Мақта шротын алу үшін мақта дақылын өсіру технологиясы



бет8/15
Дата07.02.2022
өлшемі68,28 Kb.
#82272
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
қоза баптау жүйесі кітабі (1)
қоза баптау жүйесі кітабі (1), Жаратылыстану
Көсек. Қозаның өнімі көсек түрінде өсіп жетіледі және ол әбден піскеннен кейін қауашақ болып ашылады. Көсекті бұтақта ұстап тұратын сабақ қозаның түрлері мен сорттарының көпшілігінде орта есеппен 3-4 сантиметр болады.
Қозаның әр түрінің көсектері өзінің көлемі, диаметрі және шитті мақтаның салмағы жағынан бір-бірінен мейілінше өзгеше бола береді. Оның диаметрі 1 сантиметрден 5-6 сантиметрге дейін, ал, шитті мақтасының салмағы 0,5 граммнан 6-7 грамға дейін және одан да жоғары болады.
Көсектің ішкі жағы бірнеше қалқа арқылы бірнеше ұяға бөлінеді, аал, сыртқы жағы біртұтас жарма қауашақ қалақшалармен жабылады. Көсектің ол жарма қалақшалары өнім әбден пісіп жетілгенге дейін осы біртұтас күйінде болады. Көсектің ұяларында орталық ұрық тірегінің бойымен қалқалардың шет жағына қарай ұрықтық шит орналасады.
Көсектегі ұялардың саны түйіндегі ұялардың санына сәйкес келеді. Ол ұялардан көсек өсіп жетіледі. Көсек қауашағының жарма қалқаларының саны үшеу, төртеу немесе бесеу болады. Үш жарма қалқасы бар қауашақ ілуде бір кездеседі.
Қауашақ қалқалары санының мол болуына, қозаның өсіп дамуына агротехника тарапынан жасалған қолайлы жағдайлар игі ықпалын тигізеді. Агротехниканың деңгейі жоғары болған жағдайда 5 қалқалы қауашақтардың пайызы арта түссе, агротехниканың деңгейі төмен болған жағдайда 4 қалқалы қауашақтардың пайызы көбейе береді.
Қауашақтың әрбір ұясындағы орталық ұрық тірегінің бойында 5-10 шит өніп-өсіп жетіледі.
Өнім пісіп жетілгеннен кейін көсектің қауашағы құрайды және оның қалақшалары бір-бірімен жалғасқан жерінен жарылып, көсек ашылады.
Көсектің ашылу деңгейі алуаг түрлі болып келуі мүмкін: қауашықтың ұш жағының төмен қарай иіліп қатты ашылуынан басиап ұш жағының сәл ғана жарылуына дейінгі аралықта болады.
Көсектің дамып, өсіп жетілуі қоза гүл жарған күні пайда болған түйіннің ұрықтық бүршігі ұрықтанған кезінен басталады және қауашақтың қалқалары жарылып ашылуы арқылы сырттай көрініс беретін пісіліп жетілу кезімен аяқталады. Бүкіл осы кезең орта есепен 50-60 күнге созылады. Әр көсектің өсіп жетілуінің бүкіл ббарысы екі кезеңге бөлінеді. Ол кезеңнің әрқайсысы орта есеппен 25-30 күнге созылады. Бірінші кезеңдегі алғашқы 25-30 күнде көсек көлемі жағынан толық өсіп жетіледі. Ал, екінші кезеңде, келесі 25-30 күнде, көсектің ішкі жағындағы құбылыстар, ең бастысы шит пен талшықтың қалыптасуы бірте-бірте жүзеге асады.
Көсектің ашылуына ауа райының жағдайларымен қатар өсімдікті суару, оған тыңайтқыштар беру, оның қатараралығын баптау, жегенелеу сияқты басқа да агротехникалық факторлар ықпал етеді.
Қазақстанның оңтүстігіндегі суармалы мақта шаруашылығы жағдайында көсектің ашыла бастауы әдетте тамыз айының екінші жартысында байқалады.
Суық ұрған немесе дефолияцияланған жағдайда әлі пісіп жетілмеген көсектер тез құрайды және белгілі бір дәрежеде ашылады. Бірақ олардың ашылуы қалыпты жағдайда пісіп жетілген көсектермен салыстырғанда әлдеқайда төмен келеді. Ондай көсектердің ашылу дәрежесі қаншалықты пісіп жетілуіне байланысты болады – олар суық ұрған немесе қозаның жапырақтарын дефоляция арқылы түсірген кездегі пісіп жетілу неғұрлым жақын болған сайын жақсы ашылады.
Пісіп жетілу жағынан мүлдем кеш қалған көк көсектер тіпті де ашылмай қалады оларды тас деп атайды.
Қозаның әр өсімдігінің өнім беруі – пісіп жетілген және пісіп жетілмеген көсектерінің жалпы саны – вегетациялық өсіп-жетілу кезеңінің аяғына қарай әдетте орта есеппен оншақты болады. Агротехникалық баптау жұмыстарының деңгейі жоғары болған, сондай-ақ қатарларының қалыпты жиілігі сақталған жағдайда ол көсектердің саны әр өсімдікте 15-20 немесе оданда көп болуы мүмкін.
Қоза дамуы жағынан орташа деңгейде болған жағдайда вегетациялық дамудың аяғына қарай 80-ге дейін түйіршек бүршік салады. Ал, одан кейін пайда болған түйіршек бүршіктерінің пайдасы жоқ. Өйткені күзгі суыққа немесе қозаның жапырағын түсіру үшін дифолиация жасауға дейін ол көсектер шитті мақта өнімін бере аларлықтай болып пісіп жетіле алмайды.
Өсімдіктің бойында пайда болған түйіршек бүршіктердің барлығы бірдей гүлдей бермейді және гүлдегеннен кейін пайда болған түйіндердің бәрі бірдей пісіп жетілгенше сақтала бермейді. Себебі түйіршек бүршіктер мен көсектердің едәір бөлегі өсіп жетілу барысында түсіп қалады. Түйіршектер бүршіктер мен гүлдер әсіресе әлі жас кезінде көбірек түседі. Көк көсектердің басым көпшілігі алғашқы 10 күнде түсіп қалады. Осындай 10 күнге дейінгі пайда болған жас көсектерді мақта шаруашылығының практкасында гүл қауашағының түйіндері деп атайды.
Қозаның өнім береді дейтін осындай құрылымдарының (түйіршек бүршіктер, гүлдер, түйіндер жіне көсектер) жетілмей түсіп қалуы әдетте олардың пайда болған жалпы мөлшерінің 60-65 пайызына дейін жетеді.
Агротехникалық күтіп-баптаудың арқасында пайда болған қолайлы өсіп-жетілу кезінде ондай өнім береді дейтін құрылымдардың түсіп қалуы едәуір кемиді. Ал, агротехникалық күтіп-баптаудың жағдайы қолайсыз болған кезде ондай құрылымдардың 80-90 пайызы немесе оданда көп пісіп жетілмей, түсіп қалады.
Мұндай түсіп қалулар конус тәріздес өсімдіктің сыртқы жағында ішкі жағындағымен салыстырғанда әлдеқайда көбірек болады. Оның үстіне, өсімдіктің төменгі жағында түсіп қалатын құрылымдар оның жоғарғы жағындағыдан артығрақ болады. Өйткені өсімдіктің негізгі бұтағынан неғұрлым алыс және оның бойында неғұрлым жоғары пайда болған өнім беретін органдар қоректік заттар мен ылғалды әлдеқайда кем алады да, оп-оңай түсіп қалады.
Өнім беретін құрылымдардың неғұрлым көбірек түсіп қалуы ылғалдың жетіспеушілігінен немесе шамадан тыс артықтығынан, қоректік заттардың жетіспеушілігінен, топырақтағы азоттың көптігінен, жарықтың аздығынан болады. Сондай-ақ өсімдіктің тамырына келген зақымдардың, зиянкес жәндіктер мен түрлі аурулардың және басқа жағдайлардың зардабынан да өнім беретін элементтердің түсіп қалуы артады.
Сондықтан да барлық агротехникалық шарадларды дер кезінде, барынша сапалы, бір-бірімен ақылға қонымды дәрежеде байланыстыра жүгізу қажет. Бұл ретте қозаның вегетациялық өсіп-жетілу кезеңдеріне сәйкес қойылатын талаптар мен топырақ пен ауа райының жағдайларының ерекшеліктерін мұқият ескерген жөн.
Шит. Толық қалыптасқан және пісіп жетілген шиттің сыртқы түрі жұмыртқаға ұқсас. Шит өзі пайда болған ұрық пен қоршап тұратын екі қабаттан – ішкі жұқа қабықтан және дәннің қабығы деп аталатын тығыз қабықтан тұрады.
Сыртқы қабықтың үстіңгі жағында талшықпен шиттің ұқсас ұлпасы өсіп жетіледі. Ал, қозаның кейбір түрлерінде шиттің сыртқы қабығында тек талшықтар ғана өседі. Сондықтан да қозаның кейбір түрлерінде тұқымдық шит оның сыртқы талшығын алғаннан кейін тек ұсақ бүршіктің ішінде ғана қалады.
Шит дәнінің үлкендігі қозаның тұқым қуалаушылық ерекшеліктеріне, түрлері мен сорттарына қарай, сондай-ақ өсімдіктің өсіп-жетілуінің жағдайларына қарай мейілінше әртүрлі бола береді.
Қозаның өнеркәсіптік сорттарына шиттің ұзындығы 12-14 миллиметрге, ал, қалыңдығы оның жалпақ жағында 6-8 миллиметге дейін жетеді.
Өте маңызды бір белгі тұқымдық шиттің салмағы болып табылады. Ал, әрбір 1000 шиттің осындай салмағы 95 граммнан 160 грамм аралығында болады.
Әр түп қозаның бойындағы шиттің абсолюттік салмағы мен ұрықтың толықтығы өсімдік бойымен төменнен жоғары қарай бұтақтан бұтаққа көтерілген сайын және бұтақтардың бойымен жан-жаққа алыстаған сайын, сабақтың соңғы жағына жақындаған сайын кеми береді. Мұның себебі көсектердің пайда болу мерзімінің әртүрлі болуына және көсектердің қоректік заттарды әртүрлі мөлшерде алуына байланысты.
Тұқымдық мақсатқа алынатын шиттің әбден ісіп жетілген, негізгі сабақтың өнім беретін бұтақ тораптарына неғұрлым жақын және екінші бұтақтан жоғары орналасқан көсектерде жоғары болады. Тұқымдық мақсатқа арналған шикізат жинап алынатын бұтақтардың сабақтың жоғарғы жағындағы саны қоза сортының ерекшеліктеріне және көсектерінің өсіп жетілуі мен пісіп жетілуіне байланысты болады.
Әрбір қауашақтағы жеке шиттің салмағы ол орналасқан орталықтың қай бөлігінде жатуына байланысты әртүрлі болып келеді. Оның орта бөлігіндегі шиттер неғұрлым толысқан әрі олардың абсолюттік салмағы да біршама жоғары болады.
Шиттегі ядро деп те аталатын ұрық екі жарнағынан, жоғары бөліктегі өсу бүршігінен, дән жарнағы тіреуіші тізеден және ұрықтық түбіршіктен тұрады.
Шиттің құрамындағы майдың мөлшері оның салмағының орташа алғанда 20-25 пайызына тең. Шит неғұрлым пісіп жетілген саыйн ондағы майдың мөлшері де арта түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет