым-қатынас жасай алу дағдыларын дамыту

-жағымды қарым-қатынас жсай алуға,ізгілікке тәрбиелеу



Ресурстар

Оқулықтар,

дәптер,

үнтаспа


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.Тыныштық сәті.

Қайырлы таң!Балалар!1.2.3.

Көзімізді жұмып,терең демаламыз.Біз барша тіршілікке жылу мен жарық шашқан күннің көзіне айналдық.Күннің көзі болып,жарқыраған бойымыз тек жақсылық ойлайды,күннің жылуымен рахаттанған қолдарымыз тек жақсылық ойлайды.Күннің жылуымен рахаттанған қолдарымыз тек жақсы істер жасайды.Жап-жарық сәуле шашқан аяқтарымыз тек дұрыс жолмен жүреді.Күннің жарығы аузымызға да кірді,ол тек шындықты айтады.Ал құлағымыз жақсы сөздерді естиді.маңдайымызға жеткен жарық сәулемен бірге ең сүйікті адамдарға,отбасына,желге,жануарларға,табиғатқа жылы сәулемізді сыйлай,іштей жақсы тілектер тілейік.1.2.3.



Сабақ барысын талқылау

2.Әңгімелесу

*Адам өмірін жалғыз өткізе ала ма?

*Адамдармен қарым-қатынасты қалай құру қажет деп ойлайсыңдар?

*Айналадағы ортамен байланысты қарым-қатынасты қалай құру керек деп ойлайсыңдар?



Өз ойларын ортаға салу

3.Мұғалім сыйы:

Жақсылық жасау туралы өмірдегі ақиқатты баяндау.






4.Мәтінмен жұмыс

Робинзон Крузо

(Үзінді)

Д.Дефо


*Шығарманы оқығанда қандай сезімде болдыңдар?

Мәтінді талдау



5.Түйіндеме

Егер шын достар,тілектестер тапқың келсе,онда басқа адамдарға уақытыңды,күш-қуатыңды,көңіліңді бөліп,солардың жағдайын жасап көр.



Түйіндемені түсіну

6.Жағдаяттарды талдау

Қарым-қатынас жасаудың құпиялары жөнінде талқылау.



Жағдаяттарға өз ойларын қосу.

7.Дәйексөз

«Өмір-теңіз

Онда жүзем демеңіз,

Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз»

Рудаки



Дәйексөзді түсіну

8.Тапсырма

Дүниеде жалғыз қалған адам-адамның өлгені.

Қиыншылықтың бәрі соның басында.Дүниеде бар жаман да көп те,бірақ қызық та,ермек те көпте.Бастапқыға кім шыдайды?Соңғыға кім шыдайды.

Абай
**Осы афоризмдерді оқып,талқылау,өз ойларын ортаға салу.



Берілген афоризмдерді талқылау

9.Соңғы тыныштық сәті:

Бүгін біз,сендермен, махаббат туралы әңгімелестік. «Күннен жылу тараса,анадан мейірім тарайды»деген нақыл сөзді есімізге түсірсек,сүйіспеншілік бар жерде махаббат,қамқорлық,мейірімділік бар екендігіне көзіміз жетті.Жүрегімізде орын алған үлкен сүйіспеншілік сезімдерімізді, алақанымызға салып, барша әлемге сыйлайық!







Сабақ жоспары

Мектеп___№25_Мерзiм___Қараша__21__№__11_Тақырып«Қарым-қатынас мәдениеті».

Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер : Адалдық , әділдік

Мұғалiм: Мұғауина Б Сынып___7 а,б__Оқушылар саны___46



Сабақ мақсаты:

Оқушылардың өзара қарым-қатынастарын(отбасында,аулада,сыныпта мектепте,ұжымда)сыйластыққа,сүйіспеншілікке үйрету.



Міндеттері:

-оқушыларға жағымды,ізгілікті қарым-қатынас жасаудың мәнін,маңызын түсіндіру.

-жағымды қарым-қатынас жасай алу дағдыларын дамыту

-жағымды қарым-қатынас жсай алуға,ізгілікке тәрбиелеу



Ресурстар

Оқулықтар,дәптер,

үнтаспа


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.Тыныштық сәті.

Қайырлы таң!Балалар!1.2.3.

Көзімізді жұмып,терең демаламыз.Біз барша тіршілікке жылу мен жарық шашқан күннің көзіне айналдық.Күннің көзі болып,жарқыраған бойымыз тек жақсылық ойлайды,күннің жылуымен рахаттанған қолдарымыз тек жақсылық ойлайды.Күннің жылуымен рахаттанған қолдарымыз тек жақсы істер жасайды.Жап-жарық сәуле шашқан аяқтарымыз тек дұрыс жолмен жүреді.Күннің жарығы аузымызға да кірді,ол тек шындықты айтады.Ал құлағымыз жақсы сөздерді естиді.маңдайымызға жеткен жарық сәулемен бірге ең сүйікті адамдарға,отбасына,желге,жануарларға,табиғатқа жылы сәулемізді сыйлай,іштей жақсы тілектер тілейік.1.2.3.



Сабақ барысын талқылау

2.Әңгімелесу

*Жаныңдағы адамдардың жақсы қасиеттері туралы ойлайсың ба?

*Адамдардың жағымды қасиеттерін қалай бағалайсың?

*Басқа адамдардың жан-дүниесіне үңілесің бе?




Өз ойларын ортға салу

3.Мұғалім сыйы:

Жақсылық жасау туралы өмірдегі ақиқатты баяндау.






4.Оқу ақпараты

Адамдармен қарым-қатынас жасағанда шын көңілмен ниет таныту керек.Қарым-қатынаста табысқа жету сыртқы жағдайлардан гөрі адамның ішкі-жан дүниесіне,ниетіне байланысты.





Нақыл сөздердің мағынасын түсіну

5.Мәтінмен жұмыс

Шуақты күндер

З.Ахметова

*Автордың айтар ойы неде деп ойлайсыңдар?

*Ақылдың адамның қолына түспегенде шегенің тағдыры қалай болар еді деп ойлайсыңдар?

Мәтіндегі сұрақтарға жауап беру

6.Сахналау

*Адамдар арасындағы келіспеушілік тапсырмалары туралы



Сахналық шеберлікке тәрбиелеу

7.Дәйексөз

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:

Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек.

Абай Құнанбаев



Абайдың сөздерін ойға түю

8.Шығармашылық жұмыс

Шағын шығарма жазу



Пікір қалдыру

9.Соңғы тыныштық сәті:

Бүгін біз,сендермен, қарым-қатынас мәдениеті,достық туралы әңгімелестік. «Күннен жылу тараса,анадан мейірім тарайды»деген нақыл сөзді есімізге түсірсек,сүйіспеншілік бар жерде махаббат,қамқорлық,мейірімділік бар екендігіне көзіміз жетті.Жүрегімізде орын алған үлкен сүйіспеншілік сезімдерімізді, алақанымызға салып, барша әлемге сыйлайық!






Каталог: uploads -> doc -> 0f7b
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0f7b -> Сабақ Топ: 37 Күні: 23. 10. 2015 ж Тақырыбы: «Экономикалық білім-заман талабы». Сабақтың мақсаты
0f7b -> ТҰсаукесер рәсiмi "Теңге"
0f7b -> Сабақтың тақырыбы: Тіл тазалығы. (10-сынып) Міндеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет